Натрия тиосульфат-Дарница
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Натрий тиосульфаты-Дарница
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 30 % ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: 300 мг натрий тиосульфаты бар
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе аздап боялған сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы.
Басқа да терапиялық өнімдер. Антидоттар. Натрий тиосульфаты.
АТХ коды V03A В06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көктамырішілік қолданудан кейін жылдам жасушадан тыс сұйықтыққа түседі, өзгермеген түрде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі – 0,65 сағат.
Фармакодинамикасы
Натрий тиосульфаты уыттануға қарсы, қабынуға қарсы және десенсибилизациялаушы әсер береді. Күкірт иондарының донаторы болып табылады. Организмдегі роданидті жүйесінің субстраты ретінде уытты емес тиоқосылыстар синтезіне пайдалынады. Синильді қышқыл және цианидтермен, мышьякпен, қорғасынмен, сынаппен, йод және бром қосылыстарымен уланған кезде у қайтарғы болып табылады. Мышьяк, сынап және қорғасын қосылыстарымен уланғанда улы емес сульфиттер түзеді. Цианидтермен уланғанда улылығы аздау роданды қосылыстар түзеді.
Қолданылуы.
Мышьяк, сынап, қорғасын қосылыстарымен; синильді қышқыл және оның тұздарымен; йод, бром және олардың тұздарымен уланғанда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Мышьяк, сынап, қорғасын қосылыстарымен, йод, бром және олардың тұздарымен уланғанда 1,5-3 г (5-10 мл 30 % ерітінді) дозада көктамыр ішіне болюсті тағайындайды. Синильді қышқыл және оның тұздарымен уланғанда препаратты 15 г (50 мл 30 % ерітінді) дозада енгізеді. Препаратты бүкіл уытты кезең бойы тағайындайды (уланудың бірінші клиникалық симптомдары пайда болғаннан бастап организмнен токсиндер толық шығарылғанға дейін).
Жағымсыз әсерлері
- бас ауыру, бас айналу, көрудің бұзылуы, құлақтың шуылдауы, көрудің бұлыңғырлануы
- аллергиялық реакциялар: анафилактикалық реакциялар, артралгия, қызба
- бөрту (оның ішінде макулопапулездік), есекжем, гиперемия, ыстықты сезіну
- артериялық қысымның коллапсқа дейін төмендеуі, естен тану
- жүрек айну, құсу
- енгізу орнындағы реакциялар, жалпы әлсіздік, диурездің күшеюі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Метаболизмі родандалу сатысы арқылы өтетін дәрілік заттармен бірге қолдану соңғыларының фармакологиялық әсерлерінің әлсіреуіне әкеледі.
Йодидтер, бромидтер болып табылатын дәрілік заттар натрий тиосульфатымен бірге қолданғанда өзінің фармакологиялық қасиеттерін көрсете алмауы мүмкін.
Нитрит және нитрат ерітінділерімен үйлесімсіз. Препаратты басқа дәрілік заттармен бір еккіште араластыруға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Артериялық гипертензия, бауыр циррозы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, жүктілік токсикозы бар науқастарға сақтықпен тағайындайды, өйткені емделушілердің жай-күйін нашарлатуы мүмкін.
Цианидтермен уланудың бас кезінде метгемоглобинтүзгіштерді, антицианды немесе амилнитритты қолдану қажет, содан соң натрий тиосульфатын көктамыр ішіне енгізуге көшу керек.
Қолданар алдында ампуланың ішіндегісін тексеру қажет. Шөгінді болған жағдайда препаратты пайдаланбаған жөн. Инъекция үшін фильтрлері 5 микрон инелерді, көктамырішілік инфузия үшін – 0,22 микронды сызықты фильтрлерді пайдалану керек.
Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер. Натрий тиосульфаты негізінен бүйрекпен шығарылатыны, және препаратқа уыттылық реакциясының даму қаупі бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде жоғары болатыны белгілі.
Егде жастағы емделушілер. Егде жастағы емделушілерде бүйрек функциясынын төмендеу ықтималдығы жоғары, сондықтан дозаны таңдау мен бүйрек функциясын бақылауда сақ болған жөн.
Балалар
Препаратты клиникалық деректердің болмауына байланысты балаларға қолданбайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде препаратты өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана тағайындайды. Препаратты әйелдерге бала емізу кезінде қолданған кезде бала емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Клиникалық деректері жоқ, сондықтан емдеу кезінде автокөлікті басқарудан немесе жоғары зейін қою және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа да механизмдермен жұмыстан тартына тұрған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: артралгия, гиперефлексия, құрысулар, ажитация, елестеулерді қоса, психозды мінез-құлық; жүрек айну, құсу; жағымсыз реакциялар көріністерінің күшеюі.
Емі: гемодиализ; демеуші ем.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
5 мл-ден шыны ампулаларда.
Ампулаға өздігінен желімденетін импортты өндірілген жабыны бар қағаздан жасалған заттаңба немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояуымен жазуға болады.
10 ампула медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге гофрлауға арналған қағаздан жасалған гофрланған қосымша бетпен бірге картон қорапқа салынады.
Түрлі түсті сындыру сақинасы, немесе түрлі түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампула ашуға арналған пышақ салынбайды.
Қорапты заттаңбалық қағаздан немесе офсеттік қағаздан жасалған бандероль-заттаңбамен желімдейді.
Қораптарды медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен топтық қаптамада бірге қаптауға болады.
5 ампуладан ампула ашуға арналған пышақпен бірге пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Түрлі түсті сындыру сақинасы, немесе түрлі түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампула ашуға арналған пышақ салынбайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамада, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ
02093 Украина, Киев қ., Борисполь к-сі,13.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы-
телефон/факс: (+ 380 44) 207 73 27
е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua
http://www.darnitsa.ua