МИКОП (500 мг, HETERO LABS LIMITED)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
МИКОП
Халықаралық патенттелмеген атауы
Микофенолат мофетилі
Дәрілік түрі, дозасы
Үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Иммуносупрессанттар. Селективті иммуносупрессанттар. Микофенол қышқылы.
АТХ коды L04AA06
Қолданылуы
МИКОП аллогенді бүйрек, жүрек немесе бауыр трансплантаттары бар пациенттерде трансплантаттың жедел қабылданбай ажырауының профилактикасы үшін циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілімде қолдануға көрсетілген.
Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- микофенолат мофетиліне, микофенол қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдығы бар пациенттер. Микофенолат мофетиліне аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалды:
- тиімділігі жоғары контрацепция пайдаланбайтын бала туу жасындағы әйелдер
- жүктілік кезінде алдын ала көздеусіз пайдаланылуын жоққа шығару үшін жүктілікке тест нәтижесін алуға дейін бала туу жасындағы әйелдер
- жүктілік кезінде, трансплантаттың қабылданбай ажырауын болдырмауға сай келетін емдеу баламасы болмайтын жағдайлардан басқа
- бала емізетін әйелдер
- 18 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Жаңа түзілімдер
Дәрілік препараттар біріктірілімінің, оның ішінде микофенолат мофетилінің қатысуымен иммуносупрессия сызбасынан өтетін пациенттер лимфомалардың және басқа, әсіресе, терінің қатерлі жаңа түзілімдерінің жоғары даму қаупіне бейім. Осы қауіп, болжанатындай, кез келген нақты затты пайдалануға емес, иммуносупрессия қарқынына және ұзақтығына байланысты. Жалпы кеңес ретінде, тері обырының даму қаупін барынша азайту үшін қорғағыш киім кию және қорғаныс дәрежесі жоғары күннен қорғайтын крем пайдалану көмегімен күн сәулесінің және ультракүлгін жарықтың әсерін шектеу керек.
Инфекциялар
Иммунодепрессанттар, оның ішінде микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде оппортунистік инфекциялардың (бактериялық, зеңдік, вирустық және протозойлық), өлімге соқтыратын инфекциялардың және сепсистің жоғары даму қаупі болады. Ондай инфекциялар В гепатитінің немесе С гепатитінің және полиомавирустар туғызған инфекциялардың (БК-вирустық нефропатия, ДК-вирустық (Джон Каннингем вирусы) үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (ҮМЛ) қайта белсенділенуі сияқты вирустың жасырын қайта белсенділенуін қамтиды. Иммунодепрессанттар қабылдаған тасымалдаушы пациенттерде В гепатиті немесе С гепатитінің қайта белсенділенуі салдарынан болатын гепатит жағдайлары тіркелді. Бұл инфекциялар жалпы жоғары иммуносупрессиялық жүктемемен жиі байланысты және күрделі жай-күйлерге немесе өліммен аяқталуларға әкелуі мүмкін, оны дәрігерлер бүйрек функциясының нашарлауымен иммуносупрессия немесе неврологиялық симптомдары бар пациенттерде дифференциациялық диагностика кезінде ескеруі тиіс.
Басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде қайталамалы инфекциялармен біріккен гипогаммаглобулинемия жағдайлары тіркелді. Осы жағдайлардың кейбірінде микофенолат мофетилінен баламалы иммунодепрессантқа ауысу сарысулық G иммуноглобулині (ИгG) деңгейлерінің қалыпқа түсуіне алып келді. Қайталамалы инфекциялар дамитын микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерге сарысудағы иммуноглобулиндер деңгейі өлшенді. Ұзаққа созылатын клиникалық мәнді гипогаммаглобулинемия жағдайларында микофенол қышқылының Т- және В-лимфоциттеріне көрсететін күшті цитостатикалық әсерін ескере отырып, тиісті клиникалық әсерін қарастыру керек.
Басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде микофенолат мофетилін қабылдап жүрген ересектер мен балаларда бронхоэктазиялар жөнінде есептер жарияланды. Осы жағдайлардың кейбірінде микофенолат мофетилін басқа иммунодепрессантқа ауыстыру респираторлық симптомдардың жақсаруына алып келді. Бронхоэктаз туындау қаупі гипогаммаглобулинемиямен немесе өкпеге тікелей әсер етумен байланысты болуы мүмкін. Кейбіреулері өліммен аяқталған өкпенің интерстициальді ауруы және өкпе фиброзы туралы жекелеген хабарламалар да тіркелді. Жөтел және ентігу сияқты тұрақты өкпе симптомдары дамитын пациенттерге тексеруден өтуге кеңес беріледі.
Қан және иммундық жүйе
Микофенолат мофетилін қабылдап жүрген пациенттер микофенолат мофетилімен, қатарлас препараттармен, вирустық инфекциялармен немесе осы себептердің қандай да бір бірігуімен байланысты болуы мүмкін нейтропения тұрғысынан бақылануы тиіс. Микофенолат мофетилін қабылдап жүрген пациенттер емдеудің алғашқы айында апта сайын, екінші және үшінші айларында айына екі рет, ал артынан бірінші жыл бойына ай сайын толық қан талдауын тапсыруы тиіс. Нейтропения дамуында (нейтрофилдердің абсолютті саны 1,3 х 103/мкл аз) микофенолат мофетилін қабылдауды үзу немесе тоқтату мақсатқа сай болуы мүмкін.
Басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде микофенолат мофетил қабылдаған пациенттерде нағыз эритроцитарлық аплазия (НЭЦА) жағдайлары тіркелді. Микофенолат мофетилінің НЭЦА индукциялау механизмі белгісіз. Микофенолат мофетилінің дозасын азайту немесе оның емін тоқтату арқылы НЭЦА-ны басуға болады. Микофенолат мофетилімен емдеуді өзгерту трансплантаттың қабылданбай ажырау қаупін азайта түсу үшін тек трансплантация реципиенттерін талапқа сай бақылаумен жүргізілуі тиіс.
Микофенолат мофетилін қабылдап жүрген пациенттерге инфекцияның, кенеттен қанталаулардың, қан кетулердің кез келген белгілері немесе сүйек кемігі қызметі бәсеңдеуінің кез келген басқа көрінісі туралы дереу хабарлау туралы нұсқау берілуі тиіс. Пациенттерге микофенолат мофетилімен емделу кезінде вакцинация тиімділігінің аз болуы мүмкін екенін әрі тірі әлсіретілген вакциналарды пайдаланбау керектігін ескерту керек. Тұмауға қарсы вакцинация да маңызды болуы мүмкін. Кеңес берушілерден тұмауға қарсы вакцинация бойынша ұлттық нұсқаулар туралы мәлімет алу керек.
Асқазан-ішек жолы
Микофенолат мофетилін қабылдаудың ас қорыту жолы тарапынан болатын жағымсыз құбылыстардың, оның ішінде асқазан-ішек жолының ойық жаралануының, қан кетуінің және тесілуінің сирек жағдайларының туындау жиілігінің артуымен байланысты.
Микофенолат мофетил ИМФДГ (инозин монофосфат дегидрогеназа) тежегіші болып табылады. Сондықтан, теориялық тұрғыда, оны Леш-Найен синдромдары және Келли-Сигмиллер синдромы сияқты сирек тұқым қуалайтын гипоксантин-гуанин фосфорибозилтрансферазаның (ГГФРТ) жеткіліксіздігі бар пациенттер қабылдамау керек.
Өзара әрекеттесулер
Энтерогепатиттік МФҚ кері айналымын бөгейтін құрамында иммунодепрессанттар, мысалы, циклоспорин бар сызбалармен біріктірілген емді оcындай әсері жоқ басқаларына, мысалы, сиролимус, белатасептке немесе керісінше ауыстыру кезінде сақтық таныту керек, өйткені бұл МФҚ әсерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Бауырдағы МФҚ айналымымен өзара әрекеттесетін басқа кластарға жататын препараттарды, мысалы, холестираминді олардың плазмадағы микофенолат мофетил деңгейлерін және тиімділігін төмендету қуатына орай сақтықпен пайдалану керек.
Микофенолат мофетил азатиопринмен бір мезгілде қабылдауға ұсынылмайды, өйткені ондай бірге қабылдау зерттелмеді.
Такролимуспен немесе сиралимуспен біріктірілген микофенолат мофетилінің қауіп/пайда арақатынасы анықталмады.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер, олардан жас пациенттермен салыстырғанда, белгілі бір инфекциялардың (оның ішінде, инвазиялық тіндік цитомегаловирустық инфекция) әрі, мүмкін, асқазан-ішектен қан кету және өкпе ісінуі сияқты қолайсыз құбылыстардың жоғары даму қаупіне бейім болуы мүмкін.
Тератогенді әсерлері
Микофенолат мофетилі адам үшін қуатты тератоген болып табылады. Жүктілік кезінде ММФ әсерінен кейін өздігінен түсік тастау (жиілігі 45-49%) және туа біткен даму ақаулары (анықталған жиілігі 23-27%) тіркелді. Сондықтан микофенолат мофетилін, трансплантаттың қабылданбай ажырауын болдырмауға сай келетін баламалы емдеу әдістері болмаған жағдайлардан басқа, жүктілік кезінде қарсы көрсетілімді. Ұрпақ өрбіту қуаты бар пациенттер, әйелдер мен ерлер қауіптер туралы мағлұматтанған болуы және микофенолат мофетилімен емге дейінгі, кезіндегі және одан кейінгі нұсқауларды (мысалы, контрацепция әдістері, жүктілікке тест) орындауы тиіс. Терапевттер микофенолат мофетилін қабылдайтын әйелдер мен ерлердің сәбиге зиян келтіру қаупін, тиімді контрацепция қажеттілігін, сондай-ақ жүктілік күмәні бар болса, дереу дәрігерге қаралу қажеттілігін түсінетініне көз жеткізуі тиіс.
Контрацепция
Микофенолат мофетилінің гендік уытты және тератогенді қуатына орай, егер бас тарту контрацепцияның таңдалған әдісі болмаса, бала туу жасындағы әйелдер микофенолат мофетилімен емнің басталуына дейін, ем кезінде және емді тоқтатудан кейін алты апта бойы бір мезгілде контрацепцияның екі сенімді түрін пайдалануы тиіс.
Сексуалдық белсенді ерлерге емделу кезінде және емді тоқтатудан кейін, кем дегенде, 90 күн бойы мүшеқаптар пайдалануға кеңес беріледі. Мүшеқаптар пайдалану ұрпақ өрбіту қуаты барда да, вазэктомиядан кейінгі ерлерде де қолданылады, өйткені ұрық сұйықтығының берілуімен байланысты қауіптер вазэктомиядан кейінгі ерлерге де қатысты. Бұдан бөлек, микофенолат мофетилімен емнен өтетін пациент ерлердің жұптас әйелдеріне емделу кезінде және микофенолат мофетилінің соңғы дозасын қабылдаудан кейінгі жалпы жиынтығы 90 күн ішінде тиімділігі жоғары контрацепция пайдалануға кеңес беріледі.
Оқу материалдары
Пациенттерге микофенолаттың шаранаға әсерінен сақтануға көмектесу және қауіпсіздігі туралы қосымша маңызды ақпарат ұсыну үшін тіркеу куәлігінің иесі денсаулық сақтау саласының мамандарына оқу материалдарын ұсынады. Оқу материалдары микофенолат тератогенділігі туралы сақтандыруларды күшейтетін, емнің басталуына дейінгі контрацепция жөнінде нұсқаулар ұсынатын және жүктілікке тексерілу қажеттілігі туралы ұсынымдар беретін болады. Терапевт тератогенді қаупі, сондай-ақ жүктілікті болдырмау шаралары туралы толық ақпаратты бала туу жасындағы пациент әйелдерге, қажет болған жағдайда, ер жынысты пациенттерге жеткізуі тиіс.
Қосымша сақтандыру шаралары
Пациенттер ем кезінде және микофенолат мофетилін қабылдауды тоқтатудан кейін, кем дегенде, 6 апта ішінде қан тапсырмауы тиіс. Ерлер ем кезінде және микофенолат мофетилін қабылдауды тоқтатудан кейін 90 күн бойы шәуһет тапсырмауы тиіс.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ацикловир
Микофенолат мофетилін ацикловирмен қабылданғанда, тек ацикловир қабылдаумен салыстырғанда, қан плазмасында ацикловирдің өте жоғары концентрациялары байқалды. МФҚГ (МФҚ фенолды глюкурониді) фармакокинетикасының өзгерістері тым аз болды (МФҚГ үшін 8% артуы) және клиникалық мәнді болып саналмады. Бүйрек жеткіліксіздігі болғанда плазмадағы МФҚГ концентрациясы ацикловир концентрациясымен бірдей жоғарылайтындықтан, микофенолат мофетилі мен ацикловир немесе оның ізашар дәрісі, мысалы, валацикловир үшін өзекшелік секрецияға бәсекелесудің зор мүмкіндігі бар, ал әріқарай осы екі заттың да концентрациясының жоғарылауын болуы мүмкін.
Антацидтер және протонды помпа тежегіштері (ППТ)
Микофенолат мофетилімен бірге магний тұздары және алюминий гидроксидтері сияқты антацидтер және ППТ, оның ішінде лансопразол мен пантопразол қабылданғанда МФҚ әсерінің азаюы байқалды. Микофенолат мофетилін қабылдаған және ППТ қабылдамаған пациенттермен салыстырғанда, микофенолат мофетилі мен ППТ қабылдаған пациенттер арасында трансплантаттың қабылданбай ажырау көрсеткіштерін немесе трансплантаттың қабылданбай ажырау екпіндерін салыстырғанда ешқандай елеулі айырмашылықтар анықталмады. Бұл деректер осы қорытындылардың барлық антацидтер үшін экстраполяциялануын растайды, өйткені микофенолат мофетилі магний және алюминий гидроксидтерімен бірге қабылданғанда әсерінің төмендеуі микофенолат мофетилін ППТ-мен бірге қабылдау кезіндегіден едәуір аз.
Холестирамин
Микофенолат мофетилі тиімділігінің төмендеу мүмкіндігіне орай, қатарлас қабылдау кезінде сақ болу керек.
Энтерогепатиттік айналымға бөгет болатын дәрілік препараттар
Олардың микофенолат мофетилінің тиімділігін төмендету қуатына орай, энтерогепатиттік айналымға бөгет болатын дәрілік препараттармен қабылдау кезінде сақтық таныту керек.
Циклоспорин А
Циклоспорин А (ЦсА) фармакокинетикасы микофенолат мофетилінің ықпалына ұшырамайды.
Осыған керісінше, егер циклоспоринмен қатарлас емделуді тоқтатқанда МФҚ AUC шамамен 30% артуын күту керек. ЦсА МФҚ энтерогепатиттік кері айналымын кедергілейді, бұл микофенолат мофетилі мен ЦсА қабылдап жүрген бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде, сиролимус немесе белатацепт және микофенолат мофетилінің осыған ұқсас дозаларын қабылдап жүрген пациенттермен салыстырғанда, МФҚ әсерінің 30-50% төмендеуіне әкеледі. Ал, керісінше, пациенттерді циклоспориннен МФҚ энтерогепатиттік айналымына бөгет болмайтын иммунодепрессанттардың біріне ауыстырғанда МФҚ әсерінің өзгеруін күту керек.
Телмисартан
Телмисартан мен микофенолат мофетилін бір мезгілде қабылдау MФҚ концентрациясының шамамен 30% төмендеуіне әкелді. Телмисартан, өз кезегінде, бұл УГТ1A9 экспрессиясы мен белсенділігінің күшеюіне әкелетін ППАР гамма (пероксис пролифераторымен белсендірілетін гамма-рецептор) экспрессиясын күшейту арқылы МФҚ шығарылуын өзгертеді. Телмисартанды қатарлас қабылдаумен және онсыз микофенолат мофетилін қабылдайтын науқастар арасында трансплантаттың қабылданбай ажырау көрсеткіштерін, трансплантаттың қабылданбай ажырау жиілігін немесе қолайсыз құбылыстар бейіндерін салыстырғанда препараттар арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесуінің ешқандай клиникалық зардаптары болмады.
Ганцикловир
Микофенолаттың пероральді және ганцикловирдің ВІ ұсынылатын дозаларында бір реттік дозаларын қабылдау мен бүйрек жеткіліксіздігінің микофенолат мофетилі мен ганцикловир фармакокинетикасына белгілі әсерлерін зерттеу нәтижелері бойынша, екі затты (бүйректік өзекшелік секреция механизмдері үшін бәсекелесетін) бірге қабылдау МФҚГ және ганцикловир концентрациясының жоғарылауына әкеледі деп жорамалданады. МФҚ фармакокинетикасында елеулі өзгерістер күтілмейді және микофенолат мофетилінің дозасын түзету қажет емес. Микофенолат мофетилі мен ганцикловир немесе оның ізашар дәрілері, мысалы, Валганцикловир бірге қабылданған бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде ганцикловир үшін ұсынылатын дозасын қадағалау және пациенттерді мұқият бақылап отыру керек.
Ішуге арналған контрацептивтер
Ішуге арналған контрацептивтер фармакокинетикасы және фармакодинамикасы микофенолат мофетилімен бірге қабылдағанда өзгеріссіз қалды.
Рифампицин
Циклоспорин қабылдаған пациенттерде де микофенолат мофетилі мен рифампицинді қатарлас қабылдау МФҚ әсерінің (AUC0-12 сағ.) 18%-дан 70% дейін төмендеуіне әкелді. Рифампицинмен бір мезгілде қабылдағанда клиникалық тиімділігін сақтау үшін МФҚ әсер ету деңгейлерін тиісті үлгіде бақылау және микофенолат мофетилінің дозасын түзету ұсынылады.
Севеламер
Қандай да бір клиникалық зардаптарсыз (яғни, трансплантаттың қабылданбай ажырауынсыз) микофенолат мофетилін севеламермен бір мезгілде қабылдағанда, МФҚ Сmax және AUC (0-12 сағат), тиісінше, 30% және 25% төмендеуі байқалды. Алайда, МФҚ сіңуіне әсерін азайта түсу үшін микофенолат мофетилін севеламер қабылдаудан, кем дегенде, бір сағат бұрын немесе одан кейін үш сағаттан соң қабылдау ұсынылады. Микофенолат мофетилін, севеламерден өзге, басқа фосфат байланыстыратын препараттармен қабылдау деректері жоқ.
Триметоприм/ сульфаметоксазол
МФҚ биожетімділігіне әсері байқалмады.
Норфлоксацин және метронидазол
Микофенолат мофетилі норфлоксацинмен бір мезгілде немесе бөлек метронидазолмен қабылданғанда елеулі өзара әрекеттесу байқалмады. Дегенмен де, норфлоксацин мен метронидазол біріктірілімде МФҚ әсерін микофенолат мофетилінің бір реттік дозасын қабылдаудан кейін шамамен 30% азайтты.
Ципрофлоксацин және амоксициллинге қоса клавулан қышқылы
Бүйрек трансплантатының реципиенттерінде ципрофлоксацин немесе амоксициллинге қоса клавулан қышқылын пероральді қабылдау басталған соң бірден бірнеше күн ішінде МФҚ (қалдық) концентрациясының келесі дозаны қабылдауға дейін 50% жуық қысқаруы тіркелді. Осы әсері, әдетте, антибиотиктер қабылдауды жалғастырғанда азайды, ал антибиотиктер қабылдауды тоқтатудан кейін бірнеше күн ішінде басылды. Келесі дозаны қабылдау алдында деңгейлерінің өзгеруі МФҚ жалпы әсерінің өзгерістерін дәл көріністей алмайды. Осылайша, микофенолат мофетилінің дозасын, әдетте, трансплантат дисфункциясының клиникалық белгілері болмаса, өзгерту қажет болмауы тиіс. Дегенмен де, антибиотиктермен біріктіру кезінде және олармен емдеуден кейін тез арада клиникалық мұқият бақылау жүргізген жөн.
Такролимус
Микофенолат мофетилі мен такролимус қабылдауды бастаған бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттерде микофенолат мофетилінің белсенді метаболиті МФҚ AUC және Сmax такролимусты бірге қабылдаудың елеулі әсеріне ұшырамады. Осыған керісінше, бауыр трансплантациясынан кейін такролимус қабылдаған пациенттер микофенолат мофетилінің көп реттік дозаларын (тәулігіне екі рет 1,5 г) қабылдағанда такролимус AUC шамамен 20% артуы байқалды. Дегенмен де, бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде микофенолат мофетилі такролимус концентрациясын өзгертпеді.
Басқа өзара әрекеттесу түрлері
Пробенецидті микофенолат мофетилімен бірге қабылдау плазмалық МФҚГ AUC 3 есе артуын туындатады. Осылайша, белгілі болғандай, бүйректік өзекшелік секрецияға ұшырайтын басқа заттар МФҚГ-мен бәсекелесуі мүмкін, әрі сол арқылы МФҚГ немесе өзекшелік секрецияға ұшырайтын басқа заттардың плазмалық концентрацияларын арттыруы мүмкін.
Тірі вакциналар
Тірі вакциналарды иммундық жауаптың бұзылулары бар пациенттерге тағайындауға болмайды. Басқа вакциналарға антиденелер жауабы азайып кетуі мүмкін.
Педиатриялық қауым
Өзара әрекеттесу зерттеуі ересектерде ғана жүргізілді.
Арнайы сақтандырулар
Ерлер мен әйелдердегі контрацепция
Микофенолат мофетилі тиімділігі жоғары контрацепция пайдаланбайтын бала туу жасындағы әйелдерге қарсы көрсетілімді.
Микофенолат мофетилінің гендік уытты және тератогенді қуатына орай бала туу жасындағы әйелдер микофенолат мофетилімен емнің басталуына дейін, ем кезінде және емді тоқтатудан кейін алты апта бойы бір мезгілде контрацепцияның екі сенімді түрін; егер бас тарту контрацепцияның таңдалған әдісі болмаса, пайдалануы тиіс.
Сексуалдық белсенді ерлерге емделу кезінде және емді тоқтатудан кейін, кем дегенде, 90 күн бойы мүшеқаптар пайдалануға кеңес беріледі. Мүшеқаптарды пайдалану ұрпақ өрбіту қуаты барда да, вазэктомиядан кейінгі ерлерде де қолданылады, өйткені ұрық сұйықтығының берілуімен байланысты қауіптер вазэктомиядан кейінгі ерлерге де қатысты. Бұдан бөлек, микофенолат мофетилімен емнен өтетін пациент ерлердің жұптас әйелдеріне емделу кезінде және микофенолат мофетилінің соңғы дозасын қабылдаудан кейінгі жалпы жиынтығы 90 күн ішінде тиімділігі жоғары контрацепция пайдалануға кеңес беріледі.
Жүктілік
Микофенолат мофетилі, трансплантаттың қабылданбай ажырауын болдырмауға сай келетін баламалы емдеу әдістері болмаған жағдайлардан тыс, жүктілік кезінде қарсы көрсетілімді. Жүктілік кезінде алдын ала көздеусіз пайдаланылуына жол бермес үшін емдеуді жүктілікке тест нәтижесін алуға дейін бастауға болмайды.
Ұрпақ өрбіту қуаты бар пациенттер, әйелдер мен ерлер емдеудің басында жүктілікті тоқтату және туа біткен даму ақауларының жоғары қаупі жөнінде мағлұматтанған болуы тиіс және жүктілікті болдырмау және жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес алуы тиіс.
Микофенолат мофетилімен емдеуді бастар алдында бала туу қуаты бар әйелдер микофенолат мофетилінің эмбрионға алдын ала көздеусіз әсер етуін жоққа шығару үшін жүктілік тестісінен өтуі тиіс. Сарысу немесе несепті пайдаланумен сезімталдығы кемінде 25 мХБ/мл жүктіліктің екі тестісінен өтуге кеңес беріледі; екінші тест біріншісінен кейін 8-10 күн өткен соң және тура Микоп қабылдауды бастар алдында өткізілуі тиіс. Жүктілікке тестілер клиникалық қажеттілік бойынша (мысалы, контрацепциядағы кез келген бұзылудан соң) қайталану керек. Жүктілікке өткізілген барлық тест нәтижелерін пациентпен талқылау керек. Пациенттерге жүктілік жөнінде білген соң бірден шұғыл өз дәрігерімен кеңесу туралы нұсқау берілуі тиіс.
Микофенолат мофетилі ол жүктілік кезінде әсер еткен жағдайда жүктіліктің өздігінен үзілу және туа біткен даму ақауларының жоғары қаупі бар адам үшін қуатты тератоген болып табылады;
Жүктіліктің кенеттен үзілуі, микофенолат мофетилінен ерекшеленетін иммунодепрессанттар қабылдаған паренхиматозды ағзалар трансплантациясынан кейінгі пациент әйелдерде тіркелген 12%-дан 33% дейінгі жиілікпен салыстырғанда, микофенолат мофетилінің әсеріне ұшыраған жүкті әйелдердің 45%-да тіркелді.
Әдеби деректер негізінде даму ақаулары жүктілік кезінде микофенолат мофетилін қабылдаған әйелдерден туған нәрестелердің 23%-да болды (жалпы қауымда жаңа туған нәрестелердің 3%-мен және микофенолат мофетилінен ерекшеленетін иммунодепрессанттар қабылдаған паренхиматозды ағзалар трансплантаттарының реципиенттерінен туған нәрестелердің 4%-нан 5% дейінгі шамасымен салыстырғанда).
Туа біткен даму ақаулары, оның ішінде көптеген даму ақаулары туралы хабарламалар жүктілік кезінде микофенолат мофетилін басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде қабылдаған науқастардың балаларында тіркеуден кейінгі кезеңде байқалды. Келесі даму ақаулары туралы көбірек жиі тіркелді:
Құлақ аномалиялары (мысалы, сыртқы/ортаңғы құлақтың дұрыс пішінделмеуі немесе болмауы), сыртқы есту жолының атрезиясы;
Жүрекшелік және қарынша аралық қалқа ақаулары сияқты туа біткен жүрек ақаулары;
Қоян жырық, жарық таңдай, микрогнатия және орбиталар гипертелоризмі сияқты беттің даму ақаулары;
Көз аномалиялары (мысалы, колобома);
Саусақтар аномалиялары (мысалы, полидактилия, синдактилия);
Трахея мен өңеш ақаулары (мысалы, өңеш атрезиясы);
Омыртқа бағанының жарығы сияқты жүйке жүйесінің ақаулары;
Бүйрек аномалиялары.
Бұдан бөлек, келесі даму ақаулары туралы жекелеген хабарламалар тіркелді:
микрофтальмия;
тамырлар өрімінің туа біткен кистасы;
мөлдір қалқа агенезі;
иіс сезу жүйкесінің агенезі.
Ұрпақ өрбіту қабілетіне уыттылық зерттеуінде көрсетілді.
Бала емізу
Микофенолат мофетилінің ана сүтіне өту-өтпеуі белгісіз. Емшекпен қоректендіру кезіндегі микофенолат мофетиліне ауыр жағымсыз реакцияларының туындау мүмкіндігіне орай, препарат бала емізетін аналарға қарсы көрсетілімді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын басқару және әртүрлі механизмдерді пайдалану қабілетіне әсерінің зерттеулері жүргізілмеді. Фармакодинамикалық бейіні және жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар осындай әсер ету ықтималдығының аз екенін көрсетеді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
МИКОП көмегімен емдеу трансплантация саласындағы білікті мамандармен басталуы және жүргізілуі тиіс.
Дозалау
Бүйрек трансплантациясында пайдалану
Ересектер
Пероральді МИКОП қабылдау трансплантациядан кейін 72 сағат ішінде басталуы тиіс. Бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде ұсынылатын доза тәулігіне екі рет 1 г (тәуліктік доза 2 г) құрайды.
Жүрек трансплантациясында пайдалану
Ересектер
Пероральді МИКОП қабылдау трансплантациядан кейін 5 күн ішінде басталуы тиіс. Жүрек трансплантациясынан кейінгі пациенттер үшін ұсынылатын доза тәулігіне екі рет 1.5 г құрайды (тәуліктік доза 3 г).
Бауыр трансплантациясында пайдалану
Ересектер
Пероральді МИКОП қабылдауды ол жағымды болуы мүмкін сәтте бірден бастап, МИКОП бауыр трансплантациясынан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде басталу керек. Бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттер үшін ұсынылатын пероральді доза тәулігіне екі рет 1.5 г құрайды (тәуліктік доза 3 г).
Ерекше қауымдарда қолдану.
Егде жастағы адамдар
Егде жастағы адамдар үшін сай келетіні бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттер үшін тәулігіне екі рет 1 г және жүрек немесе бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттер үшін тәулігіне екі рет 1,5 г ұсынылатын дозасы болып табылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзілу жылдамдығы < 25 мл/мин/1,73 м2) бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде, трансплантациядан кейінгі тікелей кезең шегінен тыс, тәулігіне 2 рет 1 г-ден көп дозаларын қабылдамау керек. Осындай пациенттер мұқият қадағалауда болуы тиіс. Операциядан кейінгі кезеңде бүйрек трансплантатының функциясы кейінге кідірген пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бүйректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігі бар жүрек немесе бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттерге арналған деректер жоқ.
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі.
Бауыр паренхимасының ауыр ауруы бар бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр паренхимасының ауыр ауруы бар жүрек трансплантациясынан кейінгі пациенттер жөнінде деректер жоқ.
Қабылданбай ажырау кризі кезіндегі емдеу
Микофенол қышқылы (MФҚ) микофенолат мофетилінің белсенді метаболиті болып табылады. Бүйрек трансплантатының қабылданбай ажырауы MФҚ фармакокинетикасының өзгерістеріне әкелмейді; микофенолат мофетилінің дозаларын азайту немесе оны қабылдауды тоқтату қажет емес. Жүрек трансплантатының қабылданбай ажырауынан кейін МИКОП дозасын түзетуге негіз жоқ. Бауыр трансплантатының қабылданбай ажырауы кезіндегі фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.
Қолдану тәсілі
Пероральді қолдану үшін
Дәрілік препаратты қабылдау немесе енгізу алдында қабылдау қажет болатын шаралар
МИКОП тератогенді әсері көріністелгендіктен, микофенолат мофетилінің таблеткаларын бөлшектеуге болмайды.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Ағзалар жүйесінің кластарында жағымсыз әсерлері келесі санаттар пайдаланылатын жиілік тақырыптарымен атап көрсетілген: өте жиі (≥1 /10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес). Әр топта туындау жиілігі бойынша жағымсыз реакциялар күрделілігінің кему ретімен берілген.
Инфекциялық және паразиттік аурулар
Өте жиі
сепсис
асқазан-ішек кандидозы
несеп шығару жолдарының инфекциялары
қарапайым герпес вирусы
белдемелі герпес
Жиі
пневмония
тұмау
тыныс жолдарының инфекциялары
респираторлық кандидоз
асқазан-ішек инфекциялары
кандидоз
гастроэнтерит
инфекциялар
бронхит
фарингит
синусит
терінің зеңдік инфекциялары
тері кандидозы
қынаптық кандидоз
риниттер
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (оның ішінде кисталар мен полиптер)
Жиі
тері обыры
терінің қатерсіз жаңа түзілімдері
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылыстар
Өте жиі
лейкопения
тромбоцитопения
анемия
Жиі
панцитопения
лейкоцитоз
Метаболизм және тамақтану бұзылыстары
Жиі
ацидоз
гиперкалиемия
гипокалиемия
гипергликемия
гипомагниемия
гипокальциемия
гиперхолестеринемия
гиперлипидемиям
гиперфосфатемия
гиперурикемия
подагра
анорексия
Психикалық бұзылыстар
Жиі
қозу
шатасу
депрессия
үрей
аномалиялық ойлау
ұйқысыздық
Жүйке жүйесінің бұзылыстары
Жиі
конвульсиялар
гипертония
тремор
ұйқышылдық
миастения синдромы
бас айналу
бас ауыру
парестезия
дисгевзия
Жүрек тарапынан бұзылыстар
Жиі
тахикардия
Тамырлар тарапынан бұзылыстар
Жиі
гипотония
гипертония
вазодилатация
Респираторлық, торакальді және көкірек ортасының бұзылыстары
Жиі
плевралық жалқық
ентігу
жөтел
Асқазан-ішек жолының бұзылыстары
Өте жиі
құсу
іштің ауыруы
диарея
жүрек айну
Жиі
асқазан-ішектен қан кету
перитонит
ішек бітелісі
колиттер
асқазанның ойық жарасы
он екі елі ішектің ойық жарасы
гастрит
эзофагит
стоматит
іш қату
диспепсия
метеоризм
кекіру
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылыстар
Жиі
гепатит
сарғаю
гипербилирубинемия
Тері және тері асты тіні тарапынан бұзылыстар
Жиі
тері гипертрофиясы
бөртпе
акне
алопеция
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылыстар
Жиі
атралгия
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылыстар
Жиі
бүйрек жеткіліксіздігі
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар
Жиі
ісіну
астения
гипертермия
қалтырау
ауыру
Зертханалық және аспаптық деректер
Жиі
бауыр ферменттерінің жоғарылауы
қандағы креатинин жоғарылауы
лактат дегидрогеназа жоғарылауы
қандағы мочевинаның жоғарылауы
қандағы сілтілік фосфатазаның жоғарылауы
салмақ төмендеуі
Келесі жағымсыз құбылыстар тіркеуден кейінгі кезеңдегі жағымсыз реакцияларды қамтиды
Тіркеуден кейінгі кезеңде тіркелген микофенолат мофетилінің жағымсыз реакциялар типтері бүйрек, жүрек және бауыр трансплантацияларының бақыланатын зерттеулерінде байқалғандарымен ұқсас. Тіркеуден кейінгі кезеңде тіркелген қосымша жағымсыз реакциялары, егер белгілі болса, көрсетілген туындау жиілігімен төменде сипатталған.
Асқазан-ішек жолы тарапынан
гингивальді гиперплазия
колиттер
цитомегаловирустық колиттерді қоса
панкреатит және ішек бүрлерінің атрофиясы
Инфекциялар
Менингит, эндокардит, туберкулезді қоса, өмірге қатерлі күрделі инфекциялар және атиптік микобактериялар инфекциялары. Иммунодепрессанттар, оның ішінде микофенолат мофетилін қабылдап жүрген пациенттерде BK-вирустық нефропатия жағдайлары, сондай-ақ ДK-вирустық үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (ҮМЛ) жағдайлары тіркелді.
Агранулоцитоз (≥1/1000-нан <1/100 дейін) және нейтропения жағдайлары тіркелді; осылайша, микофенолат мофетилін қабылдап жүрген пациенттерде жүйелі мониторинг өткізу ұсынылады. Микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде кейбірі өліммен аяқталған апластикалық анемия және сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі туралы хабарламалар тіркелді.
Қан және лимфа жүйесінің бұзылыстары
Микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде нағыз эритроцитарлық аплазия (НЭЦА) жағдайлары тіркелді.
Микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде нейтрофилдердің аномалиялық морфологиясының бірлі-жарым жағдайлары, оның ішінде жүре пайда болған Пельгер-Хьюит аномалиясы байқалды. Осы өзгерістер нейтрофилдер функциясының бұзылуымен байланысты емес. Бұл өзгерістер гематологиялық зерттеулерде нейтрофилдердің жетілуінде «солға жылжу» болжамы болуы мүмкін, ол микофенолат мофетилін қабылдап жүргендер сияқты, иммунитеті әлсіреген пациенттерде инфекция белгісі ретінде қате түсіндірілуі мүмкін.
Жоғары сезімталдық
Аллергиялық реакциялар, оның ішінде ангионевроздық ісіну мен анафилаксиялық реакциялар тіркелді.
Жүктілік, босанудан кейінгі кезең және перинатальді жай-күйлер
Микофенолат мофетилінің әсеріне ұшыраған пациенттерде негізінен жүктіліктің бірінші триместрінде жүктіліктің кенеттен үзілу жағдайлары тіркелді.
Туа біткен бұзылулар
Тіркеуден кейінгі кезеңде басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде микофенолат мофетилінің әсеріне ұшыраған пациент балаларда туа біткен даму ақаулары байқалды.
Респираторлық, торакальді және көкірек ортасының бұзылыстары
Микофенолат мофетилін басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде қабылдаған пациенттерде кейбірі өліммен аяқталған өкпенің интерстициальді ауруы және өкпе фиброзы жөнінде жекелеген хабарламалар тіркелді. Балалар мен ересектердегі бронхоэктаза туралы да хабарламалар болды (жиілігі белгісіз).
Иммундық жүйе бұзылыстары
Микофенолат мофетилін басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде қабылдаған пациенттерде гипогаммаглобулинемия жағдайлары тіркелді (жиілігі белгісіз).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 500 мг микофенолат мофетилі,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 101), повидон K-90, тазартылған су, микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 102), натрий кроскармеллозасы (Ac-di-soi SD-711), магний стеараты (Ligamed MF-2-V)
қабық құрамы: опадрай Күлгін 20В500001: гипромеллоза (Е464), гидроксипропилцеллюлоза (E463), титанның қостотығы (E171), макрогол (E1521), FD&С Көгілдір #2/Индигокармин алюминий лагы 3% - 5% (Е132), темірдің қызыл тотығы (Е172), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Капсула пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «М12» және екінші жағында «Н» бедері бар боз-күлгін түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 таблеткадан құтыға немесе 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
Құты немесе пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
20С-ден 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
HETERO LABS LIMITED,
Үндістан, Джадчерла Мандал, Полепалли ауылы, Блок –V
+91 40 23704923/24/25 (факс)
+91 40 23813359, 23704926. sales@heterodrugs.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы - 13, Нұрлы тау бизнес орталығы, 1В блок, 502 кеңсе
Тел.: +7 (727) 3115362, +7 (727) 3115352
regulatory-pvg.kz@camberglobal.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы - 13, Нұрлы тау бизнес орталығы, 1В блок, 502 кеңсе
Тел.: +7 (727) 3115362, +7 (727) 3115352
regulatory-pvg.kz@camberglobal.com