Метрогил (5 мг/мл) (Metronidazole)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Метрогил
Халықаралық патенттелмеген атауы
Метронидазол
Дәрілік түрі
Көктамыр ішіне енгізуге арналған 5 мг/мл ерітінді - 100 мл.
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 5 мг метронидазол
қосымша заттар: натрий хлориді, лимон қышқылының моногидраты, сусыз динатрий гидрофосфаты, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссізден бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Бактерияларға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Имидазол туындылары. Метронидазол.
АТХ коды J01XD01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
500 мг метронидазолды көктамыр ішіне енгізгенде 20 минуттың ішінде қан сарысуындағы препараттың концентрациясы 1 сағаттан кейін 35.2 мкг/мл, 4 сағат өткенде – 33.9 мкг/мл, 8 сағат өткенде – 25.7 мкг/мл құрайды. Қалыпты өт түзілу жағдайында көктамыр ішіне енгізгеннен кейін метронидазолдың өттегі концентрациясы қан плазмасындағы концентрациясын едәуір арттыруы мүмкін. Организмде метронидазолдың шамамен 30-60-ы гидроксилдену, тотығу және глюкурондану жолымен метаболизденеді. Негізгі метаболиті (2-оксиметронидазол), бұл да протозойға және микробтарға қарсы әсер етеді.
Бауыр функциясы қалыпты болғанда Т1/2 - 8 сағат (6-дан 12 сағатқа дейін), бауырдың алкогольмен зақымдануында - 18 сағат (10-нан 29 сағатқа дейін), жаңа туған нәрестелерде: жүктілік мерзімі 28-30 апталықта туылғандар - шамамен 75 сағат, 32-35 апталықта - 35 сағат, 36-40 апталықта - 25 сағат. Бүйрек арқылы 60-80-ы (өзгермеген түрде 20-ы), ішек арқылы 6-15-ы шығарылады. Бүйректік клиренсі - 10.2 мл/мин. Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда қайталап енгізгеннен кейін метронидазолдың қан сарысуында жинақталуы байқалуы мүмкін (сондықтан бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда қабылдау жиілігін азайту керек). Метронидазол мен негізгі метаболиттері гемодиализ кезінде қаннан жылдам шығарылады (Т1/2 2.6 сағатқа дейін қысқарады). Перитонеальді диализде елеусіз мөлшерде ғана шығарылады.
Фармакодинамикасы
Метрогил – протозойға қарсы және микробтарға қарсы препарат, 5-нитроимидазол туындысы. Әсер ету механизмі метронидазолдың 5-нитротобының анаэробтық микроорганизмдерінің және қарапайымдылардың жасушаішілік тасымалдаушы протеиндермен биохимиялық қалпына келуі болып табылады. Қалпына келтірілген метронидазолдың 5-нитротобы микроорганизмдер жасушаларының ДНҚ-мен, олардың нуклеин қышқылдарының синтезін тежей отырып, өзара әрекеттеседі, бұл бактериялардың қырылуына әкеледі.
Trichomonas vaginalis, Entamoeba histolytica, Gardnerella vaginalis, Giardia intestinalis, Lamblia spp., сондай-ақ облигаттық анаэробтарға Bacteroides spp. (соның ішінде Bacteroides fragilis, Bacteroides distasonis, Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotaomicron, Bacteroides vulgatus), Fusobacterium spp., Veillonella spp., Prevotella (Prevotella bivia, Prevotella buccae, Prevotella disiens) және кейбір грамоң микроорганизмдерге (Eubacter spp., Clostridium spp., Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp.) қатысты белсенді.
Амоксициллинмен біріктірілгенде Helicobacter pylori қатысты белсенділік танытады (амоксициллин метронидазолға резистенттіліктің дамуын бәсеңдетеді).
Метронидазолға аэробтық микроорганизмдер және факультативтік анаэробтар сезімтал емес, бірақ аралас флоралар (аэробтар және анаэробтар) бар болғанда метронидазол әдеттегі аэробтарға қарсы тиімді антибиотиктермен синергидті түрде әсер береді.
Ісіктердің сәулеленуге сезімталдығын арттырады, дисульфирам тәрізді реакцияларды тудырады, репарациялық үдерістерді стимуляциялайды.
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеу үшін ұсынылады:
-
хирургиялық араласымдарда, негізінен, құрсақ қуысының ағзаларында және несеп шығару жолдарында, анаэробтық инфекциялардың профилактикасында
-
аралас аэробты-анаэробтық ауыр инфекцияларды біріктіріп емдеуде
-
сепсисте
-
перитонитте
-
остеомиелитте
-
гинекологиялық инфекцияларда
-
кіші жамбас абсцесінде
-
ми абсцесінде
-
абсцестенетін пневмонияда
-
газды гангренада
-
тері мен жұмсақ тіндердің, сүйектердің және буындардың инфекцияларында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Инфекция барысы ауыр болғанда, сондай-ақ препаратты ішке қабылдау мүмкіндігі болмағанда препаратты көктамыр ішіне енгізу анықталған инфекцияны емдеу үшін қолданылады.
Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға бастапқы 500 мг дозада (инфузия ұзақтығы - 30 - 40 минут) әрбір 8 сағат сайын минутына 5 мл жылдамдықпен көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді. Жағымдылығы жақсы болған жағдайда алғашқы 2 - 3 инфузиядан кейін сорғалатып енгізуге көшеді. Ең жоғары тәуліктік доза - 4 г. Көрсетілімдері бойынша ішке қабылдау арқылы демеуші емге көшу жүзеге асырылады.
8 апталықтан 12 жасқа дейінгі балаларға тәуліктік доза бір реттік доза түріндегі 20-30 мг/кг немесе әрбір 8 сағат сайын бір реттік доза 7,5 мг/кг құрайды. Тәуліктік доза инфекцияның ауырлығына қарай, әр кг шаққанда 40 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.
8 апталыққа дейінгі жастағы балаларға – күн сайын бір реттік доза түрінде 15 мг/кг немесе әрбір 12 сағат сайын 7,5 мг/кг.
Емдеу курсы - 7 күн.
40 аптаға дейінгі гестация мерзімінде жаңа туған нәрестелерде өмірінің алғашқы аптасы ішінде метронидазол жиналып қалуы мүмкін, сондықтан емдеудің бірнеше күні бойы қан сарысуындағы метронидазол концентрациясына мониторинг жүргізген дұрыс.
Іріңді - сепсисті ауруларда әдетте емдеудің 1 курсын жүргізеді.
Профилактика мақсатында ересектер мен 12 жастан асқан балаларға операция қарсаңында, операция жасалатын күні және келесі күні әрбір 8 сағат сайын 500 мг-ден көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді, әрі қарай ішке қабылдайтын демеуші емге көшеді. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар және креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден кем және/немесе бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге ең жоғарғы тәуліктік доза - 1 г-ден аспайды, қабылдау жиілігі - тәулігіне 2 рет.
Метронидазолдың айтарлықтай жиналып қалуы бауыр энцефалопатиясы бар емделушілерде байқалуы мүмкін. Қан плазмасында метронидазол концентрациясының артуы салдарынан энцефалопатия симптомдары күшеюі мүмкін. Қажет болғанда тәуліктік дозаны 1/3-ге дейін азайтуға және тәулігіне бір рет қолдануға болады.
Егде жастағы емделушілерде метронидазолдың фармакокинетикасы өзгеруі мүмкін, осыған байланысты қан сарысуындағы метронидазол деңгейін бақылау қажеттілігі туындауы мүмкін.
Анаэробтық инфекцияларды 7-10 күн бойына емдеу көптеген емделушілер үшін қанағаттанарлықтай болуы мүмкін, бірақ клиникалық және бактериологиялық бағалануына орай, мысалы, ішектен, кіші жамбас ағзаларынан анаэробтық қоздырғыштардың эндогендік қайта жұғуына қауіп төндіретін инфекцияларды жою үшін ем ұзартылуы мүмкін.
Аралас аэробтық-анаэробтық инфекцияларда көктамыр ішіне енгізуге арналған Метрогил ерітіндісін парентеральді антибиотиктермен біріктіріп енгізген кезде препараттарды араластырмай қолдануға болады.
Көктамыр ішіне енгізуге арналған Метрогил ерітіндісін басқа препараттармен араластыруға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі(≥1/10)
- бас ауыру
- жүректің айнуы
Жиі (≥1/100 <1/10 дейін)
- тәбеттің төмендеуі, ауыз ішінің құрғауы, іштің ауыруы, дисгевзия (металл дәм тату), диарея
Жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін)
- анорексия, құсу, тілдің өңезденуі
- бас айналу, қимыл үйлесімінің бұзылуы, ұйқышылдық
- температураның жоғарылауы
- тері гиперемиясы
- мұрынның бітелуі
- артралгия
- ЭКГ-де Т тісшесінің тығыздалуы
- дизурия, цистит, полиурия, несепті ұстай алмау, кандидоз
- есекжем, тері бөртпесі, қышыну
Сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін)
- ашушаңдық, депрессия, жоғары қозғыштық, әлсіздік, ұйқысыздық, сананың шатасуы, атаксия, құрысулар, елестеулер, шеткергі нейропатия (үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда), энцефалопатия, желке бұлшықеттерінің сіресуі, жедел алды мишық синдромы (дизартрия, нистагм, тремор)
- шырышты қабықтың құрғауы, глоссит, стоматит, мукозит, тілдің түссізденуі
- іш қатулар
- панкреатит
- қынаптың және уретраның ашып ауыруы, несептің қызыл-қоңыр түске боялуы
Өте сирек( <1/10000)
- нейтропения (лейкопения), тромбоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения
- полиморфты эритема, анафилактикалық реакциялар
- тромбофлебит (инъекция жасаған жердің ауыруы, гиперемиясы немесе ісінуі)
- холестаздық гепатит, бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, бауыр жеткіліксіздігі
- гинекомастия
- көрудің бұзылуы, миопия, диплопия, түр-түсті ажыратудың өзгеруі, көру жүйкесінің невропатиясы, неврит
- асептикалық менингит
- асқын инфекция
Бұл құбылыстар әдетте енгізілген дозаның төмендеуімен немесе емдеу курсын аяқтағаннан кейін жоғалады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
метронидазолға немесе нитроимидазолдың басқа туындыларына жоғары сезімталдық
-
орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы, соның ішінде эпилепсия
-
бауыр жеткіліксіздігі (үлкен дозаларда тағайындалған жағдайда)
-
қан аурулары, соның ішінде сыртартқыда лейкопенияның болуы
-
жүктілік (І триместрі) және лактация кезеңі
-
дисульфираммен, алкогольмен біріктіріп қабылдау
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде амоксициллинмен біріктіріп қолдану
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Көктамыр ішіне енгізуге арналған Метрогилді басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды!
Циклоспоринді метронидазолмен бір мезгілде енгізу плазмада циклоспорин деңгейінің артуына әкеп соғуы мүмкін, бұл зертханалық бақылауды (қан плазмасында циклоспорин деңгейін анықтауды) қажет етеді.
Амиодаронмен бір мезгілде қолданғанда QT аралығының ұзаруы және torsade de pointes байқалуы мүмкін, осыған байланысты ЭКГ-де QT аралығына мониторинг жүргізген жөнді. Амбулаторлы түрде емделетін емделушілерде бас айналу, жүрек қағуының жиілеуі немесе естен тану сияқты torsade de pointes көрсетуі мүмкін симптомдар пайда болғанда дәрігерге қаралу қажет.
Метрогил әсері тікелей емес антикоагулянттардың әсерін күшейтеді, бұл протромбиннің түзілу уақытының артуына әкеледі.
Дисульфирам тәрізді этил спиртінің жағымсыздығын тудырады.
Дисульфираммен бір мезгілде қолдану әртүрлі неврологиялық симптомдардың дамуына әкелуі мүмкін (тағайындаулар аралығы – кем дегенде 2 апта).
Циметидин метронидазолдың метаболизмін бәсеңдетеді, бұл қан сарысуында оның концентрациясының жоғарылауына және жағымсыз құбылыстардың даму қаупінің ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Метронидазолды бусульфанмен бір мезгілде қолдану соңғысының концентрациясын айтарлықтай арттыруы мүмкін. Бусульфанның плазмалық деңгейінің артуымен байланысты ауыр уытты реакциялар және өліммен аяқталу қаупіне байланысты, метронидазолмен бір мезгілде қолданбаған жөн.
Метронидазол карбамазепиннің метаболизмін бәсеңдетуі және осының салдарынан оның плазмалық концентрациясы жоғарылауы мүмкін.
Бактерияларға қарсы кейбір препараттар жекелеген жағдайларда, ішекте стероидты конъюгаттардың бактериялық гидролизіне әсер етіп, осылайша, конъюгацияланбаған стероидтардың қайта сіңуін төмендете отырып, пероральді контрацептивтердің тиімділігін төмендетуі мүмкін. Соның нәтижесінде белсенді стероидтардың деңгейі төмендейді. Бұл өзара әрекеттесу стероидты конъюгаттардың өтпен бірге бөлініп шығу деңгейі жоғары әйелдерде білінуі мүмкін. Пероральді контрацептивтердің тиімді болмауының белгілі жағдайлары ампициллинді, амоксициллинді, тетрациклинді, сондай-ақ метронидазолды қоса, бактерияларға қарсы әртүрлі дәрілерді қолданумен байланысты.
Метронидазол 5-фторурацилдің клиренсін төмендетеді және осының салдары ретінде оның уыттылығын арттырады.
Бауырда микросомальді тотығу ферменттерін стимуляциялайтын дәрілерді (фенобарбитал, фенитоин) бір мезгілде тағайындау, метронидазолдың элиминациясын шапшаңдатуы мүмкін, соның нәтижесінде қан плазмасында оның концентрациясы төмендейді.
Метронидазолды такролимуспен бір мезгілде қолдану қанда соңғысының концентрациясының артуына әкеп соғуы мүмкін. Такролимустың бауыр метаболизмінің ықтимал бәсеңдеу механизмі CYP 3A4 ферментімен байланысты. Осыған байланысты қандағы такролимустің деңгейін, бүйрек функциясын және тиісінше дозалануын, әсіресе такролимусты қабылдау режимі тұрақтанған емделушілерде метронидазолмен емдеуді тоқтатудың бас кезінде жүйелі бақылау қажет.
Li+ препараттарымен бір мезгілде қабылдағанда плазмада соңғысының концентрациясы жоғарылауы және уыттану симптомдарының дамуы күшеюі мүмкін.
Метрогилді поляризацияланбайтын миорелаксанттармен (векуроний бромиді) біріктіру ұсынылмайды.
Сульфаниламидтер және антибиотиктер Метрогилдің микробтарға қарсы әсерін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Емдеу кезеңінде алкоголь қабылдауға болмайды (дисульфирам тәрізді реакциялар: түйілу сипатындағы абдоминальді ауыру, жүректің айнуы, құсу, бас ауыру, бетке кенеттен қан тебу).
Порфириясы бар емделушілерге метронидазолды қолдану ұсынылмайды.
Ұзақ уақыт емдегенде шеткергі қан көрінісін жүйелі бақылау қажет.
Лейкопенияда емдеуді жалғастыру мүмкіндігі инфекциялық үдерістің даму қаупіне байланысты.
Препаратты ісінулердің пайда болуына бейім, гемопоэзі бұзылған емделушілерге, сондай-ақ глюкокортикостероидтармен ем қабылдап жүрген емделушілерге сақтықпен тағайындаған жөн. Метронидазолды және әсері тікелей емес антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдауға жол бермеген жөн. Ал оларды бірге тағайындау қажет болғанда протромбин уақытын мұқият бақылаған және ұюға қарсы дәрілердің тиісті дозасын анықтаған жөн.
Метронидазолды енгізген кезде асептикалық менингит жағдайлары тіркелді. Менингит симптомдарының пайда болуы препаратты енгізгеннен кейін бірнеше сағат ішінде жүреді және енгізуді аяқтағаннан кейін толық тоқтайды.
Метронидазолды ОЖЖ созылмалы немесе ауыр аурулары бар емделушілерге, неврологиялық асқынулардың даму қаупіне байланысты, сақтықпен қолданған жөн. Науқаста атаксияның, бас айналудың пайда болуы және неврологиялық статустың кез келген басқа да нашарлауы емдеуді тоқтатуды қажет етеді. ОЖЖ тарапынан симптомдар, әдеттегідей, метронидазолды тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін қайтымды болады.
Метронидазолмен емдеу кезінде кандидозды инфекциялар симптомдары пайда болуы мүмкін.
Науқасқа бір мезгілде гемодиализ жүргізілген жағдайда метронидазолдың жартылай шығарылу кезеңінің азаятындығын ескеру қажет. Мұндай жағдайларда гемодиализ жүргізгеннен кейін препаратты қосымша енгізу қажет болуы мүмкін.
Гемодиализде жүрмеген науқастарда, креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден төмен болғанда метронидазолдың метаболиттері жиналып қалуы мүмкін, мұндай жағдайларда гемодиализ жүргізу қажет болуы мүмкін, перитонеальді диализ тиімді емес.
Метронидазол трепонеманы иммобилизациялауы және Нельсонның жалғаноң тестісіне әкеп соғуы мүмкін.
Несепті күңғір түске бояйды.
Жүктілік
Метронидазол гемато-плацентарлық бөгет арқылы өтеді.
Жүкті әйелдерге зерттеулер жүргізілген жоқ, жүктіліктің II және III триместрлерінде препарат тек өмірлік көрсетілімдері бойынша тағайындалады.
Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері.
Көбіне емнің бас кезінде кейбір емделушілерде ұйқышылдық және бас айналу пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты автомобильді басқарғанда және механизмдермен жұмыс жасағанда сақтық шараларын орындаған жөн.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Мөлдір пластик құтыға ерітінді 100 мл-ден құйылған. Целлофан тыспен қапталған бір құтыдан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылуы
Рецепт арқылы
Өндіруші фирма
«Юник Фармасьютикал Лабораториз»
(«Дж. Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.» фирмасының бөлімі)
Ворли, Мумбай 400 030, Үндістан
Тұтынушылардан препарат сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйым
«КАЗДИНФАРМА» ЖШС
050050, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Лобачевский к-сі, 78
тел./факс: 727 233 65 50, электронды поштасы: kazdinfarma@gmail.com