Метилурацил (мазь 10% по 25г, Биосинтез)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Метилурацил
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жергілікті және сыртқа қолдануға арналған 10 % жақпамай
Құрамы
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат: метилурацил - 10,00 г ,
қосымша заттар: вазелин, сулы ланолин, келесі жазба бойынша алынған: сусыз ланолин, тазартылған су.
Сипаттамасы
Сарғыштау түсті жақпамай.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды D11AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жақпамай түрінде жергілікті қолданғанда препарат іс жүзінде жүйелік қан ағымына сіңбейді.
Фармакодинамикасы
Анаболиялық белсенділікке ие. Гемопоэздік, лейкопоэздік, иммунитет көтермелеуші, қабынуға қарсы әсер береді. Нуклеин алмасуын қалпына келтіріп, жарақаттарда жасушалық регенерация үдерістерін жеделдетеді, тіндердің өсуі мен грануляциялық жетілуін және эпителизациясын жеделдетеді (оның ішінде АІЖ шырышты қабығының жылдам пролиферацияланатын жасушаларындағы), эритро- және лейкопоэз, иммунитеттің жасушалық және гуморальді факторларын көтермелейді.
Жараның сыртына қолданған кезде фотопротекторлық қасиеттері болады.
Қолданылуы
-
баяу жазылатын жараларда
-
күйіктерде
-
фотодерматитте
-
сүйек сынуларында
-
радиосезімталдығы жоғары емес жаңа түзілімдерінің сәулеленуі кезінде тері реакцияларының алдын алуда, гениталий жаңа түзілімдерін сәулемен емдеу жағдайында – сәулелік дерматит пен қынап қабырғаларының кешеуілдеп бітуінің (окклюзиялары) белгілерін азайтуда
Қолдану тәсілі және дозалары
Жергілікті. Сыртқа. Жақпамайды 15-30 күн бойы күн сайын 5-10 г-ден зақымданған жерлерге жағады.
Жақпамай сәулелік дерматит және қынаптың кешеуілдеген сәулемен зақымдануы кезінде борпылдақ тампондармен пайдаланылады. Қолданудың жиілігі мен ұзақтығы аурудың сипаты мен айқындығына, сондай-ақ қол жеткен әсерлеріне байланысты болады.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар
-
қысқа мерзімдік ашытып күйдіру
-
бас ауыруы, бас айналуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препаратқа жоғары сезімталдық
-
жарақатта артық грануляциялану
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жақпамай сульфаниламидтер, антибиотиктер және антисептикалық дәрілердің сыртқы аппликацияларымен үйлеседі.
Айрықша нұсқаулар
Балаларда қолданылуы
Препаратты балаларда қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті басқаруға және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.
Артық дозалануы
Мәліметтер жоқ.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Жергілікті және сыртқа қолдануға арналған 10 % жақпамай.
25 г препараттан алюминий сықпаға салынған.
Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 15ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл 6 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
”Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы
440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,
e-mail: certificate@biosintez.com
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
”Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы
440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,
e-mail: certificate@biosintez.com