Мезим® форте

МНН: Панкреатин
Производитель: Берлин - Хеми АГ (Менарини Групп)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Multienzymes (lipase, protease etc.)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012610
Информация о регистрации в РК: 05.10.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 4.74 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Мезим® форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – панкреатин** (липазаның 3 500 ӘБ ЕФ, амилазаның 4 200 ӘБ ЕФ ең төмен белсенділігімен, протеазаның 250 ӘБ ЕФ ең төмен жалпы белсенділігімен)

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

қабықтың құрамы: құрғақ затқа шаққанда полиакрилат дисперсиясы 30 %, тальк, гипромеллоза, азорубин лагы (Е122), симетикон эмульсиясы, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 6000.

** - панкреатин (ұйқы бездерінің ұнтағы)

Сипаттамасы

Цилиндр пішінді, жайпақ параллельді беткейімен, ойығымен, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ферментті препараттарды қоса, ас қорытуға мүмкіндік беретін препараттар. Ас қорытатын ферменттік препараттар. Панкреатин.

АТХ коды A09AA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Панкреатин асқазан-ішек жолынан сіңбейді, нәжіспен бірге шығарылады, оның көп бөлігі ас қорыту сөлдерінің немесе бактериялардың әсерімен ыдырайды және денатурацияланады.

Фармакодинамикасы

Шошқадан алынған ферментті препарат, құрамында олардың аш ішекте толық сіңуіне ықпал ететін майлардың, ақуыздардың және көміртегінің қорытылуын жеңілдететін панкреатикалық ферменттер - амилаза, липаза және протеаза бар. Препарат ұйқы безінің сыртқы сөліністік функциясының жеткіліксіздігін қалпына келтіреді және ас қорыту үдерісінің жақсаруына ықпал етеді.

Қолданылуы

Мезим® форте ас қорытудың бұзылуымен қатар жүретін ұйқы безінің экзокринді функциясы бұзылуларында (мысалы, созылмалы панкреатит немесе муковисцидозда) ас қорыту ферменттерін алмастыру мақсатында, сондай-ақ метеоризм және гастрокардиальді синдромда қоректендіргіш заттар сіңімділігінің төмендеуінде, әрі атап айтқанда, асқазан мен аш ішектің біріктірілген резекциясынан кейін, ішекпен тағам массасының жеделдетілген өтуінде (асқазан-ішек жолының жұқпалы аурулары немесе жоғары қозғыштығы салдарынан), гепатобилиарлы жүйе тарапынан бұзылуларда, диспепсиялар және қиын қорытылатын көкөністерді, майлы және дағдыдан тыс тағамдарды бір мезгілде қолдану жағдайларында қолданылады.

Мұнымен қоса, Мезим® форте жоғарыда сипатталған ас қорытудың бұзылулары аясында дамыған метеоризмде ішек кебуін жою мақсатында бейнеленуді алумен (ультрадыбыстық, рентгенологиялық зерттеулер) диагностикалық зерттеулерге дайындықта қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Доза ас қорытудың бұзылу дәрежесіне байланысты жекелей анықталады. Таблеткаларды шайнамайды және сумен ішеді.

Тамақтың алдында 1-2 таблеткадан. Қажет болғанда қосымша тамақтану кезінде тағы 2-4 таблетка қабылдайды. Дене салмағының килограмына есептегенде 15000–20000 ХБ липазаны құрайтын ферменттің тәуліктік дозасынан асыруға болмайды.

Мезим® форте препаратымен емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты болады және емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек(<1/10000)

- дереу пайда болатын аллергиялық реакциялар

- ұйқы безінен алынған ұнтақты қабылдағаннан кейін асқазан-ішек тарапынан (диарея, асқазан тарапынан бұзылыстар және жүректің айнуы) аллергиялық реакциялар

- муковисцидозы бар емделушілерде, илеоцекальді аймақта және өрлемелі тоқ ішекте ұйқы безінен алынған ұнтақтың жоғары дозасын тағайындағаннан кейін стриктураның түзілуі байқалған

Жиілігі белгісіз

- муковисцидозы бар емделушілерде, әсіресе препараттың жоғары дозаларын қабылдағаннан кейін, несеппен несеп қышқылының экскрециясы артуы мүмкін. Сондықтан осындай емделушілерде несеп қышқылы тастарының түзілуін болдырмау үшін, несеппен несеп қышқылының шығарылуын тексеріп тұру керек.

- азорубин (Е 122) аллергиялық реакциялардың пайда болуын туындатуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • шошқа етіне, азорубин лагына (Е 122) және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жедел панкреатит

  • созылмалы панкреатиттің асқыну сатысында. Дегенмен, өршудің басылып келе жатқан фазасындағы кеңейтілген емдәмде, егер ұйқы безі функциясы бұзылыстарының қалған немесе сақталған белгілері болса, эпизодты қабылдауға жол беріледі.

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мезим® форте препаратын қабылдағанда фолий қышқылының сіңуі төмендеуі мүмкін, сондықтан бұл препаратты қосымша қабылдау керек. Ішке қабылданатын диабетке қарсы акарбоза және миглитол препараттарының әсері Мезим® форте препаратымен қатар қабылдаған кезде төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Мезим® форте препаратының құрамында белсенді ферменттер бар, олар ауыз қуысына босап шыққан кезде (мысалы, шайнаған кезде), ойық жаралар түзілуі мүмкіндігімен шырышты қабықтың зақымдануына әкелуі мүмкін. Сондықтан Мезим® форте препаратын шайнамай, таблетканы тұтастай жұтып қабылдаған жөн.

Муковисцидозда панкреатиннің қажетті дозасын арттырған жағдайда тоқ ішектің өрлемелі бөлігінде және илеоцекальді бөлігінде стриктура дамуы мүмкін (фиброзды колонопатия).

Жүктілік және лактация

Мезим® форте препаратын жүкті әйелдерге қолдану жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Жүктілік ағымына, эмбрион/ұрық дамуына, босану немесе постнатальді дамуға қатысты жануарларға жүргізілген эксперименттерден алынған деректер жеткіліксіз. Сондықтан адамдар үшін ықтимал қаупі белгісіз. Осыған байланысты жүктілік және лактация кезінде, аса қажетті болып табылатын жағдайларды қоспағанда, Мезим форте препаратын қабылдамаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Айрықша сақтық шаралары талап етілмейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе полиамид/алюминий/поливинилхлорид үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе поливинилхлорид/ полиэтилен/поливинилиденхлорид үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босату шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп)

Глиникер Вег 125 12489 Берлин, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Берлин-Хеми АГ(Менарини Групп)

Глиникер Вег 125 12489 Берлин, Германия

Қаптаушы ұйым

Менарини –Фон Хейден ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Берлин-Хеми АГ» АҚ ҚР өкілдігі

Телефон нөмірі: +7 727 2446183, 2446184, 2446185

факс нөмірі: +7 727 2446180

электронды поштасы: Kazakhstan@berlin-chemie.com

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

996704351477976781_ru.doc 66 кб
985609141477977939_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники