Лодигрел® (Clopidogrel)

МНН: Клопидогрел
Производитель: ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ ЗАВОД ЭГИС ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clopidogrel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016881
Информация о регистрации в РК: 08.10.2015 - 08.10.2020
Номер регистрации в РБ: 9222/10/11/16/17
Информация о регистрации в РБ: 04.04.2016 - 04.04.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 135.85 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Лодигрел®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клопидогрел

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 75 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 75 мг клопидогрел (97.86 мг клопидогрел гидросульфатына баламалы),

қосымша заттар:

ядросы: кремнийлі микрокристалды целлюлоза (микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы), орынбасу дәрежесі төмен гидроксипропилцеллюлоза (L-HPC B1), гидрадацияланған майсана майы,

қабығының құрамы: Opadry Y-1-7000 ақ (гипромеллоза, титанның қостотығы Е 171, макрогол 400).

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік, дөңгелек, екі беті дөңес, беті тегіс және біртекті, иіссіз немесе иіссіз дерлік, қабықпен қапталған таблеткалар. Таблетканың бір жағындағы өрнегі бар: стильденген Е әрпі және оның астында 181 нөмірі.

Фармакотерапиялық тобы

Антикоагулянттар. Гепаринді қоспағанда, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері. Клопидогрел

АТХ коды В01АС04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Клопидогрел күніне 75 мг дозасын ішу арқылы бір рет және қайталап қабылдағаннан кейін жылдам сіңеді. Плазмадағы өзгермеген клопидогреладің орташа ең жоғарғы концентрациясы (75 мг дозасын бір рет қолданғаннан кейінгі 2,2-2,5 нг/мл жуық) қабылдағаннан кейін шамамен 45 минуттан соң байқалады. Сіңуі кемінде 50%-ды құрайды. Клопидогрел мен негізгі айналымындағы метаболиті қан плазмасы ақуыздарымен қайтымды байланысады (сәйкесінше 98% және 94%). Байланысуы концентрацияларының диапазонында қанықпаған болып табылады. Препарат бауырда елеулі дәрежеде қарқынды метаболизмге ұшырайды. Клопидогрел екі негізгі метаболиз жолымен метаболизденеді: біріншісі – эстераза арқылы, ары қарай карбон қышқылының белсенді емес туындысын түзе отырып гидролизденуі (айналымындағы метаболиттерінің 85%-ы). Екінші метаболизмдік жолына бірнеше P450 цитохромдары түрткі болады. Алдымен клопидогрел аралық метаболиті 2-оксо-клопидогрелге дейін метаболизденеді. Аралық метаболиті 2-оксо-клопидогрелдің бұдан кейінгі метаболизмі белсенді метаболитінің, клопидогрелдің тиолды туындысының түзілуіне алып келеді. In vitro жағдайларда бұл метаболизм жолына CYP3A4, CYP2C19, CYP1A2 және CYP2B6 цитохромдары түрткі болады. Белсенді тиолды метаболиті тромбоциттер рецепторларымен жылдам және қайтымсыз байланысады, сол арқылы, тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді. Клопидогрелдің 300 мг жүктемелік дозасын бір рет қабылдағаннан кейінгі белсенді метаболитінің ең жоғарғы концентрациясы (Cmax) 75 мг демеуші дозасын 4 күн қабылдағаннан кейін анықталатын концентрациясынан 2 есе жоғары. Cmax дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 30-60 минуттан соң жетеді.

14С-таңбалы клопидогрелді ішке қабылдағаннан кейін дозасының шамамен 50%-ы несеппен және қабылдағаннан кейін 120 сағат ішінде дозасының шамамен 46%-ы нәжіспен шығарылады. 75 мг пероральді дозасын бір рет қабылдағаннан кейін жартылай шығарылу кезеңі 6 сағатты құрайды. Айналымындағы негізгі (белсенді емес) метаболитінің жартылай шығарылу кезеңі бір рет немесе бірнеше рет қабылдағаннан кейін 8 сағатты құрайды.

Фармакогенетикасы

CYP2C19 белсенді, және аралық метаболиті 2-оксо-клопидогрелдің түзілуіне қатысады. Клопидогрелдің белсенді метаболитінің фармакокинетикасы мен тромбоцитке қарсы әсері, тромбоциттер агрегациясын ex vivo талдауларға сәйкес, CYP2C19 генотипіне байланысты ерекшеленеді.

CYP2C19*1 аллелі толық функционалдық метаболизмге сәйкес келеді, бұл кезде CYP2C19*2 және CYP2C19*3 аллельдері функционалдық емес болып табылады. CYP2C19*2 және CYP2C19*3 аллельдері еуропалықтардағы (85%) және баяу метаболизаторлар болып табылатын азиялықтардағы (99%) функциональдық аллельдерден көп төмен болуына негіз болады. Метаболизмнің болмауымен немесе төмендеуімен байланысты басқа аллельдер сирек кездеседі және оларға CYP2C19*4, *5, *6, *7, *8 кіреді. Баяу метаболизаторлар болып табылатын пациенттерде, жоғарыда сипатталған функциясы төмен екі аллельден бар. CYP2C19 баяу метаболизаторлары генотиптерінің анықталған кездесу жиілігі еуропалықтарда 2%-ға жуықты, қара нәсілділерде 4% және қытайлықтарда 14% құрайды. Пациенттің CYP2C19 генотипін анықтау үшін талдаулар жүргізуге болады.

Белсенді метаболитінің экспозициясында және орташа алғандағы тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуіне (ТАБ), өте жылдам, жылдам және орташа метаболизаторлары арасында елеулі айырмашылықтар байқалған жоқ. Баяу метаболизаторларда белсенді метаболитінің экспозициясы өте жылдам метаболизаторлармен салыстырғанда 63-71%-ға төмен болған.

300 мг/75 мг дозалық режимін қолданғаннан кейін антитромбоциттік жауап реакциясы баяу метаболизаторларда төмен болған, сонымен қатар ТАБ орташа төмендеуі (5 мкМ АДФ) өте жылдам метаболизаторлардағы 39% (24 сағат) және 58% (5 күн) және орташа метаболизаторлардағы 37% (24 сағат) және 60% (5 күн) төмендеуімен салыстырғанда, 24% (24 сағатты) және 37 % (5-ші күні) құраған. Баяу метаболизаторлар 600 мг/150 мг режимінде болғанда, белсенді метаболитінің экспозициясы 300 мг/75 мг режиміндеге қарағанда жоғары болған. Бұдан өзге, бұл топта ТАБ 32% (24 сағатты) және 61% (5-ші күні) құраған, бұл, 300 мг/75 мг режиміндегі баяу метаболизаторларға қарағанда жоғары, бірақ 300 мг/75 мг режимдегі CYP2С19 метаболизаторларының басқа топтарына ұқсас болды. Науқастардың осы популяциясы үшін сәйкесінше дозалық режим анықталмаған.

Жоғарыда келтірілген мәліметтермен ұқсастығы жағынан, 6 зерттеудің мета-талдауының нәтижесі, бұл өте жылдам метаболизаторлармен салыстырғанда, орташа метаболизаторларда белсенді метаболитінің экспозициясы 28%-ға және баяу метаболизаторларда 72%-ға төмендеген, бұл кезде тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі (5 мкМ АДФ) ТАБ сәйкесінше 5,9% және 21,4% айырмашылығымен төмендеген.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйректің ауыр ауруы бар (креатинин клиренсі 5-15 мл/мин) пациенттерде клопидогрелді тәулігіне 75 мг дозада қайталап қабылдағаннан кейін АДФ-индукциялаған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі дені сау пациенттермен салыстырғанда төмен (25%) болды, алайда, қан кету уақытының ұзаруы, клопидогрелді күніне 75 мг дозада қабылдаған дені сау еріктілерде байқалған осындаймен ұқсас болған. Бұдан өзге, барлық пациенттерде препараттың жақсы клиникалық көтерімділігі анықталған.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде клопидогрелді тәулігіне 75 мг-ден 10 күн бойы бірнеше рет қабылдағаннан кейін, АДФ-индукциялаған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі дені сау пациенттерде байқалған деңгейге сәйкес келген. Қан кетудің орташа уақытының ұзаруы да екі топ үшін ұқсас болған.

Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде клопидогрелдің белсенді метаболитінің фармакокинетикасы белгісіз.

Этникалық тегі

CYP2C19 аралық және баяу метаболизміне алып келетін CYP2C19 аллельдерінің басымдығы, түрлі этникалық топтардың өкілдерінде әр түрлі. Азиялық популяция үшін CYP2C19 генотиптелуінің оқиғалардың клиникалық барысына клиникалық әсерін бағалау жөніндегі әдебиеттердегі мәліметтер шектеулі.

Фармакодинамикасы

Клопидогрел ізашар дәрі болып табылады (әсер етуші затының ізашары), оның метаболиттерінің бірі тромбоциттер агрегациясының тежегіші болып табылады. Клопидогрел CYP2C19 ферментінің көмегімен, тромбоциттер агрегациясын бәсеңдететін белсенді метаболит түзе отырып метаболизденеді. Клопидогрел P2Y12 тромбоциттік рецепторлармен аденозиндифосфаттың (AДФ) байланысуын және GPIIb/IIIa гликопротеиндер кешенінің кейінгі АДФ түрткі болған активациясын селективті тежейді, осылайша тромбоциттер агрегациясын тежейді. Қайтымсыз байланысуының арқасында клопидогрелмен өзара әрекеттестікке түскен тромбоциттер, жасушаның бүкіл тіршілігі бойына (шамамен 7-10 күн) АДФ стимуляциясына сезімтал емес болып қала береді, ал тромбоциттердің қалыпты функциясының қалпына келуі жаңа тромбоциттердің қалыптасу жылдамдығына сәйкес жүреді. АДФ-тан өзге агонистерден туындаған тромбоциттер агрегациясы да АДФ-тан босап шығатын тромбоциттердің белсенділеуінің күшеюі есебінен тежеледі.

Тәулігіне 75 мг –ден қайталап қабылданған дозалары алғаш қолданылған күнінен бастап, АДФ-индукциялаған тромбоциттер агрегациясының едәуір бәсеңдеуін туғызады. Тежегіштік әсері үдемелі күшейе түседі, тепе-теңдік жағдайына 3 - 7 күннен соң жетеді. Бұл кезде 75 мг күндізгі дозасының әсерінен орташа тежелу деңгейі 40-тан 60%-ға дейінді құрайды. Емдеуді тоқтатқаннан кейін тромбоциттер агрегациясы мен қан кету уақыты біртіндеп, орташа алғанда 5 күн ішінде бастапқы деңгейіне қайтып келеді.

Қолданылуы

Ересектердегі атеротромбоздық бұзылулардың профилактикасы:

  • миокард инфарктісінде (бірнеше күннен кемінде 35 күнге дейін), ишемиялық инсультте (туындағаннан бастап 7 күннен 6 айға дейін), шеткергі артериялардың диагностикаланған ауруында

  • жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромында:

- ST сегментінің жоғарылауынсыз, жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромында (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), соның ішінде тері астына коронарлық стент орнатылған пациенттерге, ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктіріп

- ST сегментінің жоғарылауымен жүретін жедел миокард инфарктісінде, консервативті ем қабылдайтын, тромболитикалық ем жүргізілуі мүмкін пациенттерде ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп

- жүрекшелер фибрилляциясы кезіндегі атеротромбоздық және тромбоэмболиялық көріністердің профилактикасы.

- қантамыр ауруларының кемінде бір қауіп факторы бар жүрекшелердің фибрилляциясы бар ересек науқастарда, К витаминінің антагонистеріне (КВА) көтере алмаушылығы бар пациенттерге және қан кетулер қаупі төмен пациенттерге клопидогрел ми инсультін қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық көріністердің профилактикасы мақсатында АСҚ-мен үйлестіріп тағайындалады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады!

Ересектер мен егде жастағылар:

Лодигрелді ас ішуге байланыссыз, тәулігіне бір рет 75 мг-ден қабылдау керек.

Жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы бар пациенттер:

- сегментінің жоғарылауынсыз ST жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі): емдеу 300 мг бір реттік кіріспе дозасынан басталуы, содан соң тәулігіне бір рет 75 мг дозасымен ацетилсалицил қышқылымен біріктіріліп (75-325 мг) жалғастырылуы тиіс. Ацетилсалицил қышқылының жоғарырақ дозалары қан кету қаупінің жоғарылауымен астасатындықтан, ацетилсалицил қышқылының 100 мг дозасын арттыру ұсынылмайды. Емдеу курсының ұзақтығы жекелей белгіленеді. Клиникалық зерттеулердің негізінде, орташа алғандағы емдеу курсы 12 айды құрайды, ал ең жоғарғы клиникалық әсері 3 айдан соң байқалады.

- ST сегментінің жоғарылауынсыз жедел миокард инфарктісі: Лодигрелді тәулігіне бір рет 75 мг-ден қолдану керек, емдеуді ацетилсалицил қышқылымен және басқа тромболитиктік дәрілермен біріктіріп немесе оларсыз, 300 мг кіріспе дозасынан бастау керек. 75 жастан асқан пациенттерге Лодигрелмен емдеуді кіріспе дозасынсыз бастау керек. Біріктірілген емді симптомдар пайда болғаннан кейін барынша ертерек бастайды және орташа алғанда 4 апта бойы жалғастырады. Бұл жағдайларда клопидогрелді АСҚ-мен 4 аптадан артық үйлестірудің артықшылығы зерттелмеген.

Жүрекшелердің фибрилляциясы бар пациенттер

Лодигрелді 75мг дозада күніне бір рет тағайындау, оған параллель күніне 75-100мг дозада АСҚ-мен емдеуді бастау және оны Лодигрелмен үйлестіре отырып жалғастыру керек.

Дозасы жіберіліп алса:

- егер әдеттегі қабылдау уақытынан соң 12 сағаттан аз уақыт өтсе: жіберіліп алған дозасын дереу қабылдау, ал келесі дозасын үйреншікті уақытта қабылдау керек

- егер 12 сағаттан артық уақыт өтсе: келесі дозасын әдеттегі жоспарлы уақытында қабылдау керек, дозасын екі еселеуге болмайды.

Балалар мен жасөспірімдер: Клопидогрелдің балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Бүйрек функциясының бұзылуы: Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолданылу тәжірибесі шектеулі.

Бауыр функциясының бұзылуы: Препараттың бауыр функциясының орташа бұзылуы бар, геморрагиялық диатездің дамуына бейім пациенттерде қолданылу тәжірибесі шектеулі.

Жағымсыз әсерлері

Қан кету клиникалық зерттеулерде де, тіркеуден кейінгі кезеңде де байқалған ең жиі реакция болып табылады, оларда негізінен, емдеудің алғашқы айында дамып отырған.

Клиникалық зерттеулерде байқалған немесе өздігінен келіп түскен хабарламаларда мәлімденген жағымсыз реакциялар төменде атап келтірілген.

Жиі (≥1/100 - < 1/10)

- гематома және жарақаттық соғылу

- мұрыннан қан кету

- асқазан-ішектен қан кету, диарея, іштің ауыруы, диспепсия

- пункция орнынан қан кету

Жиі емес (≥1/1 000 - < 1/100)

- тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия

- бассүйекішілік қан құйылуы (өліммен аяқталған бірнеше жағдай туралы хабарланған), бас ауыруы, парестезия, бас айналуы

- көздің қанталауы (конъюнктивалық, окулярлық, ретинальді)

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит, құсу, жүрек айнуы, іш қатуы, метеоризм

- бөртпе, қышыну, терінің қанталауы (пурпура)

- гематурия

- қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофилдер санының төмендеуі, тромбоциттер санының төмендеуі

Сирек (≥1/10 000 - < 1/1000)

- нейтропения, соның ішінде ауыр түрі

- жүйелі бас айналуы (вертиго)

- ішпердеартылық қан кету

Өте сирек (10 000)

- тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), апластикалық анемия, панцитопения, агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопения, жүре пайда болған гемофилия А, гранулоцитопения, анемия

- сарысу құю ауруы, анафилактоидтық реакциялар

- елестеулер, сананың шатасуы

- дәм сезу бұзылыстары

- ауыр қан кету, операция жасалған жарадан қан кету, васкулит,

гипотензия

- респираторлық жолдардан қан кетулер (қан түкіру, өкпеден қан кету),

бронх түйілуі, интерстициальді пневмонит, эозинофильді пневмония

- асқазан-ішектен және ретроперитонеальді ауқымды қан кетулер (өліммен аяқталатын), панкреатит, колит (соның ішінде ойық жаралы немесе лимфоциттік колит), стоматит

- бауырдың жедел жеткіліксіздігі, гепатит, бауырдың функционалдық сынамаларының бұзылыстары

- буллездік дерматит (уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема), ангионевроздық ісіну, дәрілерге аса жоғары сезімталдық синдромы, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS синдром) бірге жүретін тері бөртпесі, эритематоздық бөртпе, есекжем, экзема және жалпақ теміреткі

- қаңқа-бұлшықеттік қан кету (гемартроз, артрит, артралгия, миалгия)

- гломерулонефрит, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- қызба

Жиілігі белгісіз:

- тиенопиридиндер (мысалы, тиклопидин, празугрел) арасындағы айқаспалы аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр бұзылуы

- жедел паталогиялық қан кету, соның ішінде асқазан мен 12- елі ішектің ойық жаралы ауруы кезінде қан кету, өңештің ойық жарасында немесе бассүйекішілік қан құйылу

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар. Клопидогрелді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені мұндай біріктіру қан кетулер қарқындылығын күшейтуі мүмкін. Клопидогрелді күніне 75 мг дозада қолдану S-варфариннің фармакокинетикасын да, варфаринмен ұзақ уақыт ем қабылдаған науқастарда халықаралық қалыптастырылған қатынастың ХҚҚ (INR) мәнін де өзгертпеуіне қарамастан, клопидогрел мен варфаринді бірге қолдану екі препараттың да гомеостазға әсеріне байланысты қан кету қаупін жоғарылатады.

IIb/IIIа гликопротеин тежегіштері

Клопидогрелді IIb/IIIа гликопротеині тежегіштерімен бір мезгілде қабылдаған жағдайда жарақатпен, хирургиялық араласулармен немесе басқа патологиялық жағдайлармен байланысты қан кетулер қаупінің жоғарылауына ұшыраған емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ)

АСҚ клопидогрелдің АДФ-индукцияланған тромбоциттер агрегациясына тежегіштік әсерін өзгертпейді, бірақ клопидогрел АСҚ-ның коллагенмен индукцияланған тромбоциттер агрегациясына әсерін күшейтеді. Дегенмен, 500 мг АСҚ-ны бір мезгілде тәулігіне 2 рет қабылдау клопидогрелді қабылдаудың салдарынан қан кету уақытының сенімді артуын туғызған жоқ. Клопидогрел және АСҚ арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер болуы мүмкін және ол қан кету қаупінің артуына әкеп соқтырады. Сондықтан бұл препараттарды бір мезгілде қабылдау сақтықты қажет етеді. Алайда, клопидогрелмен АСҚ-ны бір жылға дейін қолданудың қауіпсіздігі жөнінде мәліметтер бар.

Гепарин

Клопидогрелді қолдану гепариннің дозасын түзетуді қажет етпейді және гепариннің қан ұюына әсерін өзгертпейді. Гепаринді бір мезгілде қабылдау клопидогрелдің тромбоциттер агрегациясына тежегіштік әсерін өзгерткен жоқ. Клопидогрел мен гепариннің арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін және ол қан кетулер қаупінің артуына әкеп соқтырады. Сондықтан бұл препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықты қажет етеді.

Тромболитикалық дәрілер

Клопидогрелді, спецификалық фибринді немесе фибринді емес тромболитикалық заттар мен гепаринді бір мезгілде қабылдаудың қауіпсіздігі миокард инфарктісін жақында өткерген пациенттерде зерттелген болатын. Клиникалық маңызды қан кетулер жиілігі тромболитикалық дәрілер және гепаринді АСҚ біріктіре қолданған жағдайда байқалғанмен ұқсас болған.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП)

Клопидогрел мен напроксенді бірге қолдану асқазан-ішек жолдарынан жасырын қан кетулер мөлшерін арттырған. Алайда, басқа ҚҚСП-мен өзара әрекеттесу бойынша жеткілікті клиникалық зерттеулер болмауы салдарынан қазіргі уақытта барлық ҚҚСП үшін асқазан-ішектен қан кетулердің жоғары қаупі тән немесе тән емес екендігі белгісіз. ҚҚСП, соның ішінде ЦОГ-2 тежегіштерін Клопидогрелмен тағайындау сақтықты қажет етеді.

Серотонинді кері қармау селективті тежегіштері (СКҚСТ):

СКҚСТ препараттары тромбоциттерді белсенділендіруге әсер ететіндіктен және қан кетулер қаупін арттыратындықтан, клопидогрелді СКҚСТ-мен бір уақытта қолдану сақтықты қажет етеді.

Р450 2С19 (СYР2С19) цитохромдары

Фармакогенетикасы: СYР2С19 баяу метаболизаторларында клопидогрелдің әдеттегі ұсынылған дозасында тромбоциттер функциясына аз әсермен оның белсенді метаболиттерінің аз мөлшері түзіледі. Пациенттің СYР2С19-генотипін анықтауға арналған тестілер болады.

Басқа да қатар жүретін ем

Клопидогрел СYР2С19 цитохромының көмегімен кейде белсенді метаболитке айналатындықтан, осы ферменттің белсенділігін тежейтін дәрілік препараттарды қолдану клопидогрелдің белсенді метаболитінің деңгейін төмендететінін күтуге болады. Мұндай өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы толық зерттелген жоқ. Сақтық шаралары ретінде клопидогрелді СYР2С19 күшті немесе орташа тежегіштерімен бірге қолдану ұсынылмайды.

CYP2С19 бәсеңдететін дәрілік препараттарға мыналар жатады: омепразол, эзомепразол, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид, вориконазол, флуконазол, тиклопидин, ципрофлоксацин, циметидин, карбамазепин, окскарбамазепин және хлорамфеникол.

Протонды помпа тежегіштері

Күніне бір рет 80 мг дозада клопидогрелмен бір мезгілде немесе қабылдау арасы 12 сағат аралықпен қабылданатын омепразол белсенді метаболит экспозициясын 45% (екпінді доза) және 40% (демеуші доза) төмендетті. Бұл төмендету тромбоциттер агрегациясының тежелуінің төмендеуімен 39% (екпінді доза) және 21% (демеуші доза) байланысты болды. Эзомепразолдың клопидогрелмен осыған ұқсайтын өзара әрекеттесуі күтіледі.

Клиникалық және обсервациялық зерттеулер негізінде, күрделі кардиоваскулярлы эпизодтардың дамуы тұрғысынан осындай фармакокинетикалық / фармакодинамикалық (PK/PD) өзара әрекеттесудің клиникалық мәні туралы қарама-қайшы деректер бар. Сақтық шарасы ретінде омепразолды немесе эзомепразолды клопидогрелмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Пантопразол мен лансопразолды қабылдаған кезде метаболиттің әсер етуінің барынша айқын төмендеуі байқалды.

Плазмада белсенді метаболит концентрациясы 20%-ға (екпінді доза) және күніне бір рет 80 мг дозада пантопразолды бірге қабылдаған кезде 14%-ға (демеуші доза) төмендеген. Бұл тромбоциттер агрегациясының орташа тежелуінің 15%-ға және тиісінше 11%-ға төмендеуіне байланысты болған. Алынған нәтижелер клопидогрелді пантопразолмен біріктіруге болатынын көрсетеді.

Асқазанның қышқылдығын төмендететін басқа медициналық препараттардың, мысалы, Н2 рецепторлары блокаторларының (СYР2С19 блокаторы болып табылатын циметидинді қоспағанда), немесе антацидтердің клопидогрелдің антитромбоцитарлық әсеріне әсер етуі туралы деректер жоқ.

Біріктірілген емнің басқа түрлері

Клопидогрелді атенололмен және нифедипинмен немесе екі препаратпен де бірге қолданғанда, клиникалық маңызды фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Бұдан бөлек, фенобарбиталмен, циметидинмен немесе эстрогендермен бір мезгілде қолданғанда клопидогрелдің фармакодинамикалық белсенділігі елеулі өзгермеген. Клопидогрелмен бір мезгілде қолданғанда дигоксин немесе теофиллиннің фармакокинетикалық қасиеттері өзгермейді.

Антацидтік препараттар клопидогрелдің сіңірілуіне әсер етпейді.

CYP2C9 көмегімен метаболизденетін фенитоин мен толбутамидті CAPRIE зерттеулері нәтижесі бойынша клопидогрелмен бірге қауіпсіз қолдануға болады.

Жоғарыда келтірілген дәрілік үйлесімсіздік туралы арнайы ақпаратты қоспағанда, клопидогрелмен әдетте атеротромбоздық бұзылулары бар емделушілерде қолданылатын кейбір дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі бойынша зерттеулер жүргізілмеген. Алайда клопидогрелдің клиникалық зерттеулеріне қатысқан пациенттер онымен бірге диуретиктерді, β-рецепторларының блокаторларын, АӨФ тежегіштерін, кальций өзекшелерінің антагонистерін қоса, түрлі препараттарды, қандағы холестерин деңгейін төмендететін препараттарды, коронарлық вазодилятаторларды, диабетке қарсы препараттарды (оның ішінде инсулин), эпилепсияға қарсы дәрілерді, гормон алмастыратын ем және GPIIb/IIIa антагонистерін қабылдады, олар клиникалық маңызы бар жағымсыз өзара әрекеттесу белгілерінсіз жүрген.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты төмендегі ауруларда және жағдайларда сақтықпен тағайындау керек:

Қан кету және гематологиялық аурулар

Қан кету және гематологиялық жағымсыз әсерлер қаупіне байланысты емдеу кезінде клиникалық симптомдарды көрсететін белгілер пайда болған жағдайда, тез арада қан талдауын жүргізу керек. Басқа антитромбоцитарлық препараттар сияқты клопидогрелді жарақатпен, хирургиялық араласулармен немесе басқа да патологиялық жағдайлармен байланысты қан кетулер қаупі жоғары емделушілерде, сондай-ақ клопидогрелді АСҚ, ҚҚСП, соның ішінде ЦОГ-2 тежегіштерімен, гепаринмен немесе IIb/IIIа гликопротеин тежегіштерімен, сондай-ақ серотонинді кері қармау селективті тежегіштерімен (СКҚСТ) біріктірген жағдайда сақтықпен қолдану керек. Жасырын қан кетулерді қоса, әсіресе емдеудің алғашқы апталарында және/немесе жүрекке жасалған инвазивті емшаралардан немесе хирургиялық араласудан кейін емделушінің жағдайын қан кету белгілерінің бар-жоқтығына мұқият бақылау керек.

Клопидогрелді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, себебі ол қан кетуді күшейтуі мүмкін.

Хирургиялық араласулар жағдайында, егер антиагрегантты әсері қажет болмаса, клопидогрелді қабылдауды операциядан 7 күн бұрын тоқтату керек. Егер жоспарлы операциялық араласулар көзделсе немесе егер дәрігер пациент үшін жаңа дәрілік зат тағайындаса, пациенттер препаратты қабылдағаны жөнінде дәрігерге және стоматологқа хабарлауы тиіс.

Клопидогрел қан кету уақытын ұзартады және қан кету қаупі бар (әсіресе асқазан-ішек және көз ішілік) емделушілерге сақтықпен қолданылуы тиіс.

Клопидогрелді (АСҚ-мен біріктіріп немесе онсыз) ұзақ уақыт қолдану кезінде пайда болатын қан кетуді тоқтату көп уақыт алатындықтан, пациенттер дәрігерге әдеттегіден тыс қан кетудің (орны және/немесе ұзақтығына байланысты) әрбір жағдайы жайлы айтуы тиіс.

Тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП)

Клопидогрелді, кейде аз уақыт қабылдағаннан кейін өте сирек тромботикалық тромбоцитопениялық пурпуралар (ТТП) байқалған. Олар неврологиялық бұзылулармен, бүйрек функциясының бұзылуы немесе гипертермияны туындататын тромбоцитопения және микроангиопатиялық гемолитикалық анемиямен сипатталады. ТТП плазмоферезді қоса, дереу араласуды қажет ететін жағдай болып табылады.

Жүре пайда болған А гемофилиясы

Клопидогрелді қабылдағаннан кейін жүре пайда болған А гемофилиясы дамуы туралы хабарламалар бар. Қан кетумен немесе қан кетусіз ішінара белсендірілген тромбопластиндік уақыттың (іБТУ) дәлелді оқшауланған ұзаруы жағдайында жүре пайда болған А гемофилиясы даму мүмкіндігін ескеру керек. Жүре пайда болған гемофилия диагнозы расталған пациенттерді мамандар тексеріп, ем тағайындауы тиіс, ал Лодигрел қабылдауды тоқтату қажет.

Жуықта бастан өткерген ишемиялық инсульт

Деректердің болмауына байланысты клопидогрелді жедел ишемиялық инсульттен кейін алғашқы 7 күн бойы тағайындау ұсынылмайды.

P450 2C19 (CYP2C19) цитохромы

Фармакогенетикасы: СYР2С19 баяу метаболизаторлары болып табылатын пациенттерде ұсынылған дозада қабылданатын клопидогрелден оның белсенді метаболитінің аз мөлшері қалыптасады, осылайша, клопидогрел тромбоциттер функциясына аз әсер етеді. Пациенттің СYР2С19-генотипін анықтауға арналған тесттер болады.

Клопидогрел оның белсенді метаболитіне дейін ішінара CYP2C19 көмегімен метаболизденетіндіктен, осы ферменттің белсенділігін тежейтін дәрілік заттарды қолдану клопидогрелдің белсенді метаболиті деңгейінің төмендеуіне әкелетіні болжанады. Осындай өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы анықталмаған. Сақтық шаралары ретінде CYP2C19 күшті немесе орташа тежегіштерін бірге қабылдауға болмайды.

Басқа тиенопиридиндерге айқаспалы аллергиялық реакциялар

Пациенттің сыртартқысында басқа тиенопиридиндерге (мысалы, тиклопидин, празугрел) аса жоғары сезімталдық бар-жоқтығын анықтап алу керек, себебі тиенопиридиндер арасында айқаспалы аллергиялық реактивтілік тіркелген. Тиенопиридиндер қышыну, ангионевроздық ісіну сияқты орташа – ауыр аллергиялық реакциялар немесе тромбоцитопения және нейтропения сияқты гематологиялық айқаспалы реакциялар туғызуы мүмкін. Сыртартқысында басқа тиенопиридиндерге аса жоғары сезімталдық реакциялары және/немесе нақты бір тиенопиридинге гематологиялық реакциялар тіркелген пациенттерде басқа тиенопиридинге осыған ұқсас немесе басқа аллергиялық реакциялар дамуының жоғары қаупі бар. Тиенопиридиндерге анықталған аллергиялық реакциялары бар пациенттер емдеу барысында клопидогрелге жоғары сезімталдық белгілерін уақтылы анықтау мақсатында мұқият бақылауда болуы тиіс.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек, себебі мұндай пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі.

Бауыр функциясының бұзылуы

Клопидогрелді бауыр функциясының орташа бұзылуы бар емделушілерде сақтықпен тағайындау керек, өйткені мұндай пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан, оларда геморрагиялық диатез пайда болуы мүмкін.

Препараттың құрамында гидрогенизацияланған майсана майы бар, ол асқазан бұзылысын және диареяны тудыруы мүмкін.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды. Клопидогрелдің емшек сүтіне бөлінуі туралы мәлімет жоқ. Сақтық шаралары ретінде клопидогрел препаратын қабылдаған кезде бала емізуді тоқтата тұру керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналудың сирек құбылыстары немесе өте сирек жағымсыз әсерлері салдарынан препаратты аса қауіпті механизмдермен және автокөлік басқарумен байланысты жұмыстарды атқарғанда сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Симптомдары- кейінгі қан кету асқынуларымен қан кету уақытының ұзаруы.

Емі: клопидогрелдің фармакологиялық белсенділігінің арнайы у қайтарғысы жоқ. Ұзаққа созылған қан кету уақытын тез қысқарту қажет болғанда тромбоциттерді құю клопидогрелдің әсерін қайтаруы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Біріктірілген «соld» үлбірінен (полиамид /алюминий фольга / ПВХ)// алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада қабықпен қапталған 7 таблеткадан.

2 (14 таблетка) немесе 4 (28 таблетка) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ЭГИС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖАҚ

1106 БУДАПЕШТ, Керестури к-сі, 30-38 Венгрия

Телефоны: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі

050060, Алматы қ., Жароков к-сі 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,

e-mail: egis@egis.kz

 

Прикрепленные файлы

594221971477976384_ru.doc 113.5 кб
803920021477977585_kz.doc 145 кб
9222_10_11_16_s.pdf 1.48 кб
9222_10_11_16_p.pdf 0.42 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ