Ликсумия (0.1 мг/мл)

МНН: Ликсисенатид
Производитель: Санофи-Авентис Дойчланд ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ликсисенатид (lixisenatide)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021249
Информация о регистрации в РК: 22.01.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 13 618.9 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ликсумия

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ликсисенатид

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0.05 мг/мл және 0.1 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында:

белсенді зат – 0.05 мг немесе 0.10 мг ликсисенатид

қосымша заттар: глицерин 85%, натрий ацетат тригидраты, L-метионин, метакрезол, хлорлы сутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Ішуге арналған қант төмендететін препараттар. Басқа да қант төмендететін препараттар. Ликсисенатид.

АТХ коды A10BX10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

2 типті диабетке шалдыққан емделушілерге тері астына енгізгеннен кейін ликсисенатидтің сіңірілу деңгейі, енгізілген дозаға байланыссыз, жылдам болады. Дозасына байланыссыз және ликсисенатидтің бір реттік немесе бірнеше реттік дозалар түрінде қолданылуына қарамастан, 2 типті диабеті бар емделушілерде орташа tмакс шамасы 1 сағаттан 3,5 сағатқа дейін созылады. Ликсисенатидтің іш, сан немесе иық аумағындағы тері астына енгізілуіне қатысты сіңірілу жылдамдығында клиникалық мәнді айырмашылықтары жоқ.

Таралуы

Ликсисенатидтің адам ақуыздарымен байланысу дәрежесі орташа (55%).

Ликсисенатид тері астына енгізілгеннен кейін болжанатын таралу көлемі (Vz/F) шамамен 100 л құрайды.

Биотрансформациясы және шығарылуы

Пептид сияқты, ликсисенатид шумақтық сүзіліс арқылы шығарылады, кейіннен өзекшелік кері сіңірілумен және әріқарай метаболизмдік ыдыраумен, ақуыз алмасуына қайта қосылатын аз пептидтер мен амин қышқылдарының түзілуіне әкеледі.

2 типті диабетке шалдыққан емделушілерде бірнеше реттік дозалар енгізілгеннен кейін соңғы орташа жартылай шығарылу кезеңі шамамен 3 сағат және орташа болжанатын клиренсі (CL/F) сағатына 35 л жуық құрайды.

Ерекше қауымдар

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер

Бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде және бүйрек функциясы жеңіл бұзылған емделушілерде (Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептелген креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) ликсисенатидтің Cмакс және ҚАА көрсеткіштері бойынша елеулі айырмашылықтары болмаған. Бүйрек функциясы орташа бұзылған емделушілерде (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин) ҚАА көрсеткіші (қисық астындағы ауданы) 24%, ал бүйрек функциясының бұзылуы ауыр емделушілерде (креатинин клиренсі 15-30 мл/мин) 46% өскен.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Ликсисенатид, ең алдымен, бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек функциясының жедел немесе созылмалы бұзылуы бар емделушілер фармакокинетикалық зерттеулерге қатыспаған. Бауыр дисфункциясының ликсисенатид фармакокинетикасына ықпал етуі жорамалданбайды.

Жынысы

Жыныс ерекшелігі ликсисенатид фармакокинетикасына клиникалық мәнді әсерін тигізбейді.

Нәсілі

Еуропалық нәсілді емделушілерде, жапондар мен қытайларда фармакокинетикалық зерттеу нәтижелері негізінде этникалық шығу тегі ликсисенатид фармакокинетикасына клиникалық мәнді әсерін көрсетпейді.

Егда жастағы емделушілер

Жас шамасы ликсисенатид фармакокинетикасына клиникалық мәнді әсерін тигізбейді. Фармакокинетикалық зерттеуде диабеттен зардап шекпейтін егде жастағы емделушілерде, 18-45 жас аралығындағы 18 емделушімен салыстырғанда, егде жастағы емделушілер тобында (65-74 жас аралығындағы 11 емделуші және ≥ 75 жастағы 7 емделуші) ликсисенатид ҚАА көрсеткішін орташа 29% арттырған 20 мкг ликсисенатид қолдану егде жастағы тұлғалар тобында бүйрек функциясының төмендеуімен байланысты болуы ықтимал.

Дене салмағы

Дене салмағы ликсисенатид ҚАА көрсеткішіне клиникалық мәнді әсерін тигізбейді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Ликсисенатид – ГТП-1 (глюкагон тәрізді пептид-1) рецепторларының селективті агонисі. ГТП-1 рецепторы ұйқы безінің бета-жасушаларымен инсулиннің глюкозаға тәуелді секрециясын әлеуеттендіретін эндогенді инкретин гормоны - нативті ГТП-1 нысанасы болып табылады.

Ликсисенатид әсері ГТП-1 рецепторларымен спецификалық өзара әрекеттесумен жүзеге асып, жасушаішілік циклдық аденозинмонофосфат (цАМФ) артуына алып келеді. Ликсисенатид қандағы қант мөлшері көбейгенде инсулин секрециясын көтермелейді, бірақ гипогликемия қаупін шектейтін нормогликемия кезінде емес.

Бір мезгілде глюкагон секрециясын бәсеңдетеді. Гипогликемия кезінде глюкагон секрециясының резервтік механизмі сақталады. Ликсисенатид тамақтан алынатын глюкозаның қан ағымынан табылу жылдамдығын төмендетіп, асқазаннан көшірілуін баяулатады.

Фармакодинамикалық әсерлері

Ликсисенатид 2 типті диабеті бар емделушілерде тәулігіне бір рет қолданылғанда гликемияның бақылануын ас ішуден кейін де, аш қарында да дереу және ұзаққа созылатын глюкоза концентрацияларының төмендеу әсерлері есебінен жақсартады.

Постпрандиальді глюкозаға осылай әсер етуі, метформинмен біріктірілген тәулігіне бір рет 1,8 мг лираглутидпен салыстырғанда, 4-апталық зерттеуде расталған. Плазмадағы глюкозаның ҚАА 0:30–4:30 сағ. көрсеткішінің бастапқы деңгейінен төмендеуі тестілік ас ішуден кейін:

– ликсисенатид тобында 12,61 сағат*ммоль/л (-227,25 сағат*мг/дл) және

– лираглутид тобында 4,04 сағат*ммоль/л (–72,83 сағат*мг/дл) құраған. Бұл метформинмен немесе онсыз инсулин гларгинмен біріктіріп таңғы ас алдында тағайындалған лираглутидпен салыстырғанда, 8-апталық зерттеуде де расталған.

Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі

Ликсумияның гликемия бақылауына әсер етуі, эксенатидпен салыстырғанда, рандомизацияланған салыстырмалы жасырын алты плацебо-бақыланатын зерттеуде және белсенді бақылаумен рандомизацияланған бір ашық зерттеуде бағаланған.

Зерттеулерде 2 типті диабеті бар 3 825 емделуші (2 445 емделуші ликсисенатид қолдану үшін рандомизацияланған), 48,2% ер және 51,8% әйел қамтылған.

768 емделуші (447-сі ликсисенатид қолдану үшін рандомизацияланған) ≥ 65 жаста болды, ал 103 емделуші (57-сі ликсисенатид қолдану үшін рандомизацияланған) ≥ 75 жас шамасында болды.

III фазадағы аяқталған зерттеулерде негізгі 24-апталық емделу кезеңінің соңында емделушілер қауымының 90%-дан астамының тәулігіне бір рет Ликсумияның 20 мкг демеуші дозасын сақтап қалғаны атап өтілді.

Гликемияны бақылау

Диабетке қарсы ішуге арналған препараттар қолданумен біріктірілген қосымша ем

Метформинмен, сульфонилмочевинамен, пиоглитазонмен біріктірілген Ликсумиямен немесе сол препараттардың біріктірілімімен емделудің негізгі 24-апталық кезеңінің соңында, плацебомен салыстырғанда, аш қарын плазмадағы глюкоза HbA1c және тестілік ас ішуден кейінгі 2 сағаттық постпрандиальді глюкоза деңгейінің статистикалық мәнді төмендеуі көрсетілді. Препарат тәулігіне бір рет енгізілгенде, оның таңертең немесе кешке қолданылуына қарамастан, HbA1c көрсеткішінің төмендеуі едәуір болды. HbA1c мәніне осылай әсер ету 76 аптаға дейін жалғасқан ұзақ мерзімді зерттеулерде ұзағырақ созылды.

Тек қана метформинмен біріктірілген қосымша ем

2 кесте: Метформинмен біріктірілген плацебо-бақыланатын зерттеулер (24-апталық нәтижелер).

Базалық ем ретіндегі метформин

 

Ликсисенатид

20 мкг

(N=160)

Плацебо (N=159)

Ликсисенатид

Таңертең

(N=255)

20 мкг

Кешкілік

(N=255)

Плацебо (N=170)

Орташа HbA1c мәні (%)

     

 

 

Бастапқы деңгейі

7,99

8,03

8,07

8,07

8,02

Бастапқы деңгейінен орташа шекте өзгеруі

 

–0,92

 

–0,42

 

–0,87

 

–0,75

 

–0,38

HbA1c < 7,0% деңгейіне жеткен емделушілер (%)

 

47,4

 

24,1

 

43,0

 

40,6

 

22,0

Орташа дене салмағы (кг)

     

 

 
 

90,30

87,86

90,14

89,01

90,40

Бастапқы деңгейі Бастапқы деңгейінен орташа шекте өзгеруі

 

–2,63

 

–1,63

 

–2,01

 

–2,02

 

–1,64

Негізгі 24-апталық емделу кезеңінің соңында белсенді бақыланатын зерттеуде тәулігіне бір рет Ликсумия қолдану эксенатид тәулігіне екі рет қолданылғанда, ем кезіндегі көрсеткіштердің 0,17% орташа әртүрлілігінде (95% сенім аралығы (СА): 0,033; 0,297) және ликсисенатид тобында (48,5%) және эксенатид тобында (49,8%) 7%-дан аз HbA1c деңгейіне жеткен емделушілердің ұқсас пайызында HbA1c деңгейінің -0,96%-бен салыстырғанда -0,79% азаюын көрсетті. Негізгі 24-апталық емделу кезеңінде жүрек айнудың туындау жиілігі тәулігіне екі рет эксенатид тобындағы 35,1%-бен салыстырғанда ликсисенатид тобында 24,5% құрады, ал симптоматикалық гипогликемияның пайда болу жиілігі эксенатид тобындағы 7,9%-бен салыстырғанда ликсисенатид қолданылғанда 2,5% құрады.

Ашық 24-апталық зерттеуде HbA1c төмендету аясында ликсисенатид негізгі ас ішуге дейін тағайындалған және таңғы асқа дейін тағайындалған ликсисенатидтен кем түспеген (бастапқы деңгейден орташа шекте өзгеруі: 0.74%-бен салыстырғанда - 0.65%). HbA1c осылай төмендеуі қандай астың (таңғы, түскі немесе кешкі ас) негізгі екеніне қарамастан байқалды. Зерттеудің соңында, 43.6% (негізгі ас ішу тобы) және 42.8% (таңғы ас тобы) емделуші 7%-дан аз HbA1c мәніне жетті. Жүрек айну негізгі ас ішу тобында және таңғы ас тобында, тиісінше,14.7% және 15.5% емделушіде, ал симптоматикалық гипогликемия 5.8% және 2.2% емделушіде хабарланды.

Тек қана сульфонилмочевинамен біріктірілген немесе метформинмен біріктірілген қосымша ем

3 кесте: Сульфонилмочевинамен біріктірілген плацебо-бақыланатын зерттеулер (24-апталық нәтижелер).

Метформинмен біріктірілген немесе онсыз базалық ем ретіндегі сульфонилмочевина

 

Ликсисенатид 20 мкг

(N=570)

   

Плацебо

(N=286)

 

Орташа HbA1c мәні (%)

     

 

 

Бастапқы деңгейі

8,28

   

8,22

 

Бастапқы деңгейінен орташа шекте өзгеруі

 

–0,85

   

 

–0,10

 

HbA1c < 7,0% деңгейіне жеткен емделушілер (%)

 

36,4

   

 

13,5

 

Орташа дене салмағы (кг)

     

 

 
 

82,58

   

84,52

 

Бастапқы деңгейі Бастапқы деңгейінен орташа шекте өзгеруі

 

–1,76

   

 

–0,93

 

Тек қана пиоглитазонмен біріктірілген немесе метформинмен біріктірілген қосымша ем

Клиникалық зерттеуде пиоглитазон бақылануына жетпеген емделушілерде ликсисенатидті метформинмен біріктірілген немесе онсыз пиоглитазонға қосу негізгі 24-апталық емделу кезеңінің соңында, плацебо тобындағы бастапқы деңгейден 0,34% төмендеумен салыстырғанда, HbA1c көрсеткішінің бастапқы деңгейден 0,90% төмендеуіне әкелді. Негізгі 24-апталық емделу кезеңінің соңында HbA1c көрсеткіші, плацебо тобындағы 26,4%-бен салыстырғанда, ликсисенатид алған 52,3% емделушіде 7%-дан аз құрады. Негізгі 24-апталық емделу кезеңінде жүрек айну, плацебо тобындағы 10,6%-бен салыстырғанда, ликсисенатид тобындағы 23,5%, симптоматикалық гипогликемия жағдайында, плацебо тобындағы 1,2%-бен салыстырғанда, ликсисенатид алған 3,4% емделушіде анықталған.

Базальді инсулинмен біріктірілген қосымша ем

Тек қана базальді инсулинмен біріктіріліп немесе базальді инсулинмен және метформинмен біріктіріп, немесе базальді инсулинмен және сульфонилмочевинамен біріктіріп тағайындалған Ликсумия, плацебомен салыстырғанда, тестілік ас ішуден кейінгі HbA1c көрсеткішінің және 2 сағаттық постпрандиальді глюкозаның статистикалық мәнді төмендеуіне әкелді.

4 кесте: Базальді инсулинмен біріктірілген плацебо-бақыланатын зерттеулер (24-апталық нәтижелер).

Базалық ем ретіндегі базальді инсулин

Тек қана базальді инсулинмен біріктірілімде немесе базальді инсулинмен және метформинмен біріктірілімде

Базалық ем ретіндегі базальді инсулин

Тек қана базальді инсулинмен біріктірілімде немесе базальді инсулинмен және сульфонилмочевинамен біріктірілімде*

 

Ликсисенатид

20 мкг

(N = 327)

Плацебо

(N = 166)

Ликсисенатид

20 мкг

(N = 154)

Плацебо

(N = 157)

Орташа HbA1c мәні (%)

     

 

Бастапқы деңгейі

8,39

8,38

8,53

8,53

Бастапқы деңгейінен орташа шекте өзгеруі

–0,74

–0,38

–0,77

0,11

HbA1c < 7,0% деңгейіне жеткен емделушілер (%)

28,3

12,0

35,6

5,2

Бастапқы деңгейде (жыл) базальді инсулин қолданылатын орташа емдеу ұзақтығы

 

3,06

 

3,2

 

2,94

 

3,01

Базальді инсулин дозасының орташа өзгеруі (ӘБ)

     

 

Бастапқы деңгейі

53,62

57,65

24,87

24,11

Бастапқы деңгейінен орташа шекте өзгеруі

–5,62

–1,93

–1,39

–0,11

Орташа

дене салмағы (кг)

     

 

Бастапқы деңгейі

87,39

89,11

65,99

65,60

Бастапқы деңгейінен орташа шекте өзгеруі

–1,80

–0,52

–0,38

–0,06

* тұрғын халықтың азиаттық тобындағы нәтижелер

Клиникалық зерттеу диабетке қарсы ішуге арналған дәрілермен бақылануы жеткіліксіз бұрын инсулин алмаған емделушілерде жүргізілді. Бұл зерттеу инсулин гларгин енгізілген және титрленген 12-апталық дайындық кезеңін және емделушілер тиазолидиндиондармен немесе оларсыз инсулин гларгинмен және метформинмен біріктіріп не ликсисенатид, не плацебо алған 24-апталық емделу кезеңін қамтыды. Осы кезең ішінде инсулин гларгин тұрақты титрленген.

12-апталық дайындық кезеңінде инсулин гларгинді қосу және титрлеу HbA1c шамамен 1% азаюына алып келді. Ликсисенатид қосу HbA1c көрсеткішінің, плацебо тобындағы 0,40%-бен салыстырғанда, ликсисенатид тобында едәуір көбірек 0,71% төмендеуіне әкелді. Емделудің 24-апталық кезеңінің соңында ликсисенатид қолданған 56,3% емделушіде, плацебо тобындағы 38,5%-бен салыстырғанда, HbA1c көрсеткіші 7%-дан аз құрады.

Емделудің 24-апталық кезеңінде ликсисенатид алған 22,4% емделушіде, плацебо тобындағы, 13,5%-бен салыстырғанда, симптоматикалық гипогликемияның кем дегенде бір құбылысы хабарланды. Гипогликемияның пайда болу жиілігі, негізінен, ликсисенатид тобында емдеудің алғашқы 6 айында жоғарылаған, ал артынан плацебо қолданған топпен ұқсас болды.

Аш қарын плазмадағы глюкоза деңгейі

Плацебо-бақыланатын зерттеулерде 24-апталық емделу кезеңінің соңында аш қарын плазмадағы глюкоза деңгейінің Ликсумиямен емделген кезде жеткен бастапқы деңгейден азаю көрсеткіштері 0,42 ммоль/л-ден 1,19 ммоль/л дейінгі шекте болды.

Постпрандиальді глюкоза деңгейі

Ликсумиямен емделу, базалық емге байланыссыз, статистикалық тұрғыда плацебодан асып түсетін тестілік ас ішуден кейін 2-сағаттық постпрандиальді глюкоза деңгейінің төмендеуіне әкелді.

Жалпы постпрандиальді глюкоза деңгейлері өлшенген зерттеулердің бәрінде Ликсумия қолданылғанда 24-апталық емделу кезеңінің соңында бастапқы деңгейден азаю көрсеткіштері 4,51-ден 7,96 ммоль/л дейінгі шекте болды. Глюкозаның 2-сағаттық постпрандиальді деңгейі 26,2%-дан 46,8% дейінгі емделушіде 7,8 ммоль/л-ден (140.4 мг/дл) төмен болды.

Дене салмағы

Барлық бақыланатын зерттеулерде негізгі 24-апталық емделу кезеңінің соңында метформинмен және/немесе сульфонилмочевинамен біріктірілген Ликсумиямен емдеу дене салмағының –1,76 кг-ден –2,96 кг дейінгі шекте тұрақты өзгеруіне әкелді.

Дене салмағының –0,38 кг-ден –1,80 кг дейінгі бастапқы деңгейден өзгеруі тек қана базальді инсулиннің тұрақты дозасымен біріктірілген немесе метформинмен немесе сульфонилмочевинамен біріктірілген ликсисенатид алған емделушілерде де байқалды.

Инсулинді алғаш қолдана бастаған емделушілерде, плацебо тобында ұлғаю көрсетілген кездегідей, ликсисенатид тобында дене салмағы өзгеріссіз дерлік күйде қалды. 76 аптаға дейін созылатын ұзақ мерзімді зерттеулерде дене салмағының кемуі тұрақты болды. Дене салмағының кемуі жүрек айну мен құсу жиілігіне байланысты емес.

Бета-жасушалар функциясы

Ликсумияның клиникалық зерттеулері бета-жасушалар функциясының жақсаруын көрсетеді, бұл бета-жасушалар функциясын бағалаудың гомеостатикалық үлгісі (ГОМО-β/HOMA-β) арқылы өлшенеді.

Инсулин секрециясының бірінші фазасының қалпына келуі және инсулин секрециясының екінші фазасының жақсаруы глюкозаның көктамыр ішіне болюсті енгізілуіне жауап ретінде 2 типті диабеті бар емделушілерде Ликсумияның бір реттік дозасынан кейін байқалды (n = 20).

Жүрек-қантамыр жүйесін бағалау

III фазадағы барлық плацебо-бақыланатын зерттеулерде 2 типті диабеті бар емделушілерде жүректің орташа жиырылу жиілігінің жоғарылауы байқалды.

III фазадағы плацебо-бақыланатын зерттеулерде систолалық және диастолалық қан қысымының орташа көрсеткішінің, тиісінше, 2,1 мм cын. бағ. дейін және 1,5 мм сын. бағ. дейін төмендеуі байқалды.

Барлық тәуелсіз анықталған жүрек-қантамыр оқиғаларының (жүрек-қантамыр себептерінен өлім, өлімсіз миокард инфарктісі, өлімсіз инсульт, тұрақсыз стенокардия себебімен ауруханаға жату, жүрек жеткіліксіздігі себебімен ауруханаға жату және коронарлық артериялар реваскуляризациясы) мета-талдауы 2 типті диабеті бар ликсисенатид алған 2 673 емделуші және плацебо алған 1 448 емделуші қамтылған III фазада плацебо-бақыланатын 8 зерттеуде, плацебомен салыстырғанда, ликсисенатидке тән 1,03 қауіптер арақатынасын көрсетті (95% сенім аралығы 0,64; 1,66).

Клиникалық зерттеулерде оқиғалар саны көп болмаған (ликсисенатид алған 1,9% емделушіде және плацебо алған 1,8% емделушіде), ол сенімді қорытындылар жасауға мүмкіндік бермейді. Жекелеген жүрек-қантамыр оқиғаларының туындау жиілігінде (плацебомен салыстырғанда ликсисенатид) жүрек-қантамырлық себептер бойынша өлім (0,3%-бен салыстырғанда 0,3%), өлімсіз миокард инфарктісі (0,4%-бен салыстырғанда 0,4%), өлімсіз инсульт (0,4%-бен салыстырғанда 0,7%), тұрақсыз стенокардия себебімен ауруханаға жату (0,1%-бен салыстырғанда 0), жүрек жеткіліксіздігі себебімен ауруханаға жату (0-мен салыстырғанда 0,1%), коронарлық артериялар реваскуляризациясы (1,0%-бен салыстырғанда 0,7%) қамтылды.

Қолданылуы

- гликемияның бақылануына жету үшін 2 типті қант диабеті бар ересектерді ішуге арналған қант төмендететін дәрілік заттармен және/немесе базальді инсулинмен біріктіріп емдеуде, егер соңғылары емдәммен және дене жаттығуымен қатар глюкоза деңгейін талапқа сай бақылауды қамтамасыз етпеген жағдайда (әртүрлі біріктірілімдерге қатысты қолжетімді деректер бар «Айрықша нұсқауларын» және «Фармакодинамикасын» қараңыз)

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы

Бастапқы доза: дозалануы 14 күн бойы тәулігіне бір рет 10 мкг Ликсумиядан басталады.

Демеуші доза: тәулігіне бір рет 20 мкг Ликсумияның бекітілген демеуші дозасын енгізу 15-ші күні басталады.

Демеуші доза үшін 20 мкг Ликсумия инъекциясына арналған ерітінді пайдаланылады. Старттық доза үшін 10 мкг Ликсумия инъекциясына арналған ерітінді пайдаланылады.

Ликсумия тәулігіне бір рет кез келген тамақ ішуден бір сағат бұрын енгізіледі. Ликсумия инъекциясын күн сайын қабылдауға ең ыңғайлы уақыт деп таңдалған тамақтанудың алдында салған дұрыс. Егер Ликсумия дозасын өткізіп алса, инъекцияны келесі ас ішуден бір сағат бұрын салу қажет.

Ликсумия метформинмен алатын емге қосымша тағайындалғанда метформиннің әсер етуші дозасын өзгеріссіз қалдыруға болады.

Ликсумия сульфонилмочевинамен немесе базальді инсулинмен алатын емге қосымша тағайындалғанда гипогликемия қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина немесе базальді инсулин дозасын азайтуға болады.

Ликсумияны гипогликемия қаупінің жоғарылау себебінен базальді инсулинмен және сульфонилмочевинамен біріктіріп тағайындауға болмайды («Айрықша нұсқауларын» қараңыз).

Ликсумия қолдану қан глюкозасының деңгейіне арнайы мониторинг талап етпейді. Дегенмен де, оны сульфонилмочевинамен немесе базальді инсулинмен біріктіріп қолданғанда, сульфонилмочевина немесе базальді инсулин дозасын түзету үшін қан глюкозасының деңгейіне мониторинг немесе қан глюкозасының деңгейін өздігінен бақылау қажет болуы мүмкін.

Ерекше қауымдар

Егде жастағы емделушілер (≥ 65 жас)

Жас шамасы негізінде дозаларды түзету қажет емес. Клиникалық тәжірибесі ≥ 75 жастағы емделушілерде шектеулі («Фармакокинетикасын» және «Фармакодинамикасын» қараңыз).

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер

Бүйрек функциясы жеңіл бұзылған (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) емделушілерде дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясы орташа бұзылған (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин) емделушілерде шектеулі емдік тәжірибесі бар, осы қауымда Ликсумия сақтықпен қолданылуы тиіс.

Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) емделушілерде немесе бүйрек ауруының терминалдық сатысындағы емделушілерде қолданудың емдік тәжірибесі жоқ, осы себепті емделушілердің бұл топтарында Ликсумия қолдану ұсынылмайды.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Бауыр функциясы бұзылған емделушілерге дозаларын түзету қажет емес. Педиатриялық қауым

Ликсисенатид қауіпсіздігі мен тиімділігі балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде анықталмаған. Деректер жоқ.

Енгізу тәсілі

Ликсумия сан, іш немесе иық терісінің астына енгізуге көрсетілген. Көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.

Ликсумияны, егер ол мұздатып қатырылған болса, пайдалануға болмайды. Ликсумияны еккіш-қаламға арналған калибрі 29-дан 32 дейінгі бір реттік инелермен пайдалануға болмайды. Еккіш-қаламға арналған инелер қосылмаған.

Емделушіге инені әр пайдаланған сайын жою жөніндегі жергілікті заңнама талаптарына сай тастау және еккіш-қаламды инесін қондырмай сақтау туралы нұсқау беру қажет. Бұл ине контаминациясын және иненің тығындалып қалуын болдырмауға көмектеседі. Еккіш-қалам тек бір емделушінің пайдалануына арналған.

Әрбір пайдаланылмаған дәрілік зат немесе материалдар қалдықтары жою жөніндегі жергілікті заңнама талаптарына сай жойылуы тиіс.

Үйлеспеушілігі

Үйлесімділігіне зерттеулер жүргізілмеген жағдайларда дәрілік зат басқа дәрілік заттармен аралыстыруға жатпайды.

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы

Плацебо-бақыланатын 8 ауқымды зерттеуде және белсенді бақыланатын III фазадағы зерттеуде 2 600-ден көп емделуші Ликсумияны монотерапия түрінде де, метформинмен, сульфонилмочевинамен (метформинмен немесе онсыз) немесе базальді инсулинмен (метформинмен немесе онсыз немесе сульфонилмочевинамен немесе онсыз) біріктіріп те алды.

Клиникалық зерттеулерде ең жиі хабарланған жағымсыз реакциялар жүрек айну, құсу және диарея болды. Реакциялар негізінен жеңіл және өтпелі болды.

Гипогликемия (Ликсумия сульфонилмочевинамен және/немесе базальді инсулинмен біріктіріп қолданылғанда) және бас ауыру жағдайлары да анықталған. Аллергиялық реакциялар Ликсумия қолданған 0,4% емделушіде білінген.

Төменде, егер Ликсумия алған емделушілер арасында пайда болу жиілігі барлық салыстыру препараттарын алған емделушілер арасындағыдан жоғары болса, > 5% жиілікте пайда болған жағымсыз реакциялар берілген; егер пайда болу жиілігі барлық салыстыру препараттарын алған емделушілер топтары арасындағы жиіліктен 2 есе жоғары болса, Ликсумия алған емделушілер тобында ≥ 1% пайда болу жиілігіндегі жағымсыз реакциялар да қосылған.

Плацебо-бақыланатын және белсенді бақыланатын III фазадағы зерттеулерде бүкіл емделу кезеңі бойына (бүкіл емдеудің ≥ 76 аптасындағы зерттеулерде негізгі 24-апталық емделу кезеңінен ұзақ кезеңді қоса) анықталған жағымсыз реакциялар.

Өте жиі (≥ 1/10)

- гипогликемия (сульфонилмочевинамен және/немесе базальді инсулинмен біріктіргенде)

- бас ауыру

- жүрек айну, құсу, диарея

Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)

- тұмау, жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары, цистит, вирустық жұқпа

- гипогликемия (тек қана метформинмен біріктіргенде)

- бас айналу, ұйқышылдық

- диспепсия

- арқаның ауыруы

- инъекция орнының қышынуы

Жиі емес (≥ 1/1 000-нан < 1/100 дейін)

- анафилактикалық реакция

- есекжем

Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Гипогликемия

Ликсумияны монотерапияда қабылдаған емделушілерде симптоматикалық гипогликемия ликсисенатид алған 1,7% емделушіде және плацебо алған 1,6% емделушіде пайда болды. Бүкіл емдеу кезеңі бойына Ликсумияны тек қана метформинмен біріктіріп қолданғанда симптоматикалық гипогликемия ликсисенатид алған 7,0% емделушіде және плацебо алған 4,8% емделушіде пайда болды.

Бүкіл емдеу кезеңі бойына Ликсумияны сульфонилмочевинамен және метформинмен біріктіріп қолданғанда симптоматикалық гипогликемия ликсисенатид алған 22,0% емделушіде және плацебо алған 18,4% емделушіде пайда болды (3,6% абсолютті айырма). Бүкіл емдеу кезеңі бойына метформинмен немесе онсыз базальді инсулинмен біріктіріп Ликсумияны қолданғанда симптоматикалық гипогликемия ликсисенатид алған 42,1% емделушіде және плацебо қолданған 38,9% емделушіде пайда болды (3,2% абсолютті айырма).

Бүкіл емдеу кезеңі бойына тек қана сульфонилмочевинамен біріктіріп Ликсумияны қолданғанда симптоматикалық гипогликемия, плацебо алған 15,2%-бен салыстырғанда, ликсисенатид алған 22,7% емделушіде пайда болды (7,5% абсолютті айырма). Ликсумияны сульфонилмочевинамен және базальді инсулинмен қолданғанда симптоматикалық гипогликемия плацебо алған 21,6%-бен салыстырғанда, ликсисенатид алған 47,2% емделушіде пайда болды (25,6% абсолютті айырма).

Жалпы, плацебо-бақыланатын III фазадағы зерттеулерде бүкіл емдеу кезеңі бойына ауыр симптоматикалық гипогликемияның пайда болу жиілігі жиі емес (ликсисенатид алған 0,4% емделушіде және плацебо алған 0,2% емделушіде).

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Негізгі 24-апталық емделу кезеңінде жүрек айну мен құсу ең жиі хабарланған жағымсыз реакциялар болды. Жүрек айнудың туындау жиілігі, плацебо тобымен салыстырғанда (6,2%), ликсисенатид тобында жоғары (26,1%) болды және құсудың туындау жиілігі, плацебо тобымен салыстырғанда (1,8%), ликсисенатид тобында жоғары (10,5%) болды. Реакциялар негізінен жеңіл және қысқа мерзімді болды және ем басталғаннан кейін алғашқы 3 апта ішінде туындады. Кейіннен келесі апталардың ішінде жиілігі біртіндеп төмендеді.

Енгізген жердегі реакциялар

Негізгі 24-апталық емделу кезеңі бойына енгізген жердегі реакциялар Ликсумия алатын 3,9% емделушіде анықталған, енгізген жердегі реакциялар плацебо алған 1,4% емделушіде де анықталған. Реакциялардың көпшілігі қарқындылығы бойынша жеңіл болды және әдетте емді тоқтатуға әкелмеген.

Иммуногенділік

Құрамында протеиндер немесе пептидтер бар дәрілік заттардың әлеуетті иммуногенділік қасиеттеріне байланысты, Ликсумия препаратымен емделуден кейін емделушілерде ликсисенатидке антиденелер өндірілуі мүмкін және негізгі 24-апталық емделу кезеңінің соңында плацебо-бақыланатын зерттеулерде ликсисенатид алған 69,8% емделушіде антиденелердің оң статусы анықталған. Бүкіл 76-апталық емделу кезеңінің соңында серопозитивті емделушілер пайызы ұқсас болды. Негізгі 24-апталық емделу кезеңінің соңында антиденелердің оң статусы бар 32,2% емделушіде антиденелер концентрациясы сандық өрнегінің төменгі шегінен жоғары болды, ал бүкіл 76-апталық емделу кезеңінің соңында 44,7% емделушіде антиденелер концентрациясы сандық өрнегінің төменгі шегінен жоғары болды. Емді тоқтатқаннан кейін бірнеше серопозитивті емделушіні бақылау жалғасты; 3 ай бойы пайызы шамамен 90% дейін, ал 6 ай және одан көп уақыт өткенде 30% дейін азайған.

Бастапқы деңгейден HbA1c өзгеруі антиденелер статусына (оң немесе теріс) қарамастан ұқсас болды

Ликсисенатид алған HbA1c өлшенген емделушілер санынан 79,3%-да антиденелер статусы теріс болды немесе антиденелер концентрациясы сандық өрнегінің төменгі шегінен аз болды, ал қалған 20,7% емделушіде антиденелер концентрациясы сандық тұрғыда анықталды. Антиденелер концентрациясы ең жоғары емделушілердің қосалқы тобында (5,2%) орташа жақсаруының HbA1c көрсеткіші 24 аптада және 76 аптада клиникалық мәні бар өлшем шектерінен табылды; дегенмен де, гликемиялық реакция ауытқушылығы болды, ал 1,9% бөлігінде HbA1c көрсеткішінің азаюы болмаған.

Антиденелер статусы (оң немесе теріс) жекелеген емделушілерде HbA1c азаюын болжауға мүмкіндік бермейді.

Емделушілерде, антиденелер статусына байланыссыз, препарат енгізілген жерде реакциялардың туындау санының көбеюін қоспағанда, жалпы қауіпсіздік бейін айырмашылықтары болмаған (бүкіл емделу кезеңі бойына, серонегативті емделушілердегі 2,5%-бен салыстырғанда, антиденелер статусы оң емделушілерде 4,7%). Препарат енгізген жердегі реакциялардың көпшілігі антиденелер статусына байланыссыз жеңіл болды.

Эндогенді ГТП-1 немесе нативті глюкагонмен салыстырғанда айқаспалы реактивтілігі білінбеген.

Аллергиялық реакциялар

Негізгі 24-апталық емделу кезеңінде ликсисенатидпен байланысты болуы мүмкін аллергиялық реакциялар (анафилактикалық реакция, ангионевротикалық ісіну және есекжем) ликсисенатид алған 0,4% емделушіде анықталды, сол сияқты байланысты болуы мүмкін аллергиялық реакциялар плацебо алған 0,1%-дан аз емделушіде анықталды.

Анафилактикалық реакциялар, плацебо тобында реакциялар болмауымен салыстырғанда, ликсисенатид алған 0,2% емделушіде анықталды. Анықталған аллергиялық реакциялардың көпшілігі ауырлығы бойынша жеңіл болды. Анафилактоидтық реакцияның бір жағдайы ликсисенатидтің клиникалық сынақтары кезінде анықталған.

Жүректің жиырылу жиілігі

Дені сау еріктілер қатысқан зерттеулерде жүректің жиырылу жиілігінің транзиторлы жоғарылауы 20 мкг ликсисенатид енгізілгеннен кейін байқалған. Жүрек аритмиясы, атап айтқанда, тахикардия (< 0,1%-бен салыстырғанда 0,8%) және жүректің жиі соғуы (0,8%-бен салыстырғанда 1,5%), плацебо алған емделушілермен салыстырғанда, ликсисенатид алған емделушілерде анықталған.

Препаратты тоқтату

Негізгі 24-апталық емделу кезеңінде жағымсыз құбылыстар себебімен ем тоқтатылған жағдайлардың жиілігі, плацебо тобындағы 3,2%-бен салыстырғанда, Ликсумия тобында 7,4% құрады. Ликсисенатид тобында емді тоқтатуға әкелген ең жиі кездесетін жағымсыз реакциялар жүрек айну (3,1%) мен құсу (1,2%) болды.

Күдік тудыратын жағымсыз реакциялардың репортаждалуы

Дәрілік зат тіркелгеннен кейін күдік тудыратын жағымсыз реакциялардың репортаждалуы маңызды. Бұл дәрілік заттың пайда/қауіп теңгерімінің мониторингін жалғастыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау қызметкерлерінен ұлттық репортаждау жүйесі арқылы кез келген күдік тудыратын жағымсыз реакциялар жөнінде хабарлауды өтінеміз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ликсисенатид – бұл P450 цитохромының қатысуымен метаболизденбейтін пептид. Іn vitro зерттеулерінде ликсисенатид P450 цитохромының тестіленетін изоферменттерінің немесе адамдағы тасымалдағыштардың белсенділігіне әсер етпеген.

Ликсисенатид қолданылғанда асқазан ішіндегісінің баяу босатылуы ішу арқылы қолданылған дәрілік заттардың сіңірілу жылдамдығын азайта алады. Емдік индексі тар немесе тиянақты клиникалық мониторинг талап етілетін дәрілік заттар алатын емделушілерді, әсіресе ликсисенатидпен емдеу басталғанда мұқият бақылау қажет. Ликсисенатидке қатысты осы дәрілік заттар әдеттегі тәсілмен қабылдануы тиіс. Егер осындай дәрілік заттар тамақпен қабылдануға тиіс болса, емделушілерге оларды ликсисенатид қолданылмаған кезде мүмкіндігінше ас ішкенде қабылдауға кеңес беру қажет.

Антибиотиктер сияқты, әсіресе тиімділігі жағынан шектік концентрацияға байланысты болатын ішуге арналған дәрілік заттарға қатысты, емделушілерге ликсисенатид инъекциясына дейін кемінде 1 сағат бұрын немесе одан кейін 4 сағаттан соң қабылдауға кеңес беру қажет.

Құрамында асқазанда ыдырауға сезімтал заттар бар ішекте еритін дәрілік түрлер ликсисенатид инъекциясына дейін 1 сағат бұрын немесе одан кейін 4 сағаттан соң қолданылуы тиіс.

Парацетамол

Парацетамол ликсисенатидтің асқазан ішіндегісінің босатылу әсерін бағалауға арналған дәрілік зат үлгісі ретінде қолданылған. Парацетамолдың 1 000 мг бір реттік дозасын қолданудан кейін парацетамолдың қисық астындағы ауданы (ҚАА) және t1/2, оның қолданылған уақытына қарамастан, өзгеріссіз күйде қалды (ликсисенатид инъекциясына дейін немесе онсыз). Ол 10 мкг ликсисенатидтен кейін 1 сағаттан соң немесе 4 сағаттан соң қолданылғанда, парацетамол Cмакс көрсеткіші, тиісінше, 29% және 31% азайған және орташа tмакс, тиісінше, 2,0 және 1,75 сағат баяулаған. Демеуші 20 мкг дозасы қолданылғанда әріқарай парацетамол tмакс баяулауы және Cмакс азаюы болжанған.

Парацетамол ликсисенатидтің қолданылуынан 1 сағат бұрын қолданылғанда парацетамолдың Cмакс және tмакс мәндеріне әсер етуі байқалмаған.

Келтірілген деректер ескерілгенде парацетамол дозаларын түзету қажеттілігі жоқ, бірақ ликсисенатид қабылдаудан кейін 1-4 сағаттан соң парацетамол тағайындалғанда байқалған Tmax ұзаруын тиімділігі үшін әсерінің тез басталуы қажет екенін ескеру керек.

Ішуге арналған контрацептивтер

Ішуге арналған контрацептивтің бір реттік дозасын (0,03 мг этинилэстрадиол/0,15 мг левоноргестрел) 10 мкг ликсисенатид қолдануға дейін 1 сағат бұрын немесе одан кейін 11 сағаттан соң қолданғаннан кейін этинилэстрадиол мен левоноргестрел Cмакс, ҚАА, t1/2 және tмакс өзгеріссіз күйде қалды.

Ликсисенатид қолданудан кейін 1 сағат немесе 4 сағат өткенде ішуге арналған контрацептив қолдану этинилэстрадиол Cмакс көрсеткіші, тиісінше, 52% және 39% азайып, ал левоноргестрел Cмакс, тиісінше, 46% және 20% азайғанда және орташа tмакс шамасы 1-3 сағатқа баяулағанда, этинилэстрадиол мен левоноргестрел ҚАА және t1/2 мәніне ықпал етпеген.

Cмакс көрсеткіші азаюының клиникалық мәні шектеулі, ал ішуге арналған контрацептив дозасын түзету қажет емес.

Аторвастатин

20 мкг ликсисенатидті 40 мг аторвастатинмен біріктіріп 6 күн бойы таңертең қолданғанда, Cмакс көрсеткіші 31% азайып, tмакс шамасы 3,25 сағат ұзарған кезде, аторвастатиннің әсер етуі өзгермеген.

Егер аторвастатин кешкілік, ал ликсисенатид таңертең қолданылса, tмакс шамасының ондай ұзаруы байқалмаған, бірақ аторвастатиннің ҚАА және Cмакс көрсеткіштері, тиісінше, 27% және 66% жоғарылаған.

Бұл өзгерістер клиникалық мәнді емес, сондықтан да аторвастатин дозасын ол ликсисенатидпен біріктіріліп қолданылғанда түзету қажет емес.

Варфарин және басқа да кумарин туындылары

25 мг варфаринді 20 мкг ликсисенатидтің бірнеше реттік дозаларымен қатар қолданудан кейін, Cмакс көрсеткіші 19% төмендеп, ал tмакс шамасы 7 сағатқа дейін ұзарғанда, ҚАА немесе ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) мәндеріне ықпалы білінбеген.

Осы нәтижелер негізінде, оны ликсисенатидпен біріктіріп қолданғанда варфарин дозасын түзету қажет емес; дегенмен де, ликсисенатидпен емделу басталған немесе аяқталған кезде варфарин және/немесе кумарин туындыларын қабылдайтын емделушілерде жиі ХҚҚ мониторингін өткізу ұсынылады.

Дигоксин

Тепе-тең жағдайда 20 мкг ликсисенатид пен 0,25 мг дигоксинді бірге қолданудан кейін дигоксин ҚАА өзгермеген. Дигоксин tмакс шамасы 1,5 сағат ұзарған, ал Cмакс көрсеткіші 26% төмендеген.

Осы нәтижелер негізінде, оны ликсисенатидпен біріктіріп қолданғанда дигоксин дозаларын түзету қажет емес.

Рамиприл

20 мкг ликсисенатид пен 5 мг рамиприлді 6 күн бойы бірге қолданудан кейін, рамиприл ҚАА көрсеткіші 21% ұлғайып, ал Cмакс көрсеткіші 63% төмендеген. Белсенді метаболиттің (рамиприлат) ҚАА және Cмакс көрсеткіштері өзгермеген. Рамиприл мен рамиприлаттың tмакс шамасы 2,5 сағатқа жуық ұзарған.

Осы нәтижелер негізінде, оны ликсисенатидпен біріктіріп қолданғанда рамиприл дозасын түзету қажет емес.

Айрықша нұсқаулар

1 типті қант диабетіне шалдыққан емделушілерде ликсисенатид қолданудың емдік тәжірибесі шектеулі, оны аталған емделушілерде қолдануға болмайды. Ликсисенатид диабеттік кетоацидозды емдеуге қолданылмайды.

Жедел панкреатит

Глюкагон тәрізді пептидтер-1 (ГТП-1) рецепторлары агонистерін қолдану жедел панкреатиттің даму қаупімен байланысты болды. Ликсисенатид қолдану кезінде, себептік байланысы анықталмаса да, жедел панкреатиттің бірнеше оқиғалары хабарланған. Емделушілерді жедел панкреатиттің типтік симптомдары: тұрақты, қатты абдоминальді ауырулар жөнінде хабарландыру қажет. Панкреатитке күдік туындағанда ликсисенатид қолдануды тоқтату қажет; егер жедел панкреатит расталса, ликсисенатид қолдану жаңғыртылмауы тиіс. Панкреатитті өткерген емделушілерде қолданғанда сақтық таныту қажет.

Ауыр асқазан-ішек аурулары

ГТП-1 рецепторларының агонистерін қолдану асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялармен байланысты болуы мүмкін. Ликсисенатид ауыр гастропарез қамтылатын асқазан-ішектің ауыр ауруларына шалдыққан емделушілерде зерттелмеген, бірақ осы себепті ондай емделушілерде ликсисенатид қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы орташа бұзылған емделушілерде (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин) қолданудың емдік тәжірибесі шектеулі, ал бүйрек функциясы ауыр бұзылған емделушілерде (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) және бүйрек ауруының терминалдық сатысындағы емделушілерде қолданудың емдік тәжірибесі жоқ. Бүйрек функциясы орташа бұзылған емделушілерде Ликсумия абайлап қолданылуы тиіс. Бүйрек функциясы ауыр бұзылған емделушілерде немесе бүйрек ауруының терминалдық сатысындағы емделушілерде қолдану ұсынылмайды («Қолдану тәсілі және дозаларын» және «Фармакокинетикасын» қараңыз).

Гипогликемия

Ликсумияны сульфонилмочевинамен немесе базальді инсулинмен алатын емделушілерде гипогликемияның жоғарылау қаупі болуы мүмкін. Гипогликемия қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина немесе базальді инсулин дозаларын азайтуға болады («Қолдану тәсілі және дозаларын» қараңыз). Ликсумияны, гипогликемияның жоғарылау қаупі себебінен, базальді инсулинмен және сульфонилмочевинамен біріктіріп қолдануға болмайды.

Қатарлас дәрілік заттар

Ликсисенатид қолданғанда асқазан ішіндегісінің баяу босатылуы ішу арқылы қолданылатын дәрілік заттардың сіңірілу жылдамдығын азайтуы мүмкін. Жылдам асқазан-ішектік сіңірілу, клиникалық мониторинг немесе емдік индексі тар дәрілер талап етілетін, ішуге арналған дәрілік заттар алатын емделушілерде Ликсумия сақтықпен қолданылуы тиіс. Осындай дәрілік заттар қабылдауға қатысты арнаулы нұсқаулар «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімінде берілген.

Зерттелмеген қауымдар

Ликсисенатид дипептидилпептидаза-4 (ДПП-4) тежегіштерімен біріктіріп зерттелмеген. Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде шектеулі тәжірибесі бар.

Сусыздану

Ликсумия препаратымен ем алатын емделушілерге асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жағымсыз реакцияларға байланысты зор сусыздану қаупін мәлім етіп, гиповолемияны болдырмау үшін алдын ала сақтану шараларын қабылдау қажет.

Қосымша заттар

Дәрілік зат құрамында аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін метакрезол бар.

Бала туу жасындағы әйелдер

Ликсумия контрацептивтер қолданбайтын бала туу жасындағы әйелдерге ұсынылмайды.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде Ликсумия қолдану жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер репродуктивтік уыттануды көрсетті. Адамдар үшін әлеуетті қатері белгісіз. Ликсумияны жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Оның орнына инсулин қолдану ұсынылады. Егер емделуші әйел жүкті болуды қаласа немесе жүкті болып қалса, Ликсумиямен емдеуді тоқтату қажет.

Лактация

Ликсумияның адамның емшек сүтіне өтуі белгісіз. Ликсумияны лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Фертильділік

Клиникаға дейінгі зерттеулер фертильділікке тікелей зиянды әсер етуін көрсетпеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ликсумия көлік құралын немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді немесе мардымсыз әсерін тигізеді. Сульфонилмочевинамен немесе базальді инсулинмен біріктіріп қабылдағанда емделушілерге көлік құралын немесе механизмдерді басқару кезінде гипогликемияны болдырмау үшін алдын ала сақтану шараларын қабылдауға кеңес беру қажет.

Артық дозалануы

Клиникалық зерттеулер кезінде 13-апталық зерттеуде 2 типті диабеті бар емделушілерге тәулігіне екі рет ликсисенатид дозасы 30 мкг дейін енгізілген. Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылу жағдайларының пайда болу жиілігінің жоғарылауы байқалған.

Артық дозалану жағдайында клиникалық белгілері мен симптомдарына сәйкес емделушіде тиісті демеуші ем басталуы тиіс, ал ликсисенатид дозасы тағайындалған дозаға дейін азайтылуы тиіс.

Шығарылу түрі

Түссіз шыныдан (I тип) жасалған картриджде 3 мл препараттан. Картридж бір ұшында ламинацияланған герметизациялайтын жарғақша және екінші ұшында жүрісті шектейтін поршень қондырылған фланц қақпақпен тығындалған. Картридж бір реттік еккіш-қаламға монтаждалған.

Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 10 мкг жасыл түсті 1 еккіш-қаламнан немесе 20 мкг күрең қызыл түсті 2 еккіш-қаламнан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 2 оС-ден 8 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Мұздатқыш камерадан алыс жерде сақтау керек.

Еккіш-қаламды алғаш пайдаланғаннан кейін 14 күн бойы 30 оС-ден аспайтын температурада қолдануға болады. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Тіркеу куәлігінің иесі

Санофи-авентис групп, Франция

Өндіруші

Санофи-Авентис Дойчланд ГмбХ, Германия

Орналасқан мекенжайы: Industriepark Hoechst, Bruningstrasse 50, D-65926 Frankfurt am Main, Germany

 

Ликсумия еккіш-қаламын қолдану жөніндегі нұсқаулық

Ликсумия еккіш-қаламын пайдаланар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Әріқарай жұмыс істеу үшін дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз.

Ликсумия құрамында 14 доза алдын ала толтырылған инъекцияға арналған еккіш-қалам түрінде болады. Әр дозада 0,2 мл шамасында 10 мкг немесе 20 мкг ликсисенатид болады.

• Күніне бір инъекция ғана салыңыз.

• Әрбір Ликсумия еккіш-қаламында алдын ала толтырылған 14 доза бар. Әр дозаны өлшеу қажет емес.

• Еккіш-қаламды пайдаланар алдында препаратты қалай дұрыс енгізу жөнінде дәрігермен кеңесіңіз.

• Егер нұсқауларды дербес қадағалау мүлде мүмкін болмаса немесе еккіш-қаламды игере алмасаңыз (мысалы, көру қабілетіңіз кінәратты болса), өзгелердің көмегін пайдаланыңыз.

Ликсумия препараты бар еккіш-қалам құрылымы

 

іске қосу терезесі

инъекция лау тетігі

бағыттау терезесі терезео стрелкой

дозалау шкаласы

картридж

резеңке тығындық

еккіш-қалам қалпағы

 

 

 

іске қосу терезесі

инъекциялау тетігі

 

 

бағыттау терезесі

дозалау шкаласы

картридж

резеңке тығындық

еккіш-қалам қалпағы

 

 

 

 

Қара плунжер

Әр инъекциядан кейін қара плунжер дозалау шкаласының бойымен жылжып отырады. Жоғарыдағы мысалда дозалар саны 13 инъекцияның қалғанын білдіреді.

 

 

• Бұл еккіш-қалам тек бір адамға арналған. Бірге пайдалануға тыйым салынған.

• Ликсумия еккіш-қаламын шатастырып алмас үшін таңбалануын үнемі тексеріңіз. Жарамдылық мерзімінің өтіп кетпегенін де тексеріңіз. Сай келмейтін препаратты қолдану денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.

• Картриджден сұйықтықты еккіш көмегімен шығарып алуға тырыспаңыз.

Инелер туралы ақпарат (бөлек жеткізіледі)

 

иненің сыртқы қалпағы

иненің ішкі қалпағы

ине

қорғағыш төсеме

 

• Ликсумиямен қолдануға мақұлданған инелерді ғана пайдаланыңыз. Ликсумия еккіш-қаламы үшін калибрі 29-дан 32 дейінгі бір реттік инелерді пайдаланыңыз. Егер Сіз дәрігерден иненің ұзындығы мен калибрі жөнінде сұрап алсаңыз, дұрыс болады.

• Егер инъекция өзгенің көмегімен енгізілсе, әлдекімді инемен жарақаттап алмас үшін сақ болуыңыз қажет. Керісінше жағдайда жұқпа берілуі мүмкін.

• Әр инъекция Ликсумия контаминациясын және иненің бітеліп қалу мүмкіндігіне жол бермеу мақсатында жаңа инені пайдаланыңыз.

Пайдалануды бастау

• Алғашқы инъекция енгізілген күні еккіш-қаламды іске қосыңыз.

Алдымен жаңа еккіш-қаламды іске қосыңыз

• Дозаны енгізер алдында препаратты енгізер алдында Сіз жаңа еккіш-қаламнан сұйықтықтың артық мөлшерін шығарып тастауға тиіссіз. Бұл бір рет атқарылады және «іске қосу» деп аталады. Іске қосу әрекеті әріқарай 1-5 қадамдарда баяндалған.

• Іске қосу еккіш-қаламның қалыпты жұмыс істеп тұрғанына және алғашқы инъекция дозасының дәл екеніне көз жеткізу үшін атқарылады.

• Іске қосу үдерісін қайталамаңыз. Әйтпесе, Ликсумия еккіш-қаламы 14 дозаны ала алмай қаласыз.

Төмендегі суретте іске қосылған соң инъекциялау тетігінде іске қосу терезесінің қалай өзгеретіні көрсетілген.

Жаңа еккіш-қалам

(қызыл-сары түсті терезе)

Прикрепленные файлы

269257581477976497_ru.doc 1766 кб
537797451477977655_kz.doc 1847.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники