Ливарол®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ливарол®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Кетоконазол
Дәрілік түрі
400 мг қынаптық суппозиторийлер
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – кетоконазол 400 мг,
қосымша заттар: бутилгидроксианизол,
суппозиторийлерге арналған негіз: макрогол 1500, макрогол 400 – салмағы 3,0 г суппозиторий алғанға дейін
Сипаттамасы
Торпеда пішінді, ақ, сарғыш немесе сұрғылт, немесе крем реңдес ақ түсті суппозиторийлер. Суппозиторийлер біртекті болуы тиіс. Қимасында теңбілдер болмауы тиіс. Беткейінің мәрмәрлануына жол беріледі
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімді қоспағанда). Имидазол туындысы. Кетоконазол.
АТХ коды G01AF11
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қынап ішіне қолданған кезде жүйелі сіңуі елеусіз жүреді.
Фармакодинамикасы
Ливарол® – имидазолдиоксолан туындысы, зеңдерге қарсы дәрі. Дерматофиттерге (Trichophyton spp., Epidermophyton floccosum, Microsporum spp.) және ашытқыларға (Candida spp., Pityrosporum spp.) қатысты фунгицидтік және фунгистатикалық әсер етеді. Сондай-ақ стафилококктар және стрептококктарға қатысты да белсенді. Әсер ету механизмі зеңдер жарғақшасының эргостерол синтезін тежеуге және жасуша қабырғаларының өткізгіштігін бұзуға негізделген.
Қолданылуы
-
жедел және созылмалы қайталанатын қынаптық кандидозда
-
организмнің төзімділігі төмендегенде және бактерияларға қарсы дәрілермен және қынаптың қалыпты микрофлорасын бұзатын басқа да препараттармен емдеу аясында қынапта зеңдік жұқпалар туындауының алдын алуда
Қолдану тәсілі және дозалары
Суппозиторийді алдын ала пішінді ұяшығынан босатып алып, тәулігіне 1 суппозиторийден аурудың ағымына байланысты 3-5 күн бойы, шалқасынан жатқан қалыпта қынапқа тереңдете енгізеді. Созылмалы кандидоз кезінде 1 суппозиторийден 10 күн қолданады.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, есекжем
-
жергілікті реакциялар: гиперемия және қынаптық шырышты қабықтың тітіркенуі, қынаптың қышынуы
сирек жағдайларда
-
сексуалдық жұптастың жыныстық мүшесінің гиперемиясы және ауыруы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
жүктіліктің I триместрі
-
жыныстық қатынасқа түспеген жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ливаролды® қолданған кезде басқа дәрілік заттармен теріс өзара әрекеттесуі белгісіз және оларды күтудің қажеті жоқ, өйткені кетоконазолдың резорбциялық қабілеті төмен.
Айрықша нұсқаулар
Аурудың қайталану қаупін төмендету үшін жыныстық жұптасын бір мезгілде емдеу ұсынылады.
Латекстен жасалған (контрацептивті диафрагма, мүшеқап) бұйымдармен жанасудан аулақ болу керек.
Жүктілік және лактация кезеңінде
Егер ана үшін күтілген пайда ұрық немесе балаға төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда Ливарол® жүктіліктің ІІ-ІІІ триместрі кезінде және лактация кезеңінде қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Нижфарм» АҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e–mail: almaty@stada.kz