Левомицетин (1%, 10 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Левомицетин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Хлорамфеникол
Дәрілік түрі, дозалануы
Сыртқа қолдануға арналған спиртті ерітінді. 1%
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Дерматологияда қолдануға арналған антибиотиктер және химиотерапиялық препараттар. Жергілікті қолдануға арналған антибиотиктер. Басқа да жергілікті қолдануға арналған антибиотиктер. Хлорамфеникол.
АТХ коды D06AХ02
Қолданылуы
Сезімтал микроорганизмдерден туындаған терінің бактериялық инфекциялары, оның ішінде инфекцияланған күйіктер (беткейлік және шектеулі терең), трофикалық ойық жаралар, фурункулдар
Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- қантүзілімінің бәсеңдеуі (анемия, лейкопения, тромбоцитопения)
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- тері аурулары (псориаз, экзема, зеңдік зақымдану)
- 1 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Емдеу барысында шеткері қанның көрінісін жүйелі бақылау қажет. Этанолды бір мезгілде қабылдаумен ауқымды беткейлерге жаққан кезде дисульфирам тәрізді реакциялар (тері жабынының гиперемиясы, тахикардия, жүрек айну, құсу, рефлекторлы жөтел, құрысулар) дамуы мүмкін.
Этанолды сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабықтар арқылы ішінара сіңеді, оны балаларда, егде жастағы пациенттерде, бауыр және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде пайдалану кезінде ескеру қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ерітіндідегі ингредиенттердің шөгінді болып түсуін туындатуы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Бұрынырақ цитостатикалық препараттармен немесе сәулелік еммен ем қабылдаған пациенттерде сақтықпен қолданады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті компресс түрінде, дәріленген дәке, инстилляция, ысқылап жағу түрінде. Сыртқы есту жолына ерітіндіге суланған мақта тампонын салады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 3-5 күн.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Анықталмаған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жергілікті қолданғанда гиперемия, ұсақ папулезді бөртпе және қышыну түріндегі жергілікті реакциялар болуы ықтимал. Барлық құбылыстар препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
100 мл препарат құрамында
белсенді зат - левомицетин 1.0 г
қосымша зат —70 % этанол 100.0 мл-ге дейін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Спирт иісі бар түссіз мөлдір немесе аздап сарғыш сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл-ден полимерлі тамшылатқыш қақпақпен тығындалған дәрілік заттар мен сұйық түрде буып-түюге және тасымалдауға арналған құтыда.
Құтыларға өзі жабысатын заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
Құтылар медицинада қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге тиісті мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ.,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ.,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар(ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ.,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru