Левозин 500

МНН: Левофлоксацин
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014992
Информация о регистрации в РК: 05.07.2016 - 05.07.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 224.44 KZT
Предельная цена реализации в РК: 4 496.75 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ЛЕВОЗИН 250

ЛЕВОЗИН 500

ЛЕВОЗИН 750

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левофлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг, 500 мг, 750 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 256.23 мг левофлоксацин гемигидраты (250 мг левофлоксацинге баламалы), 512.46 мг левофлоксацин гемигидраты (500 мг левофлоксацинге баламалы) немесе 768.69 мг левофлоксацин гемигидраты (750 мг левофлоксацинге баламалы) бар,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, гидроксипропилметилцеллюлоза (фармакоат 603 W), кросповидон (коллидон), натрий стеарил фумараты, тазартылған су.

Опадри Y-1-7000 ақ қабығының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза), титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 400 (макрогол 400).

Сипаттамасы

Ақ түсті, ұзынша пішінді және бір жағында сызығы бар, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Микробқа қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Левофлоксацин.

АТХ коды J01МА12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішу арқылы қабылдаған кезде левофлоксацин жылдам және толығымен дерлік сіңеді, плазмадағы шыңдық концентрациясына 1-2 сағат ішінде жетеді. Абсолюттік биожетімділігі 99 - 100%.

Ас ішу левофлоксациннің сіңуіне елеулі әсер етпейді.

Препарат тұрақты концентрациясына тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг дозадағы сызбасы бойынша қабылдағаннан кейін 48 сағат ішінде жетеді.

Таралуы

Левофлоксациннің 30 - 40%-ға жуығы қан плазмасының ақуызымен байланысады.

Левофлоксациннің таралуының орташа көлемі бір реттік және қайталанатын 500 мг дозасын енгізгеннен кейін шамамен 100 л құрайды, бұл организм тіндерінде кеңінен таралатындығын көрсетеді.

Дене тіндері мен сұйықтықтарына өтуі

Левофлоксациннің бронхтардың шырышты қабығына, эпителиальді қаптамасына, альвеолярлық макрофагтарға, өкпе тініне, теріге (интерстициальді сұйықтық), простата тіні мен несепке өтетіндігі көрсетілді. Алайда левофлоксацин жұлын сұйықтығына нашар өтеді.

Биотрансформациясы

Левофлоксацин толығымен дерлік метаболизденеді, метаболиттері дезметил-левофлоксацин мен левофлоксациннің N-оксиді болып табылады. Аталған метаболиттердің құрамында препараттың <5% дозасы болады және несеппен бөлініп шығады. Левофлоксацин стереохимиялық тұрғыдан тұрақты және хиральді инверсияға ұшырамайды.

Шығарылуы

Левофлоксацинді ішке қабылдағаннан немесе к/і енгізгеннен кейін препарат плазмадан салыстырмалы түрде баяу шығарылады (t/2: 6 - 8 сағат). Негізінен бүйрекпен шығарылады (енгізілген дозасының >85%).

500 мг бір реттік дозасын енгізгеннен кейін левофлоксациннің орташа болжалды жалпы клиренсі 175 +/- 29,2 мл/минутты құрады.

Көктамыр ішіне және ішу арқылы қолдану тәсілі кезінде левофлоксациннің фармакокинетикасында елеулі айырмашылықтар жоқ, бұл екі тәсілді өзара алмастыруға болатындығын растайды.

Дозаға тәуелділігі

Левофлоксациннің фармакокинетикасы 50-ден 1000 мг дейінгі дозалары ауқымында дозасына тәуелді болып табылады.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Левофлоксациннің фармакокинетикасына бүйрек жеткіліксіздігі әсер етеді. Бүйрек функциясының төмендеуі кезінде препараттың бүйрекпен шығарылуы мен бүйректік клиренсі төмендейді, жартылай шығарылу кезеңі төменде келтірілген кестеде көрсетілгендей артады.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде бір реттік 500 мг дозасын ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі фармакокинетикасы.

Clкр [мл/мин]

<20

20 - 49

50 - 80

Clбүйректік. [мл/мин]

13

26

57

t1/2 [сағ]

35

27

9

Егде жастағы пациенттер

Жас және егде жастағы пациенттерде левофлоксациннің фармакокинетикасында, креатинин клиренсіне байланысты айырмашылықтардан басқа елеулі айырмашылықтар жоқ.

Жыныстық ерекшеліктері

Ер және әйел жынысты пациенттердегі жеке талдау левофлоксациннің фармакокинетикасында өте елеусіз жыныстық ерекшеліктердің болғанын көрсетті. Аталған жыныстық ерекшеліктердің клиникалық тұрғыдан маңызды екендігіне дәлелдер жоқ.

Фармакодинамикасы

Левофлоксацин фторхинолондар класының бактерияға қарсы синтетикалық препараты, офлоксациннің рацемиялық белсенді затының S (-) энантиомері болып табылады.

Әсер ету механизмі

Левофлоксацин бактерияға қарсы препараттың ДНҚ-ДНҚ-гираза кешені мен хинолон туындысы топоизомераза IV-ке әсер етеді.

ФК/ФД арақатынасы

Левофлоксациннің бактерицидтік белсенділік дәрежесі сарысудағы ең жоғарғы концентрациясы (Cmax) немесе фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы (AUC) мен ең төменгі бәсеңдететін концентрациясы (ЕТБК) арақатынасына тәуелді.

Резистенттілік механизмі

Левофлоксацинге резистенттілік біртіндеп, II типті топоизомеразалар, ДНҚ-гираза және топоизомераза IV сайт-нысаналарының мутациялануы жолымен жүре пайда болады. Өткізгіштік бөгеттері сияқты басқа да резистенттілік механизмдері (Pseudomonas aeruginosa кезінде таралған) тіннен заттардың ағып шығуы да левофлоксацинге сезімталдыққа әсер етуі мүмкін.

Левофлоксацин мен басқа фторхинолондар арасында айқаспалы резистенттілік байқалады. Әсер ету механизмінің ерекшеліктеріне байланысты, тұтас алғанда, левофлоксацин мен бактерияға қарсы препараттардың басқа кластары арасында айқаспалы резистенттілік жоқ.

Шектік мәндер

Микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу жөніндегі Еуропалық комитет (EUCAST) ұсынған левофлоксацин үшін ЕТБК шектік мәндері, сезімтал және орташа сезімтал микроорганизмдер арасындағы, сондай-ақ орташа сезімтал және резистентті микроорганизмдер арасындағы айырмашылықтармен ЕТБК (мг/л) тестілеуге арналған төмендегі кестеде келтірілген.

Микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу жөніндегі Еуропалық комитет ұсынған левофлоксацин үшін ЕТБК клиникалық шектік мәндері (2.0 нұсқасы, 01.01.2012 ж.):

Патоген

Сезімталдығы

Резистенттілігі

Энтеробактериялар

≤1 мг/л

>2 мг/л

Pseudomonas spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

Acinetobacter spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

Staphylococcus spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

S. pneumoniae 1

≤2 мг/л

>2 мг/л

Streptococcus A, B, C, G

≤1 мг/л

>2 мг/л

H. influenzae 2 3

≤1 мг/л

>1 мг/л

M. catarrhalis 3

≤1 мг/л

>1 мг/л

Микроорганизмдердің түрімен байланыссыз шектік мәндері4

≤1 мг/л

>2 мг/л

  • Левофлоксацин үшін шектік мәндердің препараттың жоғары дозаларын қолданып емдеуге қатысы бар.

  • Фторхинолондарға резистенттіліктің (ципрофлоксацин препаратының ЕТБК 0,12-0,5 мг/л) төмен деңгейі байқалуы мүмкін, алайда аталған резистенттіліктің тыныс жолдарының H. Influenzae таяқшасынан туындаған инфекциялары кезіндегі клиникалық маңыздылығына дәлелдер жоқ.

  • ЕТБК мәндері сезімталдықтың шектік мәндерінен жоғары штамдар өте сирек кездеседі, немесе олар туралы әлі хабарланбаған. Кез келген ұқсас изолятты пайдаланып, идентификациясы мен микробқа қарсы препараттарға сезімталдығына жүргізілген талдауларды қайталау керек, және егер нәтижесі расталса, изолятты анықтамалық зертханаға жөнелту керек. ЕТБК резистенттіліктің қазіргі кездегі шектік мәндерінен асып түскен изоляттар үшін клиникалық жауаптың дәлелдері алынғанға дейін ондай изоляттар резистентті деп саналуы тиіс.

  • Шектік мәндері ішу арқылы қабылдауға арналған 500 мг x 1 немесе 500 мг x 2 дозалары және к/і енгізуге арналған 500 мг x 1 - 500 мг x 2 дозалары үшін қолданылады.

    Резистенттіліктің таралуы орналасқан орны мен уақытына байланысты ауытқып тұрады (жекелеген түрлері үшін), әсіресе ауыр инфекцияларды емдеу кезінде жергілікті резистенттілігі жөнінде ақпарат алған дұрыс. Қажет болса, егер жергілікті резистенттілік препаратты инфекциялардың кемінде бірнеше типтері кезінде қолданудың пайдасына күдік туындайтындай соншалықты кең таралса, сарапшының кеңесіне жүгіну керек.

    Микроорганизмдердің әдетте сезімтал түрлері

    Аэробты грамоң бактериялар

    Bacillus anthracis

    Метициллинге сезімтал Staphylococcus aureus

    Staphylococcus saprophyticus

    Streptococci, C және G тобы

    Streptococcus agalactiae

    Streptococcus pneumoniae

    Streptococcus pyogenes

    Аэробты грамтеріс бактериялар

    Eikenella corrodens

    Haemophilus influenzae

    Haemophilus para-influenzae

    Klebsiella oxytoca

    Moraxella catarrhalis

    Pasteurella multocida

    Proteus vulgaris

    Providencia rettgeri

    Анаэробты бактериялар

    Peptostreptococcus

    Басқа да

    Chlamydophila pneumoniae

    Chlamydophila psittaci

    Chlamydia trachomatis

    Legionella pneumophila

    Mycoplasma pneumoniae

    Mycoplasma hominis

    Ureaplasma urealyticum

    Жүре пайда болған резистенттілік қиындық тудыруы мүмкін түрлері

    Аэробты грамоң бактериялар

    Enterococcus faecalis

    Метициллин-резистентті# Staphylococcus aureus

    Коагулазанегативті Staphylococcus spp

    Аэробты грамтеріс бактериялар

    Acinetobacter baumannii

    Citrobacter freundii

    Enterobacter aerogenes

    Enterobacter cloacae

    Escherichia coli

    Klebsiella pneumonia

    Morganella morganii

    Proteus mirabilis

    Providencia stuartii

    Pseudomonas aeruginosa

    Serratia marcescens

    Анаэробты бактериялар

    Bacteroides fragilis

    Табиғи резистенттілікке ие штамдар

    Аэробты грамоң бактериялар

    Enterococcus faecium

    #Метициллин-резистентті S. aureus левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға ко-резистенттілікке ие болуы мүмкіндігінің ықтималдығы зор.

Қолданылуы

Ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін («Айрықша нұсқаулар» мен «Фармакодинамикасын» қараңыз):

- жедел бактериялық синуситте

- созылмалы бронхиттің өршуінде

- ауруханадан тыс пневмонияда

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында

Жоғарыда атап келтірілген инфекциялар кезінде Левозинді тек, әдетте аталған инфекциялардың старттық емі ретінде тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілер ұтымсыз пайдаланылған жағдайларда ғана қолдану керек.

- пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- созылмалы бактериялық простатитте

- асқынбаған циститте («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- сібір ойық жарасының өкпелік түрінде: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу үшін («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

Таблеткалар түріндегі Левозин препаратын левофлоксацинді көктамыр ішіне енгізу арқылы старттық ем жүргізгеннен кейін жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін де қолдануға болады.

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды басшылыққа алу қажет.

Қолданылуы мен дозалары

Таблеткаларды ішке, тәулігіне 1 немесе 2 рет қабылдайды. Дозасы инфекцияның типі мен ауырлығына, сондай-ақ болжалды қоздырғышының сезімталдығына байланысты болып келеді.

Таблеткалар түріндегі Левозин препаратын левофлоксацинді көктамыр ішіне енгізу арқылы старттық ем жүргізгеннен кейін жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін де қолдануға болады; парентеральді және пероральді формаларының биобаламалылығы жағдайында, дәл осы дозасын пайдалануға болады.

Дозалануы

Таблеткалар түріндегі Левозин препараты келесі дозаларда қолданылады:

Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде дозалануы (креатинин клиренсі > 50 мл/мин)

Қолданылуы

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 50 мл/мин)

 

Дозалау режимі

250 мг / 24 сағ

500 мг / 24 сағ

500 мг / 12 сағ

Креатинин клиренсі

Алғашқы дозасы: 250 мг

Алғашқы дозасы: 500 мг

Алғашқы дозасы: 500 мг

50-20 мл/мин

Содан соң: 125 мг/24 сағ

Содан соң: 250 мг/24 сағ

Содан соң: 250 мг/12 сағ

19-10 мл/мин

Содан соң: 125 мг/48 сағ

Содан соң: 125 мг/24 сағ

Содан соң: 125 мг/12 сағ

< 10 мл/мин (соның ішінде гемодиализ және ТАПД) 1

Содан соң: 125 мг/48 сағ

Содан соң: 125 мг/24 сағ

Содан соң: 125 мг/24 сағ

1Гемодиализден немесе тұрақты амбулаторлық перитонеальді диализден (ТАПД) кейін

препараттың қосымша дозаларын енгізу қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы

Препараттың дозасын түзету қажет емес, өйткені левофлоксацин бауырда елеусіз дәрежеде метаболизденеді және негізінен бүйрекпен шығарылады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге бүйрек функциясымен байланыстыларынан басқа, кез келген себептермен, препараттың дозасын түзету қажет емес («Айрықша нұсқаулар» - «Тендинит және сіңірлердің үзілуі» және «QT аралығының ұзаруын» қараңыз).

Бала жастағы пациенттер

Таблеткалар түріндегі Левозинді балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайларды» қараңыз).

Қолдану тәсілі

Таблеткаларды тұтастай, шайнамай және жеткілікті мөлшердегі сумен ішіп жұту керек. Дозаларын таңдау кезінде таблеткаларды бөлгіш сызығы бойымен сындыруға болады. Препаратты тамақтану кезінде немесе ас ішулер арасында қабылдауға болады. Таблеткалар түріндегі Левозинді темір, мырыш тұздарын, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттарды, немесе диданозинді қабылдаудан (диданозиннің тек, құрамында алюминий немесе магний қосылыстарымен буферлік заттар бар дәрілік түрлері ғана) кемінде 2 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдау, сондай-ақ сукральфатты тағайындау керек, өйткені бұл кезде препарат сіңуінің төмендегені байқалуы мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз).

Таблеткадағы бөлгіш сызық бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге арналған дозасын түзетуге мүмкіндік береді.

Барлық қалдық дәрілік заттармен жағдайдағы сияқты, пайдаланылмаған препаратты табиғатты қорғаудың жергілікті ережелеріне сәйкес, тиісінше жолмен жою керек.

Жағымсыз әсерлері

Төменде келтірілген ақпарат 8300-ден астам пациенттің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулердің мәліметтеріне, сондай-ақ маркетингтен кейінгі қадағалау тәжірибесіне негізделген.

Туындау жиілігіне байланысты құрылған әр топтың ішінде жағымсыз әсерлері ауырлығының төмендеу тәртібімен келтірілген.

Жиі (≥1/100, <1/10)

- ұйқысыздық, бас ауыруы, бас айналуы

- жүрек айнуы, құсу, диарея

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (АЛТ/АСТ, сілтілік фосфатаза, ГГТ)

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

- Candida инфекциясын қоса, зең инфекциясы

- патогеннің резистенттілігі

- лейкопения, эозинофилия

- анорексия

- мазасыздық

- сананың шатасу жағдайы, қатты қозу

- ұйқышылдық, тремор, дисгевзия

- вертиго

- ентігу

- іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, іштің қатуы

- қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе, қышыну, есекжем, гипергидроз

- артралгия, миалгия

- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- астения

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- тромбоцитопения, нейтропения

- ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- гипогликемия, әсіресе диабеті бар пациенттерде («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- психоздық реакциялар (мысалы, елестеулермен, паранойямен)

- депрессия, ажитация

- әдеттен тыс түстер көру, шым-шытырық түстер

- конвульсиялар («Қолдануға болмайтын жағдайлар» мен «Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- парестезия

- бұлыңғыр көру сияқты көрудің бұзылуы («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- тиннитус

- тахикардия, жүрек қағуы

- гипотензия

- тендинитті (мысалы, ахилл сіңірі) қоса сіңірлердің аурулары («Қолдануға болмайтын жағдайлар» мен «Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- гравис миастениясымен науқас пациенттерде ерекше маңызы бар бұлшықет әлсіздігі («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі (мысалы, интерстициальді нефриттің салдарынан)

- пирексия

Жиілігі белгісіз

- панцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия

- анафилаксиялық шок (анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар кейде тіпті препараттың алғашқы дозасын енгізгеннен кейін де туындауы мүмкін)

- анафилактоидтық шок (тері-шырышты қабық реакциялары кейде тіпті препараттың алғашқы дозасын енгізгеннен кейін де туындауы мүмкін)

- гипергликемия

- гипогликемиялық кома («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- суицидтік ойлар немесе суицид әрекетін қоса, пациенттің өзіне қауіп төндіретін мінез-құлықпен жүретін психоздық бұзылыстар («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- шеткергі сенсорлық нейропатия («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- шеткергі сенсомоторлық нейропатия («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- аносмияны қоса, паросмия

- дискинезия, экстрапирамидалық бұзылыс

- агевзия

- естен тану

- қатерсіз бассүйекішілік гипертензия

- уақытша көрмей қалу («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- естімей қалу, естудің бұзылуы

- жүректің тоқтап қалуына алып келуі мүмкін қарыншалық тахикардия.

- қарыншалық аритмия және қарыншалардың дірілдеуі-жыпылықтауы (негізінен QT аралығы ұзаруының қауіп факторлары бар пациенттерде байқалады), ЭКГ-дағы QT аралығының ұзаруы («Айрықша нұсқауларды» және «Артық дозалануын» қараңыз)

- бронх түйілуі, аллергиялық пневмонит

- диарея – геморрагиялық түрі, өте сирек жағдайларда жалған жарғақшалы колитті қоса, энтероколиттің бар екенін білдіруі мүмкін («Айрықша нұсқауларды» қараңыз), панкреатит

- өліммен аяқталатын жедел бауыр жеткіліксіздігі жағдайларын қоса, сарғаю және бауырдың ауыр зақымдануы, негізінен, негізгі ауруы бар пациенттерде («Айрықша нұсқауларды» қараңыз), гепатит

- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, полиморфты эритема, фотосенсибилизация реакциясы («Айрықша нұсқауларды» қараңыз),

- лейкоцитокластикалық васкулит, стоматит

- рабдомиолиз, сіңірлердің үзілуі (мысалы, ахилл сіңірі) («Қолдануға болмайтын жағдайлар» мен «Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- байламдардың, бұлшықеттердің үзілуі

- артрит

- ауыру (арқаның, кеуденің және аяқ-қолдардың ауыруы)

Фторхинолондарды қолданумен байланысты болған басқа да жағымсыз әсерлерге осы ауруға шалдыққан науқастардағы порфирия ұстамалары кіреді

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, сондай-ақ басқа да қосымша заттарға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер

- эпилепсиясы бар пациенттер

- сыртартқысында фторхинолондарды қолданумен байланысты сіңірлердің ауруларуы бар пациенттер

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік

- лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттардың Левозинге әсері

Темір, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттар, диданозин

Таблеткалар түріндегі Левозин препаратымен темір, мырыш тұздарын, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттарды, немесе диданозинді (алюминий немесе магний қосылған, құрамында буферлік заттар бар дәрілік түрлерін ғана) бір мезгілде қолданғанда левофлоксациннің сіңуі едәуір төмендейді. Фторхинолондар мен құрамында мырыш бар поливитаминдік препараттарды бір мезгілде қолдану, ішу арқылы қабылдаған кезде олардың сіңуін төмендетеді. Құрамында темір, мырыш тұздары сияқты екі- немесе үшвалентті катиондар бар препараттарды, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттарды, немесе диданозинді (алюминий немесе магний қосылған, құрамында буферлік заттар бар дәрілік түрлерін ғана) таблеткалар түріндегі Левозин препаратын қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдау ұсынылады («Қолдану тәсілі мен дозаларын» қараңыз). Ішу арқылы қабылдаған кезде кальций тұздары левофлоксациннің сіңуіне өте аз әсер етеді.

Сукральфат

Таблеткалар түріндегі Левозин препаратының биожетімділігі оны сукральфатпен бір мезгілде қолданған кезде айтарлықтай төмендейді. Егер пациент сукральфатты да, Левозинді де қабылдауы қажет болса, сукральфатты таблеткалар түріндегі Левозин препаратын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған дұрыс («Қолдану тәсілі мен дозаларын» қараңыз).

Теофиллин, фенбуфен немесе осыған ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

Клиникалық зертттеу барысында левофлоксацин мен теофиллиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері анықталған жоқ. Алайда, фторхинолондар мен теофиллинді, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды немесе құрысуға бейімділік шегін төмендететін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда эпилепсияға дайындық шегінің едәуір төмендеуі байқалуы мүмкін.

Препаратты фенбуфенмен бір мезгілде қолданғанда левофлоксациннің концентрациясы шамамен 13%-ға жоғары болды.

Пробенецид және Циметидин

Пробенецид пен Циметидин левофлоксациннің шығарылуына статистикалық тұрғыдан елеулі әсер етті. Левофлоксациннің бүйректік клиренсі циметидин (24%) және пробенецид (34%) препараттарын қолданғанда төмендеді. Бұл екі дәрілік препараттың да левофлоксациннің өзекшелік сөлінісін бөгеуге қабілеттілігімен түсіндіріледі. Алайда зерттеу барысында пайдаланылған дозаларында қолданғанда, статистикалық тұрғыдан елеулі кинетикалық айырмашылықтардың клиникалық тұрғыдан маңызды болу ықтималдығы аз.

Левофлоксацинді пробенецид пен циметидин сияқты, өзекшелік сөлініске әсер ететін препараттармен бірге, әсіресе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Басқа да маңызды ақпараттар

Клиникалық фармакологиясын зерттеулер, аталған препаратты келесі дәрілік заттармен: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидинмен бірге қолдану левофлоксациннің фармакокинетикасына ешқандай клиникалық маңызды әсер еткен жоқ.

Левозин препаратының басқа дәрілік заттарға әсері

Циклоспорин

Левофлоксацинмен бірге қолданғанда циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі 33%-ға артты.

K витаминінің антагонистері

Левофлоксацин мен K витаминінің антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімін қолданып емдеуден өткен пациенттерде коагуляциялық сынамалар көрсеткіштері (ПУ/ХҚҚ) жоғарылауы және/немесе ауыр қан кету туындаған жағдайлар туралы хабарланды. Осылайша, K витаминінің антагонистерін қолданып емдеуден өткен пациенттерде коагуляциялық сынамаларының нәтижелеріне мониторинг жүргізу қажет («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).

QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттар

Басқа фторхинолондар сияқты, левофлоксацинді QT аралығының ұзаруын тудыруы мүмкін (мысалы, IA және III аритмияға қарсы класты препараттар, үшциклдық антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек («Айрықша нұсқауларды» QT аралығының ұзаруын қараңыз).

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерін зерттеулерде левофлоксацин теофиллиннің (CYP1A2 маркерлік субстраты) фармакокинетикасына әсер еткен жоқ, бұл левофлоксациннің CYP1A2 тежегіші болып табылмайтындығын көрсетеді.

Өзара әрекеттесуінің басқа түрлері

Ас ішу

Ас ішумен клиникалық елеулі өзара әрекеттесуі байқалған жоқ. Осылайша, таблеткалар түріндегі Левозин препаратын ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Айрықша нұсқаулар

Метициллин-резистентті алтын түстес стафилококтың да левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болуының ықтималдығы жоғары. Сәйкесінше, егер зертханалық талдаулардың нәтижелері микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растамаса (сондай-ақ, егер әдетте, метициллин-резистентті стафилококтан туындаған инфекцияларды емдеу кезінде тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану талапқа сай деп саналса) немесе ондай күдіктер болса, левофлоксацинді метициллин-резистентті стафилококтан туындаған инфекцияларды емдеу кезінде қолдану ұсынылмайды.

Левофлоксацинді аталған инфекциялардың диагнозы дұрыс қойылған жағдайда, жедел бактериялық синусит пен созылмалы бронхиттің өршуін емдеуде қолдануға болады.

Несеп шығару жолдарының инфекцияларын туғызатын анағұрлым кең таралған патоген E. coli фторхинолондарға резистенттілігі Еуропалық одақ елдерінде ауытқып тұрады. Препараттарды тағайындаған кезде E. coli фторхинолондарға резистенттілігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.

Сібір ойық жарасының өкпелік түрі: адамда қолданылуы шектеулі клиникалық деректермен қатар Bacillus anthracis сезімталдығы жөніндегі in vitro деректерге, және клиникаға дейінгі зерттеулер деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлер сібір ойық жарасын емдеуге қатысты келісілген ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарға жүгінуі керек.

Тендинит және сіңірлердің үзілуі

Сирек жағдайларда тендинит туындауы мүмкін. Көбінесе ахилл сіңірі жиі зақымданады, тендинит сіңірдің үзілуіне алып келуі мүмкін. Тендинит пен сіңірлердің үзілуі, кей жағдайларда екіжақты, левофлоксацинмен емдеуді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде туындауы мүмкін, сонымен қатар аталған патологиялардың емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде туындағаны туралы хабарланды. Тендинит пен сіңірлердің үзілуінің даму қаупі 60 жастан асқан пациенттерде, 1000 мг тәуліктік дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде, сондай-ақ кортикостероидтарды қабылдаған кезде арта түседі. Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозасын креатинин клиренсіне байланысты түзету керек («Қолдану тәсілі мен дозаларын» қараңыз). Сәйкесінше, ондай пациенттерге левофлоксацинді тағайындаған кезде мұқият мониторинг жүргізу қажет. Тендинит симптомдары туындаған жағдайда, барлық пациенттер дәрігерге жүгінуі тиіс. Тендинитке күдіктенген жағдайда, левофлоксацинді қолдануды дереу тоқтату және зақымданған сіңірді сәйкесінше емдеуді бастау керек (мысалы, оның жеткілікті иммобилизациясын қамтамасыз ету) («Қолдануға болмайтын жағдайлар» мен «Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).

Clostridium difficile-ден туындаған ауру

Левофлоксацинмен емдеу кезіндегі немесе емдеуден кейінгі (емдеу аяқталғаннан кейінгі бірнеше аптаны қоса) диарея, әсіресе ауыр, тұрақты және/немесе қан аралас түрі, Clostridium difficile-ден туындаған аурудың симптомы болуы мүмкін. Clostridium difficile-ден туындаған аурулар ауырлық дәрежесі жағынан жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқуы мүмкін, сонымен қатар анағұрлым ауыр түрі жалғанжарғақшалы колит болып табылады («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Осылайша, егер пациенттерде левофлоксацинді қолданып емдеу кезінде немесе емдеуден кейін ауыр диарея дамыса, аталған диагнозды ескеру маңызды. Clostridium difficile-ден туындаған ауруға күдік туындаған жағдайда, левофлоксацинді қолдануды дереу тоқтату және кідіртпей сәйкесінше емдеуді бастау керек. Осы клиникалық жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарды қолдану қарсы көрсетілімді.

Құрысулардың туындауына бейім пациенттер

Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетуі және құрысуларды тудыруы мүмкін. Левофлоксацин сыртартқысында эпилепсиясы пациенттерге қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайларды» қараңыз), және басқа хинолондар сияқты, бұл препаратты құрысулардың туындауына бейім пациенттерде немесе белсенді заттары (мысалы, теофиллин) құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттарды қолданып қатарлас ем жүргізгенде ерекше сақтықпен қолдану керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз). Конвульсиялық құрысулар туындаған жағдайда («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз), левофлоксацинді қолданып емдеуді тоқтату керек.

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер

Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылулары бар пациенттерде, бактерияға қарсы хинолондық препараттармен ем жүргізу кезінде гемолиздік реакцияларға бейімділік байқалуы мүмкін. Осылайша, левофлоксацинді мұндай пациенттерде қолдану қажет болса, оларды гемолиздің туындауына қатысты қадағалау керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Левофлоксацин негізінен бүйрекпен экскрецияланатындықтан, оның функциясының бұзылуы бар пациенттерде Левозиннің дозасын түзету керек («Қолдану тәсілі мен дозаларын» қараңыз).

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Левофлоксацин кейде препараттың алғашқы дозасын енгізгеннен кейін туындайтын («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз) ауыр және өліммен аяқталу қаупі зор аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейінгі ангионевроздық ісіну) туғызуы мүмкін. Пациенттерге емдеуді дереу тоқтату және тиісінше шұғыл көмек көрсетілуі үшін, емдеуші дәрігермен немесе жедел жәрдем дәрігерімен хабарласу керек.

Ауыр буллездік реакциялар

Левофлоксацинді қолданған кезде, Стивенс–Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз сияқты терінің ауыр буллездік реакциялары туындаған жағдайлар туралы хабарланды («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Пациенттерге теріде/шырышты қабықтарда реакциялар туындаған жағдайда, емдеуді жалғастырмас бұрын дереу емдеуші дәрігермен хабарласуды ұсыну керек.

Дисгликемия

Барлық хинолондарды қолданғандағы сияқты, гипо-, және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза мөлшерінің бұзылулары туындағаны туралы хабарланды, олар әдетте диабеті бар, пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қолдану арқылы қатарлас емдеуден өтіп жүрген пациенттерде байқалды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият қадағалау ұсынылады («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).

Фотосенсибилизацияның профилактикасы

Левофлоксацинді қолданғанда фотосенсибилизацияның туындағаны туралы хабарланды («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Фотосенсибилизацияның дамуын болдырмас үшін, пациенттерге қажет болмаған жағдайда емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 48 сағаттан соң қатты күн сәулесінің немесе жасанды УК сәуленің әсеріне (мысалы, УК шам, солярий) ұшырау ұсынылмайды.

K витаминінің антагонистерін қолданып емдеуден өткен пациенттер

Коагуляциялық сынамалар көрсеткіштерінің жоғарылауы (ПУ/ХҚҚ) және/немесе қан кетудің туындау мүмкіндігіне байланысты, левофлоксацин мен K витаминінің антагонисімен (мысалы, варфаринді) біріктіріп қолданып емделіп жүрген пациенттерде аталған препараттарды бір мезгілде қолданғанда коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг жүргізу қажет («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз).

Психоздық реакциялар

Левофлоксацинді қоса, хинолондарды қабылдап жүрген пациенттерде психоздық реакциялар туындаған жағдайлар туралы хабарланды. Өте сирек жағдайларда, тіпті левофлоксациннің дозасын бір рет қолданғаннан кейін де мұндай реакциялар пациенттің өзіне қауіп төндіретін суицидтік ойлар мен мінез-құлықтардың пайда болуына дейін үдеді («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Осы сияқты реакциялар пайда болған жағдайда, левофлоксацинді қабылдауды тоқтату және тиісінше шараларды қолдану керек. Левофлоксацинді психозы бар науқастарда немесе сыртартқысында психиатриялық аурулар болған жағдайда, сақтықпен қолдану керек.

QT аралығының ұзаруы

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды, QT аралығы ұзаруының төмендегідей белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек:

- туа біткен QT аралығының ұзару синдромы

- QT аралығының ұзаруын тудыруы мүмкін дәрілік заттарды қатарлас қолдану (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы препараттар, үшциклдық антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)

- электролиттер теңгерімінің түзелмейтін бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).

Егде жастағы науқастар мен әйелдер QT аралығының ұзаруын тудыратын препараттарға сезімталырақ болуы мүмкін. Сәйкесінше, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды пациенттердің аталған топтарында сақтықпен қолдану керек («Қолдану тәсілі мен дозаларын» Егде жастағы пациенттерді, «Дәрілермен өзара әрекеттесуін», «Жағымсыз әсерлерін», «Артық дозалануын» қараңыз).

Шеткергі нейропатия

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде, шеткергі сенсорлық нейропатия мен шеткергі сенсомоторлық нейропатияның туындағаны туралы хабарланды, олар айтарлықтай жылдам дамуы мүмкін («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз»). Нейропатия симптомдары пайда болса, қайтымсыз бұзылулардың дамуын болдырмау үшін, левофлоксацинді қолдануды тоқтату керек.

Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

Левофлоксацинді қолданғанда, негізінен, негізгі ауыр ауруы, мысалы сепсисі бар пациенттерде («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз) өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне дейінгі бауыр некрозы жағдайлары туралы хабарланды. Анорексия, сарғаю, несептің қараюы, қышыну және іштің ауыруы сияқты бауыр ауруларының симптомдары мен белгілері бар пациенттерге емдеуді тоқтатуды және емдеуші дәрігермен хабарласуды ұсыну керек.

Гравис миастениясының өршуі

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықеттік бөгегіштік белсенділікке ие және гравис миастениясынан зардап шегіп жүрген пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Өлім жағдайлары мен өкпені қосымша жасанды желдету қажеттілігін қоса, маркетингтен кейінгі қадағалау кезеңінде туындаған күрделі жағымсыз реакциялар гравис миастениясынан зардап шегіп жүрген пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Пациенттің сыртартқысында гравис миастениясы болған жағдайда, левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.

Көрудің бұзылуы

Көрудің бұзылулары немесе препаратты қабылдаудың көзге әсерінің белгілері туындаған жағдайда, дереу офтальмологқа қаралу керек.

Суперинфекция

Левофлоксацинді, әсіресе ұзақ уақыт бойы қолдану, сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне алып келуі мүмкін. Суперинфекция туындаған жағдайда, емдеу кезеңінде тиісінше шараларды қолдану керек.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері

Левофлоксацинді қолданып емделіп жүрген пациенттерде, несептегі апиындарды анықтауға жүргізілген талдау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Апиындардың бар-жоқтығына анағұрлым спецификалық әдісті пайдаланып жүргізілетін талдаулардың нәтижелерін дәлелдеу қажет болуы мүмкін.

Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis көбеюін бәсеңдетуі, соған орай, туберкулезді бактериологиялық диагностикалаудың жалған теріс нәтижелеріне себеп болуы мүмкін.

Жүктілік

Левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолдану жөніндегі деректер көлемі аз. Клиникаға дейінгі зерттеулерден ұрпақ өрбітуге уыттылығы тұрғысынан тікелей немесе жанама зиянды әсерлері анықталған жоқ. Алайда клиникалық деректер жоқ болғандықтан, сондай-ақ, іс-тәжірибе деректері фторхинолондардың әсерінен өсіп келе жатқан организмдегі салмақ жүктемесін көтеретін сіңірлердің зақымдану қаупін растайтындығы салдарынан, левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолданбаған дұрыс.

Лактация кезеңі

Левозин бала емізіп жүрген әйелдерге қарсы көрсетілімді. Қазіргі сәтте левофлоксациннің емшек сүтімен бөлініп шығуына қатысты ақпарат жеткіліксіз; алайда, басқа фторхинолондардың емшек сүтімен бөлініп шығатындығы белгілі. Клиникалық деректер жоқ болғандықтан, сондай-ақ, іс-тәжірибе деректері фторхинолондардың әсерінен өсіп келе жатқан организмдегі салмақ жүктемесін көтеретін сіңірлердің зақымдану қаупін растайтындығы салдарынан, левофлоксацинді бала емізіп жүрген әйелдерде қолданбаған дұрыс.

Фертильділік

Левофлоксацин клиникаға дейінгі зерттеулерде фертильділіктің немесе ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуын туғызған жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кейбір жағымсыз әсерлері (мысалы, бас айналуы/вертиго, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы) пациенттің зейін шоғырландыру қабілетін нашарлатуы және реакциясын төмендетуі, және сәйкесінше, бұл сапалар (автокөлік басқару немесе жабдықтармен жұмыс жасау) аса маңызды жағдайларда қауіп төндіруі мүмкін.

Артық дозалануы

Препараттың емдік дозаларынан тыс дозаларын қолданып жүргізілген клиникаға дейінгі уыттылығын зерттеу және клиникалық фармакологиясын зерттеу нәтижелеріне сәйкес, таблеткалар түріндегі Левозин препаратымен жедел артық дозаланудан кейін пайда болады деп күтілуі мүмкін анағұрлым маңызды белгілерге сананың шатасуы, бас айналуы, сана бұзылуы мен конвульсиялық құрысулар, QT аралығының ұзаруы сияқты жүйке жүйесі тарапынан болатын симптомдар, сондай-ақ, асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жүрек айнуы және АІЖ шырышты қабығының эрозиялары сияқты реакциялар жатады.

Маркетингтен кейінгі қадағалау барысында ОЖЖ тарапынан, сананың шатасу жағдайы, конвульсиялар, елестеулер және тремор сияқты әсерлер байқалды.

Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу керек. QT аралығының ұзару мүмкіндігіне байланысты, ЭКГ-мониторинг жүргізу қажет. Асқазанның шырышты қабығын қорғау үшін, антацидтік дәрілерді қолдануға болады. Левофлоксацинді организмнен шығаруда перитонеальді диализ бен ТАПД қоса, гемодиализ тиімсіз. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 5 немесе 7 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан (барлық дозалары үшін 5 немесе 7 таблеткадан) немесе 2 пішінді қаптамадан (250 мг және 500 мг дозасы үшін 7 таблеткадан) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

572736331477976209_ru.doc 154.5 кб
996129221477977464_kz.doc 226 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники