Лактулоза-ТК

МНН: Лактулоза
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lactulose
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023089
Информация о регистрации в РК: 09.03.2021 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 1 070.34 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Лактулоза-ТК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лактулоза

Дәрілік түрі, дозасы

Шәрбат, 667 мг/мл

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Іш қатуларды емдеуге арналған препараттар. Осмостық іш жүргізетіндер. Лактулоза.

АТХ коды А06АD11

Қолданылуы

  • іш қатуда (жуан ішектің физиологиялық ырғағын реттеу)

  • бауыр энцефалопатиясында (бауыр комасын немесе прекомасын емдеуде және профилактикасында)

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- лактулозаға аса жоғары сезімталдық

- галактоземия

- ішек бітелісі, асқазан-ішек жолының тесілуі немесе тесілу қаупі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Шығу тегі белгісіз абдоминалды ауыру пайда болған жағдайда емдеуді бастамас бұрын дәрігерден кеңес алған жөн.

Препаратты қабылдағаннан кейін бірнеше күн ішінде емдік әсері жеткіліксіз болған жағдайда дәрігерге қайта қаралу қажет. Лактулоза-ТК лактозаны көтере алмайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Қанттың мөлшеріне қатысты іш қатуын емдеу үшін Лактулоза-ТК емдік дозасы қант диабетімен ауыратын пациенттерге күрделілік тудырмайды. Дегенмен бауыр прекомасын және комасын емдеуде пайдаланылатын дозасы әдетте аса жоғары болғандықтан, оны қант диабетімен ауыратын пациенттерге тағайындағанда ескерген жөн.

Түзетілмеген дозаны ұзақ қабылдау және препаратты дұрыс қолданбау диареяға және электролиттік теңгерімнің бұзылуына әкеп соғады.

Лактулоза-ТК құрамында лактоза, галактоза және фруктозаның аздаған мөлшері бар. Сондықтан галактозаны немесе фруктозаны жақпаушылық, лактаза тапшылығы синдромы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулар бар пациенттерге Лактулоза-ТК қабылдауға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Лактулоза басқа препараттар (мысалы, тиазидтер, кортикостероидтар және амфотерицин В) туындатқан калийді жоғалтуды арттыруы мүмкін. Жүрек гликозидтерімен бір уақытта қабылдау калий тапшылығына байланысты олардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Балалар

Балаларға іш жүргізгіш дәрілерді тек ерекше жағдайларда ғана және дәрігердің бақылауымен қолданады.

Емдеудің нәтижесінде ішекті босату рефлексінің бұзылуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Жүктілік және лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезеңінде қабылдау кезінде лактулозаның жүйелік әсерінің жоқтығынан шаранаға әсер етуі болжанбаған.

Препараттың емшек емізу кезеңінде қабылдау кезінде лактулозаның жүйелік әсерінің жоқтығынан нәрестеге әсер етуі болжанбаған.

Лактулоза-ТК жүкті әйелдерде және емшек емізетін әйелдерде қолдануға болады.

Препараттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Лактулоза-ТК көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Лактулоза-ТК шәрбатын сұйылтпай немесе сұйылтып қабылдауға болады. Бір реттік дозаны ауызда ұзақ уақыт ұстамай, бірден жұтқан жөн. Препараттың дозасын пациенттің жекелей қажеттіліктеріне қарай таңдайды.

Егер препаратты бір рет қабылдау ұсынылған болса, онда тәуліктік дозаны үнемі бір ғана уақытта, мысалы таңғы астан кейін қабылдау керек. Іш жүргізетін дәрілерді қабылдау кезеңінде жеткілікті мөлшерде, күніне 1.5-2.0 л сұйықтық немесе 6-8 стаканға дейін су ішу ұсынылады.

Іш қатуды емдеу үшін

Лактулоза-ТК тәуліктік дозасын бір рет немесе екі ретке бөліп қабылдауға болады. Ем басталғаннан кейін бірнеше күннен соң емдік тиімділігіне қарай демеуші дозаға көшуге болады. Емдiк әсерiнiң дамуы үшін 2-3 күн қажет етілуі мүмкін.

Дозалануы келесі кестенің көмегімен анықталады:

Жасы

Бастапқы доза,

күніне

Демеуші доза,

күніне

Ересектер

15-45 мл

15-30 мл

7-14 жастағы балалар

15 мл

10-15 мл

1-6 жастағы балалар

5-10 мл

5-10 мл

1 айға дейінгі нәрестелер

5 мл

5 мл

Бір айға дейінгі (жаңа туған нәрестелер) 18 жасқа дейінгі балалар үшін дәрімен артық дозалану туралы деректер жоқ.

Бауыр комасын және прекомасын емдеу үшін (тек қана ересектер үшін):

Бастапқы дозасы 30-45 мл-ден күніне 3-4 рет. Содан соң жұмсақ нәжіс күніне 2-3 рет болатындай демеуші дозаға көшеді.

Егде жастағы пациенттер және бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозалау бойынша арнайы ұсынымдар жоқ, себебі лактулозаның жүйелік әсері елеусіз.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: іш ауыруы және диарея.

Емі: препараттың дозасын төмендету немесе тоқтату. Диареяның немесе құсудың нәтижесінде сұйықтықты қатты жоғалту электролиттік теңгерімді түзетуді қажет етуі мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге консультация алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Қажет болған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінуге болады.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қолдану керек шаралар

Емдеудің алғашқы күндері метеоризмнің дамуы мүмкін. Әдетте, ол бірнеше күннен кейін бітеді. Нұсқаулықта көрсетілгеннен жоғары дозаларды қабылдау кезінде іштің ауыруы және диареяның дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда дозаны төмендету керек.

Бауыр энцефалопатиясын емдеу кезінде ұзақ уақыт бойы жоғары дозаларды қабылдаған жағдайда пациенттерде диареяның салдарларынан электролиттік теңгерімнің бұзылуы ықтимал.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылуларда

Өте жиі

- диарея

Жиі

- метеоризм, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу

Басқа да бұзылуларда

Жиі емес

- диарея кезінде электролиттік теңгерімсіздік

Балалар

Препаратты балаларға қолданған кезде ересектермен салыстырғанда сондай қауіпсіздік саласы күтіледі.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1000 мл препараттың құрамында:

белсенді зат: сұйық лактулоза (салмағы/көлемі 70% кем емес) – 953 мл-ден кем емес

қосымша зат: 1000 мл-ге дейін тазартылған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе аздап қоңырқай-сары тұтқыр сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 мл, 500 мл, 1000 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын қақпағы бұрандалы мойны бар полимерлі материалдан жасалған құтыларда.

Құтыларға өздігінен жабысатын қағаз заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан өлшеуіш стақанмен бірге немесе өлшеуіш стақансыз медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Тұтынушымен келісім бойынша, өлшеуіш стақанымен немесе өлшеуіш стақансыз медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге құтыларды екінші қаптамасыз топтық ыдысқа салуға жол беріледі.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467,

тел.: 8 (7132) 21 72 15.

Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467,

тел.: 8 (7132) 21 72 15.

Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467,

тел.: 8 (7132) 21 72 15.

Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

Лактулоза_ЛВ_каз.doc 0.09 кб
Лактулоза_ЛВ_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту