Коэнзим Композитум (2.2 мл, №5)

Производитель: Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018046
Информация о регистрации в РК: 19.01.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Коэнзим Композитум

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 2.2 мл

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар.

АТХ коды V03АХ

Гомеопатиялық дәрілік препарат.

Қолданылуы

Ішкі ағзалардың және тірек-қимыл аппаратының созылмалы дегенерациялық ауруларында бөгелген немесе белсенділендірілмеген жасушаішілік ферменттік жүйені көтермелеуге.

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолданылуы

Берілген препаратты балаларда пайдалану тәжірибесінің жеткілікті құжаттық бекітілуі болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Жүктілік және емшекпен емізу кезеңінде препаратты тек емнің анаға да, шарана немесе балаға да болжамды пайдасы мен қатер-қаупінің арақатынасын мұқият таразылап алған соң ғана қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Стандартты доза:

Препарат ересектерге аптасына 1-3 рет 2.2 мл-ден (бір ампуладан) тағайындалады.

Енгізу әдісі және жолы

Тері астына, тері ішіне немесе бұлшықет ішіне.

Шыны ампуланы ашу жөніндегі нұсқаулық:

Абайлап қолданыңыз. Ампуланы ашуда нұсқаулықты қатаң ұстаныңыз. Шыны ампуланы кесудің қажеті жоқ. Ампуланың бас жағын жоғары қаратып қисайтып ұстаңыз және ампуладағы дәрі төмен қарай ағу үшін ампуланы жақсылап сілкіңіз. Одан кейін көрсетілген түрлі түсті нүктеге күш салып ампуланың басын сындырыңыз. Ампулада пайдаланылмаған қалған препаратты тастаңыз.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 2-5 апта. Емдеу курсының жалғастырылуы дәрігердің тағайындауына қарай.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препараттың артық дозалануы туралы мәлімделмеген.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер сізде осы препаратты пайдалану туралы басқа сұрақтар туындаса, дәрігеріңізден немесе медициналық қызметкерден сұраңыз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін бағалау мүмкін емес)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Коэнзим Композитум – кешенді гомеопатиялық препарат. Кребс циклының ферменттік жүйесін реттейді және белсенділендіреді, тіндер гипоксиясын жояды, метаболизмдік, антиоксиданттық, уытсыздандыратын әсері бар, репарациялық үдерістер барысын жақсартады. Препарат әсері организмнің қорғаныс күшін мен бұзылған функцияларын препарат құрамына кіретін өсімдік және минералды тектегі заттар есебінен белсенділендіріп, қалпына келтіруге негізделген.

Дәрілік препарат құрамы

Бір ампуланың (2.2 мл) ішінде

белсенді заттар:

Acidum ascorbicum D6

22.0 мг

Acidum alpha-ketoglutaricum D8

22.0 мг

Acidum cis-aconiticum D8

22.0 мг

Acidum citricum D8

22.0 мг

Acidum fumaricum D8

22.0 мг

Acidum malicum D8

22.0 мг

Acidum succinicum D8

22.0 мг

Adenosinum triphosphoricum D10

22.0 мг

Barium oxalsuccinicum D10

22.0 мг

Beta vulgaris rubra D4

22.0 мг

Coenzym A D8

22.0 мг

Cysteinum D6

22.0 мг

Hepar sulfuris D10

22.0 мг

Nadidum D8

22.0 мг

Natrium pyruvicum D8

22.0 мг

Natrium riboflavinum phosphoricum D6

22.0 мг

Nicotinamidum D6

22.0 мг

Pulsatilla pratensis D6

22.0 мг

Pyridoxinum hydrochloricum D6

22.0 мг

Sulfur D10

22.0 мг

Thiaminum hydrochloricum D6

22.0 мг

Acidum thiocticum D6 «сулы»

22.0 мг

Cerium oxalicum D8 «сулы»

22.0 мг

Magnesium oroticum dihydricum D6 «сулы»

22.0 мг

Manganum phosphoricum D6 «сулы»

22.0 мг

Natrium diethyloxalaceticum D6 «сулы»

22.0 мг

қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Иісі жоқ, түссіз мөлдір ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2.2 мл-ден түссіз шыны ампулада, ампуланың жоғарғы бөлігінде түрлі түсті таңбалаған нүкте.

ПВХ-дан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 ампуладан. Пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тел.: +49 7221 501-00

Факс: +49 7221 501-210

info@heel.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тел.: +49 7221 501-00

Факс: +49 7221 501-210

info@heel.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«GO PHARM» ЖШС

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103 кеңсе

Эл. пошта: aemservices@mail.ru

Тел.: +7 707 798 83 99

Прикрепленные файлы

Коэнзим_Композитум_р-р_ИМП.docx 0.04 кб
Коэнзим_Композитум_ИМП_каз.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту