Кордиамин (25 %)

МНН: Никетамид
Производитель: Здоровье ФК ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nikethamide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014768
Информация о регистрации в РК: 01.04.2020 - 01.04.2025
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Кордиамин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Никетамид

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 25% 2 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

Белсенді зат – никетамид 250 мг

Қосымша зат инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз немесе аздап боялған ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Тыныс алу орталығы стимуляторлары. Никетамид.

АТХ коды R07AB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кордиамин енгізу жолына қарамай-ақ жақсы абсорбцияға ие болады. Бауырда белсенді емес метаболиттер түзе отырып жылдам метаболизмге ұшырайды. Негізгі метаболиттер никотин қышқылының моноэтиламиді, никотинамид, никетамид-М-тотығы және никотин қышқылы болып табылады.

Бүйректер арқылы жылдам шығарылады.

Фармакодинамикасы

Әсер етуі аралас типтегі аналептикалық дәрі.

Әсер ету механизмі орталық және шеткергі компоненттермен байланысты. Орталықтық әсер ету компоненті сопақша мидың тамыр қозғалтқыш орталығына тікелей әсер етуімен байланысты, оның қозуына және сол арқылы жүйелік артериялық қысымның көтерілуіне әкеледі (әсіресе, осы орталықтың алғашқы бәсеңдеуі кезінде). Шеткергі компонент каротидтік синус хеморецепторларының қозуымен байланысты, ол тыныс алу қозғалысы жиілігі мен тереңдігінің артуына әкеледі.

Кордиамин тамыр қозғалтқыш және тыныс алу орталығының тікелей және рефректорлық қозғыштығын шақырып, орталық жүйке жүйесін көтермелейді, ол жалпы тамырлардың шеткергі кедергісінің артуына және артериялық қысымның жоғарылауына әкеледі (тиімділігі артериялық қысым төмендегенде байқалады). Жүрекке және тамыр тарылту әсеріне тікелей көтермелеу әсерін бермейді.

Әсер ету ұзақтығы 15-60 минут.

Қолданылуы

- коллапста және асфиксияда (оның ішінде жаңа туған нәрестелерде)

- операциялық араласулар кезінде және операциядан кейінгі кезеңдегі шок жағдайында

- қан айналымының жедел және созылмалы бұзылуында

- қантамырлары тонусының төмендеуінде, жұқпалы аурулар кезінде және сауығу кезеңінде тыныс алудың бәсеңдеуінде

- ұйықтататын және ауыруды басатын дәрілермен уланғанда (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тері астына, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне енгізеді. Бір реттік және тәуліктік дозаны, енгізу жиілігін көрсетіліміне және емделушінің жасына байланысты дәрігер жекелей анықтайды. Көктамыр ішіне енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын натрий хлоридінің 10 мл 0,9 % ерітіндісіне араластырады және 1-3 минут ішінде енгізеді.

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-3 рет 1-2 мл-ден тағайындайды. Ересектерге арналған жоғарғы доза: бір реттік – 2 мл, тәуліктік – 6 мл. Ұйықтататын және ауыруды басатын дәрілермен уланғанда ересектерге арналған препараттың бір реттік дозасы 5 мл құрайды.

14 жастан кіші балаларға препарат жасына байланысты тері астына тәулігіне 1-3 рет мынадай бір реттік дозада тағайындалады: 1 жасқа дейінгілерге – 0,1 мл; 1 - 4 жастағыларға - 0,15 – 0,25 мл; 5 – 6 жастағыларға – 0,3 мл; 7 – 9 жастағыларға – 0,5 мл; 10 – 14 жастағыларға – 0,75 мл.

Жағымсыз әсерлері

- Орталық жүйке жүйесі тарапынан: мазасыздық, жоғары ашушаңдық, үрейлену

- Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айну, құсу

- Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: тахикардия, аритмия, артериялық гипертензия

- Тірек-қозғалыс аппараты тарапынан: бұлшықеттердің тартылуы (ауыз айналасының бұлшықетінен басталатын), тремор, бұлшықет сіресуі

- Дерматологиялық реакциялар: беттің ісінуі немесе қызаруы, тері жабынының қышынуы және/немесе терінің қабыршықтануы

- Басқалары: гипертермия, қатты тершеңдік

- Аллергиялық реакциялар: есекжем, ангионевротикалық ісіну, жайылған папулездік бөртулер

- Жергілікті реакциялар: енгізілген жердегі инфильтрация және ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- никетамидке аса жоғары сезімталдық

- құрысуға, эпилепсияға, эпилепсиялық ұстамаларға бейімділік (сыртартқыда)

- балалардағы гипертермия

- порфирия

- жүктілік, бала емізу кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Никетамидтің аналептикалық әсері парааминосалицил қышқылының (ПАСҚ), салюзидтің, фенотиазин туындыларының (аминазин және т.б.) әсер етуімен азаяды. Аминазин және резерпин никетамидтің құрысу әсерін күшейтуі мүмкін. Никетамидтің прессорлық әсері моноаминооксидаза тежегіштерінің әсер етуімен жоғарылайды. Никетамид фтивазидті көтере алмаушылықтың дамуына ықпал етеді. Психостимуляторлардың, антидепрессанттардың әсерлерін күшейтеді. Есірткілік аналгетиктердің, ұйықтататын, антипсихоздық, құрысуға қарсы дәрілердің, анксиолитиктердің әсерлерін төмендетеді.

Терең наркоз кезінде әсер етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты стационар жағдайында тек дәрігердің бақылауымен қолданады. Көктамыр ішіне енгізгенде қысқа мерзімді әсер етеді.

Кордиаминнің теріастылық және бұлшықетішілік инъекциясы ауыртатын болғандықтан, инъекция орнында ауыруды бәсеңдету үшін ересектерге алдын ала новокаин (1 мл 0,5% ерітінді) енгізеді.

Препарат қышқылдармен және сілтілермен белсенділігін жояды. Тек қана ұсынылған еріткішті пайдалану керек. Басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде автокөлікті басқарудан және назар шоғырландыру мен және психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығын қажет етумен байланысты қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындаудан аулақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі; үлкен дозаларда препарат жайылған тонико-клоникалық құрысуларды, сана және тыныс алу бұзылуларының дамуын, құрысу кезінде апноэні туындатуы мүмкін, өліммен аяқталуы жоққа шығарылмайды.

Емі: құрысуға қарсы дәрілерді қолдану, қарқынды диурез; қажет болғанда – жасанды жолмен тыныс алдыру.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл препараттан шыны ампулаларға құяды.

5 немесе 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден немесе поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптама 5 ампуладан немесе 1 пішінді ұяшықты қаптама 10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен, керамикалық кескіш дискісімен немесе керамикалық ампулаға арналған пышағымен картон қорапқа салынған.

10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен, керамикалық кескіш дискісімен немесе керамикалық ампулаға арналған пышағымен аралығы бар картон қорапқа салынған.

Сындыруға арналған сақинасы немесе нүктесі және кертігі бар болса ампуладағы препаратты қаптау кезінде ашуға арналған керамикалық кескіш диск немесе керамикалық ампулаға арналған пышақ салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

“Здоровье” фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ

Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Здоровье” фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ, Украина.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фарм-Евро» ЖШС

050039, Алматы қ-сы, Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер

Тел.: +7(727) 271-10-17

Факс: +7(727) 271-84-97

E-mail: farmevro@mail.ru

Прикрепленные файлы

668450171477976514_ru.doc 51.5 кб
413948541477977675_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники