Ко-пренесса®

МНН: Индапамид, Периндоприл
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Периндоприл в комбинации с диуретиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020094
Информация о регистрации в РК: 03.01.2019 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 10055/12/13/18/19
Информация о регистрации в РБ: 08.02.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 23.07 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

КО-ПРЕНЕССА®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

8 мг/2.5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 8 мг периндоприл эрбумині,

2.5 мг индапамид

қосымша заттар: кальций хлориді гексагидраты, лактоза

моногидраты, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, натрий гидрокарбонаты, кремнийдің коллоидты гидратацияланған қостотығы, магний стеараты

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті сәл дөңес, бір жағында сызығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар.

Басқа препараттармен біріктірілген АКФ тежегіштері. Диуретиктермен біріктірілген периндоприл.

АТХ коды С09ВА04

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Периндоприл мен индапамидтің бекітілген біріктірілімінің фармакокинетикалық көрсеткіштері оларды әр бөлек қолданумен салыстырғанда ерекшеленбейді.

Периндоприл ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді, ең жоғары концентрациясына 1 сағат өткенде жетеді. Қан плазмасындағы периндоприлдің жартылай ыдырау кезеңі 1 сағат құрайды.

Периндоприл ізашар дәрі болып табылады. Периндоприлдің қабылданған дозасының 27 %-ы белсенді метаболит – периндоприлат түрінде қан ағымына жетеді. Белсенді периндоприлаттан басқа, периндоприл белсенді емес бес метаболитті түзеді. Плазмадағы периндоприлат ең жоғары концентрацияларына 3-4 сағат ішінде жетеді.

Ас ішу периндоприлатқа айналуды, соған сай, биожетімділігін де төмендетеді. Плазмадағы периндоприл мөлшері желілі сипатта дозаға байланысты.

Таралу көлемі байланыспаған периндоприлат үшін шамамен 0,2 л/кг құрайды. Периндоприлаттың плазма протеиндерімен, негізінен, ангиотензин-конвертирлеуші ферментпен (АКФ) байланысуы 20% құрайды. Периндоприлат несеппен шығарылады, байланыспаған фракциясының түпкілікті жартылай шығарылу кезеңі 17 сағатқа жуық құрайды, бұл тұрақты жағдайға 4 күн ішінде алып келеді.

Егде жастағы емделушілерде, сондай-ақ жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде периндоприлат шығарылуы төмендеген.

Бүйрек жеткіліксіздігінде нашарлау дәрежесіне қарай дозаны түзеткен дұрыс.

Периндоприлат диализінің клиренсі 70 мл/минутқа тең.

Периндоприл кинетикасы циррозы бар емделушілерде ерекшеленеді: бауыр клиренсі жартылай төмендейді, дегенмен түзілетін периндоприлат мөлшері азаймайды, сондықтан да дозаны түзету қажет емес.

Индапамид асқазан-ішек жолынан жылдам және толық сіңеді.

Плазмадағы ең жоғары концентрациясына препаратты ішке қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағат ішінде жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 79% құрайды.

Жартылай шығарылу кезеңі 14-тен 24 сағатқа дейін құрайды (орташа 18 сағат). Қайталап қабылдау жинақталуына алып келмейді. Шығарылуы негізінен несеппен (70% доза) және нәжіспен (22%) белсенді емес метаболиттер түрінде жүзеге асады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде фармакокинетикасы өзгеріссіз қалады.

Фармакодинамикасы

Ко-Пренесса® АКФ тежегіші – периндоприлдің және хлорсульфамидті диуретик – индапамидтің терт-бутиламин тұзының біріктірілімі болып табылады. Оның фармакологиялық қасиеттері жеке алынған әр компонентке байланысты, бұған біріктірілген екі препараттың аддитивті синергиялық әсері қосылады.

Периндоприл I ангиотензинді тамыр тарылтушы зат - II ангиотензинге айналдыратын АКФ тежегіші болып табылады. Бұдан басқа, энзим бүйрек үсті бездері қыртысының альдостерон өндіруін және тамыр тарылтушы зат – брадикининнің белсенді емес гептапептидтерге деградациялануын көтермелейді.

Нәтижесінде альдостерон өндірілуінің төмендеуі, плазма ренині белсенділігінің артуы болады, өйткені альдостерон қайтымды кері байланысты күшейтпейді. Ұзақ уақыт емделгенде тамырлардың жалпы шеткергі қарсыласуы төмендеп, бұлшықеттер мен бүйректің тамырлы қойнауына басым әсері байқалады; бұл орайда тұз және су немесе рефлекторлы тахикардия іркілісі болмайды.

Периндоприлдің гипертензияға қарсы әсері ренин концентрациялары төмен немесе қалыпты емделушілерде де көрініс береді.

Периндоприл әсері периндоприлат метаболитінің белсенділігінен болады. Басқа метаболиттері белсенді емес. Периндоприл жүрекке түсетін жүктемені азайтып, көктамырларға тамыр кеңейткіш әсер көрсетеді (мүмкін, простагландиндер метаболизмін өзгерту жолымен) және тамырлардың жалпы шеткергі қарсыласуын (ТЖШҚ) азайту арқылы кейінгі жүктемені төмендетеді.

Жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде периндоприл сол жақ және оң жақ қарыншаның толу қысымын түсіреді, ТЖШҚ төмендетеді, жүрек лықсытуын арттырады (сол арқылы жүрек индексін жақсартумен), бұлшықеттердегі жергілікті қан ағымын молайтады. Нәтижесінде дене жүктемесімен жасалған сынама нәтижелері едәуір жақсарады.

Периндоприл гипертензияның барлық: жеңіл, орташа және ауыр дәрежелерінде белсенді.

Систолалық және диастолалық артериялық қысымның төмендеуі емделушілерде жатқан қалыпта да, тұрған күйінде де байқалады. Бір реттік дозасынан кейінгі гипертензияға қарсы ең жоғары белсенділігі 4-тен 6 сағатқа дейін құрап, 24 сағат бойы сақталады. АКФ қалдықтық бөгелісінің жоғары дәрежесі 24 сағаттан соң болады (шамамен 80%). Реакция танытқан емделушілер қалыпқа түсетін және тахифилаксиясыз сақталатын артериялық қысымға бір ай өткен соң қол жеткізеді. Емдеуді тоқтату гипертензия кезінде кері әсер бермейді.

Периндоприлдің тамыр тарылтатын қасиеттері бар, негізгі артериялық діңдердің созылғыштығын қалпына келтіреді, артериялар қарсыласуының гистоморфометриялық өзгерістерін түзетеді және сол жақ қарынша гипертрофиясының төмендеуіне алып келеді. Тиазидті диуретиктер қосу қажет болғанда аддитивті синергиялық әсер береді.

АКФ тежегішін тиазидті диуретикпен біріктіру бір ғана диуретик қабылдаумен байланысты гипокалиемияның даму қаупін азайтады.

Индапамид индол сақинасы бар сульфамид туындысы болып табылады, фармакологиялық тұрғыдан диуретиктердің тиазидті тобына жатады. Индапамид кортикальді ажыратушы сегментте натрийдің кері сіңірілуін тежейді. Ол натрий мен хлоридтердің несеппен шығарылуын және аз дәрежеде калий мен магнийдің бөлініп шығуын ұлғайтады, сол арқылы несептің шығуын молайтып, гипертензияға қарсы әсер көрсетеді.

Ко-Пренессамен® байланысты:

Жас ерекшелігіне қарамастан гипертензиялық емделушілерде жатқан немесе тұрған қалыпта да дәрі гипертензияға қарсы диастолалық және систолалық артериялық қысымға дозалануына қарай әсер көрсетеді.

Гипертензияға қарсы әсері 24 сағатқа дейін созылады. Артериялық қысымның төмендеуіне тахифилаксиясыз бір айдан аз уақытта жетеді; емдеуді тоқтату тоқтатудан болатын синдромды туындатпайды.

Периндоприл мен индапамидті бір мезгілде қабылдау өз алдына бөлек қабылданатын препараттардың әрқайсысына қатысты синергиялық сипатта гипертензияға қарсы әсер көрсетеді.

Сол жақ қарынша гипертрофиясы бар гипертензиялық емделушілерде 8 мг/2.5 мг дозаланған Ко-Пренесса® сол жақ қарыншаның масса индексін (СҚМИ) едәуір төмендетеді.

Қолданылуы

- Дозалары осы деңгейде, бір мезгілде тағайындалған периндоприлмен және индапамидпен АҚ бақыланып жүрген емделушілерде эссенциялық гипертензияны емдеу үшін орын басушы ем ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған.

Әдеттегі дозасы күніне Кo-Пренессаның® 8 мг/2.5 мг бір таблеткасын құрайды, оны таңертең ас ішер алдында қабылдаған дұрыс.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде плазмадағы креатинин жасына, салмағына және жынысына қарай түзетілуі тиіс. Егер АҚ бақылауынан кейін бүйректің қызмет атқару жағдайы қалып шегінде болса, егде жастағы емделушілерді емдеуді бастауға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр және орташа дәрежелі емделушілерде (КК< 60

мл/мин): «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз.

Креатинин клиренсі 60 мл/минуттан жоғары немесе оған тең емделушілерде дозалануын өзгерту қажет емес. Емдеу басталғаннан кейін бір апта өткенде, ал артынан 2-3 айдан соң әдеттегі келесі медициналық бақылауда креатинин және калий деңгейлеріне жасалатын мониторинг қамтылуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бауыр жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде: «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз.

Бауыр жеткіліксіздігі орташа дәрежедегі емделушілерде дозалануын өзгерту қажет емес.

Кo-Пренесса® препаратымен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Балалар және жасөспірімдер

Кo-Пренесса® 8 mg/2.5 мг таблеткаларын балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды, өйткені монотерапиядағы немесе біріктірілген периндоприл тиімділігі мен көтерімділігі анықталмаған.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (³ 1/100-ден <1/10-ға дейін):

- көрудің нашарлауы

- құлақтың шыңылдауы

- ортостатикалық немесе басқа гипотензия

- емдеуді тоқтатқаннан кейін басылатын құрғақ жөтел.

Осы симптом болғанда ятрогенді шығу тегін қарастыру керек

  • фарингит, ринит, синусит

  • диспноэ

  • іш қату, ауыздың кеберсуі, жүрек айну, эпигастрий аумағындағы ауыру, іштің ауыруы, дәм сезудің бұзылуы, құсу, диспепсия, іш қату немесе диарея, тәбет жоғалту

- бөрту, қышыну, макулопапулезді бөртпе

  • бұлшықеттердің түйілуі

Жиі емес (³ 1/1,000-ден <1/100-ге дейін):

  • бронх түйілуі

- жоғары сезімталдықтың, негізінен, аллергиялық және демікпелік

реакцияларға бейімділігі бар емделушілердегі дерматологиялық

реакциялары

- пурпура

  • бұрын болған диссеминацияланған қызыл жегінің болжамды өршуі

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • импотенция

  • тершеңдік

  • қатері бар емделушілердің кейбір санатындағы шектен тыс күрделі төмендеуімен калий деңгейінің төмендеуі

  • сусыздануды және ортостатикалық гипотензияны туындататын гиповолемиямен натрий деңгейінің төмендеуі

  • қандағы глюкоза және несеп қышқылы деңгейінің көтерілуі

(емделу кезеңінде)

  • емдеуді тоқтатқаннан кейін қалпына келетін қан плазмасындағы креатинин мен мочевинаның мардымсыз артуы

  • әдетте, өтпелі сипатта калий деңгейінің көтерілуі

  • протеинурия

Сирек (³ 1/10000-нан <1/1000-ға дейін):

  • көңіл-күйдің немесе ұйқының бұзылуы

  • бас ауыру, бас айналу сезімі, күйгелектік, вертиго

  • құрысулар, парестезия

  • астения

  • қан плазмасында кальций деңгейінің көтерілуі

Өте сирек (<1/10000):

- тромбоцитопения, лейкопения/нейтропения, агранулоцитоз,

апластикалық анемия, гемолитикалық анемия

  • бүйрек трансплантациясы жасалған емделушілердегі, гемодиализде жүрген емделушілердегі анемия

  • сананың шатасуы

  • аритмия, брадикардияны қоса, қарыншалық тахикардия, жүрекшелер фибрилляциясы, стенокардия және миокард инфарктісі, жоғары қауіп

тобындағы емделушілерде шамадан тыс гипотензияға қатысты

салдарлы болуы мүмкін

  • эозинофилиялық пневмония

  • панкреатит

  • холестаз немесе цитолитикалық гепатит

- бауыр жеткіліксіздігі болған кезде бауыр энцефалопатиясының даму қаупі

- бет, аяқ-қол, ерін, шырышты қабық, тіл, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуі, уртикарлы бөрту

- алуан түрлі эритемалар, уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы

- жарыққа сезімталдық реакциялары

  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- периндоприлге, индапамидке, АКФ тежегіштері мен сульфонамидтерге және кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- АКФ тежегіштерімен бұрын жүргізілген еммен байланысты сыртартқыдағы ангионевротикалық ісіну (Квинке ісінуі)

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангиоэдема

- ауыр және орта дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі (КК< 60 мл/мин)

- гемодиализде жүрген емделушілер

- бауыр энцефалопатиясы

- ем қонбайтын, қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

- «пируэт» типті қарыншалық аритмияны туындататын аритмияға қарсы

дәрілерді бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (дәрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер болмауына орай)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

АКФ тежегіштері мен литий бір мезгілде қолданылғанда сарысудағы литий концентрациялары қайтымды жоғарылаған және уыттылық жағдайлары байқалды. Тиазидті диуретиктерді бір мезгілде қолдану кейіннен литий деңгейлерін арттырып, литиймен уыттану қаупін күшейтуі мүмкін. Периндоприлді индапамидпен және литиймен біріктіріп пайдалану ұсынылмайды, бірақ егер біріктірілім қажет болып саналса, сарысудағы литий деңгейлеріне мұқият мониторинг жасаған жөн.

Баклофен АКФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін әлеуеттендіреді. АҚ және бүйрек қызметіне мониторинг жасау, сондай-ақ гипертензияға қарсы препарат дозаларына дағдыландыру қажет.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (мысалы,қабынуға қарсы дозаланған ацетилсалицил қышқылымен, ЦОГ-2 тежегіштерімен және селективті емес ҚҚСП) гипертензияға қарсы әсері әлсіреп кетуі мүмкін. ҚҚСП мен АКФ тежегіштерін бір мезгілде қолдану болжамды жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек қызметінің бұзылу қаупінің артуына, сол сияқты, әсіресе, бүйрек қызметінің бұзылуы бұрыннан бар емделушілерде сарысулық калийдің көбеюіне алып келеді. Біріктірілімді, әсіресе, егде жастағы емделушілерде сақтықпен қолдану керек. Емделушілерге қажетті сұйықтық мөлшерін ішу керек, әрі бірге емдеу басталғаннан кейін және ем басталған соң әлсін-әлсін бүйрек қызметін бақылауға көңіл бөлу қажет.

Имипрамин типті антидепрессанттар (үш циклды антидепрессанттар), нейролептиктер гипертензияға қарсы әсерді және ортостатикалық гипотензияның даму қаупін күшейтеді (аддитивті әсер).

Кортикостероидтар, тетракозактидтер гипертензияға қарсы әсерін төмендетеді (кортикостероидтар қабылдау нәтижесінде тұз және су іркілісі).

Гипертензияға қарсы басқа дәрілік препараттарды периндоприлмен/индапамидпен қолдану қосымша АҚ төмендеуіне алып келеді.

АКФ тежегіштері диуретиктерден болатын калий жоғалуын азайтады. Калий жинақтаушы диуретиктер, мысалы, спиронолактон, триамтирен немесе амилорид, калий қоспалары немесе құрамында калий бар алмастырғыштар сарысулық калийдің едәуір көбеюіне алып келеді (өлімге ұшырауы зор). Егер анықталған гипокалиемияға байланысты бір мезгілде қолдану тағайындалса, оларды ЭКГ мен сарысулық калийдің жиі бақылауы кезінде абайлап қабылдау керек.

АКФ тежегіштерін пайдалану инсулинмен немесе гипогликемиялық сульфамидтермен ем алатын диабетиктерде гипогликемиялық әсерді арттыруы мүмкін. Гипогликемиялық жағдайлар өте сирек болады (инсулин қажеттілігінің кейіннен азаюымен глюкоза көтерімділігінің жақсаруы)

Аллопуринол, цитостатиктік немесе иммунодепрессиялық агенттер, жүйелі кортикостероидтар (жүйелі қабылдау) немесе прокаинамид АКФ тежегіштерімен бірге қабылдағанда лейкопенияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

АКФ тежегіштері кейбір ауыруды басатын препараттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді.

Диуретиктердің жоғары дозаларымен алдын ала емдеу қан көлемінің азаюына және периндоприлмен емдеудің басында гипотензия қатеріне алып келеді.

Алтын (натрий ауротиомалат) препаратын және АКФ тежегіштерін бірге қолданғанда нитритоидты реакциялар (беттің қызаруы, жүрек айну, құсу және гипотензия) сирек байқалады.

Гипокалиемияның даму қаупіне орай, индапамидті IA класты аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид); III класты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон, дофетилид, ибутилид, бретилий, соталол); кейбір нейролептиктер (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифлуоперазин), бензамидтер (амисульприд, сульпирид, сультоприд, тиаприд), бутирофенондар (дроперидол, галоперидол), басқа нейролептиктер (пимозид); бепридил, цисаприд, дифеманил, эритромицин IV, галофантрин, мизоластин, моксифлоксацин, пентамидин, спарфлоксацин, винкамин IV, метадон, астемизол, терфенадин сияқты басқа заттар сияқты дірілдеу-жыпылықтауды туындататын дәрілермен үйлестіріп сақтықпен қолдану керек. Калий деңгейі төмендеуінің алдын алу, QT аралығының мониторингі, қажет болса, дозаны түзету керек.

Калий деңгейін төмендететін препараттар, амфотерицин В (к/і), жүйелі глюкокортикоидтар және минералокортикоидтар (жүйелі қолдану), тетракозактидтер, көтермелейтін іш жүргізгіш дәрілер калий (аддитивті әсер) деңгейінің төмендеу қаупін арттырады, соған орай, калий деңгейіне мұқият мониторинг және дозаларды түзету қажет; оймақгүл гликозидімен емделген жағдайларда ерекше көңіл бөлу талап етіледі. Көтермелейтін іш жүргізгіш дәрілер пайдалануға тыйым салынған.

Калийдің төмен деңгейі жүрек глюкозидтерінің уытты әсер етуіне қолай туғызады, соған орай, калий және ЭКГ деңгейіне мониторинг жасау және/немесе, қажет болса, емдеуді қайта қарау керек.

Метморфин салдарынан болжамды функционалдық бүйрек жеткіліксіздігі туғызатын лактоцидоз ілмекті диуретиктермен байланысты. Метморфинді плазмадағы креатининнің ерлерде 15 мг/л (135 микромоль/л) және әйелдерде 12 мг/л (110 микромоль/л) жоғары деңгейінде қолдануға болмайды.

Сусыздану диуретиктерден болатын жағдайларда, әсіресе, йодталған контрастылы препараттың жоғары дозаларын пайдаланғанда жедел бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі жоғары болады. Йодталған құрамды енгізер алдында сұйықтық көлемін орнына келтіру қажет.

Кальций тұздары кальцийдің несеппен шығарылуының төмендеуіне орай кальций деңгейін арттырады.

Циклоспорин, егер тіпті тұз немесе су азаюы болмаса да, айналымдағы циклоспорин деңгейінің өзгерісінсіз креатинин деңгейінің жоғарылау қаупін арттырады.

 

Айрықша нұсқаулар

Төмен дозаланған Кo-Пренесса® 2мг/0.625 мг біріктірілімдері тұсында, гипокалиемияны қоспағанда, жекелеген монокомпоненттердің ең аз рұқсатталған дозаларымен салыстырғанда, дәрілік препаратқа жайсыз жағымсыз реакциялардың ешбір елеулі төмендеулері байқалмаған. Егер емделуші өзі үшін жаңа болып табылатын гипертензияға қарсы екі препараттың әсеріне бір мезгілде ұшыраса, идиосинкразиялық реакциялардың пайда болу жиілігінің жоғарылауы жоққа шығарылмауы мүмкін. Осы қатерді жоққа тән азайту үшін емделушінің жай-күйін мұқият бақылау қажет.

Литий препараттарын біріктіру және периндоприл/индапамид біріктірілімі ұсынылмайды.

АКФ тежегіштерін алатын емделушілерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия жағдайлары болды. Бүйрек қызметі қалыпты емделушілерде және басқа асқындырушы факторлар болмағанда нейтропения сирек пайда болады.

Периндоприл иммунодепрессиялық ем алатын, аллопуринолмен немесе прокаиномидпен емделетін тамырлардың коллагенді ауруы немесе осы асқындырушы факторлар біріктірілімі бар емделушілерде, әсіресе, егер бүйрек қызметі бұрыннан бұзылған болса, ерекше сақтықпен қолданылу керек.

Бет, аяқ-қол, ерін, тіл, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуі дамығанда периндоприл қабылдауды кідіріссіз тоқтату керек.

Көмейдің ісінуімен байланысты ангионевротикалық ісіну өлімге ұшыратуы мүмкін. Ісіну тілді, көмейді немесе дауыс саңылауын жайлап, өзінің соңынан тыныс жолдарының тарылуын ілестіруі ықтимал жағдайларда шұғыл тиісті шаралар қабылдау қажет, олар эпинефрин 1:1000 (0.3 мл-ден 0.5 мл-ге дейін) ерітіндісін тері астына енгізуді және/немесе емделушінің тыныс алуын қалыпқа түсіретін шараларды қамтиды.

АКФ тежегіштерін алатын емделушілердегі интестинальді ангиоэдема сирек кездеседі және АКФ тежегіштерін алатын асқазаны ауыратын емделушілердің дифференциялық диагнозына енгізілуі тиіс.

АКФ тежегіштерін десенсибилизация емін алатын аллергиясы бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек және улармен иммундық емделуден өтетін емделушілерде қолдануға болмайды. АКФ тежегіштері де, десенсибилизация емі де қажет болатын емделушілерде АКФ тежегіштерін қабылдауды десенсибилизация емінің басталуынан ең кемі 24 сағат бұрын уақытша тоқтату қажет.

АКФ тежегіштерін қабылдаған емделушілердегі декстран сульфатымен қосылған тығыздығы төмен липопротеиндермен аферез кезінде сирек жағдайларда туындаған өмірге қатерлі анафилактоидтық реакциялар әр аферез алдында АКФ тежегіштерін қабылдауды уақытша тоқтатумен жойылды.

Анафилактоидтық реакциялар жағдайлары АКФ тежегішін бір мезгілде алған және гидравликалық өткізгіштігі жоғары (мысалы, AN 69®) жарғақшалармен диализ жасалатын емделушілерде болды. Осы емделушілерде диализдік жарғақшаның басқа типін немесе гипертензияға қарсы препараттың басқа класын пайдалануға ерекше назар аудару керек.

Периндоприл мен калий жинақтаушы диуретиктердің, калий тұздарының біріктірілімі ұсынылмайды.

Бауыр қызметінің бұзылуында тиазидті диуретиктер және тиазидтілерге жататын диуретиктер бауыр энцефалопатиясына алып келуі мүмкін. Бұл жағдайда диуретиктер қабылдауды дереу тоқтату қажет.

Жарыққа сезімталдық реакциялары пайда болғанда емдеуді тоқтату ұсынылады, қайталап қабылдау қажет болса, күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін әсеріне ұшырайтын аймақтарды қорғауға кеңес беріледі.

Ауыр және орташа бүйрек жеткіліксіздігі жағдайларында (КК < 60 мл/мин) емдеу қарсы көрсетілімді.

Бүйрек қызметі бұзылған кейбір гипертензиялық емделушілерде емдеуді тоқтату қажет, не төмен дозада, не тек бір компонентпен жаңғыртуға болады. Осындай емделушілер үшін әдеттегі келесі медициналық бақылауда екі апта емделгеннен кейін, ал артынан ем тұрақтанған жағдайда әр екі ай сайын калий мен креатининге жиі мониторинг жасау қамтылуы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігінің жағдайлары, бүйрек артериясының стенозын қоса, негізінен ауыр жүрек жеткіліксіздігі немесе базалық бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде байқалды.

Препарат бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек жағдайларында ұсынылмайды.

Бұрыннан келе жатқан натрий тапшылығы бар болса, күрт гипотензия қатері болады (атап айтқанда, бүйрек артериясының стенозы бар емделушілерде). Сондықтан диарея немесе құсу нәтижесінде пайда болатын су және электролит сарқылуының клиникалық белгілерінің көрінісін жүйелі түрде бақылап отыру қажет. Мұндай емделушілерде плазмадағы электролиттерге жүйелі мониторинг жасау қажет. Айқын гипотензия көктамыр ішіне физиологиялық ерітінді енгізуді талап етеді. Өтпелі гипотензия емдеуді жалғастыруға қарсы көрсетілім болып табылмайды. АҚ және қанның қанағаттанарлық көлемі қалпына келтірілгеннен кейін емдеуді не азайтылған дозада, не компоненттердің біреуімен қайта бастауға болады.

Периндоприл мен индапамид біріктірілімі, әсіресе, диабеті бар емделушілерде немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде гипокалиемияның пайда болу қаупін тойтара алмайды, осыған орай, плазмадағы калий деңгейіне жүйелі мониторинг жасау қажет.

Кo-Пренесса® препаратын сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, туа біткен лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар емделушілерде қолдануға болмайды.

АКФ тежегіштерін пайдаланғанда емдеуді тоқтатқаннан кейін басылатын құрғақ жөтел пайда болған жағдайлар орын алды.

Артериялық қысымы әуел бастан төмен емделушілерде, бүйрек артериясының стенозы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі немесе ісінуі мен асциті бар цирроз жағдайларында су және электролит теңгерімінің айқын бұзылулары кезінде (қатаң тұзсыз емдәм немесе диуретиктермен ұзақ емделу) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің айқын көтермеленуі байқалды. Сондықтан осы жүйені АКФ тежегіштерімен бөгеп тастау, әсіресе, бірінші қабылдағанда және емделудің алғашқы екі аптасының ішінде АҚ күрт төмендеуіне және/немесе плазмада креатинин деңгейлерінің жоғарылауына алып келеді, бұл функционалдық бүйрек жеткіліксіздігін айғақтайды. Мұндай жағдайларда емдеуді едәуір төмен дозадан бастап, біртіндеп арттыру керек.

Ишемиялық жүрек ауруы немесе ми қан айналымының жеткіліксіздігі бар емделушілерге емдеу төмен дозадан бастап тағайындалу қажет.

Егде жастағы емделушілер: емдеуді бастар алдында калий деңгейін және бүйрек қызметін тексеру қажет. Бастапқы дозасы кейіннен, әсіресе, су және электролит теңгерімсіздігі жағдайларында гипотензияның кенеттен басталу қаупін болдырмас үшін АҚ төмендеу деңгейіне қарай түзетіледі.

АКФ тежегіштері реконструкциялық операция алдында тұрған реноваскулярлы гипертензиясы бар емделушілерде немесе мұндай операция өткізу мүмкін болмайтын жағдайларда үлкен артықшылыққа ие болады.

Кo-Пренесса® 8мг/ 2.5мг бүйрек артериясының стенозы бұрыннан бар немесе жорамалданатын емделушілерде ұсынылмайды, өйткені емдеуді стационар жағдайларында 8мг/ 2.5мг Кo-Пренессадан® едәуір төмен дозадан бастау қажет.

Жүрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде (IV дәреже) немесе инсулинге тәуелді қант диабеті бар емделушілерде (калий деңгейінің күрт жоғарылау үрдісі) емдеуді дәрігерлік бақылаумен бастапқы төмен дозасынан бастау керек, сондықтан Кo-Пренесса® 8мг/ 2.5мг бастапқы доза үшін қолданымсыз. Коронарлық жеткіліксіздігі бар гипертензиялық емделушілерді бета-блокаторлармен емдеуді тоқтату керек емес: АКФ тежегішін бета-блокаторларға қосу керек.

Бұрын ішуге арналған диабетке қарсы препараттармен немесе инсулинмен ем қабылдаған қант диабеті бар емделушілерде гликемия деңгейін, ал турасында АКФ тежегішімен емделген алғашқы айда мұқият бақылау қажет.

АҚ төмендетудегі периндоприл әсерінің өзгелерінен гөрі негроидты нәсіл емделушілерінде тиімділігі аз, бұл қара нәсілді халық арасында гипертензияның ренині төмен түрінің едәуір кең таралуынан болуы ықтимал.

АКФ тежегіштері анестезия жағдайларында, әсіресе, қолданылған анестетик гипотензиялық әсері бар препарат болса, гипотензияға себеп болады, осыған орай, периндоприл сияқты ұзақ әсер ететін АКФ тежегіштерімен емдеу операцияға дейін бір күн бұрын тоқтатылған.

АКФ тежегіштерін сол жақ қарыншаның шығу бөлігі тарылған емделушілерде абайлап қолдану керек.

Сирек жағдайларда АКФ тежегіштерін жедел ағымды бауыр некрозына дейін үдеп кететін және (кейде) өлімге әкелетін холестатикалық сарғаю синдромымен байланыстырады. Осы синдром механизмі түсініксіз. Сарғаю немесе бауыр ферменттерінің айқын ұлғаюы дамитын АКФ тежегіштерін алатын емделушілер АКФ тежегіштерін қабылдауды тоқтатып, әріқарай тиісті медициналық бақылауда болу керек.

Периндоприл қамтылатын АКФ тежегіштерімен ем алатын кейбір емделушілерде сарысулық калий деңгейінің жоғарылауы байқалды. Гиперкалиемия дамуының қауіп факторларына бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек қызметінің нашарлауы, егде жас (70 жастан асқан), қант диабеті, өтпелі жай-күйлер, атап айтқанда, сусыздану, жедел жүрек жеткіліксіздігі, метаболикалық ацидоз және калий жинақтаушы диуретиктерді (мысалы, спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид), калий қоспаларын немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарын бір мезгілде қабылдау; немесе сарысулық калий деңгейінің артуымен байланысты басқа дәрілер (мысалы, гепарин) қабылдайтын емделушілер жатады. Бүйрек қызметі нашарлаған емделушілерде калий қоспаларын, калий жинақтаушы диуретиктерді немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарын пайдалану сарысулық калий деңгейінің едәуір артуына алып келеді, бұл күрделі, кейде өлімге ұшырататын аритмияларға себеп болады.

Емдеуді бастар алдында, ал артынан емделу кезінде әлсін-әлсін натрий деңгейін бақылау қажет, өйткені кез келген диуретиктік ем натрий деңгейінің төмендеуіне алып келеді, басында оның белгісі білінбеуі, бірақ күрделі зардаптары болуы мүмкін. Егде жастағы емделушілерде және циррозы бар емделушілерде натрийді жүйелі тексеруді жиірек өткізу қажет.

Гипокалиемиямен калий деңгейінің төмендеуі тиазидті диуретиктердің және тиазидтермен байланысты диуретиктердің негізгі қатері болып табылады. Егде жастағылар және/немесе толыққанды тамақтанбайтын, ісінумен және асцитпен қатар жүретін бауыр циррозы, коронарлық және жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілер сияқты қауіп жоғары болатын емделушілерде калий деңгейі төмендеуінің (<3,4 µмоль/л) даму қатерін болдырмау қажет. Гипокалиемия жүрек гликозидтерінің кардиоуыттылығын және аритмия қатерін арттырады.

QT аралығының ұзаруы бар емделушілерде шығу тегіне (туа біткен немесе ятрогенді) байланыссыз калий деңгейінің төмендеу қатері де болады. Гипокалиемия, брадикардия сияқты ырғақтың күрделі бұзылуларының, атап айтқанда, өлімге ұшырататын дірілдеу-жыпылықтаудың басталуына қолай туғызатын фактор.

Барлық жағдайларда калий деңгейіне жиірек мониторинг жасау қажет. Плазмадағы калий деңгейін алғашқы өлшеуді ем басталғаннан кейінгі бірінші апта ішінде өткізген жөн. Плазмадағы калий деңгейі төмен болып шыққанда дозаны түзету қажет.

Тиазидті диуретиктер және тиазидтермен байланысты диуретиктер кальцийдің несеппен шығарылуын азайтып, плазмадағы кальций деңгейінің өткінші жоғарылауына себеп болуы мүмкін. Кальций деңгейінің айқын жоғарылауы анықталмайтын гиперпаратиреоидизмге себеп болады, осыған орай, қалқанша маңы безінің қызметі тексеруден өткізілгенше емдеуді тоқтату қажет.

Диабеттік емделушілер үшін, әсіресе, калий деңгейі төмен болғанда қандағы глюкоза деңгейіне мониторинг жасау қажет.

Гиперурикемиясы бар емделушілерде подагра ұстамалары күшеюі мүмкін.

Тиазидті диуретиктер және тиазидтермен байланысты диуретиктер бүйректің қызмет атқаруы қалыпты немесе жеңіл дәрежеде төмендеген жағдайда ғана (креатинин деңгейлері 25 мг/л шамасынан төмен, яғни ересектерде 220µмоль/л) толықтай тиімді.

Егде жастағы емделушілерде плазмадағы креатинин деңгейінің мәнін емделушінің жасын, салмағын және жынысын есепке алып, Кокрофт формуласымен сәйкес түзету керек:

клкр = (140 - жасы) x дене салмағы / 0.814 x плазмадағы креатинин деңгейі

(жасы жылмен, дене салмағы кг, плазмадағы креатинин деңгейі микромоль/л мәнімен белгіленген).

Осы формула егде жастағы ерлерге сай келеді және әйелдер үшін нәтижені 0,85-ке көбейту арқылы бейімделуі тиіс.

Емдеудің басында диуретик қабылдау нәтижесінде су мен натрий жоғалтудан болатын гиповолемия гломерулярлы сүзілістің төмендеуіне алып келеді, бұл қандағы креатинин және мочевина деңгейлерінің артуын туындатады. Осы уақытша функционалдық бүйрек жеткіліксіздігінің бүйрек қызметі қалыпты емделушілер үшін жайсыз зардаптары болмайды, бірақ бұрыннан бар бүйрек жеткіліксіздігін нашарлатып жібереді.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кейбір жағдайларда, әсіресе, емдеудің басында немесе гипертензияға қарсы басқа дәріні қосқанда АҚ өзгерісімен байланысты жекеше реакциялар болуы мүмкін, соның нәтижесінде автокөлік басқару және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін механизмдермен жұмыс істеу қабілеті төмендеуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: АҚ айқын төмендеуі, жүрек айну, құсу, құрысулар, бас айналу, ұйқысыздық, полиурия немесе олигурия, анурия, брадикардия, су-электролит теңгерімінің бұзылуы.

Емі: асқазан шаю және/немесе белсенділендірілген көмір тағайындау. АҚ едәуір төмендегенде науқастың басын төмен салып, жатқан қалыпқа көшіру керек. Медициналық мекемеде жүргізілетін кейінгі шаралар су-электролит теңгерімін орнына келтіруге бағытталуы тиіс, белгісіне қарай емдеу. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан OPA/Al/PVC үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

3, 6 немесе 9 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

 

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

КРКА, д.д., Ново Место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

1б корпусы, 2-ші қабат, 207 кеңсе

тел. 8 (727) 311-08-09

факс 8 (727) 311-08-12

info.kz@krka.biz

 

 

Прикрепленные файлы

808284881477976837_ru.doc 164 кб
442994731477977997_kz.doc 204 кб
10055_12_13_18_19_p.pdf 0.71 кб
10055_12_13_18_19_s.pdf 2.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ