Клавам (200 мг/28.5 мг/5 мл, порошок для приготовления суспензии для приема внутрь)

МНН: Амоксициллин, Клавулановая кислота
Производитель: Алкем Лабораториз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Амоксициллин в комбинации с ингибиторами бета-лактамаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018408
Информация о регистрации в РК: 27.03.2017 - 27.03.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 1 761.56 KZT
Предельная цена реализации в РК: 2 378.11 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Клавам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 228.5 мг/5 мл, 16.66 г/100 мл

Құрамы

5 мл суспензияның құрамында

белсенді заттар: амоксициллин тригидраты

(200.000 мг амоксициллинге баламалы)

калий клавуланаты

(28.500 мг клавулан қышқылына баламалы)

қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий бензоаты, ксантан шайыры, коллоидты кремнийдің қостотығы, жалбыз хош иістендіргіші DC 117 (Хемицель-102), аспартам.

Сипаттамасы

Ақтан ашқыл түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ, сумен сұйылтқан кезде жалбыз дәмімен ақ түсті гомогенді суспензия түзеді.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Бета-лактамаза тежегіштерімен біріктірілген пенициллиндер. Клавулан қышқылы және амоксициллин.

АТХ коды J01CR02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Амоксициллиннің және клавулан қышқылының негізгі фармакокинетикалық параметрлері ұқсас. Амоксициллин және клавулан қышқылын біріктіргенде бір-біріне ықпалын тигізбейді.

Сіңуі: ішке қабылдағаннан кейін препараттың екі компоненті де асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Амоксициллин мен клавулан қышқылының сіңуі препаратты тамақтың бас кезінде қабылдаған жағдайда тиімді. Препаратты ішке қабылдағаннан кейін оның биожетімділігі 70% құрайды.

Таралуы: қан плазмасында ең жоғары концентрацияға шамамен 1 сағаттан кейін жетеді және амоксициллин үшін (дозаға байланысты) 3-12 мкг/мл, клавулан қышқылы үшін 2 мкг/мл құрайды. Екі компонент те организм сұйықтығында және тіндеріндегі (өкпелерде, ортаңғы құлақта, плевралық және перитонеальді сұйықтықта, жатырда, аналық бездерде) таралу көлемінің жақсы болуымен сипатталады. Амоксициллин сондай-ақ синовиальді сұйықтыққа, бауырға, қуық асты безіне, таңдай бадамшаларына, бұлшықет тіндеріне, өт қалтасына, мұрынның қосалқы қойнауларының секретіне, сілекейге, бронх секретіне өтеді. Ми қабықтары қабынған кезде гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Организм сұйықтықтарында ең жоғары концентрация қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жеткеннен кейін 1 сағаттан соң байқалады.

Белсенді заттар төмен концентрацияларда емшек сүтімен бірге бөлініп шығады, плацентарлы бөгет арқылы өтеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы амоксициллин үшін 17-20%, клавулан қышқылы үшін 22-30% құрайды.

Шығарылуы: амоксициллин негізінен өзекшелік секреция және шумақтық сүзілу жолымен бүйректер арқылы шығарылады. Клавулан қышқылы бауырда белсенді түрде метаболизденеді және шумақтық сүзілу арқылы ішінара метаболиттер түрінде шығарылады. Аздаған мөлшері ішек және өкпелер арқылы шығарылуы мүмкін. Амоксициллиннің жартылай шығарылу кезеңі 1-1,3 сағатты, клавулан қышқылында 1,2 сағатты құрайды.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде препараттың шығарылуы баяулайды, сондықтан дозалау тәртібін түзету (дозаны төмендету және препаратты қабылдау арасындағы аралықты арттыру) қажет.

Фармакодинамикасы

Әсер ету ауқымы кең антибиотик; құрамында жартылай синтетикалық пенициллин амоксициллин және бета-лактамаза тежегіші клавулин қышқылы бар. Амоксициллин көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді, бактериялардың жасушалық қабырғасының пептидогликандарының биосинтезін тежейді, жасушаның лизисіне және өлуіне әкеледі. Алайда амоксициллин бета-лактамазаның әсерінен бұзылады және осы ферментті түзетін микроорганизмдерге әсер етпейді. Клавулан қышқылы Staphylococcus spp., Escherichia coli, Proteus mirabilis, Haemophilus influenzae, Moraxella catarrhalis, Bacteroides spp. яғни, пенициллиндер мен цефалоспориндерге төзімді микроорганизмдер өндіретін клиникалық тұрғыдан маңызды көптеген бета-лактамазаларды тежейді, осылайша амоксициллиннің белсенділігі жойылмайды. Клавулан қышқылы Enterobacter spp., Morganella morganii, Pseudomonas aeruginosa, Serratia spp., Acinetobacter spp. өндіретін 1 типті бета-лактамазаларға қатысты белсенді емес. Клавулан қышқылы монопрепарат түрінде бактерияларға қарсы клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпейді.

Бұл біріктірілім Клавамның жоғары бактерицидтік белсенділігін (оның ішінде амоксициллинге төзімді микроорганизм штаммдарына қатысты) қамтамасыз етеді. Клавулан қышқылының амоксициллинге қарағанда бета-лактамазаға ұқсастығы өте жоғары, ферментпен тұрақты әсерсіздендіретін кешен түзіп, бета-лактамазаның әсер етуімен амоксициллиннің ферментативтік деградациясына кедергі жасайды.

Осылайша, Клавам грамоң және грамтеріс бактериялардың кең ауқымына бактерицидті түрде әсер етеді (оның ішінде бета-лактамазаның өндірілуі салдарынан бета-лактамдық антибиотиктерге төзімді болатын штаммдарға).

Клавам келесі микроорганизмдерге қатысты бактерицидті әсер етеді:

Грамоң аэробтар: Enterococcus faecalis, Gardnerella vaginalis, Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал), коагулаза-негативті стафилококктар (метициллинге сезімтал), Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae1, Streptococcus pyogenes және басқа да бета-гемолитикалық стрептококктер, Streptococcus viridans тобы, Bacillius anthracis, Listeria monocytogenes, Nocardia asteroides

Грамтеріс аэробтар: Actinobacillus actinomycetemcomitans, Capnocytophaga spp., Eikenella corrodens, Haemophilus influenzae, Moraxella catarrhalis, Neisseria gonorrhoeae, Pasteurella multocida

анаэробтық микроорганизмдер: Bacteroides fragilis, Fusobacterium nucleatum, Prevotella spp.

Төзімділігі жүре келе пайда болуы мүмкін микроорганизмдер:

Грамоң аэробтар: Enterococcus faecium*

Грамтеріс аэробтар: Escherichia coli, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris

Табиғатынан төзімді микроорганизмдер:

грамтеріс аэробтар: Acinetobacter species, Citrobacter freundii, Enterobacter species, Legionella pneumophila, Morganella morganii, Providencia species, Pseudomonas species, Serratia species, Stenotrophomonas maltophilia;

тағы басқалар: Chlamydia trachomatis, Chlamydophila pneumoniae, Chlamydophila psittaci, Coxiella burnetti, Mycoplasma pneumoniae.

Препаратқа Mycobacterium chelonae төзімді.

*Жүре келе пайда болатын төзімділік болмаған кездегі табиғи төзімділік.

1 Пенициллиндерге төзімді Streptococcus pneumoniae штаммдарын қоспағанда

Қолданылуы

- жоғарғы тыныс жолдарының жұқпаларында және құлақ, тамақ және мұрын жұқпаларында, әдетте Streptococcus pneumoniae, Haemophilus influenzae, Moraxella catarrhalis және Streptococcus pyogenes әсерінен болатын, мысалы, қайталанатын тонзиллитте, синуситте, ортаңғы отитте

- төменгі тыныс жолдарының жұқпаларында, әдетте Streptococcus pneumoniae, Haemophilus influenzae және Moraxella catarrhalis әсерінен болатын, мысалы, созылмалы бронхиттің өршуінде, бөліктік пневмонияда және бронхопневмонияда

- несеп жыныс жолының жұқпаларында (циститте, уретритте, пиелонефритте)

- әдетте Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes және Bacteroides тұқымдастығы түрлері әсерінен болатын тері мен жұмсақ тін жұқпаларында

- сүйек пен буын жұқпаларында (Staphylococcus aureus әсерінен болатын остеомиелитте)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат педиатрияда қолдануға арналған.

Дозалау тәртібі жасына, дене салмағына, бүйрек қызметіне, сондай-ақ жұқпаның ауырлық дәрежесіне қарай әр адамға жекелей белгіленеді. Препаратты тағайындар алдында мүмкіндігінше микроорганизмді бөліп алып, оның антибиотиктерге сезімталдығын, әсіресе ауыр жұқпа жағдайында, нақты емделушіден үлгілерді алып, талдау арқылы анықтау қажет. Клавамды тамақтанудың бас кезінде қабылдау керек. Емдеуді науқастың жағдайына қайтадан баға бермейінше, 14 күннен астамға созбаған жөн.

2 айлығынан бастап 12 жасқа дейінгі немесе дене салмағы 40 кг-нан төмен балалар

Жасына және салмағына байланысты дозаны тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда мг-мен немесе дайын суспензияның миллилитрімен көрсетеді.

Ұсынылған дозалау тәртібі:

Жеңіл және орташа жұқпаларда (қайталанатын тонзиллит, тері мен жұмсақ тін жұқпалары) – 2 қабылдауға бөлінген тәулігіне 25 мг/3,6 мг/кг бастап тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг дейін,

ауырлау жұқпаларды емдеу үшін (ортаңғы отит, синусит, төменгі тыныс жолдарының жұқпалары) – 2 қабылдауға бөлінген, тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг бастап тәулігіне 70 мг/10 мг/кг дейін.

Дене салмағына қарай Клавам препаратының бір реттік дозасын таңдау кестесі.

Дене салмағы (кг)

Тәулігіне 25 мг/3,6 мг/кг

Тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг*

5

тәулігіне 2 рет 1,6 мл

тәулігіне 2 рет 2,8 мл

6

тәулігіне 2 рет 1,9 мл

тәулігіне 2 рет 3,4 мл

7

тәулігіне 2 рет 2,2 мл

тәулігіне 2 рет 3,9 мл

8

тәулігіне 2 рет 2,5 мл

тәулігіне 2 рет 4,5 мл

9

тәулігіне 2 рет 2,8 мл

-

10

тәулігіне 2 рет 3,1 мл

-

11

тәулігіне 2 рет 3,4 мл

-

12

тәулігіне 2 рет 3,8 мл

-

13

тәулігіне 2 рет 4,1 мл

-

14

тәулігіне 2 рет 4,4 мл

-

15

тәулігіне 2 рет 4,7 мл

-

* Тәуліктік дозасы тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг болғанда дене салмағы >8 кг балаларға, 5 мл-ден астам препаратты бір рет қабылдауға жол бермеу үшін, 400 мг/57 мг Клавамды пайдалану ұсынылады.

2 жастан кіші балаларда тәулігіне 200мг/28,5мг/5мл амоксициллин+клавулан қышқылы біріктірілімін тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг шамадан артық тәуліктік дозада қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ.

2 жастан кіші балаларда 200мг/28,5мг/5мл амоксициллин+клавулан қышқылы біріктірілімін қолданудың клиникалық деректері жоқ, осыған байланысты оны емделушілердің осы тобында дозалауға нұсқаулар жоқ.

Дене салмағы 40 кг-нан төмен балалар үшін ең жоғары тәуліктік доза 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылын құрайды. Амоксициллиннің жоғарырақ тәуліктік дозасын тағайындау қажет болғанда, қажеттіліксіз клавулан қышқылының жоғары дозаларын қабылдауға жол бермеу үшін, амоксициллин+клавулан қышқылының біріктірілімінің басқа дозасын тағайындаған жөн.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер

Дозаларды түзету амоксициллиннің ең жоғары ұсынылатын дозасына және креатинин клиренсі мәніне негізделген.

Балалар

Креатинин клиренсі

Клавамды дозалау режимі

>30 мл/мин

Дозаны түзетудің қажеті жоқ

<30 мл/мин

Бұл доза ұсынылмайды

Бауыр қызметі бұзылған емделушілер

Емді абайлап жүргізеді; бауыр қызметіне мониторинг жүйелі түрде жүргізіледі.

Суспензияны қолдану тәсілі

Суспензия тура алғаш қолданар алдында дайындалады.

Ұнтақты бөлме температурасына дейін салқындатылған 64 мл қайнаған суда, біртіндеп шайқап және құтыдағы белгіге дейін су қоса отырып, еріткен жөн. Дайын суспензияның көлемі 100 мл-ге тең. Құтыны төңкерген және толық ерігенше мұқият шайқап араластырған жөн. Дайындалған суспензия – ақ немесе ақ дерлік түсті; тұрған кезде ақ немесе ақ түсті дерлік шөгінді түзіледі. Құтыны әрбір қолдану алдында жақсылап шайқап араластырған жөн. Препаратты дәл дозалау үшін өлшеуіш қалпақша-қақпақты пайдаланған жөн және оны әрбір қолданудан кейін сумен жақсылап шаю керек.

Суспензияның аздаған көлемін өте дәл дозалау үшін, әсіресе 3 айлыққа толмаған балаларда, стандартты бір реттік медициналық еккішті пайдалану қажет.

2 жасқа дейінгі балаларды емдеген кезде Клавамның дайын суспензиясының жартысын сумен сұйылтуға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥1/100,<1/10)

- кандидоз

- жүректің айнуы, құсу, диарея

Жүректің айнуы препараттың жоғары дозаларын қолданған кезде жиі кездеседі. Біліну дәрежесін төмендету үшін суспензияны тамақ ішуді бастаған кезде қабылдау керек.

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

- бас айналу, бас ауыру

- диспепсия

- бауыр ферменттері АЛТ, АСТ деңгейінің орташа жоғарылауы

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения

- мультиформалы эритема

Белгісіз

- қайтымды агранулоцитоз және гемолитикалық анемия, қан кету уақытының және протромбинді уақыт индексінің артуы

- ангионевротикалық ісіну, анафилаксия; сарысу құю ауруына ұқсас синдром, аллергиялық васкулит

- қайтымды жоғары белсенділік және құрысулар

- антибиотикпен астасқан колит (жалған жарғақшалы және геморрагиялық колитті қоса есептегенде)

- қара түкті тіл (тілдің жіп тәрізді емізікшелерінің созылмалы гиперплазиясы)

- тіс эмалінің беткі қабаты бояуының өзгеруі

- гепатит, холестатикалық сарғаю

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, буллёзді эксфолиативті дерматит, денеге жайылған жедел экзантематозды пустулёз

Осындай симптомдар пайда болғанда препарат тоқтатылуы тиіс.

- интерстициальді нефрит, кристаллурия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сыртартқыда пенициллиндер тобының антибиотиктеріне, басқа да бета- лактамдық антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға) жоғары сезімталдық

- амоксициллинге немесе клавулан қышқылына немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жұқпалы мононуклеоз

- лимфолейкоз

- бауыр қызметінің жеткіліксіздігі

- пенициллиндер тобының антибиотиктерін (оның ішінде амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімі) қабылдаудан туындаған сарғаю немесе бауыр қызметінің бұзылуы

- бронх демікпесі, пішен поллинозы

- фенилкетонурия (препарат құрамында аспартамның болуына байланысты)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клавамды және әсері тікелей емес антикоагулянттарды (аценокумарол және варфарин) бір мезгілде қолданғанда протромбин уақытының (ПТУ) артқаны білінеді. Сондықтан осы біріктірілім сақтықпен және қажет болғанда Клавам дозасын түзетіп, ПТУ-ға тиісті мониторинг жүргізу қажет етіліп, тағайындалады.

Клавамды аллопуринолмен бір мезгілде қолданғанда экзантема сияқты жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі артады.

Бір мезгілде қолданғанда Клавам метотрексаттың уыттылығын метотрексаттың шығарылуының төмендеуі есебінен күшейтеді.

Микофенолат мофетилді қабылдап жүрген емделушілерде, Клаваммен бірге қолданған кезде белсенді метаболитінің микофенол қышқылының концентрациясы бастапқы дозаны тағайындағанда шамамен 50%-ға төмендейді. Бастапқы дозаның концентрациясы деңгейінің өзгеруі микофенол қышқылының жиынтық экспозициясы концентрациясының өзгеруімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Амоксициллиннің рифампицинмен біріктірілімі қарама-қайшы (бактерияларға қарсы әсерінің өзара әлсізденгені білінеді).

Клавамның тиімділігі төмендеуі мүмкін болғандықтан, Клавамды бактериостатикалық антибиотиктермен (макролидтер, тетрациклиндер), сульфаниламидтермен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Клавам ішек флорасына ықпалын тигізеді және кері сіңуінің азаюына әкеледі, бір мезгілде қолданғанда Клавам пероральді контрацептивтердің тиімділігін төмендетеді.

Пробенецид амоксициллиннің бүйректік өзекшелік секрециясын төмендетеді. Оны Клаваммен бір мезгілде пайдалану қанда амоксициллин деңгейінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін, алайда бұл клавулан қышқылына қатысты байқалмайды. Сондықтан Клавамды пробеницидпен бір мезгілде қолданбау керек.

 

Айрықша нұсқаулар

Ересектерге және 12 жастан асқан немесе дене салмағы 40 кг-нан астам болатын балаларға осы біріктірілімді таблеткалар түрінде қолдану ұсынылады.

Клаваммен емдеуді бастар алдында емделушіде бұдан бұрын пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа да бета-лактамдық антибиотиктерге асқын сезімталдық реакцияларының болған-болмағаны жөнінде нақты сыртартқы жинау қажет.

Бұған дейін пенициллиндерге асқын сезімталдық жиі байқалған емделушілерде пенициллиндерге ауыр, ал кейде фатальді асқын сезімталдық реакцияларының (анафилактикалық шок) болғаны сипатталған. Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда Клаваммен емделуді тоқтату және баламалы емді бастау қажет. Асқын сезімталдықтың ауыр реакциялары пайда болғанда емделушіге кідіртпей адреналин енгізген жөн. Оксигенотерапия, көктамыр ішіне стероидтарды енгізу және, интубацияны қоса есептегенде, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.

Амоксициллинге сезімтал штаммдар әсерінен болған ауру айғақталған жағдайда амоксициллин+клавулан қышқылы біріктірілімінен бас тартқан және амоксициллинді бөлек тағайындаған жөн.

Препараттың бета-лактамдық компонентіне төзімділік қаупі жоғары болғанда Клавамды қолданбау керек. Клавам пенициллиндерге төзімді Streptococcus pneumoniae әсерінен болған патологияны емдеу үшін қолданылмауы тиіс.

Препаратты аллергиялық реакцияларға бейім емделушілерге, сондай-ақ цефалоспоринді қатардың антибиотиктеріне жоғары сезімталдығы белгілі емделушілерге абайлап тағайындайды, өйткені айқаспалы сезімталдықтың пайда болу қаупі бар.

Аллопуринолды және амоксициллинді бірге қолдану терінің аллергиялық реакцияларының пайда болу ықтималдылығын арттырады.

Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін төмендету мақсатында препаратты тамақ ішу кезінде қабылдаған жөн. Тіс эмалі түсінің өзгеруінің алдын алу үшін суспензияны әр қабылдаған сайын тісті тазалау керек.

Амоксициллин+клавулан қышқылы біріктірілімімен ұзақ емдеу оған сезімтал микроорганизмдердің шамадан тыс өсуімен қатарласа жүруі мүмкін.

Амоксициллин+клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында антибиотикпен астасқан колиттің пайда болу жағдайлары жөнінде мәлімделді, оның дәрежесі аздаудан өмірге қауіп төндіретін шамаға дейін болды. Осыған байланысты антибиотиктерді қабылдау кезінде немесе қабылдаудан кейін диарея пайда болған емделушілерде колиттің туындауы мүмкіндігін қарастыру керек. Колит диагнозы айғақталған жағдайда, Клавам дереу тоқтатылуы тиіс; емделуші қажетті ем жүргізу үшін дәрігерден кеңес алуы тиіс.

Антибиотиктерді қабылдау аясында жалған жарғақшалы колиттің пайда болу жағдайлары анықталды, оның ауырлығы жеңілден ауыр дәрежеге дейін ауытқып отырды. Сондықтан антибиотиктерді қабылдаған кезде немесе емдеу курсын аяқтағаннан кейін диареясы бар емделушілерде осы патологияның пайда болуы мүмкін екендігін ескеру қажет. Ұзақ немесе елеулі диарея пайда болған жағдайда, іш тұсы ауырғанда, Клаваммен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс, ал емделушілер әрі қарай тексерілуі тиіс.

Бауыр қызметі бұзылған емделушілерде, әсіресе бауырға потенциальді түрде әсер ететіні белгілі препараттарды бір мезгілде қабылдап жүргендер Клавамды абайлап қолданғаны жөн. Бауырдың зақымдану белгілері және симптомдары әдетте емдеу кезінде немесе емдеуді бастағаннан кейін бірден пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше апта бойы білінбеуі мүмкін. Әдеттегідей, олар қайтымды. Бауырлық бұзылулар өте ауыр болуы мүмкін, өте сирек жағдайларда мұның өліммен аяқталғаны мәлімделген. Сондықтан бауыр қызметі бұзылған емделушілерде бауыр қызметін әлсін-әлсін бақылап отыру талап етіледі.

Препаратты бүйрек қызметі төмендеген емделушілерге тағайындағанда немесе жоғары дозаларды пайдаланғанда құрысулар пайда болуы мүмкін. Бүйрек қызметінің бұзылуы ауыр емделушілерде дозалау режимін талапқа сай түзету немесе дозалар арасындағы аралықты арттыру қажет болады.

Жұқпалы мононуклеозы және лимфолейкозы бар, ампициллин қабылдаған емделушілердің көбісінде эритематозды бөртпелердің пайда болуына байланысты, ауруды анықтау қиындайды. Ампициллин тобының антибиотиктерін мұндай емделушілерге қолдану ұсынылмайды.

Амоксициллин+клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдап жүрген емделушілерде анда-санда протромбин уақытының артқаны байқалады, сондықтан Клавамды және антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда тиісті мониторинг жүргізу қажет.

Клавам суспензиясында фенилаланиннің көзі – аспартам бар, сондықтан препаратты фенилкетонуриясы бар емделушілерге қолданбау керек.

Клавамды қолданған кезде Бенедикт реактивін немесе Феллинг ерітіндісін пайдаланып, глюкоза деңгейін анықтағанда жалған оң реакция беруі мүмкін (глюкозооксидазамен ферментативтік реакцияны қолдану керек).

Дисульфираммен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Клавулан қышқылы IgG мен альбуминдердің эритроцит жарғақшаларымен өзіне тән емес байланысуына себеп болуы мүмкін, бұл жалған оң Кумбс реакциясына әкеледі.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ішке қабылдауға арналған суспензия педиатрияда қолдануға арналған.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Деректер жоқ; алайда жағымсыз әсерлер (аллергия, бас айналу, құрысулар) пайда болуы мүмкін болғандықтан, сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы салдарынан өмірге қауіп төндіретін жағымсыз әсерлер немесе өлім жөнінде мәліметтер болған жоқ.

Симптомдары: іштің ауыруы, диарея, құсу; үрейленушілік, қозу, ұйқысыздық, бас айналу болуы мүмкін; жекелеген жағдайларда – бүйрек қызметі төмендеген емделушілерде немесе жоғары дозаларда пайдаланғанда құрысулар пайда болуы мүмкін. Бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің пайда болуына әкелетін кристаллурия.

Емі: препаратты қабылдағанына көп бола қоймаған (4 сағаттан аз) жағдайда асқазанды шаю және препараттың сіңуін азайту үшін белсенділендірілген көмір тағайындау қажет; қажет болған кезде симптоматикалық ем жүргізеді, су-электролиттік теңгерімді түзетеді. Гемодиализ тиімді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұралатын алюминий қақпақпен жабылған, қызыл-сары түсті шыны құтыда 16.66 г-нан. Құтының жанына ПВХ-дан жасалған дозалаушы қалпақша қоса салынған.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Alkem Laboratories Ltd,

Alkem House «Devashish»

Senapati Bapat Marg

Lower Parel, Mumbai -400013, Үндістан

Тел/факс: 0091-0260-2230470;230570

Тіркеу куәлігінің иесі

Alkem Laboratories Ltd, Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы Alkem Laboratories Ltd

компаниясының өкілдігі

Сенімді тұлға ретінде

Вирал Парикх

E.mail: viral.parikh@alkem.com

Тел./факс: 266-3990, 275-69-65

 

 

Прикрепленные файлы

161041751477977201_ru.doc 123 кб
719070191477978358_kz.doc 119.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники