Кетамин (50 мг/мл) (Ketamine)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Кетамин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Кетамин
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 50 мг/мл ерітінді
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - кетамин гидрохлориді 57,6 мг (50 мг кетаминге шаққанда),
қосымша заттар: бензетоний хлориді, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Анестетиктер. Жалпы анестетиктер. Басқа да жалпы анестетиктер. Кетамин
АТХ коды N01AX03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Кетамин қан тамырлармен жақсы жабдықталған тіндерге, ми мен плацентаны қоса, жылдам таралады. Жануарларға жүргізілген зерттеулер кетаминнің май тіндерінде, бауырда және өкпеде елеулі дәрежеде жиналатынын көрсетті. Жансыздандыратын әсерінің тоқтауы ішінара ОЖЖ шеткергі тіндерге қайта таралуы салдарынан, ішінара бауырда белсенді метаболиттерге биотрансформациялану жолымен туындайды. Жартылай шығарылу уақыты шамамен 2-3 сағатты құрайды. Бүйрекпен, көп бөлігі конъюгацияланған метаболиттер түрінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Кетамин – айқын фармакологиялық әсері бар көктамырішілік және бұлшықет ішіне пайдалануға арналған жылдам әсер ететін жалпы анестетик. Препарат наркоздан шығу кезеңінде сақталуы мүмкін, каталепсиямен, амнезиямен және айқын ауыруды басуымен сипатталатын диссоциативті деп аталатын анестезияны туындатады. Кетамин қолданғанда жұтқыншақ-көмей рефлекстері қалпында қалады; қаңқа бұлшықеттерінің тонусы қалыпта болуы мүмкін немесе әртүрлі дәрежеде жоғарылайды.
Жүрек және тыныс алу жүйесінің елеусіз стимуляциясы жүреді, ал кейде тыныс алу бәсеңдеуі туындайды.
Кетамин тыныштандыратын және гипноздық әсер, амнезияны және айқын аналгезияны туындатады. Кетамин туындататын анестезияның жай-күйі мида проприоцептивті терең сезімталдықты бөгегенге дейін ассоциативті байланысты таңдап үзуіне байланысты “диссоциативті анестезия” деп аталады. Ол мидың орталықтарын және байланыстарын елеулі басу (ретикулярлық формацияны және лимбиялық жүйені белсендіре отырып) алдында таламусты-неокортикальді жүйені іріктеп бәсеңдетуі мүмкін. Көптеген теориялар орталық жүйке жүйесінде N-метил-D-аспартат (NMDA) рецепторларымен байланысуын, апиындық рецепторлармен өзара әрекеттесулерімен және норадреналинмен, серотонинмен және мускариндік холинергиялық рецепторлармен өзара әрекеттесулерімен қоса, Кетамин әсерін түсіндіруге тырысады. NMDA рецепторларының белсенділігі Кетаминнің аналгетикалық, сондай-ақ психиатриялық әсеріне жауапты болуы мүмкін. Кетамин симпатомиметикалық белсенділікке ие, бұл тахикардияға, гипертонияға, миокард пен мидың оттегін көп тұтынуына, мида қан айналымының күшеюіне және бассүйекішілік және көзішілік қысымның жоғарылауына алып келеді. Сондай-ақ Кетамин қуатты бронходилататор болып табылады. Кетамин енгізгеннен кейін келесі клиникалық әсерлер бақыланған: жоғарылаған қан қысымы, бұлшықеттің жоғары тонусы (кататонияға ұқсас болуы мүмкін), көздің ашық болуы (әдетте, нистагммен бірге жүретін) және миокардтың оттегі тұтынуының артуы.
Қолданылуы
- диагностикалық және хирургиялық емшара жүргізгенде анестетик ретінде. Көктамырішілік және бұлшықетішілік инъекциялар бәрінен де қысқа емшаралар үшін жақсы жағымды болып келеді. Қосымша доза енгізгенде немесе Кетаминді көктамырішілік инфузия түрінде қолдану жолымен ұзағырақ емшаралар үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер бұлшықетті босаңсыту керек болса, бұлшықет босаңсытқыштарын пайдалану және тыныс алуды демеп тұруды қамтамасыз ету керек.
- басқа жалпы анестетиктерді енгізгенге дейін наркозды индукциялау үшін.
Кетаминді қолдану үшін арнайы көрсетілім немесе емшаралар түрі:
- препаратты бұлшықет ішіне енгізуге басымдық берілетін науқастарға наркоз жүргізу;
- жараны өңдеу, ауырсындыратын емшаралар (таңғышты ауыстыру) және күйігі бар пациенттерде теріні ауыстырып салу, сондай-ақ басқа да беткейлік хирургиялық емшаралар;
- пневмоэнцефалография, вентрикулография, миелография, люмбальді пункция сияқты нейродиагностикалық емшаралар;
- тісті жұлуды қоса (ескерту: офтальмологиялық емшара кезінде көз қозғалысы сақталуы мүмкін), көз, құлақ, мұрын және ауыз қуысы аумағындағы диагностикалық және хирургиялық араласымдар;
- өмірлік маңызы бар функциялардың нашарлау қаупі елеулі болғанда немесе нашарлауынан аулақ болу қажеттігі бар науқастардағы анестезияда;
- ортопедиялық емшараларда (жабық репозиция, манипуляциялар, санға штифт қою, ампутация, биопсия);
- ректороманоскопия және артқы өтістегі, тік ішектегі, сүндеттеу және пилонидальдік синуста елеусіз хирургиялық емшаралар;
- жүрек катетеризациясы емшараларында;
- жоғары артериялық қысым болмағанда кесарь тілігі операциясында наркозға қосу үшін;
- егер анестезияны кейінге қалдыру мүмкін болмаса, бронх түйілуі даму қаупін ең аз ету үшін немесе бронх түйілуі бар демікпесімен науқастардағы анестезияда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Кетамин көктамыр ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып) немесе бұлшықет ішіне енгізіледі.
Ескерту: барлық дозалар әсер етуші зат кетаминге есептеп көрсетілген.
Төменде келтірілген дозалар ересектерге, егде жастағы пациенттерге (65 жастан астам) және балаларға тиісті. Егде жастағы пациенттерде хирургиялық араласуларда Кетамин монотерапия түрінде немесе басқа анестетиктермен біріктірілімде пайдаланылуы мүмкін.
Операция алдындағы дайындық
Шұғыл жағдайларда Кетаминді аш қарынға емес жалғыз анестетик ретінде қолдануға жол беріледі. Алайда басқа препараттарды және бұлшықет босаңсытқыштарды пайдалану қажеттігін бұлай болжауға болмайтындықтан, жоспарлы операцияға дайындықта дұрысы анестезия алдында 6 сағат бұрын тамақ және сұйықтық ішпеу керек.
Антихолинергиялық препараттармен (мысалы, атропинмен, гиосцинмен және т.б.) премедикациялау кетаминнен индукцияланатын жоғары сілекей бөлінуін азайту үшін Кетамин енгізгенге дейін белгілі бір аралықпен жүргізілуі тиіс.
Мидазолам, диазепам, лоразепам немесе флунитразепам премедикация үшін немесе Кетаминге қосымша ретінде пайдаланғанда жағымсыз реакциялар туындауының жиілігін азайтады.
Анестезия басталуы және ұзақтығы
Кетаминге жеке-дара реакция дозаға, енгізу жолына және пациенттің жасына, сондай-ақ басқа заттарды бірге пайдалануға байланысты ауытқуы мүмкін. Сондықтан доза таңдау жеке жүргізілуі тиіс. Кетамин жылдам әсер етуші препарат болып табылады, сондықтан пациент емшара жүргізу үшін оңтайлы қалыпта болуы тиіс.
Дене салмағына қарай 2 мг/кг көктамырішілік дозасы ұзақтығы 5-10 минут инъекциядан кейін 30 секундтан соң хирургиялық анестезияны қамтамасыз етеді. Дене салмағына қарай 10 мг/кг бұлшықетішілік доза ұзақтығы 12-25 минут инъекциядан кейін 3-4 минуттан соң хирургиялық анестезияны қамтамасыз етеді.
Кетамин жалғыз анестетик ретінде
Көктамырішілік инфузия
Кетаминді үздіксіз енгізу жолымен қолдану үзіліспен енгізумен салыстырғанда дәлірек доза таңдауға мүмкіндік береді. Бұл наркоздан қысқа уақытта шығуын шарттайды.
0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5 % декстрозада сұйылтылған 1 мг/мл Кетамин есебінен жүргізіледі.
Жалпы кіріспе наркоз
0,5-2 мг/кг дозада инфузия түрінде енгізу керек.
Анестезияны демеу
Анестезия 10-45 мкг/кг/мин (шамамен 1-3 мг/мин) жылдамдықта инфузомат пайдаланумен демелуі мүмкін.
Инфузия жылдамдығы пациенттің анестезияға реакциясына тәуелді. Доза ұзақ әсер ететін миорелаксант пайдаланғанда азайтылуы мүмкін.
Үзіліспен енгізу
Көктамырішілік енгізу
Көктамырішілік енгізуде Кетаминнің бастапқы дозасы 1 мг/кг-ден 4,5 мг/кг дейінгі (кетаминнің әсер етуші затына есептегенде) диапазонда болуы мүмкін. Ұзақтығы 5-10 минут хирургиялық анестезияны қамтамасыз ету үшін қажетті орташа доза 2,0 мг/кг құрайды. Баяу көктамырішілік енгізу (60 секунд бойына) ұсынылады. Жылдамырақ енгізу тынысты бәсеңдетуге және артериялық қысым артуына әкелуі мүмкін.
Бұлшықетішілік енгізу
Бұлшықетішілік енгізуге арналған Кетаминнің бастапқы дозасы 6,5 мг/кг-ден 13 мг/кг дейінді (кетаминнің әсер етуші затына есептегенде) құрайды. Бұлшықетішілік бастапқы төмен доза (4 мг/кг) қатты ауыру сезімдерімен байланысты емес, диагностикалық манипуляциялар және емшаралар жүргізгенде пайдаланылады. 10 мг/кг дозасы, әдетте, 12-25 минут бойына анестезияны қамтамасыз етеді.
Бауыр жеткіліксіздігіндегі дозалау
Бауыр циррозы немесе бауыр жеткіліксіздігінің басқа түрлері бар пациенттерде доза төмендету қажеттігін қарастыру керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Жалпы наркозды демеу
Нистагм, тітіркенуге және дауысқа қозғалыс реакциялары анестезия әлсізденуін айғақтайды. Анестезияны демеу үшін Кетаминнің қосымша дозасы көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізіледі.
Әрбір қосымша доза енгізу тәсіліне байланыссыз, толық бастапқы енгізілген дозаның жартысын құрауы тиіс.
Алайда аяқ-қолдың еріксіз қимылдауы наркоз тереңдігіне байланыссыз туындауы мүмкін!
Басқа жалпы анестетиктерді пайдалану алдында Кетамин индукциялайтын агент ретінде
Индукцияға Кетаминнің толық дозасын көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізу жолымен қол жеткізіледі. Егер Кетамин көктамыр ішіне енгізілсе, ал әсер етуі баяу негізгі анестетик, Кетаминнің қайталау дозасы бірінші дозадан кейін 5-8 минуттан соң енгізілуі тиіс. Егер Кетамин бұлшықет ішіне енгізілсе, ал жылдам әсер ететін негізгі анестетикті, негізгі анестетикті енгізу Кетамин инъекциясынан кейін 15 минуттан соң жүргізілуі тиіс.
Кетамин анестетиктерге қосымша ретінде
Кетамин тыныс алуды тиісінше демеуде кеңінен пайдаланылатын жалпы және жергілікті анестетиктермен клиникалық тұрғыда үйлесімді. Басқа анестетиктермен үйлесімде пайдалануға арналған Кетамин дозасы әдетте сол диапазонда болады, алайда басқа анестетик пайдалану Кетамин дозасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Қалпына келу кезеңінде пациенттерді бақылау
Емшарадан кейін пациенттерді бақылау керек, бірақ мазаламау керек. Бұл өмірлік маңызы бар функциялардың мониторингін жоққа шығармайды. Делирий пайда болғанда диазепам (5-тен 10 мг дейін көктамыр ішіне ересектерде) пайдалануға болады. Қалпына келуде күрделі реакцияларды азайту үшін тиобарбитураттың гипноздық дозасы (50-ден 100 мг дейінгі көктамыр ішіне) пайдаланылуы мүмкін. Бұл препараттарды пайдаланғанда анестезиядан кейінгі қалпына келу уақыты артуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлерін туындау жиілігі бойынша келесі санаттарға жіктейді: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100, <1/10); жиі емес (>1/1000, <1/100), сирек (>1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000, жеке-дара жағдайларды қоса).
Иммундық жүйе тарапынан
Сирек: анафилаксиялық реакциялар.
Зат алмасуының бұзылуы
Жиі емес: анорексия.
Психикалық бұзылыстар
Жиі: елестеулер, аномальді немесе шым-шытырық түстер көру, сананың шатасуы, психомоторлық қозу, талапқа сай келмейтін мінез-құлық.
Жиі емес: қорқыныш, үрей сезіну.
Сирек: делирий, «кері кадр» симптомы, дисфория, ұйқысыздық, бағдардан жаңылу.
Жүйке жүйесі тарапынан
Жиі: нистагм, қаңқа бұлшықеттерінің тонусы жоғарылауы және тонустық-клонустық құрысулар.
Көру мүшелері тарапынан
Жиі: диплопия.
Белгісіз: көзішілік қысым жоғарылауы.
Кардиалдық бұзылулар
Жиі: артериялық қысым және жүрек жиырылуларының жиілігі жоғарылауы.
Жиі емес: брадикардия, аритмия.
Қантамырлық бұзылулар
Жиі емес: гипотензия.
Тыныс алу жүйесі тарапынан
Жиі: тыныс алу жиілігі артуы.
Жиі емес: тыныс алудың бәсеңдеуі, ларингоспазм.
Сирек: тыныс алу жолдарының обструкциясы немесе тыныс алудың тоқтауы.
Гепатобилиарлық жүйе тарапынан
Белгісіз: бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің өзгерістері.
Асқазан-ішек жолдары тарапынан
Жиі: жүрек айнуы, құсу.
Сирек: сілекей ағу.
Тері және тері асты тіндері тарапынан
Жиі: эритема және/немесе қызылшаға ұқсас бөртпе.
Белгісіз: есекжем.
Бүйрек және несеп шығару тарапынан
Сирек: цистит, геморрагиялық цистит.
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар
Жиі емес: препарат енгізу орнындағы ауыру және/немесе бөртуді қоса, енгізу орнындағы реакциялар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
әсер етуші затына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
эклампсия, преэклампсия
-
кетамин артериялық қысым жоғарылауы өмірі үшін күрделі қауіп төндіруі мүмкін; бассүйек-ми жарақаты бар науқастарға, бассүйекішілік қан құйылуы, инсульт өткерген, ауыр жүрек-қантамыр аурулары бар, ми қан айналымы бұзылған пациенттерге қарсы көрсетілімде.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Барбитураттарды және/немесе наркозға арналған басқа да дәрілерді Кетаминмен бір мезгілде пайдалану наркоздан кейінгі ояну уақытының ұзаруын туындатады.
Кетамин атракуриймен және тубокураринмен біріктірілімде тыныс алудың бәсеңдеуі және апноэні қоса, жүйке-бұлшықет берілісінің блокадасын күшейтуі мүмкін.
Галогенделген анестетиктерді Кетаминмен бір мезгілде пайдалану Кетаминнің жартылай шығарылу кезеңін ұзартуы мүмкін және наркоздан кейінгі ояну уақытын арттыруы мүмкін. Кетаминді (әсіресе жоғары дозаларда немесе тез енгізгенде) галогенделген анестетиктермен үйлесімде пайдалану брадикардия, гипотензия даму қаупін жоғарылатуы немесе жүректен лықсыту төмендеуі мүмкін.
Кетаминді орталық жүйке жүйесінің белсенділігін төмендететін басқа дәрілік заттармен (мысалы, этанол, фенотиазиндер, антигистаминдік препараттар немесе миорелаксанттар) қолдану ОЖЖ бәсеңдеуін күшейтуі және/немесе тыныс алу жеткіліксіздігі даму қаупін ұлғайтуы мүмкін. Бір мезгілде ұйықтататын, тыныштандыратын дәрілерді және транквилизаторларды қолданғанда препарат дозасын азайту қажет болуы мүмкін. Кетаминнің тиопенталдың ұйықтататын әсерінің антагонисі болып табылатыны туралы хабарланған.
Тиреоидты гормондармен ем қабылдайтын пациенттерде Кетамин қолданғанда артериялық қысым жоғарылауы және тахикардия қаупі артады.
Гипертензияға қарсы препараттарды және Кетаминді бір мезгілде қолдану гипотензия даму қаупін ұлғайтады.
Аминофилинмен (теофилинмен) біріктірілімде құрысу шегі төмендеуі мүмкін. Бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қабылаумен бірге жүрген жазғыш бұлшықеттердің болжанбайтын құрысулары туралы деректер бар.
Айрықша нұсқаулар
Жергілікті анестезияның кез келген түрімен біріктіруге болады.
Препаратты анестезиолог-маман тағайындауы тиіс.
Жалпы анестезияға арналған басқа дәрілерді қолданғандағы сияқты, Кетаминді қолданғанда да реанимация үшін құралдар мен жабдықтарды дайындап қою керек.
Дәрілік заттарды қолданғанда тыныс алу бәсеңдеуі мүмкіндігінен өкпені жасанды желдетуге арналған аппарат болуы керек. Аппаратты қолдану аналептиктерді пайдаланумен біріктірілуі тиіс.
Кетаминді көктамырішіне баяу енгізу керек (1 минут бойына). Препаратты жылдам енгізу тыныс алу бәсеңдеуіне немесе оның тоқтауына және артериялық қысымның күрт артуына әкелуі мүмкін.
Кетаминмен емдегенде фарингеальді рефлекстер әдетте сақталатындықтан жұтқыншақты механикалық тітіркендіруден аулақ болу керек. Көмей, жұтқыншақ немесе трахеядағы араласуларда Кетаминнің миорелаксанттармен біріктірілімі және тынысты мұқият бақылау керек.
Ауыруды сезінудің висцеральдік жолдарын қамтитын хирургиялық араласымдарда басқа аналгетиктерді енгізу қажет болуы мүмкін.
Кетаминді амбулаториялық жағдайда қолданғанда пациентті санасы толық қалпына келгеннен кейін және ересек адаммен бірге ғана босатуға болады.
Кетаминді келесі жай-күйлерде аса сақтықпен қолдану керек:
-
созылмалы алкоголизмде және жедел алкогольдік уыттануда;
Кетамин бауырда метаболизденеді және оның бауыр арқылы толық босап шығуы клиникалық әсерінің тоқтауына алып келеді. Әсерінің ұзаруы бауыр циррозы бар науқастарда немесе бауыр жеткіліксіздігінің басқа түрлерінде туындауы мүмкін. Сондықтан Кетамин дозасын бұндай пациенттерде төмендету керек. Сондай-ақ препаратты ұзақ уақыт қолдануға байланысты болған бауыр сынамаларының қалыпты көрсеткіштерден ауытқығаны туралы хабарланған, атап айтқанда бұл ауытқулар дәрілік затты 3 күннен астам қолданған пациенттерде немесе есірткіге тәуелділігі бар адамдарда бақыланған.
-
жұлын-ми өзегіндегі жоғарылаған қысымда;
-
тесіп өткен көз жарақаты бар және/немесе көзішілік қысымы жоғары пациенттерде (мысалы, глаукома), өйткені қысым Кетаминді тіпті бір рет қолданғаннан кейін елеулі жоғарылауы мүмкін;
-
невроздық бұзылулары немесе психикалық аурулары бар пациенттерге (мысалы: шизофрения, жедел психоз);
-
жедел интермиттирлеуші порфириясы бар пациенттерге;
-
эпилепсиялық ұстамалары бар пациенттерге;
-
қалқанша без препараттарымен орын басу емін қабылдайтын гипертиреозы бар пациенттерге (артериялық қысым жоғарылауының және жүрек жиырылу жиілігі қаупі артады);
-
жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялық немесе өкпе аурулары бар пациенттерге (өйткені Кетамин жұту рефлексінің сезімталдығын жоғарылатады, бұл өз кезегінде ларингоспазм туындатуы мүмкін).
-
бассүйекішілік ауқымды түзілімдері, бас жарақаты немесе гидроцефалиясы бар пациенттерге.
Пациенттегі наркоздан шыққаннан кейінгі байқалуы мүмкін реакциялар мен ерекшеліктер
Психикалық бұзылыстар ең жеңілден қияли уайымға түсу, түс көргенге ұқсас анық көрулер, елестеулер, түнгі шым-шытырықтар, наркоздан кейінгі делирий сияқты (диссоциативтік сезінулермен және бос ұшуды сезінумен жиі білінетін) ауырына дейін ауытқуы мүмкін, кейбір жағдайларда бұл жай-күйлер сананың шатасуымен, иррациональді мінез-құлық, психомоторлық қозулармен бірге жүреді. Жоғарыда келтірілген білінулер тек кейбір пациенттерде ғана бақыланған.
Наркоздан шыққан кезеңде жедел делирий бақылануы мүмкін. Бұл реакцияның бензодиазепиндер енгізу жолымен немесе вербалды, тактильді және көзбен көрінетін тітіркенулерді төмендетумен алдын алуға болады. Алайда бұл өмірлік маңызы бар параметрлерді бақылауды жоққа шығармайды.
Кетамин миокардтың оттегі тұтынуын жоғарылататын болғандықтан оны гиповолемиясы, дегидратациясы немесе жүрек аурулары бар пациенттерде, әсіресе жүректің ишемиялық ауруында (мысалы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, ишемия және миокард инфарктісі жай-күйі) сақтықпен пайдалану керек. Сондай-ақ жеңіл және орташа дәрежелі артериялық гипертензиясы бар пациенттерде және тахиаритмияда Кетаминді сақтықпен пайдалану керек.
Артериялық гипертензиясы немесе жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарға наркоз кезінде жүрек функциясының тұрақты мониторингі керек. Диазепаммен премедикациялау гипертензивтік реакциясын азайтады.
Артериялық қысымның ең жоғары (20-25 %) артуы препаратты көктамырішілік енгізуден кейін бірнеше минуттан соң байқалады, бірақ 15 минуттан соң артериялық қысым бастапқы мәніне оралады. Пациенттің жай-күйіне қарай, артериялық қысым артуы оң әсер ретінде немесе басқа жағдайларда жағымсыз реакция ретінде қарастырылуы мүмкін.
Кетаминді ұзақ уақыт бойы қабылдаған (1 айдан бірнеше жылға дейін) пациенттердегі геморрагиялық циститті қоса, циститтің тіркелген жағдайлары туралы деректер бар. Кетамин ұзақ уақытқа пайдалану үшін тағайындалмайды және ұсынылмайды.
Сондай-ақ кетаминді шамадан тыс пайдаланған жағдайлар туралы хабарланған. Кетаминнің келесі білінулер туындауына ықпал ететінін көрсететін деректер бар: дисфориялар, елестеулер, «кері кадр» симптомы, қорқу және үрейлену сезіну, ұйқысыздық немесе бағдардан жаңылу, сондай-ақ цистит немесе геморрагиялық цистит жағдайлары. Кетаминді бірнеше апта бойына күнде пайдалану, әсіресе сыртартқысында есірткіге тәуелділігі бар немесе болған адамдарда тәуелділік туындатуы мүмкін. Сондықтан препаратты медицина қызметкерлерінің мұқият бақылауымен және жоғарыда аталған жағдайларда және ауруларда сақтықпен пайдалану керек.
Үйлесімсіздігі.
Химиялық үйлесімсіздігіне байланысты барбитураттарды Кетаминмен бір еккіште бірге енгізуге болмайды.
Кетаминді диазепаммен бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда препараттарды жеке енгізу керек және бір еккіште немесе инфузияда араластыру ұсынылмайды.
Қолдану тәсілі және дозалары
Педиатрияда қолданылуы
Препарат педиатриялық практикада қолданылады.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы
Кетамин плацента арқылы өтеді. Бұған жүктілік кезіндегі акушерлік оперативті манипуляциялар уақытында назар аудару керек. Кесарь тілігі операциясы немесе босанудың табиғи жолы арқылы босану уақытындағы препарат енгізуді қоспағанда, жүктілік уақытында және лактация кезеңінде пайдалану қауіпсіздігі анықталмады және бұлай пайдалану ұсынылмайды.
Препараттың көлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анестезиядан кейін 24 сағат кем емес уақыт өтпей автомобиль басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу және кез келген басқа да қауіпті қызмет түріне қатысуға тыйым салынатыны туралы пациенттер ескертілуі тиіс.
Кетамин когнитивті функцияны нашарлатуы мүмкін, бұл көлік құралдарын басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Артық дозалануы
Кетаминді пайдаланғанда тыныс алу бәсеңдетілуі мүмкін, сондықтан өкпенің жасанды желдету аппараты болуы керек.
Аналептиктерді енгізу орнына тыныс алуды механикалық демеуге басымдық беріледі.
Кетамин қауіпсіздіктің үлкен коэффициентіне ие; Кетаминнің абайсыз артық дозалануының бірнеше жағдайлары (қажетті дозаның 10 ретке дейін ұлғайтылуы) наркоздан ұзақ, бірақ толық шығуымен бірге жүрді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Сындыру сақинасы немесе нүктесі бар 1 гидролитикалық класс шынысынан жасалған ампулаларда 2 мл-ден.
10 мл-ден инъекцияға арналған мөлдір шыныдан жасалған, біріктірілген қақпақтармен тығындалған (резеңке төсемі және пластик төсеуіші бар алюминий қалпақшасы бар) немесе инъекциялық құтыларға арналған резеңке тығыны және пластик қалпақшамен біріктірілген алюминий қақпағы бар құтыларда.
Ампулалар мен құтыларға өзі желімденетін заттаңбаны жапсырады.
10 ампуладан медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге гофрланған төсеуіші бар картон қорапшаға салынады.
5 құтыдан медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге төсеуіші бар картон қорапшаға салынады.
Немесе 5 ампуладан немесе 5 құтыдан полимер материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан (құтылармен) немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан (ампулалары бар) медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Ампулалар мен құтыларды қаптауға арналған гофрланған төсеуіші бар қорапшаға қорапшаның ашылуын бақылау үшін өзі желімденетін заттаңбаны жапсыруға жол беріледі.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 74.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Фармак» ЖАҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., индексі 050012, Амангелді к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.
Тел +7 (727) 267 64 63, факс +7 (727) 267 63 73, электронный адрес: a.liadobruk@gmail.com