Карвидил® (6.25 мг) (Carvedilol)

МНН: Карведилол
Производитель: Гриндекс АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Carvedilol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016335
Информация о регистрации в РК: 19.06.2020 - 03.07.2020
Номер регистрации в РБ: 6715/04/06/09/10/14/19
Информация о регистрации в РБ: 05.04.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 10.32 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

КАРВИДИЛ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Карведилол

Дәрілік түрі

6,25 мг, 12,5 мг немесе 25 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 6,25 мг, 12,5 мг немесе 25 мг карведилол,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы, магний стеараты, темірдің сары тотығы Е 172 (6,25 мг және 12,5 мг таблеткалар үшін), темірдің қызыл тотығы Е 172 (12,5 мг таблеткалар үшін).

Сипаттамасы

6,25 мг таблеткалар: дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, күңгірт-сары теңбілдерімен сарғыш түсті таблеткалар.

12,5 мг таблеткалар: дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, күңгірт-қызғылт теңбілдерімен қызғылт түсті таблеткалар.

25 мг таблеткалар: дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар,

ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Бета-адреноблокаторлар. Альфа- және бета-адреноблокаторлар. Карведилол.

АТХ коды C07AG02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолында тез және толық дерлік сіңеді. Плазмадағы ТСmax – 1 сағат. Биожетімділігі – 25 %. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 98-99%. Таралу көлемі – 2 л/кг жуық. Бауырда метаболизденеді (бауыр арқылы «бірінші» өту әсерін иеленеді). Метаболиттерінің айқын антиоксиданттық және адренобөгегіш қасиеттері бар. Т½ – 6-10 сағат. Плазмалық клиренсі – 590 мл/мин. Негізінен өтпен шығарылады. Бауыр функциясы бұзылған науқастарда биожетімділігі 80% дейін артуы мүмкін. Плацентарлық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтімен бөлінеді.

Егде жастағы емделушілерде плазмадағы карведилол концентрациясы шамамен 50 % артады, сондықтан осы жас тобына дозаны түзету (жартылай азайту) қажет болады.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде карведилол биожетімділігі 4 есе артады, ал плазмадағы ең жоғары концентрациясы 5 есе көбірек; сондықтан емделушілердің осы тобына да дозаны азайту жағына қарай түзету қажет болады.

Гипертензиясы және бүйрек функциясының орташадан ауыр дәрежеге дейінгі бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) бар емделушілерде плазмадағы карведилол концентрациясының шамамен 40-50 % артуы байқалған, бұл да дозаның түзетілуін талап еткен.

Фармакодинамикасы

Альфа1-, бета1- және бета2-адренорецепторларын бөгеп, тамыр кеңейткіш, жүрек қыспасына қарсы және аритмияға қарсы әсер көрсетеді. Тамыр кеңейту әсері, ең алдымен, альфа1-рецепторларын бөгеумен байланысты. Тамыр кеңейтудің арқасында тамырлардың жалпы шеткергі кедергісін төмендетеді. Өзіндік симпатомиметикалық белсенділігі жоқ, жарғақша тұрақтандырушы қасиеттері бар. Тамыр кеңейту мен бета-адренорецепторлар бөгелісінің бірігуі мына әсерлерге әкеледі: артериялық гипертензиямен науқастарда артериялық қысымның төмендеуі тамырлардың жалпы шеткергі кедергісінің артуымен қатар жүрмейді, шеткергі қан ағымы (бета-адреноблокаторлардан ерекшелігі) төмендемейді. Жүректің жиырылу жиілігі болымсыз төмендейді. Жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан науқастарда жүрек қыспасына қарсы әсер көрсетеді. Жүрекке алдыңғы және кейінгі жүктемені азайтады. Липидтік алмасу мен плазмадағы K+, Na+ және Mg 2+ мөлшеріне айқын ықпалын тигізбейді. Сол жақ қарынша функциясы бұзылған немесе қан айналымы жеткіліксіз науқастарда гемодинамикалық көрсеткіштерге оң әсер етіп, сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы мен көлемдерін жақсартады. Бос оттегі радикалдарын жойып, антиоксидантты әсер көрсетеді. Жүрек жеткіліксіздігі декомпенсацияланған науқастарда өлім қаупін (65%) және ауруханаға жатқызу жиілігін (38%) төмендетеді. Орташа созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде өлім қаупін 28% азайтады. Тахикардиясы бар (жүректің жиырылу жиілігі минутына 82 рет соғудан көп) және лықсыту фракциясы төмен (23%-дан аз) емделушілерде тиімділігі аса айқын. Емдік әсері созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің ишемиялық этиологиясында және дилатациялық кардиомиопатиямен науқастарда көрініс береді.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда

- созылмалы тұрақты стенокардияда (алдын алу емі)

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке жеткілікті сұйықтық мөлшерін ішумен.

Артериялық гипертензияда: алғашқы 2 күнде күніне 1 рет 12,5 мг, артынан күніне 1 рет 25 мг, кемінде 2 апта аралықпен дозаны біртіндеп арттыру мүмкіндігімен. Ең жоғары тәуліктік доза – 50 мг, бүкіл дозаны бірден немесе оны 2 қабылдауға бөліп қабылдаумен.

Тұрақты стенокардияда: алғашқы 2 күнде күніне 2 рет 12,5 мг, артынан күніне 2 рет 25 мг. Қажет болса, кемінде 2 апта аралықты сақтап, дозаны біртіндеп арттыруға болады. Ең жоғары бір реттік доза – 50 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (оймақгүл препараттарымен, диуретиктермен және ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерімен таңдалған ем аясында) – 2 апта бойы күніне 2 рет 3,125 мг-ден бастап, артынан сол дозаны (жақсы көтерімді болса) күніне 2 рет 6,25 мг дейін, одан кейін күніне 2 рет 12,5-25 мг дейін арттырады.

85 кг-ден аз дене салмағында – ең жоғары бір реттік доза 25 мг, ең жоғары тәуліктік доза 50 мг құрайды.

85 кг-ден көп дене салмағында – ең жоғары бір реттік доза 50 мг, ең жоғары тәуліктік доза 100 мг құрайды.

Егер ем 2 аптадан көп уақытқа тоқтатылса, оны жаңғырту күніне 2 рет 3,125 мг дозадан басталып, доза кейіннен арттырылады.

Емдеу курсының ұзақтығын және дозаны емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- астениялық синдром (шаршау, әлсіздік, жылдам қажу), шеткергі, ортостатикалық ісінулер, аллергиялық реакциялар, мазасыздық, гиповолемия, қызба

- брадикардия, ортостатикалық гипотензия, артериялық гипертензия, естен танулар, стенокардия, AV блокадасы, жүрек қағу, инсульт, шеткергі қан айналымының бұзылуы (алақан мен табанның мұздауы, шеткергі тамырлар ауруы, мезгіл-мезгіл ақсақтық симптомының күшеюі, Рейно синдромы)

- бас айналу, бас ауыру, гипестезия, вертиго, парестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық, депрессия, көңіл-күйдің жабырқауы

- диарея, жүрек айну, құсу, мелена, периодонтит, іш қуысындағы ауыру

- артралгиялар, артрит, бұлшықеттердің құрысуы, бұлшықеттер гипотониясы, аяқ-қолдың ауыруы

- жөтел, қырылдау, диспноэ, өкпенің ісінуі, бронх демікпесі (бейімділігі бар емделушілерде)

- бронхит, пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының жұқпасы, несеп шығару жолдарының жұқпасы

- пурпура

- протромбин деңгейінің төмендеуі, тромбоцитопения

- бүйрек жеткіліксіздігі, альбуминурия, гематурия

- импотенция

- дене салмағының артуы

- гипергликемия, креатинин, сілтілік фосфатаза, гамма-глутаминтрансфераза, қандағы мочевина азоты мен қалдық азот деңгейінің жоғарылауы, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гиперурикемия, гипогликемия, гипонатриемия, гликозурия, гиперволемия, қант диабеті, салмақ жоғалту, гиперкалиемия, анемия

- анық көрмеу, көздің тітіркенуі, тұмау тәріздес синдром, аяқ-қолдың ауыруы, көз жасының аз бөлінуі, подагралық артрит дамуы мүмкін

Жиі емес

- тахикардия

- гипокинезия, қозғыштық, зейін шоғырландырудың нашарлауы, сананың бұзылуы, түнгі шым-шытырық түстер, ұйқының бұзылуы, эмоциялық орнықсыздық, ауыздың кеберсуі, тершеңдік

- билирубинемия

- анемия, лейкопения

- несеп шығарудың жиілеуі

- либидо төмендеуі

- терінің аллергиялық реакциялары (экзантема, дерматит, есекжем, қышыну), эритемалық, макулопапулезді және псориазды бөрту, жарыққа сезімталдық реакциялары

- құлақ шуылы

Сирек

- толық AV блокадасы, Гис шоғыры тармақтарының бөгелісі, миокард ишемиясы, ми қан айналымының бұзылуы

- невралгия, амнезия

- асқазан-ішек жолының геморрагиялары, бауыр трансаминазалары (АсАТ және АлАТ) белсенділігінің жоғарылауы

- мұрын бітелуі, бронх түйілуі, өкпенің ісінуі, тыныс алу алкалозы, интерстициальді пневмонит

- панцитопения және атипиялық лимфоциттердің пайда болуы

- әйелдердегі несепті ұстай алмау

- іш қату

- тығыздығы жоғары альфа-липопротеиндер деңгейінің төмендеуі

- анафилактикалық реакциялар, алопеция, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, полиморфты эритема

- естудің нашарлауы

Өте сирек

- лейкопения

Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде карведилол дозасын арттырғанда жүрек жеткіліксіздігінің өршуі және сұйықтықтың іркілуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- карведилолға немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық

- бронх демікпесі

- бронх түйілу синдромы, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы

- II, III дәрежедегі АV блокадасы, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, айқын брадикардия (егер тұрақты кардиостимулятор жоқ болса)

- кардиогенді шок

- инотропты әсер ететін препараттарды көктамыр ішіне енгізу қажет болатын жедел және декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV функционалдық класс)

- артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым сын. бағ. 85 мм аз)

- шеткергі қан айналымының ауыр бұзылуы

- шеткергі тамырлар аурулары

- бір мезгілде к/і верапамил, дилтиазем немесе аритмияға қарсы басқа дәрілерді (әсіресе, I класс) енгізу

- метаболизмдік ацидоз

- α1-рецепторлар немесе α2‑рецепторлар антагонистерімен бір мезгілде емдеу

- феохромоцитома

- бауыр жеткіліксіздігі

- жүктілік, лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)

- Принцметал стенокардиясы

- кетоацидозды қант диабеті

- тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Сақтықпен

- қант диабеті, гипогликемия

- гипертиреоз

- депрессия

- миастения

- псориаз

- бүйрек жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бета-адреноблокаторлардың басқа препараттармен фармакодинамикалық та, фармакокинетикалық та өзара әрекеттесуі хабарланады.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі

Дигоксин: бір мезгілде қолданғанда карведилол қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын шамамен 15 % арттырады, бұл дигоксиннен болатын брадикардияның күшеюіне әкеледі. Дигоксин мен карведилол AV өткізгіштігін баяулатады, бұл олардың әсер ету аддитивтілігіне әкелуі мүмкін. Карведилол қолданудың басында, дозаларын таңдағанда немесе емін тоқтатқанда плазмадағы дигоксин концентрациясын бақылау ұсынылады.

Циклоспорин: карведилол плазмадағы циклоспорин концентрациясын арттыруы мүмкін, сондықтан циклоспорин дозасын азайту қажет. Карведилолмен ем басталған соң циклоспорин деңгейін бақылау ұсынылады.

P450 цитохромы ферменттерін индукциялайтын немесе тежейтін препараттар: барбитураттармен және рифампицинмен бір мезгілде қолданғанда карведилол метаболизмі күшейеді, бұл оның плазмадағы концентрациясының азаюына алып келеді.

Циметидин, эритромицин, флувоксамин және гидралазин өз кезегінде карведилол метаболизмін баяулатып, карведилол әсерін күшейтеді.

Алюминий гидроксиді, холестирамин: бір мезгілде қолданғанда карведилол сіңірілуі кідіреді, бұл оның әсерінің азаюына алып келеді.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі

Диабетке қарсы препараттар, соның ішінде инсулин: карведилол гипогликемиялық әсерді күшейтеді және гипогликемияға тән сақтандыру белгілерін, мысалы, треморды бүркемелейді немесе азайтады.

Катехоламиндер деңгейін төмендететін препараттар: МАО тежегіштері, резерпин ауыр брадикардияны туындатып, карведилолдың гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін.

Верапамил, дилтиазем және аритмияға қарсы басқа да препараттар: карведилолмен бір мезгілде қолданғанда ауыр брадикардия немесе жүрек блокадасы туындауы мүмкін. Верапамил инъекциясы жағдайында айқын гипотензия мен асистола болуы мүмкін. Амиодарон вентрикулярлы аритмиялардың пайда болу қаупін арттырады.

Клонидин: карведилмен бір мезгілде қолданғанда қан қысымын бақылау керек. Клонидинмен бір мезгілде емдеуді тоқтату қажет болатын жағдайларда, алдымен карведилол қолдануды тоқтату керек, бірнеше күн өткен соң, дозаны біртіндеп азайтумен клонидинмен емді тоқтатады.

Эрготамин немесе эргометрин: карведилолмен бір мезгілде қолдану шеткергі қан тамырларының жиырылуын күшейтеді.

Безгекке қарсы дәрілер: карведилолдан болатын брадикардияның туындау қаупін арттырады.

Симпатомиметикалық дәрілер: карведилол адреналиннің (эпинефрин) прессорлық әсерін арттыру немесе азайтуы мүмкін. Карведилолмен ұзақ уақыт емдеу десенсибилизациялық ем жағдайында адреналин әсерін азайтуы мүмкін.

Хлорпромазин: бір мезгілде карведилол мен хлорпромазин қолдану плазмада екі препараттың да концентрациясын арттыруы жәнe олардың әсерлерін күшейтуі мүмкін.

Гипертензияға қарсы дәрілер: карведилол бір мезгілде қолданылатын гипертензияға қарсы дәрілердің әсерін және гипертензияға қарсы дәрілерге тән жағымсыз әсерлер туғызатын дәрілердің, мысалы, ұйықтататын дәрілер, анксиолитикалық дәрілер немесе алкоголь әсерін күшейтуі мүмкін.

Анестезияға арналған дәрілер: анестезия жасағанда карведилол мен жансыздандыруға арналған жекелеген дәрілердің теріс инотропты және гипотензиялық әсерлерінің қосылып кетуі мүмкін екендіктен сақ болу керек.

ҚҚСП және кортикостероидтар карведилолдың гипотензиялық әсерін антагониздейді.

АКЭ тежегіштері, диуретикалық дәрілер, кальций өзекшелерінің блокаторлары және алпростадил: гипотензиялық әсерінің артуы мүмкін екендіктен қан қысымын мезгіл-мезгіл бақылау қажет.

Айрықша нұсқаулар

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілерге емнің басталуынан кейін 2-3 сағаттан соң, сондай-ақ карведилол дозасын әр жолы арттырғанда клиникалық жағдайды (соның ішінде бүйрек функциясын) бақылау қажет.

Жедел немесе декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі жағдайында инотропты әсер туғызатын препараттарды көктамыр ішіне енгізбеуге кеңес беріледі.

Ортостатикалық гипотензия

Ортостатикалық гипотензияның туындауына жол бермес үшін (әсіресе, емдеудің басында) дозаларды азынан бастап, біртіндеп арттыру режимін қадағалап, сонымен қатар карведилолды ас ішу кезінде қолдану керек.

AV өткізгіштігінің бұзылуы

Карведилол баяу AV өткізгіштігі, әсіресе, бірінші дәрежелі AV блокадасы бар емделушілерге сақтықпен тағайындалу керек.

Брадикардия

Карведилол брадикардияны туындатуы мүмкін. Егер емделушінің тамыры минутына 55 реттен аз соғуға дейін баяуласа, карведилол дозасын азайту керек.

Бронх түйілу реакциялары

Бронх түйілу реакцияларына бейім емделушілерде тыныс жолдары кедергісінің артуы салдарынан тыныстық дистресс туындауы мүмкін, бұл орайда препараттың тиімді аз дозасын қолдану керек.

Принцметал стенокардиясы

Принцметал стенокардиясынан күдіктенетін емделушілерге карведилол абайлап қолданылу керек (кеуденің ауыруы).

Шеткергі қан тамырлар ауруы

Шеткергі қан тамырлар ауруына шалдыққан емделушілер карведилол қолдана алады, өйткені карведилолдың бета-адреноблокаторлық әсерінен туындайтын артериялық жеткіліксіздік симптомдарының күшеюін оның альфа-адреноблокаторлық әсері басады.

Рейно синдромы

Карведилолды шеткергі қан айналымының бұзылуы – Рейно сидромы бар емделушілер, симптомдардың өршуі мүмкін екендіктен, абайлап қолдану керек.

Диабет

Карведилолды қант диабеті бар емделушілер сақтықпен қолдану керек; өйткені препарат жедел гипогликемияның ерте көріністерін бүркемелеуі немесе азайтуы мүмкін. Сондықтан қант диабеті бар емделушілерге карведилол қолданудың басында немесе оның дозасын арттырғанда қандағы глюкоза деңгейін жүйелі бақылау қажет.

Тиреотоксикоз

Карведилол тиреотоксикоз симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Myasthenia gravis

Карведилол myasthenia gravis белгілерін бәсеңдете алады.

Псориаз

Карведилол псориазбен науқастарға сақтықпен қолданылу керек.

Анестезия және ауқымды хирургиялық араласу

Жалпы анестезия жасалғанда карведилол мен жансыздандырушы дәрілердің теріс инотропты және гипотензиялық әсерлерінің қосылып кетуі мүмкін екенін ескеру керек.

Егер хирургиялық араласу кезінде карведилол қолдану қажет болса, миокард функциясын бәсеңдететін жансыздандырушы дәрілер, мысалы, эфир, циклопропан және трихлорэтилен қолданылған жағдайда айрықша сақтану талап етіледі.

Қолдануды тоқтату синдромы

Бета-бөгегіш қасиеттері бар басқа препараттарды қолдану кезіндегі сияқты, карведилол қолдануды кенеттен тоқтатуға болмайды. Стенокардиямен науқастарда айқын стенокардияның өршуі және миокард инфарктісі мен вентрикулярлы аритмияның пайда болуы жөнінде мәліметтер бар. Тиреотоксикозға шалдыққан емделушілерде бета-адренорецепторлар блокаторларымен емді күрт тоқтатудан соң тиреотоксикоз симптомдарының күшеюі жөнінде де хабарланады. Карведилол қолдануды 1‑2 апта ішінде біртіндеп тоқтату керек. Дегенмен егер стенокардия симптомдары өршісе, карведилолмен емді шұғыл жаңғырту (ең болмаса уақытша) ұсынылады. Дозаны емделушінің жағдайына қарай жекеше таңдау керек.

Жоғары сезімталдық

Карведилолды жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары немесе сыртартқысында аллергия тектес аурулары бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек, өйткені бета-адреноблокаторлар аллергендерге сезімталдықты, сондай-ақ анафилактикалық реакция ауырлығын күшейтуі мүмкін. Адреналин енгізуге жауап реакциясы әлсіреуі мүмкін.

Жанаспалы линзалар

Жанаспалы линзалар пайдаланатын емделушілерге көз жасының аз бөлінуі мүмкін екенін ескерту керек.

Алкоголь

Емделу кезеңінде этанол тұтынуға болмайды.

Жарықта сақталғанда таблеткалардың түсі өзгеруі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Қан қысымын өзгеріске ұшырататын басқа препараттарды қолдану кезіндегідей, карведилол қолданатын емделушілерді бас айналғанда және соған ұқсас симптомдарда көлік құралдарын басқаруға және механизмдер қызметін көрсетуге болмайтынын ескерту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: артериялық қысымның айқын төмендеуі (систолалық АҚ

- сын. бағ. 80 мм және одан төмен), брадикардия (минутына 50 реттен аз соғу), жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок, жүректің тоқтауы, тыныс алу функциясының бұзылуы, бронх түйілуі, құсу, естен тану, конвулсиялар.

Емі: емделуші жатқан күйде болуы тиіс. Қажет болса, дәрігердің қадағалауымен қарқынды ем жүргізу керек. Артық дозаланудан соң бірден құстыруға немесе асқазанды шаюға болады.

  • Айқын брадикардия: 2 мг к/і атропин.

  • Жүрек-қантамыр функциясын қолдау: 30 секундтай к/і 5-10 мг глюкагон енгізу, оны сағатына 5 мг үздіксіз инфузиямен енгізуді жалғастыру; симпатомиметиктер (добутамин, изопреналин, адреналин) тағайындау.

  • Бронх түйілу: бета-симпатомиметиктер (к/і немесе аэрозоль көмегімен ингаляциялар) немесе к/і аминофиллин.

  • Конвульсиялар жағдайында к/і диазепам және клоназепамды баяу енгізу ұсынылады.

Артық дозаланудың ауыр жағдайларында (шок симптомдарымен), карведилолдың 7-10 сағат жартылай шығарылу кезеңін ескеріп, емдеуді барынша ұзақ жүргізген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6,25 мг, 12,5 мг немесе 25 мг таблеткалар.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 2 қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«Гриндекс» АҚ. Крустпилс к-сі, 53, Рига, LV-1057, Латвия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Гриндекс» АҚ. Крустпилс к-сі, 53, Рига, LV-1057, Латвия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Гриндекс» АҚ өкілдігі

050010, Алматы қ., Достық д-лы, Бөгенбай батыр көш. бұрышы,

34а/87а үй, №1 кеңсе

т./ф. 291-88-77, 291-13-84

Эл. пошта: grindeks.azia.kz@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

346886761477976432_ru.doc 113 кб
533456371477977633_kz.doc 115.5 кб
6715_04_06_09_10_14_19_i.pdf 1.2 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ