Каксета (500 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Каксета
Халықаралық патенттелмеген атауы
Капецитабин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 150 мг, 500 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 150 мг, 500 мг капецитабин,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Авицел РН-101), натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза 2910 (Метоцел Е 15 ЛВ Премиум), сусыз лактоза (Супертаб 21 АН), тальк ЕФ*, магний стеараты,
қабықтың құрамы: опадри II қызғылт 30F540003 #: соның ішінде гипромеллоза 2910 6 сР (Е464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/ПЭГ 4000, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е 172) ;
қабықтың құрамы: опадри II қызыл-сары 30F530001#: соның ішінде гипромеллоза 2910 6 сР (Е464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/ПЭГ 4000, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е 172).
Сипаттамасы
Ашық-шабдалы түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде нақышталған «150» жазуы және басқа жақ беті тегіс таблеткалар (150 мг дозасы).
Шабдалы түсті үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде нақышталған «500» жазуы және басқа жақ беті тегіс таблеткалар (500 мг дозасы).
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Пиримидин аналогтары. Капецитабин
АТХ коды L01ВC06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін капецитабин тез және толық сіңеді, содан кейін ол метаболиттерге, 5'-дезокси-5-фторцитидинге (5'-ДФЦТ) және 5'-дезокси-5-фторуридинге (5'-ДФУР) трансформацияланады. Аспен бір мезгілде қабылдау капецитабиннің сіңу жылдамдығын азайтады, алайда 5'-ДФУР және келесі метаболит, 5-фторурацилдің (5-ФУ), «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC) шамасына аздап ықпалын тигізеді. Капецитабиннің дозасын төмендету, белсенді метаболит үшін фармакокинетикасының желілік болмауына байланысты, пропорционал дозаға қарағанда, 5-ФУ-дің жүйелік әсерін көбірек азайтады.
Капецитабин, 5'-ДФЦТ, 5'-ДФУР және 5-ФУ ақуыздармен 60%-дан аз байланысады, және концентрацияға байланысты емес (негізінен альбуминмен, 35%-ға жуық), адамның плазмасын зерттеу капецитабиннің, 5'-DFCR, 5'-DFUR және 5-FU ақуыздармен, негізінен альбуминмен байланысы 54%, 10%, 62% және 10% құрайтынын анықтады.
Бауырдың карбоксилэстеразасы капецитабиннің 5'-ДФЦТ алғашқы метаболизмдік айналуын жүзеге асырады, ол содан кейін бауырдағы және ісік тіндеріндегі цитидиндезаминазаның әсер етуімен 5'-ДФУР-ға трансформацияланады. 5-ФУ үшін AUC, көктамыр ішіне 5-ФУ-ді 600 мг/м2 дозада сорғалатып енгізгеннен кейінгіге қарағанда, 6-22 есе аз. Капецитабиннің метаболиттері 5-ФУ-ға және 5-ФУ анаболиттеріне айналғаннан кейін ғана цитоуытты болады. Әрі қарай 5-ФУ катаболизденіп, белсенді емес метаболиттер – дигидро-5-фторурацил (ФУН2), 5-фторуреидопропион қышқылын (ФУПҚ) және альфа–фтор-бета-аланин (ФБАЛ) түзеді; бұл үдеріс дигидропиримидиндегидрогеназаның (ДПД) әсер етуімен жүреді, оның белсенділігі реакция жылдамдығын шектейді.
Капецитабиннің жүйелі 5-ФУ-ға ферментативтік биотрансформациясы ісік тіні концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Колоректальді ісік жағдайында 5-FU генерациясы жасушаның ісік стромасында елеулі дәрежеде орналасқан.
Капецитабиннің, 5'-ДФЦР, 5'-ДФУР, 5-ФУ және ФБАЛ жартылай шығарылу кезеңі T ½ тиісінше 0,85, 1,11, 0,66, 0,76 және 3,23 сағатты құрайды. Емдік дозалар диапазонында капецитабиннің және оның метаболиттерінің, 5-ФУ-ды қоспағанда, фармакокинетикалық параметрлері дозаға байланысты сипатта болады. Несеппен бірге шығарылуы – 95,5%, нәжіспен бірге – 2,6%. Несепте негізгі метаболиті ФБАЛ болып табылады, оның үлесіне қабылданған дозаның 57%-ы тиеді. Қабылданған дозаның 3%-ға жуығы несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады.
Емделушілердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы
Жынысы, ем басталғанға дейін бауырында метастазаның бар немесе жоқ болуы, емделушінің жалпы жағдайының индексі, жалпы билирубиннің және сарысулық альбуминнің концентрациясы, АЛТ мен АСТ белсенділігі тоқ ішегінің обыры бар науқастарда 5'-ДФУР, 5-ФУ және ФБАЛ фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.
Бауыры метастазданып зақымданған науқастар. Метастаздар әсерінен бауыр функциясының бұзылуы жеңіл және орташа дәрежелі науқастарда капецитабиннің фармакокинетикасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулер болмайды. Бауыр функциясының бұзылуы ауыр науқастардың фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.
Бүйрек функциясы бұзылған науқастар. Бүйрек функциясы бұзылуының әртүрлі (жеңілден ауырға дейінгі) дәрежесі бар науқастарға жүргізілген фармакокинетикалық зерттеу нәтижелері өзгеріске ұшырамаған препарат пен 5-ФУ фармакокинетикасы креатинин клиренсіне (КК) байланысты емес екендігін көрсетеді. КК 5'-ДФУР-дің AUC (КК 50%-ға төмендегенде AUC 35%-ға артады) және ФБАЛ-дың AUC (КК 50%-ға төмендегенде AUC 114%-ға артады) шамасына ықпалын тигізеді. ФБАЛ – антипролиферативтік белсенділігі жоқ метаболит.
Егде жастағы науқастар. Жас шамасы 5'-ДФУР және 5-ФУ фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. 65 жастағы және одан үлкен науқастарда ФБАЛ-дың AUC артты (жастың 20%-ға артуы ФБАЛ-дың AUC мәнінің 15%-ға артуымен қатарласа жүрді), бұл бүйрек функциясының өзгеруімен жүзеге асуы мүмкін.
Этникалық факторлар: 825 мг/кв.м капецитабинді күніне екі рет 14 күн бойы ішке қабылдағаннан кейін, ақ нәсілді емделушілерге (n = 22) қарағанда, жапон емделушілерінде (n = 18) ең жоғары концентрация 36%-ға жуық төмен болды және капецитабин үшін AUC мәні 24%-ға төмен болды. Сондай-ақ, ақ нәсілді емделушілерге (n = 22) қарағанда, жапондық емделушілерде (n = 18) ең жоғары концентрация шамамен 25%-ға төмен болды және FBAL-дың AUC мәні 34%-ға төмен болды. Осы айырмашылықтардың клиникалық релеванттылығы белгісіз. Басқа метаболиттердің (5- DFCR, 5'-DFUR, және 5-FU) әсерінде айырмашылықтар туындаған жоқ.
Фармакодинамикасы
Каксета – фторпиримидин карбаматының туындысы, ісік тіндерінде белсенділенетін және оған селективті цитоуытты әсер ететін пероральді цитостатик. In vitro капецитабиннің цитоуытты әсері жоқ, сонда in vivo сияқты 5-ФУ-ға айналады, ол әрі қарай метаболизмге ұшырайды.
Сау жасушалар да, сондай-ақ ісік жасушалары да 5-ФУ-ды 5-фтор-2-дезоксиуридин монофосфатына (ФдУМФ) және 5-фторуридин трифосфатына (ФУТФ) метаболиздейді. Бұл метаболиттер әртүрлі екі механизм арқылы жасушаларды зақымдайды. Біріншіден, ФдУМФ және фолатты кофактор N5-10-метилентетрагидрофолат тимидилатсинтазамен байланысып, үшіншілік кешенді түзеді. Бұл байланысу урацилден тимидилаттың түзілуін басады. Тимидилат тимидин трифосфатының қажетті ізашары болып табылады, ол өз кезегінде, ДНҚ синтезі үшін өте қажет, өйткені осы заттың жеткіліксіздігі жасушаның бөлінуінің тежелуіне әкеп соғуы мүмкін. Екіншіден, РНҚ синтезі үдерісінде ядроның транскрипциялық ферменттері оған уридин трифосфатының (УТФ) орнына ФУТФ-ті қателесіп қосуы мүмкін. Бұл метаболизмдік «қателесу» РНҚ түзілуін және ақуыз синтезін бұзады.
Қолданылуы
Колоректальді обыр
-
тоқ ішек обырының 3 сатысындағы науқастардың адъювантты емі ретінде
-
колоректальді обыр (КРО) метастаздары бар науқастарды емдеуге
Асқазан обыры
-
асқазанның кең таралған обыры бар науқастарды емдеу үшін платина препараттарымен біріктірілген алғашқы желілік ем ретінде
Сүт безінің обыры
-
сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры (СБО) бар науқастарды емдеу үшін антрациклиндерді қоса есептегенде, химиялық ем тиімсіз болғаннан кейін, доцетакселмен біріктіріп қолданылады
-
жергілікті таралған немесе метастаздық СБО (мСБО) бар науқастарды емдеу үшін таксандарды және антрациклиндерді қоса есептегенде, химиялық ем тиімсіз болғаннан кейін, немесе антрациклиндерді қолдануға болмайтын науқастарды емдеу үшін монотерапия ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Стандартты дозалау
КАКСЕТАны ісікке қарсы препараттарды қолдану тәжірибесі бар маманданған дәрігер тағайындайды. КАКСЕТА таблеткаларын ішке тамақтан кейін 30 минуттан соң сумен ішіп қабылдайды. Егер аурудың өршігені байқалса немесе жағымсыз уыттылық байқалса, ем тоқтатылуы тиіс. Стандартты және азайтылған дозалар Каксетаның бастапқы дозалары үшін дене бетінің ауданына сәйкес есептеледі: 1250 мг/кв.м. және 1000 мг/кв.м. және тиісінше 1 және 2-кестелерде берілген.
Тоқ ішектің обыры, колоректальді обыр және сүт безінің обыры
Тоқ ішек обырының адъювантты емі үшін, метастаздық колоректальді обырды немесе сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обырын емдегенде монотерапия ретінде Каксетаның ұсынылатын бастапқы дозасы 1250 мг/кв.м. құрайды. Күніне екі рет (таңертең және кешке, әр м2 шаққанда 2500 мг-ға дейінгі жалпы тәуліктік дозаға баламалы) 14 күн бойы енгізіледі, әрі қарай 7 күндік демалыс жасайды. Тоқ ішек обырының 3 сатысындағы емделушілерді адъювантты емдеуде препаратты жалпы алғанда 6 ай қолдану керек.
Тоқ ішектің обыры, колоректальді обыр және асқазанның обыры
Біріктіріп емдегенде Каксетаның ұсынылатын бастапқы дозасы 14 күн бойы күніне екі рет енгізгенде 800 - 1000 мг/м2 дейін төмендетіліп, әрі қарай 7 күндік үзіліс жасалады, немесе үздіксіз күніне екі рет енгізгенде 625 мг/м2 дейін төмендетіледі (5,1 тарауын қараңыз). Біріктірілген режимде биологиялық агенттерді қосу Каксетаның бастапқы дозасына ықпалын тигізбейді. Гидратацияның талапқа сай деңгейін және құсуға қарсы әсерді цисплатин дәрілік препаратының қысқа сипаттамасына сәйкес демеу үшін премедикация Каксета мен цисплатинді біріктіріп қабылдап жүрген емделушілерде цисплатинді енгізгенге дейін басталуы тиіс. Оксалиплатиннің қысқа сипаттамасына сәйкес құсуға қарсы дәрілермен бірге премедикация Каксетаны оксалиплатинмен біріктіріп қабылдап жүрген емделушілерге ұсынылады. Тоқ ішек обырының 3 сатысындағы емделушілерде адъювантты емді 6 ай бойы жүргізу керек.
Сүт безінің обыры
Сүт безінің метастаздық обырын емдегенде доцетакселмен біріктірілетін Каксетаның ұсынылатын бастапқы дозасы 14 күн бойы күніне екі рет 1250 мг/кв.м құрайды, әрі қарай 7 күндік демалыс жасайды, доцетакселмен біріктіргенде әрбір 3 апта сайын 1 сағаттық көктамырішілік инфузия түріндегі дозасы 75 мг/кв.м доза құрайды. Дексаметазон сияқты пероральді кортикостероидтарды пайдаланып, доцетакселдің қысқа сипаттамасына сай жүргізілетін премедикация Каксетаны доцетакселмен біріктіріп қабылдаған емделушілерде доцетакселді енгізгенге дейін басталуы тиіс.
Препарат дозасын дене бетінің ауданына сәйкес есептейді. Төменде берілген 1 және 2 кестелерде дене бетінің әр м2 шаққанда 1250 мг немесе 1000 мг-ға есептелген Каксетаның стандартты және азайтылған дозалары көрсетілген.
1-кесте. Дене бетінің әр м2 шаққанда 1250 мг-ға есептелген препараттың стандартты және азайтылған дозалары
Доза 1250 мг/м2 (күніне екі рет) |
|||||
Толық доза 1250 мг/м2 |
1 қабылданатын 150 мг және/немесе 500 мг таблеткалар саны (таңертең және кешке) |
75% доза 950 мг/м2 |
50% доза 625 мг/м2 |
||
Дене бетінің ауданы (м2) |
Қабылданатын доза (мг)* |
150мг |
500мг |
1 қабылдана-тын доза, мг |
1 қабылдана-тын доза, мг |
< 1,26 |
1500 |
- |
3 |
1150 |
800 |
1,27 - 1,38 |
1650 |
1 |
3 |
1300 |
800 |
1,39 - 1,52 |
1800 |
2 |
3 |
1450 |
950 |
1,53 - 1,66 |
2000 |
- |
4 |
1500 |
1000 |
1,67 - 1,78 |
2150 |
1 |
4 |
1650 |
1000 |
1,79 - 1,92 |
2300 |
2 |
4 |
1800 |
1150 |
1,93 - 2,06 |
2500 |
- |
5 |
1950 |
1300 |
2,07 - 2,18 |
2650 |
1 |
5 |
2000 |
1300 |
> 2,19 |
2800 |
2 |
5 |
2150 |
1450 |
2-кесте. Дене бетінің әр м2 шаққанда 1000 мг-ға есептелген препараттың стандартты және азайтылған дозалары
1000 мг/м2 доза (күніне екі рет) |
|||||
Толық доза 1000 мг/м2 |
1 қабылданатын 150 мг және/немесе 500 мг таблеткалар саны (таңертең және кешке) |
75% доза 750 мг/м2 |
50% доза 500 мг/м2 |
||
Дене бетінің ауданы (м2) |
Қабылданатын доза (мг)* |
150мг |
500мг |
1 қабылдана-тын доза, мг |
1 қабылдана-тын доза, мг |
< 1,26 |
1150 |
1 |
2 |
800 |
600 |
1,27 - 1,38 |
1300 |
2 |
2 |
1000 |
600 |
1,39 - 1,52 |
1450 |
3 |
2 |
1100 |
750 |
1,53 - 1,66 |
1600 |
4 |
2 |
1200 |
800 |
1,67 - 1,78 |
1750 |
5 |
2 |
1300 |
800 |
1,79 - 1,92 |
1800 |
2 |
3 |
1400 |
900 |
1,93 - 2,06 |
2000 |
- |
4 |
1500 |
1000 |
2,07 - 2,18 |
2150 |
1 |
4 |
1600 |
1050 |
> 2,19 |
2300 |
2 |
4 |
1750 |
1100 |
Емдеу барысында дозаны түзету
Жалпы ережелері
Каксетамен емдегендегі уыттану құбылыстарын симптоматикалық ем және/немесе Каксета дозасын өзгерту арқылы жоюға болады (емдеуді тоқтату немесе препарат дозасын азайту арқылы). Егер бір күні Каксета дозасын азайтуға тура келсе, онда кейін оны арттырмаған жөн. Емдеуші дәрігер уыттылық симптомдары емделушінің өміріне қауіп төндірмейді, немесе олардың дәрежесі ауыр емес деп есептеген жағдайда емді үзбей, Каксетамен емдеуді бастапқы дозада қайта бастауға болады.
1 дәрежелі уыттылықта дозаны түзетпеген жөн. Ауыр немесе орташа дәрежелі уыттылықта Каксетаны қабылдауды тоқтата тұрған жөн. Егер уытты құбылыстарға байланысты Каксетаны қабылдауды бірнеше рет өткізіп алса, онда бұл дозалардың орны толтырылмайды, тек емдеудің жоспарланған циклін әрі қарай жалғастырады (3-кесте).
Уыттылық кезінде модификациялаудың ұсынылатын дозалары төменде келтірілген:
3-кесте. Дозаны төмендету графигі (3 апталық цикл немесе әрі қарай ұзақ емдегенде).
Критерийлерге сәйкес уыттылық дәрежесі* |
Емдеу циклі кезінде дозаны өзгерту |
Келесі циклде дозаны түзету (бастапқы дозаның %-ы) |
1-дәреже |
Дозаны сақтау |
Дозаны сақтау |
2 дәреже |
||
1-ші рет |
Симптомдар жоғалғанша немесе ауырлығы 1-ші дәрежеге дейін азайғанша емдеуді тоқтату керек |
100 % |
2-ші рет |
75% |
|
3-ші рет |
50% |
|
4-ші рет |
Емдеуді біржолата тоқтату керек |
Қолдануға келмейді |
3-дәреже |
||
1-ші рет |
Симптомдар жоғалғанша немесе ауырлығы 1-ші дәрежеге дейін азайғанша емдеуді тоқтату керек |
75% |
2-ші рет |
50% |
|
3-ші рет |
Емдеуді біржолата тоқтату керек |
Қолдануға келмейді |
4-дәреже |
||
1-ші рет |
Емдеуді тоқтату немесе, егер емдеуші дәрігер бұл науқас үшін дұрыс деп есептесе, симптомдар жоғалғаннан және ауырлығы 1-дәрежеге азайғаннан кейін қайта бастау керек |
50% |
2-ші рет |
Емдеуді біржолата тоқтату керек |
Қолдануға келмейді |
(*) – Канаданың Ұлттық онкологиялық Институтының клиникалық зерттеулер бойынша классификациясы.
Қарапайым біріктірілген ем
Біріктірілген емде пайда болған уыттылықта дозаны модификациялауды 3-кестедегі нұсқауларға және Каксетамен біріктіріп пайдаланылған препараттың медициналық қолданылуы жөнінде нұсқаулыққа сәйкес жүргізген жөн.
Циклдің басында: Егер Каксетаны, немесе химиялық емдеу режиміндегі басқа препаратты енгізуді тоқтату қажет болса, науқастың жағдайы Каксетамен және таңдап алынған біріктірілімнің басқа препараттарымен емдеуді бастауға мүмкіндік беретін критерийлерді қанағаттандырмайтын болса, емдеу сызбасына кірген барлық препаратты енгізуді кідірте тұрған жөн.
Цикл кезінде: Егер біріктірілген химиялық емдеу циклін жүргізу кезінде емдеуші дәрігер препаратпен астаспаған деп есептеген уыттылық белгілері пайда болса, онда Каксетаны қабылдауды жалғастырған, ал басқа препараттың дозасын оның қолданылуы жөніндегі нұсқаулыққа сай түзеткен жөн.
Егер басқа препарат уыттылық себебінен тоқтатылуы тиіс болса, онда Каксетамен емдеуді, науқастың жағдайы Каксета қабылдауды жалғастыру үшін қанағаттанарлықтай болса, әрі қарай жалғастыруға болады.
Гематологиялық көрсеткіштері: Егер науқаста нейтрофилдер мөлшері 1,5 х 109/л-ден аз және/немесе тромбоциттер мөлшері 100 х 109/л-ден аз болса, Каксетамен емдеуді бастамау керек. Егер жоспардан тыс зертханалық зерттеулерде химиялық емдеу курсы кезінде 3 немесе 4 дәрежелі гематологиялық уыттылық байқалса, Каксетаны қабылдауды тоқтатқан жөн.
Дозалануы жөнінде арнайы нұсқаулар
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастар
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарда капецитабиннің дозасын түзетудің тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жеткіліксіз. Сондай-ақ бауыр қызметі жеткіліксіздігінің циррозбен немесе гепатитпен байланысы жөнінде ешқандай ақпарат жоқ.
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастар
Каксетаны бауыр қызметінің жеткіліксіздігі ауыр (креатинин клиренсі (КК) минутына 30 мл-ден төмен) болатын емделушілерге қолдануға болмайды. Бүйрек қызметінің бұзылуы орташа (зерттеуді басында КК минутына 30-50 мл) емделушілерде, қалған емделушілермен салыстырғанда, 3 және 4 дәрежелі жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі артады. Зерттеудің басында бүйрек функциясының бұзылуы орташа болған емделушілерде бастапқы 1250 мг/м2 дозаны 75%-ға дейін төмендету керек. Зерттеудің басында бүйрек функциясының бұзылуы орташа болған емделушілерде бастапқы доза 1000 мг/м2 болғанда дозаны төмендету қажет болмайды. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі жеңіл түрде (емнің басында КК минутына 51-80 мл) болатын емделушілерде бастапқы дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Егер емделушіде 2, 3 немесе 4 дәрежелі жағымсыз реакциялар пайда болса, мұқият бақылауға алып және емдеу курсын кідіртпей тоқтатып, әрі қарай дозаны жоғарыдағы 3-кестеде көрсетілгендей етіп түзету керек. Егер есептелген КК емдеу барысында минутына 30 мл-ден төмен мәнге дейін төмендесе, онда Каксетаны қабылдауды тоқтатқан жөн. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде дозаны түзету жөніндегі осы нұсқаулар монотерапияға да, сондай-ақ басқа препараттармен біріктіріп емдеуге де қатысты.
Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану жөнінде деректер жоқ.
Егде жастағылар. Каксетамен монотерапияда дозаны түзетудің қажеттілігі жоқ. Алайда 60 жастан асқан науқастарда, жастау адамдарға қарағанда, ауырлығы 3 және 4 дәрежелі жағымсыз құбылыстар жиі пайда болады. Біріктірілген емде егде жастағы (65 жастан асқан) адамдарда препаратты тоқтатуды қажет ететін 3 және 4 дәрежелі жағымсыз реакциялар, жастау адамдардан гөрі, жиі пайда болады. 60 жастан асқан егде жастағы науқастарды мұқият бақылау керек.
Каксетаны доцетакселмен біріктіріп қолданып ем жүргізгенде 60 жастан асқан науқастарда 3 және 4 дәрежелі жағымсыз реакциялардың жоғары жиілігі байқалды. Осы жастағы емделушілерді Каксета мен доцетакселді біріктіріп емдегенде Каксетаның бастапқы дозасын 75%-ға дейін (950 мг/м2 тәулігіне 2 рет) төмендету керек (2-кестені қараңыз). Егер уыттылық 60 жастағы емделушілерде капецитабинді бастапқы төмен дозада доцетакселмен біріктіргенде байқалмаса, онда Каксета дозасын күніне екі рет 1250 мг/м2–ға арттыруға болады.
Каксетаны иринотеканмен біріктіріп емдегенде 65 жастан асқан науқастарда Каксетаның бастапқы дозасын дене бетінің әр м2 шаққанда 800 мг-ға дейін төмендету керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (> 10%)
-
алақан-табан эритродизестезиясы синдромы, дерматит
-
диарея, құсу, жүректің айнуы, стоматит, іштің ауыруы
-
анорексия
-
қатты қажығыштық, астения, летаргия
-
кардиоуыттылық
-
бүйрек функциясының бұзылуына бұрыннан қауіп төнген адамдарда бүйрек функциясының бұзылуы күшейеді
-
тромбоз/эмболия
Жиі (>5%, <10%)
-
бөртпе, алопеция, эритема, терінің құрғауы
-
іш қатулар, эпигастрияда ауыру, диспепсия, гипербилирубинемия
-
парестезия, дәм сезімінің бұзылуы, бас ауыру, бас айналу
-
көзден жас бөлініп шығудың жоғарылауы, конъюнктивит
-
дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, астения
-
назофарингит, тыныс алудың төменгі жолдарының жұқпалары
-
ұйқысыздық, депрессия
-
тәбеттің нашарлауы, салмақтың кемуі
Жиі емес (<5%)
-
қышыну, орныққан эксфолиация, тері гиперпигментациясы, тырнақтардың зақымдануы, фотосезімталдық реакциялары, тоқтатудың радиациялық синдромы
-
арқаның ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы, буындардың ауыруы, буындардың қимылсыздығы
-
жөтел, ентігу
-
аяқтардың ісінуі, жүрек тұсының ауыруы, стенокардияны, кардиомиопатияны, миокард инфарктісін/ишемиясын қоса, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, кенеттен болатын өлім, тахикардия, жүрекшелік аритмия, жүрекшелер фибрилляциясын қоса, қарыншалық экстрасистолалар
-
ауыз ішінің құрғауы, метеоризм, шырышты қабықтардың қабынуы/жара болуы (тонзиллит, фарингит, эзофагиттер, гастриттер, дуодениттер, гастроэнтерит, колиттер, қан кетулер)
-
бауыр қызметінің жеткіліксіздігі, холестатикалық гепатит
-
ұйқысыздық, сананың шатасуы, энцефалопатия, церебральді бұзылулар: атаксия, афазия, дизартрия, жадының бұзылуы, естен танулар, тепе-теңдіктің және үйлесімнің бұзылуы, депрессия, шеткергі невропатиялар
-
сүйек кемігінің басылуы: гемолитикалық анемия, панцитопения, фебрильді нейтропения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, лейкопения
-
сүйек кемігінің басылуының салдары ретінде жұқпалар, иммундық жүйенің бұзылуы, жұқпалардың (этиологиясы бактериялық, вирустық және зеңдік жұқпаларды қоса есептегенде) жергілікті немесе жүйелік біліністері нәтижесінде шырышты қабықтардың жыртылуы, сепсис
-
ауыз қуысының кандидозы, тұмау, зеңдік жұқпалар, тістердің абсцесі
-
протромбинді уақыттың ұзаруы
-
қант диабеті
-
гипокалиемия, гипертриглицеридемия
-
гидронефроз, гематурия, никтурия, креатининнің жоғарылауы
Каксетамен біріктірілген ем
Өте жиі (> 10%)
-
алопеция, тырнақ құрылысының бұзылулары
-
буындардың ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы, аяқ-қолдардың ауыруы
-
жұтқыншақ дизестезиясы, тамақтың құрғауы
-
қантамырлардың тромбозы/эмболиясы, гипертензия, аяқтардың ісінуі
-
тәбеттің төмендеуі
-
шеткергі сенсорлық нейропатия, шеткергі жүйкелер нейропатиясы, дәм сезімінің бұзылулары, дизестезия, бас ауыру
-
көзден жас ағудың ұлғаюы
-
нейтропения, анемия, фебрильді нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения
-
дене температурасының жоғарылауы, астения, әлсіздік
Жиі(>5%, <10%)
-
арқаның ауыруы
-
мұрыннан қан кету, дауыстың бұзылуы, мұрынның бітелуі
-
ауыз ішінің құрғауы
-
гипокалиемия, гипонатриемия, гипомагниемия, гипокальциемия, гипергликемия
-
дене салмағының төмендеуі
-
ұйқысыздық, гипэстезия
-
жұқпалар, ауыр қуысының шырышты қабықтарының кандидозы
-
қызба
Каксетамен басқа химиялық препараттарды біріктіріп емдегенде асқын сезімталдық реакциялары 2% жиілікпен, миокард инфарктісі және стенокардия – 3% жиілікпен кездесті.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
капецитабинге немесе препараттың басқа компоненттеріне белгілі асқын сезімталдық
-
фторурацилге белгілі асқын сезімталдық немесе фторопиримидиндермен емдеуге ауыр және алдын ала болжауға келмейтін реакциялар
-
дигидропиримидиндегидрогеназа (ДПД) тапшылығы бар емделушілер
-
соривудинмен немесе оның химиялық аналогтарымен, мысалы, бривудинмен бір мезгілде қабылдау
-
бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілер
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
18 жасқа дейінгі балалар (18 жасқа дейінгі балаларда препараттың тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ)
-
лейкопенияның, нейтропенияның, тромбоцитопенияның ауыр түрлері бар емделушілер
-
бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі (КК минутына 30 мл-ден төмен)
Егер емдеудік біріктірілген сызбасындағы кез келген басқа препаратқа қарсы көрсетілімідері бар болса, онда бұл препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Антикоагулянттар – кумарин туындылары. Каксетаны кумарин туындылары тобына жататын, варфарин немесе фенопрокумон сияқты антикоагулянттармен бір мезгілде қабылдаған емделушілерде коагуляция параметрлерінің өзгерулері және/немесе қан кетулер байқалды. Олар препаратты қабылдаудан бастап бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі кезеңде пайда болды. Капецитабин мен пероральді антикоагулянттарды – кумарин туындыларын бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарда, ұйығыштық көрсеткіштерін (протромбиндік уақытты) мұқият бақылау және антикоагулянт дозасын талапқа сай түзету қажет.
Р450 2С9 цитохромымен метаболизденетін дәрілер. Капецитабин мен Р450 цитохромы 2С9 изоэнзимі арқылы метаболизденетін препараттардың өзара әрекеттесуін зерттеуге қатысты арнайы зерттеулер тежегіш әсерінің жоқ екендігін көрсетті.
Антацидтер. Құрамында алюминий және магний гидроксидтері бар антацидтердің ықпалы капецитабин мен бір метаболитінің (5'-ДФЦР) плазмадағы концентрациясының аздап жоғарылату болып табылады; негізгі үш метаболитіне (5'-ДФУР, 5-ФУ және ФБАЛ) олар ықпалын тигізген жоқ.
Фенитоин. Фенитоин (пэпилепсияға қарсы, құрысуға қарсы, аритмияға қарсы, бұлшықеттерді босаңсытатын) аясында Каксетамен бір мезгілде қолданғанда қандағы фенитоин концентрациясы жоғарылайды.
Айрықша нұсқаулар
Диарея. Каксета кейде ауыр дәрежелі диареяны туындатуы мүмкін. Ауыр диареясы бар науқастарды мұқият бақылаған жөн, дегидратация жағдайында су және электролиттік теңгерімді қалпына келтіру бойынша орын алмастыру емін жүргізу керек. Егер қажет болса, дозаны төмендету керек.
«Қол басы-табан» синдромы. Терілік уыттанудың білінісі 1-3 дәрежелі алақан-табан синдромының туындауы болып табылады (синонимдері: алақан-табан эритродизестезиясы немесе химиялық емдеуден туындаған акральді эритема). Пайда болғанға дейінгі уақыт – 11 күннен 360 күнге дейін, орта есеппен 79 күн.
1 дәрежелі алақан-табан синдромы науқастың күнделікті белсенділігін бұзбайды және алақанның және/немесе табанның ұюымен, дизестезиясымен және парестезияларымен, шаншуымен немесе қызаруымен, жайсыздықпен білінеді. 2 дәрежелі алақан-табан синдромы қол бастарының және/немесе табанның ауырып қызаруымен және ісінуімен білінеді, әрі осы симптомдардан туындайтын жайсыздық емделушінің күнделікті белсенділігін нашарлатады.
Үшінші дәрежелі алақан-табан синдромы сулы десквамациямен, ойық жарамен, сулы бөртпенің түзілуімен және емделушіде күшті жайсыздық тудыратын қол бастарының және/немесе табанның қатты ауыруымен сипатталады, мұндайда күнделікті белсенділіктің кез келген түрі болмауы мүмкін.
2 немесе 3 дәрежелі алақан-табан синдромы пайда болғанда препаратты қолдануды симптомдар жоғалғанға дейін тоқтату немесе оларды 1 дәрежеге дейін азайту керек; бастапқы 3 дәрежелі синдромда капецитабиннің кейінгі дозаларын азайту керек.
Кардиоуыттылық
Капецитабинмен емдеген кездегі кардиоуыттылық өрісі басқа фторпиримидиндерді пайдаланғандағы осындайға ұқсас және миокард инфарктісін, стенокардияны, аритмияларды, жүректің тоқтап қалуын, жүрек қызметінің жеткіліксіздігін және ЭКГ-дегі өзгерулерді қамтиды. Бұл жағымсыз құбылыстар ЖИА зардап шегіп жүрген науқастарға тән.
Егде емделушілерде пайдаланылуы
Дәрігерлер егде адамдар арасында Капецитабинмен емдеудің жағымсыз әсерлерінің мониторингісіне ерекше көңіл бөлуі керек.
Дигидропиримидиндегидрогеназа тапшылығы
5-фторурацилді қабылдаумен байланысты сирек, күтілмеген, ауыр уыттанулар (мысалы, стоматит, диарея, нейтропения және нейроуыттылық) дигидропиримидиндегидрогеназа (ДПД) тапшы болғанда тіркелді. Демек, ДПД деңгейінің төмендеуі мен 5-фторурацилдің өлтіретін уытты әсерлерінің артуы арасындағы байланысты жоққа шығаруға болмайды.
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
Дәрігерлер Каксетаны бүйрек функциясы бұзылған емделушілерге тағайындағанда сақ болуы тиіс. 5-ФУ қолдану тәжірибесі емдеумен байланысты 3 және 4 дәорежелі жағымсыз реакциялар бүйрек қызметінің орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар (КК 30-5- мл/мин) науқастарда жиі пайда болатындығын көрсетеді.
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі
Егер Каксетамен емдеуге байланысты гипербилирубинемия білінсе, ол қалыптың жоғарығы шегінен 3 еседен астамға асып кетсе, немесе бауыр аминотрансферазасы (АЛТ, АСТ) белсенділігі қалыпты жоғарғы шегінен 2,5 еседен астамға асып кетсе, капецитабинді қолдануды тоқтатқан жөн. Оны билирубин деңгейі және бауыр трансаминазасының белсенділігі көрсетілген шектен төменге түскенде қайта бастауға болады.
Жүктілік
Каксетаны пайдаланып жүрген жүкті әйелдерге зерттеулер жүргізілген жоқ; жануарларда репродуктивтік уыттылығына жүргізілген зерттеулерде Каксетаны қабылдау эмбрионның өлімге ұшырауын және тератогенділікті тудырды. Бұл нәтижелер – фторпиримидин туындыларының салдарлары. Егер емделуші әйел препаратты қабылдап жүргенде жүкті болып қалса, науқас мұның ұрық үшін потенциальді қаупі жөнінде хабардар болуы керек.
Каксетаны жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер Каксета препаратымен емделу кезінде жүктіліктен сақтануы тиіс.
Автомобильді басқару және зейінді шоғырландыруды қажет ететін жұмыстарды жасау қабілетіне ықпал етуі
Жағымсыз әсерлердің пайда болуы мүмкін екендігін ескерген жөн, Каксета бас айналуды, шаршауды және жүректің айнуын тудыруы мүмкін, олар зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін жұмыстарды орындау қабілетін нашарлатуы мүмкін.
Артық дозалануы
Қатты артық дозаланудың симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, асқазан-ішек жолының тітіркенуі және асқазан-ішектік қан кетулер, сүйек кемігінің тежелуі.
Емі: клиникалық симптомдарды түзетуге және олардың асқынуларын болдырмауға бағытталған стандартты емдік және демеуші медициналық шаралар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
150 мг-ға арналған пішінді ұяшықты 6 қаптама және 500 мг үшін пішінді ұяшықты 12 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Sun Pharmaceutical Industries Ltd.
Заңды мекенжайы:
Acme Plaza, Andheri-Kurla Road,
Andheri (E), Mumbai 400 059, Үндістан
Өндірістің тұрғылықты мекенжайы:
Halol-Baroda Highway,Halol-389 350, Gujarat, Үндістан
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Sun Pharmaceutical Industries Ltd., Үндістан
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
050004, Алматы қ-сы, Төлебаев к-сі, 38, 5-қабат
Тел. (727) 250-92-35, факс (727) 250-33-64
sunreports@intelsoft.kz, sunalmaty@intelsoft.kz