Изониазид (сироп, 100 мг/5 мл)

МНН: Изониазид
Производитель: Юрия-Фарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Isoniazid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019862
Информация о регистрации в РК: 15.08.2018 - 15.08.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 6 384.8 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Изониазид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Изониазид

Дәрілік түрі

100мг/5 мл, 200 мл шәрбат

Құрамы

5 мл препараттың құрамында

белсенді зат –100.0 мг изониазид,

қосымша заттар: сорбит, натрий сахарині, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тағамдық хош иістендіргіш, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жеміс иісі бар мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Туберкулезге қарсы препараттар. Гидразидтер. Изониазид.

АТХ коды J04A C01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Изониазид ішке қабылданғанда тез және толық сіңеді, тамақтану сіңуін және биожетімділігін төмендетеді. Биожетімділігінің көрсеткішіне бауыр арқылы «алғаш өту» әсері үлкен ықпалын тигізеді. Бір реттік 300 мг дозаны ішке қабылдағаннан кейін ең жоғары концентрацияға жету үшін қажетті уақыт (ТСmax) - 1-2 сағат, ең жоғары концентрациясы (Стmax) – 3-7 мкг/мл. Ақуыздармен байланысы мардымсыз – 10%-ға дейін. Таралу көлемі – 0,57-0,76 л/кг. Бүкіл организмге жақсы таралып, барлық тіндерге және жұлын-ми, плевралық, асциттік сұйықтықтарға жақсы өтеді; жоғары концентрациялар өкпе тінінде, бүйректерде, бауырда, бұлшықеттерде, сілекейде және қақырықта болады. Плаценталық бөгет арқылы және емшек сүтіне өтеді. Бауырда ацетилдену арқылы метаболизмге ұшырап, белсенді емес өнімдер түзіледі. Бауырда N-ацетилтрансферазамен ацетилденіп, N-ацетилизониазид түзеді, содан кейін изоникотин қышқылына және моноацетилгидразинге айналады, ол аралық белсенді метаболит N-гидроксилденгенде Р450 цитохромының аралас оксидазалы жүйесін түзу арқылы гепатоуытты әсер береді.

N- ацетилтрансферазаның ацетилденуі баяу болатын адамдарда ацетилдену жылдамдығы генетикалық тұрғыдан детерминирленген. Бауырда СУР2С9, СУР2Е1 ферменттік жүйесінің тежегіші болып табылады. "Шапшаң ацетиляторлар" үшін жартылай шығарылу кезеңі – 0,5-1,6 сағат; «баяулары» үшін – 2,5 сағат.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде жартылай шығарылу кезеңі 6,7 сағатқа дейін артуы мүмкін. 1,5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларда жартылай шығарылу кезеңі – 2,3-4,9 сағат, ал сәбилерде – 7,8-19,8 сағат (бұл сәбилерде ацетилдену үдерісінің жетілмегендігімен түсіндіріледі). Жартылай шығарылу кезеңінің көрсеткіші ацетилдену үдерісінің жекелей қарқындылығына байланысты өзгеріп отыратындығына қарамастан, жартылай шығарылу кезеңінің орташа мәні 3 сағатты (ішке 600 мг қабылдағанда) және 5,1 сағатты (900 мг) құрайды. Қайтадан тағайындағанда жартылай шығарылу кезеңі 2-3 сағатқа дейін қысқарады.

Негізінен бүйректер арқылы шығарылады: 24 сағат ішінде препараттың 75-95%-ы, негізінен белсенді емес метаболиттер түрінде - N-ацетилизониазид және изоникотин қышқылы түрінде шығарылады. Мұндайда N-ацетилизониазид мөлшері «шапшаң ацетиляторларда» 93% құрайды, ал “баяуларында” – 63 %-дан аспайды. Аздаған мөлшері нәжістермен бірге шығарылады. Препарат қаннан гемодиализ кезінде жоғалады; 5 сағаттық гемодиализ қаннан препараттың 73%-на дейін жоғалуына мүмкіндік береді.

Фармакодинамикасы

Изониазид – туберкулезге қарсы дәрі; бактерицидті түрде әсер етеді, микобактериялардың жасушалық қабырғасының маңызды компоненті болып табылатын микол қышқылының синтезін төмендетеді. Тез көбейетін микроорганизмдерге (соның ішінде жасуша ішінде орналасқан) қатысты аса белсенді.

Қолданылуы

- ересектерде және балаларда кез келген жерге орныққан туберкулезді емдеуге (біріктірілген ем құрамында)

- туберкулезбен ауыратын науқастармен қарым-қатынастағы адамдарда туберкулездің алдын алуға

Қолдану тәсілі және дозалары

Изониазид шәрбатын тамақтануға дейін немесе тамақтан кейін 30-40 минуттан соң ішке қабылдайды.

Ересектертәулігіне 300 мг (15 мл шәрбат)

Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік дозасы – 900 мг.

Тәуліктік және курстық дозаны аурудың барысы мен түріне, изониазидтің белсенділігінің төмендеу дәрежесіне, емдеудің тиімділігіне және препараттың жағымдылығына байланысты белгілейді.

Балалар

2 жастан асқан балаларға күн сайын қолданғанда тәулігіне 1 рет, дене салмағының әр кг-на шаққанда 5 мг тәуліктік дозада тағайындайды.

Дене салмағына байланысты изониазид дозасы:

11-20 кг: тәулігіне 100 мг (5 мл шәрбат)

21-30 кг: тәулігіне 200 мг (10 мл шәрбат)

Балалар үшін ең жоғары тәуліктік дозасы – 500 мг.

Емдеу ұзақтығын, аурудың сипатына және түріне байланысты, әр адамға жекелей белгілейді.

Қарқынды фаза кезеңінде немесе алма-кезек қабылдағанда (аптасына 3 рет) ересектерге және балаларға дене салмағының әр кг-на шаққанда 10 мг тағайындайды.

Ересектерде және балаларда туберкулездің алдын алу үшін изониазид шәрбаты 2 ай бойы тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 5-10 мг дозада қолданылады.

Жағымсыз әсерлері

Изониазид белсенділігі төмендеген емделушілерде препараттың уытты біліністерінің қаупі едәуір жоғарылайды.

- жүректің айнуы, құсу, ауыз ішінің құрғауы, іш тұсының жайсыздығы, анорексия, жедел панкреатит, іш қату

- асқын сезімталдық реакцияларымен байланысты аллергиялық реакциялар, мысалы, қызба, тері бөртпелері (қызылшаға ұқсас, макулопапулезді дерматит, пурпура немесе эксфолиативті дерматит), терінің қышуы, интерстициальді пневмонит, лимфаденопатия және васкулит; жүйелік қызыл жегі симптомдарының өршуі немесе жегіге ұқсас синдром пайда болуы мүмкін, дене температурасының жоғарылауы

- бас ауыру, бас айналу, шеткергі нейропатия, құрысулар, көру жүйкесінің невриті, шеткергі неврит, полиневрит, көру жүйкесінің атрофиясы, гиперрефлексия, парестезия, аяқ-қолдын салдануы, эпилепсиясы бар науқастарда ұстамалар жиілігінің артуы, уытты энцефалопатия, жадының нашарлауы, ұйқының бұзылуы, эйфория, психоздық реакциялар (уытты психоздар), адамның жеке басының аздап өзгерулерінен бастап едәуір психоздық бұзылуларына дейін, олар, әдеттегідей, препаратты тоқтатқанда жоғалады; бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы емделушілерде естудің нашарлауы және құлақтың шыңылдауы

- артериялық гипертензия, жүректің қағу сезімі, төс артының және жүрек тұсының ауыруы, егде жастағы адамдарда миокард ишемиясының күшеюі, өкпедегі артериялық қысымның жоғарылауы

- несептің бөлініп шығуының қиындауы

- бауырдың зақымдануы, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, сарғаю, гепатит, бауыр қызметінің фульминантті жеткіліксіздігі, ол некроздың пайда болуына әкелуі мүмкін (әсіресе 35 жастан бастап), билирубинемия, билирубинурия, дәрілік гепатит

- пиридоксиннің тапшылығы, ол триптофанның никотин қышқылына айналуына ықпалын тигізеді, пеллагра, еркектерде гинекомастия, меноррагиялар, әйелдерде дисменорея, Кушинг синдромы, гипергликемия, ацидоз

- гемолитикалық және апластикалық анемиялар, сидеробластты анемия, тромбоцитопения, агранулоцитоз, эозинофилия, гемолиз (глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшы болғанда)

- ревматоидты синдром, бұлшықеттердің тартылуы, бұлшықет атрофиясы

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз

- дімкәстік, әлсіздік; препаратты қабылдауды тоқтатқанда пайда болатын бас ауыру, ұйқысыздық, тітіркенгіштік, күйгелектікті қамтитын тоқтату синдромы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- изониазидке немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- эпилепсия, құрысу ұстамаларына бейімділік

- ауыр психоздар (соның ішінде сыртартқыда)

- полиомиелит (соның ішінде бұрын болған)

- изоникотин қышқылы гидразині туындыларын (фтивазид және т.б.) қолдану нәтижесінде уытты гепатиттің сыртартқыда болуы

- бауыр және/немесе бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі

- айқын атеросклероз

- көру және шеткергі жүйке аурулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 2 жасқа дейінгі балалар

Изониазидті жүктілік кезеңінде, өкпе-жүрек қызметінің ІІІ дәрежелі жеткіліксіздігінде, артериялық гипертензияның II-Ш сатыларында, жүректің ишемиялық ауруында, жүйке жүйесінің ауруында, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде, гепатиттің өршу кезеңінде, бауыр циррозында, бронх демікпесінде, псориазда, экземаның өршу кезеңінде, гипотиреозда, микседемада әр кг-ға шаққанда 10 мг-нан жоғары дозаларда қолдануға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат белсенділігі баяу төмендеген, бір мезгілде парааминосалицил қышқылын қабылдап жүрген емделушілерге изониазидті тағайындағанда препараттың тіндік концентрациясы жоғарылауы мүмкін, соның нәтижесінде жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі өседі. Изониазид кейбір дәрілік препараттардың бауырлық метаболизмін баяулатуы мүмкін, бұл уыттылықтың артуына әкеледі. Мұндай препараттарға мыналар жатады: карбамазепин, примидон, фенитоин, диазепам, триазолам, хлорзоксазон, дисулъфирам. Изониазид леводопаның емдік әсерін азайтуы мүмкін. Изониазидті мыналармен бір мезгілде қолданғанда:

рифампицинмен бірге – бауырдың зақымдану қаупі жоғарылайды;

глюкокортикостероидтармен бірге – изониазидтің метаболизмі және элиминациясы жоғарылайды;

итраконазолмен бірге – қан сарысуында соңғысының концентрациясы едәуір төмендеуі және емдік әсері жоқ болуы мүмкін.

Мыналармен бір мезгілде қолдануға болмайды:

кетоконазолмен бірге – қан сарысуында кетоконазол деңгейін азайтуы мүмкін: қандағы препарат концентрациясын бақылап отыру және қажет болғанда дозаны арттыру керек;

ацетаминофенмен бірге – бауырда уыттық заттардың жиналуы және генерация есебінен соңғысының уыттылығын арттырады, бұл ауыр жағымсыз реакцияларға әкеп соғуы мүмкін;

теофиллинмен бірге – қан плазмасында теофиллиннің концентрациясы артады: қандағы теофиллин деңгейін бақылау және препараттың дозасын тиісінше түзету керек;

валъпроатпен бірге – қан плазмасында вальпроаттың концентрациясы артады: вальпроат дозасын түзеткен жөн;

ставудинмен бірге – дистальді сенсорлы нейропатия қаупі жоғарылайды; зальцитабинмен бірге АИВ жұқтырған емделушілерде – изониазид клиренсі қосарланады, сондықтан емнің тиімділігін қамтамасыз ету үшін изониазид пен зальцитабиннің концентрациясын бақылау керек;

В6 витаминімен және глутамин қышқылымен бірге – изониазидтің жағымсыз әсерлерінің ықтималдылығы төмендейді;

дифенинмен бірге – дифениннің аритмияға қарсы әсері күшейеді.

Изониазид пен стрептомицинді енгізу арасындағы ең жоғары ықтимал аралықтарды сақтаған жөн. Изониазидті антацидтерді қабылдаудан кем дегенде 1 сағат бұрын қабылдау қажет.

Сондай-ақ изониазид құрамында гистамин мен тирамин бар тағамдық өнімдермен (қатты ірімшік, қызыл шарап, тунец, тропикалық балықтар) потенциалды түрде өзара әрекеттесуі мүмкін: бас ауыру, тершеңдік, жүректің қағу сезімі, қан кернеулері, артериялық гипотензия сияқты жағымсыз ракциялар пайда болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Изониазидпен монотерапия нәтижесінде микобактериялардың төзімді тұрақты штаммдары тез түзіледі, сондықтан оны туберкулезге қарсы басқа дәрілермен біріктіріп қолданады. Дозаны изониазидтің белсенділігін төмендету мүмкіндігіне қарай дұрыс таңдау қажет. Изониазидті тағайындар алдында оның белсенділігінің төмендеу жылдамдығын қандағы және несептегі белсенді заттардың мөлшері бойынша анықтаған жөн. Белсенділігінің тез төмендеуі байқалатын емделушілерде Изониазидтің қолданылатын дозасы жоғары. Жағымсыз әсерлерін азайту үшін Изониазидпен бірге бір мезгілде пиридоксин гидрохлоридін (ішке немесе бұлшықет ішіне) немесе глутамин қышқылын; тиамин хлоридін немесе тиамин бромидін (бұлшықет ішіне), АТФ натрий тұзын тағайындайды.

Барлық емделушілерде емдеу барысында бауыр қызметін бақылап отыру керек. Бауыр қызметі бұзылған емделушілерде арнайы сақтық шараларын ұстану қажет. Осы науқастарда бауыр қызметінің кез келген нашарлауы емдеуді тоқтату үшін көрсетілім болып табылады.

Егер қан сарысуында АСТ деңгейі үш еседен астамға өссе немесе билирубин деңгейі жоғарыласа, препарат қабылдауды тоқтату қажет.

Изониазидті қант диабетіне, созылмалы маскүнемдікке шалдыққан емделушілерге, бауыр немесе бүйрек қызметінің бұзылуы ауыр болғанда, басқа да потенциалды гепатоуытты препараттарды қабылдап жүрген емделушілерге тағайындағанда сақ болған жөн.

Изониазидпен индукцияланған гепатоуыттылық қаупі емделушілерде 35 жастан бастап, әсіресе әйел жыныстыларда, препараттың белсенділігінің төмендеуі баяу болатын адамдарда, АИВ жұқтырғандарда, тамақтануы құнарсыз емделушілерде, нейропатиясы бар емделушілерде артады. Гепатиттің алғашқы симптомдары (дімкәстік сезімі, қажығыштық, жүректің айнуы, тәбеттің болмауы) пайда болғанда емдеуді дереу тоқтатқан жөн.

Изониазидті дәрілік заттарға жағымсыз реакциялары бар, бауырдың дәрі-дәрмектермен индукцияланған ауруларын қоса есептегенде, адамдарға тағайындамаған жөн. Жүктілік кезеңінде, өкпе-жүрек қызметінің ІІІ дәрежелі жеткіліксіздігінде, артериялық гипертензияның II - III дәрежесінде, жүректің ишемиялық ауруларында, жүйке жүйесінің ауруларында, бронх демікпесінде, псориазда, өршу сатысындағы экземада, гипотиреозда препаратты дене салмағының әр кг-на шаққанда 10 мг-нан аспайтын дозада қабылдау керек.

Изониазидті құрысу ұстамалары бар эпилепсияларда тағайындамаған жөн. Изониазидті сыртартқысында психоздары бар емделушілерге абайлап тағайындайды. Қант диабеті бар науқастарда глюкозуриялық тест нәтижесі позитивті болуы мүмкін. Нейропатияның немесе пиридоксин жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі бар емделушілерде (диабетке, созылмалы маскүнемдікке шалдыққан науқастар, гипотрофиясы, бүйрек қызметінің терминальді сатыдағы жеткіліксіздігі бар, жүкті, АИВ жұқтырған емделушілер) пиридоксинді тағайындаған жөн.

Изониазидті ас қабылдау кезінде қабылдамаған жөн. Зерттеулер, тамақпен бірге қабылдаған кезде изониазидтің биожетімділігінің едәуір төмендейтіндігін көрсетті. Емдеу кезінде алкоголь ішімдіктерін қолданбаған жөн.

Балалар

2 жастан асқан балаларға қолданылады.

Препарат құрамына метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат кіреді, олар пероральді түрде қолданғанда баяу типті аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.

Изониазид шәрбатында сорбит бар, сондықтан фруктозаның тұқым қуалаған жақпаушылығы бар емделушілер бұл препаратты қабылдамағаны жөн. Ол сондай-ақ аздаған іш жүргізгіш әсер беруі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Изониазидтің автокөлікті басқарғанда және басқа да механизмдермен жұмыс жасағанда реакция шапшаңдығына ықпалын тигізуі жөнінде деректер жоқ. Жүргізушілер және күрделі механизмдердің операторлары жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялардың пайда болуы мүмкін екендігін ескергені жөн, олар зейінді жұмылдыру қабілетіне және реакция шапшаңдығына ықпалын тигізуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, бас айналу, құрысулар, көрудің көмескіленуі, көру елестеулері, әлсіздік, дизартрия, бағыттан адасу, міңгірлеп сөйлеу, мелшию, гиперрефлексия, шеткергі полинейропатия, бауыр қызметінің бұзылуы, метаболизмдік ацидоз, гипергликемия, глюкозурия, кетонурия, құрысулар (препаратты қолданғаннан кейін 1-3 сағаттан соң), кома. Уақыт өте келе респираторлы дистресс-синдром пайда болуы мүмкін. Зертханалық зерттеулерде несепте ацетонның болуы тән болып табылады; ауыр метаболикалық ацидоз, гипергликемия.

Емдеу:

- шеткергі полинейропатия (В6, В1 В12 витаминдері, АТФ, глутамин қышқылы,

никотинамид, массаж, физиотерапиялық емшаралар)

- құрысулар (бұлшықет ішіне В6 витамині – 200-250 мг, көктамыр ішіне 40%

декстроза ерітіндісі – 20 мл, бұлшықет ішіне 25% магний сульфатының ерітіндісі – 10 мл, диазепам)

- бауыр қызметінің бұзылуы (метионин, липамид, АТФ, В12 витамині).

Шығарылу түрі және қаптамасы

100мг/5 мл, 200 мл шәрбат

Полимер немесе нығыздағыш төсеніші бар алюминий қақпақтармен тығындап бекітілген полимер құтыларда 200 мл-ден.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картон пәшкеге салынған.

Пәшкеге қосымша өлшеуіш құрылғылар салынуы мүмкін.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны алғаш ашқ аннан кейін құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада 30 күн бойына сақтау керек.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Юрия-Фарм» ЖШҚ

Украина, 03680, Киев қ-сы, Н. Амосов к-сі, 10.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Юрия-Фарм» ЖШҚ

Украина, 03680, Киев қ-сы, Н. Амосов к-сі, 10.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«GOOD LOOK саудалық үйі» ЖШС

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Тараз қ-сы, Көшеней 6-шы тұйық к-сі 16.

Телефон нөмірі: 8(726) 2438219

Электронды поштасы: goodlook@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

002227451477976930_ru.doc 89 кб
030883761477978097_kz.doc 92 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники