Зоцеф® (750 мг)

МНН: Цефуроксим
Производитель: Alkem Laboratories Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Cefuroxime
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005006
Информация о регистрации в РК: 06.12.2017 - 06.12.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 344.96 KZT
Предельная цена реализации в РК: 463.1 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Зоцеф ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефуроксим

Дәрілік түріИнъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 750 мг және 1.5 г ұнтақ

Құрамы

белсенді зат – натрий цефуроксимі түрінде

цефуроксим 750 мг 1500 г

Сипаттамасы

Аздап гигроскопиялы ақ түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Бактерияларға қарсы бета-лактамдық басқа да препараттар. ІІ буынды цефалоспориндер. Цефуроксим.

АТХ коды J01DС02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты 750 мг дозада бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін қан плазмасында цефуроксим ең жоғарғы концентрацияға 15-60 минуттан соң жетеді және 27 мкг/мл құрайды. Көктамыр ішіне 750 мг және 1,5 г дозаларды енгізгеннен кейін ең жоғарғы концентрацияға 15 минуттан соң жетеді және, тиісінше, 50 және 100 мкг/мл құрайды. Емдік концентрациясы, тиісінше, 5,3 және 8 сағат бойы сақталады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 33-50-ды құрайды. Цефуроксим микроорганизмдердің көпшілігі үшін ең төмен концентрациялардан астам концентрацияларға сүйек тінінде, синовиальді сұйықтықта және көз іші сұйықтығында жетеді. Цефуроксим менингит кезінде гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Плацента арқылы өтеді және емшек сүтімен бірге бөлініп шығады.

Цефуроксим организмде биологиялық өзгеріске ұшырамайды. Бұлшықетке, сондай-ақ көктамыр ішіне енгізілгенде жартылай шығарылу кезеңі шамамен 70 минутты құрайды, жаңа туған нәрестелерде 3-5 есе артады. Өзекшелік секреция және шумақтық сүзілу арқылы өзгермеген күйінде несеппен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Зоцеф – әсер ету ауқымы кең, ІІ буынды цефалоспоринді антибиотик, бактерия жасушалары қабырғасының синтезін тежеу есебінен бактерицидті әсер етеді. Зоцеф жарғақшамен байланысқан транспептидазаны ацетилдейді, осылайша, жасуша қабырғасының беріктігі мен сіреспелілігін қамтамасыз ететін пептидогликандардың айқаспалы тігісін бұзады.

Мына грамтеріс бактерияларға: Escherіchіa colі, Haemophіlus іnfluenzae, Salmonella spp., Shіgella spp., Proteus mіrabіlіs, Neіsserіa gonorrhoeae, Enterobacter spp. қатысты белсенділігі жоғары. Сондай-ақ мына грамоң бактерияларға: Staphylococcus spp., Streptococcus spp. қатысты белсенді.

Pseudomonas spp., Enterococcus spp. штаммдарының көпшілігіне, Enterobacter clocae көптеген штаммдарына, Staphylococcus spp., және Lіsterіa monocytogenes метициллин-төзімді штаммдарына қатысты белсенді емес.

Бета-лактамазалардың әсеріне төзімді.

Қолданылуы

Цефуроксимге сезімтал микроорганизмдерден болған мына жұқпалы-қабыну ауруларында:

  • тыныс жолдарының жұқпаларында (соның ішінде жедел және созылмалы бронхит, жұқпа жұқтырған бронхоэктаздар, бактериялық пневмония, өкпе абсцессі)

  • абдоминальді және гинекологиялық жұқпаларда

  • ЛОР-жұқпаларда (соның ішінде синусит, тонзиллит, фарингит, ортаңғы отит)

  • несеп шығару жолдарының жұқпаларында (соның ішінде жедел және созылмалы пиелонефрит, цистит, асимптоматикалық бактериурия)

  • тері және жұмсақ тін жұқпаларында (соның ішінде целлюлит, тілме қабыну, жара жұқпалары)

  • сүйек пен буын жұқпаларында (соның ішінде остеомиелит, септикалық артрит)

  • сепсисте

  • менингитте

  • эндокардитте

  • перитонитте

  • созда

  • құрсақ қуысының, кіші жамбастың ағзаларына операция жасағанда, ортопедиялық операцияларда, жүрекке, өңешке және қантамарларға жасалған операцияларда жұқпалы асқынулардың алдын алуға

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозасы жұқпаның ауырлығы мен орналасуын, қоздырғыштың сезімталдығын ескере отырып, әр адамға жеке белгіленеді. Бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне қолданады.

Ересектер және дене салмағы 40 кг-нан асатын балалар

Парентеральді енгізу кезінде бір реттік доза тәулігіне 3 рет 0,75 г құрайды. Өте ауыр жағдайларда препарат көктамыр ішіне тәулігіне 3 рет 1,5 г дозада енгізіледі.

Дене салмағы 40 кг-нан төмен балалар

Тәулігіне 3-4 рет қабылдауға дене салмағының әр кг-на шаққанда 30-100 мг. Көптеген жұқпалар үшін тиімді доза тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 60 мг құрайды.

Жаңа туған нәрестелерге және 3 айға дейінгі балаларға - тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 10-50 мг, енгізу жиілігі - 2-3 рет.

3 айлықтан бастап 18 айлыққа дейінгілерге - тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 15-80 мг, енгізу жиілігі - 2-3 рет.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерге дозалау режимі креатинин клиренсінің (КК) мәні ескеріліп белгіленеді: КК минутына 10-20 мл болғанда препаратты тәулігіне 2 рет 750 мг-нан; КК минутына 10 мл-ден кем болса, тәулігіне 1 рет 750 мг-нан енгізу керек.

Ең жоғарғы дозалар: ересектерге арналған тәуліктік доза – 6 г.

Емделу курсы әдеттегідей 5-10 күн

Препаратты дайындау және енгізу ережелері

Бұлшықетішілік инъекция үшін 750 мг ұнтақты инъекцияға арналған 3 мл суда ерітеді. Мөлдір емес суспензия пайда болғанша абайлап сілкіп араластыру керек. Бұлшықет ішіне енгізілгенде еріткіш ретінде дәл сол пропорцияларда лидокаиннің 1 ерітіндісін пайдалануға болады.

Көктамыр ішіне құюға арналған 750 мг ұнтақ 6 мл-ден кем емес (15 мл-де тиісінше 1,5 г) инъекцияға арналған суда ерітіледі. Көктамырға қысқа мерзімді құю үшін (30 мин дейін) 1,5 г препаратты инъекцияға арналған 50 мл суда ерітеді. Бұл ерітінділерді, егер емделуші сұйықтықты парентеральді түрде қабылдайтын болса, тікелей көктамырға немесе тамшылатқыш түтікке енгізуге болады.

Зоцефті амингликозидтер тобының антибиотиктерімен және эуфиллинмен бір еккіште араластырмаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

  • жүректің айнуы, құсу, диарея, бауыр трансаминазалары белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы, холестатикалық сарғаю, гепатит, жалғаноң Кумбс тесті, жалған жарғақшалы колит

  • тері бөртпесі, қышыну, эозинофилия, есекжем, қызба, көп пішінді эритема немесе Стивенс-Джонсон синдромы, анафилактикалық шок, коллапс, бронхтың түйілуі, көмейдің ісінуі, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), сарысу құю ауруы, Квинке ісінуі

  • лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, эозинофилия, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, гипопротромбинемия

  • интерстициальді нефрит

  • ауыз қуысының кандидозы, қынап кандидозы, шаттың қышуы

  • флебит (көктамыр ішіне енгізілгенде), инъекция жасалған жердің ауыруы (бұлшықет ішіне енгізілгенде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • цефураксимге және басқа да цефалоспориндерге жоғары сезімталдық

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Цефуроксим ішек флорасын баса отырып, К витаминінің синтезіне кедергі жасайды. Сондықтан тромбоциттер агрегациясын төмендететін препараттармен (қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілер, салицилаттар, сульфинпиразондар) бір мезгілде қолданғанда қан кетулердің пайда болу қаупі артады. Осы себептен антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда антикоагулянттық әсердің күшеюі байқалады.

Зоцефті гамма-амин май қышқылымен бірге қолданғанда нейроуытты әсердің пайда болу қаупі бар.

Ілмектік диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда нефроуытты әсердің пайда болу қаупі өседі. Цефуроксим аминогликозидтермен бірге біріктірілгенде аддитивті әсер береді, бірақ кейде әсер ету синергизмі байқалуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек қызметінің айқын бұзылуларында сақтықпен қолданылады. Пенициллиндерге жоғары сезімталдығы бар емделушілерде цефалоспоринді антибиотиктерге аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін. Емдеу кезінде тікелей оң Кумбс реакциясы мен несептің глюкозаға жалған теріс реакциясы пайда болуы ықтимал.

Жүктілік және лактация кезеңі

Зоцеф емшек сүтімен бірге бөлініп шығады, сондықтан препаратты емшек емізетін әйелдерге тағайындағанда сақ болу керек Цефуроксим жүктілік кезінде (әсіресе жүктіліктің І триместрінде), емнің ана үшін болжаммен алынған пайдасы ұрық үшін қауіптен басым болған жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: нейроуытты синдромы (нистагм, мінез-құлықтың өзгеруі, елестеулер, құрысулар).

Емдеу: симптоматикалық, гемодиализ немесе перитонеальді диализ

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығындармен тығындалған және пластмасса қақпағы бар, алюминий қалпақшамен қаусырылған түссіз шыны құтыларда ұнтақ 750 мг-нан немесе 1.5 г-нан.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дайындалған ерітіндіні сақтау мерзімі +25°С-ден аспайтын температурада 5 сағат және +2оС-ден +10°С-ге дейінгі температурада 48 сағат.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндірушінің атауы және мекенжайы

Alkem Laboratories Limited

Alkem House «Devashish», Senapati Bapat Marg, Lower Parel, Mumbai – 400 013

 

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Alkem Laboratories Limited» компаниясының өкілдігі

Сенімді тұлға өкілі Сандип Кумар Дубей

E.mail : sandeepd@alkem.com, Тел./факс : 266-3990, 275-69-65

 

Прикрепленные файлы

033658881477976911_ru.doc 63 кб
982877111477978084_kz.doc 75 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники