Дротаверина гидрохлорид (40 мг) (Drotaverine)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Дротаверин гидрохлориді
Халықаралық патенттелмеген атауы
Дротаверин
Дәрілік түрі
40 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 40 мг дротаверин гидрохлориді,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, тальк, стеарин қышқылы
Сипаттамасы
Сары немесе жасыл реңді сары түсті, жайпақ цилиндрлі, ойығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ішектің функциональді бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Папаверин және оның туындылары.
АТХ коды A03AD02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін дротаверин жылдам және іс жүзінде толық сіңеді. Қанда қайтымды түрде қан плазмасының ақуыздарымен (шамамен 95-98%), негізінен альбуминмен, -глобулиндермен және -глобулиндермен байланысады. Ең жоғары концентрациясына (Cmax) 120 мг дозада ішке қабылдағаннан кейін 45-60 минуттан соң жетеді және 1,430,49 мкг/мл құрайды. Препаратты көп рет қолданғанда оның фармакокинетикасы өзгермейді. Препараттың жинақталуы байқалмаған.
Дротаверин организмде біркелкі таралады, тіндерге жақсы өтеді. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді.
Дротавериннің метаболизмі бауырда өтеді. Жартылай шығарылу кезеңі (T½) 8-10 сағатты құрайды. Шамамен 50% артығы бүйректермен (метаболиттер түрінде) және 30% ішекпен, 72 сағат ішінде организмнен іс жүзінде толық шығарылады.
Фармакодинамикасы
Изохинолин туындылары тобының түйілуді басатын дәрісі ішкі ағзалар мен қан тамырларының тегіс бұлшықеттерін айқын босаңсытатын әсер етеді.
Әсер ету механизмі IV типтегі фосфодиэстераза ферментінің (ФДЭ IV) тежелуімен байланысты. ФДЭ IV тежелуі цАМФ бұзылуының тоқтатылуына және оның тегіс бұлшықеттер жасушасының ішіне жинақталуына әкеп соқтырады. цАМФ концентрациясының артуы миозиннің жеңіл тізбегінің миозинкиназасы белсенділігін жояды, ол өз кезегінде тегіс бұлшықеттердің босаңсуына әкеп соғады. Миокард және қан тамырларының тегіс бұлшықеттері жасушаларында цАМФ гидролизі негізінен ФДЭ III изоэнзимінің қатысуымен жүреді, бұл жүрек-қан тамырлар жүйесіне айқын емдік әсері және жүрек-қан тамырларының күрделі жағымсыз құбылыстарының дамуы болмаған кезде дротавериннің спазмолитик ретіндегі жоғары деңгейде іріктеу арқылы әсер ететінін түсіндіреді.
Препарат шығу тегі жүйкелік, сонымен қатар бұлшықеттік тегіс бұлшықеттер түйілулерінде тиімді. Дротаверин қан тамыры бұлшықеттеріне босаңсытатын әсер етеді, соның арқасында ол тіндердердің қанмен жабдықталуын жақсартады.
Қолданылуы
-
өт шығару жолдарының ауруларымен байланысты тегіс бұлшықеттер түйілуінде: өттас ауруында, холециститте, перихолециститте, холангитте, папиллитте
-
несеп шығару жүйесінің тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде: несеп тас ауруында, пиелитте, циститте, қуық тенезмінде
-
АІЖ тегіс бұлшықеттерінің түйілулерінде (қосымша ем ретінде): асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасында, гастритте, кардия және қақпаның түйілуінде, іш қатулар және метеоризммен қатар жүретін спастикалық энтеритте және колитте
-
гинекологиялық ауруларда (альгодисменореяда)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге: ішке қабылдауға - тәуліктік доза (2-3 қабылдауға) 120-240 мг-ні құрайды.
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін: ең жоғарғы тәуліктік доза 80 мг құрайды (2 қабылдауға)
12 жастан үлкен балалар үшін: ең жоғарғы тәуліктік доза 160 мг құрайды (2-4 қабылдауға).
Жағымсыз әсерлері
-
бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық
-
тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі
-
жүрек айнуы, іш қатуы
-
аллергиялық реакциялар: жиі емес ангионевроздық ісінулер, есекжем, бөртпе, қышыну
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
дротаверинге немесе препараттың кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық
-
бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
-
жүректің ауыр жеткіліксіздігі (жүрек лықсытуының төмендеу синдромында)
-
лактация кезеңі
-
лактоза тапшылығы
-
галактоземия
-
глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуы синдромы
-
6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қолданғанда дротаверин леводопаның антипаркинсондық әсерін азайтуы мүмкін.
Бір мезгілде қолданғанда папавериннің, бендазолдың және басқа да спазмолитиктердің (сонымен бірге м-холиноблокаторлардың) әсерін күшейтеді.
Дротаверинмен үшциклді антидепрессанттармен, хинидинмен және прокаинамидпен бір мезгілде қолданғанда олардың гипотензивті әсері күшейеді.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік
Дротавериннің тератогенді және эмбриоуытты әсері жоқ. Алайда препаратты қолдану тек ана мен балаға пайда-қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін рұқсат етіледі.
Коронарлы қан тамырлардың патологиясы және қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар емделушілерге тағайындағанда сақтық таныту қажет.
Көлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі
Жағымсыз әсерлерді ескере отырып, көлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек.
Артық дозалануы
Симптомдары:үлкен дозаларда жүрекше-қарыншалық өткізгіштігін бұзады, жүрек бұлшықеттерінің қозғыштығын төмендетеді, жүректің тоқтап қалуын және тыныс алу орталығының салдануын туындатуы мүмкін.
Емі:препаратты қабылдауды тоқтату, белгісіне қарай пайда болған бұзылуларды жоюға бағытталған ем. Арнайы у қайтарғысы жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий баспалы лакталған немесе алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
2 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.
10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаларды (қорапшаға салмай) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкесінше санымен бірге топтық қаптамаға салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ., Чапаев к-сі, 64, тел/факс 8-(10375177)734043.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы
Тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ., Чапаев к-сі, 64, тел/факс 8-(10375177)734043.
Электронды поштасы market@borimed.com