Долгит® крем (100 г)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Долгит® крем
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ибупрофен
Дәрілік түрі, дозасы
Сыртқа қолдануға арналған крем
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын және бұлшықет ауырулары кезінде жергілікті қолдануға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Ибупрофен.
АТХ коды М02АА13
Қолданылуы
Мынадай жағдайларда жергілікті немесе демеуші ем үшін:
- бұлшықет ревматизмі
- ауырсынатын дегенеративті зақымданулар (артроз)
- буындардың және омыртқалардың қабынған ревматизмдік зақымданулары
- буынға таяу жатқан жұмсақ тіндердің ісінуі немесе қабынуы (мысалы, буын қалтасы, сіңір, сіңірлік қабықтар, байламдар және буындық капсулалар)
- иықтың қозғалмай қалуы, белдің ауыруы, люмбаго
- спорттық және тұрмыстық жарақаттар, соғылу, байламдардың созылуы, шығып кетулер
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ибупрофенге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерді қолдануға байланысты болатын бронх демікпесі ұстамалары немесе басқа аллергиялық көріністердің болуы
- терінің зақымдалған беткейлеріне (ашық жаралар немесе тері аурулары), шырышты қабықтар мен көзге қолдануға болмайды
- жүктіліктің III триместрі және лактация кезеңі
- 14 жасқа дейінгі балаларға
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Қатысты емес.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Арнайы ескертулер
Демікпе, пішен қызбасы, мұрын шырышты қабығының ісінуіне (мұрын полиптері деп аталатын) немесе өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдыққан (әсіресе пішен қызбасына ұқсас симптомдармен байланысты) пациенттерде және анальгетиктер мен барлық түрдегі ревматизмге қарсы дәрілерге жоғары сезімталдығы бар пациенттерде басқа пациенттермен салыстырғанда демікпе ұстамалары дамуының анағұрлым жоғары қаупі (анальгетиктер жақпаушылығы / анальгетикалық демікпе деп аталатын), крем жаққан жердегі терінің және шырышты қабықтың ісінуі (Квинке ісінуі деп аталатын) немесе есекжем байқалады.
Долгит® крем препаратын мұндай пациенттерге сақтықпен және дәрігердің бақылауымен тағайындау керек. Препаратты препарат құрамына кіретін басқа компоненттерге аса жоғары сезімталдығы (аллергиясы) бар пациенттерге де сақтықпен тағайындау керек, яғни тері реакциялары, қышыну немесе есекжемнің пайда болу ықтималдығы бар.
Осы дәрілік препаратпен өңделген тері бөліктеріне балалардың жанасып кетпеуінен сақтанған жөн.
Егер симптомдар ем басталғаннан кейін 3 күннен аса жалғасатын болса, дәрігермен кеңескен дұрыс.
Пропиленгликоль тері тітіркенуін туындатуы мүмкін.
Жүктілік
Ибупрофенді жүктілік кезінде әйелдерге қолданудың қауіпсіздігін бағалау үшін деректер жеткіліксіз. Өйткені простагландиндер синтезін тежеу үдерісінің жүктілікке әсері айқын болмай қалады, препаратты жүктіліктің алғашқы алты айында және ана мен шаранаға пайдасын және қаупін мұқият талдаудан кейін ғана қолдану керек. Ең жоғары тәуліктік доза кремнің 4 -10 см жолағын 3-4 қолданудан тұрады. Препаратты жүктіліктің соңғы триместрінде қолдануға болмайды.
Әсер ету механизміне байланысты босанудың баяулауы, жүктіліктің және толғақтың ұзарып кетуі, балада жүрек-қантамыр (Боталли артериялық тармағының мерзімінен ерте жабылуы, өкпе гипертензиясы) және бүйрек уыттылығының (олигурия, олигогидрамнион) дамуы, ана мен балада қан кету қаупінің жоғарылауы, әрі анада ісінудің өршу қаупінің ұлғаюы байқалуы мүмкін.
Емшекпен қоректендіру
Ибупрофеннің белсенді ингредиенті мен оның ыдырау өнімдерінің аздаған мөлшері ғана емшек сүтіне енеді. Емшектегі бала үшін ешқандай жағымсыз салдары осы уақытқа дейін анықталмаған және хабарланбағандықтан, бала емізуді тоқтату қысқа мерзімді емдеу жағдайында қажетті шарт болып табылмайды. Дегенмен, тәуліктік доза - 4-10 см жолақпен тәулігіне 3 – 4 рет теріге жағудан аспауы тиіс. Ибупрофенмен ұзақ емдеген жағдайда бала емізуді мерзімінен ерте тоқтатуды қарастырған жөн.
Бала емізетін әйелдерге дәрілік препаратты олардың емшектегі балаларының жұтып қою қаупін болдырмас үшін кремді омырауға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Долгит® крем препараты бір рет немесе қысқа мерзімді қолдану жағдайында автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Кремді ауыратын бөлік аймағының терісіне тәулігіне 3-4 рет жағып, препарат толық сіңгенше жеңіл қимылмен ысқылайды. 2-5 г кремге сәйкес (100-250 мг ибупрофен) ұзындығы 4-10 см крем жолағын пайдаланады.
Ең жоғары тәуліктік доза 20 г кремді құрайды, бұл 1000 мг ибупрофенге сәйкес келеді.
Ревматизм ауруларында емдеу ұзақтығы аурудың ауырлық дәрежесі мен зақымдану сипатына байланысты.
Қолдану тәсілі
Сыртқа!
Долгит кремін теріге жағады және аздап сүртеді. Қарқынды гематома және созылу жағдайларында емнің басында окклюзиялық таңғышты пайдалану пайдалы болуы мүмкін.
Белсенді ингредиенттің тері арқылы енуі ионофорезбен (электротерапияның ерекше түрі) күшейтілуі мүмкін. Кремді катод астында (теріс полюс) жағу керек. Тоқтың қарқындылығы электродтың 5 см2 бетінде 0,1 - 0,5 мА, ал ұзақтығы шамамен 10 минут болуы тиіс.
Емдеудің ұзақтығы
Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Әдетте, 2-3 апта бойы қолдану жеткілікті. Осы кезеңнен кейін емдік әсері дәлелденген жоқ.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Креммен артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық өлшемдері және жүйелік-орган жіктемесіне және олардың туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктелуі (Жанама құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес))
Жиі: анағұрлым жиі жағымсыз әсерлері эритема, қышыну, күйдіру, шаншитын немесе қышынатын күлдіреуік түзілуі болатын экзантема сияқты оқшауланған тері реакциялары болып табылады.
Жиі емес: жергілікті аллергиялық реакциялар (жанаспалы дерматит) сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Сирек бронхтық түйілу реакциялары туралы хабарланды.
Долгит® крем препаратын терінің үлкен бөлігіне және ұзақ кезең бойы жаққан жағдайда жүйенің белгілі бір ағзасына немесе жалпы организмге әсер ететін жағымсыз әсерлерін құрамында ибупрофен бар дәрілік заттарды жүйелік қолданудан кейін туындайтындар секілді толық жоққа шығаруға болмайды.
Натрий метил-4-гидроксибензоаты аса жоғары сезімталдық реакцияларын, сондай-ақ кешеуілдеген аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
100 г кремнің құрамында
белсенді зат –ибупрофен 5 г
қосымша заттар: орта тізбекті триглицеридтер, глицерол моностеараты, поли(оксиэтилен)-30-стеарат, поли(оксиэтилен)-100-стеарат, пропилен-гликоль, натрий метилпарагидроксибензоаты, ксантан шайыры, лаванда майы, нерол майы (цитрус хош иістендіргіші), тазартылған су.
сипаттамасы
Лаванда мен нерол майларының иісі бар ақшыл-крем түстес жұмсақ консистенциялы біртекті крем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 г, 50 г немесе 100 г препараттан ішкі жағы лакпен жабылған және бұрандалы пластмасса қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сары түсті картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Долоргит ГмбХ және Ко. КГ, Германия
Отто-фон-Гюрике-штрассе 1, 53757 Санкт Августин, Германия
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Долоргит ГмбХ және Ко. КГ, Германия
Отто-фон-Гюрике-штрассе 1, 53757 Санкт Августин, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік зат жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ., Ислам Каримов, 198 үй
Тел./факс: 8 (727) 268-31-66