Дисоль (400 мл)

МНН: Натрия ацетат, Натрия хлорид
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013214
Информация о регистрации в РК: 17.07.2018 - 17.07.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Дисоль

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді 200 мл және 400 мл

Құрамы

1 л ерітіндінің құрамында:

белсенді заттар: натрий хлориді – 6.0 г,

натрий ацетаты (3-сулы сіркеқышқылды натрий) – 2.0 г

қосымша зат: инъекцияға арналған су - 1 л-ге дейін

Осмолялділігі 190-нан 260 мосмоль/кг-ге дейін

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Су-электролитті теңгерімге әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05BB01

Фармакологиялық қасиеттері

Регидратация және уытсыздандыруға арналған біріктірілген тұзды ерітінді. Организм сусызданған кезде сулы-электролитті теңгерімді және қышқылдық-негіздік жағдайды қалпына келтіреді. Метаболикалық ацидоздың дамуына кедергі келтіреді, диурезді арттырады. Плазма алмастырғыш, уытсыздандыратын, регидратациялайтын әсер етеді.

Қолданылуы

– регидратацияда

  • гиперкалиемияда

  • сусызданудан болған уыттануда (тырысқақ, жедел дизентерия, тағамдық уытты жұқпалар)

Қолдану тәсілі және дозалары

Зертханалық көрсеткіштерді бақылай отырып көктамыр ішіне (сорғалатып және тамшылатып) енгізеді. Енгізілген сұйықтық пен диурездің арақатысын әрбір 6 сағат сайын анықтап отырады. Ерітіндіні 1 сағат бойына науқастың 7-10 дене салмағына сәйкес мөлшерде енгізеді; одан кейін сорғалатып енгізуді жылдамдығы минутына 40-120 тамшыдан 24-48 сағат бойына тамшылатып енгізуге ауыстырады. Енгізер алдында ерітіндіні 36-38С-ге дейін жылытады. Ерітіндіні нәжіспен, құсық массасымен, несеппен, термен шыққан сұйықтық көлемін қалпына келтіру үшін қажетті мөлшерде енгізеді.

Аурулардың (гиповолемиялық жұқпалы-уытты шокта, теңгерілмеген метаболикалық ацидозда, анурияда) ауыр түрлерінде препаратты басында сорғалатып, кейіннен тамшылатып енгізуге көше отырып, қолданады.

Аурудың едәуір жеңіл түрлерінде (организмнің уыттануы және сусыздануы, метаболикалық ацидоз, олигурия) препаратты тамшылатып қана енгізуге болады.

Гиперкалиемияны жойғаннан кейін одан соңғы су-тұз терапиясы «Трисоль», «Ацесоль» немесе «Хлосоль» ерітінділерімен жүргізіледі.

Жағымсыз әсерлері

  • ісінулер

  • тахикардия

Кейбір жағдайларда дене қалтырауы орын алуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– аса жоғары сезімталдық

– бүйрек және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен

Препаратты бүйректің бөлініс қызметінің бұзылуы бар емделушілерге, гипокалиемия кезінде сақтықпен қолданған жөн.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Емдеуді гематокритті және қан электролиттері концентрациясын бақылай

отырып жүргізеді.

Жүктілік және лактация

Ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа және нәрестеге төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады (талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ).

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың тек стационарда қолданылуына байланысты деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдар: гипокалиемия, гипернатриемия.

Емі: электролитті бұзылыстарды түзету; қандағы электролиттер деңгейін бақылау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузияға арналған ерітінді.

200 мл және 400 мл-ден, қанға, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған шыны бөтелкелерде, резеңкеден жасалған тығынмен тығындалып, алюминий қалпақшамен қаусырылған.

200 мл-ден 24 бөтелке немесе 400 мл-ден 12 бөтелке медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен топтық қаптама- гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Бөтелкенің тұмшалап сақтау кезінде препаратты мұздатып қатыру оны қолдануға қарсы көрсетілім емес.

Бөтелкенің ішкі бетінің дымқылданбауы препаратты қолдануға қарсы көрсетілім емес.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Биосинтез» ААҚ, Ресей,

440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49

e-mail: certificate@biosintez.com

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биосинтез» ААҚ, Ресей.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Биосинтез» ААҚ, Ресей

440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49

e-mail: certificate@biosintez.com

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

754505411477976841_ru.doc 63 кб
283824921477977998_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники