Диклоген (75мг/3мл)

МНН: Диклофенак натрия
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diclofenac
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011701
Информация о регистрации в РК: 03.04.2019 - 03.04.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 22.97 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Диклоген

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диклофенак

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді 75 мг/3 мл

Құрамы

3 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – натрий диклофенагы - 75 мг,

қосымша заттар: маннитол, сусыз натрий сульфиті, бензил спирті, пропиленгликоль, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссізден сарылау түске дейінге мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Сірке қышқылы туындылары. Диклофенак

АТХ коды М01АВ05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көктамыр ішіне 75мг тамшылатып енгізгеннен кейінгі ең жоғарғы концентрациясы - 1,9 мкг/мл (5,9мкмоль/л). Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейінгі ең жоғарғы концентрациясы - 2,5 мкг/мл (8 мкмоль/л). Ең жоғарғы концентрациясына жету уақыты - 20 мин. Плазмадағы концентрациясы енгізілетін дозасының шамасына тікелей байланысты. Көп рет енгізу аясында диклофенактың фармакокинетикасының өзгеруі байқалмайды.

Плазма ақуыздарымен байланысуы - 95-98% (үлкен бөлігі альбуминдермен байланысады). Синовиальді сұйықтыққа енеді. Плазмаға қарағанда синовиальді сұйықтықтағы ең жоғарғы концентрациясы 2-4 сағат кешігіп байқалады. Синовиальді сұйықтықтан жартылай шығару кезеңі препаратты енгізгеннен кейін 4-6 сағат ішінде плазмаға қарағанда жоғары, және 12сағат бойы жоғары болып қала береді.

Белсенді заттың 50% бауыр арқылы «алғашқы өту» кезінде метаболизмге ұшырайды. Препаратты пероральді енгізген кездегі концентрация қисығы астындағы аудан тура сондай дозаны парентеральді енгізгеннен кейінгіге қарағанда, 2 есе төмен. Метаболизмі глюкурон қышқылымен көп реттік немесе бір реттік гидроксилдену және конъюгациялану нәтижесінде жүреді. Метаболиттерінің фармакологиялық белсенділігі диклофенакқа қарағанда төмен.

Жүйелік клиренсі 260 мл/мин. құрайды. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі - 1-2 сағат. Енгізілген дозаның 60% метаболиттер түрінде бүйрек арқылы шығарылады. 1% азы өзгермеген түрде, ал қалған бөлігі метаболиттер түрінде өтпен бірге шығарылады.

Бүйрек қызметі айқын бұзылған науқастарда (креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен) метаболиттердің өтпен шығарылуы артады, бұл орайда қанда олардың концентрациясының жоғарылауы байқалмайды.

Диклофенактың созылмалы гепатиті немесе бауыр циррозы бар науқастардағы фармакокинетикалық параметрлері бауыр ауруы жоқ емделушілердегідей болып келеді.

Фармакодинамикасы

Қабынуға қарсы, ауыруды басатын, ыстықты түсіретін әсері бар. Циклоксигеназа I және II бәсеңдете отырып, арахидон қышқылының метаболизмін бұзады, қабыну ошағында да және сау тіндерде де простагландиндердің мөлшерін азайтады, қабынудың экссудативті және пролиферативті фазасын бәсеңдетеді.

Қылтамырлардың өткізгіштігін азайтады. Лизосомальды жарғақшаларды тұрақтандырады. Тотығу фосфорилдену үдерісінде АТФ өндірілуін тежейді; қабыну медиаторларының (простагландиндер) синтезін тежейді. Ауыруды басатын әсері ауырту қасиеті (альгогенді) бар биогенді аминдердің концентрациясын төмендетуге және рецепторлық аппараттың ауыруды сезіну шегін жоғарылатуға негізделген. Ревматизмдік және ревматизмдік емес сипаттағы ауыру синдромының әлсіреуін немесе жойылуын туындатады.

Қолданылуы

Бұлшықет ішіне енгізу

- тірек - қимыл аппаратының қабыну ауруларында (ревматоидты артрит, псориаздық, ювенильді артрит, шорбуынданатын спондилит, подагра)

- тірек - қимыл аппаратының дегенеративті ауруларында (остеоартроз, остеохондроз)

- люмбаго, ишиас, невралгия, миалгияда

- буынмаңы тіндерінің қабыну ауруларында (тендовагинит, бурсит, жұмсақ тіндердің ревматикалық зақымдануы)

- қабынумен қатарласа жүрген жарақаттан кейінгі ауыру синдромында, операциядан кейінгі ауыруларда

- бас сақинасының ауыр ұстамасында

- бүйрек немесе бауыр шаншуларында

Көктамырішілік инфузия

  • стационар жағдайында операциядан кейінгі ауыруды емдеу және оның алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамырішілік инфузия

Көктамырішіне тамшылатып. Тек стационар жағдайында ғана тағайындалады. Ең жоғарғы тәуліктік доза - 150 мг. Диклогенді тікелей көктамыр ішіне енгізер алдында 1 ампуланың ішіндегісін 100-500 мл 0.9% натрий хлоридінің ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылту керек (алдын-ала инфузиялық ерітіндіге натрий бикарбонаты ерітіндісі - 0.5 мл 8.4% немесе 1 мл 4.2% ерітіндісін қосып). Ауыру синдромының айқындылығына қарай инфузияны 30-180 мин. бойы жүргізеді. Инъекциялық ерітіндіні көктамыр ішіне енгізу 2 күннен аспайды.

Операциядан кейінгі орташа және ауыр түрдегі ауыруды емдеу үшін 30 минуттан 2 сағатқа дейін үзіліссіз 75 мг енгізу қажет. Қажет болса емдеуді бірнеше сағаттан кейін қайталауға болады, бірақ дозасы 24 сағаттың кез келген кезеңі ішінде 150 мг –ден аспауы тиіс.

Хирургиялық араласудан кейін 15 мин -1 сағаттан соң операциядан кейінгі ауырудың алдын алу үшін 25-50 мг жүктемелік дозаны енгізу қажет, осыдан кейін үзіліссіз инфузияны шамамен сағатына 5 мг –ден жоғарғы тәуліктік доза 150 мг дейін қолдану керек.

Бұлшықет ішіне енгізу

Созылмалы аурулар өршіген кезде жедел жай-күйлерді емдеу немесе ауыру синдромын қайтару үшін бұлшықет ішіне 1-2 рет енгізуге болады, әрі қарайғы емді ең жоғарғы 150 мг тәуліктік дозаны (оның ішінде және сол инъекция жасаған күні) ескере отырып, Диклогенді пероральді тағайындаумен жалғастырады. Инъекциялық ерітінді терең бұлшықет ішіне 2 күннен асырылмай енгізіледі. Препараттың қолдану ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

­­Өте жиі (≥1/10)

- жүрек айнуы, құсу және диарея, сондай-ақ елеусіз асқазан - ішектен қан кетулер, және сирек жағдайларда анемияның дамуымен

Жиі (≥ 1/100- <1/10)

  • жалған анафилактикалық реакциялар

  • тері бөртпесі және қышыну сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары

- бас ауыруы, бас айналуы, меңіреулік, қозушылық, тітіркенушілік немесе шаршағыштық сияқты орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар - диспепсиялық құбылыстар, метеоризм, іштің шаншуы, тәбеттің болмауы, сондай-ақ асқазан ішектік ойық жаралар ( қан кету және тесілу қаупімен)

  • қан сарысуында трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы

  • инъекция орнындағы реакциялар, инъекция орнының ауыруы, инъекция орнындағы индурация

  • сұйықтықтың іркілуі

Кейде (≥ 1/1000- <1/100)

  • есекжем

  • қан құсу, мелена немесе қан аралас іш өту

- бауыр қызметінің бұзылуы, әсіресе ұзаққа созылған емдеуде, сарғаюмен немесе онсыз жедел гепатит (сирек жағдайларда тіпті алдында болатын симптомдарсыз шұғыл гепатит).

Сондықтан препаратпен ұзақ уақыт емдегенде бауыр көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жүргізу керек .

  • алопеция

  • ісінулердің пайда болуы, әсіресе артериялық гипертензиясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде

Сирек (≥ 1/10000- <1/1000)

  • ісіну, инъекция орнындағы некроз

- бензил спиртіне аса жоғары сезімталдық реакциялары сирек кездеседі

Өте сирек(< 1/10000) оның ішінде жекелеген жағдайлар

  • инъекция орнындағы абсцесс

  • қан түзілудің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз), гемолитикалық анемия

  • денеге жайылған ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары: Квинке ісінуі (беттің ісінуі, тілдің ісінуі, тыныс жолдарының тарылуымен көмейдің іштен ісінуі, ентігу, жүректің жиырылу жиілігінің жиілеуі, артериялық қысымның төмендеуі, артериялық қысымның шектік деңгейге дейін түсіп кетуі).

  • аллергиялық васкулит және пневмонит

  • психоздық реакциялар, депрессия, үрейлену сезімі, шым шытырық түс көрулер

  • сенсорлық бұзылыстар, дәм сезудің, жадының бұзылуы, бағдарсыздық, құрысулар, тремор

- жадының бұзылуы сияқты психикалық бұзылыстар

- көрудің бұзылуы (көрудің бұлыңғырауы немесе диплопия)

  • құлақтың шуылдауы, естудің өткінші бұзылысы

  • жүректің қағуы, ісінулер, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі

  • артериялық гипертония

  • ми қан айналымының жедел бұзылуы

  • стоматит, глоссит, өңештің зақымдануы, іштің төменгі бөлігінің ауыруына шағымдану (мысалы, колит кезіндегі қан кету немесе спецификалық ойық жаралы емес колиттің/ Крон ауруының өршуі), іш қатуы, панкреатит, ішектің диафрагматәрізді стриктурасы .

- экзантема, экзема, мультиформалы эритема, фотосенсибилизация, пурпура (аллергиялық пурпураны қоса), Стивенс—Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты буллездік реакциялар

- бүйрек тінінің зақымдануы (интерстициальді нефрит, папиллярлы некроз), бұлар жедел бүйрек жеткіліксіздігімен, протеинуриямен және/ немесе гематуриямен қатар жүруі мүмкін; нефротикалық синдром

  • қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды жүйелік қабылдаумен байланысты, шығу тегі инфекциялық қабыну үдерістерінің өршуі (мысалы, некрозданатын фасцииттің дамуы). Бұл ҚҚСП әсер ету механизмімен байланысты болуы мүмкін.

  • желке бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, температураның жоғарылауы немесе сананың көмескіленуі сияқты асептикалық менингит симптомдары. Мұндай жағдайлардың пайда болуына аутоиммунды аурулары бар емделушілер бейім болып келеді (жүйелі қызыл жегі, аралас коллагеноз).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Келесі жағдайларда қолданбау керек:

- әсер етуші затына немесе препараттың басқа да компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық

- сыртарқысында ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаудан кейін бронх түйілуінің, демікпенің, риниттің немесе есекжемнің болуы

  • шығу тегі анықталмаған қан түзілуінің бұзылуы кезінде, гемостаз және қан ұюдың бұзылуы

  • коронарлық шунттау операциясынан кейінгі ауыруды емдеу (немесе жасанды қан айналымы аппаратын қолдану)

  • ішектің қабыну аурулары ( Крон ауруы немесе ойық жаралы колит)

- қазіргі кезде немесе бұрын қайталанған пептикалық ойық жараның /геморрагияның болуы ( расталған екі немесе одан да көп ойық жаралы ауру немесе қан кетудің жеке жағдайлары )

  • сыртартқыда қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдаумен байланысты асқазан-ішектен қан кетудің болуы немесе ойық жараның тесілуі

  • жаңа цереброваскулярлық немесе басқа да қан кетулер

- анықталған іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II-IV классы), жүректің ишемиялық ауруы, шеткергі артериялардың немесе ми қантамырларының ауруы

- бауыр немесе бүйрек қызметінің ауыр бұзылулары

- ауыр дәрежелі жүрек жеткіліксіздігі

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесулері

Салицилаттарды қоса , басқа да ҚҚСП:

Кейбір ҚҚСП қатар қолдану препараттардың синергиялық әсерінің салдарынан ойық жараның пайда болуы және асқазан-ішектен қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Осыған байланысты диклофенак пен басқа да ҚҚСП бірге қолдану ұсынылмайды.

Дигоксин, фенитоин, литий:

Диклофенакты бірге енгізгенде дигоксиннің, фенитоиннің және литийдің қандағы концентрациясын ұлғайтуы мүмкін. Осыған байланысты диклофенакпен емдеу кезінде литийдің сарысудағы концентрациясын бақылау - міндетті түрде болып табылады, ал дигоксин немесе фенитоинді – бақылау ұсынылады.

Диуретиктер, АӨФ тежегіштері және ангиотензин II антагонистері: ҚҚСП диуретиктердің және гипертензияға қарсы басқа да препараттардың (бета-блокаторлар, ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері сияқты) тиімділігін азайтуы мүмкін. Кейбір бүйрек қызметі төмен емделушілерде (мысалы, дегидратация кезінде немесе бүйрек қызметі төмендеген егде жастағы емделушілерде) АӨФ тежегіштері немесе ангиотензин II антагонистерін циклооксигеназаны тежейтін препаратпен бірге қабылдау кезінде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы мүмкіндігін қоса, бүйрек қызметінің одан әрі нашарлауы мүмкін, алайда бұл көбіне қайтымды сипатта. Осыған байланысты көрсетілген препараттарды диклофенакпен бірге сақтықпен тағайындау керек, әсіресе егде жастағы емделушілерде. Диклофенак пен осы препараттарды бірге енгізген кезде науқастың сұйықтықты талапқа сай мөлшерде қабылдауын қадағалау қажет, сондай-ақ емдеу басталғаннан кейін – бүйрек қызметін жүйелі түрде бақылау керек. Диклофенак пен калий жинақтаушы диуретиктерді қатар қабылдау гиперкалиемияның дамуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты көрсетілген препараттарды бірге енгізген кезде калийдің қандағы концентрациясын бақылап отыру ұсынылады.

Глюкокортикоидтар:

Диклофенакпен бірге енгізгенде ойық жараның пайда болу және асқазан-ішектен қан кету қаупі артады.

Тромбоциттер агрегациясын бәсеңдететін препараттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы), және серотониннің кері қармалуын селективті тежегіштер (SSRI):

Диклофенакпен бірге енгізгенде асқазан-ішектен қан кету қаупі артады.

Диабетке қарсы препараттар:

Клиникалық зерттеулер диклофенактың пероральді диабетке қарсы препараттардың әсер етуіне ықпал етпейтінін, олармен бірге қабылдауға болатынын көрсетті. Дегенмен де, диклофенакпен емдеу кезінде диабетке қарсы препараттардың дозасын түзетуді қажет ететін гипогликемиялық және гипергликемиялық құбылыстар жөнінде жекелеген хабарлар бар. Осы себепті, сақтық шарасы ретінде, аталған препараттарды бір мезгілде қабылдаған кезде, қандағы глюкозаның деңгейін жүйелі түрде бақылап отыру ұсынылады.

Метотрексат:

Диклофенак метотрексаттың бүйректік клиренсін бәсеңдетуге қабілетті, бұл оның деңгейінің жоғарылауына алып келеді. Метотрексатты енгізгенге дейін 24 сағат бұрын немесе кейін диклофенакты енгізгенде, метотрексаттың қандағы концентрациясы жоғарылауы және оның уытты әсері күшеюі мүмкін.

Циклоспорин:

ҚҚСП (мысалы, натрий диклофенагы ) циклоспориннің нефроуытты әсерін күшейтуі мүмкін.

Хинолонды қатардағы антибиотиктер:

Хинолондарды ҚҚСП бірге қабылдаумен байланысты болуы мүмкін құрысулардың пайда болуы туралы бірлі -жарым жағдайлар хабарланған.

Антикоагулянттар:

ҚҚСП варфарин сияқты антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Сульфонилмочевина:

Диклофенакты қабылдағаннан кейін диабетке қарсы препараттардың дозасын түзетуді қажет ететін, қандағы глюкозаның концентрациясының өзгергендігі туралы жекелеген хабарлар бар. Осыған байланысты, біріккен емдеу кезінде қандағы глюкоза концентрациясын бақылап отыру ұсынылады.

Пробенецид және сульфинпиразон:

Құрамында пробенецид және сульфинпиразон бар дәрілік препараттар , организмнен диклофенактың шығарылуын кідіртуі мүмкін.

Колестипол және холестирамин:

Бұл препараттардың диклофенактың сіңуін төмендететін немесе баяулататын қабілеті бар. Осы себепті, диклофенакты ең болмағанда колестипол/ холестираминді қабылдағанға дейін бір сағат бұрын немесе одан кейін 4-6 сағат өткенде тағайындау ұсынылады.

CYP2C9 күшті әсер ететін тежегіштері:

Диклофенакты бір мезгілде CYP2C9 күшті әсер ететін тежегіштерімен (мысалы, сульфинпиразон және вориконазол сияқты ) бірге сақтықпен тағайындау қажет, өйткені оларды бір мезгілде қабылдағанда плазмада диклофенактың концентрациясы ең жоғарғы шегіне жоғарылауы және метаболизмінің баяулауына байланысты оның әсері күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жалпы

Қандайда бір синергиялық пайданың болмауына және қосымша жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкіндігіне байланысты, Диклоген препаратын циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса алғанда, жүйелік ҚҚСП бірге қабылдаудан аулақ болған жөн.

Препаратты егде жастағы адамдарға тағайындаған кезде абай болу керек. Денсаулығы нашар егде жастағы адамдар үшін және дене салмағының қөрсеткіштері төмен емделушілерге ең төменгі тиімді дозасын қабылдау ұсынылады.

Сыртартқыдағы демікпе

Бронх демікпесі, маусымдық аллергиялық риниті, мұрын шырышты қабығының ісінуі (мұрын полиптері), өкпенің созылмалы обструктивті аурулары немесе тыныс жолдарының созылмалы жұқпалары (әсіресе маусымдық, ринитке ұқсас, симптомдарымен) бар науқастарда демікпенің асқынуына, Квинке ісінуіне немесе есекжемге ұқсас ҚҚСП –ға реакциялар, басқаларға қарағанда жиі пайда болады. Мұндай науқастарға арнайы шаралар (жедел жәрдем көрсетуге дайындық) ұсынылады. Бұл басқа да заттарға аллергиясы бар, мысалы тері реакциялары, қышыну немесе есекжемі бар науқастарға да қатысты.

Бронх демікпесі бар емделушілерге Диклогенді парентеральді қолданған жағдайда, ерекше сақтық жасау ұсынылады, өйткені симптомдары өршуі мүмкін.

Ас қорыту жүйесіне әсері

Басқа да ҚҚСП қабылдаған кездегідей, ас қорыту жүйесі (АЖ) тарапынан бұзылуларды дәлелдейтін симптомдары бар, асқазанда немесе ішекте ойық жарасы бар, сыртартқысында қан кету немесе тесілу болған емделушілерге Диклоген препаратын тағайындаған кезде міндетті түрде медициналық бақылау және ерекше абай болу керек. Сыртартқысында ойық жарасы, әсіресе қан кету немесе тесілу түріндегі асқынулары бар науқастарда, және егде жастағы адамдарда асқазан-ішек жолынан қан кету қаупі препараттың дозасын жоғарылатумен бірге арта түседі.

АЖ уытты әсер ету қаупін азайту үшін, сыртартқысында ойық жарасы, әсіресе қан кету немесе тесілу түріндегі асқынулары бар емделушілерде және егде жастағы адамдарда емдеуді ең төмен тиімді дозаларынан бастайды және ұстап отырады.

Мұндай емделушілер үшін, сондай-ақ құрамында ацетилсалицил қышқылының төмен дозалары бар дәрілік заттарды немесе АЖ қолайсыз әсер етуі болжанатын басқа да дәрілік заттарды қатар қабылдауды қажет ететін науқастарға қорғаныш дәрілерін ( мысалы, протонды сорғы тежегіштері немесе мизопростол) қолданатын біріктірілген ем қабылдау жөнінде мәселені қарастыру керек.

Сыртартқысында асқазан-ішектік уыттылығы бар емделушілер, әсіресе егде жастағылар кез келген әдеттегіден тыс абдоминальді симптомдар (әсіресе АЖ қан кету) жайлы хабарлауы тиіс. Мұндай сақтандырулар сондай-ақ, жүйелік кортикостероидтар, антикоагулянттар, тромбозға қарсы дәрілер немесе серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері сияқты ойық жараның пайда болу немесе қан кету қаупін жоғарылатуы мүмкін дәрілерді қатар қабылдайтын науқастар үшін де қажет.

Бауырға әсері

Бауыр қызметі бұзылған науқастарға Диклогенді тағайындаған жағдайда мұқият медициналық бақылау қажет, өйткені мұндай науқастардың жағдайы асқынып кетуі мүмкін.

Басқа да ҚҚСП қабылдаған кездегідей бір және одан да көп бауыр энзимдерінің деңгейі жоғарылауы мүмкін. Диклоген препаратымен ұзақ уақыт емделген кезде (таблеткалармен немесе суппозиторийлермен), бауыр қызметін жүйелі түрде бақылау тағайындалады. Егер бауыр қызметінің бұзылуы сақталса немесе нашарласа, сондай-ақ бауыр ауруының өршуімен байланысты симптомдар немесе басқа да құбылыстар (мысалы, эозинофилия, бөртпе) байқалса, Диклоген препаратын қолдануды тоқтату керек. Гепатит сияқты аурулар бастапқы симптомдарсыз жүруі мүмкін.

Ұстаманы қоздырту ықтималдығына байланысты, бауыр порфириясы бар науқастарда Диклогенді қолданғанда абай болу керек.

Бүйрекке әсері

ҚҚСП емдеу кезінде сұйықтықтың іркілуі және ісіну жөнінде хабарланғандықтан, жүрек және бүйрек қызметі бұзылған (оның ішінде гиповолемия, нефротикалық синдром, жегілік нефропатия және декомпенсацияланған бауыр циррозы аясындағы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігімен), сыртартқысында артериялық гипертензиясы бар науқастарға, егде жастағы науқастарға, диуретиктермен немесе бүйрек қызметіне елеулі әсер ететін препараттар қабылдаушы науқастарға және кез келген себеппен, мысалы, хирургиялық күрделі араласымға дейін немесе кейін жасушадан тыс сұйықтық көлемі айтарлықтай төмендеген науқастарға бүйрек қызметіне мониторинг жүргізу ұсынылады. ҚҚСП емдеуді тоқтату әдетте емді бастағанға дейінгі жай-күйге қайта алып келеді.

Гематологиялық көрсеткіштерге әсері

Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда басқа да ҚҚСП кезіндегідей қан талдауына мониторинг жүргізу ұсынылады. Басқа да ҚҚСП сияқты Диклоген де тромбоциттер агрегациясын уақытша тежеуі мүмкін. Гемостазы бұзылған науқастарды мұқият бақылау керек.

Жүрек қантамыр жүйесіне әсері

Диклофенакты қоса, ҚҚСП - мен әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы емдеу, тромбоздың кардиоваскулярлық күрделі жағдайы (миокард инфарктісін және инсультті қоса алғанда) қаупін аздап жоғарылатумен байланысты болуы мүмкін. ҚҚСП қабылдаушы емделушілерде, әсіресе жүрек қантамырлық қауіп факторлары бар емделушілерде жағымсыз кардиоваскулярлық асқынулардың ықтимал қаупін жоққа тән азайту үшін мүмкіндігінше ең аз емдеу ұзақтығымен ең төменгі тиімді дозасын қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механимдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін іс-әрекеттің қауіпті түрлерімен айналысуды тоқтата тұрған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналу, бас ауыру, өкпе гипервентиляциясы, сананың көмескіленуі, балаларда - миоклоникалық құрысулар, жүрек айну, құсу, абдоминальді ауыру, қан кету, бүйрек және бауыр қызметінің бұзылуы.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір енгізу, артериялық қысымның жоғарылауын, бүйрек қызметінің бұзылуын, құрысуларды, асқазан - ішек жолының тітіркенуін, тыныстың тарылуын қайтаруға бағытталған симптоматикалық емдеу. Қарқынды диурездің, гемодиализдің тиімділігі аз. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат 3 мл-ден мөлдір шыныдан жасалған ампулада, 5 ампуладан пластик астаушаға немесе алюминий фольгадан және ПВХ мөлдір үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пластик астауша немесе пішінді ұяшықты қаптаманы медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Аджио Фармацевтикалз Лтд

A—38, Нандижиот Индастриал Эстайт, Сафедпул, Курла-Андхери Роад, Мумбай- 400 072

Тел: +91-22-28518206/ 42319000

Факс: +91-22-28518204

regulatory@agio-pharma.com

Тіркеу куәлігінің иесі

Аджио Фармацевтикалз Лтд

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөнінде түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: Аджио Фармацевтикалз Лимитед өкілдігі

Алматы қ, Шевченко к-сі, 118 үй, 228кеңсе

тел: +7(727)2240402

regulatory@agio-pharma.com

 

Прикрепленные файлы

962291181477976830_ru.doc 82.5 кб
979449421477977985_kz.doc 119 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники