Дексаметазон (капли глазные, 8 мл, 0,1%)

МНН: Дексаметазон
Производитель: Фармацевтическая компания "МЕДОПТИК"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dexamethasone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010723
Информация о регистрации в РК: 27.02.2018 - 27.02.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 116.96 KZT
Предельная цена реализации в РК: 295.86 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Дексаметазон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дексаметазон

Дәрілік түрі

0,1% 8 мл, 10 мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – 0,10 г дексаметазон натрий фосфаты

қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су бар.

Сипаттамасы

Түссіз, мөлдір немесе сәл сарғыш сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Қабынуға қарсы дәрілер. Глюкокортикостероидтар

АТХ коды S01ВА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде дексаметазон көздің алдыңғы камерасының ылғалына интактілі эпителийімен мөлдір қабық арқылы өтеді.

Фармакодинамикасы

Глюкокортикоидты препарат офтальмалогияда жергілікті қолдануға арналған. Препараттың белсенді заты - дексаметазон жасушалық мембрананы тұрақтандырады, капиллярлардың өткізгіштігін азайтады, лизосома мембраналарының тұрақтылығы есебінен антиэкссудативті әсер береді.

Аллергияға қарсы және қабынуға қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

- кератиттерде

- кератоконъюнктивитте

- иритте

- аллергиялық конъюнктивитте

- көру жүйкесінің невритінде

- операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі кезеңде көздің жарақаттануын және қабыну үдерістерн емдеу және алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

12 жастан асқан балаларға және ересектерге:

- жедел және ауыр жағдайларда емнің басында әрбір 1-2 сағат сайын әрбір көзге 1-2 тамшыдан тамызады, содан кейін қабыну құбылыстары азайғанда әрбір 4-6 сағат сайын

- созылмалы жағдайларда әрбір 4-6 сағат сайын әрбір көзге 1-2 тамшыдан тамызады

- операциядан және жарақаттан кейін, қабыну симптомдарының айқындылығына қарай, күніне 2-4 рет 1-2 тамшыдан.

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға аллергиялық және қабыну ауруларында күніне 2-3 рет 1 тамшыдан тамызады.

Емдеуді 7-10 күннен астамға жалғастыру қажет болған жағдайда емдеу ұзақтығын дәрігер белгілейді, көзішілік қысымды және көздің мөлдір қабығын бақылау қажет.

Тамызғыш-құтының ұшы шырышты қабықтың бетіне тиіп кетпеуін бақылау қажет. Тамызып болғаннан кейін тамызғыш-құтыны қалпақшасымен жауып қояды.

Жағымсыз әсерлері

- ашу сезімі

- конъюнктива гиперемиясы

- көзден жас ағу

Өте сирек

- ұзақ уақыт қолданғанда көзішілік қысым жоғарылауы мүмкін

- артқы субкапсулярлы катаракта

- көздің мөлдір қабығының ойық жаралануы немесе бұлдырауы

- көздің салдарлық жұқпалары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- Varicella zoster-ден болған кератит

- көздің мөлдір қабығының ойық жаралануы және конъюнктиваның вирустық аурулары (соның ішінде желшешек)

- көз туберкулезі

- көздің зеңді аурулары

- көздің жедел іріңді аурулары

- көздің мөлдір қабығының эпителиопатиясы

- көзішілік қысымның жоғарылауы

- көздің мөлдір қабығының перфорациясы

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дексаметазонды глаукомада қолданылатын дәрілік заттармен, әсіресе ұзақ уақыт және үлкен дозаларда, біріктірмеген жөн, өйткені көзішілік қысым жоғарылауы мүмкін.

Антихолинергиялық препараттарды, әсіресе атропинді және оның аналогтарын Дексаметазонмен біріктіріп, ұзақ қолдану көзішілік қысымның жоғарылау қаупін тудырады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен 2-3 аптадан астам емдеу кезінде көзішілік қысымды және көздің мөлдір қабығын жүйелі түрде бақылап отыру қажет. Кортикостероидты терапия ағымдағы бактериялық немесе зеңді жұқпаларды бүркемелеуі мүмкін. Жұқпалар болған жағдайда тамшыны қолдануды микробқа қарсы емдеуге сәйкес келетіндей етіп біріктірген жөн.

Дексаметазонды қолдану кезінде көздің мөлдір қабығының немесе склераның жұқаруына әкелетін ауруға бұрын шалдыққан адамдарды емдегенде сақ болу қажет, өйткені мұндай емделушілерде көздің мөлдір қабығы немесе склерасы тесілуі мүмкін.

Препаратты қолданар алдында жұмсақ жанаспалы линзаларды алып қойған жөн. Препаратты тамызғаннан кейін 30 минут өткен соң оны қайта салуға болады. Жанаспалы линзаларды және Дексаметазонды қолданған жағдайда көздің мөлдір қабығында ойық жараның пайда болу қаупі артады.

Препаратты көздің қабыну себебі анықталмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Жүктілік және лактация

Клиникалық зерттеулер жоқ болғандықтан, жүкті және бала емізетін әйелдерге препаратты ана үшін пайдасы мен нәресте мен ұрық үшін қаупінің арақатынасын ескере отырып, тағайындайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Тамызғаннан кейін көзден жас ағатын болғандықтан, препаратты көлікті басқарар алдында немесе механикалық құралдармен эксплуатация алдында қолданбау керек.

Артық дозалануы

Артық дозаланған жағдайда жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емдеуді біртіндеп тоқтатады, емдеудің соңында кортикотропинмен бірнеше инъекция тағайындаған жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылғаны бақыланатын қақпақпен нығыздап жабылған полиэтилен тамызғыш-құтыларда 8 мл-ден және 10 мл-ден.

1 құтыдан медицинада қолданылу жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынған.

10, 20 немесе 100 пәшкеден картон қорапқа салынған.

20 немесе 1000 құты (пәшкеге салынбаған) медицинада қолданылу жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге, құтының санына сәйкес мөлшерде, қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 4 аптадан аспауы керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»

тел: 8 (727) 230822, 2320823, 2320824

факс: 8 (727) 3832202

Е-mail: -572202@gmail.com

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»

тел: 8 (727) 2320822, 2320823, 2320824

факс: 8 (727) 3832202

Е-mail: -572202@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

817544511477976948_ru.doc 54.5 кб
813880911477978105_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники