Дексамед (таблетки, 0.5 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Дексамед
Халықаралық патенттелмеген атауы
Дексаметазон
Дәрілік түрі
0,5 мг және 1,5 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - дексаметазон 0.50 мг, 1.50 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликолаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, эритрозин лагы Е 127, хинолинді сары алюминий лагы Е 104.
Сипаттамасы
Диаметрі 7 мм және «МС» өрнегімен, сызығы бар, қызғылт түсті, жайпақ беткейімен дөңгелек пішінді таблеткалар (0.5 мг доза үшін).
Диаметрі 7 мм сызығы бар, ақ түсті, жайпақ беткейімен, дөңгелек пішінді таблеткалар (1.5 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар. Глюкокортикостероидтар. Дексаметазон.
АТХ коды Н02АВ02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Дексаметазон асқазан-ішек жолында тез сіңіріледі. Биологиялық жетімділігі 80%-ды құрайды. Ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы (Смах) 1-2 сағаттан соң байқалады. Бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін препараттың әсері 66 сағатқа жуыққа созылады. Қанда спецификалық тасымалдаушы- ақуыз транскортинмен байланысады (60-70%). Плазма ақуыздарымен байланысуы дозасына пропорциональді, өте жоғары дозаларда дексаметазонның көбі байланыспаған күйінде қалады. Гистогематикалық бөгеттер арқылы (оның ішінде гематоэнцефалдық және плацентарлық) жеңіл өтеді. Негізінен глюкурон және күкірт қышқылымен конъюгациялануы жолымен бауырда метаболизденеді. Ересек адамның қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі (Т 1/2) 190 минутты, ал тіндерден – 36-54 сағатты құрайды.
Несеппен белсенді емес метаболиттер түрінде, аздаған мөлшерде емшек сүтімен шығарылады. Бүйрек жеткіліксіздігі дексаметазонның шығарылуына әсер етпейді, дегенмен ауыр формадағы бауыр жеткіліксіздігі жартылай шығарылу кезеңін ұлғайтады.
Фармакодинамикасы
Дексамед – глюкокортикостероид, фторпреднизолонның метилденген туындысы. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, шокқа қарсы, уыттануға қарсы, десенсибилизациялайтын және иммунодепрессивті әсер етеді. Қабынудың барлық 3 фазасын және іс жүзінде барлық 4 типтегі аллергиялық реакциялардың барлық буындарын басады.
Минералокортикоидты белсенділігіне бәсекелестік әсер етеді, антиденелердің синтезін басады, эозинофилдердің, базофилдердің, плазматикалық және ірі жасушалардың қызметін әлсіретеді, тромбоциттердің бірігуіне жол бермейді, А2 фосфолипазасын бөгеу жолымен жасушалық жарғақшаларды тұрақтандырады, бұл простогландиндер мен тромбоксандардың, лейкотриендер мен МРСА-ның синтезін азайтуға әкеледі.
цАМФ құрамын жоғарылатады және жасушада цГМФ құрамын төмендетеді, ол аллергия медиаторларының босап шығуының төмендеуіне әкеледі, кининдердің түзілуіне жол бермейді, спецификалық декарбоксилазаларды бөгегендіктен серотонин мен гистаминнің синтезін азайтады, оттегінің бос радикалдарының түзілуін азайтады, протеаза тежегіштерінің синтезін белсенділендіреді, коллагеназаның белсенділігін басады.
Қолданылуы
- бүйрекүсті безі қыртысының гиперфункциясының дифференциальді диагностикасында (Иценко-Кушинг синдромы)
- алғашқы және екіншілік (гипофизарлық) бүйрекүсті безі жеткіліксіздігінің орын басу емінде
- ангионевротикалық ісіну, анафилаксия, сарысу ауруында
- ревматикалық полимиалгия, ревматоидты артрит,түйінді полиартериитте
- полимиозитте
- саркоидозда
- гемолитикалық анемия, лейкоз, миеломды ауруда
- инфаркттан кейінгі Дресслер синдромында
- Крон ауруы, спецификалық емес ойық жара колитінде
- милиарлы туберкулез, ауыр жұқпалы ауруларда (кешенді емде)
- ми ісігінде (алғашқы ісік немесе миға метастаздар нәтижесінде,
краниотомия немесе бас жарақаты)
- алдыңғы және артқы увеит, көру жүйкесінің невритінде
- люпус-нефритте (қызыл жегі нефритінде)
- бронх демікпесі, аспирациялық пневмонитте
- тұрпайы күлдіреуікте
Қолдану тәсілі және дозалары
Науқастың ауру сипатына, оның ұзақтығына және емге реакциясына байланысты доза жекелей таңдалуы тиіс.
Бастапқы доза тәулігіне 0,5 мг-ден 9 мг-ге дейін ауытқып отырады. Аурудың ауыр түрі кезінде бастапқы дозаны тәулігіне 9 мг-нан жоғары арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік доза 10мг-15мг; ең төмен тиімді доза тәулігіне 0,5мг-1,0г құрайды. Дексамедтің бастапқы дозасы емдік әсерге қол жеткізгенше қабылданады, содан кейін оны тәулігіне 2мг-4,5мг және жоғары демеуші дозаға дейін біртіндеп төмендетеді (әдетте 3 күнде 0,5 мг-ға).
Егер жоғары дозамен ем бірнеше күнге созылса, онда дозаны келесі төмендетуді біртіндеп, келесі бірнеше күн ішінде немесе ұзағырақ кезең бойы жүргізеді.
Сондай-ақ ұзақ уақыт жоғары дозаларды пероральді қабылдағанда, Дексамедті ас қабылдау кезінде қабылдау ұсынылады, ал ас қабылдау аралықтарында, қосымша, антацидті дәрілерді қабылдау ұсынылады.
Препаратты тәулік ішінде таңғы сағат 6-дан 8-ге дейінгі аралықта глюкокортикоидтардың эндогенді сөлінісінің тәуліктік ауытқуын ескеріп қабылдау ұсынылады.
Дексамедпен емдеу курсы 5-7 күннен 2-3 айға дейін және ұзақты құрайды. Емді біртіндеп тоқтатады.
Жедел аллергиялық реакцияның емсіз өтетін ауыр жағдайында немесе созылмалы аллергиялық реакциялардың асқынуында парентеральді және пероральді емнің мынадай біріктірілген сызбасы пайдаланылады:
Бірінші күні: Дексамед инъекция үшін, 4мг немсе 8мг (1мл немесе 2мл) бұлшықет ішіне
Екінші күні: Дексамед таблетка түрінде, күніне 2 таблеткадан (0,5мг) 2 рет
Үшінші күні: Дексамед таблетка түрінде, күніне 2 таблеткадан (0,5мг) 2 рет
Төртінші күні: Дексамед таблетка түрінде, күніне 1 таблеткадан (0,5мг) 2 рет
Бесінші күні: Дексамед таблетка түрінде, күніне 1 таблеткадан (0,5мг) 2 рет
Алтыншы күні: Дексамед таблетка түрінде, күніне 1 таблеткадан (0,5мг) 2 рет.
Жетінші күні: Дексамед таблетка түрінде, күніне 1 таблеткадан (0,5мг) 2 рет
Сегізінші күні: бағаберетін күн (бастапқы жағдаймен салыстырғанда).
Жұқпаның асқыну кезеңінде, операциялық араласым немесе жарақаттан кейін науқастың клиникалық статусының өзгеруін бақылау керек. Стрессте дозасын уақытша жоғарылатуға болады.
Жағымсыз әсерлері
- глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, «стероидты» қант диабеті немесе латентті қант диабетінің манифестациясы
- Иценко-Кушинг синдромы, дене салмағының артуы
- ықылық, жүрек айнуы, құсу, тәбеттің артуы немесе төмендеуі, метеоризм, «бауыр» трансаминазалары және сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, панкреатит
- асқазанның және он екі елі ішектің «стероидты» ойық жарасы, эрозивті эзофагит, асқазан-ішек жолынан қан кету және тесілу
- аритмиялар, брадикардия (жүрек тоқтағанға дейін), созылмалы жүрек жеткіліксіздігі айқындығының дамуы (бейім емделушілерде) немесе күшеюі, артериялық қысымның жоғарылауы
- гиперкоагуляция, тромбоз
- делирий, бағдарсыздық, эйфория, елестеулер, маниакальді-депрессивті психоз, депрессия, паранойя
- бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, ашушаңдық, мазасыздық, ұйқысыздық, бас ауыруы, бас айналуы, құрысулар, вертиго
- мишықтың жалған ісігі
- көздің көруінің кенеттен жоғалуы (парентеральді енгізген кезде көз тамырларында препараттың кристаллдары шөгуі мүмкін), артқы субкапсулярлы катаракта, көру жүйкесінің зақымдалуы мүмкін көзішілік қысымның жоғарылауы, мөлдір қабықтың трофикалық өзгерісі, экзофтальм, көздің бактериялық, зеңдік немесе вирустық жұқпаларының салдарлы дамуы
- теріс азотты теңгерім (ақуыздың ыдырауының артуы), гиперлипопротеинемия
- қатты тершеңдік
- сұйықтықтың және натрийдің іркілуі (шеткергі ісіну), гипокалиемиялық синдром (гипокалиемия, аритмия, миалгия немесе бұлшықеттердің түйілуі, шамадан тыс әлсіздік және шаршағыштық)
- балаларда өсудің және сүйектену үдерісінің баяулауы (өсудің эпифизарлы аймағының мерзімінен бұрын жабылуы)
- кальцийдің шамадан тыс шығарылуы, остеопороз, сүйектің патологиялық сынуы, иық және жамбас сүйек басының асептикалық некрозы, сіңірдің үзілуі
- «стероидты» миопатия, бұлшықет атрофиясы
- жараның баяу жазылуы, пиодермия мен кандидоздың дамуына бейімділік
- петехия, экхимоздар, терінің жұқаруы, терінің гипер- немесе гипопигментациясы, стероидты безеулер, стриялар
- жайылған және жергілікті аллергиялық реакциялар
- иммунитеттің төмендеуі, жұқпалы аурулардың дамуы немесе асқынуы
- лейкоцитурия
- жыныс гормондары секрециясының бұзылуы, етеккір айналымының бұзылуы, гирсутизм, белсіздік, балаларда жыныстық дамуының кідіруі
- «тоқтату» синдромы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- остеопороз
- жедел вирустық, бактериялық және жүйелі зеңдік жұқпалар (тиісті ем қолданбаған жағдайда)
- Кушинг синдромы
- ауыр артериялық гипертензия
- айқын бүйрек жеткіліксіздігі
- III –IV дәрежедегі семіздік
- туберкулездің белсенді формасы
- жедел психоздар
- бауыр циррозы және созылмалы гепатит
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жас өспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Кортикостероидтар гипогликемиялық (инсулинді қоса) және антигипертензиялық препараттардың әсерін әлсіретеді.
Кортикостероидтар ацетозоламидтің, карбеноксолонның, ілмектік және тиазидтік диуретиктердің, жүрек гликозидтерінің гипокалиемиялық әсерін күшейтеді.
Гипопротромбинемия кезінде дексаметазонмен біріктіріп, антикоагулянттарды қолдану кезінде сақ болу қажет.
Фенитоинды, барбитураттарды, эфедринді және рифампицинді бірмезгілде қолдану дексаметазон-супрессорлық тестілерді талапқа сай өткізуге кедергі келтіруі мүмкін. Дексаметазон мен қабынуға қарсы стероидті емес дәрілерді бірмезгілде қолдануға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Қант диабеті, туберкулез, бактериялық және амёбалық дизентерия, артериялық гипертензия, тромбоэмболияда, жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі, спецификалық емес ойық жаралы колит, дивертикулит және жуық арада түзілген ішек анастомозы кезінде Дексамедті аса сақтықпен негізгі ауруды талапқа сай емдеу мүмкіндігі жағдайында ғана қолдану қажет. Кортикостероидтарды және калий-сақтамайтын диуретиктерді немесе жүрек гликозидтерін қабылдайтын емделушілердің қанында калий деңгейін үнемі мониторингілеу ұсынылады.
Егер емделушінің сыртартқысында психоз болса, онда глюкокортикостероидтармен емдеуді өмірлік көрсеткіштері бойынша ғана жүргізеді.
Препаратты кенеттен тоқтату жағдайында, әсіресе жоғары дозаны қолданған кезде глюкокортикостероидтарды тоқтату синдромы (анорексия, жүрек айнуы, мәңгіру, жайылған бұлшықет-қаңқа ауыруы, жалпы әлсіздік) туындайды. Бірнеше ай бойы препаратты тоқтатқаннан кейін бүйрек үсті бездері қыртысының салыстырмалы жеткіліксіздігі сақталуы мүмкін. Егер бұл кезеңде стресс жағдайлары туындаса, уақытша глюкокортикоидтарды, ал қажет болған кезде минералокортикоидтарды тағайындайды.
Препаратты қолданар алдында асқазан-ішек жолында ойық жараның болуына емделушіні тексеру керек. Аталған патологияның дамуына бейімділігімен емделушілерге алдын алу мақсатында антацидті дәрілерді тағайындау қажет.
Препаратпен емдеу уақытында емделуші калийге, ақуыздарға, витаминдерге бай, майлардың, көміртектердің және натрий тұздарының төмен құрамымен емдәмді ұстануы керек.
Емделушіде интеркурентті жұқпалардың, септикалық күйдің болуы кезінде Дексамедпен емдеуді антибактериялық терапиямен біріктіру қажет.
Егер Дексамедпен емдеу белсенді иммунизациялауға (вакцинациялаудан) дейін 8 апта ішінде және кейін 2 аптаға дейін және жүргізілсе, онда иммунизациялау әсері төмендеуі немесе толығымен бейтараптануы мүмкін. Ауыр бас сүйек-ми жарақатымен ишемиялық типтегі ми қан айналымының бұзылуымен науқастарға глюкокортикоидтарды сақтықпен тағайындау қажет.
Егде жастағы емделушілерді, әсіресе ұзақ емдеу кезінде стандартты жағымсыз реакциялардың (остеопороз, диабет, гипертензия, гипокалиемия, жұқпалық ауруларды қабылдағыштық, терінің жұқаруы) салдарын ескеру керек. Өмірге қауіп төндіретін реакциялардың дамуына жол бермеу үшін мұқият клиникалық тексеру қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін (бас айналуды, бас ауыруын және т.б.) ескеріп, зейінді жоғары жұмылдыруды талап ететін, автомобиль жүргізуден және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқарудан тартыну ұсынылады.
Артық дозалануы
Симптомдары: дозаға байланысты жағымсыз әсерлерінің күшеюі мүмкін (бұл жағдайда препараттың дозасын азайту керек) анафилактикалық реакциялар және асқын сезімталдық реакциялары.
Емі: белгісіне қарай.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
10 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
“Медокеми Лтд”, КИПР
P.O.Box.51409 CY-3505 Limassol
tel.357-25-867600, fax.357-25-560863
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
“Медокеми Лтд” өкілдігі
Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241, 1Б кеңсе, тел/факс: 313-73-76
E-mail : medochemie@mail.ru