ГЕПАМЕТИОН®

МНН: S-аденозил-L-метионина 1,4-бутандисульфонат
Производитель: ПАО Киевмедпрепарат
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ademetionine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024432
Информация о регистрации в РК: 13.01.2020 - 13.01.2025

Инструкция

Саудалық атауы

ГЕПАМЕТИОН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Адеметионин

Дәрілік түрі

Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішімен бірге жиынтықта

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 760 мг S-аденозил-L-метионин 1,4-бутандисульфонаты (адеметионин катионға шаққанда - 400 мг).

Еріткіші бар бір ампулада: L-лизин, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су бар.

Сипаттамасы

Лиофилизат – ішінде бөгде заттары жоқ, ақтан сәл сары түске дейінгі лиофилизацияланған масса.

Еріткіш түссізден ашық-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Дайындалған ерітінді – ішінде көзге көрінетін бөлшектері жоқ, түссізден сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Асқазан-ішек жолы ауруларын және зат алмасу бұзылуларын емдеуге арналған басқа препараттар. Амин қышқылдары және олардың туындылары. Адеметионин.

АТХ коды А16АА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Адамда вена ішіне енгізуден кейінгі адеметиониннің фармакокинетикалық бейіні тіндерде тез таралу фазасымен және жартылай шығарылу кезеңі 1,5 сағатқа жуық клиренсімен екі фазалы болып табылады. Бұлшықет ішіне енгізген кездегі сіңуі – 96%, қолданудан кейін 45 минуттан соң ең жоғары плазмалық концентрацияға жетеді. Плазмалық концентрациялары 24 сағат ішінде бастапқы мәндеріне дейін төмендейді. Биожетімділігі пероральді түрде қолданудан кейін, егер адеметионинді тамақ ішу арасында қолданса, жоғарылайды.

Таралуы

Таралу көлемі 100 мг және 500 мг доза адеметионинде, сәйкесінше, 0,41 және 0,44 л/кг құрайды. Қан сарысуының ақуыздарымен байланысуы елеусіз және ≤ 5% құрайды.

Метаболизмі

Адеметионин метаболизмінің үдерісі циклдық болып табылады және адеметионин циклі деп аталады. Осы циклдің алғашқы кезеңінде адеметионин-тәуелді метилаза адеметионинді S-аденозил-гомоцистеин өндіру үшін субстрат ретінде пайдаланады, ол содан кейін S-аденозил-гомоцистеин-гидралазаның жәрдемімен гомоцистеинге және аденозинге дейін гидролизденеді. Гомоцистеин, өз кезегінде, 5-метилтетрагидрофолаттан метил тобының ауыстырылуы жолымен метионинге дейін кері трансформацияға ұшырайды. Ақырғы нәтижесінде, метионин адеметионинге қайта өзгеріп, цикл аяқталуы мүмкін.

Шығарылуы

Қалыпты жағдайда несеппен бірге шығарылуы 48 сағаттан кейін 15,5 ± 1,5% құрайды және нәжістермен бірге шығарылуы 72 сағаттан соң 23,5 ± 3,5% құрайды.

Фармакодинамикасы

S-аденозил-L-метионин (адеметионин) – табиғи текті амин қышқылы, ол іс жүзінде организмнің барлық тіндерінде және сұйықтық ортасында болады. Адеметионин, ең алдымен, коэнзим ретінде және көптеген трансметилдену реакцияларында метил тобының доноры ретінде әсер етеді. Адеметионинның метил топтарын тасымалдау (трансметилдену) сондай-ақ жасушалардың фосфолипидтік жарғашаларын құрғанда маңызды метаболизм үдерісі болып табылады және жарғақшалардың өзгеріп тұруында рөл атқарады.

Адеметионин гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтуге қабілетті. Адеметиониннің жоғары концентрациялары трансметилдену үдерісіне ықпалын тигізеді, олар катехоламиндердің (допаминнің, адреналиннің, норадреналиннің), индоламиндердің (серотониннің, мелатониннің) және гистаминнің метаболизміне ықпал етуінің арқасында, ми тіндерінде өте маңызды болып табылады.

Адеметионин транссульфурирлену реакцияларында физиологиялық сульфирленген қосылыстардың (цистеин, таурин, глютатион, А коэнзим және басқалары) түзілуінде ізашар болып табылады. Глютатион, ең күшті антиоксидант, бауырдың уытсыздануы үшін маңызды компонент болып табылады. Адеметионин генезі алкогольден де, сонымен алкогольсіз де бауыры зақымданған пациенттерде глютатионның деңгейін арттырады.

Фолий қышқылы және В12 дәрумені адеметиониннің метаболизмі және қалпына келу үдерістерінде эссенциальді конутриенттер болып табылады.

Қолданылуы

  • депрессиялық синдромда

Қолдану тәсілі және дозалары

Вена ішіне енгізуді өте баяу жүргізу қажет.

Емдеуді әдетте препаратты парентеральді түрде енгізуден бастайды, кейіннен препаратты таблетка түрінде немесе бірден таблеткадан бастап қолданады. Инъекцияға арналған ерітіндіні тура қолданар алдында дайындау керек. Препаратты бұлшықет ішіне немесе вена ішіне инъекция түрінде енгізуге болады. Вена ішіне енгізу үшін адеметиониннің қажетті дозасын әрі қарай 250 мл физиологиялық ерітіндіде немесе 5% декстроза (глюкоза) ерітіндісінде сұйылту және инфузияны 1-2 сағат бойы баяу жүргізу керек.

Ерітіндінің пайдалынылмаған бөлігін тастау керек.

Адеметионинді сілтілік ерітінділермен немесе құрамында кальций бар ерітінділермен араластырмау керек. Егер лиофилизацияланған ұнтақ, ақтан сәл сары түске дейіннен өзге, басқа түсті болса (құтыда сызаттың болуынан немесе жоғары температураның әсерінен), оны қолданудан тартына тұру қажет.

Бастапқы емі

Вена ішіне немесе бұлшықет ішіне: ұсынылатын доза тәулігіне дене салмағына шаққанда 5-12 мг/кг құрайды. Әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне 400 мг құрайды, жалпы тәуліктік доза 800 мг-ден аспауы тиіс. Бастапқы парентеральді емнің ұзақтығы депрессиялық синдромды емдеген кезде 15-20 күнді құрайды.

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына және барысына байланысты және мұны дәрігер әр адамға жекелей белгілейді.

Лиофилизацияланған ұнтақты тура қолданар алдында қосатын арнайы еріткіште еріту қажет.

Балалар

Адеметионинді балаларға қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Адеметионинді пайдалану жөнінде қолда бар деректер емдеуге жауап реакцияларында егде жастағы пациенттер мен одан кіші пациенттердің арасында айырмашылықтар байқалған жоқ. Егде жастағы пациенттерді емдеуді, бауыр, бүйрек немесе жүрек функцияларының төмендейтіндігін, қатарласқан патологиялық жағдайларының бар екендігін және басқа дәрілік заттарды қолданғанын ескере отырып, ұсынылған өте төмен дозалардан бастау ұсынылады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану

Мұндай пациенттерге адеметионинді қолданғанда сақтық таныту ұсынылады.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану

Фармакокинетикалық параметрлері қалыпты және бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде бірдей.

Жағымсыз әсерлері

Адеметионинмен емдеген кезде көбіне бас ауыру, диарея және жүректің айнуы туралы мәлімделді.

Жағымсыз реакциялар туындау жиілігі бойынша жіктелді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000).

Жиі

- жүректің айнуы, іштің ауыруы, диарея

- бас ауыру

- үрейлену, ұйқысыздық

- терінің қышуы

Жиі емес

- ауыз ішінің құрғауы, диспепсия, метеоризм, асқазан-ішектің ауыруы, асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішектік бұзылыстар, құсу

- астения, ісіну, қызба, инъекция жасалған жерде реакциялар, енгізген жерде некроз

- аса жоғары сезімталдық, анафилактоидтық реакциялар немесе анафилаксиялық реакциялар (мысалы, тері жабындарының гиперемиясы, ентігу, бронхтың түйілуі, арқаның ауыруы, кеудеде жайсыздықтың сезілуі, артериялық қысымның (гипотония, гипертония) немесе тамырдың соғу жиілігінің өзгеруі (тахикардия, брадикардия))

- несеп шығару жолдарының инфекциялары

- артралгиялар, бұлшықет құрысулары

- бас айналу, парестезиялар, дисгевзия

- ажитация, сананың шатасуы

- көмейдің ісінуі

- гипергидроз, ангионевроздық ісіну, аллергиялық тері реакциялары (мысалы, бөртпелер, қышыну, есекжем, эритема).

- «қан кернеулер», гипотензия, флебит

Сирек

- іштің кебуі, эзофагит

- дімкәстік

Депрессиялық синдромдары бар пациенттерде суицидтік ойлар/мінез-құлық туралы сирек мәлімделді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • метионин цикліне ықпал ететін және/немесе гомоцистинурияны және/немесе гипергомоцистеинемияны туындататын генетикалық ақаулар (мысалы, цистатионин бета-синтаза жеткіліксіздігі, В12 дәрумені метаболизмінің ақауы)

  • препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кломипраминді қабылдау аясында адеметионинді қолданған пациентте серотониндік синдромның дамығаны туралы деректер бар. Адеметионинді серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштермен, трициклдік антидепрессанттармен (кломипрамин сияқты), құрамында триптофан бар препараттармен және өсімдік заттарымен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек.

Айрықша нұсқаулар

Бұл дәрілік заттың құрамында 1 ммольден азырақ (23 мг)/натрий дозасы бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ деуге болады. Дәрілік препараттың бір дозасында 6,61 мг натрий (16,80 мг ас тұзындағы натрий мөлшеріне баламалы) бар. Бұл ересектер үшін ДДҰ ұсынған ең жоғары мөлшердегі натрийдің 0,3%-ын құрайды (5 г ас тұзы).

Вена ішіне енгізуді өте баяу жүргізу қажет.

В12 дәрумендері және фолий қышқылдары (фолаттар) жеткіліксіз болуы адеметиониннің концетрацияларының азаюын туындатуы мүмкін болғандықтан, қауіп тобының (анемиясы, бауыр аурулары бар, жүктілік немесе басқа ауруларға немесе вегетариандық сияқты тамақтану салтына байланысты дәрумендік жетіспеушілік) пациенттеріне осы заттардың плазмалық деңгейін тексеру үшін талдауды ұдайы жүргізу қажет. Егер жеткіліксіздік байқалса, адеметионинді қолдануға дейін немесе қолдану кезінде В12 дәруменімен және/немесе фолий қышқылымен (фолаттармен) емдеу ұсынылады.

Адеметионин биполярлық психоздары бар пациенттерге қолдану үшін ұсынылмайды. Кейбір пациенттерде адеметионинмен емдеген кезде депрессиядан гипоманияға немесе манияға ауысу орын алады.

Депрессиясы бар пациенттер адеметионинмен емделгенде емдеу тиімділігін бақылау мақсатында мұқият бақылауды және үнемі психиатриялық жәрдемді керек етеді.

Адеметионин қабылдаған пациенттерде транзиторлық немесе үрейленудің күшеюі туралы мәлімдемелер алынған. Көптеген жағдайларда емдеу тоқтатуды қажет еткен жоқ. Кейбір жағдайларда үрейлену дозаны азайтқаннан кейін немесе емдеуді тоқтатқан соң қайтады.

Гомоцистеиннің иммунологиялық талдамасына ықпалы

Адеметионин гомоцистеиннің иммунологиялық талдамасына ықпалын тигізеді, оның нәтижелері адеметионин қабылдап жүрген пациенттерде қан плазмасындағы гомоцистеиннің жоғары деңгейін қате көрсетуі мүмкін. Осыған байланысты мұндай пациенттерге қан плазмасындағы гомоцистеин деңгейін анықтаудың иммунологиялық емес әдістерін қолдану ұсынылады.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Дені сау ерікті адамдардың және бауырдың созылмалы ауруы бар пациенттердің фармакокинетикалық сипаттарында айырмашылықтар жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге адеметионинды қолдану жөнінде шектеулі клиникалық деректер бар. Мұндай пациенттерге адеметионинді сақтықпен қолдану керек.

Өзін-өзі өлтіру/суицидтік ойлар

Депрессия суицидтік ойлардың, суицидтік мінез-құлықтың және өзін-өзі өлтірудің (суицидтік оқиғалардың) туындау қаупінің жоғарылауымен байланысты. Депрессияны емдегенде қауіп ремиссия басталғанға дейін сақталады. Емдеудің алғашқы аптасы ішінде немесе емдеудің бастапқы курсынан кейін бірнеше апта ішінде елеулі жақсарулар байқалуы мүмкін, сондықтан депрессиясы бар пациенттерді жағдайы жақсарғанша мұқият бақылау қажет.

Осы препарат қолданылатын басқа да психикалық аурулар суицидтік мінез-құлық қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Бұдан басқа, мұндай аурулар ауыр депрессиялық бұзылыстармен байланысты болуы мүмкін. Ауыр депрессиялық бұзылыстары бар пациенттерді емдегенде үлкен сақтық таныту және басқа психикалық ауруларды емдеген кездегідей, сол қауіпсіздік шараларын қолдану керек.

Жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде қолдану

Жүктіліктің ІІІ триместрінде адеметиониннің жоғары дозаларын қолдану қандай да болсын жағымсыз реакцияларды туындатқан жоқ. Жүктіліктің І триместрінде адеметионин аса қажет болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Лактация кезеңінде адеметионин, егер оны қолданудың пайдасы сәби үшін қаупінен басым болса ғана, қолданылады.

Педиатрияда қолдану

Адеметионинді балаларға қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

Көлік құралдарын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік препараттың ықпал ету ерекшеліктері

Адеметионинмен емдеу кезінде кейбір пациенттерде бас айналу туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда симптомдар толық жоғалғанға дейін көлік құралдарын басқаруды немесе басқа механизмдермен жұмыс жасауды тоқтата тұруы керек, аталған қызмет түрлері реакция жылдамдығына ықпалын тигізуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: организмнің өмірлік маңызды функцияларын және науқастың клиникалық жағдайын бақылау аясында жалпы демеуші ем.

Шығарылу түрі жән қаптамасы

Резеңке тығынмен тығындалған және пластик жапсырмасы бар немесе пластик жапсырмасыз алюминий қалпақшамен бұрап жабылған, шыны құтыларда.

Еріткіш шыны ампулаларға 5 мл-ден құйылған.

Пішінді ұяшықты қаптамаға ішінде лиофилизаты бар 5 құты және еріткіші бар 5 ампула салынған.

Пішінді 1 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

Лиофилизат – 3 жыл.

Еріткіш – 3 жыл.

Сақтау мерзімі ерте аяқталатын компонентке (лиофилизат немесе еріткіш) қатысты соңғы препараттың сақтау мерзімі белгіленеді.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«КИЕВМЕДПРЕПАРАТ» ЖАҚ,

Украина, 01032, Киев қ., Саксаганский к-сі, 139.

Тіркеу куәлігі ұстаушысының атауы және елі

«КИЕВМЕДПРЕПАРАТ» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«ТД Фармамед» ЖШС, 

Алматы қ., Ходжанов көшесі, 67 ғимарат, 4а т.е.

Тел.: +7 (727) 344-99-05/06

E-mail: Almaty@pharmamed.kz

Прикрепленные файлы

Гепаметион®_(финал).doc 0.08 кб
Гепаметион_лиоф.каз_.doc 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту