Глюконил® (850 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Глюконил®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Метформин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг, 850 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – метформин гидрохлориді 500 мг, 850 мг,
қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, магний немесе кальций стеараты,
қабықтың құрамы: гипромеллоза, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (E 171)
Сипаттамасы
Ақ түсті қабықпен қапталған, дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар (500 мг және 850 мг дозалар үшін). Бір жағында «G» әрпінің өрнегі бар (500 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Пероральді қабылдауға арналған қантты төмендететін препараттар. Бигуанидтер. Метформин
АТХ коды A10ВА02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Метформин таблеткаларын пероральді қабылдағаннан кейінгі плазмадағы ең жоғарғы концентрацияға (Cmax) шамамен 2,5 сағаттан (Tmax) соң жетеді. Дені сау адамдарда абсолюттік биожетімділік 50-60% құрайды. Метформиннің 20-30% пероральді қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан (АІЖ) өзгермеген күйде шығарылады.
Метформинді әдеттегі дозаларда және қабылдау режимдерінде қолданғанда қан плазмасындағы тұрақты концентрацияға 24-48 сағаттан соң жетеді және тұтастай кемінде 1 мкг/мл құрайды.
Метформиннің қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі төмен. Метформин эритроциттерде таралады. Қандағы ең жоғарғы деңгейі плазмадан қарағанда төмен және шамамен сол уақытта жетеді. Орташа таралу көлемі (Vd) 63–276 л құрайды.
Метформин өзгермеген күйде несеппен шығарылады. Метформиннің қандай да бір метаболиттері адамда сәйкестендірілмеген.
Метформиннің бүйректік клиренсі 400 мл/мин артық, бұл метформиннің шумақтық фильтрация және өзекшілік секреция көмегімен шығарылатынын көрсетеді. Ішке қабылдағаннан кейін жартылай шығарылу кезеңі шамамен 6,5 сағатты құрайды.
Бүйрек функциясы бұзылған кезде бүйректік клиренс креатинин клиренсіне пропорционал төмендейді және осылайша, жартылай шығарылу кезеңі ұлғаяды, бұл метформин деңгейінің қан плазмасында жоғарылауына әкеледі.
Фармакодинамикасы
Метформин – гипергликемияға қарсы әсерге ие бигуанид, глюкозаның қан плазмасындағы базальді, сондай-ақ постпрандиальді деңгейлерін төмендетеді. Ол инсулин секрециясын көтермелемейді және осыған байланысты гипогликемия туындатпайды.
Метформиннің 3 әсер ету механизмі бар:
-
глюконеогенезді және гликогенолизді тежеу есебінен глюкозаның бауыр арқылы өңделуін төмендетеді;
-
инсулинге сезімталдықты жоғарылату есебінен шеткері глюкозаның бұлшықеттегі қармауын және утилизациясын жақсартады;
-
глюкозаның ішектегі сіңірілуін тежейді.
Метформин гликогенсинтазаға әсер етіп жасушаішілік гликоген синтезін көтермелейді. Ол сондай-ақ глюкозаның жарғақшалық транспортерлерінің (GLUT) барлық типтерінің қабілеттерін жақсартады.
Клиникалық зерттеулерде метформин қабылдау дене салмағына ықпал етпеді немесе оны аз да болса төмендетпеді.
Өзінің гликемияға әсеріне қарамастан метформин липидтердің метаболизміне оң әсер етеді. Емдік дозалар қолданылған бақыланатын клиникалық зерттеулер кезінде метформин жалпы холестериннің, тығыздығы төмен липопротеиндердің және триглицеридтердің құрамын төмендететіні анықталған.
Қолданылуы
Глюконил 2-типтегі қант диабетін емдеуге, әсіресе, тек диетотерапия және дене жаттығулары гликемияның жеткілікті бақылануын қамтамасыз етпеген кезде дене салмағы артық пациенттерге қолданылады.
-
ересектерде Глюконилді монотерапия түрінде, басқа пероральді диабетке қарсы дәрілермен немесе инсулинмен біріктірілімде қолдануға болады.
-
10 жастан балаларда Глюконил монотерапия немесе инсулинмен біріктірілімде қолдануға болады.
Диабеттік асқынулардың төмендеуі 2-типтегі қант диабеті кезінде диетадан глюкоза деңгейін бақылау жеткіліксіздігі салдарынан бірінші линиялық ретінде получающих терапию метформинмен емделіп жүрген дене салмағы артық ересек пациенттерде байқалды.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер:
Монотерапия басқа пероральді диабетке қарсы дәрілермен біріктірілген ем:
Әдеттегі бастапқы доза тәулігіне 2-3 рет тамақтану уақытында немесе одан кейін Глюконил препаратының 500 немесе 850 мг дозасын құрайды.
Ем басталғаннан 10-15 күннен соң препарат дозасын қан глюкозасын өлшеу нәтижелері негізінде түзету қажет. Дозаны баяу ұлғайту асқазан-ішек өткізгіштігінің жақсаруына ықпал етуі мүмкін.
Ең жоғарғы ұсынылған доза тәулігіне 3 г құрайды (үш қабылдауға бөлінген).
Басқа диабетке қарсы дәріден ауысуды жоспарлағанда: басқа дәріні қабылдауды тоқтатып, Глюконил препаратының жоғарыда көрсетілген дозасын қабылдауды бастау қажет.
Инсулинмен біріктіру:
Қандағы глюкозаның жақсы бақылануына қол жеткізу үшін Глюконил мен инсулинді біріктірілген ем түрінде қолдануға болады. Глюконил препаратының әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне 500 мг немесе 850 мг 2-3 рет құрайды, ол уақытта инсулин дозасын қан глюкозасын өлшеу нәтижелері негізінде таңдайды.
Балалар мен жасөспірімдер:
10 жас мөлшеріндегі балаларда Глюконилді монотерапия кезінде де, инсулинмен біріктіріп те қолдануға болады. Әдеттегі бастапқы дозасы тамақтану кезінде немесе одан кейін тәулігіне бір рет 500 мг немесе 850 мг құрайды. 10-15 күн жүргізілген емнен соң қан глюкозасын өлшеу нәтижелері негізінде препарат дозасына түзету жүргізу қажет. Дозаны баяу ұлғайту асқазан-ішек өткізгіштігін жақсартуы мүмкін. Ең жоғарғы ұсынылған доза тәулігіне Глюконил препаратының 2-3 қабылдауға бөлінген 2 г құрайды.
Егде жастағы пациенттер:
Егде жастағы адамдарда бүйрек функциясының ықтимал төмендеуінен Глюконил препаратының дозасын бүйрек функциясының параметрлері негізінде таңдау қажет. Бүйрек функциясына тұрақты бағалау жүргізу қажет.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер:
Метформинді бүйрек функциясы орташа – созылмалы бүйрек ауруының 3а сатысы (креатинин клиренсі [КлКр] 45-59 мл/мин немесе шумақты фильтрацияның есептелген жылдамдығы [рШФЖ] 45-59 мл/мин/1,73 м2) бұзылған пациенттерде қолдануға болады – тек лактатацидоздың даму қаупін арттыруы мүмкін басқа жағдайлар болмағанда және келесі дозаны түзету кезінде: метформин гидрохлоридінің бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 500 мг немесе 850 мг құрайды. Ең жоғарғы дозасы 2 қабылдауға бөлінген тәулігіне 1000 мг құрайды. Бүйрек функциясына мұқият мониторинг жүргізу қажет (әрбір 3-6 ай).
Егер КрКл немесе рШФЖ мәндері тиісінше <45 мл/мин немесе <45 мл/мин/1,73 м2 деңгейге дейін төмендесе онда метформин қолдануды тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
Емнің басында ең жиі жағымсыз реакциялар жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы және көптеген жағдайларда өздігінен кететін тәбеттің төмендеуі болып табылады. Аталған симптомдар дамуының профилактикасы үшін Глюконилді дозаны біртіндеп арттырумен 2 немесе 3 қабылдау ұсынылады.
Глюконил препаратымен емдеу барысында келесі жағымсыз реакциялар байқалуы мүмкін. Мұндай реакциялардың жиілігі келесідей жіктеледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1 000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000).
Әрбір жиілік тобы үшін жағымсыз реакциялар олардың күрделілігінің төмендеу тәртібімен ұсынылған.
Зат алмасу және тамақтану бұзылыстары тарапынан болатын бұзылыстар
Өте сирек:
-
лактатацидоз
-
метформинді ұзақ қолданғанда В12 витаминінің абсорбциясын төмендетуі мүмкін, бұл оның сарысудағы деңгейін төмендетумен қатар жүреді. Мегалобластты анемия анықталған кезде ескеру қажет. Себептік өзара байланысы туралы болжам мегалобластты анемия дамығанда расталды.
Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар
Жиі:
-
дәмнің бұзылуы
Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылыстар
Өте жиі:
-
жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, тәбеттің болмауы сияқты АІЖ бұзылыстары. Көбінесе бұл жағымсыз реакциялар емнің басында туындайды, әдетте өздігінен кетеді. Дозаны баяу төмендету асқазан-ішек жолының жағымдылығын жақсартуы мүмкін.
Гепатобилиарлық жүйе тарапынан болатын бұзылыстар
Өте сирек:
-
бауырдың функционалдық көрсеткіштерінде жекелеген ауытқу жағдайлары немесе гепатиттің дамуы белгіленді, олар метформин қолдануды тоқтатқаннан кейін кетті.
Тері жабындары және теріс асты тіндері тарапынан болатын бұзылыстар:
Өте сирек:
-
эритема, қышыну, есекжем сияқты тері реакциялары.
Бала пациенттер:
Балалардағы жағымсыз әсерлер сипаты мен ауырлығы бойынша ересектерде белгіленгенге ұқсас болды.
Глюконил препаратымен емді бастағаннан кейін барлық күдікті жағымсыз құбылыстар туралы хабарлау қажет. Бұл аталған дәрілік заттың пайда/қауіп арақатынасы бейінін үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
метформинге немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық;
-
диабеттік кетоацидоз, диабеттік прекома;
-
ауырлық дәрежесі орташа және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек дисфункциясы (3b, 4 және 5 сатылары) немесе бүйрек дисфункциясы (КрКл <45 мл/мин немесе рШФЖ <45 мл/мин/1,73 м2);
-
бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін жедел жағдайлар: дегидратация, ауыр инфекция, шок;
-
тін гипоксиясымен қатар жүретін жедел немесе созылмалы аурулар: декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі, аз уақыт бұрын өткерген миокард инфаркты, шок;
-
бауыр жеткіліксіздігі:
-
жедел алкогольдік интоксикация, алкоголизм.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ұсынылмаған біріктірілімдер
Алкоголь: лактатацидоз даму қаупі жедел алкогольдік интоксикация кезінде, әсіресе ашығу немесе жеткіліксіз тамақтану және бауыр жеткіліксіздігінде күшейеді. Глюконил® препаратымен емделу кезінде алкоголь және құрамында алкоголь бар дәрілік заттар қабылдаудан аулақ болу керек.
Құрамында йод бар контрастылы заттар:
Құрамында йод бар контрастылы заттарды тамыр ішіне енгізу бүйрек жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Бұл метформин кумуляциясына әкелуі және лактатацидоз туындатуы мүмкін.
рШФЖ >60 мл/мин/1,73 м2 пациенттерде метформин қолдануды құрамында йод бар контрастылы заттарды қолдану арқылы зерттеулер жүргізгенге дейін және жүргізу уақытында, зерттеулерден кейін 48 сағаттан ерте жаңартпастан артынша нашарламайды деген шартпен қалыпты нәтижелер көрсеткен бүйрек функциясын қайта бағалаудан кейін ғана тоқтату қажет.
Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (рШФЖ 45-60 мл/мин/1,73 м2) метформин қабылдауды құрамында йод бар контрастылы заттарды қолдану арқылы зерттеулер жүргізгенге дейін және жүргізу уақытында, зерттеулерден кейін 48 сағаттан ерте жаңартпастан артынша нашарламайды деген шартпен қалыпты нәтижелер көрсеткен бүйрек функциясын қайта бағалаудан кейін ғана тоқтату қажет.
Қолданғанда сақтықты талап ететін біріктірілімдер
Гипергликемиялық әсер тән дәрілік препараттар (глюкокортикоидтар (жүйелі және жергілікті әсерімен) және симпотомиметиктер): қандағы глюкозаны, әсіресе емнің басында өте жиі анықтау талап етілуі мүмкін. Қажет жағдайда, метформиннің дозасын тиісті дәрілік препаратпен соңғысын тоқтатқанға дейін түзету керек.
Диуретиктер, әсіресе, ілмектік диуретиктер бүйрек функциясына потенциалды теріс ықпалы салдарынан лактатацидоздың туындау қаупін арттыруы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Лактатацидоз
Лактатацидоз өте сирек, бірақ метформин жинақталуы салдарынан дамуы мүмкін шұғыл ем болмаған кезде өлім деңгейі жоғары күрделі метаболиялық асқыну болып табылады. Лактатацидоздың белгіленген жағдайлары метформин қабылдайтын пациенттерде көбінесе қант диабеті және айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе бүйрек функциясы жедел нашарлаған пациенттерде дамыған. Бүйрек функциясы бұзылуы мүмкін жағдайларда, мысалы, дегидратация кезінде (ауыр диарея, құсу) немесе гипертензияға қарсы, диурездік ем тағайындағанда немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) сақтық таныту керек. Көрсетілген жедел жағдайларда метформинмен емдеуді уақытша тоқтату қажет.
Нашар бақыланатын диабет, кетоз, ұзақ уақыт ашығу, алкогольді шамадан тыс қабылдау, бауыр жеткіліксіздігі сияқты басқа да қатарлас қауіп факторларын және гипоксиямен байланысты кез келген жағдайды (декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жедел миокард инфаркты сияқты) ескеру керек.
Лактатацидоз диагнозы бұлшықет түйілуі, іштің ауыруы және/немесе ауыр астения сияқты спецификалық емес симптомдар пайда болғанда қарастырылуы тиіс. Пациенттерге олар бұл симптомдардың пайда болғаны туралы хабарлауды, әсіресе егер пациенттерде бұрын метформинге жақсы жағымдылық белгіленген болса хабарлау қажет. Лактатацидозға күдік болғанда Глюконил препаратымен емделуді тоқтату керек. Глюконил препаратын қолдануды жаңарту пайда/қауіп арақатынасын және бүйрек функциясын есептегеннен кейін ғана жекелей қарастырылуы тиіс.
Диагноз
Лактатацидоз ацидоттық ентігу, іш ауыруы және комамен жалғасатын гипотермия пайда болуымен сипатталады. Диагностикалық зертханалық көрсеткіштер болып рН қанның, плазмадағы лактат деңгейі 5 ммоль/л артық төмендеуі, аниондық аралықтың және лактат/пируват арақатынасының ұлғаюы табылады. Лактатацидозға күдік болғанда пациенттерді дереу ауруханаға жатқызу керек. Дәрігерлер лактатацидоз қаупі және симптомдары туралы пациенттерге хабарлауы тиіс.
Бүйрек функциясы
Метформин бүйрек арқылы шығатындықтан Глюконил® препаратымен емді бастау алдында және емдеу уақытында креатинин клиренсін тұрақты тексеру қажет (Кокрофт-Голт формуласының көмегімен қан сарысуында креатинин деңгейін анықтау жолымен):
-
бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде жылына кемінде 1 рет;
-
егде пациенттерде, сондай-ақ креатинин клиренсі норманың төмен шегіндегі пациенттерде жылына кемінде 2-4 рет.
Егер КрКл <45 мл/мин (рШФЖ <45 мл/мин/1,73 м2) болса метформин қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеуі жиі кездеседі және симптомсыз өтеді. Бүйрек функциясы бұзылуы мүмкін кезде, мысалы, гипертензияға қарсы емді, диуретиктер немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қабылдауды бастағанда аса сақ болу ұсынылады.
Бұл жағдайларда сондай-ақ метформинмен емді бастағанға дейін бүйрек функциясын тексеру ұсынылады.
Жүрек функциясы
Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер гипоксия және бүйрек жеткіліксіздігі қаупіне бейімірек. Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде метформинді тек жүрек және бүйрек функцияларын тұрақты мониторингілеген жағдайда ғана қолдануға болады.
Жедел және тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Глюконил қолдануға болмайды.
Хирургиялық араласымдар
Глюконил препаратын қабылдауды жалпы, спинальді немесе эпидуральді анестезиямен жүргізілетін жоспарлы хирургиялық араласымдарға дейін 48 сағат бұрын тоқтату керек. Әдетте Глюконил® препаратымен емдеуді хирургиялық араласымнан кейін немесе ас қабылдауды жаңартқаннан кейін, сондай-ақ қалыпты нәтижелер көрсеткен бүйрек функциясына қайта бағалау жүргізгеннен кейін 48 сағаттан ерте жаңартпау керек.
Басқа да сақтық шаралары
Пациенттерге күні бойы көмірсуларды тұтынудың дұрыс бөлінуімен диета ұстау талап етіледі. Дене салмағы артық адамдарға калориясы төмен диета ұстау керек.
Ауру ағымын мониторингілеу үшін зертханалық талдауларды жүйелі түрде жүргізу қажет.
Глюконил препаратын қолдану гипогликемия туындата алмайды, бірақ пациенттерге оны инсулинмен немесе сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп қабылдағанда сақтық таныту ұсыну керек.
Бала пациенттер
Глюконил препаратымен емді бастағанға дейін 2-типтегі қант диабетінің диагнозын растау қажет.
Ұзақтығы бір жыл бақыланатын клиникалық зерттеулерде метформиннің балалардың өсуіне және жыныстық дамуына ықпалы анықталмады, бірақ одан ұзақ уақыт бойынша деректер жоқ. Сондықтан метформиннің балалардағы осы көрсеткіштеріне әсерін бақылау ұсынылады және әсіресе, препубертатты кезеңде.
10-нан 12 жасқа дейінгі балалар
Бақыланатын клиникалық зерттеулерге 10-12 жастағы 15 бала ғана қосылған. метформиннің 12 жастан кіші балалардағы тиімділігі мен қауіпсіздігі үлкен жасөспірімдер мен балалардағылармен айырмашылық болмағанмен бәрібір метформинді 10-12 жастағы балаларға тағайындағанда сақ болу керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік
Бақыланбайтын диабет жүктілік кезеңінде (оның ішінде гестациялық) туа біткен патологияның және перинатальді өлімнің жоғарғы қаупімен астасқан.
Метформинді жүкті әйелдерде қолдану бойынша шектеулі деректер туа біткен бұзылыстар қаупінің артуын көрсетпейді.
Жоспарлағанда және жүктілік уақытында метформин қолдану ұсынылмайды. Мүмкіндігінше нормаға барынша жақын қан глюкозасы деңгейін ұстап тұру үшін шарана дамуының бұзылыстарының туындау қаупін төмендету үшін инсулин қолдану керек.
Лактациия кезеңі
Метформин емшек сүтіне өтеді. Емшек сүтімен қоректенетін нәрестелерде/сәбилерде ешқандай жағымсыз әсерлер байқалмады. Алайда деректердің шектеулі мөлшеріне қарай Глюконил препаратымен емделу кезінде емшек емізу ұсынылмайды. Емшек емізудің пайдасы мен балаға төнетін жағымсыз реакциялардың потенциалды қаупін ескере отырып емшек емізуді тоқтатуға қатысты шешім қабылдау қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Глюконил препаратымен монотерапия гипогликемия туындатпайды және сондықтан автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етпейді. Алайда пациенттер Глюконил препаратын басқа диабетке қарсы дәрілік заттармен (сульфонилмочевина туындылары, инсулин немесе меглитинидтер) біріктірілімде қолданғанда гипогликемия туындау мүмкіндігі туралы ұмытпауы тиіс.
Артық дозалануы
Симптомдары: Глюконил препаратын 85 г дозада қолданғанда гипогликемия дамуы байқалмады. Алайда, бұл жағдайда лактатацидоз дамуы байқалған. Метформинмен едәуір артық дозалау немесе қатарлас қауіптер лактатацидоздың дамуына әкелуі мүмкін. Лактатацидоз ауруханаға жатқызуды талап ететін шұғыл медициналық жағдай болып табылады.
Емі: Организмнен лактатты және метформинді шығару бойынша ең тиімді шара гемодиализ болып табылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
6 пішінді ұяшықты қаптамадан (500 мг доза үшін) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға немесе қораптық картонға салынады.
50-500 қорапшадан картон қорапқа салады.
60 таблеткадан алғашқы ашылуы бақыланатын қақпақпен тығындалған полимер банкілерге салынады. Банкілер медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге топтық ыдысқа салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы ждетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауданы, Өндірістік аймақ 282
тел.: +7 (727) 232-44-85
Тіркеу куәлігінің иесі
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауданы, Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,
электронды поштасы: info@aigp.kz
Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауданы, Өндірістік аймақ 282,
тел.: +7 (727) 232-44-85,
электронды поштасы: info@aigp.kz