Гепатиус спаг. Пекана
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Гепатиус спаг. Пекана
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішілетін тамшылар, 50 мл, 100 мл
Құрамы
1г (= 1.04 мл = 27 тамшы)
10 грамм препараттың құрамында:
белсенді заттар: |
||
Chionanthus virginicus |
D2 |
1.40 г |
Iberis amara |
D6 |
1.40 г |
Lycopodium clavatum |
D4 |
1.40 г |
Mandragora e radice siccato. spag. Peka |
D12 |
1.40 г |
Phosphorus |
D10 |
1.40 г |
Peumus boldus spag. Peka |
D6 |
0.60 г |
Cynara scolymus |
D8 |
1.00 г |
Taraxacum officinale spag. Peka |
D8 |
1.40 г |
қосымша заттар: тазартылған су, этанол 31 % к.
Сипаттамасы
Этанол дәмі мен иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да емдік өнімдер. Басқа да дәрілік препараттар.
АТХ коды V03АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат біріктірілген болып саналады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Препарат бауыр функциясын демеуге ықпал етеді, өттің ағып шығуын жақсартады, бұл тамақтың аш ішекте қалыпты қорытылуы үшін маңызды.
Спецификалық емес қорғаныш факторларын белсендіреді, гомеопатиялық сұйылтылған препараттың өсімдік, жануар тектес және минералдық компоненттерінің организмге бірлескен әсері есебінен организм функциясын қалпына келтіреді және қалыпқа түсіреді.
Гомеопатия жедел және созылмалы аурулар кезіндегі реттеу емі болып саналады. Әрбір өсімдік, жануар тектес және минералдық гомеопатиялық компоненттердің емдік мүмкіндіктері дені сау адамдарға дәрілік тестілермен (ұқсас белгілері), науқас адамдардың қолдануымен және токсикология нәтижелерімен расталған.
Дәрілік заттың осылайша алынған көрінісі гомеопатиялық ем үшін де, препарат рецептурасына да негіздеме болып саналады.
Рецептураның жекелеген компоненттерінің қысқаша сипаттамасы.
Chionanthus Virginicus бауырда және ұйқы безінде ферменттер жеткіліксіздігін азайтады, қабыну құрысуларына және ревматизм үдерістеріне қатысты үрдістерді басады.
Iberis amara бауыр немесе асқазан жұмыс істеуінің бұзылуында жүрекке түсетін уытты жүктемені азайтады.
Lycopodium clavatum ас қорыту жүйесі ауруларымен байланысты зат алмасудың бұзылуы кезінде уытты заттардың шығуына ықпал етеді. Гиперхолестеринемия, несеп қышқылы деңгейін төмендетеді.
Mandragora e radice siccato ішек перистальтикасын жақсартады. Ас қорыту жүйесі, бауыр және ұйқы безі дисфункциясымен байланысты аурулар кезінде жүрекке түсетін жүктемені басады.
Phosphorus қабынуға қарсы әсер бере отырып, мысалы, асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде бүкіл асқазан-ішек жолына жағымды әсер етеді.
Peumus boldo бауыр және ас қорыту жүйесі аурулары кезінде порталды қанайналымын демейді, холерезді көтермелейді, диспепсия көріністерін азайтады, бүйрек функциясын демейді, несеп шығару жолдарынан тұздың шығарылуына ықпал етеді.
Cynara scolymus бауыр аурулары кезінде холеретикалық, холекинетикалық, уытсыздану әсерін көрсетеді.
Taraxacum officinale асқазан-ішек жолы және бүйректің әр түрлі аурулары кезінде уытсыздандыру әсері болады.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында
- бауыр және өт шығару жолдарының жедел және созылмалы аурулары
- метеоризммен және асқазан-ішек жолы мүшелерінің түйіліп ауыруымен қатар жүретін ас қорыту бұзылуларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: 10-15 тамшы күніне 3 рет, суда сұйылтылған, тамақтанудан кейін, пероральді.
2 – 12 жастағы балалар: 5-10 тамшы күніне 3 рет, суда сұйылтылған, тамақтанудан кейін, пероральді.
1 - 2 жастағы нәрестелер: 5 тамшы күніне 3 рет, суда сұйылтылған, тамақтанудан кейін, пероральді.
Алдыңғы ем-шарасын өткізіп алсаңыз, екі еселенген дозаны пайдаланбаңыз.
Ауру басталуының жедел жағдайларында 10 тамшыны күніне 6 - 8 рет, суда сұйылтып, тамақтанудан кейін, пероральді қабылдау керек. Одан әрі жоғарыда көрсетілгендей әдеттегі қабылдауға көшу керек.
Әдеттегі емдеу ұзақтығы 7 – 10 күн болады.
Егер емдеді бастағаннан кейін 7 күн ішінде жағдайыңыз жақсармаса немесе тіптен нашарлап кетсе, емдеуші дәрігерге көріну керек.
Ауру симптомдары жоғалғаннан кейін асқынудың алдын алу үшін препаратты күніне 2 рет қабылдауды тағы 3 – 7 күн бойы жалғастыру ұсынылады.
Созылмалы және қайталанатын аурулар
Созылмалы және қайталанатын аурулар кезінде оң нәтижелерді бекіту үшін 2 – 3 ай бойы препаратты күніне 2 рет (таңертең және кешке) жоғарыда көрсетілгендей қосымша қабылдау ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
Осы кезге дейін Гепатиус спаг. Пекана қолданғанда ешқандай жағымсыз әсерлері анықталмаған.
Аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері болғанда Гепатиус спаг. Пекананы қолдануды тоқтату қажет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді ингредиенттердің біріне немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық
- 1 жасқа дейінгі балаларға
- Гепатиус спаг. Пекана препаратының бір реттік дозасы (5 – 15 тамшы) құрамында 48 – 143 мг этанол бар, сондықтан препарат маскүнемдікпен зардап шегетіндер үшін зиянды.
Бауыр, эпилепсия аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Ерітіндінің бұлыңғырлануы препарат тиімділігіне әсер етпейді.
Гомеопатиялық препаратты бастапқы қабылдау кезінде аурудың бұрын болған симптомдары қысқа уақыт аралығы ішінде (бастапқы реакция) күшеюі мүмкін. Онда препарат қабылдауды тоқтату керек. Бастапқы реакция қарқындылығы азайған жағдайда, препарат қабылдауды қайта бастауға болады. Ауру симптомдары қайталап күшейгенде препарат қабылдауды тоқтату қажет.
Гомеопатиялық дәрімен ұзақ емдеудің кез келгенін гомеопатияда тәжірибесі бар дәрігер бақылауы тиіс, өйткені бақылаусыз пайдалану жағымсыз дәрі-дәрмектік симптомдарға (жаңа белгілер) әкелуі мүмкін.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде
Гепатиус спаг. Пекана гомеопатиялық дәрілік препаратын жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданардың алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.
Алкоголь құрамы 31 % болатынын ескеру қажет.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл немесе 100 мл препараттан түссіз тамшылатқышы мен алғашқы ашылуы бақыланатын полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар III типті гидролитикалық коңыр шыны құтыға салынған.
Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейін – 12 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйым
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
D-88353 Кисслегг, Германия, Райффейсенштрассе 15
Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862, e-mail: info@pekana.com
Тіркеу куәлігінің иесі
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Фирма «Санжар» ЖШС
Алматы қ. 050057, Айманов к-сі 206, о. 33 - 34, тел: 248-33-02
e-mail: info@sanzharpharma.kz