Галазолин® (0,05% по 10 мл, Варшавский фармацевтический завод Польфа)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Галазолин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ксилометазолин
Дәрілік түрі
0,05, 0,1 мұрын тамшы дәрісі
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 0,5 мг және 1 мг ксилометазолин гидрохлориді,
қосымша заттар: натрий гидрофосфатының додекагидраты, натрий дигидрофосфатының моногидраты, натрий хлориді, сорбитол, динатрий эдетаты, бензалконий хлоридінің 50 % ерітіндісі, тазартылған су.
Сипаттамасы
Түссіз немесе түссіз дерлік мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Антиконгестанттар және мұрынға жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. Симпатомиметиктер.
АТЖ коды R01АА07
Фармакологиялық қасиетттері
Фармакокинетикасы
Ксилометазолиннің әсері 5-10 минуттан соң басталады және 10 сағат бойы жалғасады. Мұрынның шырышты қабығына жаққан кезде препарат тамырлардың жергілікті тарылуын туындатады. Әдетте клиникалық мәнді мөлшерінде сіңбейді және жүйелік әсері болмайды.
Фармакодинамикасы
Ксилометазолин симпатомиметикалық әсері бар имидазолдың туындысы болып табылады.
Тікелей α-адренергиялық рецепторларын көтермелейді.
Шырышты қабықтарға қолданған кезде препарат қан тамырларын тарылтады, бұл мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын жояды, сөл мөлшерін азайтады.
Қолданылуы
Кешенді емде мынадай кезде
-
шығу тегі вирустық немесе бактериялық жедел ринитте (тұмауда)
-
мұрынның қосалқы қуыстарының жедел немесе созылмалы, қайталанатын қабынуларында
-
аллергиялық ринитте
-
ортаңғы құлақтың жедел қабынуында – есту түтігі өткізгіштігін қалпына келтіру мақсатында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Мұрын ішіне қолдану.
Гигиена мақсатында бір қаптама бір ғана емделушіге арналуы тиіс.
Галазолин® 0,05 %, мұрын тамшы дәрісі
1 тамшының құрамында 0,025 мг ксилометазолин гидрохлориді бар.
2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға арналған 0,05 мұрынға тамызатын тамшылар
1-2 тамшыдан әрбір мұрын жолына, күніне 1 немесе 2 рет, әрбір 8 - 10 сағат сайын.
Әрбір мұрын жолына күніне 3 реттен артық қолданбаған жөн.
Емдеу курсы 3-5 күннен аспауы тиіс.
Галазолин® 0,1, мұрын тамшы дәрісі
1 тамшының құрамында 0,05 мг ксилометазолин гидрохлориді бар.
Ересектер және 12 жастан асқан балаларға арналған 0,1 % мұрынға тамызатын тамшылар
2-3 тамшыдан әрбір мұрын жолына, әрбір 8 - 10 сағат сайын.
Әрбір мұрын жолына күніне 3 реттен артық қолданбаған жөн.
Емдеу курсы 3-5 күннен аспауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- мұрынжұтқынжақ шырышты қабығының тітіркенуі және құрғауы, мұрын мен тамақтың ашуы, түшкіру
- аллергиялық реакциялар (ентігу, Квинке ісінуі)
Өте сирек жүйелік реакциялар
- жүрек айну, бас ауыру, әлсіздік, шаршағыштық, ұйқышылдық
- көрудің бұзылуы
- жүректің қағуы, артериялық қысымның көтерілуі (әсіресе жүрек-тамыр жүйесі аурулары бар адамдарда)
Жиі
- жиі немесе ұзақ қолданған кезде мұрын шырышты қабығының тітіркенуі немесе құрғауы, мұрын шырышты қабығының атрофиясы болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
жабық бұрышты глаукома
-
атрофиялық ринит
-
ми қабығына хирургиялық араласулар
-
2 жасқа дейінгі балалар (0,05 % үшін)
-
12 жасқа дейінгі балалар (0,1 % үшін)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Үшциклді антидепрессанттармен және МАО тежегіштерімен біріктіріп
қолдану артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Препаратты осы дәрілік препараттармен емдеу кезінде қолдануға болмайды.
Ксилометазолинді жиынтық әсерлеріне байланысты басқа симпатикомиметиктермен (мысалы, эфедринмен, жалған эфедринмен) бірге бір мезгілде қолданудан аулақ болған жөн.
Айрықша нұсқаулар
Галазолин® 0,05 % тамшыларын 2 жастан кіші балаларға тағайындамаған дұрыс.
Жасы кішкентай балаларда қозу немесе ұйықтап кетудің қиындауы мүмкін. Егер осы секілді белгілер басталса, дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату қажет.
Препаратты созылмалы немесе вазомоторлы ринитке шалдыққан емделушілерге қолданбаған жөн, өйткені оларда препаратты 2 аптадан астамға қолдану үрдісі білінеді. Дәрілік затты ұзақ (2 аптадан астам) қолдану қан тамырларының екіншілік кеңеюіне және артынша ятрогенді ринитке (rhіnіtіs medіcamentosa) әкелуі мүмкін. Мұндай аурудың анағұрлым шындыққа жақын себебі, норадреналиннің жүйке ұштарынан пресинаптикалық альфа α2-рецепторларының қозуы арқылы босанып шығуын басу болып табылады.
Емделушілерге, мысалы, артериялық гипертония, стенокардия мен басқа да жүрек-тамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, қуық асты безінің гиперплазиясы, гипертиреоз, атеросклероз, тахикардиясы бар емделушілерге сақтықпен қолдану керек.
Ұсынылған дозаны, әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарда жоғарылатуға болмайды.
Құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты препарат мұрынжұтқыншағы шырышты қабығының тітіркенуін туындатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілік препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Ксилометазолиннің емшек сүтімен бөлініп шығуына қатысты деректер жоқ.
Дәрілік препаратты емшек емізетін аналарға қолдану сақтықты қажет етеді.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Егер ұсынылған дозада және қысқа мерзімде ғана қолданғанда препарат көлік құралын басқару және қозғалыстағы механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді.
Ұзақ уақыт немесе жоғары дозада қолданғанда жүрек-тамыр жүйесі мен орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін.
Артық дозалануы
Сирек жағдайларда орын алғаны расталған балалардағы артық дозалануы мынадай симптомдармен сипатталады: пульстің жиілеуі және тұрақсыздығы, артериялық қысымның көтерілуі, ұйқышылдық, тыныс алу депрессиясы немесе тыныс алудың тұрақсыздығы, сананың бұзылуы. Симптоматикалық емдеу ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тамшылатқышы мен кепілдік сақинасы бар қақпағымен полиэтилен құтыларға 10 мл препараттан құйылған.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Құтыны ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі – 12 апта.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Варшава фармацевтикалық зауыты «Польфа»» АҚ,
Карольков к-сі, 22/24, 01-207 Варшава, Польша
Тіркеу куәлігінің иесі
«Варшава фармацевтикалық зауыты «Польфа»» АҚ, Польша
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. Рашидов к-сі 81, т/ф: 8 7252 560882
Телефон нөмірі: 8 7252 (561342)
Факс нөмірі: 8 7252 (561342)
Электрондық поштасы: infomed@santo.kz