ВОРИКА
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ВОРИКА
Халықаралық патенттелмеген атауы
Вориконазол
Дәрілік түрі, дозасы
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 200 мг
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар.
Триазол туындылары. Вориконазол.
АТХ коды J02АС03
Қолданылуы
Вориконазолды, ең алдымен, үдемелі, өмірге қауіп төндіруі мүмкін инфекциялары бар пациенттерге тағайындау керек:
- инвазиялық аспергиллезді емдеу- нейтропениясыз пациенттерде кандидемияны емдеу - Candida текті зеңдер (соның ішінде C. krusei) туғызған флуконазолға төзімді күрделі инвазиялық инфекцияларды емдеу
- Scedosporium және Fusarium текті зеңдер туғызған ауыр зеңді инфекцияларды емдеу
- осы инфекциялардың даму қаупі жоғары, гемопоэздік дің жасушаларының аллогенді трансплантациясы (ГДЖТ) жасалған пациенттерде инвазиялық зең инфекцияларының профилактикасы.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- вориконазолға немесе препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- CYP3A4 субстраттарымен (терфенадин, астемизол, цизаприд, пимозид немесе хинидин) бір мезгілде қолдану
- сиролимуспен бір мезгілде қолдану
- рифампицин, карбамазепин және фенобарбиталмен бір мезгілде қолдану
- тәулігіне бір рет 400 мг немесе одан жоғары дозаларда эфавирензбен бір мезгілде қолдану
- күніне екі рет 400 мг және одан жоғары дозаларда ритонавирдің жоғары дозаларымен бір мезгілде қолдану
- CYP3A4 субстраттары (эрготамин, дигидроэрготамин) болып табылатын қастауыш алкалоидтарымен бір мезгілде қолдану
- шайқурай препараттарымен бір мезгілде қолдану
- 2 жасқа дейінгі балалар
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Аса жоғары сезімталдық
ВОРИКА препараты басқа азолды препараттарға аса жоғары сезімталдығы бар науқастарға сақтықпен тағайындалуы тиіс.
Емдеу ұзақтығы
Вена ішіне енгізуге арналған ВОРИКА препаратымен емдеу ұзақтығы 6 айдан аспауы тиіс.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Вориконазол Р-450 цитохромы изоферменттерінің (CYP2C19, CYP2C9 және CYP3A4) әсер етуімен метаболизденеді және олардың белсенділігін тежейді. Осы изоферменттер тежегіштері немесе индукторлары, тиісінше, қан плазмасында вориконазол концентрациясының жоғарылауын немесе төмендетуін туындатуы мүмкін, сонымен қатар Р-450 цитохромының осы изоферменттерімен метаболизденетін заттардың плазмалық концентрацияларының вориконазолмен жоғарылау ықтималдығы бар.
Вориконазол QTс аралығын ұзартуға қабілетті дәрілік заттармен абайлап қолданылу керек, өйткені сирек жағдайларда бұл көп түрлі қарыншалық пароксизмалық тахикардияның туындауына әкелуі мүмкін. Вориконазолды ол қан плазмасында концентрацияларын арттыруы мүмкін CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін заттармен (оған кейбір гистаминге қарсы препараттар, хинидин, цизаприд, пимозид жатады) бірге қолдану да қарсы көрсетілімді.
Астемизол, цизаприд, пимозид, хинидин және терфенадин (CYP3A4 субстраттары)
Тиісті зерттеулер жүргізілмеген. Бірақ осы дәрілік заттардың қан плазмасындағы жоғары концентрациялары QTс аралығының ұзаруына, сирек жағдайларда «пируэт» типті көп түрлі қарыншалық пароксизмалық тахикардияның туындауына әкелуі мүмкін. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
Карбамазепин және ұзақ әсер ететін барбитураттар (мысалы, фенобарбитал, мефобарбитал) (CYP450 қуатты индукторлары)
Арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Бірақ, карбамазепин мен ұзақ әсер ететін барбитураттар қан плазмасында вориконазол концентрациясын едәуір төмендетеді. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
Эфавиренз (кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіші (CYP450 индукторы; CYP3A4 тежегіші мен субстраты))
Вориконазолдың стандартты дозаларын (400 мг немесе одан жоғары тәулігіне бір рет) эфавирензбен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл дозаларда эфавиренз дені сау еріктілердің қан плазмасында вориконазол концентрациясын едәуір төмендетеді. Вориконазол қан плазмасында эфавиренз концентрациясын да едәуір арттырады. Дені сау еріктілерде эфавиренз (400 мг тәулігіне бір рет) вориконазолдың екі дозасын енгізу арасындағы (200 мг тәулігіне екі рет*) уақыт аралығында Cmax және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын (AUC), тиісінше, 61 % және 77 % төмендетеді. Вориконазол (200 мг тәулігіне екі рет*) сол тұлғаларда эфавиренз Cmax және AUC мәндерін (400 мг тәулігіне бір рет), тиісінше, 38 % және 44 % арттырады.
Дені сау адамдарда, тәулігіне екі рет 200 мг Вориконазолмен салыстырғанда, эфавирензбен (300 мг тәулігіне бір рет) бір мезгілде Вориконазол (400 мг тәулігіне екі рет*) тағайындаудан кейін вориконазол AUC 7 % төмендеп, Cmax 23 % ұлғаяды. Тәулігіне бір рет 600 мг эфавиренз емімен салыстырғанда, эфавиренз AUC 17 %, ал Cmax соған баламалы ұлғаяды.
Егер вориконазолдың демеуші дозасын тәулігіне екі рет 400 мг дейін арттырса, ал эфавиренз дозасы тәулігіне бір рет 300 мг дейін азайтылса, эфавирензбен бірге Вориконазол қолдануға болады. Вориконазолмен емді тоқтатудан кейін эфавирензді бастапқы дозада қолдануға оралуға болады.
Қастауыш алкалоидтары (мысалы, эрготамин және дигидроэрготамин) (CYP3A4 субстраттары)
Тиісті зерттеулер жүргізілмеген. Алайда вориконазол қан плазмасында қастауыш алкалоидтар концентрациясының жоғарылауына, соның салдарынан эрготизмге әкелуі мүмкін. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
Рифабутин (CYP450 күшті индукторы)
Рифабутин (300 мг тәулігіне бір рет) вориконазол Cmax және AUC (200 мг тәулігіне екі рет) мәндерін, тиісінше, 69 % және 78 % төмендетеді. Рифабутин (300 мг тәулігіне бір рет) вориконазолмен (350 мг тәулігіне бір рет*) бір мезгілде қолданылғанда вориконазол Cmax және AUC, тәулігіне екі рет 200 мг дозадағы вориконазолмен салыстырғанда, тиісінше, 4 % және 32 % төмендейді.
Вориконазол 400 мг дозада тәулігіне екі рет* және рифабутин 300 мг дозада тәулігіне бір рет қолданылғанда вориконазол Cmax және AUC, тәулігіне екі рет 200 мг дозада Вориконазол емі кезіндегіден, тиісінше, 104 % және 87 % жоғары. Вориконазол 400 мг дозада тәулігіне екі рет*, рифабутин Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 195 % және 331 % арттырады. Егер емнен күтілетін пайда қауіптен артық болса, рифабутинмен бір мезгілде Вориконазол қолдануға болады. Вориконазолдың демеуші дозасын тәулігіне екі рет вена ішіне 5 мг/кг дейін арттыруға болады.
Рифабутин мен вориконазол бір мезгілде қолданылғанда жалпы қан талдауы көрсеткіштерін және рифабутинге жағымсыз реакцияларды (мысалы, увеит) мұқият бақылау ұсынылады.
Рифампицин (CYP450 қуатты индукторы)
Рифампицин (тәулігіне бір рет 600 мг) вориконазол Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 93 % және 96 % төмендетеді. Вориконазол мен рифампицинді бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
Ритонавир (протеаза тежегіші) (CYP450 қуатты индукторы; CYP3A4 тежегіші мен субстраты)
Ритонавир тәулігіне екі рет 400 мг дозада вориконазол Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 66 % және 82 % төмендетеді, осы орайда ритонавир Cmax және AUC өзгермейді. Вориконазол мен ритонавирдің жоғары дозаларын (400 мг және одан жоғары тәулігіне екі рет) бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
Ритонавир 100 мг дозада тәулігіне екі рет* вориконазол Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 24 % және 39 % төмендетеді, ал ритонавир Cmax және AUC 25 % және 13 % төмендейді. Вориконазол қолдануды пайда мен қауіп арақатынасы ақтап шығатын жағдайларды қоспағанда, вориконазол мен ритонавирді төмен дозаларда (100 мг тәулігіне екі рет) бір мезгілде қолданбау керек.
Шайқурай препараттары (CYP450 индукторлары; P-гликопротеин индукторлары)
Бір тәуелсіз зерттеу деректері бойынша, шайқурай (300 мг тәулігіне үш рет) және вориконазол (400 мг бір рет) препараттарын қолданғанда вориконазол AUC0- 59 % төмендейді. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
Эверолимус (CYP3A4 субстраты, P-гликопротеин субстраты)
Тиісті зерттеулер жүргізілмегеніне қарамастан, вориконазол қан плазмасында эверолимус концентрациясын елеулі арттыруы мүмкін. Бір мезгілде эверолимус пен вориконазол қолдану ұсынылмайды, өйткені вориконазол эверолимус концентрациясын едәуір арттырады.
Флуконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші)
Флуконазол (тәулігіне бір рет 200 мг) қолданылғанда вориконазол Cmax және AUC 57 % және 79 % артады, ал флуконазолдың Cmax және AUC деректері анықталмаған. Осы әсерінің жоғалуына вориконазол мен флуконазол дозасын және/немесе қолдану жиілігін азайтудың қайсысы әкелуі мүмкін екені белгісіз. Егер вориконазол флуконазолдан кейін бірден пайдаланылса, вориконазол қолданумен байланысты жағымсыз құбылыстарға мониторинг өткізу ұсынылады.
Фенитоин (CYP2C9 субстраты және CYP450 қуатты индукторы)
Күтілетін пайдасы болжамды қаупінен артық болатын жағдайларды қоспағанда, вориконазол және фенитоинді бір мезгілде қолданудан сақтану керек. Қан плазмасында фенитоин деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Фенитоин (тәулігіне бір рет 300 мг) вориконазол Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 49 % және 69 % төмендетеді. Бір мезгілде фенитоин (тәулігіне бір рет 300 мг) мен вориконазол (400 мг тәулігіне екі рет*) қолданғанда, фенитоин Cmax және AUC, тиісінше, 67 % және 81 % артады, ал осы орайда вориконазол Cmax және AUC 34 % және 39 % ұлғаяды.
Егер соңғысының демеуші дозасы тәулігіне екі рет вена ішіне 5 мг/кг дейін арттырылса, фенитоинмен бірге вориконазол қолдануға болады.
Антикоагулянттар
Варфарин (CYP2C9 субстраты)
Варфаринмен (30 мг бір рет) бір мезгілде вориконазол (300 мг тәулігіне 2 рет) қолдану протромбин уақытының барынша ұзаруымен (шамамен 2 есе) қатар жүрген.
Басқа ішуге арналған кумариндер (мысалы, фенпрокумон, аценокумарол) (CYP2C9 және CYP3A4 субстраттары)
Тиісті зерттеулер жүргізілмеген. Алайда вориконазол қан плазмасында кумариндер концентрацияларының жоғарылауын туындата алады, бұл протромбин уақытының ұзаруына әкелуі мүмкін.
Протромбин уақытына немесе басқа тиісті коагуляция көрсеткіштеріне мұқият мониторинг өткізу ұсынылады; сондай-ақ антикоагулянттар дозаларын тиісті үлгіде таңдау қажет.
Бензодиазепиндер (CYP3A4 субстраттары) (мысалы, мидазолам, триазолам, алпразолам)
Тиісті зерттеулер жүргізілмеген. Бірақ вориконазол, ықтималды түрде, CYP3A4 арқылы метаболизденетін бензодиазепиндердің плазмалық концентрацияларын арттырады, өз кезегінде, бұл ұзаққа созылатын тыныштану әсеріне әкелуі мүмкін. Осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда бензодиазепиндер дозасын азайтудың мақсатқа сай болуын талқылау ұсынылады.
Иммунодепрессанттар (CYP3A4 субстраттары)
Сиролимус
Бір тәуелсіз зерттеу деректері бойынша, сиролимус бір реттік 2 мг дозада қолданылғанда сиролимус Cmax және 0 уақыт сәтінен бастап шексіздікке дейінгі фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы (AUC0-), тиісінше, 6,6 есе және 11 есе жоғары. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
Циклоспорин
Циклоспорин, ұзақ уақыт бойы циклоспорин қабылдайтын бүйрек трансплантатының функциясы тұрақты реципиенттерде циклоспорин Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 13 % және 70 % арттырады. Вориконазол циклоспорин қабылдайтын пациенттерге тағайындалғанда циклоспорин дозасын екі есе азайту және оның қан плазмасындағы деңгейлерін бақылау ұсынылады. Циклоспорин деңгейлерінің жоғарылауы нефроуыттанумен қатар жүреді. Вориконазол тоқтатылған соң циклоспорин деңгейлерін бақылап, қажет болса, оның дозасын арттыру қажет.
Такролимус
Вориконазол такролимус (0,1 мг/кг бір рет) Cmax және 0 уақыт сәтінен бастап, алғаш айқындалатын концентрацияға дейінгі фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын (AUCt), тиісінше, 117 % және 221 % арттырады. Вориконазол такролимус қабылдайтын науқастарға тағайындалғанда соңғысының дозасын үштен екіге азайту және қан плазмасында оның деңгейлерін бақылау ұсынылады. Такролимус деңгейлерінің жоғарылауы нефроуыттанумен қатар жүреді. Вориконазол тоқтатылған соң такролимус деңгейлерін бақылап, қажет болса, оның дозасын арттыру қажет.
Ұзақ әсер ететін апиындар (CYP3A4 субстраттары)
Оксикодон
Бір тәуелсіз зерттеу деректері бойынша, оксикодон бір реттік 10 мг дозада қолданылғанда оксикодон Cmax және AUC0-, тиісінше, 1,7 есе және 3,6 есе жоғары. Оксикодон мен CYP3A4 арқылы метаболизденетін ұзақ әсер ететін басқа апиындар (мысалы, гидрокодон) дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру керек. Апиындарды қолдану кезінде туындайтын жағымсыз құбылыстарды жиі бақылау қажет болуы мүмкін.
Метадон (CYP3A4 субстраты)
Метадон (32-100 мг тәулігіне бір рет) қолданылғанда R-метадон (белсенді) Cmax және AUC 31 % және 47 % жоғары, S-метадон Cmax және AUC 65 % және 103 % жоғары. Жағымсыз құбылыстарды жиі бақылау және, QTс аралығының ұзаруын қоса, метадонның уыттылық белгілерін анықтау ұсынылады. Метадон дозасын азайту қажет болуы мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) (CYP2C9 субстраттары)
Ибупрофен
Ибупрофен (400 мг бір рет) қолданылғанда S-ибупрофен Cmax және AUC0-, тиісінше, 20% және 100% жоғары.
Диклофенак
Диклофенак (50 мг бір рет) қолданылғанда диклофенак Cmax және AUC0-, тиісінше, 114 % және 78 % жоғары.
ҚҚСД туғызған жағымсыз құбылыстарға және уыттану белгілеріне жиі мониторинг өткізу ұсынылады. ҚҚСД дозасын азайту қажет болуы мүмкін.
Омепразол (CYP2C19 тежегіші; CYP2C19 және CYP3A4 субстраты)
Омепразол (40 мг тәулігіне бір рет*) вориконазол Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 15 % және 41 % арттырады және омепразол Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 116 % және 280 % арттырады. Вориконазол дозасын түзету ұсынылмайды. Вориконазол омепразолды 40 мг немесе одан жоғары дозаларда қабылдайтын науқастарға тағайындалғанда соңғысының дозасын екі есе азайту ұсынылады. Вориконазол CYP2C19 субстраттары болып табылатын протон сорғысының басқа тежегіштерінің метаболизмін тежей алады, бұл қан плазмасында осы дәрілік заттар концентрацияларының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Ішуге арналған контрацептивтер* (CYP3A4 субстраттары; CYP2C19 тежегіштері)
Норэтистерон және этинилэстрадиол
Дені сау әйелдерде Вориконазол мен ішілетін контрацептивті (тәулігіне бір рет 1 мг норэтистерон және 0,035 мг этинилэстрадиол) бір мезгілде тағайындау этинилэстрадиол (тиісінше 36 % және 61 %), норэтистерон (тиісінше 15 % және 53 %) және вориконазол (тиісінше 14 % және 46 %) Cmax және AUC жоғарылауына алып келеді. Вориконазол мен ішілетін контрацептивтерді қолданумен байланысты жағымсыз құбылыстарға мониторинг өткізу қажет.
Қысқа әсер тететін апиындар (CYP3A4 субстраттары)
Альфетанил
Бір тәуелсіз зерттеу деректері бойынша, бір мезгілде Вориконазол және альфетанил (налоксонмен бір мезгілде қолданылғанда бір рет 20 мкг/кг) қолдану альфетанил AUC0- мәнін 6 есе арттырады.
Фентанил
Бір тәуелсіз зерттеу деректері бойынша, фентанилді бір реттік 5 мкг/кг дозада қолдану кезінде, фентанил AUC0- 1,34 есе жоғары.
Альфентанил, фентанилдің және құрылымы жағынан альфентанилге ұқсас және CYP3A4 арқылы метаболизденетін (мысалы, суфентанил) қысқа әсер ететін басқа апиындар дозаларын азайту мүмкіндігін қарастыру керек. Тыныс алу функциясының бәсеңдеу белгілерін және апиындар қолданумен байланысты басқа жағымсыз құбылыстарды анықтау мақсатында кеңейтілген және жиі бақылау жүргізуге кеңес беріледі.
Статиндер (CYP3A4 субстраттары)
Ловастатин
Тиісті клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Вориконазол, ықтималды түрде, CYP3A4 арқылы метаболизденетін статиндердің плазмалық концентрацияларын арттырады, өз кезегінде, бұл рабдомиолизге әкелуі мүмкін. Статиндер дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру керек.
Сульфонилмочевина препараттары (CYP2C9 субстраттары) (мысалы, толбутамид, глипизид және глибурид)
Тиісті клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Вориконазол, ықтималды түрде, қан плазмасында сульфонилмочевина препараттары концентрациясын арттырып, гипогликемияны туындатады. Оларды бір мезгілде қолданғанда қанда глюкоза деңгейлерін мұқият бақылау қажет, сонымен бірге сульфонилмочевина препараттарының дозасын азайту қажеттілігін қарастыру керек.
Қабіршөп алкалоидтары (CYP3A4 субстраттары) (мысалы, винкристин және винбластин)
Тиісті зерттеулер жүргізілмеген. Вориконазол, ықтималды түрде, қан плазмасында қабіршөп алкалоидтары концентрациясын арттырып, нейроуыттану тудырады. Қабіршөп алкалоидтары дозасын азайтудың мақсатқа сай болуын талқылау ұсынылады.
Басқа АИТВ протеаза тежегіштері (CYP3A4 субстраттары мен тежегіштері) (мысалы, саквинавир, ампренавир және нелфинавир)*
Тиісті клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Іn vitro зерттеулер нәтижелері вориконазолдың АИТВ протеаза тежегіштерінің метаболизмін тежеуі мүмкін, ал АИТВ протеаза тежегіштері, өз кезегінде, вориконазол метаболизмін тежеуі мүмкін екенін көрсетеді. Дәрілік уыттану белгілерін және/немесе препарат тиімділігінің болмауын анықтау мақсатында мұқият қадағалау, сондай-ақ дозаны түзету қажет болуы мүмкін.
Кері транскриптазаның басқа нуклеозидті емес тежегіштері (КТНЕТ) (CYP3A4 субстраттары, CYP450 тежегіштері немесе индукторлары) (мысалы, делавирдин, невирапин)*
Тиісті клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Іn vitro зерттеулер нәтижелері вориконазол метаболизмін КТНЕТ тежеуі мүмкін, ал вориконазолдың КТНЕТ метаболизмін тежеуі мүмкін екенін көрсетеді.
Эфавиренздің вориконазолға ықпал ету деректері КТНЕТ әсер етуімен вориконазол метаболизмінің күшеюі мүмкін екені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Дәрілік уыттану белгілерін және/немесе препарат тиімділігінің болмауын анықтау мақсатында мұқият қадағалау, сондай-ақ дозаны түзету қажет болуы мүмкін.
Циметидин (спецификалық емес CYP450 тежегіші асқазан ішінде pH арттырады)
Циметидин тәулігіне екі рет 400 мг дозада вориконазол Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 18 % және 23 % арттырады. Бұл орайда дозаны түзету қажет емес.
Дигоксин (P-гликопротеин субстраты)
Вориконазол дигоксиннің (0,25 мг тәулігіне бір рет) Cmax және AUC мәндеріне елеулі ықпалын тигізбейді. Дозаны түзету қажет емес.
Индинавир (CYP3A4 тежегіші мен субстраты)
Индинавир (800 мг тәулігіне үш рет) вориконазол Cmax және AUC мәндеріне елеулі ықпалын тигізбейді. Вориконазол индинавир (800 мг тәулігіне 3 рет) Cmax және AUC мәндеріне елеулі ықпал етпейді. Дозаны түзету қажет емес.
Макролидті антибиотиктер
Эритромицин (CYP3A4 тежегіші)
Эритромицин (1 г тәулігіне екі рет) және азитромицин (500 мг тәулігіне бір рет) вориконазол Cmax және AUC мәндеріне елеулі ықпалын тигізбейді. Вориконазолдың эритромицин немесе азитромицинге әсері белгісіз. Дозаны түзету қажет емес.
Микофенол қышқылы (УДФ-глюкуронилтрансфераза субстраты)
Вориконазол микофенол қышқылының (1 г бір рет) Cmax және AUCt мәндеріне елеулі ықпал етпейді. Дозаны түзету қажет емес.
Преднизолон (CYP3A4 субстраты)
Вориконазол преднизолон (60 мг бір рет) Cmax және AUC0- мәндерін, тиісінше, 11 % және 34 % арттырады. Дозаны түзету ұсынылмайды.
Ранитидин (асқазан ішінде pH арттырады)
Ранитидин (150 мг тәулігіне екі рет) вориконазолдың Cmax және AUC мәндеріне ықпал етпейді. Дозаны түзету ұсынылмайды.
* екі жақты өзара әсер көрсетеді
Арнайы ескертулер
Жүрек-қантамыр бұзылулары
Вориконазол-KGP қолдану электрокардиограммада QTс аралығының ұзаруымен байланысты, бұл анамнезінде кардиоуытты химиялық ем, кардиомиопатия, гипокалиемия және осы асқынудың дамуына ықпал етуі мүмкін препараттармен қатарлас емделу сияқты қауіп факторлары бар пациенттерде «пируэт» типті көп түрлі қарыншалық пароксизмалық тахикардияның сирек жағдайларымен қатар жүреді.
ВОРИКА аритмия тұсындағы ықтималды жай-күйлері бар келесі пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс:
- туа біткен немесе жүре пайда болған QTс аралығының ұзаруы
- кардиомиопатия, әсіресе, жүрек жеткіліксіздігі болғанда
- синустық брадикардия
- бұрыннан бар аритмиялар клиникалық симптомдарымен
- QTс аралығын ұзарту қабілеті анықталған дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану. Қажет болса, вориконазолмен емдеу басталғанша және ем кезінде гипокалиемия, гипомагниемия, гипокальциемия сияқты электролиттік бұзылуларды анықтап, түзету керек.
Дені сау еріктілердің қатысуымен вориконазолдың бір реттік дозаларының стандартты тәуліктік дозаларынан 4 есе асып кететін дозаларға дейін QTc аралығының ұзақтығына ықпал етуі бағаланған зерттеу жүргізілді. Аралықтың клиникалық мәні зор 500 мсек шектік мәннен жоғары ұзару жағдайлары анықталмаған.
Инфузияға реакциялар
Вориконазол қолданылғанда инфузияға реакциялар, ең алдымен, қан кернеулер мен жүрек айну байқалды. Симптомдардың ауырлық дәрежесін ескеріп, емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Гепатоуыттану
Вориконазол емінде бауыр тарапынан болатын күрделі реакциялар жағдайлары (клиникалық көрініс беретін гепатит, холестаз және соның ішінде өліммен аяқталатын фульминантты бауыр жеткіліксіздігі) байқалады. Бауыр тарапынан болатын жағымсыз құбылыстар негізінен күрделі негізгі аурулары (ең алдымен, гемобластоздары) бар пациенттерде байқалады. Басқа анықталған қауіп факторлары жоқ пациенттерде, гепатит пен сарғаюды қоса, бауыр тарапынан өткінші реакциялар байқалады. Бауыр функциясы әдетте емді тоқтатудан соң қалпына келеді.
Бауыр функциясына мониторинг
ВОРИКА қабылдайтын пациенттерге гепатоуыттану белгілерін анықтау мақсатында мұқият қадағалау жүргізген жөн. Клиникалық қадағалау ВОРИКАмен емдеудің басында және емнің алғашқы айында кем дегенде апта сайын бауыр функциясын зертханалық бағалауды (атап айтқанда, АСТ және АЛТ деңгейін анықтау) қамтуы тиіс. Емдеу ұзақтығы барынша қысқа болуы тиіс, алайда, егер қауіп пен пайданы бағалаудан кейін емдеу жалғасса, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштер өзгерісі болмаса, тексеру жиілігін айына бір ретке дейін азайтуға болады.
Бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштері елеулі жоғарылағанда, егер дәрігер қорытындысы бойынша емдеудің қауіп және пайда арақатынасы пациентте оның қабылдануын ақтамайтын болса ғана, ВОРИКА тоқтатылу керек.
Балаларда да, ересектерде де бауыр функциясына мониторинг өткізу керек.
Тері тарапынан күрделі жағымсыз реакциялар
Фотоуыттылық
Сонымен қатар, вориконазолды қолдану эфелидтер, лентиго, актиниялық кератоз және жалғанпорфирия сияқты фотоуытты реакциялардың дамуымен қатар жүрді. Вориконазолмен емдеу кезінде балаларды қоса, барлық пациенттерге тікелей күн сәулесінің әсерінен аулақ болу және қорғаныс киімін кию және күн сәулесінен қорғайтын жоғары коэффициентпен (SPF) күннен қорғайтын құралдарды пайдалану түрінде қорғау шараларын қолдану ұсынылады.
Жалпақ жасушалы тері обыры (ЖТО)
Пациенттерде жалпақ жасушалы тері обыры дамуы хабарланды, бұл орайда олардың кейбіреуінде анамнездегі фотоуытты реакциялар байқалды. Егер фотоуытты реакциялар пайда болса, басқа саладағы мамандардың кеңесін алу керек, вориконазолды тоқтату және баламалы зеңге қарсы препараттарды қолдану қажеттілігін қарастыру, сондай-ақ пациентті дерматологқа жіберу керек. Дегенмен, егер вориконазолды қолдану жалғаса берсе, терінің обыралды ауруларын ерте анықтау және емдеу үшін дерматологиялық бағалау үнемі орындалуы керек. Егер терінің обыралды аурулары немесе жалпақ жасушалық обыр анықталса, ВОРИКА препаратын қолдануды тоқтату керек.
Эксфолиативті тері реакциялары
Вориконазолмен емдеу кезінде Стивенс-Джонсон синдромы сияқты реакциялар дамиды. Бөртпе пайда болған кезде пациентті мұқият бақылау және терінің зақымдануы үдеген кезде ВОРИКА препаратын тоқтату керек.
Ұзақ емдеу
Вориконазол-KGP (емдеу немесе профилактика мақсатында) 180 күннен (6 айдан) аса ұзақ уақыт қолданылғанда қауіп пен пайда арақатынасын мұқият бағалау қажет. Осыған орай, дәрігерлер препаратты қолдану ұзақтығын шектеудің мақсатқа сай болуын қарастыру керек.
Вориконазолмен ұзақ емдеген кезде жалпақ жасушалы тері обыры дамуы туралы хабарланған.
Трансплантацияны бастан өткерген пациенттерде фторлы қосылыстар мен сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауымен инфекциялық емес периостит жағдайлары туралы хабарланды. Пациентте сүйектерде ауырсыну және периоститтің рентгенологиялық белгілері пайда болған кезде басқа саладағы дәрігерлермен кеңескеннен кейін ВОРИКАны тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Көру тарапынан жағымсыз құбылыстар
Анық көрмеуді, көру жүйкесі невритін және көру жүйкесінің диск ісінуін қоса, көру мүшесі тарапынан ұзақ сақталған жағымсыз реакциялар жағдайлары хабарланды.
Бүйрек тарапынан жағымсыз құбылыстар
Вориконазол қабылдайтын ауыр науқастарда жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму жағдайлары байқалды. Вориконазол қабылдайтын пациенттер басқа да нефроуытты дәрілік заттарды қабылдауы және бүйрек функциясының төмендеуіне әкелетін қатар жүретін аурулары болуы мүмкін.
Бүйрек функциясына мониторинг
Пациенттерді бүйрек функциясының бұзылу белгілерін анықтау мақсатында қадағалау керек. Бұл үшін зертханалық зерттеулер жүргізу, атап айтқанда, сарысулық креатинин деңгейін анықтау қажет.
Ұйқы безі функциясының мониторингі
Жедел панкреатит қауіп факторлары бар, әсіресе бала жасындағы пациенттерге (мысалы, жақында өткен химиотерапия, гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау (ГДЖТ)) вориконазолмен емдеу кезінде мұқият бақылау жүргізген жөн. Мұндай клиникалық жағдайда сарысулық амилаза немесе липаза деңгейін бақылау мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.
Балалар жасындағы пациенттер
Препараттың 2 жастан кіші балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Вориконазол 2 жастан бастап және одан үлкен жасөспірімдерге тағайындалады. Балалар жасындағы пациенттер популяциясында бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы жиі байқалдыЕресектердегі сияқты, балаларда бауыр функциясын бақылау керек. Ішу арқылы қолданғанда препараттың биожетімділігі мальабсорбциясы бар және жасына сай қалып шегіне қатысты дене салмағы өте төмен 2 < 12 жастағы балаларда төмендеуі мүмкін. Ондай жағдайларда вориконазолды вена ішіне енгізу ұсынылады.
Тері тарапынан күрделі жағымсыз реакциялар (ЖЖТО қоса)
Балаларда фотоуыттану реакцияларының даму жиілігі жоғары. ЖТР даму мүмкіндігін ескеріп, пациенттердің осы қауымында ультракүлгінді сәуле әсерінен қорғайтын қатаң шаралар қолдану ақталымды. Балаларда тіпті емді тоқтатудан кейін лентигиноз немесе секпіл сияқты терінің суретті қартаюымен байланысты құбылыстар дамығанда ультракүлгінді сәуле әсерінен сақтанып, кейіннен дерматологиялық қадағалауды жалғастыруға кеңес беріледі.
Жағымсыз әсерлер профилактикасы
ВОРИКАны қолданумен байланысты жағымсыз құбылыстар туындағанда (гепатоуыттылық, ЖТО және фотоуыттануды қоса, ауыр тері реакциялары, көрудің ауыр немесе ұзаққа созылатын бұзылулары және периостит) вориконазолды тоқтатудың және зеңге қарсы баламалы препараттар қолданудың мақсатқа сай болуын қарастыру керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Вориканазолды жүкті әйелдерде қолдануға қатысты талапқа сай ақпарат жоқ. Жүкті әйелдерде, ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнуі мүмкін қауіптен айқын басым болатын жағдайларды қоспағанда, Вориконазол қолдануға болмайды. Емшек сүтімен Вориконазол шығарылуы зерттелмеген.
ВОРИКАмен емдеудің басында бала емізуді тоқтату қажет.
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер емделу кезінде тиімді контрацепция әдістерін тұрақты пайдалануы тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Вориконазол, анық көрмеуді, көру қабілетінің нашарлауын/күшеюін және/немесе көздің қарығуын қоса, көрудің өтпелі және қайтымды бұзылуын туғызуы мүмкін. Осындай симптомдар болғанда пациенттер, мысалы, автокөлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу сияқты аса қауіпті әрекеттерді орындамауы тиіс.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Емді бастар алдында зең өсіріндісі үлгілерін алып, инфекция қоздырғыштары – патогенді микроорганизмдерді бөліп алу және сәйкестендіру үшін басқа тиісті зертханалық зерттеулер (серологиялық, гистопатологиялық) жүргізу қажет. Емді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулер нәтижелерін алуға дейін бастауға болады, алайда осы нәтижелерді алудан кейін инфекцияға қарсы ем тиісті үлгіде түзетілуі тиіс.
Вена ішіне инфузиялау алдында ВОРИКА ұнтағы ерітіліп, артынан қосымша сұйылтылу керек.
Инфузияға арналған ерітінді болюсті енгізуге арналмаған.
Бір ғана инфузиялық жүйе немесе канюля арқылы вена ішіне енгізуге арналған басқа препараттармен бір мезгілде ВОРИКА енгізуге болмайды.
Егер тіпті екі инфузия да әртүрлі венаішілік катетерлер арқылы енгізілсе де, ВОРИКА жылдам инфузия арқылы енгізілетін қан препараттарымен және концентрацияланған электролит ерітінділерімен бір мезгілде енгізілмеуі тиіс.
Гипокалиемия, гипомагниемия және гипокальциемия сияқты электролитті бұзылулар Вориконазол-KGP емі басталғанша түзетілуі тиіс.
Инфузияға арналған ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқаулық
ВОРИКА құрамында 10 мг/мл вориконазол бар көлемі 20 мл мөлдір концентрат алу үшін не инъекцияға арналған 19 мл суда, не венаішілік инфузияларға арналған 9 мг/мл (0,9 %) натрий хлоридінің 19 мл ерітіндісінде ерітіледі. Егер еріткіш вакуум күшімен құтыға сіңбесе, ВОРИКА пайдаланылмайды. Инъекцияға арналған судың (19,0 мл) немесе венаішілік инфузияларға арналған 9 мг/мл (0,9 %) натрий хлориді ерітіндісінің нақты көлемін шығару үшін көлемі 20 мл стандартты (автоматты емес) шприц пайдалану ұсынылады. Дайындалған ВОРИКА ерітіндісі тек бір рет пайдалануға арналған, ал пайдаланылмаған ерітінді түгел жойылуы тиіс. Көрінетін бөлшектерсіз мөлдір ерітіндіні ғана пайдалануға болады.
Вена ішіне енгізу үшін ерітуден кейін алынған концентраттың қажетті көлемін препаратпен үйлесімді құрамында 0,5-5 мг/мл әсер етуші зат бар дайын вориконазол ерітіндісін алуға ұсынылатын инфузияға арналған ерітіндіге қосады (төмендегі кестені қараңыз).
ВОРИКА 10 мг/мл концентратының қажетті көлемдері
Дене салмағы (кг) |
Дайындау үшін қажет болатын ВОРИКА концентратының (10 мг/мл) көлемдері: |
||||
3 мг/кг доза (құтылар саны) |
4 мг/кг доза (құтылар саны) |
6 мг/кг доза (құтылар саны) |
8 мг/кг доза (құтылар саны) |
9 мг/кг доза (құтылар саны) |
|
10 |
- |
4.0 мл (1) |
- |
8.0 мл (1) |
9.0 мл (1) |
15 |
- |
6.0 мл (1) |
- |
12.0 мл (1) |
13.5 мл (1) |
20 |
- |
8.0 мл (1) |
- |
16.0 мл (1) |
18.0 мл (1) |
25 |
- |
10.0 мл (1) |
- |
20.0 мл (1) |
22.5 мл (2) |
30 |
9.0 мл (1) |
12.0 мл (1) |
18.0 мл (1) |
24.0 мл (2) |
27,0 мл (2) |
35 |
10.5 мл (1) |
14.0 мл (1) |
21.0 мл (2) |
28.0 мл (2) |
31.5 мл (2) |
40 |
12.0 мл (1) |
16.0 мл (1) |
24.0 мл (2) |
32.0 мл (2) |
36.0 мл (2) |
45 |
13.5 мл (1) |
18.0 мл (1) |
27.0 мл (2) |
36.0 мл (2) |
40.5 мл (3) |
50 |
15.0 мл (1) |
20.0 мл (1) |
30.0 мл (2) |
40.0 мл (2) |
45.0 мл (3) |
55 |
16.5 мл (1) |
22.0 мл (2) |
33.0 мл (2) |
44.0 мл (3) |
49.5 мл (3) |
60 |
18.0 мл (1) |
24.0 мл (2) |
36.0 мл (2) |
48.0 мл (3) |
54.0 мл (3) |
65 |
19.5 мл (1) |
26.0 мл (2) |
39.0 мл (2) |
52.0 мл (3) |
58.5 мл (3) |
70 |
21.0 мл (2) |
28.0 мл (2) |
42.0 мл (3) |
- |
- |
75 |
22.5 мл (2) |
30.0 мл (2) |
45.0 мл (3) |
- |
- |
80 |
24.0 мл (2) |
32.0 мл (2) |
48.0 мл (3) |
- |
- |
85 |
25.5 мл (2) |
34.0 мл (2) |
51.0 мл (3) |
- |
- |
90 |
27.0 мл (2) |
36.0 мл (2) |
54.0 мл (3) |
- |
- |
95 |
28.5 мл (2) |
38.0 мл (2) |
57.0 мл (3) |
- |
- |
100 |
30.0 мл (2) |
40.0 мл (2) |
60.0 мл (3) |
- |
- |
Препаратты ерітінді дайындалған соң дереу енгізу керек. Оны бақыланатын асептикалық шарттармен дайындау жағдайында 2°C-ден 8°C дейінгі температурада 24 сағаттан асырмай сақтауға болады.
Концентратты келесі ерітінділермен сұйылтуға болады:
- вена ішіне енгізуге арналған 0,9 % натрий хлориді ерітіндісі
- вена ішіне енгізуге арналған натрий лактатының күрделі ерітіндісі
- вена ішіне енгізуге арналған 5 % глюкоза ерітіндісі және натрий лактаты ерітіндісі
- вена ішіне енгізуге арналған 5 % глюкоза ерітіндісі және 0,45 % натрий хлориді ерітіндісі
- вена ішіне енгізуге арналған 5 % глюкоза ерітіндісі
- вена ішіне енгізуге арналған 20 мэкв калий хлориді ерітіндісіндегі 5% глюкоза ерітіндісі
- вена ішіне енгізуге арналған 0,45 % натрий хлориді ерітіндісі
- вена ішіне енгізуге арналған 5 % глюкоза ерітіндісі және 0,9 % натрий хлориді ерітіндісі.
Жоғарыда көрсетілгендерден тыс, басқа ерітінділермен вориконазолдың үйлесімділігі белгісіз.
Ересектерде қолдану
Вена ішіне вориконазол тағайындауды бірінші күні қан плазмасында тепе-тең концентрацияға жуық вориконазол концентрациясына жету үшін белгіленген қанықтыру дозасынан бастау керек.
Ішке қабылдау кезіндегі жоғары биожетімділігін ескеріп, клиникалық көрсетілімдер болғанда препаратты вена ішіне енгізуден ішу арқылы қолдануға ауысуға болады.
Ересектерде дозалау режимі
Барлық көрселімдерде (алғашқы 24 сағат) вориконазол қанықтыру дозасы әр 12 сағатта 6 мг/кг құрайды.
Вориконазол демеуші дозасы (ем басталуынан кейін 24 сағат өткен соң) тәулігіне екі рет 4 мг/кг құрайды.
ВОРИКА 1-3 сағат ішінде 3 мг/кг/сағаттан аспайтын жылдамдықпен енгізуге ұсынылмайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы пациенттің клиникалық және микологиялық жауабына қарай барынша қысқа болуы тиіс. Вориконазолмен 180 күннен (6 ай) көп емдеу ұзақтығы препаратты қолданудың пайда және қауіп арақатынасын мұқият бағалауды талап етеді.
Ересектерде дозаны түзету
Егер науқастарда тәулігіне екі рет вена ішіне 4 мг/кг дозада вориконазол жақпаушылығы болса, дозаны тәулігіне екі рет 3 мг/кг дейін азайту қажет.
Профилактикалық мақсатта қолданған жағдайда
Дене салмағы төмен балаларда (2 жастан < 12 жасқа дейін) және кіші жастағы (дене салмағы < 50 кг 12 жастан 14 жасқа дейін) жасөспірімдерде қолдану
Балалардағы сияқты дозаларда тағайындалады, өйткені кіші жастағы жасөспірімдерде вориконазол метаболизмі ересектерге қарағанда балалардағы метаболизмге ұқсас.
Ұсынылатын дозалау режимі мынадай:
Қаныққан дозамен сызба (алғашқы 24 сағат) |
9 мг/кг әр 12 сағат сайын |
Демеуші доза (емді бастағаннан кейін 24 сағаттан соң) |
8 мг/кг тәулігіне екі рет |
Ескерту. Иммунитеті әлсіреген 2-ден < 12 жасқа дейінгі балалар мен иммунитеті әлсіреген 12-ден < 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер деректерін популяциялық фармакокинетикалық талдау нәтижелері бойынша.
Емді препаратты веена ішіне енгізуден бастау ұсынылады; пероральді қабылдау мүмкіндігін тек елеулі клиникалық жақсарудан кейін ғана қарастыру керек. 8 мг/кг дозада вена ішіне енгізген кезде вориконазолдың әсері 9 мг/кг дозада пероральді қабылдағанға қарағанда шамамен екі есе жоғары екенін атап өткен жөн.
Барлық басқа жасөспірімдер (12 жастан 14 жасқа дейін және дене салмағы ≥ 50 кг; дене салмағына қарамастан 15 жастан 17 жасқа дейін)
Вориконазол ересектердегідей қолданылуы тиіс.
Балаларда (2 жастан < 12 жасқа дейін) және дене салмағы төмен (дене салмағы < 50 кг 12 жастан 14 жасқа дейін) кіші жастағы жасөспірімдерде дозаны түзету
Егер пациенттің емге жауабы жеткіліксіз болса, венаішілік доза кезең-кезеңімен 1 мг/кг-ге арттырылуы тиіс. Егер пациент емді көтермесе, венаішілік дозаны кезең-кезеңімен 1 мг/кг-ға төмендетеді.
2 жастан кіші балаларда қолдану
2 жастан кіші балаларда вориконазолдың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Осыған байланысты вориконазолды 2 жастан кіші балаларға тағайындау ұсынылмайды.
Препаратты бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану зерттелмеген.
Ересектер мен балалардағы профилактикасы
Профилактика трансплантация жасалған күні басталады. Оның ұзақтығын 100 күнге дейін созуға болады. Профилактика пайда болуы туралы нейтропения немесе иммуносупрессия дабыл қағатын инвазиялық зеңді инфекцияның (ИЗИ) даму қаупін бағалауға қарай таңдалып, мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Профилактиканы ұзаққа созылған иммуносупрессия немесе «қожайынға қарсы трансплантат» ауруы туындаған жағдайда трансплантациядан кейін тек 180 күнге дейін жалғастыруға болады.
Дозалануы
Профилактика мақсатында ұсынылатын препаратты дозалау режимі тиісті жас топтарында осындай мақсаттағы емдеу кезіне ұқсас.
Профилактика ұзақтығы
Вориконазолдың 180 күннен асатын уақыт кезеңінде қолдану кезіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулерде жеткілікті зерттелмеген.
Вориконазол 180 күннен (6 ай) асатын уақыт кезеңінде қолданылған жағдайда пайда және қауіп арақатынасын мұқият бағалау қажет болады.
Ем қолдану жағдайында және профилактика
Дозаны түзету
Егер препарат профилактика мақсатында қолданылса, тиімділігі жеткіліксіз болған немесе еммен байланысты жағымсыз құбылыстар дамыған жағдайда дозаны түзету ұсынылмайды. еммен байланысты жағымсыз құбылыстар дамығанда вориконазол тоқтатылып, зеңге қарсы баламалы препараттар тағайындалады.
Басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану жағдайында дозаны түзету
Егер вориконазолдың демеуші дозасы тәулігіне екі рет вена ішіне 5 мг/кг дейін арттырылса, олармен бірге рифабутин немесе фенитоин тағайындауға болады.
Егер вориконазолдың демеуші дозасы әр 12 сағат сайын 400 мг дейін арттырылса, ал эфавиренз дозасы 50 % азайтылса, вориконазолмен бірге тәулігіне бір рет 300 мг дейін эфавиренз тағайындалады. Вориконазолмен емді тоқтатудан кейін эфавиренз қабылдау бастапқы дозада жаңғыртылады.
Егде жастағы адамдарда қолдану
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану
Бүйрек функциясы орташа немесе ауыр бұзылған (креатинин клиренсі < 50 мл/мин) пациенттерде препараттың қосымша компоненті – бета-циклодекстриннің сульфобутил эфирінің (SBECD) жиналуы жүреді. Қауіп пен пайда арақатынасы оның вена ішіне енгізілуін ақтайтын жағдайларды қоспағанда, ондай пациенттерге пероральді вориконазол тағайындалу керек. Осыған ұқсас жағдайларда қан сарысуында креатинин деңгейлерін жүйелі бақылап отыру қажет; ол жоғарылаған жағдайда пероральді вориконазол қабылдауға көшу мүмкіндігін талқылау керек.
Вориконазол 121 мл/мин клиренспен гемодиализ барысында шығарылады.
Төрт сағаттық гемодиализ сеансы вориконазол дозасының басым бөлігін шығара алмайды және оны түзетуді талап етпейді. Вена ішіне енгізуге арналған ВОРИКА қосымша заты SBECD 55 мл/мин клиренспен гемодиализ барысында шығарылады.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдану
Жеңіл немесе орташа бауыр циррозымен (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А және В класы) пациенттерде вориконазол cтандартты қанықтыру дозасын тағайындау ұсынылады, ал демеуші дозасын 2 есе азайту керек.
Вориконазол ауыр созылмалы бауыр циррозы (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С класы) бар пациенттерде зерттелмеген.
Бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштері (аспартатаминотрансфераза (АСТ), аланинаминотрансфераза (АЛТ), сілтілік фосфатаза (СФ) немесе қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен көп асып кететін жалпы билирубин деңгейлері) қалып шегінен ауытқыған пациенттерде вориконазол қауіпсіздік деректері шектеулі көлемде берілген.
Вориконазол қолдану бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің жоғарылауымен және бауыр зақымдануының клиникалық белгілерімен, мысалы, сарғаюмен қатар жүреді, сондықтан да бауыр функциясының бұзылуы айқын пациенттерге вориконазол күтілетін пайдасы болжанатын қаупінен басым болатын жағдайларда ғана тағайындалу керек.
Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде препараттың уыттылық белгілерін анықтау мақсатында емдеуді тұрақты бақылаумен жүргізу қажет.
Емдеу ұзақтығы
Вена ішіне енгізуге арналған ВОРИКА препаратымен емдеу ұзақтығы 6 айдан аспауы тиіс.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі.
Емі: вориконазолдың антидоты белгісіз. Артық дозалану жағдайында симптоматикалық және демеуші ем.
Вориконазол 121 мл/мин клиренспен гемодиализ кезінде шығарылады.
Клиникалық зерттеулер барысында көзделмеген үш артық дозалану жағдайы жөнінде хабарламалар бар. Барлық жағдайлар ұсынылуынан бес есе асып кеткен дозада вена ішіне вориконазол енгізілген балаларда байқалды. Бірден бір жағымсыз реакция 10 минутқа созылған көздің қарығуы болды.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Вориконазол қолданылғанда көрініс беру жиілігі бойынша келесі үлгіде жіктелген жағымсыз әсерлер тіркелді: өте жиі ( 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес ( ≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек ( ≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін) және белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
Өте жиі
- көрудің нашарлауы (анық көрмеуді, хроматопсияны, көздің қарығуын, хлоропсияны, дальтонизмді, цианопсияны, көру бұзылыстарын, көру аумағында галоның пайда болуын, түнгі соқырлықты, осциллопсияны, фотопсияны, жыпылықтайтын скотоманы, көру жітілігінің төмендеуін, көру айқындылығын, көру өрісінің ақауын, шыны тәрізді денеде қалқымалы бұлыңғырлықты және ксантопсияны қоса)
- тыныс алудың қиындауы (ентігуді және дене жүктемесі кезіндегі ентігуді қоса)
- бөртпе
- абдоминальді ауыру, жүрек айну, құсу, диарея
- бас ауыру
- шеткері ісіну
- пирексия
- бауыр функциясы биохимиялық көрсеткіштерінің (АСТ, АЛТ, сілтілік фосфатаза, гамма-глутамилтранспептидаза (ГГТ), лактатдегидрогеназа (ЛДГ), билирубинді қоса) қалып шегінен ауытқуы
Жиі
- синусит
- агранулоцитоз (фебрильді нейтропенияны және нейтропенияны қоса), тромбоцитопения (иммундық тромбоцитопениялық пурпураны қоса), анемия, панцитопения, лейкопения
- құрысулар, бас айналуы, тремор, парестезия, гипертония (желке бұлшықетінің сіресуін және тетанияны қоса), ұйқышылдық, естен тану
- гипогликемия, гипокалиемия, гипонатриемия
- елестеулер, сананың шатасуы, депрессия, үрейлі қозу, үрейлену, ұйқысыздық
- артериялық гипотензия, флебит
- жедел респираторлық дистресс - синдром, өкпенің ісінуі
- қышыну, макулопапулезді бөртпе, алопеция, эксфолиативті дерматит, эритема
- арқаның ауыруы
- кеуденің ауыруы, беттің ісінуі (периорбитальді ісінуді, еріннің ісінуін және ауыз қуысының ісінуін қоса) жалпы әлсіздік (астения), қалтырау
- қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы
- торқабыққа қан құйылу
- брадикардия, тахикардия, қарыншаүстілік аритмия
- диспепсия, іш қату, гингивит, ерін аумағындағы қабыну үдерістері (хейлит)
- сарғаю, холестаздық сарғаю, гепатит (бауырдың дәрімен зақымдануына, уытты гепатитті, бауырдың гепатоцеллюлярлық зақымдануын және гепатоуыттылықты қоса)
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия
Жиі емес
- жалған жарғақшалы колит
- қызыл сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, лимфаденопатия, эозинофилия,
- аса жоғары сезімталдық
- бүйрекүсті безі қыртыстарының жеткіліксіздігі, гипотиреоз
- ми ісінуі, энцефалопатия (гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатияны және метаболизмдік энцефалопатияны қоса), экстрапирамидалық бұзылыс (акатизияны және паркинсонизмді қоса), шеткері нейропатия, атаксия, гипоэстезия, дисгевзия
- окулогирлі криз, көру жүйкесінің зақымдануы (көру жүйкесі невритін қоса), көру жүйкесінің диск ісінуі, склерит, блефарит, диплопия
- нашар есту, вертиго, құлақтың шуылдауы/шыңылдауы
- қарыншалар фибрилляциясы, қарыншалық экстрасистолия, қарыншаүстілік тахикардия, қарыншалық тахикардия, электрокардиограммада QTс аралығының ұзаруы
- тромбофлебит, лимфангит
- панкреатит, дуоденит, глоссит, тілдің ісіп кетуі, перитонит, гастроэнтерит
- бауыр жеткіліксіздігі, гепатомегалия, холецистит, холелитиаз
- Стивенс-Джонсон синдромы, есекжем, аллергиялық дерматит, фотоуыттану, макулезді бөртпе, папулезді бөртпе, пурпура, экзема
- артрит
- бүйрек өзекшелері некрозы, протеинурия, нефрит
- инфузия орнындағы реакция, тұмауға ұқсас ауру
- қанда мочевина деңгейінің жоғарылауы, қанда холестерин деңгейінің жоғарылауы
Сирек
- қанның диссеминацияланған тамырішілік ұюы
- анафилактоидты реакция
- гипертиреоз
- Гийен - Барре синдромы, бауыр энцефалопатиясы, нистагм
- мөлдір қабықтың бұлыңғырлануы, көру жүйкесінің атрофиясы
- толық атриовентрикулярлы бөгеліс, Гис шоғыры тармақтарының бөгелісі, «пируэт» типті көп түрлі қарыншалық пароксизмалық тахикардия, түйінді ырғақ
- уытты эпидермальді некролиз, ангионевроздық ісіну, күннен болатын кератоз*, жалған порфирия, полиморфты эритема, псориаз, дәрілік бөртпе
Белгісіз
- терінің қызыл жегісі *, секпіл*, лентиго*
- жалпақ жасушалы карцинома *
- периостит*
* Тіркеуден кейін қолдану кезінде анықталған жағымсыз әсерлер.
Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы
Көрудің нашарлауы
Клиникалық зерттеулер аясында вориконазолмен жиі байланысты болатын жағымсыз құбылыстар көру бұзылулары болды (соның ішінде анық көрмеу, көздің қарығуы, хлоропсия, хроматопсия, дальтонизм, цианопсия, көру бұзылыстары, көру аумағында галоның пайда болуы, түнгі соқырлық, осциллопсия, фотопсия, жыпылықтайтын скотома, көру жітілігінің төмендеуі, көру айқындылығы, көру өрісінің ақауы, шыны тәрізді денеде қалқымалы бұлыңғырлану және ксантопсия). Көрудің бұл бұзылулары өткінші сипатта және толық қайтымды болды, көпшілік жағдайларда 60 минут ішінде өз бетінше басылған және өзінен соң кейіннен білінетін кезеңдегі қандай да бір клиникалық мәнді зардаптар қалдырмаған. Вориконазол қайта қолданылғанда олардың айқындылығының әлсіреуі білінді. Көрудің нашарлауы, әдетте, сәл білінді, емдеуді тоқтатуды сирек талап етті және кейіннен білінетін кезеңдегі қандай да бір зардаптарға соқтырмады. Көрудің нашарлауы препараттың қан плазмасындағы едәуір жоғары концентрацияларынан және/немесе аса жоғары дозаларынан болады.
Олардың туындауы препараттың торқабыққа әсер етуімен байланысты болу ықтималдығы зор болса да, көру қабілеті бұзылуларының даму механизмі белгісіз. Дені сау еріктілер қатысқан зерттеуде вориконазолдың торқабық функциясына әсерін зерттегенде вориконазол әсер етуімен электроретинограммада (ЭРГ) толқындар амплитудасының төмендеуі анықталды. ЭРГ көмегімен торқабықта электр ағыны өлшенеді. ЭРГ өзгерістері емді 29 күн бойы жалғастырғанда үдеп кетіп, вориконазолды тоқтатудан кейін толық басылған.
Тіркеуден кейін қолдану кезеңінде көру мүшесі тарапынан ұзаққа созылатын жағымсыз құбылыстар жағдайлары хабарланған.
Тері реакциялары
Клиникалық зерттеулерде вориконазол қабылдаған пациенттерде тері реакциялары өте жиі білінді, алайда, бұл пациенттердің күрделі негізгі аурулары болып, бір мезгілде басқа дәрілік заттарды қабылдады. Көпшілік жағдайларда бөртпе жеңіл немесе орташа айқындылықта болды. Вориконазолмен емдегенде, Стивенс-Джонсон синдромын (жиі емес), уытты эпидермалық некролизді (сирек) және көп түрлі эритеманы (сирек) қоса, күрделі тері реакциялары дамыды.
Бөртпе білінгенде пациентке мұқият қадағалау жүргізіп, тері зақымдануы үдегенде ВОРИКА тоқтатылу керек. Секпіл, лентиго және күннен болатын кератоз сияқты жарыққа сезімталдық реакциялары туралы, әсіресе, ұзақ уақыт емдеу кезінде хабарланды.
Ұзақ уақыт бойы вориконазол қабылдаған пациенттерде терінің жалпақ жасушалы обыры жағдайлары хабарланған; ісіктің пайда болу механизмі белгісіз.
Бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштері
Вориконазолды клиникалық зерттеу бағдарламасында, жалпы алғанда, ересек пациенттердің 18% - ында және вориконазолды емдік және профилактикалық мақсатта қабылдаған балалар жасындағы пациенттердің 25,8% - ында (біріктірілген деректер) трансаминазалар деңгейінің ҚЖШ-дан (бұл жағымсыз құбылыс емес) 3 есе жоғары жоғарылауы байқалды. Бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалып шегінен ауытқулары қан плазмасындағы едәуір жоғары концентрацияларымен және/немесе аса жоғары дозаларымен байланысты болуы мүмкін. Көпшілік жағдайларда бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштері не дозаны өзгертпей емдеуді жалғастырғанда, не дозаны өзгертуден соң, соның ішінде емді тоқтатудан кейін қалыпқа түсті. Басқа күрделі негізгі аурулары бар пациенттерде вориконазол қолданылғанда жиі емес күрделі гепатоуыттану жағдайлары орын алды. Гепатоуыттану сарғаю түрінде, сондай-ақ сирек гепатит және өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігі түрінде көрініс берді.
Инфузияға реакциялар
Дені сау еріктілерге вориконазол вена ішіне енгізілгенде инфузия кезінде, қан кернеу, қызба, тершеңдік, тахикардия, кеуденің қысылу сезімін, ентігу, естен тану күйін, жүрек айну мен бөртпені қоса, анафилактоидты реакциялар байқалды. Бұл симптомдар инфузия басталған соң бірден білінді.
Профилактика
Ересектер мен жасөспірімдерде, бұрын расталған немесе күдік тудыратын ИГИ инфекциясын жұқтырмаған аллогенді ТГСК реципиенттерінде бастапқы профилактика дәрісі ретінде вориконазол мен итраконазолды салыстыру бойынша көп орталықтық ашық салыстыру зерттеуі барысында жағымсыз құбылыстар себебінен препаратты түпкілікті тоқтату, итраконазол тобындағы пациенттердің 39,6 %-мен салыстырғанда, вориконазол тобындағы пациенттердің 39,3 %-да тіркелді. Емдеуді тоқтатудан кейін туындаған және зерттеу препаратын түпкілікті тоқтатуды талап еткен бауыр тарапынан болатын жағымсыз құбылыстар вориконазол қабылдаған 50 пациентте (21,4 %) және итраконазол қабылдаған 18 пациентте (7,1 %) байқалды.
Бала жасындағы пациенттер
Вориконазолдың қауіпсіздігі клиникалық зерттеулер шеңберінде профилактикалық және емдік мақсаттарда вориконазол қабылдаған 2 жастан 12 жасқа дейінгі және 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда зерттелді. Вориконазолдың қауіпсіздігі тіркелмеген препаратты жеке тәртіппен қолдану бағдарламасы шеңберінде 2 жастан < 12 жасқа дейінгі пациенттерде қосымша зерттелді. Жалпы, балалар жасындағы пациенттерде вориконазолдың қауіпсіздік бейіні ересектердегі қауіпсіздік бейініне сәйкес келді. Алайда, балалар жасындағы пациенттерде ересектермен салыстырғанда, клиникалық зерттеулердегі жағымсыз құбылыстарға жатқызылған бауыр ферменттерінің жоғары деңгейлерінің кездесу жиілігі бойынша (ересектердегі 5,3% салыстырғанда балалардағы трансаминаза деңгейінің 14,2% артуы) неғұрлым жоғары үрдіс байқалды. Тіркеуден кейінгі бақылау деректері балаларда тері реакциялары (әсіресе эритема) ересектерге қарағанда жиі кездеседі. Тіркелмеген препаратты қолдану бағдарламасында вориконазол қабылдаған 2 жастан кіші 22 пациенттерде емдеудің басқа әдістері тиімсіз болғанда мынадай жағымсыз реакциялар байқалды (олар үшін вориконазолмен байланыс жоққа шығарылмайды): жарыққа сезімталдық реакциясы (1), аритмия (1), панкреатит (1), қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы (1), бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (1), бөртпе (1) және көру жүйкесі дискісінің ісінуі (1). Тіркеуден кейінгі кезеңде балаларда панкреатит жағдайлары туралы хабарланды.
Жағымсыз реакциялар туралы хабарлама
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 құтының ішінде
Белсенді зат – 200,0 мг вориконазол
Қосымша заттар: натрий бетадекс сульфобутил эфирі 3200 мг, инъекцияға арналған су q.s 13.3 мл дейін
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі лиофилизацияланған масса немесе ұнтақ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат «flip-off» типті полипропиленнен жасалған қою қызыл түсті дискілерімен 20 мм алюминий тығыздағыш сақиналармен қаусырылған, 20 мм сұр бромбутил тығыздармен тығындалған, АҚШФ бойынша І типті сыйымдылығы 25 мл мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларға салынған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада.
Қалпына келтірілген ерітіндінің сақтау мерзімі (2-8) 0С температурада тоңазытқышта 24 сағат бойы және 30 0С-ден аспайтын температурада 2 сағат бойы.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәлімет
ASPIRO PHARMA LIMITED
Sy.No.321, Biotech park, Phase-III , Karkapatla Village
Markook Mandal, Siddipet Dist-502281, Telangana state-502281, India.
E-mail: contact@heterodrugs.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
"CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)" ЖШС, Қазақстан
050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 13
тел.: +77273115362
факс: +77273115362
E-mail: regulatory-pvg.kz@camberglobal.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
"CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)" ЖШС, Қазақстан
050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 13
тел.: +77273115362
факс: +77273115362
E-mail: regulatory-pvg.kz@camberglobal.com