Водорода перекись (спрей)

МНН: Водорода пероксид
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrogen peroxide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№121967
Информация о регистрации в РК: 05.05.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Сутегi асқын тотығы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрiлік түрi

Сыртқа қолдануға арналған 3 % спрей

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсендi зат: 7.5 г-ден 11.0 г дейін сутегі асқын тотығы

(бастапқы препараттағы сутегі асқын тотығының нақты құрамына байланысты);

қосымша заттар: натрий бензоаты, 100 мл-ге дейін тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз, иісі жоқ мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да дезинфекциялайтын препараттар

АТХ коды D08AX01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикаcы

Сыртқа қолдануға арналған сутегi асқын тотығның фармакокинетикасы жөніндегі деректер берілмеген.

Фармакодинамикасы

Оксиданттар тобына жататын антисептикалық зат. Сонымен қатар гемостаздық әсерi бар. Сутегiнiң асқын тотығы жарақаттанған терi және шырышты қабықпен жанасқанда белсендi оттегi бөлiнедi, сол кезде жара механикалық түрде тазарады және органикалық заттардың (протеиндер, қан, iрiң) белсендiлiгi жойылады. Сутегi асқын тотығының антисептикалық әсерiнiң стерилизациялайтын қасиетi жоқ, оны қолданғанда микроорганизмдер саны тек уақытша азаяды. Көбіктің молынан түзілуі тромб түзілуіне және ұсақ тамырлардан қан кетуінің тоқтауына ықпал етеді.

Қолданылуы

- беткейлік ластанған жараларды алғаш өңдеуде, жараны іріңнен тазалауда

- стоматит, баспа, гинекологиялық аурулар кезінде шырышты қабықтарды өңдеу үшін

- беткейлік жаралардан қылтамырлық қан кетуді, мұрыннан қан кетуді тоқтатуда

Қолдану тәсiлi және дозалары

Жергілікті

Ересектерде дезинфекциялайтын және иісті кетіретін дәрі ретінде қолданады. Баллоннан қорғаныш қалпақшасын алып, қондырғысын орнатады. Ерітінді бүріккішке түсу үшін оны 2-3 рет басады. Осыдан кейін қондырғының ұштығын 2-3 сантиметрге ауыз қуысына енгізеді, тыныс алуды кідіртіп, қондырғыны сулаудың бірі оңға, бірі солға болатындай басу керек. Ауыз қуысы мен жұтқыншақты препаратпен өңдеуді күніне 2-4 рет жүргізу ұсынылады, қажет болған жағдайда препаратты әрбір 4 сағат сайын оңға және солға бір сулаудан болатындай қолдануға болады.

Балаларға 12 жастан бастап қолдану керек.

Емдеу курсы – 7-10 күн.

Қолдану ерекшеліктері:

Ауыз қуысын сулағаннан кейін мүмкіндігінше 15-30 минут ішінде тамақ ішпеген дұрыс.

Сыртқа.

Зақымданған жерлерге 10-15 см аралықтан 1-3 секунд бойы бүрку жолымен жағады. Қолдану жиілігі тәулігіне 1-2 рет.

Емдеу курсы – қажеттілігіне қарай, 7-10 күннен асырмау керек.

Жағымсыз әсерлерi

- болуы мүмкін: жараны өңдеген кезде күйдiруді сезіну

- жекелеген жағдайларда: аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуi

Препарат сiлтiлi ортада, металл тұздары, кейбір оксиданттардың күрделі радикалдары болғанда тұрақсыз.

Айрықша нұсқаулар

Препарат жарыққа және жылуда тұрақсыз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және емшек емізу кезеңінде препаратты қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрi және қаптамасы

25 мл және 40 мл-ден бүріккіш қондырғысы мен қорғаныш қалпақшасы бар полиэтилен құтыда.

Құтылар қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

726919461477976289_ru.doc 49 кб
214196021477977537_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники