Водорода перекись (3%)

МНН: Перекись водорода
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrogen peroxide
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024252
Информация о регистрации в РК: 08.08.2019 - 08.08.2024

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Сутегі асқын тотығы

Саудалық атауы

Сутегi асқын тотығы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрiлік түрi

Сыртқа қолдануға арналған 3 % 40 мл, 90 мл, 100 мл ерітінді

Құрамы

100 мл ерітінді құрамында

белсендi зат7.5 г-нан 11.0 г-ға дейінгі сутегі асқын тотығы (бастапқы

препараттағы сутегі асқын тотығының нақты құрамына

байланысты)

қосымша заттар: натрий бензоаты, тазартылған су.

 

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық.

 

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Басқа антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Сутегі асқын тотығы.

АТХ коды D08AX01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикаcы

Сыртқа қолдануға арналған сутегiнің асқын тотығы фармакокинетикасы жөніндегі деректер берілмеген.

Фармакодинамикасы

Оксиданттар тобына жататын антисептикалық дәрі. Сонымен қатар гемостатикалық әсерi бар. Сутегiнiң асқын тотығы жарақаттанған терi және шырышты қабықпен жанасқанда белсендi оттегi бөлiнедi, сонымен қатар жараны механикалық түрде тазарту жүреді және органикалық заттардың (протеиндер, қан, iрiң) белсендiлiгi жойылады. Сутегi асқын тотығының антисептикалық әсерiнiң стерилизациялайтын қасиетi жоқ, оны қолданғанда микроорганизмдер саны тек уақытша азаяды. Көбіктің молынан түзілуі тромб түзілуіне және ұсақ тамырлардан қан кетудің тоқтауына ықпал етеді.

 

Қолданылуы

- беткейлік ластанған жараларды алғаш өңдеуде, жараны іріңнен тазалауда

- стоматит, баспа, гинекологиялық аурулар кезінде шырышты қабықтарды өңдеу үшін

- беткейлік жаралардан капиллярлық қан кетуді, мұрыннан қан кетуді тоқтатуда

 

Қолдану тәсiлi және дозалары

Жараларды өңдеу үшін ерітіндіні терінің зақымданған жеріне жағады.

Ауыз қуысы және жұтқыншақты шаю, шырышты қабыққа жағу үшін сутегі асқын тотығының бір ас қасығын бір стақан суда ерітеді.

Зақымданған жерді аппликациялау үшін сутегі асқын тотығының ерітіндісінде суланған дәке немесе мақта тампонмен өңдейді.

Емдеу ұзақтығы қол жеткізген әсерге байланысты.

 

Жағымсыз әсерлерi

- жараны өңдеген кезде ашытуды сезіну

- аллергиялық реакциялар

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуi

Сутегі асқын тотығының ерітіндісі сiлтiлi ортада, металл тұздары, күрделі радикалдар, кейбір оксиданттар болған кезде ыдырайды және белсенділігін жоғалтады.

 

Айрықша нұсқаулар

Ерітіндіні көзге тигізіп алмау керек.

Қуыстарды шаю үшін қолдануға болмайды. Окклюзиялық таңғыштардың астына қолдану ұсынылмайды. Препарат жарыққа және жылуда тұрақсыз.

Педиатрияда қолдану

Қарсы көрсетілімдер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлікті немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

 

Артық дозалануы

Артық дозалануға қатысты хабарламалар түскен жоқ.

 

Шығарылу түрi және қаптамасы

40 мл, 90 мл және 100 мл препараттан полимерлі материалдан жасалған қақпақ-тамшылатқыш немесе механикалық сорғысы және бүріккіші бар қақпақпен тығындалған полиэтилен құтыда.

Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші ұйым

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ., Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., № 467 ғимарат

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ., Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., № 467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

Инструкция-10.doc 0.06 кб
Инструкция-12.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту