Випдомет™ (12.5 мг/500 мг)

МНН: Алоглиптин
Производитель: Такеда Фармасьютикал Компани Лимитед., Осака Плант
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Метформин и алоглиптин
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021166
Информация о регистрации в РК: 31.03.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Випдомет™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 12,5/500 мг және 12,5/1000 мг

Құрамы

Бір таблетканың 12,5/500 мг құрамында

белсенді заттар: 17 мг алоглиптин бензоаты (12,5 мг алоглиптинге шаққанда) және 500 мг метформин гидрохлориді

қосымша заттар: Ядро: маннитол, микрокристалды целлюлоза, повидон, кросповидон, магний стеараты, тазартылған су*

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 2910, тальк, титанның қостотығы, темірдің сары тотығы

Бір таблетканың 12,5/1000 мг құрамында

белсенді заттар: 17 мг алоглиптин бензоаты (12,5 мг алоглиптинге шаққанда) және 1000 мг метформин гидрохлориді

қосымша заттар: Ядро: маннитол, микрокристалды целлюлоза, повидон, кросповидон, магний стеараты, тазартылған су *

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 2910, тальк, титанның қостотығы, темірдің сары тотығы

*- өндіріс барысында жойылады

Сипаттамасы

Бозғыл-сары түсті қабықпен қапталған, екі беті дөңес және бір жағында «12.5/ 500» және екінші жағында «322М» жазуы бар ұзынша пішінді, ұзындығы 17.8 мм жуық, қалыңдығы 8.6 мм жуық таблеткалар (12.5 мг/500 мг доза үшін );

Бозғыл-сары түсті қабықпен қапталған, екі беті дөңес және бір жағында «12.5/ 1000» және екінші жағында «322М» жазуы бар ұзынша пішінді, ұзындығы 22.3 мм жуық, қалыңдығы 10.7 мм мм жуық таблеткалар (12.5 мг/1000 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Ішу арқылы қабылдауға арналған қан төмендететін препараттар. Ішке қабылдауға арналған қан төмендететін препараттардың біріктірілімі. Метформин және алоглиптин.

АТХ коды А10ВD13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Алоглиптин және метформин:

Біріктірілген ВипдометТМпрепаратының бір реттік дозасын қабылдағандағы биобаламалылығының зерттеулерінің деректері бойынша, препарат құрамына кіретін алоглиптиннің де, сондай-ақ метформиннің де фармакокинетикалық қисығы астындағы ауданның (AUC) және ең жоғары концентрациясының (Cmax) мәні бір мезгілде аш қарынға 500 немесе 1000 мг HCl метформинмен қабылданған 12,5 мг алоглиптинге биобаламалы болды. Випдомет™препаратын тамақпен бірге қабылдау алоглиптин және метформиннің AUC өзгерістеріне әкелмеді. Дегенмен препаратты тамақпен бір мезгілде қабылдағанда алоглиптин және метформиннің қан плазмасындағы Сmax орташа мәні тиісінше 13% және 28% азайған. Тамақ ішкеннен кейін плазмадағы алоглиптиннің ең жоғары концентрациясына (Tmax) жету уақыты өзгермеген, ал метформиннің Tmax1,5 сағатқа ұлғайды. Бұл өзгерістердің клиникалық мәні жоқ.

Алоглиптин:

Алоглиптиннің толық биожетімділігі шамамен 100% құрайды. Алоглиптинді құрамында майы жоғары тамақпен бірге қабылдағанда AUC және Сmax әсері анықталмады, препарат тамақ ішуге байланыссыз қабылдана береді.

Метформин:

500 мг метформин гидрохлоридінің аш қарындағы толық биожетімділігі шамамен 50%-60% құрайды. 500-1500 мг және 850-2550 мг таблетка түріндегі метформиннің бір реттік ішу арқылы қабылданатын дозасы пайдаланылған зерттеулер доза ұлғайтылғанда дозаға пропорционал тиімділігі болмайтынын, бұның жеделдетілген шығарылуынан гөрі аз сіңірілуімен шартталуы мүмкіндігін көрсетті. Тамақ ішу метформин сіңуін төмендетеді, бұны 850 мг метформин гидрохлоридін бір рет қабылдағаннан кейін Сmax шамамен 40%-ға және AUC - 25%-ға азаюы, сондай-ақ Tmax 35 минутқа ұзаруы айғақтайды. Бұл төмендеудің клиникалық мәні белгісіз.

Таралуы

Алоглиптин:

Дені сау еріктілерге 12,5 мг алоглиптинді бір рет көктамыр ішіне енгізуден кейін терминалды фазасындағы таралу көлемі 417 л құрады, бұл препараттың тіндерде жақсы таралатынын айғақтайды. Ақуыздармен байланысы 20% құрайды.

Метформин:

Дереу босап шығатын метформин HCl 850 мг ішу арқылы қабылданатын дозасын бір рет қабылдаған соң метформиннің іс жүзіндегі таралу көлемі (V/F), орташа, 654 ± 358 л құрайды. Метформиннің плазма ақуыздарымен байланысуы елеусіз. Метформин эритроциттерге өтеді. Метформиннің әдеттегі сызба бойынша стандартты клиникалық дозасын қабылдағанда метформин тұрақты концентрациясына 24-48 сағат ішінде жетеді және 1 мкг/мл азды құрайды.

Нәтижелері тіркеу үшін негіз ретінде пайдаланылған бақыланатын клиникалық сынақтар барысында метформиннің ең жоғары плазмалық концентрациясы, тіпті оны ең жоғары дозаларда қолданғанда да 5 мкг/мл аспаған.

Метаболизмі

Алоглиптин:

Алоглиптин бауырда экстенсивті метаболизмге ұшырамайды, бұның нәтижесінде алоглиптиннің 60%-дан 71%-ға дейіні бүйрекпен өзгермеген түрде шығарылады. 14С-таңбаланған алоглиптинді ішке енгізуден кейін екі екінші дәрежелі метаболит анықталды: N-деметилденген алоглиптин, M-I (бастапқы заттың ˂1%), және N-ацетилденген алоглиптин, M-II (бастапқы заттың ˂6%). M-I белсенді метаболит және дипептидилпептидаза-4 (ДПП-4) тежегіші болып табылады, әсері бойынша алоглиптинге ұқсас; ДПП-4 немесе басқа да ДПП ферменттеріне қатысты M-II тежегіш белсенділік көрсетпейді. Зертханалық in vitro зерттеулері CYP2D6 және CYP3A4 алоглиптиннің шектеулі метаболизміне ықпал ететінін көрсетеді.

Алоглиптин көбіне (R)-энантиомер (> 99%) түрінде болады. Ол in vivo жағдайларында (S)-энантиомерге хиральді қайта түзілуге аздаған мөлшерде ұшырайды немесе мүлде ұшырамайды. Емдік дозаларында (S)-энантиомер анықталмайды.

Метформин:

Дені сау адамдарға метформиннің бір реттік дозасын көк тамыр ішіне енгізумен зерттеулер препараттың несеппен өзгермеген түрде экскрецияланатынын, бауырда метаболизмдік өзгерулерге ұшырамайтынын (адамда метформин метаболиті анықталмаған) және өтпен шығарылмайтынын көрсетті.

Шығарылуы

Алоглиптин:

14С-таңбаланған алоглиптин қабылдағаннан кейін, жалпы радиактивтілігінің 76% бүйрекпен және 13% ішек арқылы шығарылған, қабылданған радиоактивті дозаның жалпы шығарылуы 89% құраған. Алоглиптиннің бүйрек клиренсі (9,6 л/сағ) бүйректің өзекшелік экскрециясының біршама белсенділігін айғақтайды. Жүйелік клиренс 14л/сағат құрайды.

Метформин:

Метформиннің бүйрек клиренсі креатинин клиренсінен (КК) 3,5 есе жоғары, бұл метформиннің өзекшелік секрециясы препарат элиминациялануының негізгі жолы болып табылатындығын айғақтайды. Метформинді ішу арқылы қабылдағаннан кейін сіңген препараттың шамамен 90% алғашқы 24 сағат ішінде бүйрек жолы арқылы элиминацияланады, бұл арада препараттың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 6,2 сағатқа жуықты құрайды.

Қанда метформиннің жартылай шығарылу кезеңі 17,6 сағат құрайды, бұл эритроциттердің препараттың таралу компоненттерінің бірі болуы мүмкіндігін көрсетеді.

Пациенттердің ерекше тобындағы фармакокинетикасы

Бүйрек жеткіліксіздігі

Алоглиптин және метформин:

ВипдометТМпрепаратын бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде қолдану лактатацидоз қаупін арттырады.

Бауыр функциясының бұзылуы

Алоглиптин және метформин:

ВипдометТМ құрамында метформин бар, ал метформинді бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану кейбір лактатацидоз жағдайларына байланысты болды.

Алоглиптин:

Бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежелі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В класы) бұзылуы бар пациенттерде алоглиптиннің AUC және Сmax дені сау субъектілермен салыстырғанда тиісінше шамамен 10% және 8% азаяды. Бұл мәндер клиникалық елеусіз. Бауыр функциясының ауыр дәрежелі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) бұзылуы бар пациенттер зерттелмеген.

Метформин:

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілмеген.

Жынысы

Алоглиптин:

Жынысы алоглиптиннің фармакокинетикасына ешбір клиникалық елеулі әсер етпейді.

Метформин:

Пациенттерге жыныстық негізде талдау жүргізгенде дені сау субъектілерде және қант диабетінің 2 типі бар пациенттерде метформиннің фармакокинетикалық параметрлерінде елеулі айырмашылық болмады. Бұдан басқа, қант диабетінің 2 типі бар пациенттердегі бақыланатын клиникалық зерттеулерде метформин таблеткаларының гипергликемияға қарсы әсері ерлер мен әйелдерде салыстырарлық болды.

Егде жастағылар

Алоглиптин және метформин:

ВипдометТМ құрамында метформин бар, бұл бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қарсы көрсетілімде. Егде жастағы адамдарда бүйрек функциясының төмендеуі салдарынан ем бастар алдында креатинин клиренсін анықтау керек. Егер бүйрек функциясының көрсеткіштері қалыпты мәндер диапазонында болмаса ВипдометТМпрепаратын қолдануға болмайды.

Алоглиптин:

Алоглиптин фармакокинетикасына адамның жасы ешбір клиникалық елеулі әсер етпейді.

Метформин:

Егде жастағы дені сау еріктілердегі метформин фармакокинетикасына жүргізілген бақыланатын зерттеулерден алынған шектеулі деректер жасы жасырақ еріктілермен салыстырғанда қан плазмасындағы метформиннің жалпы клиренсінің төмендейтінін, жартылай шығарылу кезеңінің ұзаратынын, ал Смах артатындығын айғақтайды. Бұл деректер егде жастағылардың метформин фармакокинетикасындағы өзгерістері негізінен бүйрек функциясы өзгерістерімен түсіндірілетіндігін көрсетеді.

Балалық жастағы пациенттер

Алоглиптин:

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірмдердегі алоглиптин фармакокинетикасы зерттелмеген.

Нәсілі

Алоглиптин:

Қай нәсілге жатуы (ақ, қара және азиялық болуы) алоглиптин фармакокинетикасына қандай да бір клиникалық елеулі әсер етпеген.

Метформин:

Пациенттерде метформинді фармакокинетикалық параметрлері бойынша нәсілдік негізде зерттеу жүргізілмеген. Қант диабетінің 2 типі бар пациенттерде бақыланатын клиникалық зерттеулерде метформиннің гипергликемияға қарсы әсері ақ адамдарда (n=249), қара адамдарда (n=51) және латын америкалық (n=24) пациенттерде салыстырарлық болды.

Фармакодинамикасы

Алоглиптин:

Дені сау адамдарда алоглиптиннің бір реттік дозасын қолдану екі-үш сағат ішінде ДПП-4 ең жоғары тежелуіне әкелді. ДПП-4 ең жоғары тежелуі 12,5 мг-ден 800 мг дейінгі доза диапазонында 93% жоғарылады. ДПП-4 тежелуі 25 мг тең немесе одан жоғары доза қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң 80%-дан астам деңгейде қалды. Глюкагонге ұқсас пептид-1 (ГҰП-1) 24 сағаттан астам уақыт бойы ең жоғары және жалпы әсері алоглиптинде (25-200 мг дозасында) плацебоға қарағанда үш-төрт есе жоғары болды. Стандартты тамақ ішуден кейінгі сегіз сағаттық кезең бойына 25 мг алоглиптин 16-апталық, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеулерде плацебомен салыстырғанда постпрандиальді глюкагон деңгейінің төмендеуін және постпрандиальді белсенді ГҰП-1 деңгейінің артуын көрсетті. 2 типті қант диабеті бар пациенттердегі жалпы гликемиялық бақылаудағы өзгерістерге бұл нәтижелердің қандай қатысы бары белгісіз. Бұл зерттеулерде алоглиптин 25 мг қолдану плацебомен салыстырғанда (17 мг/дл қарсы -30 мг/дл, тиісінше) глюкозаның постпрандиальдік деңгейінің екі сағаттық төмендегенін көрсетті.

2 типті қант диабеті бар пациенттерде 14 күн бойына алоглиптинді тәуліктік дозада (бірнеше реттік дозада) бір рет қабылдағанда сондай-ақ ДПП-4 бір-екі сағат ішінде ең жоғары тежелуіне әкелді. Тежелуі 25 мг, 100 мг және 400 мг дозаларының барлығы үшін 93% астам болды. Бұл дозаларда алоглиптинді 14 күн қабылдағаннан кейін ДПП-4 тежелуі 24 сағат бойына 81% астам болып қалды.

Қолданылуы

Випдомет™ 2 типті қант диабеті бар ересек пациенттерде алоглиптинмен және метформинмен ем жүргізу қажет болғанда гликемиялық бақылауды жақсарту үшін диета және дене жүктемесі жаттығуларына қосымша ретінде қолдануға көрсетілген

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолдану тәсілі

Випдомет™ препаратын метформинге байланысты асқазан-ішек жолдары тарапынан жағымсыз реакцияларды азайту мақсатында, дозасын біртіндеп ұлғайта отырып, тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан тамақ ішу кезінде қабылдауы керек. Таблеткаларды шайнамай, тұтасымен жұту керек. Егер пациент Випдомет™ препаратын қабылдауды жіберіп алған жағдай болса ол оны есіне түсіре салысымен қабылдауы тиіс. Випдомет™ препаратының қосарлы дозасын қабылдауға жол берілмейді.

Дозалануы

Випдомет™ препаратының дозасы ағымдағы ем негізінде жеке таңдалуы тиіс. Дозалауды тиімділігі мен жағымдылығы негізінде түзетуге болады, бірақ оны 25 мг алоглиптин және 2000 мг метформин HCl құрайтын ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозадан арттыруға болмайды. Випдомет™ препаратының бір таблеткасы құрамында тиісінше 12,5 мг/500 мг немесе 12,5 мг/1000 мг алоглиптин және метформин гидрохлориді бар.

Метформин:

Метформиннің плазмалық жүйелік экспозициясына басқа дәрілердің әсері

Метоформинді глибурид (глибенкламид), фурасемид, нифедипин, пропранолол және ибупрофенді бір мезгілде қабылдағанда дозасын түзету талап етілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық сынақтар әртүрлі жағдайларда жүргізілгендіктен клиникалық зерттеулердегі даму жиілігі бар препаратпен бақыланған жағымсыз реакциялар даму жиілігін басқа препараттың клиникалық сынақтарында байқалғанмен тікелей салыстыру жасау мүмкіндігі жоқ, сондықтан бұл іс жүзіндегі жағдайды әркез көрсете бермейді. Алоглиптин және метформинді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде қолайсыз жағымсыз реакциялар туралы тіркелген хабарламалар жиілігі 4% асты.

Келесі реакциялар бақыланды: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, назофарингит, диарея, артериялық гипертензия, бас ауыруы, арқаның ауыруы және несеп шығару жолдарының инфекциялары.

Алоглиптин және метформин:

Төрт бақыланатын клиникалық зерттеулердің біріктірілген талдауында жағымсыз реакциялардың жалпы жиілігі плацебо қабылдаған 75%-бен салыстырғанда Випдомет™ қабылдаған пациенттерде 74% құрады. Негізінен алғанда, жағымсыз құбылыстардан қабылдауды 1,9% (плацебо тобы), 6,4% (метформин) және 5,0% (алоглиптин) пациенттермен салыстырғанда пациенттердің 6,2% (Випдомет™тобы) тоқтатқан.

Гипогликемия

Алоглиптиннің метформинмен біріктірілімінің 26-апталық, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеулерінде гипогликемия жағдайлары метформин HCl 500 мг бар алоглиптин 12,5 мг тобында 1,9% құрады; алоглиптин 12,5 мг және метформин HCl 1000 мг біріктірілімінің тобында- 5,3%; метформин HCl 500 мг және 6,3% – метформин HCl 1000 мг бар - 1,8% құрады.

Метформин режиміне қосымша ретінде күніне бір рет алоглиптинмен 25 мг 26- апталық плацебо- бақыланатын зерттеулерінде, гипогликемиясы бар тіркелген пациенттер саны метформині бар алоглиптин тобында 0% және плацебо тобында 2,9% құрады.

52- апталық, белсенді бақыланатын, салыстырмалы жасырын зерттеулеріндегі 30 мг пиоглитазонға және метформинге қосымша ем ретінде күніне бір рет алоглиптин қолданатын бірінші топта, екінші топта метформині бар 30 мг-ден 45 мг дейінгі пиоглитазон дозасын тиртрлеу гипогликемиясы бар пациенттер саны тиісінше 4,5% және 1,5% құрады.

25 мг алоглиптиннің метформинмен біріктірілімі қолданылған 104-апталық, салыстырмалы жасырын, белсенді-бақыланатын зерттеулерінің аралық талдауында гипогликемиясы бар науқастар саны метформині бар 25 мг алоглиптин тобында 1,4% және метформині бар глипизид тобында 23,8% құрады.

Алоглиптин:

Бақыланатын клиникалық 14 зерттеудің біріктірілген талдауында жағымсыз жағдайлардың жалпы жиілігі алоглиптин 25 мг қабылдаған пациенттерде 66%, плацебо тобында 62% және салыстырудың басқа дәрілері бар топта 70% құрады.

Жағымсыз құбылыстардан емді тоқтату жиілігі негізінен алоглиптин 25 мг тобында 4,7%, плацебо тобында 4,5% немесе салыстырудың басқа белсенді дәрілері бар топта 6,2% құрады. Панкреатит

Клиникалық сынақтар жүргізгенде панкреатит жағдайы күнде 25 мг алоглиптин қабылдаған 0,2% пациенттерде және салыстырудың басқа дәрілерін қабылдаған топта пациенттердің 0,1% азын құрады.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Біріктірілген талдауда, алоглиптин 25 мг тобында аса жоғары сезімталдық реакцияларының жалпы жиілігі 0,6% және салыстырудың барлық препараттарында 0,8% құрады. 25 мг қабылдаған пациентте сарысу құю ауруының бір жағдайы анықталды.

ГипогликемияГипогликемия жағдайы қандағы глюкоза деңгейінің мәні және/немесе клиникалық белгілері және гипогликемия симптомдары негізінде тіркелді.

Монотерапия зерттеулерінде гипогликемия жиілігі алоглиптин тобында және плацебо топтарындағы пациенттердің тиісінше 1,5% және 1,6% байқалды.

Глибурид немесе инсулин терапиясына қосымша ретінде алоглиптин қолдану плацебомен салыстырғанда гипогликемия даму жиілігін ұлғайтпайды. Егде жастағы пациенттерде алоглиптинді сульфонилмочевина препараттарымен салыстыратын монотерапия зерттеулерінде гипогликемия даму жиілігі алоглиптин тобында 5,4% және глипизид тобында 26% құрады.

Зертханалық көрсеткіштердің ауытқуы

Алоглиптин және метформин:

Қанның, биохимиясының және несептің талдау нәтижелеріне қатысты емдеу топтары арасында клиникалық елеулі айырмашылық байқалмаған.

Алоглиптин: Алоглиптин қабылдаған пациенттерде қанның, биохимиясының және несептің талдау нәтижелеріне қатысты емдеу топтары арасында клиникалық елеулі айырмашылық байқалмаған.

Метформин: Метформин қан сарысуындағы B12 витаминінің деңгейін төмендетуі мүмкін.

Випдомет™ қабылдайтын пациенттерге жыл сайынғы негізде гематологиялық параметрлерге мониторинг жүргізу керек, ал кез келген қалыптан анық ауытқулар тиісті түрде зерттелген және түзетілген болуы тиіс.

Маркетингтен кейінгі тәжірибе

Алоглиптин:

Алоглиптинді маркетингтен кейінгі пайдалану барысында келесі жағымсыз реакциялар – аса жоғары сезімталдық (анафилаксия, Квинке ісінуі, бөртпе, есекжем), терінің ауыр жағымсыз реакциялары (Стивенс-Джонсон синдромын қоса), бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, фульминантты бауыр жеткіліксіздігі, ауыр және мүгедектікке әкелетін артралгия және жедел панкреатит анықталды.

Аталаған реакциялар туралы мәліметтер ерікті түрде тұрғын халықтан түсетіндіктен бұндай реакциялардың туындау жиілігін немесе препарат қабылдауға байланысты себеп-салдарлы байланысты анықтау нақты бағалау әркез мүмкін бола бермейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • алоглиптинге, метформинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • сыртартқысында анафилаксияны, ангионевроздық ісіну және терінің ауыр жағымсыз реакцияларын қоса, алоглиптинге немесе метформинге аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары болуы

  • 1 типті қант диабеті

  • диабеттік кетоацидозды қоса, жедел немесе созылмалы метаболизмдік ацидоз (диабеттік кетоацидозды инсулинмен емдеу керек)

  • бүйрек жеткіліксіздігі (сарысудағы креатинин деңгейі ≥1,5 мг/дл (132,7 мкмоль/л) еркектер үшін, ≥1,4 мг/дл (123,8 мкмоль/л) әйелдер үшін немесе креатинин клиренсі көрсеткіштері ауытқуында), ол жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі нәтижесінде туындауы мүмкін (шок), жедел миокард инфарктісі және сепсис

  • бауыр жеткіліксіздігі

  • жедел алкогольді уыттану, алкоголизм

  • 18 жасқа дейінгі жас

  • жүктілік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Алоглиптин және метформин:

Тәулігіне бір рет 100 мг алоглиптинді метформинмен HCl 1000 мг тәулігіне екі рет алты күн бойына бірге қолдану алоглиптин немесе метформиннің фармакокинетикасына ешбір елеулі әсер етпеген.

Алоглиптин:

Алоглиптин, негізінен, бүйрекпен шығарылады және тек елеусіз дәрежеде

цитохром (CYP) ферменттік жүйесімен метаболизденеді. Зерттеулер барысында цитохром тежегіштерімен немесе субстраттарымен немесе бүйрек арқылы шығарылатын дәрілік заттармен өзара әрекеттесулер анықталмады.

In vitro дәрілік өзара әрекеттесулерін бағалау

In vitro зерттеулері алоглиптиннің CYP1A2, CYP2B6, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 индукцияламайтынын, сондай-ақ клиникалық елеулі концентрацияларда CYP1A2, CYP2C8, CYP2C9, CYP2C19, CYP3A4 және CYP2D6 тежемейтінін көрсетеді.

In vivo өзара әрекеттесулерін бағалау

Басқа дәрілік заттарға алоглиптиннің әсері

Клиникалық зерттеулер барысында ферменттік жүйесімен CYP метаболизденетін препараттарға (метформин, циметидин, (R)-варфарин, кофеин, пиоглитазон, глибурид, (S)-варфарин, толбутамид, декстрометорфан, аторвастатин, этинилэстрадиол, норэтиндрон, мидазолам, дигоксин, фексофенадин) алоглиптиннің елеулі жүйелік әсері анықталмады, бұл CYP1A2, CYP2С8, CYP2С9, CYP2D6, CYP3A4 субстраттарымен өзара әрекеттесуінің төмен ықтималдығы барын растайды.

Алоглиптин фармакокинетикасына басқа дәрілік заттардың әсері

Алоглиптинді метформинмен, циметидинмен гемфиброзилмен, пиоглитазонмен, флюконазолмен, кетоконазолмен, аторвастатинмен, циклоспоринмен, дигоксинмен бір мезгілде қолданғанда фармакокинетикасында клиникалық елеулі өзгерістер бақыланбады.

Карбоангидраза тежегіштері

Топирамат немесе карбоангидразаның басқа тежегіштері (мысалы, зонизамид, ацетазоламид немесе дихлорфенамид) бикарбонаттың сарысулық концентрациясын жиі төмендетеді және аниондық емес тапшылығын, гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидозды туындатады. Бұл препараттарды бір мезгілде қолдану метаболизмдік ацидоз туындатуы мүмкін. Бұл препараттарды метформин қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені лактатацидоз қаупі артуы мүмкін.

Катиондық дәрілік заттар

Ағзадан бүйректің өзекшелік сөлінісі арқылы шығарылатын катиондық препараттар (мысалы, амилорид, дигоксин, морфин, прокаинамид, хинидин, хинин, ранитидин, триаметерен, триметоприм немесе ванкомицин) теориялық түрде метформинмен өзара әрекеттесулері мүмкін, өйткені олар бүйрек өзекшелерінің тасымалдануының жалпы жүйесі үшін бәсекелес. Бұндай өзара әрекеттесулер тек теориялық тұрғыда мүмкін болса да (циметидин қосылмайды), бүйректің проксимальді өзекшелік секреторлық жүйесі арқылы шығарылатын катиондық препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде алайда метформиннің және/немесе өзара потенциалды әрекеттесуші препараттың дозасын түзету және мұқият мониторингі ұсынылады.

Метформиннің басқа дәрілік заттармен қолданылуы

Белгілі бір дәрілік заттар гипергликемия үдерісін туындатуы мүмкін және

гликемиялық бақылау жойылуына әкелуі мүмкін. Бұндай дәрілерге тиазидтер және басқа диуретиктер, кортикостероидтер, фенотиазиндер, қалқанша безі гормонының препараттары, эстрогендер, ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер, фенитоин, никотин қышқылы, симпатомиметикалық дәрілер, кальций өзекшелері блокаторлары және изониазид жатады. Егер бұл препараттар Випдомет™ қабылдайтын пациенттерге тағайындалса, ол гликемиялық бақылау жойылуына қатысты бақылауда болуы тиіс. Випдомет™ қабылдайтын пациенттерде бұндай дәрілік заттарды тоқтатқанда мұқият бақылау керек, өйткені гипогликемия даму қаупі бар.

Айрықша нұсқаулар

Лактатацидоз

Лактатацидоз — шамамен 50% жағдайларда өліммен аяқталу қаупі бар, Випдомет™ препаратымен ем уақытында метформин жинақталуы салдарынан дамитын сирек, бірақ күрделілігі жеткілікті метаболизмдік асқыну. Лактоацидоз сондай-ақ әртүрлі патофизиологиялық жай-күйлерде, оның ішінде қант диабетінде, және тіндердің елеулі гипоперфузиясы және гипоксиясы болу жағдайларында туындауы мүмкін. Лактатацидоз үшін қандағы лактат деңгейінің жоғарылауы (>5 ммоль/л), қанның рН төмендеуі, электролиттік теңгерім бұзылуы, аниондық аралықтың және лактат/пируват арақатынасының артуы тән. Сүт қышқылы ацидозы метформиннен туындаған жағдайда әдетте қан плазмасындағы метформин деңгейі >5 мкг/мл болады.

Сүт қышқылы ацидозының тіркелген жағдайларының жиілігі метформин гидрохлоридін қабылдаған науқастарда өте төмен (≈0,03 жағдайлар/1000 пациент-жыл, оның ішінде ≈0,015 өліммен аяқталған /1000 пациент-жыл). Метформин қолданылған клиникалық зерттеулерде лактатацидоз туралы 20000 пациент-жылдан астам мәлімдеулер болмады. Тіркелген жағдайлар негізінен бүйрек ауруын және бүйрек гипоперфузиясын қоса, қант диабеті және бүйрек функциясының елеулі бұзылуы бар науқастарда, қатарлас жүретін көптеген медициналық/ хирургиялық мәселелері болуы жағдайында және бірнеше препаратты қабылдау аясында жиі туындаған. Тіркелген жағдайлар өз бүйрегі зақымдануынан туындаған, сондай-ақ бүйрек гемодинамикасы төмендеуінен, өте жиі - қатарлас жүретін көптеген медициналық/ хирургиялық патологияда және дәрілік затттарды көп мөлшерде қолданғанда көбіне айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар қант диабеті бар науқастарда туындаған.

Фармакологиялық жүргізуді талап ететін, атап айтқанда, тұрақсыз немесе жедел жеткіліксіздігі салдарынан гипоперфузиямен және гипоксиямен үйлескен іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер, лактатацидоз дамуының жоғары қаупі тобында болады. Лактатацидоз қаупі бүйрек дисфункциясының дәрежесі және пациент жасы артуымен өседі. Сондықтан метформин қабылдайтын науқастарда лактатацидоз қаупін бүйректің функциялануын тұрақты бақылау жолымен және метформинді ең төмен тиімді дозасында қолданумен елеулі төмендетуге болады. Атап айтқанда, егде пациенттерді емдеу бүйрек функциясын мұқият мониторингтеумен қатар жүруі тиіс. Метформинмен емді пациенттерде креатинин клиренсі қалыпты көрсеткіштерге сәйкес келмесе бастауға болмайды, өйткені бұл жастағы пациенттер лактатацидоз дамуына бейімірек.

Гипоксемиямен, сусызданумен немесе сепсиспен астасқан кез келген жай-күй болуында метформин қолдануды дереу тоқтату керек. Бауыр функциясы бұзылуында лактат шығарылу қабілеті азаюы мүмкіндігіне байланысты препаратты бауыр ауруларының клиникалық және зертханалық белгілері бар пациенттерде қолдануға болмайды. Науқастарды ем кезінде алкогольді (бір реттік болсын, сондай-ақ созылмалы да) шамадан тыс тұтынудан сақтандыру керек, өйткені алкоголь метформин гидрохлоридінің лактат метаболизміне әсерін күшейтеді.

Тамырішілік (құрамында йоды бар) контрастылы дәрі пайдаланылған кез келген радиологиялық зерттеулерді және тамақ немесе сұйықтықты пайдалануды шектеуді талап ететін кез келген хирургиялық шаралар жүргізу алдында метформин қолдануды уақытша тоқтату керек.

Эпилепсияда және бас сақинасының профилактикасында топирамат карбоангидразасы тежегіштерін қолдану дозаға тәуелді метаболизмдік ацидозды (ол бақыланатын сынақтарда препаратпен қосымша емде ересек және балалық жастағы пациенттерде тиісінше 32% және 67% анықталды, эпилепсия монотерапиясында пациенттерде 15% - 25% -да, сондай-ақ ол 20 мЭкв./мл азға дейінгі сарысулық бикарбонат төмендеуімен бірге жүрді; препаратпен қосымша емде ересек және балалық жастағы пациенттерде тиісінше 3% және 11%-да, және эпилепсия монотерапиясындағы пациенттерде 1% - 7%, сондай-ақ ол 17 мЭкв./мл азға дейінгі сарысулық бикарбонат төмендеуімен бірге жүрді) жиі туындатуы мүмкін және метформиннен туындайтын лактатацидоз қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Лактатацидоз көбіне біртіндеп дамиды және өзін жаман сезіну, миалгия, тыныс алу бұзылуы, ұйқы басу және АІЖ тарапынан спецификалық емес бұзылулар сияқты тек спецификалық емес симптомдармен білінеді. Айқындығы басым ацидозда гипотермия, артериялық гипотензия және резистентті брадиаритмия болуы мүмкін.

Пациенттерге лактатацидоз симптомдары пайда болуы туралы дәрігерге дереу хабарлауы керегі жөнінде нұсқау беру керек. Олар пайда болған жағдайда Випдомет™препаратын қолдануды лактатацидоз мүмкіндігі толық жойылғанша/мүмкіндігі жоқ болғанша тоқтату керек. Сарысулық электролиттерді, кетондар, қандағы глюкозаны, қандағы рН мәнін, лактат құрамын және қандағы метформин құрамын анықтау пайдалы болуы мүмкін.

Метформин дозасының кез келген деңгейінде пациенттің жай-күйі тұрақтанғанда ем басында жиі туындайтын АІ симптомдарының қайта туындау ықтималдығы жоқ. Егер науқаста метформинмен дозалаудың кез келген деңгейінде жай-күй тұрақтануына қол жеткізілсе онда әдетте ем басында бақыланатын спецификалық емес асқазан-ішек симптомдары туындауы препарат қолданумен байланысты емес болғаны. Кешеуілдеген кезеңде АІ симптомдары пайда болуы лактатацидоздың немесе басқа да күрделі аурулар салдарынан болуы мүмкін. Аш қарында көктамыр қанындағы лактаттың плазмалық деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен асатын, бірақ <5 ммоль/л, осы препаратты қабылдайтын пациенттерде сүт қышқылы ацидозының болуы сөзсіз пайда болуын білдіруі міндетті емес. Ол бақыланбайтын қант диабеті, семіздік, қарқынды дене жүктемесі немесе қан талдауын жүргізудегі техникалық сипат мәселесі сияқты басқа механизмдерден болуы мүмкін.

Лактатацидоз туындауына метаболизмдік ацидозы бар, ал кетоацидоз (кетонурия және кетонемия) белгілері жоқ, диабетпен науқастың кез келгенінде күмәндануға болады.

Лактатацидоз – аурухана жағдайында емделуі керек шұғыл медициналық жай-күй. Лактатацидозға күдік болғанда Випдомет™ препаратымен емді тоқтату керек және пациентті дереу ауруханаға жатқызу керек және дереу демеуші шаралар тағайындау керек.

Метформин диализбен шығарылатындықтан (тұрақты гемодинамика жағдайында клиренсі 170 мл / мин дейін), ацидозды түзету мақсатында дереу гемодиализ жүргізу және жинақталған метформин шығарылуы ұсынылады. Бұндай емдеу шаралары симптомдардың жылдам жойылуына және пациенттің сауығуына жеткілікті жиі ықпал етеді.

Жедел панкреатит

Маркетингтік кезеңде жедел панкреатит түріндегі жағымсыз реакциялар туралы өздігінен түсетін мәлімдеулер алынған. Випдомет™ препаратымен емді бастағаннан кейін пациенттерде панкреатит симптомдары мен белгілеріне мұқият бақылау жүргізу керек. Егер панкреатитке күдік болса, Випдомет™ препаратын дереу тоқтату және тиісті ем тағайындау керек. Сыртартқысында панкреатиті бар пациенттерді Випдомет™ препаратын қолданғанда панкреатит даму қаупі жоғары топқа жатқызуға болатыны белгісіз.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Маркетингтен кейінгі кезеңде алоглиптин қабылдаған пациенттерде күрделі жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар түскен. Бұл реакцияларға анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну және Стивенс-Джонсон синдромы сияқты эксфолиативтік тері реакциялары жатады. Егер күрделі жоғары сезімталдық реакцияларына күдік пайда болса, Випдомет™ препаратын қолдануды тоқтату, пайда болған асқынулардың басқа потенциалды себептеріне баға беру және диабеттің баламалы емін тағайындау керек. Сыртартқысында ДПП-4 басқа тежегіштеріне ангионевроздық ісіну бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек, өйткені бұндай пациенттер Випдомет™ препаратын қолданғанда ангионевроздық ісінуге бейім болуы белгісіз.

Бауырға әсері

Маркетингтен кейінгі есептерде, олардың ішінде ықтимал себептерін анықтау үшін қажетті ақпарат жеткіліксіз болса да, алоглиптин қабылдаған пациенттерде аяқталуы фатальді және фатальді емес бауыр жеткіліксіздігі жағдайларының хабарламасы болған. Алоглиптин қабылдағанда бауыр жеткіліксіздігін қоса, бауыр функциясы бұзылуы туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар алынған. Олардың препарат қабылдаумен байланысы анықталмаған.

Рандомизацияланған бақыланатын зерттеулерде сарысулық аланинаминотрансферазаның (АЛТ) қалыпты мәндер диапазонының жоғарғы шегінен (ҚМДЖШ) үш еседен астам деңгейге дейінгі жоғарылауы бақыланды: алоглиптин қабылдаған 1,3% пациенттерде және салыстырудың басқа барлық препараттарын қабылдаған 1,5% пациенттерде.

2 типті қант диабеті бар пациенттерде бауыр функциясы талдауларының нәтижесінде ауытқу туындатуы мүмкін қатарлас патологиясы - бауырдың майлы гепатозы болуы мүмкін. Бұдан басқа олардың көбі емдеуге келетін бауыр ауруларының басқа түрлерінен зардап шегуі мүмкін. Сондықтан бауыр функциясы талдауын жүргізу және ем бастау алдында пациент жай-күйіне бағалау жүргізу ұсынылады. Өйткені кейбір жағдайларда метформин қолданғанда бауыр функциясы бұзылуы лактатацидозбен астасады, бауыр ауруларының клиникалық немесе зертханалық дәлелдері бар пациенттерде Випдомет™ препаратын қолданудан аулақ болу керек.

Қажу, анорексия, іштің жоғарғы оң жақ аумағында жайсыздығы, несеп күңгірттенуі немесе сарғаюын қоса, бауыр зақымдануын көрсетуі мүмкін симптомдар анықталатын пациенттерде бауыр функциясына талдау жүргізу керек. Егер пациентте бауыр ферменттерінің клиникалық елеулі жоғарылауы анықталса, және егер бауыр функциясы талдауы нәтижелерінде ауытқу тұрақты болып қалса немесе нашарласа, Випдомет™ препаратын қолдануды тоқтату керек және олардың ықтимал себептерін анықтау мақсатында зерттеу жүргізу керек. Бұндай пациенттерде бауыр функциясы талдауы нәтижелеріндегі ауытқудың басқа себептерін таппай Випдомет™ препаратын қолдануды жаңғыртуға болмайды.

Бүйрек функциясы

Метформин негізінен организмнен бүйрек арқылы шығарылады, және бүйрек функциясы сатысының жоғарылауы/бұзылуының ауырлығымен бірге метформин және лактатацидоз жинақталу қаупі жоғарылайды. Сондықтан Випдомет™ бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарсы көрсетілімде. Випдомет™ препаратымен ем бастар алдында және содан кейін ең кемі жылына бір рет бүйрек функциясын бағалау керек және оның қалыпты болуын растау керек. Бүйрек дисфункциясы қаупі бар пациенттерде бағалауды одан да жиі жүргізу керек. Бүйрек жеткіліксіздігі белгілері болғанда Випдомет™ препаратын қабылдауды тоқтату керек.

Метформинмен емді егер креатинин клиренсі қалыпты көрсеткіштерге сәйкес келмесе, жасы ≥80 жастағы пациенттерде бастауға болмайды, өйткені осы жастағы пациенттер лактатацидоз дамуына бейімірек.

Бүйрек функциясына немесе метформин диспозициясына әсер етуі мүмкін дәрілік заттарды бірге қолдану

Бүйрек функциясына әсер етуі, елеулі гемодинамикалық өзгерістерге әкелуі немесе метформин диспозициясына кедергі келтіруі мүмкін, өзекшелік сөлініс жолымен бөлінетін катиондық дәрілер сияқты препараттарды бір мезгілде сақтықпен қолдану керек.

Радиологиялық зерттеулер және хирургиялық емшаралар

Тамыр ішіне құрамында йоды бар контрастылы зат енгізу пайдаланылатын радиологиялық зерттеулер (мысалы, көктамырішілік урограмма, көктамырішілік холангиография, ангиография және компьютерлік томография) бүйрек функциясының күрт өзгерістеріне әкелуі мүмкін және бұл метформин қабылдаған пациенттерде лактатацидоз дамуымен байланысты. Сондықтан осындай зерттеулер жоспарланған пациенттерде емшара жүргізу сәтінде немесе оған дейін Випдомет™ препаратын қолдануды уақытша тоқтату керек және оны емшарадан кейін 48 сағат бойына жаңғыртуға болмайды, препарат қолдануды жаңғырту тек қалыпты нәтиже көрсеткен бүйрек функциясын қайта бағалаудан кейін ғана мүмкін.

Випдомет™ препаратымен емді хирургиялық араласымға дейін тоқтату керек (тамақ және сұйықтық пайдалануды шектеумен байланыссыз елеусіз емшараны қоспағанда) және қалыпты нәтиже көрсеткен бүйрек функциясына баға беру жүргізілгенше жаңғыртуға болмайды.

Гипоксиялық жай-күй

Гипоксемиямен сипатталатын, кез келген себеп салдарынан болатын жүрек-тамырлық коллапс (шок), жедел іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі және басқа жай-күйлер преренальді азотемияны туындатуы мүмкін лактатацидоз дамуымен астасады. Бұндай асқынулар Випдомет™ қабылдайтын науқастарда пайда болғанда препарат қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс.

Алкоголь пайдалану

Алкогольдің метформиннің лактат метаболизміне әсерін күшейтетіні белгілі. Сондықтан Випдомет™ препаратын қолдану кезеңінде алкогольді шамадан тыс пайдаланудан аулақ болу керек.

Құрамындағы B12 витамині

Ұзақтығы 29 апта метформиннің бақыланатын клиникалық зерттеулерінде пациенттердің шамамен 7%-да бұрын қалыпты болған B12 витаминінің қан сарысуындағы концентрациясының клиникалық білінулерсіз қалыпқа жақын мәнге дейін төмендегені бақыланды. Алайда В12- ішкі фактор кешенінен В12 сіңуінің болжамды бұзылуы салдарынан бұлай төмендеу өте сирек анемия дамуымен бірге жүреді және метформинді тоқтатқаннан немесе B12 витаминін қосымша қабылдаудан кейін тез қалпына келеді. Випдомет™ қабылдайтын пациенттерде жылына бір рет гематологиялық параметрлерді анықтау ұсынылады және кез келген айқын ауытқу анықталғанда зерттеу және емдеу керек. B12 витамині немесе кальций пайдалануы немесе қорытылуы жеткіліксіз кейбір адамдар B12 витаминінің қалыптыға жақын деңгейінің дамуына бейім болады. Бұндай пациенттерде екі-үш жылда бір рет аралықпен сарысулық B12 витаминін стандартты анықтау пайдалы болуы мүмкін.

Басқа гипергликемияға қарсы дәрілік заттармен қолдану және гипогликемия қаупі

Алоглиптин:

Сульфонилмочевина сияқты инсулин және инсулин секрециясының стимуляторлары гипогликемия туындататыны белгілі. Сондықтан гипогликемия қаупін төмендету үшін егер ол Випдомет™ препаратымен біріктірілімде пайдаланылса, инсулиннің немесе инсулин секрециясының стимуляторларының төменірек дозасы қарастырылуы мүмкін.

Метформин:

Гипогликемия монотерапия түріндегі әдеттегі жағдайларда және оны қолданған жағдайларда метформин қабылдайтын пациенттерде дамымайды, бірақ ол екпінді дене жүктемелерінің және жаттығуларының орнын баса алмайтын тамақтану құнары жеткіліксіздігі жағдайында немесе глюкоза құрамын төмендететін басқа дәрілік заттармен (сульфонилмочевина препараттары және инсулин сияқты) немесе этанолмен бір мезгілде қолдану кезеңінде пайда болуы мүмкін.

Егде жастағы, жүдеген немесе жеткіліксіз тамақтанатын пациенттер, бүйрекүсті безі, гипофизарлық жеткіліксіздігі немесе алкогольдік уыттануы бар пациенттер әсіресе гипогликемияға сезімтал болады. β-блокаторларын қабылдайтын егде жастағы адамдарда және пациенттерде гипогликемияны тану қиын болуы мүмкін. Егде жастағы, әлсіреген немесе жеткіліксіз тамақтанатын пациенттер, немесе бүйрекүсті безі немесе гипофиз жеткіліксіздігі бар адамдар, сондай-ақ алкогольдік уыттануда гипогликемиялық әсерге бейім. Егде жастағы пациенттерде және β-адреноблокаторларын қабылдайтын пациенттерде гипогликемияны анықтауда қиындықтарға кезігуі мүмкін.

Артралгия

Дипептидилпептидаза-4 тежегіштерін (ДПП-4) қабылдайтын пациенттерде маркетингтен кейінгі буын ауруларының жағдайлары тіркелген. Дәрілік ем бастағаннан кейін артралгия симптомдарының басталу уақыты бір күннен бірнеше жылға дейін ауытқиды. Күрделі және тұрақты буын аурулары пайда болғанда буындардағы қатты ауырудың болжамды себепкері ретінде дипептидилпептидаза-4 (ДПП-4) тежегіштерін қабылдауды қарастыру керек және егер қажет болса препарат қабылдауды тоқтату керек.

Макротамырлық нәтижелер

Клиникалық зерттеулерде Випдомет™ препаратын немесе кез келген диабетке қарсы басқа препаратты қолданғанда макротамырлық қаупі төмендеуінің үзілді-кесілді және нанымды дәлелі болмаған.

қолданылуы

Жүктілік

Випдомет™ препаратын немесе оның жеке-дара компоненттерін қабылдаған жүкті әйелдерде зерттеу жүргізілмеген. Жануарлардағы деректерді негізге алғанда, Випдомет™ препаратын қабылдауда даму ауытқуының қаупі артуы болжанбайды. Жануарлардағы ұрпақ өрбітуінің зерттеулері барлық уақытта бірдей адамға әсері мен қауіпті болжамайтындықтан, Випдомет™, сондай-ақ басқа да қант диабетіне қарсы дәрілерді жүктілік кезінде егер тек бұл анық қажет болса ғана пайдалану керек.

Алоглиптин:

Алоглиптинді буаз үй қояндары мен егеуқұйрықтарда органогенез кезеңінде 200 және 500 мг/кг дейінгі дозаларында немесе тиісінше 149 және 180 рет, препараттың плазмалық экспозициясы (ҚҚА) негізінде клиникалық дозадан жоғары қолдану тератогенді болмады.

Буаз егеуқұйрықтарда жүктіліктің 6 күнінен бастап және лактацияның 20 күніне дейін енгізілген алоглиптиннің 250 мг/кг дейінгі дозасы (ҚҚА негізінде клиникалық экспозициядан шамамен 95 есе жоғары) эмбрион дамуына зиянды әсерін тигізбеді, сондай-ақ төлдерінің өсуі мен дамуына жағымсыз әсер етпеген.

Буаз егеуқұйрықтарда алоглиптиннің ішу арқылы енгізуден кейін плацента арқылы өтуі және ұрыққа түсуі бақыланды.

Метформин:

Метформин 600 мг/кг дейінгі дозаларында буаз үй қояндары мен егеуқұйрықтарда тератогенді болмады, АҰЕЖД (адам үшін ұсынылатын ең жоғары доза) шамамен екі және алты есе астам тиісінше үй қояндары мен егеуқұйрықтардың дене беткейі ауданына салыстыру негізінде 2000 мг деңгейдегі экспозицияны көрсетеді. Метформинді қолдану айқын қажет жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Лактация кезеңі

Випдомет™ препаратының компоненттерін бір мезгілде қолданумен зерттеулер жүргізілмеген. Оның жеке-дара компоненттері үшін жүргізілген зерттеулерде алоглиптиннің де метформин сияқты емшекпен қоректендіретін егеуқұйрықтарда емшек сүтіне енетіні көрсетілген. Алоглиптиннің және/немесе метформиннің адамда емшек сүтіне өту мүмкіндігі туралы белгісіз. Емшек еметін бала үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Випдомет™ препаратын бала емізетін әйелдер үшін сақтықпен қолдану керек.

Бала жастағы пациенттер

Випдомет™ препаратын 18 жасқа дейінгі балаларда және жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Пациенттердің бұл санатында Випдомет™ препаратын пайдалану туралы қандай да бір деректер жоқ.

Егде жастағы пациенттер ( ≥ 65 жас):

Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеуі болуының ықтималдығы жоғары. Метформин бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға қарсы көрсетілімде болуына байланысты егде пациенттерде бүйрек функциясына мұқият мониторинг жүргізу керек, және Випдомет™ препаратын жасы ұлғайған сайын аса сақтықпен қолдану керек.

Алоглиптин:

Алоглиптиннің қауіпсіздігі мен тиімділігінің клиникалық зерттеулеріне қатысқан барлық (N=8507) пациенттер арасында, 2064 (24,3%) пациент 65 жаста және одан үлкен және 341 (4%) пациент 75 жаста және одан үлкен жаста болды. Негізінде 65 жаста және одан үлкен пациенттер және одан жасырақ жастағы пациенттер арасында қауіпсіздігі мен тиімділігінің айырмашылығы байқалмаған.

Метформин:

Метформиннің бақыланатын зерттеулеріне 65 жас және одан үлкен жастағыларды жасырақ жастағы пациенттермен салыстырғанда олардағы емге реакцияның айырмашылығын тиісінше анықтау үшін сынақтағылар саны жеткілікті болмады. Алайда клиникалық қолдану тәжірибесінде егде пациенттер мен жасырақ жастағы пациенттермен емге реакцияда айырмашылығы анықталмады.

Метформинді бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде ғана қолдану керек.

Метформиннің бастапқы және демеуші дозалауы егде жастағы пациенттерде оларда бүйрек функциясы төмен болуының потенциалды мүмкіндігі салдарынан консервативтік болуы тиіс

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Випдомет™ препараты автомобиль және басқа да механизмдерді басқару қабілетіне елеулі әсер етпейді. Дегенмен, пациенттерді, әсіресе препаратты инсулинмен немесе пиоглитазонмен үйлесімде пайдаланғанда гипогликемия даму қаупі туралы ескерту керек.

Артық дозалануы

Випдомет™ препаратының артық дозалануына қатысты деректер жоқ.

Алоглиптин:

Клиникалық зерттеулер кезінде алоглиптин келесі жоғары дозаларда: дені сау еріктілерге бір реттік доза 800 мг және 2 типті қант диабеті бар пациенттерге 14 тәулік бойына тәулігіне бір рет 400 мг (ұсынылған 25 мг тәуліктік дозадан тиісінше 32 және 16 есе астам) қолданылды. Жоғарыда келтірілген дозаларда қолданғанда күрделі жағымсыз реакциялар туындауы бақыланбады.

Артық дозаланған жағдайда, клиникалық мониторинг жүргізу керек және пациент жай-күйіне сәйкес демеуші ем тағайындау керек. Клиникалық бағалаудан кейін асқазан-ішек жолдарынан сіңбеген заттарды шығару көрсетілуі мүмкін.

Алоглиптин азғана диализденеді; гемодиализдің үш сағаттық сеансы кезінде препараттың шамамен 7% шығарылады. Сондықтан артық дозалану кезінде гемодиализ тағайындалуы мақсатқа сай емес. Алоглиптинді перитонеальді диализ жолымен жою мүмкіндігі белгісіз.

Метформин:

Метформиннің артық дозалануы туралы бірнеше жағдай, оның ішінде препаратты ішке 50 граммнан астам мөлшерде қабылдау нәтижесіндегісі тіркелген. Метформиннің артық дозалануының шамамен 10% жағдайында

гипогликемия бақыланған (алайда оның препарат қабылдаумен байланысы анықталмаған); 32% жағдайда – лактатацидоз анықталды. Метформин диализде шығарылады (тұрақты гемодинамика жағдайында клиренс 170 мл / мин дейін). Сондықтан гемодиализ метформинмен артық дозалануға күдік болған пациенттерде пайдалы болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ал/Ал үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 7 таблеткадан салынған.

8 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Такеда Фармасьютикал Компани Лимитед, Осака Плант, Жапония

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Такеда Фармасьютикалс АҚШ, Инк., АҚШ

Қаптаушы-ұйымның және сапасын бақылаушының атауы мен елі

Пэкеджинг Координаторс, ЖШҚ, АҚШ

Шығару сапасын бақылаушы:

Такеда Айлэнд Лтд., Ирландия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Компанияның өкілдігі

Қазақстандағы «Takeda Osteuropa Holding GmbH» (Австрия)

Алматы қ., Шашкин к-сі 44

Телефон нөмірі (727) 2444004,

Факс нөмірі (727) 2444005

Электронды поштасы: DSO-KZ@takeda.com

 

Прикрепленные файлы

089081691477976527_ru.doc 180 кб
975723291477977691_kz.doc 215 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники