Винпоцетин (0.005 г, Опытный завод ГНЦЛС ООО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Винпоцетин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Винпоцетин
Дәрілік түрі
0,005 г таблеткалар
Құрамы
белсенді зат - 0,005 г винпоцетин,
қосымша заттар: тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, магний стеараты.
Сипаттамасы
Ақ немесе сәл сұр реңді ақ түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы.
Психоаналептиктер. Психостимуляторлар мен ноотроптар. Басқа да психостимуляторлар мен ноотроптар. Винпоцетин.
АТХ коды N06BX18
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағанда Винпоцетин асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді. Қандағы ең жоғарғы концентрациясына 1 сағаттан соң жетеді. Биожетімділігі 7% құрайды. Таралу көлемі - 3-8 л. Қан плазмасы ақуыздарымен 66% байланысады. Гистогематикалық бөгеттер арқылы, соның ішінде гематоэнцефалдық бөгет арқылы, сондай-ақ плацента арқылы оңай өтеді және емшек сүтіне бөлінеді. Бауырда бірнеше метаболиттер түзе отырып метаболизденеді, олардың негізгілері аповинкамин қышқылы мен гидроксивинпоцетин болып табылады. Несеппен және өтпен, негізінен глюкурон қышқылымен конъюгацияланған метаболиттер түрінде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 4,8 сағатты құрайды.
Винпоцетинде гепато- және нефроуытты әсердің жоқтығының арқасында, бауыр және бүйрек аурулары бар науқастарда дозасын түзету қажет емес.
Фармакодинамикасы
Винпоцетин – церебропротекторлық дәрі. Ми қанайналымын, қанның реологиялық қасиеттерін және ми метаболизмін жақсартады, ми тіндерінің ишемияның зақымдағыш әсеріне төзімділігін арттырады.
Әсері кешенді әсер ету механизмінің есебінен жүзеге асады. Мидағы қан ағымы мен минуттық қан көлемінің церебральді фракциясын іріктеп күшейтеді, жүйелі қан ағымына әсер етпей-ақ, ми қантамырларының кедергісін төмендетеді, (артериялық қысым, минуттық қан көлемі, тамыр соғысының жиілігі, қантамырлардың жалпы шеткергі кедергісі). Ең алдымен, «тоналу» феноменін тудырмай-ақ, мидың зақымданған, ишемияланған аймағының қанмен қамтылуын күшейтеді, бұл кезде сау аймақтың қанмен жабдықталуын өзгертпейді.
Мидағы микроциркуляцияны жақсартады, тромбоциттер агрегациясын тежейді, қанның жоғары тұтқырлығын төмендетеді, эритроциттердің созылғыштығын арттырады және олардың аденозинді жұтуын бөгейді.
Гипоксия кезінде ми тіндеріндегі көтермелегіш аминқышқылдармен зақымданған цитологиялық реакциялардың айқындығын азайтады, жасушалық трансжарғақшалық натрий және кальций өзектерінің функционалдық белсенділігін тежейді, аденозиннің нейропротекторлық әсерін әлеуеттендіреді. Оған тектес эритроциттердің төмендеуі салдарынан, оттегінің тіндерге тасымалдануына ықпал етеді. Глюкозаның гематоэнцефалдық бөгет арқылы тасымалдануын көтермелейді және анағұрлым пайдалы аэробтық жолына ауыстыра отырып, оның метаболизмін күшейтеді. Са2+-кальмодулинге тәуелді цГМФ-фосфодиэстеразаны іріктеп тежейді, ми тіндеріндегі цАМФ және цГМФ концентрациясын, АТФ мөлшерін және АТФ/АМФ арақатынасын арттырады. Норадреналин мен серотониннің церебральді метаболизмін, сондай-ақ төменнен жоғарылаған норадренергиялық жүйені көтермелейді, тотығуға қарсы әсер етеді.
Қолданылуы
- ми қанайналымының неврологиялық немесе психикалық бұзылыстарымен қатар жүретін бұзылуларының көптеген түрлерінде (инсульттен кейінгі жағдайларда, қантамырлық деменцияда, вертебро-базилярлық жеткіліксіздікте, ми қантамырларының атеросклерозында, жарақаттан кейінгі және гипертензивтік энцефалопатияда)
- көздің қантамырлы қабығы мен торқабығының созылмалы қантамыр ауруларында
- естудің перцептивтік сипаттағы төмендеуінде, Меньер ауруында, құлақтағы шуылда
Қолдану тәсілі мен дозалары
Винпоцетинді ішке ересектерге 0,005-0,01 г-ден (1-2 таблеткадан) күніне 3 рет қабылдайды. Жақсаруы әдетте 1-2 аптадан кейін басталады.
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
- лейкопения, тромбоцитопения, анемия, эритроциттердің агглютинациясы
- аллергиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық
- гиперхолестеринемия, тәбеттің төмендеуі, анорексия, қант диабеті
- ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, эйфория, депрессия
- ұйқышылдық, бас айналуы, бас ауыруы, дисгевзия, ступор, гемипарез, амнезия, тремор, құрысулар
- көру жүйкесі дискісінің ісінуі, конъюнктива гиперемиясы
- миокард ишемиясы/инфарктісі, стенокардия, брадикардия, тахикардия, экстрасистолия, жүректің қағу сезімі, аритмия, жүрекшелердің фибриляциясы, артериялық гипертензия/гипотензия, ысынулар, тромбофлебит, артериялық қысымның ауытқулары, ST сегментінің депрессиясы, QT аралығының ұзаруы, алайда мұндай жағымсыз әсері мен винпоцетинмен емдеу арасында себептік байланыстың бар екендігі дәлелденбеген, өйткені табиғи популяцияда бұл симптомдар дәл осындай жиілікпен байқалады, терінің қызаруы
- іштегі жайсыздық сезімі, абдоминальді ауыру, іштің қатуы, диарея, диспепсия, құсу, дисфагия, стоматит, жүрек айнуы, құсу, қыжыл, ауыздың құрғауы
- эритема, гипергидроз, қышыну, есекжем, бөртпе, дерматит
- жалпы әлсіздік (симптомдары негізгі аурудың көріністері болуы мүмкін), астения, қатты қажу, ысыну сезімі, кеуде қуысындағы жайсыздық, гипотермия
- қандағы триглицеридтер деңгейінің артуы, эозинофилдер санының азаюы/артуы, бауыр ферменттері деңгейінің бұзылуы, эритроциттер санының азаюы, лейкоциттер санының азаюы/артуы, протромбин уақытының азаюы, дене салмағының жоғарылауы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
- жүректің ишемиялық ауруының ауыр көріністері
- жүрек аритмиялары
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балаларға (клиникада қолданылу тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Винпоцетинді -блокаторлармен (хлоранололмен, пиндололмен), клопамидпен, глибенкламидпен, дигоксинмен, аценокумаролмен немесе гидрохлоротиазидпен клиникалық зерттеулерде бір мезгілде қолдану олардың арасындағы қандай-да бір өзара әрекеттесулермен қатар жүрмеген.
Винпоцетин мен -метилдопаны бір мезгілде қолдану кейде гипотензивтік әсерінің біраз күшеюіне себеп болған, сондықтан мұндай емдеуде артериялық қысымды жүйелі түрде бақылап отыру керек.
Өзара әрекеттесу мүмкіндігін растайтын клиникалық зерттеу мәліметтерінің жоқтығына қарамастан, винпоцетинді орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттармен, аритмияға қарсы және антикоагулянттық дәрілермен бір мезгілде тағайындағанда сақ болу ұсынылады.
Айрықша нұсқаулар
Аритмияның ауыр түрлері, стенокардиясы және жүректің айқын ишемиялық ауруы бар емделушілерге сақтықпен тағайындайды.
QT аралығының ұзаруы синдромының болуы және QT аралығының ұзаруын тудыратын препараттарды қабылдау, электрокардиограмманы (ЭКГ) жүйелі түрде бақылап отыруды қажет етеді.
Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан оны галактозаны көтере алмаушылықтың аса сирек тұқым қуалайтын түрлері, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар емделушілерге тағайындамау керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.
Емдеу кезінде автокөлік жүргізгенде және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін басқа қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданғанда сақ болу қажет.
Артық дозалануы
Бүгінгі күнге дейін артық дозаланған жағдайлары тіркелмеген.
Уыттану туындаған жағдайда асқазанды шаю ұсынылады. Белсенділендірілген көмірді қабылдау, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбір мен бір жағы термолакпен қапталған және екінші жағында мөрі бар алюминий фольгадан немесе баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе негізі жоқ алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
“Тәжірибе зауыты“ДЗМҰО” ЖШҚ.
Украина, Харьков қ., Воробьев к-сі, 8.
Тіркеу куәлігінің иесі
“ Тәжірибе зауыты“ДЗМҰО” ЖШҚ.
Украина, Харьков қ., Воробьев к-сі, 8.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Мекенжайы: “ Тәжірибе зауыты“ДЗМҰО” ЖШҚ.
Украина, Харьков қ., Воробьев к-сі, 8.
Телефон: 752-30-17
Факс: 752-30-17
Электронды поштасы: phoenix@gncls.com
Қазақстан Республикасы аумағындағы сенімді тұлға
Мекенжайы: «Медсервис Плюс КФК» ЖШС
050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мәметова к-сі, 54
Телефон/факс: (727) 279 98 21
Электронды поштасы: pharmanadzor@medservice.kz