Викс Актив Бальзам с ментолом и эвкалиптом

МНН: Камфора, Левоментол, Масло терпентинное, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Проктер & Гэмбл Мануфакчуринг ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020590
Информация о регистрации в РК: 29.11.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Викс Актив Бальзам ментолмен және эвкалиптпен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай

Құрамы

100 г жақпамай құрамында

белсенді заттар: левоментол 2.75 г,

камфора 5.0 г,

эвкалипт майы 1.50 г,

терпентин майы 5.0 г

қосымша заттар: тимол, самырсын майы, ақ жұмсақ парафин.

Сипаттамасы

Өзіне тән хош иісі бар ақтан аздап сарылау түске дейінгі жұмсақ жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын жоюға арналған басқа да препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көрсетілген дозаларда қолданған кезде фармакокинетикалық қасиеттерді зерттеу қандағы терпендердің төтенше төмен деңгейін көрсетеді, алайда жылдам плазмалық клиренс байқалады. Препаратты зерттегенде препараттың ұсынылған дозасынан артық қолданған кезде негізінен камфора мен левоментолдың фармакокинетикалық бейіні зерттелді. Қан плазмасындағы концентрациясы төмен болып қалды және зерттеу кезінде препараттың жинақталуы байқалмады. Аталған мәліметтер жүйелі уытты әсерлердің болуы екіталай екенін көрсетеді.

Фармакодинамикасы

Әсері құрамына кіретін белсенді компоненттермен негізделетін біріктірілген препарат. Тыныс алу жолдарының аурулары кезінде жергілікті тітіркендіргіш, антисептикалық, қабынуға қарсы, ісінуге қарсы жергілікті қолдануға арналған дәрі. Мұрынның бітелуін жояды және 8 сағат бойы тыныс алуды жеңілдетеді.

Камфора, эвкалипт және терпентин майы сыртқа қолдану кезінде жергілікті тітіркендіргіш әсер көрсетеді.

Ментол қан тамырларды кеңейте және жаққан жерді орташа ауыруды басатын әсерімен салқындата отырып суық тию симптомдарын азайтады. Ментол және камфора мұрынжұтқыншақ шырышының ісінуін төмендетеді және орташа ауыруды басатын әсерімен жөтелді жеңілдетеді.

Эвкалипт және терпентин майы жөтелуге ықпал ете отырып, шырышты секреттің жоғарғы тыныс алу жолдарына бөлінуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

- тұмаумен, мұрын бітелуімен, жөтелмен және тамақ ауыруымен қатар жүретін жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну және жұқпалы-қабыну ауруларының симптомдарын жеңілдету үшін кешенді ем құрамында қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа.

Викс Актив Бальзам ментолмен және эвкалиптпен ересектер мен 2 жастан асқан балаларда қолданылады.

Жақпамайдың аздаған мөлшері тәулігіне 2-4 рет, дұрысы ұйықтар алдында, тұмау және мұрын бітелуінде кеуденің жоғарғы және ортаңғы бөлігіне, жөтел кезінде арқаның жоғарғы және ортаңғы бөлігіне, жөтел және тамақ ауырғанда мойын аумағына жағылады. Препараттың буын ішке жұту мүмкін болғандықтан матамен жабу ұсынылмайды.

Ингаляция.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларда қолданылады. 1 шәй қасық жақпамайды ыстық суда (қайнаған емес) ерітеді және 10-15 минут бойы буын ішке жұтады. Қоспаны қыздыру немесе микротолқынды пеште қайта жылыту ұсынылмайды.

Емдеу курсы 5 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- жаққан жерде тері бөртпесі түріндегі аллергиялық реакциялар, есекжем, тітіркену және тері гиперемиясы

- көзден жас ағу, көздің тітіркенуі (ингаляция кезінде)

- бронхоспазм, ларингоспазм

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық

- сыртартқыдағы тыныс алу жолдарының аурулары (ларингоспазм, бронхоспазм, бронх демікпесі, көкжөтел, жедел стеноздалатын ларинготрахеит)

- шылым шегумен байланысты созылмалы жөтел

- өкпе эмфиземасы

- тері аурулары және болжамды жаққан жердегі тері зақымдануы

- эпилепсия және құрысудың дамуына бейімділік

- жедел пневмония

- жүктілік және лактация кезеңі

- 2 жасқа дейінгі балаларға

- ингаляция үшін 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Деректер жоқ

Айрықша нұсқаулар

Препарат тек сыртқа қолдануға арналған.

Ішке қабылдауға болмайды!

Жақпамайды шырышты қабықтарға (әсіресе, көздің, мұрынның және ауыздың), күйген беткейлерге және зақымданған теріге жағуға болмайды. Байқаусызда көзге немесе шырышты қабыққа түскен жағдайда көп мөлшердегі сумен жуу керек. Сүрткеннен кейін препарат қолданылған аумақты қамтитын киім қатты қыспауы қажет. Егер 5 күн ішінде симптомдардың жақсаруы байқалмаса дәрігерге қаралу ұсынылады.

Жүктілік және лактация

Жүкті және бала емізетін әйелдерде препаратты қолдану туралы деректер болмағандықтан аталған препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Көлік құралдарын немесе басқа да аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жаққан жерде терінің тітіркенуі, бронхоспазм, ларингоспазм. Препаратты байқаусызда ішке қабылдаған жағдайда мыналар байқалады:

жүрек айнуы, құсу, іштің спастикалық ауыруы, диарея, бас ауыруы, қатты бас айналу, беттің қызаруы, ыстықты сезіну, тыныс алудың қиындауы, делирий, құрысулар, орталық жүйке жүйесі қызметінің нашарлауы, кома.

Емі: жақпамайдың артық қалған мөлшерін дәке немесе өсімдік майына салынған қағаз көмегімен кетіруге болады. Бронхоспазм немесе ларингоспазм кезінде дереу дәрігерге қаралу қажет. Препаратты байқаусызда ішке қабылдаған жағдайдағы бірінші көмек белсендірілген көмір, тұзды іш жүргізгіштер қабылдау және асқазанды шайқау. Дереу дәрігер көмегіне жүгіну қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г немесе 100 г препараттан біріктірілген материалдан жасалған төсемесі бар жасыл түсті бұралатын қақпақпен тығындалған көк түсті мөлдір емес банкіге салынады.

Банкі медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші-ұйымның атауы және елі

Procter & Gamble Manufacturing GmbH, Германия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Teva Pharmaceutical Industries LTD, Израиль

Қаптаушы-ұйымның атауы және елі

Procter & Gamble Manufacturing GmbH, Германия

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнім жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Казахстан» ЖШС

Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы 19,

«Нұрлы- Тау» БО 1Б блок, № 603 кеңсе

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail: teva@teva.co.il

Прикрепленные файлы

369314161477976699_ru.doc 63.5 кб
483825611477977835_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники