Визарсин® Ку-Таб® (50 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Визарсин® Ку-таб®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Силденафил
Дәрілік түрі
Соруға арналған 50 мг, 100 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 50 мг немесе 100 мг силденафил ,
қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, маннитол (Е421), аспартам (Е951), неогесперидин дигидрохалкон, масақты жалбыз хош иістендіргіші, бұрыш жалбызының хош иістендіргіші, кросповидон, кальций силикаты, магний стеараты
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті, екі жақ беті сәл дөңес және қою түсті дақтары болуы мүмкін таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған спазмолитиктерді қоса, басқа да препараттар. Эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған препараттар. Силденафил.
АТХ коды G04BE03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Силденафил тез сіңеді. Ішке ашқарынға қабылдаған кезде ең жоғары плазмалық концентрацияға 30-120 минут ішінде жетеді (медианасы 60 минут). Абсолютті биожетімділігі орта есеппен 40%-ға жуықты (25-63%) құрайды. Ішке қабылдағаннан кейін силденафилдің "концентрация - уақыт" қисығы астындағы ауданы (AUC) және ең жоғары концентрациясы (Cmax) ұсынылған дозалар диапазонында (25-100 мг) дозаға пропорционалды түрде артады.
Силденафилді аспен бірге қабылдағанда оның сіңу жылдамдығы төмендейді, ең жоғары концентрацияға жету уақыты (Tmax) орта есеппен 60 минутқа артады, ал Cmax шамамен 29%-ға төмендейді.
Таралуы
Силденафилдің таралу көлемі (Vd) тепе-теңдік жағдайында 105 л-ге жуықты құрайды, бұл оның тіндерге енгенін білдіреді. Ішке бір рет 100 мг қабылдағаннан кейін, силденафилдің орташа ең жоғары жалпы концентрациясы шамамен 440 нг/мл (CV 40%) құрайды. Силденафил (және оның негізгі айналымдағы Nдесметилді метаболиті) плазма ақуыздарымен 96%-ға байланысатын болғандықтан, силденафилдің бос фракциясының орташа плазмалық концентрациялары 18 нг/мл (38 нM) құрайды. Ақуыздармен байланысуы препараттың жалпы концентрациясына байланысты емес.
Метаболизмі
Силденафил негізінен бауырдың CYP3A4 (негізгі жолы) және CYP2C9 (қосымша жолы) микросомальді изоферменттерінің әсерімен метаболизденеді. Негізгі айналымдағы белсенді метаболит силденафилдің N-деметилденуі нәтижесінде түзіледі. Бұл метаболитте силденафил бейініне ұқсас фосфодиэстеразаларға селективтілігінің бейіні бар, ал оның ФДЭ5-ке қатысты белсенділігі негізгі заттың белсенділігінің шамамен 50%-ын құрайды. Қан плазмасындағы метаболит концентрациясы силденафил концентрациясының 40%-ға жуығын құрайды. N-деметилденген метаболит әрі қарай метаболизмге ұшырайды; оның жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 4 сағатқа жуықты құрайды.
Шығарылуы
Организмдегі силденафилдің жалпы клиренсі сағатына 41 л құрайды, ал терминальді жартылай шығарылу кезеңі – 3-5 сағат. Ішке қабылдағаннан кейін немесе көктамыр ішіне енгізгеннен кейін силденафил метаболиттер түрінде, негізінен, нәжіспен бірге (дозаның шамамен 80%-ы) және аз дәрежеде несеппен бірге (дозаның шамамен 13%-ы) шығарылады.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде (65 жас және одан астам) силденафилдің клиренсі төмендеген, ал силденафилдің және оның белсенді N-десметил-метаболитінің концентрациясы плазмада шамамен 90%-ға жоғары. Жасқа байланысты қан плазмасы ақуыздарымен байланысуындағы айырмашылықтарға байланысты, силденафилдің плазмалық концентрациясының тиісінше жоғарылауы 40%-ды құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежелі бұзылған (креатинин клиренсі 30 -80 мл/мин) пациенттерде оны 50 мг дозада бір рет ішу арқылы қолданғанда силденафилдің фармакокинетикасы өзгермеген күйінде қалды.
Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде силденафилдің клиренсі төмендеді, бұл бүйрек функциясы бұзылмаған жасы осындай ерікті адамдардағымен салыстырғанда, AUC және Cmax мәндерінің тиісінше 100%-ға және 88%-ға орташа жоғарылауына әкелді. Бұдан басқа, N-деметилденген метаболиттің AUC және Cmax мәндері тиісінше елеулі түрде 79%-ға және 200%-ға артты.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А және В кластары) бауыр циррозы бар пациенттерде силденафилдің клиренсі төмендеді, бұл бауыр функциясы бұзылмаған жасы осындай ерікті адамдардағымен салыстырғанда, AUC (84%) және Cmax (47%) мәндерінің жоғарылауына әкелді. Бауыр функциясының ауыр дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде силденафилдің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.
Фармакодинамикасы
Визарсин® Ку-таб® эректильді функцияның бұзылуының ішу арқылы еміне арналған. Табиғи жағдайларда, яғни сексуалдық стимуляция бар кезде, ол бұзылған эректильді функцияны жыныс мүшесіне келетін қан ағысын күшейту есебінен қалпына келтіреді.
Жыныс мүшесінің эрекциясының негізінде жатқан физиологиялық үдеріске сексуалдық стимуляцияның әсерінен кавернозды денеде азот тотығының босап шығуы жатады. Азот тотығы (NO) гуанилатциклаза ферментін белсенді етеді және циклдік гуанозин монофосфат (цГМФ) мөлшерін арттырады, бұлар кавернозды дененің тегіс бұлшықеттерін босаңсытады және оның қанмен толуына мүмкіндік береді.
Визарсин® Ку-таб® – кавернозды денедегі 5-ші типті спецификалы фосфодиэстераза (ФДЭ5) - циклогуанозинмонофосфаттың (цГМФ) селективті тежегіші, онда ФДЭ5 цГМФ-тің ыдырауына жауап береді. Визарсин® Ку-таб® эрекцияға шеткері әсер береді.
Визарсин® Ку-таб® препаратының адамның оқшауланған кавернозды денесін тікелей босаңсытатын әсері жоқ, бірақ осы тінде NO босаңсытатын әсерін күшейтеді. Сексуалдық стимуляцияның әсерінен NO/цГМФ байланысы белсенділенгенде, ФДЭ5-тің силденафилмен басылуы кавернозды денеде цГМФ-тің жоғарылауына әкеледі. Осылайша, силденафилдің қалаулы фармакологиялық әсерін туындату үшін сексуалдық стимуляция қажет.
Қолданылуы
- қанағаттанарлық жыныстық қатынасқа жету үшін жыныс мүшесінің эрекциясына жеткізуде және сақтауда қабілетсіздік білдіретін еркектерде эректильді функцияның бұзылуын емдеу үшін
Визарсин® Ку-таб® препаратының әсерін туындату үшін сексуалдық стимуляция қажет.
Қолдану тәсілі және дозалары
Дозалануы
Ересектерге қолданылуы
Қажет болғанда, жыныстық белсенділіктен бір сағат бұрын қабылданатын ұсынылатын доза 50 мг құрайды.
Тиімділігіне және жағымдылығына байланысты, дозаны 100 мг-ге дейін арттыруға немесе 25 мг-ге дейін төмендетуге болады. Ең жоғары ұсынылатын доза 100 мг құрайды. Препаратты қабылдаудың ең жоғары тиісті жиілігі – тәулігіне бір ретті құрайды. Визарсин® Ку-таб® препаратын аспен бірге қабылдағанда, препараттың әсері ашқарынға қабылдаған кездегіден кештеу дамуы мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағыларға қолданылуы
Егде жастағы пациенттерде (жасы ≥ 65 жас) дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолданылуы
«Ересектерге қолданылуы» бөлімінде айтылған дозалар бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа зақымданулары бар (креатинин клиренсі = 30-80 мл/мин) пациенттерге де қолданылады.
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде силденафилдің клиренсі аз болатындықтан, препаратты қолдануды 25 мг дозада бастау керек. Препараттың тиімділігіне және жағымдылығына байланысты, қажет болғанда дозаны 50 мг-ге немесе 100 мг-ге дейін сатылап арттыруға болады.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауырдың жеткіліксіздігі бар (мысалы, циррозы бар) пациенттерде силденафил клиренсі төмендеген, препаратты қолдануды 25 мг дозадан бастау керек. Препараттың тиімділігіне және жағымдылығына байланысты, қажет болғанда дозаны 50 мг-ге немесе 100 мг-ге дейін сатылап арттыруға болады.
Балалар және жасөспірімдер
Визарсин® Ку-таб® препаратын 18 жасқа жетпеген жасөспірімдерге қолдану қарсы көрсетілімде.
қолданылуы
Силденафилмен бір мезгілде қолдануға ұсынылмайтын ритонавирді қоспағанда, CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге препаратты 25 мг дозадан бастау ұсынылады.
Постуральді гипотензияның пайда болу ықтималдығын азайту үшін, силденафил қабылдар алдында альфа-блокаторлармен ем алатын пациенттерге альфа-блокаторлармен емде тұрақты жағдайға қол жеткізу қажет. Бұдан басқа силденафил қолдануды 25 мг дозадан бастау керек.
Қолдану тәсілі
Ішке қабылдауға арналған.
Соруға арналған таблетканы тілдің үстіне ауызға салған жөн, онда ол сілекейдің әсерімен тез ыдырайды, жұтуға оңай болады. Оны сұйықтықпен немесе онсыз қабылдауға болады. Соруға арналған таблетканы ауыздан алып тастау қиын. Соруға арналған таблеткалар сынғыш болғандықтан, оларды блистерді ашқан бойда бірден қабылдаған жөн.
Соруға арналған Визарсин® Ку-таб® таблеткаларын, үлбірлі қабықпен қапталған таблетканы жұтуда қиналатын пациенттерге, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларға балама ретінде пайдалануға болады.
Жағымсыз әсерлері
Төменде олардың пайда болу жиілігі бойынша жіктелген өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100- < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін) және сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1000) жағымсыз әсерлері тіркелген.
Өте жиі
- бас ауыру
Жиі
-
бас айналуы
-
түрлі түсті қабылдаудың бұрмалануы (хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия, ксантопсия), көру бұзылыстары, анық көрмеу
-
гиперемия, қан кернеулері
-
мұрын бітелуі
-
жүрек айнуы, диспепсия
Жиі емес
-
ринит
-
аса жоғары сезімталдық
-
ұйқышылдық, гипестезия
-
жас ағуына байланысты бұзылулар (көз құрғауы, көз безі функциясының бұзылуы, жас ағудың көбеюі), көз ауыруы, фотофобия, фотопсия, көз тамырларының гиперемиясы, көрудің анықтығы, конъюнктивит
-
кеңістікте бағдар жоғалту (вертиго), құлақтағы шуыл
-
тахикардия, жүрек қағуын сезіну
-
артериялық гипертензия, артериялық гипотензия
-
мұрыннан қан кету, мұрынның қосалқы қойнауларының бітелуі
-
гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыз құрғауы
-
бөртпе
-
миалгия, аяқ-қол ауыруы
-
гематурия
-
кеуденің ауыруы, қатты қажығыштық, ысынулар сезіну
-
жүрек жиырылуының жоғары жиілігі
Сирек
-
ми қан айналымының жедел бұзылуы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, құрысу ұстамалары*, құрысу ұстамаларының қайталанулары*, естен тану
-
көру жүйкесінің артеритті емес алдыңғы ишемиялық нейропатиясы*, торлы қабық тамырларының окклюзиясы*, торлы қабыққа қан құйылуы, артериялық склероздық ретинопатия, торлы қабық аурулары, глаукома, көру аумағының ақауы, диплопия, көру жітілігінің төмендеуі, миопия, астенопия, шыны тәрізді дененің күңгірттеніп бұлыңғырлануы, нұрлы қабық аурулары, мидриаз, көру аумағында нұрлы дөңгелектер болуы, көз ісінуі, көз домбығуы, көру бұзылыстары, конъюнктивальді гиперемия, көз тітіркенуі, көздегі әдеттегіден тыс сезімдер, қабақ ісінуі, ақ қабық түсінің өзгерісі
-
кереңдік
-
кенеттен жүректен болатын өлім*, миокард инфарктісі, қарыншалық аритмия*, жүрекше фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия
-
тамақта қысылу сезіну, мұрын ісінуі, мұрын шырышының құрғауы
-
оральді гипестезия
-
Стивенс - Джонсон* синдромы, уытты эпидермальді некролиз*
-
жыныс мүшеден қан кету, приапизм*, гематоспермия, эрекция күшеюі
-
ашушаңдық
*тіркеуден кейінгі бақылау уақытында ғана тіркелген жағымсыз әсерлер.
Болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтер хабарламасы
Дәрілік препаратты тіркеуден кейін анықталған болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтер хабарламасының маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасының мониторингін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Медициналық қызметкерлерін және пациенттерді кез келген жағымсыз реакциялар туралы осы медициналық қолдануы жөніндегі нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжайына хабарлауын өтінеді.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
- азот тотығының донаторлары (амилнитрит) болып табылатын препараттарды немесе кез келген түрдегі нитраттарды бір мезгілде қабылдау
-
гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қабылдау
-
ауыр бауыр жеткіліксіздігі
-
көздің торлы қабығының тұқым қуалайтын дегенеративті аурулары (мысалы, тұқым қуалайтын пигментті ретинит (бұл пациенттердің аздаған санында торлы қабық фосфодиэстеразасы функциясының тұқым қуалайтын бұзылуы болады))
-
көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы салдарынан бір көз көрмей қалуы, бұл эпизод осының алдында ФДЭ-5 тежегіштерін қолдануына тәуелді болды ма немесе жоқ па оған байланыссыз
-
артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм сын. бағ.)
-
ауыр жүрек - қан тамыр аурулары (мысалы, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия)
-
соңғы 6 айда өткерген миокард инфарктісі
-
соңғы 6 айда өткерген инсульт
-
CYP3A4 изоферменті тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, эритромицин, саквинавир, кларитромицин)
-
Өкпенің артериялық гипертензиясын (бозентан, илопрост) емдеуге арналған препараттарды және құрамында силденафил немесе кез келген басқа ФДЭ-5 тежегіштері бар препараттарды бір мезгілде қабылдау
-
сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар еркектерге
-
эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа да ішу арқылы қабылданатын немесе жергілікті дәрілермен бір мезгілде қабылдау
Сақтықпен:
-
жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (оның ішінде, ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы)
-
приапизм дамуына бейімдейтін аурулар (орақ жасушалы анемия сияқты (қызыл қан денешіктерінің аномалиясы), көптеген миелома (сүйек кемігінің обыры) немесе лейкемия (қан жасушаларының обыры))
-
қан ұюының мәселелері (гемофилия)
-
қан кетумен қатар жүретін аурулар
-
асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршуі
-
альфа-адреноблокаторлар тобының препараттарымен бір мезгілде қабылдау
Тіркелген көрсетілімдер бойынша препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде және әйелдерде қолдануға арналмаған.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Силденафилдің метаболизмі көбіне Р450 цитохромының (CYP) 3A4 изотүрінің (негізгі жолы) және 2C9 изотүрінің (қосалқы жолы) қатысуымен жүреді. Сондықтан осы изоферменттердің тежегіштері силденафилдің клиренсін төмендетуге қабілетті.
Силденафилді және CYP 3A4 тежегіштерін (мысалы, кетоконазол, эритромицин, циметидин сияқты) бір мезгілде қолданғанда силденафилдің клиренсі төмендейді.
Силденафилді және CYP 3A4 тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда жағымсыз құбылыстар жиілігінің өсуі байқалмаса да, силденафилдің тиісті бастапқы дозасы 25 мг құрайды.
Тепе-тең концентрация жағдайындағы АИТВ-протеаза тежегіштері - ритонавирді (тәулігіне 2 рет 500 мг), Р450 өте күшті тежегішін және силденафилді (бір реттік 100 мг доза) бір мезгілде қолдану силденафилдің Cmax мәнінің 300%-ға (4 есе) жоғарылауына және силденафилдің плазмалық AUC мәнінің 1000%-ға (11 есе) жоғарылауына әкеледі. Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Осы фармакокинетикалық деректерді ескеріп, силденафил мен ритонавирді бір мезгілде қолдануға болмайды, және кез келген жағдайда силденафилдің ең жоғары дозасы ешқандай жағдайда 48 сағат бойы 25 мг-ден аспауы тиіс.
Тепе-тең концентрацияны қамтамасыз ететін дозада АИТВ протеаза тежегіші - саквинавирді (тәулігіне 3 рет 1200 мг) - CYP 3A4 тежегішін және силденафилді (бір реттік 100 мг) бір мезгілде қолдану силденафилдің Cmax мәнінің 140%-ға жоғарылауына және силденафилдің жүйелік экспозициясының (AUC) 210%-ға артуына әкелді. Саквинавирдің фармакокинетикасына силденафилдің ықпалы анықталған жоқ. Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP 3A4 өте күшті тежегіштерінің өте айқын ықпалы бар деп болжам жасалады.
Силденафилді (бір рет 100 мг) және эритромицинді - CYP 3A4 арнайы тежегішін, тепе-тең жағдайда (5 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг) қолданғанда силденафилдің AUC мәнінің 182%-ға жоғарылағаны байқалды. Азитромициннің (3 тәулік бойы тәулігіне 500 мг) AUC, Cmax, Tmax мәндеріне, элиминация жылдамдығының константасына және әрі қарай силденафилдің немесе оның негізгі айналымдағы метаболитінің T½ ықпалы байқалған жоқ. 800 мг доза циметидин (Р450 цитохромының тежегіші және CYP 3A4 өзіне тән емес тежегіші) 50 мг доза силденафилмен бір мезгілде қолданғанда силденафилдің плазмалық концентрациясын 56%-ға арттырады.
Грейпфрут шырыны ішек қабырғасында CYP 3A4 әлсіз тежегіші болып табылады және силденафилдің плазмалық деңгейін орташа төмендетуі мүмкін.
Антацидтік дәрілерді (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) бір рет қолдану силденафилдің биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.
Барлық дәрілік заттармен спецификалық өзара әрекеттесуге зерттеу жүргізілмесе де, популяциялық фармакокинетикалық талдама деректері бойынша, силденафилдің фармакокинетикасы оның CYP 2C9 тежегіштері (толбутамид, варфарин, фенитоин), CYP 2D6 тежегіштері (серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер, үшциклдік антидепрессанттар), тиазидтік және тиазидке ұқсас диуретиктер, ілмектік және калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензинге өзгертуші фермент тежегіштері, кальций антагонистері, β-адренорецепторлардың антагонистері немесе CYP 450 метаболизмінің индукторлары (рифампицин, барбитураттар сияқты) тобындағы дәрілік заттармен бір мезгілде қолдағанда өзгерген жоқ.
Никорандил кальций өзекшелерінің және нитраттың белсенділендіргішінің гибриді болып табылады. Нитратты компоненттің болуы оның силденафилмен күрделі өзара әрекеттесуі мүмкін екендігін алдын ала анықтай алады.
Силденафилдің басқа дәрілік заттарға ықпалы
Силденафил – P450 цитохромының 1A2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3А4 (ТК50 >150 мкмоль) изотүрлерінің әлсіз тежегіші. Силденафилдің Cmax мәні 1 мкмольге жақын болғандықтан, препараттың осы изоферменттер субстраттарының клиренсіне ықпалын тигізуінің ықтималдығы аз.
Силденафилдің және теофиллин және дипиридамол сияқты ФДЭ-нің өзіне тән емес тежегіштерінің өзара әрекеттесуіне қатысты деректер жоқ.
Нитраттардың гипотензиялық әсерін силденафилдің потенциялайтыны анықталды, сондықтан оны азот тотығының донорларымен немесе нитраттардың кез келген түрімен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Риоцигуат: клиникаға дейінгі зерттеулер ФДЭ-5 тежегіштері мен риоцигуатты үйлесімде қолданғанда жүйелік артериялық қысымға қосымша төмендететін әсер етті. Клиникалық зерттеулер барысында риоцигуат ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерінің күшейгенін көрсетті. Зерттеу тобындағы пациенттерде бұндай препараттарды үйлестіргенде жағымды клиникалық әсердің ешбір айғағы алынбаған.
Риоцигуатты ФДЭ-5 тежегіштерімен, силденафилді қоса бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Силденафилді және α-адернорецепторлардың блокаторларын бір мезгілде қолдану осыған бейім пациенттерде симптоматикалық гипотензияның туындауына әкеп соғуы мүмкін, бұл көбіне силденафилді қолданғаннан кейін 4 сағат ішінде пайда болды. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚҚГА) бар пациенттерде доксазозинның (4 және 8 мг) және силденафилдің (25; 50 және 100 мг) α-адренорецепторлары блокаторларының спецификалық өзара әрекеттесуін зерттеу барысында пациенттің жатқан кездегі артериялық қысымының тиісінше 7/7; 9/5 және 8/4 мм с.б.-на қосымша орташа төмендегені және түрегеліп тұрған кездегі артериялық қысымының 6/6; 11/4 және 4/5 мм с. б.-на орташа төмендегені байқалды, бұл жағдай доксазозинды қолданған кезде тұрақталды. Доксазозинді қолданғанда жағдайы тұрақталған пациенттерде силденафил мен доксазозинды бір мезгілде қолданғанда, кейде симптоматикалық ортостатикалық гипотензияның пайда болғаны жөнінде мәлімделді. Осы мәлімдемелерде бас айналу жағдайлары және естен тану алдындағы, бірақ синкопесіз, жағдайлар жөнінде хабарланған.
Силденафилді (50 мг) екеуі де CYP2C9 көмегімен метаболизденетін толбутамидпен (250 мг) немесе варфаринмен (40 мг) бірге қабылдағанда елеулі өзара әрекеттесулер анықталмады.
Силденафил (50 мг) ацетилсалицил қышқылынан (150 мг) туындаған қан кетулерінің уақыты артуына әсер етпеген.
Қанында алкоголь құрамы орташа ең жоғары 80 мг/дл дені сау еріктілерде
силденафил (50 мг) алкогольдің гипотензиялық әсерін күшейтпеген.
Силденафил қабылдап жүрген пациенттерде, гипотензиялық дәрілік заттардың, мысалы, диуретиктер, β-адренорецепторларының блокаторлары, АӨФ тежегіштері, ангиотензин ІІ антагонистері, гипертензияға қарсы дәрілік заттар (қантамырларды кеңейтетін және орталық әсері бар), адренергиялық нейрондардың блокаторлары, кальций өзекшелерінің блокаторлары және α-адренорецепторлардың блокаторлары сияқты кластарын бір мезгілде қолданғандағы плацебомен салыстырғанда, жағымсыз әсерлерінің бейіндерінде ешқандай айырмашылық байқалған жоқ. Силденафилді (100 мг) және амлодипинді артериялық гипертензиясы бар пациенттерге бір мезгілде қолданған кездегі өзара әрекеттесуіне жүргізілген арнайы зерттеулерде пациенттің жатқан кезінде систолалық артериялық қысымның 8 мм с. б.-на қосымша төмендегені байқалды. Диастолалық артериялық қысымның тиісінше төмендеуі 7 мм с. б. құрады. Артериялық қысымның қосымша бұл төмендеу шамасы дені сау ерікті адамдарға тек силденафилді ғана қолданғанда байқалғандармен салыстырмалы болды.
Силденафил 100 мг дозада CYP 3A4 субстраттары болып табылатын АИТВ-протеаза, саквинавир және ритонавир тежегіштерінің фармакокинетикалық көрсеткіштеріне ықпалын тигізген жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Эректильді дисфункцияның анықтау және олардың басты ықтимал себептерін анықтау үшін фармакологиялық ем бастар алдында ауру тарихын зерттеу және медициналық бақылау жүргізу керек.
Жүрек-қантамырлық аурулардың даму қаупінің факторлары
Эректильді дисфункцияның кез келген емін бастар алдында, дәрігерлер өз пациенттерінің жүрек-қантамырлық жағдайын ескеруі тиіс, өйткені сексуалдық белсенділікпен астасатын жүрек қаупінің белгілі бір дәрежесі бар. Силденафилдің артериялық қысымның елеусіз және өтпелі төмендеуіне әкелетін қантамырларды кеңейтетін қасиеттері бар. Силденафилді тағайындар алдында, дәрігерлер белгілі бір жай-күйдегі пациенттері тамыр кеңейтетін әсеріне, әсіресе сексуалдық белсенділікпен біріккенде теріс әсерге ұшырауы мүмкіндігін алдын ала қарастыруы керек. Қантамырларды кеңейтетін дәрілердің әсеріне сезімталдығы жоғары болатын пациенттерге сол жақ қарыншадан шығатын жолдың обструкциясы (мысалы қолқа стенозы, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатиясы) бар пациенттер немесе артериялық қысымның автономды бақылауының ауыр бұзылуымен білінетін көптеген жүйелік атрофиясының сирек синдромы бар пациенттер жатады.
Силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді.
Постмаркетингтік кезеңде силденафилді уақытша пайдалануға байланысты миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, жүректен болған кенеттен өлім, қарыншалық аритмиялар, цереброваскулярлы қан құйылулар, транзиторлық ишемиялық шабуылдар, гипертония және гипотонияларды қоса, ауыр жүрек-қантамырлық асқынулар жөнінде мәлімдемелер алынды.
Осы пациенттердің көбісінде, бірақ барлығында емес, жүрек-қантамырлық аурулары қаупінің алдыңғы факторлары болды. Осындай асқынулардың көбісі жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін көп ұзамай пайда болды, ал олардың кейбіреулерінде, мәлімдемелер бойынша, сексуалдық белсенділіксіз-ақ силденафилді қолданғаннан кейін көп ұзамай пайда болған. Осы асқынулар осы немесе басқа факторлармен байланысты ма, әлде жоқ па, мұны анықтау мүмкін емес.
Приапизм
Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттарды, силденафилді қоса, жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) бар пациенттерде немесе приапизм дамуына бейімдейтін аурулары (орақ жасушалы анемия, көптеген миелома немесе лейкемия) бар пациенттерде
сақтықпен қолдану керек.
Тіркеуден кейінгі кезең барысында силденафил қолданғанда ұзақ эрекция және приапизм тіркелген. 4 сағаттан артық сақталатын эрекция туындаған жағдайда пациент дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Егер приапизмді дереу емдемесе, ол жыныс мүшесінің тіндері зақымдануына және потенция жоғалуына әкелуі мүмкін.
ФДЭ5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа препараттармен бір мезгілде қолданылуы
Силденафилдің ФДЭ5 басқа тежегіштерімен немесе құрамында силденафил бар өкпе артериялық гипертензиясын (ӨАГ) емдеуге арналған препараттармен немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа препараттармен біріктірілімінің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Сондықтан мұндай біріктірілімдерді пайдалануға болмайды.
Көруге әсері
Силденафилді және ФДЭ5 басқа тежегіштерін қабылдауға байланысты көрудің нашарлауы дамуының жағдайлары туралы өздігінен түскен хабарлар болған. Силденафилді және ФДЭ5 басқа тежегіштерін қабылдауға байланысты көру жүйкесінің артериялық емес алдыңғы ишемиялық невропатиясы сирек аурулары дамығаны туралы өздігінен мәлімделді. Пациенттерге кенеттен көру бұзылуы болған жағдайда Визарсин® Ку-таб® препаратын қабылдауды тоқтатуға және дәрігерге дереу қаралуға кеңес берген жөн.
Ритонавирмен бір мезгілде қолдану
Силденафилді және ритонавирмен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Альфа-блокаторлармен бір мезгілде қолданылуы
Силденафилді альфа-блокаторлармен қатар сақтықпен қабылдау ұсынылады, өйткені бір мезгілде қолдану сезімталдығы жоғары адамдарда симптоматикалық гипотензияға әкелуі мүмкін. Бәрінен бұрын, бұл силденафилді қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде болуы мүмкін.
Постуральді гипотензиясы ауруының ықтималдығын барынша азға жеткізу үшін, пациенттер силденафилмен емдеуді бастағанға дейін альфа-блокаторлармен емдегенге гемодинамикалық тұрғыдан тұрақты болуы тиіс. Емдеуді 25 мг дозадан бастау керек. Бұдан басқа, дәрігерлер пациенттерге постуральді гипотензия симптомдары дамыған жағдайда не істеу керектігі туралы кеңес беруі тиіс.
Қан кетуге әсері
Адам тромбоциттеріне in vitro зерттеулер силденафилдің натрий нитропруссидінің адам тромбоцитіне антиагрегантты әсерін күшейтетіндігін көрсетеді. Препаратты қанның ұйығыштығы бұзылған немесе белсенді пептидтік ойық жаралары бар пациенттерге қабылдаудың қауіпсіздігі жөнінде ешбір ақпарат жоқ. Сондықтан силденафилді осы пациенттерге пайдасы мен қаупі дәрежесіне мұқият баға берілгеннен кейін қолдану керек.
Әйелдерде
Визарсин® Ку-таб® әйелдерді емдеуге арналмаған.
Қосымша заттар жөнінде ерекше нұсқаулар
Визарсин® Ку-таб® препаратында фенилаланиннің көзі болып табылатын аспартам (Е951) бар. Ол фенилкетонуриясы бар пациенттерге зиянды әсерін тигізуі мүмкін.
Визарсин® Ку-таб® препаратында сорбит (E420) бар. Тұқым қуалайтын фруктозаның жақпаушылығы бар пациенттер бұл дәріні қабылдамағаны жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалына зерттеу жүргізілген жоқ.
Клиникалық зерттеулерде силденафилді қолданғанда бас айналу жағдайлары және көру тарапынан бұзылулардың болатындығы мәлімделгендіктен, көлікті басқаруға отырмастан немесе механизмдермен жұмыс жасамас бұрын, пациенттердің препаратты қолдануға жекелей реакциясын анықтау қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлер (бас ауыру, гиперемия, бас айналу, диспепсия, мұрынның бітелуі, көрудің өзгеруі) жиілігінің артуы
Емі: симптоматикалық. Диализ силденафилдің клиренсін жеделдетпейді, өйткені соңғысы қан плазмасы ақуыздарымен белсенді түрде байланысады және несеппен бірге шығарылмайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Соруға арналған 50 мг және 100 мг таблеткалар.
Соруға арналған 1 немесе 4 таблеткадан полиамидті/ алюминий/поливинилхлоридті (OPA/Al/PVC) үлбірден және полиэстер/алюминий (PET/Al) фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 (1 таблеткалық) немесе 1, 2 және 3 (4 таблеткалық) қаптама медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 30ºС-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
КРКА, д.д. Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения
Тіркеу куәлігінің иесі
КРКА, д.д., Ново место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 19, 1б корпус, 2-ші қабат, 207 кеңсе
тел.: +7 (727) 311 08 09
факс: +7 (727) 311 08 12
info.kz@krka.biz