Валтеро (1000 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
Валтеро
Саудалық атауы
Валтеро
Халықаралық патенттелмеген атауы
Валацикловир
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг және 1000 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - валацикловир гидрохлориді моногидраты, тиісінше, 500 мг және 1000 мг валацикловирге баламалы,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Вивапур 101), кросповидон (Коллидон – СL), повидон (Коллидон – 90F), повидон (Коллидон 30), магний стеараты
Қабық құрамы: Oпадрай Көгілдір 13В50578 (ГПМЦ 2910/Гипромеллоза 6сР, FD&C Көгілдір#2/Индигокармин алюминий лагы (Е132), титанның қостотығы (Е171), макрогол/ПЭГ 400, полисорбат 80) (500 мг доза үшін); Oпадрай Ақ YS-1-7003 (ГПМЦ 2910/Гипромеллоза 3сР, ГПМЦ 2910/Гипромеллоза 6сР, титанның қостотығы (Е171), макрогол/ПЭГ 400, полисорбат 80) (1000 мг доза үшін).
Сипаттамасы
Капсула пішінді, бір жағында «I» және екінші жағында «86» өрнегі бар, көгілдір түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (500 мг доза үшін).
Капсула пішінді, бір жағында «I» және екінші жағында «87» өрнегі, екі жағында да бөлу сызығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (1000 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозидтер және нуклеотидтер. Валацикловир.
АТХ коды J05AB11
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдаудан кейін валацикловир асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіп, ацикловир валинге жылдам және толық дерлік айналады. Валацикловирді 1000 мг дозадан бастап қабылдағанда ацикловир биожетімділігі 54% құрайды және ас ішуге байланысты емес. Валацикловирден өнетін ацикловир биожетімділігі ішу арқылы ацикловир қабылдау кезіндегіден 3,3-5,5 есе көбірек (тарихи бақылауларға сәйкес). Валацикловир фармакокинетикасы енгізілген дозаға пропорционал емес, қабылданатын препарат дозасының арттырылуымен төмендейді. Валацикловир мен ацикловир фармакокинетикасы қарапайым герпес (ҚГ) вирустарын және Varicella zoster (ВVZ) вирусын жұқтырған пациенттерде бұзылмайды.
Бүйрек функциясы қалыпты дені сау еріктілерде валацикловирді 250-ден 2000 мг дейінгі дозада бір рет қабылдаудан кейінгі ацикловирдің есептік фармакокинетикалық (ФК) параметрлері төменде берілген.
Ацикловирдің ФК параметрлері |
250 мг (N=15) |
500 мг (N=15) |
1000 мг (N=15) |
2000 мг (N=8) |
|
Cmax |
Мкг/мл |
2.20 ± 0.38 |
3.37 ± 0.95 |
5.20 ± 1.92 |
8.30 ± 1.43 |
Tmax |
Сағат (сағ) |
0.75 (0.75-1.5) |
1.0 (0.75–2.5) |
2.0 (0.75–3.0) |
2.0 (1.5–3.0) |
AUC |
Мкг-сағ./мл |
5.50 ± 0.82 |
11.1 ± 1.75 |
18.9 ± 4.51 |
29.5 ± 6.36 |
Cmax = жоғары шекті концентрациясы; Tmax = жоғары шекті концентрациясына жету уақыты; AUC = «концентрация – уақыт» қисығы астындағы ауданы. Cmax және AUC үшін орташа мәндері ± стандартты ауытқуы келтірілген. Tmax үшін орташа мәндер диапазоны келтірілген.
Плазмада валацикловирдің жоғары шекті концентрациясы ацикловирдің 4% ғана концентрациясын құрайды, оған жету уақытының медианасы – доза қабылдаудан кейін 30-100 минут, 3 сағаттан соң жоғары шекті концентрациясы бұрынғы күйде сақталады немесе төмендейді. Валацикловир мен ацикловирдің бір рет және қайталап ішке қабылдаудан кейінгі фармакокинетикалық параметрлері ұқсас болады. Валацикловирдің плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі өте төмен (небәрі 15%). Валацикловир организмнен көбінесе ацикловир және ацикловирдің метаболиті – 9-карбоксиметоксиметилгуанин түрінде (80%-дан астам доза) несеппен шығарылады, өзгеріссіз күйде препараттың 1%-дан азы элиминацияланады. Валацикловир де, ацикловир де P450 цитохромы ферментімен метаболизденбейді.
Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде валацикловир қабылдаудан кейін плазмадан ацикловирдің жартылай шығарылу кезеңі 3 сағатқа жуық, бүйрек жеткілікcіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттерде жартылай шығарылу кезеңі 14 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін.
Пациентте бауыр жеткіліксіздігі болғанда валацикловирдің ацикловирге ауысу жылдамдығының ацикловирдің соңғы көрсеткіштер шамасына және жартылай шығарылу кезеңіне әсер етпей төмендеуі байқалады.
Жүктіліктің кешеуілді мерзімдерінде тұрақты тәуліктік AUC көрсеткіші (қисық астындағы плазмалық концентрация/уақыт арақатынасының ауданы) 1000 мг валацикловир қабылдаудан кейін тәулігіне 1200 мг дозада ацикловир қабылдау кезіндегі осындайдан шамамен 2 есе артық болды.
Валтероны 1000 мг немесе 2000 мг дозада қабылдау АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде, дені сау тұлғалармен салыстырғанда, валацикловир фармакокинетикалық көрсеткіштерінің диспозициясын бұзбайды.
Валацикловирді 2000 мг дозада тәулігіне 4 рет қабылдаған ағзалар трансплантаттары реципиенттерінде ацикловир концентрациясының жоғары шегі препараттың дәл осы дозасын қабылдайтын дені сау еріктілердегі осындайға тең болған немесе асып түскен, ал «қисық астындағы аудан» тәуліктік көрсеткіштері оларда едәуір жоғары.
Пациенттердің жекелеген санаттары
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қандағы ацикловир концентрациясы бүйрек функциясы нашарлаған жағдайда арта түседі. Бүйрек жеткілікcіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттерде валацикловир қабылдаудан кейін ацикловирдің жартылай шығарылу кезеңі, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, шамамен 14 сағат құрайды.
Ацикловир мен оның CMMG және 8-ОН-ACV метаболиттерінің ЖМС және қан плазмасындағы концентрациялары бүйрек функциясы қалыпты 6 пациентпен (креатинин клиренсі орташа мәндері 111 мл/мин, 91-ден 144 мл/мин дейінгі диапазон) валацикловирді әр 6 сағат сайын 2000 мг дозада және бүйрек жеткіліксіздігі ауыр 3 пациентпен әр 12 сағат сайын 1500 мг дозада (креатинин клиренсінің орташа мәндері 26 мл/мин, 17-ден 31 мл/ мин дейінгі диапазон) бірнеше рет қабылдаудан кейін тепе-теңдік күйінде зерттелген. Ацикловирдің және оның CMMG және 8-ОН-ACV метаболиттерінің ЖМС және қан плазмасындағы концентрациялары бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегіден, орта есеппен, тиісінше 2, 4, 5 және 6 есе жоғары болды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде валацикловир ацикловирге дені сау еріктілер жағдайындағы сияқты дәрежеде өзгереді, алайда осы трансформация жылдамдығы төмендейді. Ацикловирдің жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді.
Жүкті әйелдер
Жүктіліктің кешірек мерзімдерінде валацикловир фармакокинетикалық бейінінде өзгерістер анықталмаған.
Емшек сүтіне бөлінуі
Ішке 500 мг валацикловир қабылдаудан кейін ацикловирдің емшек сүтіндегі ең жоғары шектік концентрациялары ананың қан плазмасындағы ацикловир концентрациясынан 0.5-2.3 есе артық болды.
Ацикловирдің емшек сүтіндегі орташа концентрациясы 2.24 мкг/мл (9.95 мкмоль/л) құраған. Валацикловирді анасы 500 мг дозада тәулігіне 2 рет қабылдаған жағдайда сәби ацикловирдің 0.61 мкг/кг/тәулік шамасына тең дозасын алады. Ацикловирдің емшек сүті мен қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңдері бірдей. Ана плазмасында, емшек сүтінде немесе сәби несебінде өзгермеген валацикловир анықталмаған.
Фармакодинамикасы
Валтеро – белсенді заты валацикловир болатын вирусқа қарсы препарат, ацикловирдің L-валинді эфирі, ол пуринді (гуанин) нуклеозидтің аналогы болып табылады.
Ацикловир 1-ші және 2-ші типті қарапайым герпес вирустарына (ҚГВ), Varicella zoster (ВЗВ) вирусына, цитомегаловирусқа (ЦМВ), Эпштейн-Барр (ЭБВ) вирусына және адамның 6 типті герпес вирусына қарсы in vitro спецификалық тежеу белсенділігіне ие болады. Ацикловир фосфорланудан кейін бірден вирустық ДНҚ синтезін және ацикловир трифосфатының белсенді түріне айналуын тежейді.
Фосфорланудың алғашқы сатысы вирус-спецификалық ферменттер белсенділігін талап етеді. ҚГВ, ВЗВ және ЭБВ үшін бұл фермент вирус жұқтырылған жасушаларда ғана болатын вирустық тимидинкиназа болып табылады. Цитомегаловирустарда фосфорланудың ішінара іріктелуі сақталады, ол фосфотрансфераза UL97 генінің өнімі арқылы жүзеге асады. Ацикловирдің спецификалық вирустық ферментпен елеулі дәрежеде белсенділенуі оның селективтілігін түсіндіреді. Ацикловирдің фосфорлану үдерісі жасушалық киназалармен аяқталады. Ацикловир трифосфаты вирустық ДНҚ-полимеразаны бәсекелі тежейді, әрі нуклеозид аналогы бола отырып, вирустық ДНҚ ішіне құрылады, бұл тізбектің облигатты үзілуіне, ДНҚ синтезінің тоқтауына әрі демек вирус репликациясы бөгелісіне алып келеді.
Аса сирек жағдайларда сүйек кемігін және басқа ағзаларды трансплантациялаудан соң ауыр иммунитет бұзылуы бар пациенттерде, онкологиялық ауруларда химиялық ем қабылдайтын пациенттерде және АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде ацикловирге сезімталдықтың төмендеуін байқауға болады. Төзімділік әдетте тимидинкиназа тапшылығы себебінен болады, бұл қожайын организмде вирустың шектен тыс таралуына алып келеді. Кейде ацикловирге сезімталдықтың төмендеуіне вирустық тимидинкиназа немесе ДНҚ-полимераза құрылымының бұзылуымен вирус штаммдарының пайда болуы себеп болады. Вирустың осы түрлерінің вируленттілігі оның жабайы штамм осындайына ұқсас келеді.
Иммунокомпетентті ересектерде жыныстық қатынастар қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар осы дәріні бәсеңдету емі ретінде қабылдағанда валацикловирдің генитальді герпес берілу қаупін төмендететіні дәлелденген.
Паренхиматозды ағзалар (бүйрек, жүрек) трансплантациясы жасалған пациенттерде валацикловир көмегімен жүргізілетін ЦМВ профилактикасы трансплантаттың жедел ажырауы, оппортунистік инфекциялар және герпес вирусының басқа түрлерінің ықтималдығын азайтады.
Қолданылуы
Varicella zoster (VZV) вирусынан туындайтын инфекциялар - белдемелі герпес
- ересек иммунокомпетентті пациенттердегі белдемелі герпес (белдемелі теміреткі) және офтальмогерпес
- жеңіл немесе орташа иммунтапшылығы бар ересек пациенттердегі белдемелі герпес
Қарапайым герпес вирусынан (ҚГВ) туындайтын инфекциялар
Валтеро ҚГВ туғызған тері және шырышты қабықтар инфекциясын емдеу және бәсеңдету үшін көрсетілген, мыналарды қоса:
- иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті түсіп кеткен ересектерде алғаш анықталған генитальді герпесті емдеу
- иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті түсіп кеткен ересектерде қайталанатын генитальді герпесті емдеу
- иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті түсіп кеткен ересектерде генитальді герпес қайталануларын емдеу
- ҚГВ туғызған көз инфекцияларын емдеу және бәсеңдету
Цитомегаловирус (ЦМВ) инфекциясы
- ағзалар трансплантациясынан туындайтын цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекция профилактикасы.
Қолдану тәсілі және дозалары
Офтальмогерпесті қоса, белдемелі герпесті емдеу
Пациенттер емдеуді мүмкіндігінше ертерек, дұрысы, белдемелі теміреткі диагностикаланған соң бірден бастау керектігінен хабардар болуы тиіс.
Белдемелі теміреткімен астасқан бөртпе пайда болған сәттен 72 сағат өткен соң басталған емдеудің тиімділігі туралы деректер жоқ.
Валтеро ересектерде 7 күн бойы тәулігіне 3 рет 1000 мг дозада тағайындалады.
Иммунитеті сақталған ересектер және 12 жастан бастап жасөспірімдерде ҚГВ туғызған инфекцияларды емдеу
Валтеро тәулігіне 2 рет 500 мг дозада тағайындалады. Қайталанулар жағдайында емдеу 3 немесе 5 күн жалғасуы тиіс. Аса ауыр бастапқы жағдайларда емдеуді мүмкіндігінше ерте бастау керек, ал оның ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін ұзартылуы тиіс.
Валтероны ҚГВ қайталануларында продромальді кезеңде немесе аурудың алғашқы симптомдары білінген соң бірден тағайындау ең дұрыс деп саналады. Лабиальді герпесті (ерін қызбасы) емдеу үшін балама ретінде Валтероны 2 г дозада бір күн ішінде екі рет тағайындау тиімді. Екінші доза бірінші дозаны қабылдаудан кейін шамамен 12 сағаттан соң (бірақ 6 сағат өтуінен ерте емес) қабылдануы тиіс.
Осылай дозалау режимін пайдаланғанда емдеу ұзақтығы бір күннен аспауы тиіс, өйткені, көрсетілгендей, бұл қосымша клиникалық артықшылықтар бермейді. Ем ерін қызбасының ең ерте симптомдары (яғни, қышыну, ашыту, шымылдау) білінгенде басталуы тиіс.
Иммунитеті сақталған ересектерде ҚГВ туғызған инфекциялардың қайталану профилактикасы (супрессия)
Иммунитеті сақталған пациенттерде Валтеро 500 мг дозада тәулігіне бір рет тағайындалады. Қайталанулар өте жиі (жылына 10 және одан көп) болатын пациенттерде Валтероны 2 қабылдауға бөлінген тәуліктік 500 мг дозада (тәулігіне 2 рет 250 мг) тағайындаумен қосымша әсеріне жетуге болады.
Иммунитеті түсіп кеткен ересектерде ҚГВ туғызған инфекциялардың қайталану профилактикасы (супрессия)
Иммунтапшылығы бар пациенттерге ұсынылатын Валтеро дозасы тәулігіне 2 рет 500 мг құрайды.
Балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Генитальді герпес жұқтыру профилактикасы
Иммунитеті сақталған және өршулер саны жылына 9 ретке дейін болатын инфекция жұқтырған гетеросексуальді ересектер Валтероны күніне 1 рет 500 мг қабылдау керек.
Науқастардың басқа қауымдарында инфекция жұқтыру профилактикасы туралы деректер жоқ.
ЦМВ инфекциясы профилактикасы
Ересектер мен жасөспірімдерге (12 жастан бастап) арналған дозалары
Валтероны трансплантациядан кейін мүмкіндігінше ертерек тәулігіне 4 рет 2 г дозада тағайындау ұсынылады. Дозаны креатинин клиренсіне қарай азайту керек. Емдеу ұзақтығы 90 күн құрайды, бірақ жоғары қауіп бар науқастарда емдеу ұзағырақ болуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Белдемелі теміреткі және ҚГВ туғызған инфекцияларды емдеу, дені сау жұптастың инфекция жұқтыруын төмендету және профилактика (супрессия), ЦМВ профилактикасы
Валтероны бүйрек функциясы бұзылған науқастарда тағайындау режимі осы кестеге сәйкес тағайындалуы тиіс:
Емдік көрсетілімдер |
Креатинин клиренсі, мл / мин |
Валтеро дозасы |
Иммунитеті сақталған және иммунтапшылығы бар ересектердегі белдемелі герпес (емдеу) |
50 және одан көп 30-дан 49 дейін 10-нан 29 дейін 10-нан аз |
тәулігіне 3 рет 1 г тәулігіне 2 рет 1 г тәулігіне 1 рет 1 г тәулігіне 1 рет 500 мг |
Иммунитеті сақталған ересектердегі қарапайым герпес (емдеу) |
30 және одан көп 30-дан аз |
тәулігіне 2 рет 500 мг
тәулігіне 1 рет 500 мг |
Иммунитеті сақталған ересектер мен жасөспірімдердегі лабиальді герпес (емдеу) |
50 және одан көп 30-дан 49 дейін 10-нан 29 дейін 10-нан аз |
1 күн ішінде екі рет 2 г 1 күн ішінде екі рет 1 г 1 күн ішінде екі рет 500 мг бір рет 500 мг |
Қарапайым герпес профилактикасы (супрессия): - иммунитеті сақталған ересектер - иммунитеті түсіп кеткен пациенттер |
30 және одан көп 30-дан аз 30 және одан көп 30-дан аз
|
тәулігіне 1 рет 500 мг тәулігіне 1 рет 250 мг
тәулігіне 2 рет 500 мг тәулігіне 1 рет 500 мг |
Ересектер мен жасөспірімдердегі ЦМВ инфекциясының профилактикасы |
75 және одан көп 50-ден < 75 дейін 25-тен < 50 дейін 10-нан < 25 дейін < 10 немесе диализ* |
тәулігіне 4 рет 2 г тәулігіне 4 рет 1,5 г тәулігіне 3 рет 1,5 г тәулігіне 2 рет 1,5 г тәулігіне 1 рет 1,5 г |
Генитальді герпес жұқтырудың төмендеуі |
15-тен аз |
тәулігіне 1 рет 250 мг |
Гемодиализде жүрген пациенттерге Валтеро гемодиализ сеансы аяқталған соң бірден қолдану ұсынылады.
* Креатинин клиренсін, әсіресе, бүйрек функциясы тез өзгеретін кезеңде, мысалы, трансплантациядан кейін бірден немесе трансплантатты кіріктіру кезінде жиі анықтау қажет, осы орайда Валтеро дозасы креатинин клиренсі көрсеткіштеріне сәйкес түзетіледі.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр циррозы әлсіз және орташа білінетін (бауырдың синтездеу функциясы сақталған) пациенттерде Валтеро дозасын түзету қажет емес. Бауыр циррозы ауыр (бауырдың синтездеу функциясының бұзылуы және порталдық жүйе мен жалпы тамыр арнасы арасында шунттары бар) пациенттердегі фармакокинетикалық деректер де Валтеро дозасын түзету қажет еместігін айғақтайды, алайда оны аталған патологияда қолдану тәжірибесі шектеулі.
Егде жастағы тұлғаларда қолдану
Бүйрек функциясының елеулі бұзылуын қоспағанда, дозаны түзету қажет емес. Су-электролит теңгерімін талапқа сай сақтап тұру қажет.
Жағымсыз әсерлері
Клиникалық сынақтар барысында Валтеро препаратымен ем алатын пациенттерде кем дегенде бір жағдайда байқалатын ең көп жалпы жағымсыз реакциялар бас ауыру мен жүрек айну болды.
Клиникалық зерттеулерде және постмаркетингтік кезеңде байқалған жағымсыз әсерлер төменде берілген және анатомия-физиологиялық жіктелуіне және кездесу жиілігіне қарай тізбеленген.
Кездесу жиілігі келесі үлгіде белгіленеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1 000 және <1/100), сирек (≥1/10 000 және <1/1 000), өте сирек (<1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса), белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін анықтау мүмкін емес).
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- бас ауыру
Жиі
- бас айналу
Жиі емес
- сананың шатасуы, елестеулер, ақыл-ой қабілеттілігінің төмендеуі, тремор, қозу
Сирек
- атаксия, дизартрия, құрысулар, энцефалопатия, коматозды жай-күй, психоздық симптомдар.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі
- жүрек айну
- құсу
- диарея
Сирек
- іштің жайсыздануы
Қан түзу және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес
- лейкопения, тромбоцитопения
Лейкопенияның туындауы, ең алдымен, иммунитеті төмендеп кеткен пациенттерде байқалады.
Өте сирек
- тромбоцитопениялық акроангиотромбоз (тромбоцитопениялық тромбогемолиздік пурпура), гемолиздік-уремиялық синдром
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар
Жиі емес
- ентігу
Гепатоблиарлы жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі емес
- кейде гепатит көрінісі ретінде бағаланатын бауыр функциясының (мысалы, билирубин, бауыр ферменттері) қайтымды жоғарылауы
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиі
- бөртпе, фотосезімталдық реакцияларын қоса
- қышыну
Жиі емес
- есекжем
Сирек
- ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі)
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жиі емес
- бүйрек аумағындағы ауыру
Сирек
- бүйрек функциясының бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі (әсіресе, жасы ұлғайған пациенттерде немесе ұсынылуынан жоғары дозалар алатын бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде)
Бүйректегі ауыру бүйрек жеткіліксіздігімен байланыcты болуы мүмкін.
Ацикловир кристалдарының интратубулярлы преципитациясы туралы хабарламалар да бар. Емделу кезінде талапқа сай сұйықтық ішуді қамтамасыз ету керек.
Жоғарыда аталған симптомдар қайтымды және әдетте бүйрек функциясы бұзылған науқастарда немесе басқа бейімдейтін жай-күйлер аясында байқалады.
ЦМВ профилактикасында Валтероның жоғары дозаларын (күніне 8 г) алатын ағза трансплантациялануы бар науқастарда неврологиялық реакциялар төменірек дозаларын қабылдау кезіндегіден жиірек дамиды.
Иммунитет бұзылулары ауыр науқастарда, әсіресе, ұзақ уақыт кезеңі бойына валацикловирдің жоғары дозаларын алатын (күнделікті 8 г) асқынып кеткен ЖИТС сатысындағы пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігі, микроангиопатиялық гемолиздік анемия және тромбоцитопения (кейде біріккен) жағдайлары байқалды. Осындай асқынулар дәл сондай аурулары бар, бірақ валацикловир қабылдамаған пациенттерде білінген.
Қолдануға болмайтын жаағдайлар
- валацикловирге, ацикловирге және препарат құрамына кіретін кез келген қосымша ингредиентке аса жоғары сезімталдық
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (офтальмогерпесті қоса, белдемелі теміреткіні емдеу; иммунитеті сақталған/түсіп кеткен пациенттерде ҚГВ туғызған инфекциялардың қайталану профилактикасы (супрессия); генитальді герпес жұқтыру профилактикасы, иммунитеті сақталған қарапайым герпесті емдеу; FD&C Көгілдір#2/Индигокармин алюминий лагы (Е132) бояғыштың құрамына байланысты 500 мг дозаны қолдану)
- 12 жасқа дейінгі балаларға (ЦМВ инфекциясының профилактикасы)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Валтероны нефроуытты препараттармен біріктіру, әсіресе, бүйрек функциясы бұзылған тұлғаларда абайлап атқарылуы тиіс. Бұл аминогликозидтер, органоплатинді компоненттер, йодталған контрастылы заттар, метотрексат, пентамидин, фоскарнет, циклоспорин және такролимуспен бір мезгілде қабылдауға жатады.
Ацикловир негізінен бүйректің белсенді өзекшелік секрециясы арқылы өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады. Валтероны 1 г тағайындаудан кейін циметидин мен пробенецид өзекшелік секрецияны бөгеумен ацикловир AUC арттырады, оның бүйрек клиренсін төмендетеді, алайда бұл ацикловирдің ауқымды емдік индексіне орай Валтеро дозалануын талап етпейді. Валтеро аса жоғары дозаларда (тәулігіне 4 г) және ацикловирмен элиминация жолы үшін бәсекелесетін дәрілік препараттар бір мезгілде қолданылған жағдайда сақтық шарасын қадағалау керек, өйткені бір немесе екі препараттың немесе олардың метаболиттерінің плазмадағы деңгейінің ықтималды арту қатері бар. Ацикловир мен микофенолат мофетилі бір мезгілде қолданғанда ацикловир мен оның белсенді емес метаболиті – трансплантацияда қолданылатын иммуносу-прессиялық препарат - микофенолат мофетилінің AUC артуы білінген. Валтероны аса жоғары дозаларда (күніне 4 г және одан көп) бүйрек функциясына әсер ететін препараттармен (мысалы, циколоспорин, такролимус) біріктіргенде де сақ болу (бүйрек функциясы өзгерісін қадағалау) қажет.
Айрықша нұсқаулар
Организмнің гидратация дәрежесі
Дегидратация қаупі бар пациенттерде, әсіресе, егде жастағы пациенттерде сұйықтықты талапқа сай толықтыруды қамтамасыз ету қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігінде және егде жастағы пациенттерде қолдану
Ацикловир көбінесе бүйрек арқылы шығарылады, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Валтеро дозасы азайтылуы тиіс («Қолдану тәсілі және дозаларын» қараңыз). Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеу ықтималдығы бар, осыған орай, неврологиялық реакциялардың жоғары даму қаупіне байланысты тағайындалған дозаның мақсатқа сай түзетілуін қарастыру қажет, осы тұрғыда аталған пациенттер бүкіл ем бойына қадағалануы тиіс. Бұл реакциялар, әдетте, қайтымды және емдеуді тоқтатудан кейін басылады («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).
Валтероның аса жоғары дозаларын бауыр жеткіліксіздігінде және бауыр трансплантациясында қолдану
Валтероны жоғарырақ дозаларда (күніне 4 г және одан көп) бауыр ауруымен науқастарда қолдану деректері жоқ, сондықтан оларға Валтероның аса жоғары дозалары сақтықпен тағайындалуы тиіс. Валтероның бауырды ауыстырып салу кезіндегі әсерін зерттейтін арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Алайда, ацикловирді аса жоғары дозаларда профилактикалық мақсатта тағайындаудың ЦМВ инфекциясын редукциялауы көрсетілген.
Белдемелі герпесті емдеу үшін қолдану
Клиникалық реакцияларға, әсіресе, иммунитеті түсіп кеткен пациенттерде мұқият мониторинг өткізілуі тиіс. Егер ішу арқылы қабылдауға реакция жеткіліксіз болып бағаланған жағдайда вена ішіне вирусқа қарсы ем қолдану мәселесін қарастыру керек.
Белдемелі герпесі асқынған пациенттер, яғни висцеральді ағзалар қамтылуы, жайылған белдемелі теміреткісі, қозғалыс нейропатиясы, энцефалит және цереброваскулярлы асқынулары бар тұлғалар венаішілік ем пайдаланылатын емдеуден өтуі тиіс.
Ол өз алдына, офтальмологиялық белдемелі герпесі немесе ішкі ағзалар үдерісінде қамтылатын аурудың жайылу қаупі жоғары иммунитеті әлсіреген пациенттер венаішілік ем пайдаланылатын емдеуден өтуі тиіс.
Генитальді герпесте қолдану
Валтеромен супрессиялық ем генитальді герпестің берілу қаупін төмендетеді, бірақ, оны түгел жоққа шығармайды және толық сауығуға алып келмейді. Валтеромен ем қауіпсіз секспен біріктірілімде ұсынылады.
Офтальмиялық ҚГВ емінде қолдану
Ондай пациенттерде клиникалық реакцияларға мұқият мониторинг өткізілуі тиіс. Егер ішу арқылы қабылдауға реакция жеткіліксіз болған жағдайда вена ішіне вирусқа қарсы ем қолдану мәселесін қарастыру керек. ЦМВ инфекциясын емдеу үшін қолдану
ЦМВ-мен байланысты аурулардың жоғары қаупіне бейім (мысалы, ЦМВ реакциясы оң донор/ЦМВ реакциясы теріс реципиент немесе антитимоцитарлы глобулинмен индукциялық ем пайдаланылғанда) трансплантация жасалған пациенттердегі (~200) валацикловир тиімділігі туралы деректер Валтероны ондай пациенттерді емдеу үшін ықтималды пайдасы валганцикловир немесе ганцикловир пайдаланудың зор қаупінен асып түсетін жағдайда ғана пайдалану керегін көрсетеді.
ЦМВ профилактикасына қажетті Валтероның жоғары дозалануы, басқа көрсетілімдерде төменірек дозалары қолданылатын жағдайға қарағанда, ОЖЖ тарапынан болатын бұзылуларды қоса, жиірек жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін. Пациенттер қабылданған дозасын тиісінше түзетумен бүйрек функциясының өзгерістеріне мұқият мониторингтен өтуі қажет.
Педиатрияда қолдану
Валтероны 12 жасқа толмаған балаларда ҚГВ туғызған инфекциялардың қайталану профилактикасында, иммунитеті сақталған пациенттерде ЦМВ инфекциясы профилактикасында қолдану туралы деректер жоқ. Сол сияқты, Валтероны балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде, офтальмогерпесті қоса, белдемелі теміреткіні емдеу үшін; иммунитеті төмендеген пациенттерде ҚГВ туғызған инфекциялардың қайталану профилактикасында және генитальді герпес жұқтыру профилактикасында қолдану деректері жоқ.
500 мг таблетканың құрамында FD&C Көгілдір#2/Индигокармин алюминий лагы (Е132) бояғыштың қолданылуына байланысты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге кері көрсетілген. Басқа дозаны таңдауының мүмкін еместігіне байланысты балалар мен жасөспірімдердің иммунитеті сақталған пациенттерде ҚГВ туғызған инфекциялардың қайталану профилактикасы (супрессия) және иммунитеті сақталған қарапайым герпесті емдеу жағдайларда Валтеро 500 мг препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қабылдауға кері көрсетілген.
Жүктілік және лактация кезеңі
Валтероны жүктілік кезінде қолдану деректері жеткіліксіз. Валтероны жүктілік кезінде егер ана үшін ықтималды пайдасы шаранаға төнетін зор қауіптен артық болған жағдайда ғана қолдану керек. Валтеро қабылдаған әйелдерде жүктіліктің нәтижесі туралы тіркеу регистрлері деректері, жалпы қауыммен салыстырғанда, олардың балаларында туа біткен ақаулар санының артуын көрсетпеген. Клиникалық зерттеулерде жүкті уақытында Валтеро қабылдаған әйелдердің шағын саны қамтылғандықтан, препараттың жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі туралы сенімді және белгілі бір қорытындылар жасауға болмайды.
Ацикловир, валацикловирдің негізгі метаболиті, емшек сүтімен экскрецияланады. Валтероны 500 мг дозада ішке тағайындаудан кейін ацикловирдің емшек сүтіндегі ең жоғары концентрациясы (Cmax) ана плазмасындағы ацикловирдің тиісті концентрацияларынан 0,5-2,3 есе (орта есеппен, 1,4 есе) асып кетті. Емшек сүтінде болатын ацикловир AUС ана плазмасындағы ацикловир AUC қатынасы 1,4-тен 2,6 дейін (орташа мәні 2,2) ауытқыды. Емшек сүтіндегі ацикловир концентрациясының орташа мәні 2.24 мкг/мл (9.95 мкгM) құрады. Анасы күніне 2 рет 500 мг дозада валацикловир қабылдағанда сәби ацикловирдің оны күніне 0.61 мг/кг жуық дозада ішке қабылдау кезіндегі сияқты әсеріне ұшырайды. Ацикловирдің емшек сүтінен жартылай шығарылу кезеңі қан плазмасынан шығуына ұқсас. Валацикловир ана плазмасынан, емшек сүтінен немесе сәби несебінен өзгеріссіз күйінде анықталмаған. Валтеро бала емізетін әйелдерге сақтықпен тағайындалу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Валтероның көлік құралын және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне клиникалық зерттеулер жүргізілмегеніне қарамастан, пациенттің клиникалық жағдайын және препаратты қолдану кезінде жағымсыз әсерлерінің даму мүмкіндігін бағалау керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: Валтероның артық дозалану деректері жеткіліксіз. Ацикловирдің асқазан-ішек жолынан ішінара сіңірілген 20 г дейінгі артық дозасын бір рет қабылдау препараттың уытты әсерімен қатар жүрмеген. Ацикловирдің аса жоғары дозаларын бірнеше күн бойы ішке қабылдау асқазан-ішектік (жүрек айну және құсу) және неврологиялық симптомдармен (бас ауыру және сананың шатасуы) астасқан. Вена ішіне ацикловир енгізу кезіндегі аса жоғары дозалары бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына ұласатын сарысулық креатинин деңгейінің жоғарылауымен қатар жүреді, бұл орайда неврологиялық асқынулар сананың шатасуын, елестеулер, қозу, құрысулар және команы қамтиды.
Емі: препараттың уытты әсер ету белгілерін анықтау мақсатында науқастар мұқият қадағалауда болуы тиіс. Гемодиализ қаннан ацикловир шығарылуын едәуір күшейтеді және Валтероны артық дозаланған пациенттерді емдеуде таңдау әдісі деп санауға болады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг және 1000 мг таблеткалар.
Тығыздығы жоғары полиэтилен контейнерге 30 немесе 60 таблеткадан салады.
Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 контейнерден картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
HETERO LABS LIMITED
Unit-V, TSIIC Formulation SEZ, Polepally Village, Jadcherla Mandal, Mahaboobnagar Dist., Telangana, Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
HETERO LABS LIMITED, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды поштасы):
050043, Алматы қ., Мирас ы/а, 157/732
Тел. (727) 311-81-96/97
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
Rogers Pharma ЖШС, 050043, Алматы қ., Мирас ы/а, 157/732,Тел. (727) 311-81-96/97, e-mail: irina.volovnikova@gmail.com.