Валокордин®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Валокордин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішу арқылы қолдануға арналған тамшылар, 20 мл жəне 50 мл
Құрамы
100 г ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: фенобарбитал - 2.000 г,
этилбромизовалерианат - 2.000 г
қосымша заттар: бұрышты жалбыз майы, құлмақ майы, 96% немесе 96.5% этанол, тазартылған су
100 г құрамында 51 г 96% этанол бар.
1 мл-де 20 тамшы бар.
Сипаттамасы
Этилбромизовалерианат иісі және күйдіретін, ащы хош иісті дәмі бар мөлдір, түссіз ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Ұйықтататын және тыныштандырғыш дәрілер. Ұйықтататын және тыныштандырғыш басқа да препараттар.
АТХ коды N05CМ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Барбитурат асқазанда-ақ резорбцияланады. Фенобарбиталдың шамамен 35%-ы плазма альбуминдерімен байланысады. Альбуминмен байланыспаған бөлігі бүйректерде сүзіледі және рН-көрсеткіші төмен деңгейде болғанда қайта сіңіріледі. Несептің сілтіленуінің арқасында кері диффузия болмайды. Фенобарбиталдың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі үш күнді құрайды. Фенобарбиталдың 30%-ы өзгермеген күйінде несеппен бірге шығарылады, сол кезде біршама мөлшері (аздаған көлемде) бауырда тотығады. Ұзақ қолданған кезде плазмадағы фенобарбитал жинақталып қалады, сондай-ақ фермент бауырда индукцияланады. Мұндай индукция барбитураттың ыдырауын жылдамдатады.
Этилбромизовалерианатпен байланысты бром организмнен өте баяу шығарылады. Препаратты ұзақ қолданған кезде ол орталық жүйке жүйесінде жиналады, бұл бромизмнің пайда болуына әкеледі.
Фармакодинамикасы
Валокордин® - емдік әсері оның құрамына кіретін компоненттердің фармакологиялық қаиеттерімен жүзеге асатын біріктірілген дәрілік зат.
Фенобарбиталдың тыныштандырғыш және қантамырды кеңейтетін әсерлері бар, сондай-ақ жеңіл ұйықтатыш әсері де бар. Орталық жүйке жүйесі қозуының төмендеуіне мүмкіндік береді және табиғи ұйқының басталуын жеңілдетеді. Этилбромизовалерианат тыныштандырғыш, ұйықтатқыш және спазмолитикалық әсер береді.
Бұрышты жалбыз майының рефлекторлы түрде қантамырды кеңейтетін және түйілуді басатын белсенділігі бар.
Қолданылуы
- жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуларында (соның ішінде кардиалгия, синустық тахикардия)
- тітіркенумен, мазасыздықпен, қорқынышпен қатар жүретін неврозда
- ұйқысыздықта (ұйықтау қиындағанда)
- айқын вегетативтік реакциялармен қатар жүретін қозу жағдайында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Валокординді® ішке, тамақтану кезінде, судың аздаған мөлшерімен қабылдайды. Препарат дозалануы және қолдану ұзақтығы әр адамға жекелей белгіленеді.
Ересектерге әдетте күніне 3 рет 15-20 тамшыдан тағайындайды.
Ұйықтау бұзылғанда дозаны 30 тамшыға дейін көбейтуге болады.
Балаларды емдеу үшін қолдану тәжірибесі жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек (<1/10, 000)
- жоғары сезімталдық реакциялары (ентігу, беттің ісінуі, бөртпе)
- Стивенс-Джонсон синдромы (SJS)
- уытты эпидермальді некролиз (TEN)
Жиі емес (> 1/1 000-нан <1/100-ге дейін)
- ұйқышылдық, жеңіл бас айналу
- асқазанның және ішектің ауыруы
- аллергиялық реакциялар
Белгісіз
- фенобарбиталды ұзақ уақыт қабылдаған емделушілерде сүйек тінінің минералды тығыздығының азаюы, остеопения, остеопороз және сынулар
- броммен созылмалы уланудың пайда болуы (препаратты ұзақ уақыт үлкен дозаларда қолданғанда), оның біліністері мыналар болады: депрессивтік көңіл-күй, апатия, ринит, конъюнктивит, геморрагиялық диатез, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық
- бүйрек және/немесе бауыр қызметінің айқын бұзылулары
- жүктілік, лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Валокординді® тыныштандырғыш дәрілермен бір мезгілде қолданғанда – тыныштандырғыш әсері күшейеді. Нейролептиктермен және транквилизаторлармен бір мезгілде қолдану препарат компоненттерінің әрқайсысының әсерін күшейтеді, ал орталық жүйке жүйесі стимуляторларымен бірге – бәсеңдетеді. Алкоголь Валокординнің® әсерін күшейтеді және оның уыттылығын арттыруы мүмкін. Валокординнің® құрамында фенобарбиталдың болуы бауыр ферменттерін индукциялауы мүмкін, және бұл бауырда метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қолданылуын тиімсіз етеді, өйткені олардың концентрациясы, ол соған сәйкес тиімділігі өте тез жүретін метаболизм нәтижесінде төмендейтін болады (тікелей емес антикоагулянттар, антибиотиктер, сульфаниламидтер және басқалар).
Құрамында вальпроин қышқылы бар фармацевтикалық препараттар барбитураттардың әсерін күшейтеді.
Кумарин туындыларымен, гризеофульвинмен, глюкокортикоидтармен немесе оральді контрацептивтермен біріктіргенде, Валокордин® құрамында фенобарбиталдың болуының арқасында, олардың жағымсыз өзара әрекеттесуі ретінде жоғарыда аталған препараттардың әсерінің жылдам бәсеңдегені байқалуы мүмкін.
Құрамында метотрексат бар фармацевтикалық препараттардың уыттылығын күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты ұзақ қолданғанда дәріге тәуелділік туындауы мүмкін; организмде бром жиналып қалуы және олармен улану пайда болуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Валокордин® тіпті дұрыс қолданылғанның өзінде жылдам реакция беру қабілетін бәсеңдетуі мүмкін. Бұл ықпалы алкогольмен күшейе түседі. Осыған байланысты емделу кезінде көлікті басқаруға немесе қауіпті механизмдермен жұмыс жасауға болмайды.
Артық дозалануы
Симптомдары: артық дозалануы ауырлығы әртүрлі дәрежелі уыттанумен білінеді.
Уыттану симптомдары
Барбитураттармен жедел (жеңілден орташа дәрежеге дейін) уыттану
Бас айналу, шаршау, тіпті, емделушіні оятып алу мүмкін болмайтын терең ұйқы.
Жедел ауыр уыттану
Тіндік гипоксия қатар жүретін терең кома, бастапқыда жиілейтін, кейін баяулайтын беткейлік тыныс алу. Жүрек лүпілінің жиілеуі, жүрек аритмисы, төмен қан қысымы, қантамыр қызметінің жеткіліксіздігі, әлсіз рефлекстер немесе олардың болмауы.
Егер уыттануды емдемесе, қантамыр қызметінің жеткіліксіздігінен, тыныстың салдануынан немесе өкпелердің ісінуінен науқастың өліп кетуі мүмкін.
Құрамында бром бар препараттарды ұзақ уақыт қабылдау броммен улануға әкеп соғуы мүмкін, ол келесі симптомдармен сипатталады: сананың шатасу жағдайы, атаксия, апатия, депрессивті көңіл-күй, конъюнктивит, салқын тию, акне немесе пурпура
Уыттануды емдеу
Валокординмен® жедел уыттану жағдайларын, уыттану симптомдарының ауырлығына байланысты, ұйықтататын препараттармен және барбитураттармен уыттану кезіндегі тәсілмен емдеу қажет. Асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау қажет.
Тыныс алуды және қан айналымын қалыпты ету қажет. Тыныс алу қызметінің жеткіліксіздігін жасанды тыныс алу жәрдемімен, шокты - плазма инфузиясы немесе плазма көлемін арттыру үшін қосылатын заттардың инфузиясы арқылы жоюға болады. Барбитуратты қабылдаған сәттен бастап көп уақыт өтпеген жағдайда, асқазанды шаю тағайындалады (белсенділендірілген көмір мен натрий сульфаты ерітіндісінің толық екі ас қасығын құю керек). Барбитураттың организмнен шығарылуын тездету үшін қарқынды сілтілендіруші диурез және гемодиализ және/немесе гемоперфузия тағайындалады.
Броммен улануды емдеу: асханалық тұздың көп мөлшерін салуретиктермен бір мезгілде қабылдау бром иондарының организмнен шығарылуын тездетеді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтиленнен жасалған тік тамызғышы және полипропиленнен жасалған бұралатын қақпағы бар, қоңыр шыны (гидролитикалық 3 класс) құтыларға препарат 20 мл-ден және 50 мл-ден құйылған. Әрбір құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады. 1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
15°С-ден 22°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Кревель Мойзельбах ГмбХ
Кревельштрассе 2
Д-53783 Айторф Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Кревель Мойзельбах ГмбХ, Германия
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«КФК Медсервис Плюс» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ-сы, Мәметова к-сі, 54
Телефон/факс: 8 (727) 279 98 21
Электрондық поштасы: pharmanadzor@medservice.kz