Вазелин (30 г)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Вазелин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жақпамай
Құрамы
Бір банкінің ішінде
белсенді зат – 25 г, 30 г вазелин
Сипаттамасы
Біртекті, жіпше созылған, ақтан сары түске дейінгі, иіссіз, жақпамай тәрізді масса.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
ATХ коды D11AХ
Фармакологиялық қасиеттері
Жұмсартқыш әсерге ие. Теріні жұқа, бірақ өткізбейтін тығыз үлбірмен жауып тұрады, ұсақ жарықтарға, тіліктерге және сызаттарға микробтардың түсуіне кедергі жасайды. Суықтан қорғайды. Теріні жұмсартатын әсері бар.
Қолданылуы
– теріге арналған жұмсартқыш дәрі ретінде
– жел қаққан кезде жарылған қол мен ерінге жағу үшін
– жақпамай дайындауға арналған негіз
Қолдану тәсілі мен дозалары
Сыртқа. Терінің қажетті бөлігіне, шырышты қабыққа жұқа қабатпен жағады және жеңіл ысқылайды.
Жағымсыз әсерлері
Анықталмаған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Анықталмаған.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолдану
Препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.
Жүктілік және лактация
Препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған.
Шығарылу түрі
Қақпақтармен жиынтықтағы дәрілік заттарды қаптауға арналған полимер банкілерде 25 г, 30 г-ден. Банкілерге заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
40 банкіден қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың жеткілікті санымен бірге топтық қаптамаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 18 ˚С-ден 20 ˚С-ге дейінгі температурада.
Балалардан қорғау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е
Тіркеу куәлігінің иесі
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Алматы қ.,
Б. Бұлқышев к-сі, 4е
тел./факс +7727233-27-58
E-mail: farm-4@mail.ru