Вагинорм® С

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: Артезан Фарма ГмбХ & Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012525
Информация о регистрации в РК: 23.11.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Вагинорм® С

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі

250 мг қынаптық таблеткалар

Құрамы

Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 250 мг аскорбин қышқылы бар,

қосымша заттар: полиметилсилоксан, лактоза моногидраты, гидрокиспропилметилцеллюлоза, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақтан ақшыл сары немесе ақшыл қоңыр түске дейінгі пішіні бұршақ тәріздес таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімін қоспағанда). Органикалық қышқылдар. Аскорбин қышқылы

АТХ коды G01AD03

Фармакологиялық қасиеттері

Аскорбин қышқылы қынаптың рН-ын төмендетіп, рН 4,0-ке тең ортада көбейе алмайтын бактериялардың өсуін тежейді.

Лактобактериялар сияқты бактериялар, рН 4.0 төмен кезде бұрынғыдай көбеюі мүмкін және қынап рН төмендеуі есебінен бәсеңдемейді деуге болады (немесе мүлдем) бәсеңдемейді. Осылайша қынаптың қалыпты микрофлорасы (Додерлейн талшығы, лактобактериялар) бірнеше күннен соң қалпына келеді.

С дәруменімен қышқылдану, әсіресе жағымсыз анаэробты микроорганзмдерге қатты тежегіш әсер береді. Керісінше ашытқы зеңдер тежелмейді; олар рН көрсеткіштері төмен кезде бұрынғыдай көбеюі мүмкін.

in vitro зерттеуге сәйкес, қынаптың микрофлорасына С дәруменінің бактериостатикалық және бактерицидтік әсер ету механизмі көбіне рН төмендеуімен байланысты. С дәруменінің қандай дәрежеге дейін лейкоциттердің иммунологиялық және бактерияларға қарсы функциясына қатысты антиоксидант және радикалдардың қақпаны ретінде әсер ететіні осы уақытқа дейін түсініксіз. Дисплазиялық жасушаларға оң әсер етеді деп саналатындықтан, ол дегенеризациялануы мүмкін және С дәруменінің төмен деңгейінің болуы көрсетілген.

Қолданылуы

- қынаптың созылмалы немесе қайталанатын бактериялық (бактериялық вагиноз, спецификалық емес кольпиттер) қабынуының жеңіл және орташа дәрежесінде қынаптың бактериялық флорасы бұзылуын қалпына келтіру үшін қолданылады

Қолдану тәсілі және дозалары

Стандартты ем күніне 250 мг Вагинорм® С 1 қынаптық таблеткасын құрайды.

Қынаптық таблетканы кешкісін қынапқа терең енгізілгені дұрыс. Қынаптық флораның жеңіл және орташа бұзылуы кезінде емді 6 күн бойы қолдану жеткілікті. Қынаптық флорасының бұзылуы ауыр және лактобактериясы мүлде жоқ пациенттерге немесе жүктілік кезінде емді бірнеше апта бойы жалғастыру ұсынылады. Егер одан кейін емдеу курсы қайталанса, онда ойдағыдай ем мүмкіндігі жоғарылайды. Вагинорм® С қажет кезде бірнеше апта немесе ай бойы күн сайын қолданылуы мүмкін.

Препаратты қолдану кезеңінің шектелуі болуы керек деген дерек жоқ.

Жағымсыз әсерлері

  • Жағымсыз реакцияларды бағалауда мынадай санаттар пайдаланылады:

  • Өте жиі: ≥ 1/10

  • Жиі: ≥ 1/100-ден < 1/10 дейін

  • Жиі емес: ≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін

  • Сирек: ≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін

  • Өте сирек: < 1/10 000

  • Белгісіз: бар деректер бойынша жиілікті бағалау мүмкін емес

Вагинорм® С препаратын қолданғаннан кейін жиі емес жағдайларда пациент қынапта ашытуды және қышынуын сезінуі мүмкін. Бұл құбылыстар көптеген немесе аздаған дәрежеде қынаптық емдеудің барлық кезінде байқалады.

Кейбір пациенттерде симптомдарды зеңдік инфекциялар туғызады. Шамамен барлық әйелдердің 10%-да қынапта симптомсыз инфекция болатыны белгілі. Егер қынап микрофлорасы бұзылған және ашытқы зеңдердің өсуін тежейтін заттарды (мысалы, дифениламин) өндіретін спецификалық анаэробтық микроорганизмдердің концентрациясы жоғары болса, бұл да кейбір пациент әйелдерде болатын ашытқы зеңдердің өсуін тежеуі мүмкін.  

Вагинорм® С препаратымен қынаптық микрофлораны қалпына келтіргеннен кейін кейбір пациенттерде айқындалатын және симптоматикалық зеңдік инфекцияға әкеле отырып, ашытқы зеңдердің өсуін күшейтуі мүмкін. Өте сирек жағдайларда препараттың қандай да бір ингредиенттеріне аса жоғары сезімталдық дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда Вагинорм® С препаратын қолдануды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- Препараттың кез келген компонентіне немесе белсенді затына жоғары сезімталдық

- Кандидозды кольпиті бар пациенттерде симптомдар қышқылдану кезінде нашарлауы мүмкін, өйткені бұл ауру С дәруменімен емделмейді.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

С дәрумені несепте глюкозаны ферменттік анықтау кезінде, сондай-ақ сарысуда трансаминазаны, сарысуда лактатдегидрогеназаны және билирубинді анықтауда көрсеткішті бұрмалауы мүмкін. Салицил қышқылы С дәруменінің шығарылуын күшейтеді. Эстрогендер С дәруменінің биожетімділігін жоғарылатады. С дәрумені антикоагулянттар белсенділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Етеккір немесе етеккір арасындағы қан кетулер кезінде Вагинорм® С препаратымен емдеуді тоқтатудың қажеті жоқ. Басқа да қатар жүрген ауруларда немесе жүйелі инфекциялық ауруларда Вагинорм® С препаратын қолдану үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды және керісінше С дәруменін қосымша қабылдау тіпті дұрыс болуы да мүмкін, өйткені организмнің стресс жағдайында С дәруменінің жоғары деңгейі қажет етіледі.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінің кез келген уақытында Вагинорм® С препаратын қолдану бойынша қауіп жоқ.

Инфекцияның пайда болу қаупін болдырмау үшін Вагинорм® С препаратын қолданудың алдында қолды мұқият жуу керектігі жөнінде пациентке кеңес беру керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Артезан Фарма ГмбХ&Ко.КГ

Вендландштрассе 1, 29439 Люхов, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Полихем С.А. (Люксембург)

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Абботт Қазақстан» ЖШС, Достық д-лы 117/6, «Хан Тәңірі-2» бизнес орталығы, 050059, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Тел.: +77272447544, факс: +77272447644.

e-mail: pv.kazakhstan@abbott.com

spcde-2134849-aea-13-12-2012

Прикрепленные файлы

239319031477976770_ru.doc 58.5 кб
747965591477977932_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники