Боярышника настойка (50 мл, ТОО Shingiskhan)

МНН: Боярышника плоды
Производитель: ТОО "Компания "Shingiskhan"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023414
Информация о регистрации в РК: 07.12.2017 - 07.12.2022

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

Долана тұндырмасы

Саудалық   атауы

Долана тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұндырма

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсендi зат - долана жемістері 100.0             ,                                        

қосымша зат: этанол 70 % 1 л-ге дейін

Сипаттамасы

Сарыдан қызыл-қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

Басқа да кардиотонустық препараттар.

АТХ коды  С 01 ЕB

Фармакологиялық қасиеттері

Долана тұндырмасы өсімдік тектес кардиотонустық дәрі. Долана жемістерінің құрамында флавоноидтар (кверцетин, гиперин, гиперозид, витексин), органикалық қышқылдар (лимон, олеан, урсол, кратегус, кофе, хлороген), сондай-ақ каротиноидтар, иіткіш заттар, майлы майлар, пектиндер, тритерпен мен флавон гликозидтері, бета-ситостерин, холин, қант, дәрумендер бар.

Тритерпен қосылыстары және флавоноидтары спазмолитикалық және гипотензивті әсер береді, веналық қысым деңгейіне оңды әсер етеді, артериол тамырлары мен капиллярлар қабырғасының созылғыштығын жақсартады. Долана тұндырмасының аритмияға қарсы, неврозға қарсы қасиеттері бар. Миокард тонусын арттырады, жүрек бұлшықетінің жиырылуын біршама күшейтеді, миокард қозғыштығын азайтады. Орталық жүйке жүйесі қозғыштығын төмендетеді, коронарлық және ми қан айналымын жақсартады, бас айналуын жояды. Долана тұндырмасы жүрек ырғағының қалпына келуіне ықпал етеді, бұл III класс аритмияға қарсы дәрілерге тән әсер ету механизміне байланысты. Тамыр түйілуін азайтады, жүректің вена тамырларында және ми тамырларында қан айналымын күшейтеді, жүрек гликозидтерінің әсеріне миокард сезімталдығын арттырады.  

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында: 

  • жүрек қызметінің функционалдық бұзылыстары;
  • климакстық синдром;
  • кардиалгия;
  • астено-невроздық жағдай 

Қолдану тәсiлi  және дозалары

Ересектерге, ішке, тамақтануға дейін 20-30 тамшыдан күніне 3-4 рет.  

Емдеу курсы 20-30 күн.  

Жағымсыз  әсерлері

Сирек

  • брадикардия, гипотензия (үлкен дозада ұзақ қабылдағанда)
  • аллергиялық  реакциялар (терідегі қызару және бөртпе, қышыну);
  • гипотония;
  • бас айналу, діріл

Болуы мүмкін

  • жүрек айнуы, құсу, ішек шаншуы, ұйқышылдық (ашқарынға қабылдағанда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компонентінің жекелей жақпаушылығы
  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
  • артериялық қысымның төмендеуі
  • жүрек ырғағының бұзылуы
  • жүктілік және лактация
  • алкоголизм
  • эпилепсия
  • бауыр ауруымен зардап шегетін адамдар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат  жүрек гликозидтерінің (строфантин, дигоксин және т.б.) әсерін күшейтеді, ал β-адреноблокаторлармен –гипотензивті әсері күшеюі мүмкін.

III класс аритмияға қарсы дәрілермен, сондай-ақ цизапридпен бір мезгілде қолдануға болмайды. Жағымсыз кешендер түзілуі мүмкіндігіне байланысты алкалоидтар тұздарымен қабылдау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Тамақтану кезінде ондағы компоненттермен өзара әрекеттесуін болдырмас үшін препаратты қабылдау ұсынылмайды.

Бауыр аурулары мен бас сүйек-ми жарақаттары кезінде абай болу керек. 

Жүктілік және  лактация кезеңі

Препаратты қолдануға болмайды.

Алкоголизм, эпилепсияға шалдыққан адамдарға, бауыр аурулары бар науқастарға препаратты қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері             

Препарат құрамында спирт бар екендігін ескере отырып, сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу, ішек шаншуы.

Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, сіңіретін дәрілер тағайындау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл және 90 мл препараттан алюминий қақпақпен немесе полимер тығынмен және бұрандалы пластмасса қақпақпен жабылған шыны массадан  жасалған мойны бұрама құтыларға құйылған.

Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен және құтылар саны көрсетілген қаптама парағын гофрланған картон жәшікке салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Shingiskhan» компаниясы» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов тұйық көшесі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Shingiskhan» компаниясы» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов тұйық көшесі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы

«Shingiskhan» компаниясы» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов тұйық көшесі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның  мекенжайы

«Shingiskhan» компаниясы» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов тұйық көшесі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru

Прикрепленные файлы

Боярышн_каз.docx 0.02 кб
Боярышник_рус.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту