Боярышника настойка (90 мл)

МНН: Боярышника плоды
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024310
Информация о регистрации в РК: 24.09.2019 - 24.09.2024

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Долана тұндырмасы

Саудалық атауы

Долана тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұндырма 90 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсендi зат - долана жемістері 10 г ,

қосымша зат - этил спирті 70 %.

Сипаттамасы

Сарыдан қызыл-қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Кардиологиялық препараттар. Басқа кардиологиялық препараттар.

АТХ коды С01ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикасы зерттелмеген, себебі дәрілік заттың құрамында түрлі биологиялық белсенді заттар бар.

Фармакодинамикасы

Препараттың биологиялық әсері биологиялық белсенді заттар (флавоноидтар, холин, ацетилхолин, иіткіш заттар, фитостериндер, тритерпендік қосылыстар, органикалық қышқылдар және т.б.) кешенінің болуымен байланысты. Тритерпен гликозидтері мен флавоноидтар спазмолитикалық, гипотензиялық әсер етеді. Долана тұндырмасы аритмияға қарсы, ангионевроздық қасиеттерге ие. Миокард тонусын арттырады, жүрек бұлшықетінің жиырылуын біршама күшейтеді, миокард қозғыштығын азайтады. Қантамырлар түйілуін жояды, қан айналымын жақсартады, жүрек гликозидтерінің әсеріне миокард сезімталдығын арттырады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

  • жүрек қызметінің функционалдық бұзылыстары

  • климакстық синдром

  • кардиалгия

  • астено-невроздық жағдай

  • артериялық гипертензия

Қолдану тәсiлi және дозалары

Ішуге арналған

Қолданар алдында шайқау керек.

Долана тұндырмасын ішке тамаққа дейін қабылдайды. Ересектерге, ¼ стакан суға ерітілген тұндырманы, тұрақты емдік әсерге жеткенге дейін 20-30 тамшыдан күніне 3 рет қабылдау ұсынылады (артериялық қысымды қалыпқа келтіру, жүрек соғуын азайту).

Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ерекшеліктерін, дәрілік заттың жағымдылығын және қол жеткізілген әсерді ескере отырып анықтайды.

Тұндырманы құрамында этанолдың болуына байланысты ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды. Емдеу кезінде құрамында этанол бар басқа заттарды қабылдаудан аулақ болу қажет.

Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану: сақтықпен тағайындау.

Егде жастағы пациенттерде қолдану: сақтықпен тағайындау.
 

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • брадикардия, гипотензия (үлкен дозада ұзақ қабылдағанда);

  • аллергиялық реакциялар (терідегі қызару және бөртпе, қышыну);

  • гипотензия;

  • бас айналу, діріл

Болуы мүмкін

  • жүрек айнуы, құсу, ішек шаншуы, ұйқышылдық (ашқарынға қабылдағанда).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентінің жекелей жақпаушылығы

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

- артериялық қысымның төмендеуі

- жүрек ырғағының бұзылуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- алкоголизммен зардап шегетін адамдар

- бауыр аурулары

- эпилепсия

- бассүйек-ми жарақаты

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты және жүрек гликозидтерін (строфантин, дигоксин және т. б.) біріктіріп қолданғанда кардиотонустық әсердің күшеюі болады; β-адреноблокаторлармен-гипотензиялық әсердің күшеюі мүмкін.

III класты аритмияға қарсы дәрілермен, сондай-ақ цизапридпен бір мезгілде қолдануға болмайды. Жағымсыз кешендер түзілуі мүмкіндігіне байланысты алкалоидтар тұздарымен бірге қабылдау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Компоненттерімен өзара әрекеттесуін болдырмас үшін препаратты тамақтану кезінде қабылдау ұсынылмайды. Бауыр аурулары мен бас сүйек-ми жарақаттары кезінде абай болу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты қолдануға болмайды.

Алкоголизм, эпилепсияға шалдыққан адамдарға, бауыр аурулары бар науқастарға препаратты қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану препарат құрамында этил спиртінің болуына байланысты автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді.

Артық дозалануы

Симптомдары - артериялық қысымның төмендеуі, бас айналу, ұйқышылдық, брадикардия.

Емі - симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

90 мл препараттан полиэтилен тығындармен және бұралатын қақпақтармен немесе полиэтилен немесе әмбебап (алюминий) қақпақтармен жабылған бұрандалы мойыны бар шыны массадан жасалған құтыларда.

Құтыға өзі желімделетін заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тиісті мөлшерде орауыш қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қораптарға немесе полиэтиленді жылу ұстағыш үлбірмен немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйым

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, телефон/факс: 8 (7132) 21 72 15

Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

ИМП_Боярышника.docx 0.04 кб
Боярышн_каз1_дор.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту