Бифиформ®

МНН: Бифидобактерии лонгум + Энтерококкус фециум
Производитель: Ферросан А/С
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, содержащие микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012721
Информация о регистрации в РК: 20.03.2019 - 20.03.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Бифиформ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабығы бар капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар:

Enterococcus faecium - 107 КТБ кем емес

Bifidobacterium longum – 107 КТБ кем емес

қосымша заттар: сусыз глюкоза, ашытқы ұйытқысы, мүйізгекті ағаш бұршақтарының шайыры, магний стеараты, лактулоза

капсуланың қабығы (корпусы мен қақпағы): желатин, титанның қостотығы, метакрил қышқылы және метилметакрилат сополимері (1:1), метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері (1:1) 30% дисперсия, тальк, макрогол 6000, соя майы, диацетилденген моноглицерид.

Сипаттамасы

№ 3 ақ түсті қатты желатинді капсулалар. Капсула ішіндегісі – ашық-сарғыш түсті құрғақ ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Антидиареялық микроорганизмдер. Сүт қышқылын өндіретін микроорганизмдер.

АТХ коды А07FA01 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бифиформ® препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылау жасауға мүмкіндік жоқ. Препарат бактериялары ішек жақтаулары арқылы сіңірілмейді, бірақ ішекте көбеюге қабілетті.

Фармакодинамикасы

Бифиформ® ішек микрофлорасының тепе-теңдігін реттейді. Ішектің физиологиялық флорасының регенерациясына пробиотик бактериялары мен қоректік орта есебінен биологиялық жолмен ықпал етеді. Ішектің микробиоценозының қалыпқа келуі аясында препараттың әсерімен В және К тобы витаминдерінің табиғи синтезі қалыпқа келеді, асқазан-ішек жолының шырышты қабығының физиологиялық қызметі жақсарады.

Қолданылуы

-ішек микрофлорасын қалыпқа келтіру үшін, шығу тегі әртүрлі асқазан-ішек жолының бұзылыстарын, асқазан-ішек жолының созылмалы ауруларын емдеу және алдын алу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Капсулаларды ас қабылдаумен байланыссыз, азғантай мөлшердегі сумен ішеді. 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2 рет 1 капсуладан азғантай мөлшердегі сұйықтықпен қабылдау ұсынылады. 12 жастан асқан балаларға және ересектерге тәулігіне 3 рет 1 капсуланы азғантай мөлшердегі сұйықтықпен қабылдау ұсынылады. Ішек микрофлорасын қалыпқа келтіру үшін емдеу курсы 10-21 күн.

Курс ұзақтығын дәрігер әр адамға жеке белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Ұсынылған дозаларда қолданғанда анықталған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық- 2 жасқа дейінгі балаларға- глюкоза мен галактозаның мальабсорбциясы синдромы бар емделушілерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат басқа да дәрілік заттармен үйлестіріліп пайдаланылуы мүмкін. Антибиотиктермен бір мезгілде тағайындауға жол беріледі. Антибиотиктермен бірге тағайындаған кезде препаратты антибиотиктерді қабылдағанға дейін 3 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 3 сағат өткен соң қабылдау керек.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезінде дәрілік затты пайдалануға қарсы көрсетілім жоқ. Көрсетілген күндізгі дозадан арттыруға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған. Ұсынылған дозалардан елеулі түрде асып түскен жағдайда медициналық бақылаудан өткен дұрыс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Құрамында құрғатқышы бар полиэтилен тығынмен тығындалған алюминий пеналда 30 капсуладан, медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге қапталған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ферросан А/С», Дания,

DK-2860, Сэборг, Сюдмаркен 5.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ферросан А/С», Дания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Интерфармасьютикал» ЖШС, Қаскелең қ., Бокин к-сі 58 үй

тел: 8 727 260 94 71

e – mail : info@ferrosan.kz

Прикрепленные файлы

943118711477976751_ru.doc 46 кб
181678941477977917_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники