Бикалутамид Гриндекс
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
БИКАЛУТАМИД ГРИНДЕКС
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бикалутамид
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 50 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат –50 мг бикалутамид бар,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон К-30, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты,
қабығы – ақ опадрай Y-1-7000 (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 400).
Сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, ақ түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы гормональді препараттар. Гормондар антагонистері және олардың аналогтары. Антиандрогендер. Бикалутамид
АТХ коды L02BB03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Бикалутамид пероральді қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді. Тамақ ішу препараттың биожетімділігіне әсер етпейді.
Таралуы
50 мг бикалутамидті күнделікті қабылдағанда (R)‑энантиомердің тепе тең
концентрациясы шамамен 9 мкг/мл құрайды және жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығы салдарынан шамамен1ай емдеуден кейін қол жеткізіледі. Ұзақ уақыт қабылдағанда бикалутамид (R)-энантиомерінің плазмадағы концентрациясы бикалутамидтің (50 мг) бір реттік дозасын қолданғанғаннан кейінгі сондаймен салыстырғанда шамамен 10 есе ұлғаяды.
Бикалутамид ақуыздармен жоғары деңгейде байланысуға қабілетті (рацемиялық қоспа 96 %, (R)-бикалутамид 99,6 %).
(R)-энантиомердің фармакокинетикасы бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауырдың әлсіз және орташа жеткіліксіздігіне, жасқа байланысты емес.
Метаболизм
Бауырда тотығу және глюкуронидті конъюгаттарды түзу жолымен қарқынды метаболизденеді.
Шығарылуы
Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 1 аптаға жуықты құрайтын (R)-энантиомерден айырмашылығы (S)‑энантиомер организмнен тез шығарылады. Бауыр функциясының бұзылуының ауыр түрі бар емделушілерде (R)-энантиомер қан плазмасынан баяу шығарылады. Метаболиттер бүйрек және өт қабы арқылы шамамен тең пропорцияларда шығарылады.
Фармакодинамикасы
Бикалутамид стероидты емес антиандрогенді препарат – басқа эндокриндік белсенділігі жоқ, эндогенді андрогендердің бәсекелес антагонисі болып саналады. Бикалутамид негізінен (R)-энантиомер есебінен антиандрогенді белсенділікке ие рацемиялық қоспа болып табылады. Мүше-нысана жасушаларының беткейінде гендік экспрессия белсенділігінсіз андрогенді рецепторлармен байланысып, осы ретте плазмадағы гормондардың концентрациясын жоғарылата отырып, оларды андрогендер үшін жеткіліксіз етеді. Осы бөгеудің нәтижесінде қуықасты безінің ісігі қайта бастайды. Бикалутамидпен емдеуді тоқтату кейбір науқастарда антиандрогендерді “тоқтату” синдромын туғызуы мүмкін. Бикалутамид ЖГБГ (жыныс гормондарын байланыстыратын глобулинге) ұқсастық дәрежесі төмен, бірақ мұның клиникалық мәні жоқ.
Қолданылуы
- қуықасты безінің жергілікті жайылған обырында (ЛГРГ – рилизинг гормонын лютеиндейтін гормон аналогын үйлестіріп қолданғанда немесе хирургиялық кастрацияда).
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересек еркектер, оның ішінде егде жастағыларға
Тәулігіне бір рет бір таблеткадан 50 мг ішу керек. Бикалутамидпен емдеуді ЛГРГ аналогымен емдеумен немесе хирургиялық кастрациямен бір мезгілде бастау керек.
Біріктіріп емдеу курсының ұзақтығы әр емделушінің клиникалық реакциясына байланысты. Емдеу тиімділігін бағалау үшін қан сарысуындағы қуықасты безінің (ПСА) спецификалық антигенін кезеңді түрде бақылау талап етіледі.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін және бауыр жеткіліксіздігі жеңіл түрдегі әр емделуші үшін дозаны жеке түзету талап етілмейді.
Жағымсыз әсерлері
Бикалутамидті әдетте жақсы көтеруге болады және жағымсыз әсерлері сирек жағдайларда ғана емдеуді тоқтатуға әкеледі.
Өте жиі (>10%)
- гинекомастия (ем тоқтағаннан кейін де сақталуы мүмкін, әсіресе препаратты ұзақ уақыт қабылдаған жағдайда), кеуде бездерінің ауырсынуы
- астения
- анемия
- бас айналуы
- ысынулар
- іштің ауыруы, іш қатуы, жүрек айнуы
- гематурия
- ісінулер
Жиі (³1% және <10%)
- диспепсия, метеоризм
- анорексия, ауыз құрғауы, іш қатуы
- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқысыздық
- ұйқышылдық
- қышыну, шаш түсуі, гирсутизм немесе шаш өсуінің қалпына келуі, тері құрғауы
- жоғары тершендік
- жыныстық елігудің төмендеуі, сексуалдық дисфункция, депрессия, никтурия
- кеуденің ауыруы
- іштің ауруы, жамбас аумағының ауыруы, қалтырау
- қант диабеті, гипергликемия
- тәбет төмендеуі
- анемия
- салмақтың артуы
Жиі емес (³0,1% - <1%)
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевротикалық ісіну, есекжем)
- интерстициалді өкпе аурулары (өлім жағдайлары болған )
Сирек (³0,01 - <0,1%)
- бауыр жеткіліксіздігі (өлім жағдайлары болған )
«Бауыр» трансаминазаларының белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы, холестаз және сарғаю күрделі ауру ретінде сирек бағаланды, өтпелі сипатта болды, емді жалғастырғанда немесе препаратты тоқтатқаннан кейін толық жойылады немесе азаяды. Бикалутамидпен ем аясында бауыр жеткіліксіздігі өте сирек дамыды, алайда бауыр жеткіліксіздігі дамуы мен бикалутамидпен емдеудің арасындағы себеп-салдарлы байланыс нақты анықталмаған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- бикалутамидке, препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- терфенадинді, астемизолды және цизапридті бір мезгілде қабылдау
- әйелдер
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
- туа біткен лактоза жақпаушылығы, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бикалутамид және ЛГРГ аналогтары арасындағы фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық өзара байланысуы жөнінде айғақ жоқ.
In vitro зерттеулерінің нәтижелері R-бикалутамидтің CYP 2C9, 2C19 және 2D6 белсенділігін әлсіз тежейтін әсері бар CYP 3A4 тежегіші болып табылатынын айғақтайды.
Цитохром Р450 (CYP) белсенділігінің маркері ретінде антипирин қолданудың клиникалық зерттеулерінің нәтижелері препараттардың бикалутамидпен болжамды өзара әрекеттесулерін растамаса да, мидазолам мен бикалутамидті бір уақытта қолданғаннан кейін 28 күннен соң мидазоламның (AUC) орташа әсері 80 % артқан. Емдік индексінің аясы тар дәрілермен салыстырғанда бұндай ұлғаю елеулі болуы мүмкін. Сондықтан терфенадинмен, астемизолмен және цизапридпен бір мезгілде қолдануға болмайды. Бикалутамидті циклоспорин және кальций өзекшелерінің блокаторлары сияқты препараттармен бір мезгілде қолдана отырып, сақ болу керек. Бұл дәрілердің дозасын, әсіресе олардың әсері немесе жағымсыз әсерлері күшейгені байқалғанда азайту қажет болуы мүмкін. Циклоспорин қолданған жағдайда бикалутамидпен емді бастағаннан немесе аяқтағаннан кейін оның плазмадағы концентрациясын және емделушінің клиникалық жай-күйін мұқият бақылау ұсынылады.
Бикалутамидті бауырда дәрінің тотығу үдерісін тежеуі мүмкін басқа препараттармен, мысалы цимитидинмен және кетоконазолмен бірге тағайындағанда сақтық жасау керек. Теориялық тұрғыдан бұл плазмадағы бикалутамид концентрациясын ұлғайтуы мүмкін, бұл қолайсыз жағымсыз әсерлердің жиілігін және/немесе қарқындылығын арттыруы мүмкін.
In vitro зерттеулерінде бикалутамидтің кумаринді типті антикоагулянт варфаринді протеиндермен байланысқан орнынан ығыстырып шығаруы мүмкіндігі дәлелденген. Сондықтан бұрыннан кумаринді типті антикоагулянттар қабылдап жүрген емделушілерде бикалутамидті қолдануды бастаған жағдайда протромбиндік уақытты мұқият бақылау керек. Мидазолам AUC 80%-ға ұлғаяды.
Айрықша нұсқаулар
Бикалутамидті бауыр жеткіліксіздігінің орташа және ауыр түрі бар емделушілерге сақтықпен қабылдау керек.
Организмнен бикалутамидтің элиминациясы бауыр функциясының бұзылуы ауыр науқастарда баяу болуы мүмкін, ол оның жинақталуына әкелуі мүмкін. Дұрысы бауыр функциясын мезгіл-мезгіл бақылаған жөн (бауыр функциясының өзгерістерінің көбі емдеудің алғашқы 6 айында кездеседі). Клиникалық симптомдар және/немесе функционалдық сынама 2 еседен астам жоғарылағанда емдеуді тоқтату керек.
Бауырдың зақымдануы ауыр түрде дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Сирек болатын туа біткен галактозаны көтере алмайтын, Lapp лактазасы тапшы немесе глюкоза-галактоза малабсорбциясында емделушілердің препаратты қолдануына болмайды.
Бикалутамид цитохром P450 (CYP 3А4 изоферменті) белсенділігін тежейтіндіктен көбіне CYP 3A4 изоферменті қатысуымен метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.
Гонадотропин рилизинг гормонымен (ГнРГ) бір мезгілде қабылдағанда емделушілерде глюкоза жағымдылығын төмендетуі мүмкін, бұл қант диабеті дамуына немесе қант диабеті бар емделушілерде глюкозаға толеранттылық төмендеуіне алып келуі мүмкін, сондықтан мұндай емделушілерде қандағы глюкоза концентрациясын бақылау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұйқышылдық сияқты болуы мүмкін жағымсыз әсерін ескере отырып, емделу кезеңінде автокөлік жүргізгенде және басқа да жоғары зейін жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайы байқалмаған. Жағымсыз әсерінің күшеюі мүмкін. Арнайы у қайтарғысы жоқ.
Емдеу: симптоматикалық болуы тиіс. Спецификалық у қайтарғысы жоқ. Диализдің тиімділігі аз, өйткені бикалутамидтің ақуыздармен байланысу қабілеті жоғары және несепте өзгермеген түрде кездеспейді. Организмнің тіршілік үшін маңызды функциясын жиі мониторингілеу арқылы әдеттегі демеуші ем тағайындалады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Үлбірлі қабықпен қапталған 50 мг таблеткалар.
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминийлі фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада немесе поливинилиденхлоридті жабындысы бар поливинилхлоридті үлбірден және алюминийлі фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдерінде қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Тіркеу куәлігінің иесі
«Гриндекс» АҚ. Крустпилс к-сі, 53, Рига, LV-1057, Латвия
Телефон: +371 67083205
Факс: +371 67083505
Электронды поштасы: grindeks@grindeks.lv
Өндіруші
«Коцак Фарма Илац ве Кимия Санай» АҚ, Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Гриндекс» АҚ өкілдігі
050010, Алматы қ., Достық даңғ., Бөгенбай батыр к. бұрышы, 34а/87а үй, №1 кеңсе
т./ф. 291-88-77, 291-13-84
эл. поштасы: grindeks.asia.kz@mail.ru