Беллс растительный сироп от кашля
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Беллс жөтелге қарсы өсімдік шәрбаты
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Шәрбат, 100 мл
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімді қоспағанда. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.
АТХ коды R05СА10
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектер мен 3 жастан асқан балаларда қолданылады.
Жөтелмен қатар жүретін тыныс алу жолдарының қабыну аурулары кезінде белгілеріне қарай емдеу:
- ЖРВИ -де, тұмауда
- фарингитте, ларингитте, трахеитте
- бронхитте, пневмонияда
- көкжөтелдің алғашқы сатысында
Тыныс алу ағзаларының созылмалы ауруларында:
- «шылымқорлар» бронхитінде
- «лекторлық» ларингитте
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 3 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
- қант диабеті кезінде сақтықпен қолдану керек
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Сұйылтылған қақырық шығуының бұзылуына байланысты жөтелге қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Арнайы сақтандырулар
Көрсеткіштер бойынша бір мезгілде микробқа қарсы дәрілерді қолдануға болады.
Қант диабеті
Қант диабеті бар науқастарға препаратты бір мезгілде тағайындаған кезде жөтелге қарсы Беллс өсімдік шәрбатының 5 мл шәрбатында (1 шай қасығында)
1,5 г қант бар екенін ескеру керек.
Қосымша заттар
Дәрілік препараттың құрамында сорбитол бар, осының салдарынан тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолданылуы
3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы шарана пен бала үшін әлеуетті қауіптен асқан жағдайларда ғана мүмкін болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Ересектерге және 14 жастан үлкен балаларға препаратты тәулігіне 3 рет 1-2 шәй қасықтан (5-10 мл) тағайындалады.
6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 3 рет ½ - 1 шәй қасықтан (2,5-5 мл).
3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 3 рет ½ шәй қасықтан (2,5 мл).
Емдеу курсы 5-7 күнді құрайды. Емдеу курсын ұзарту және қайталап жүргізу дәрігердің тағайындауымен болуы мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қолдану үшін.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Дәрілік препаратты қолдану кезінде артық дозалануы анықталған жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаса, өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жиі емес
- бөртпе
- қышыну
- күйдіру
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар: Мыналардың қою экстрактісі: қасиетті райхан жапырақтары, дәндері және тамырлары /Ocimum sanctum/ (5:1) 10,0 мг, сары жемісті алқа дәндері, тамырлары және жемістері /Solanum xanthocarpum/ (5:1) 5,0 мг, ұзын куркума тамырсабақтары /Curcuma longa/ (7:1) 10,0 мг, жалаң мия тамырлары/Glycyrrhiza glabra/ (3:1) 20,0 мг, адатода васика жапырақтары, гүлдің тамырлары мен қабықтары /Adhatoda vasica/ (3:1) 30,0 мг, ұзын бұрыш жемістері /Piper longum/ (3:1) 5,0 мг, дәрілік зімбір тамырсабақтары /Zingiber officinale/ (4:1) 10,0 мг, кәдімгі кардамон жапырақтары /Elettaria cardamomum/ (6:1) 5,0 мг
қосымша заттар: қант, 70% сорбитол ерітіндісі, гуар шайыры, ментол, пропиленгликоль, натрий бензоаты, метилпарабен, натрий пропилпарабені, бронопол, карамель, лимон қышқылының моногидраты, аскөк дәмдік қоспасы, таңқурай дәмдік қоспасы, хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар қоңырдан қара-қоңыр түске дейінгі шәрбат.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл шәрбаттан алғашқы ашылуы бақыланатын және астарымен бұралып жабылатын металдан жасалған қақпағы бар күңгірт шыныдан жасалған құтыларға. Әрбір құтыға өздігінен жабысатын қағаздан жасалған заттаңба жапсырады. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші туралы мәліметтер
Parnax Lab Ltd. 106-107
Bldg.№8, Jogani Industrial Complex, Chunabhatti, Sion,
Mumbai - 400022, Үндістан
тел.+91 22 6825 2525
факс. +91 22 6825 2500 / +91 22 2405 7708
e-mail: info@naxparlab.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Авицена-ЛТД» ЖШС
050002, Алматы қ., Радлов к-сі 65, 203 кенсе
тел./факс: +7727 3572387/88/89,
e-mail: direct@avitsena.kz
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Авицена-ЛТД» ЖШС
050002, Алматы қ., Радлов к-сі 65, 203 кеңсе
тел./факс: +7727 3572387/88/89,
e-mail: direct@avitsena.kz
Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ConsultAsia» ЖШС
Шевченко к-сі 165Б
050061, Алматы, Қазақстан,
тел.: +7705-1708825/+7777-8051116
pv@consultingasia.kz