Беллс

МНН: Камфора, Левоментол, Масло терпентинное, Тимол, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Новомед Фарма Прайвет Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014462
Информация о регистрации в РК: 31.03.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Беллс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 20 г

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын және бұлшықет ауырулары кезінде жергілікті қолдануға арналған препараттар. Буын және бұлшықет ауырулары кезінде жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. Басқалары.

АТХ коды М02АХ10

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- жедел және созылмалы қаңқа-бұлшықет ауыруларын басу үшін (миалгия, фибромиалгия, арқаның ауыруында)

- спортсмендерде қыздыратын жақпамай ретінде

Тұмаумен, мұрынның бітелуімен қатар жүретін жедел респираторлық ауруларды симптоматикалық емдеуде.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- тері аурулары

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

- компресстермен және таңғыштармен қолдануға болмайды.

- тері бетінің үлкен беткейіне ұзақ уақыт бойы жағуға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Арнайы сақтандырулар

Жақпамайды ашық жараларға, шырышты қабықтарға және көзге тигізбеу керек. Жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін терінің препаратқа деген сезімталдығын анықтау үшін теріге жақпамайдың аздаған мөлшерін алдын ала жағып көру керек.

Педиатрияда қолданылуы

12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

12 жастан асқан балаларда сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және лактация кезінде әйелдерде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Сыртқа: мұрын, тамақ, кеуде мен арқаның жоғарғы бөлігіне, ортаңғы сызықты бойлай түнге қарай немесе тәулігіне 2 рет жағылады. Толық сіңгенше аздап ысқылап және содан кейін құрғақ жылы матамен жауып қою керек. Емдеу курсы 7 күнге дейін.

Ингаляциялық (тек ересектер үшін): ½ шай қасығына 1 л ыстық су құйып, буымен дем алу қажет.

Қимыл-қозғалыс аппаратының және жұмсақ тіндердің жарақаттарында препаратты ауыратын жерге осы аймақты кейіннен уқалаумен тәулігіне 5 ретке дейін жағады. Емдеу курсы 2-3 аптаға дейін.

Миалгиялар мен артралгияларда – 1-3 г жақпамайды тәулігіне 2-3 рет ауыратын жерге жағады және теріні аздап ысқылайды. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипатына және ауырлығына байланысты және орташа 10 күнді құрайды.

Дене жүктемесінің алдында спортсмендерге қыздыратын дәрі ретінде қолданған кезде тиісті бұлшықеттерге жақпамайдың аздаған мөлшерін (шамамен 2-3 г) жағады және тері аздап қызарғанға дейін уқалап жағады. Жаттығудан кейін жақпамайды теріден жылы сумен жуып тастау керек.

Балалар

12 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа қолданылады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Беллс препаратын қолданғанда артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаса, өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Сирек:

- қышыну, ісіну, есекжем

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: ментол 6,0 г

камфора 7,0 г

скипидар шайыры

(терпентин майы) 2,0 г

тимол 1,5 г

эвкалипт майы 3,0 г,

қосымша заттар: қабықтан алынған даршын майы, ақ балауыз, ақ жұмсақ парафин, бутилдендірілген гидроксианизол, бутилдендірілген гидрокситолуол.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ментол мен камфораға тән иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті жақпамай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г жақпамайдан бұралып жабылатын полипропилен қақпағы бар полипропиленнен жасалған банкілерде. Әрбір банкіге қағаздан жасалған өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады. 1 банкіден қазақ және орыс тілдерінде медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15оС-ден 25 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші туралы мәліметтер

Парнакс Лаб Лтд. (Parnax Lab Ltd.), Үндістан

114 Bldg.№8, Jogani Industrial Complex, Chunabhatti, Sion, Mumbai - 400022,

тел./факс: + 022-3001 5666; + 022-24057708

e-mail: info@naxparlab.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Авицена-ЛТД» ЖШС

050002, Алматы қ., Радлов к-сі 65, 203 кеңсе

тел./факс: +7727 3572387/88/89,

e-mail: direct@avitsena.kz

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Авицена-ЛТД» ЖШС

050002, Алматы қ., Радлов к-сі 65, 203 кеңсе

тел./факс: +7727 3572387/88/89,

e-mail: direct@avitsena.kz

Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ConsultAsia» ЖШС

Шевченко көш., 165Б

050061, Алматы, Қазақстан,

тел.: +7705-1708825/+7777-8051116

pv@consultingasia.kz

Прикрепленные файлы

Беллс_мазь_каз.docx 0.04 кб
Беллс_мазь_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники