Басаглар КвикПен™

МНН: Инсулин гларгин
Производитель: Лилли Франс С.А.С.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Insulin glargine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122113
Информация о регистрации в РК: 04.03.2016 - 04.03.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Басаглар КвикПентм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гларгин инсулині

Дәрілік түрі

Тері астына енгізуге арналған ерітінді 100 ХБ/мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 3.6378 мг (100 ХБ) гларгин инсулині

қосымша заттар: 2.7 мг метакрезол, 17 мг глицерин, мырыш тотығы (0.03 мг дейін), рН түзету үшін 10 % хлорсутек қышқылы ерітіндісі, рН түзету үшін 10 % натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су (1 мл дейін).

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрі. Инсулиндер мен әсер етуі ұзақ аналогтары. Гларгин инсулині.

АТХ коды A10AE04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Адам NPH-инсулинімен салыстырғанда, гларгин инсулині дені сау субъектілердің және диабетпен науқастардың тері астына енгізгеннен кейінгі сарысудағы инсулин концентрациясы баяу және едәуір ұзақ уақытқа созылып сіңетінін, сондай-ақ ең жоғары шыңы болмайтынын көрсетті. Осылайша, концентрациялары гларгин инсулиннің фармакодинамикалық белсенділігінің уақытша бейініне сәйкес болды. №1 суретте гларгин инсулиннің және NPH-инсулиннің белсенділігінің уақытқа байланысты бейіндері берілген. Тәулігіне бір рет енгізгенде қандағы гларгин инсулиннің тепе-теңдік концентрациясына бірінші дозадан кейін 2-4 күннен кейін жетеді. Көктамырішілік енгізгенде гларгин инсулиннің және адам инсулинінің жартылай шығарылу кезеңінің көрсеткіштері салыстырарлық болды.

Қант диабетінен зардап шегетін пациенттерге Басаглар КвикПен™ препаратын тері астына инъекция жасағаннан кейін екі белсенді M1 (21A-Gly-инсулин) және M2 (21A-Gly-des-30B-Thr инсулин) метаболит түзе отырып, полипептидті бета-тізбек соңында гларгин инсулині тез метаболизденеді. Плазмада, негізгі айналымдағы қосылыс M1 метаболиті болып табылады. M1 метаболитінің бөлінуі Басаглар КвикПен™ препаратының тағайындалған дозасына сәйкес артады.

Фармакокинетикалық және фармакодинамикалық нәтижелер Басаглар КвикПен™ препаратының тері астылық инъекциясының әсері көбіне M1 метаболиті бөлінуіне негізделгенін көрсетеді. Гларгин инсулині және метаболит M2 көптеген пациенттерде анықталмады; олар анықталған жағдайларда олардың концентрациялары Басаглар КвикПен™ препаратының тағайындалған дозасына тәуелді болған жоқ.

Жасы және жынысына қарай қалыптастырылған қосалқы топтардың клиникалық зерттеулердегі талдауы гларгин инсулинімен емделген науқастар мен жалпы зерттелген популяция арасындағы тиімділігі мен қауіпсіздігінің қандай да бір айырмашылығын анықтамады.

Педиатриялық популяция

1 типті қант диабеті бар 2 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балалардағы фармакокинетикасына бір клиникалық зерттеуде баға берілген «Фармакодинамикасын» қараңыз). Инсулин гларгиннің және оның басты метаболиттері M1 және M2 плазмадағы «ең аз» деңгейі инсулин гларгинмен ем алған балаларда өлшенген; нәтижесінде плазмадағы концентрация үлгілерінің ересектердегі үлгілермен ұқсастығы анықталды, ұзақ уақыт тағайындағанда инсулин гларгиннің немесе оның метаболитінің жинақталуын растайтын дәлел жоқ.

Фармакодинамикасы

Гларгин инсулині бейтарап рН ерігіштігі төмен болатындай етіп әзірленген адам инсулинінің аналогы болып табылады. Ол Басаглар КвикПен™ инъекциялық ерітіндісінің рН-ы қышқыл болғанда (рН 4) толық ериді. Тері астына енгізгеннен кейін қышқыл ерітінді бейтараптанып, микрошөгінді түзеді, одан аздаған мөлшерде гларгин инсулині бөлініп шығып, әсері ұзаққа созылатын, ең жоғары шексіз, алдын ала болжам жасауға болатын біркелкі концентрация/уақыт бейінін қамтамасыз етеді.

Инсулин рецепторларымен байланысуы: in vitro зерттеулері гларгин инсулиннің және оның метаболиттерінің M1 және M2 адам инсулинінің рецепторларына тектестігі адам инсулиніндегі сияқты болатынын көрсетеді.

ИӨФ-1 рецепторларымен байланысуы: гларгин инсулиннің адам рецепторларымен ИӨФ-1 тектестігі адам инсулиндегісімен салыстырғанда (бірақ ИӨФ-1-ға қарағанда шамамен 70-80 есе төмен) шамамен 5-8 есе көп, бұл арада M1 және M2 метаболиттері адам инсулинімен салыстырғанда тектестігі сәл ғана аз рецептор ИӨФ -1 рецепторларымен байланысады.

1 типті қант диабеті бар науқастарда анықталған инсулиннің жалпы емдік концентрациясы (гларгин инсулині және оның метаболиттері) ИӨФ -1 рецепторын қармаудың ең жоғары жауабының жартысы үшін және ИӨФ -1 рецептормен индукцияланған митогенді-пролиферативті жолдың белсенділенуі үшін талап етілетінге қарағанда елеулі төмен болды.

Эндогендік ИӨФ-1 физиологиялық концентрациясы митогенді-пролиферативты жолды белсендіруі мүмкін; алайда, Басаглар КвикПен™ емін қоса, инсулинмен емдегендегі анықталған емдік концентрациялары, ИӨФ-1 жолдарын белсендіру үшін талап етілетін фармакологиялық концентрацияларға қарағанда елеулі төмен.

Инсулиннің, оның ішінде гларгин инсулиннің алғашқы әсері глюкоза метаболизмінің реттелуімен жүреді.

Инсулин және оның аналогтары шеткері тіндерде, әсіресе қаңқа бұлшықетінде және май тіндерінде, глюкоза тұтынуды күшейту есебінен, сондай-ақ бауырда глюкоза өнімін бәсеңдету есебінен қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді. Инсулин адипоциттерде липолизді басады, протеолизді бәсеңдетеді және ақуыз синтездерін күшейтеді. Клиникалық-фармакологиялық зерттеулерде көктамырішілік енгізілген гларгин инсулині және адам инсулинінің егер бірдей дозаларда енгізілсе күштері тең болатындығы көрінді. Барлық инсулиндер сияқты, гларгин инсулинінің әсер ету кезеңінде дене белсенділігі және басқа да факторлар ықпал етуі мүмкін.

Дені сау еріктілерде және 1 типті қант диабеті бар науқастарда жүргізілген эугликемиялық клэмп қолданылған зерттеулерде тері астына енгізілген гларгин инсулині әсері адам NPH инсулиніне қарағанда баяу басталды, гларгин инсулині әсері біркелкі және жоғары шыңсыз болды, оның әсер ету ұзақтығы ұзағырақ болды.

Төмендегі суретте пациенттерге жүргізілген клиникалық зерттеулерден алынған нәтижелер келтірілген.

1 сурет. 1 типті қант диабеті бар

науқастардағы белсенділік

бейіні

 

── Гларгин инсулині

──── NPH инсулин

 

Тері астылық инъекциядан кейінгі өткен уақыт (сағат)

Бақылаудың ақырғы кезеңі

*плазмадағы глюкозаның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін енгізілген глюкоза мөлшері ретінде анықталады (сағат сайынғы орташа көрсеткіштер).

Тері астына енгізілген гларгин инсулиннің ұзағырақ әсері оның баяу сіңуімен тікелей байланысты, бұл препаратты тәулігіне бір рет қабылдауға мүмкіндік береді. Гларгин инсулині сияқты, инсулин және оның аналогтарының әсер ету кезеңінің әртүрлі жеке-дара адамдарда және бір ғана адамда елеулі дәрежеде айырмасы болуы мүмкін.

Клиникалық зерттеулерде дені сау еріктілердегі және 1 типті қант диабеті бар науқастардағы гипогликемия симптомдары немесе гормональді контррегуляция белгілері гларгин инсулинді және адам инсулинін көктамырішілік енгізуден кейін бірдей болды.

Қолданылуы

- ересектердегі, жасөспірімдердегі және 2 жастан бастап және одан үлкен балалардағы қант диабетін емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы

Басаглар КвикПен™ құрамында әсер етуі ұзаққа созылатын инсулин аналогы – гларгин инсулині бар. Басаглар КвикПен™ препаратын күніне бір рет, тәуліктің кез келген уақытында, бірақ күн сайын бір ғана уақытта қолдану керек.

Басаглар КвикПен™ препаратын дозалау режимін (дозасы және енгізу уақыты) әр адамға жекелей таңдау керек. 2 типті қант диабетінен зардап шегуші науқастар Басаглар КвикПен™ препаратын сондай-ақ диабетке қарсы ішу арқылы қабылданатын дәрілік препараттармен бірге қолдануға болады.

Бұл дәрілік препараттың белсенділігі бірліктермен беріледі. Бұл бірліктер тек Басаглар КвикПен™ препаратына ғана тән және инсулиннің басқа аналогтарының әсер ету күшін білдіру үшін пайдаланылатын ХБ және бірліктерге тең емес («Фармакодинамикасын» қараңыз).

Егде жастағы науқастар (≥ 65 жас)

Егде жастағы науқастарда бүйрек функциясының үдемелі төмендеуі инсулин қажеттілігінің тұрақты төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының төмендеуі бар науқастарда инсулин қажеттілігі инсулин метаболизмі төмендеуінен азаюы мүмкін.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының бұзылуы бар науқастарда инсулин қажеттілігі глюконеогенезге төмендеген қабілетінің және инсулиннің төмендеген метаболизмі салдарынан төмендеуі мүмкін.

Педиатриялық популяция

Басаглар КвикПен™ препаратын жасөспірімдердегі және 2 жастан бастап және одан үлкен балалардағы қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі дәлелденген («Фармакодинамикасын» қараңыз). Басаглар™ 2 жастан кіші балаларда зерттелмеген.

Басқа инсулиндерден Басаглар КвикПен™ препаратына ауысу

Әсер ету ұзақтығы орташа инсулинмен немесе ұзақ әсер етумен жүргізілетін ем режимін Басаглар КвикПен™ еміне алмастырғанда базальді инсулин дозасын өзгерту және бір мезгілде жүргізілетін диабетке қарсы емді түзету талап етілуі мүмкін (қосымша әсері қысқа инсулиндердің немесе жылдам әсер ететін инсулин аналогтарының дозасы және оны енгізудің уақыты, немесе диабетке қарсы дәрілік заттардың ішу арқылы қабылданатын дозалары).

Түнгі немесе ерте таңертеңгі гипогликемия қаупін төмендету үшін пациентті базальді NPH инсулиннің екі реттік режимінен Басаглар КвикПен™ емдеудің бір реттік режиміне ауыстырғанда базальді инсулиннің тәуліктік дозасын емдеудің алғашқы аптасында 20-30%-ға төмендеткен жөн.

Алғашқы апталарда доза төмендету ең кемі ішінара тамақ ішу уақытында қабылданатын инсулин дозасын арттыру есебінен компенсациялануы тиіс, бұл кезең өткеннен кейін режим жеке тәртіпте түзетілуі тиіс.

Басқа да инсулин аналогтары сияқты, адам инсулиніне антидене болуынан инсулиннің жоғары дозасын қабылдайтын науқастарда Басаглар КвикПен™ препаратымен емде инсулинге жауап реакциясының жақсаруы мүмкін.

Басаглар КвикПен™ препаратына ауысу кезінде және одан кейін бірінші аптада метаболизм көрсеткіштеріне қатаң мониторинг жүргізу керек. Метаболизмді бақылаудың жақсаруына қарай осының нәтижесінде және тіндердің инсулинге сезімталдығының жоғарылауы дозалау режимін одан әрі қарай түзетуді талап етуі мүмкін. Сондай-ақ доза түзету мысалы, науқастың дене салмағы немесе өмір сүру дағдысы өзгергенде, инсулин енгізу уақыты өзгергенде және гипогликемияға немесе гипергликемияға бейімділігін арттыратын басқа да қайта туындаған жағдайларда қажет болуы мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Енгізу тәсілі

Басаглар КвикПен™ препаратын тері астына енгізу керек. Басаглар КвикПен™ препаратын көктамыр ішіне енгізуге болмайды. Басаглар КвикПен™ препаратының ұзақ әсер етуі оның тері асты шелмайына енгізілуімен шартталған. Әдетте тері астылық дозаның көктамыр ішіне енгізілуі ауыр гипогликемияға әкелуі мүмкін. Басаглар КвикПен™ препаратын іш қабырғасына, дельта тәрізді бұлшықетке немесе санға енгізгеннен кейін қан сарысуындағы инсулин немесе глюкоза деңгейінің клиникалық елеулі айырмашылығы жоқ. Бір ғана аумақ шегінде инъекция орнын әркез ауыстырып отыру керек. Басаглар КвикПен™ препаратын басқа инсулинмен немесе ерітінділермен араластыруға болмайды. Араластыру және сұйылту уақыт/әрекет бейінін өзгертуі мүмкін, араластыру шөгінді түсуін туындатуы мүмкін.

Еккіш қаламды дұрыс пайдалану

Басаглар КвикПен™ пайдалануды бастар алдында еккіш қаламды қолдану бойынша нұсқаулықпен мұқият танысу керек.

Басаглар КвикПентм қолдану бойынша нұсқаулықта ұсынылуы бойынша пайдалану керек.

Препаратты қате енгізу

Препараттың басқа инсулиндермен ауысып кеткен, атап айтқанда қателесіп гларгин инсулині орнына әсері қысқа инсулин енгізген жағдайлар тіркелген. Әрбір инъекция алдында гларгин инсулині және басқа инсулиндермен арасындағы шатасулардан аулақ болу үшін инсулин заттаңбасын тексеру керек.

Басаглар КвикПен™ препаратын пиоглитазонмен біріктіру

Пиоглитазон инсулинмен біріктірілімде пайдаланылғанда, әсіресе жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупі факторы бар пациенттерде жүрек жеткіліксіздігінің жағдайлары белгілі. Бұл туралы пиоглитазон және Басаглар КвикПен™ препаратын біріктірілімде тағайындағанда ескеру керек. Егер біріктірілген ем тағайындалса, пациенттер жүрек жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдары болуына, дене салмағы артуына және ісінулер болуына бақылануы тиіс. Қандай да бір кардиалдық симптомдар нашарлаған жағдайда пиоглитазон қабылдауды тоқтату керек.

Үйлесімсіздігі

Бұл дәрілік препаратты басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі

- гипогликемия, егер инсулин дозасы инсулинге қажеттілікпен салыстырғанда аса жоғары болса инсулиндік емге ең жиі жағымсыз реакция дамуы мүмкін; гипогликемияның ауыр ұстамалары, әсіресе қайталанған, жүйке жүйесінің зақымдануына әкелуі мүмкін. Гипогликемияның ұзақ немесе ауыр ұстамалары науқастың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Бұрын адренергиялық контррегуляция симптомдары болған науқастарда нейрогликопенияның көптеген симптомдары және белгілері болады. Жалпы алғанда, қандағы глюкоза деңгейі қаншалықты көбірек және тезірек төмендесе, контррегуляция феномені және оның симптомдарының айқындығы соншалықты көбірек болады.

Жиі (≥1/100 - <1/10)

- липогипертрофия. Инсулинмен кез келген емде инъекция жасалған жерде липодистрофия пайда болуы және инсулиннің жергілікті сіңуі баяулауы мүмкін. Инъекциялық аймақ шегінде инъекция жасалатын жерді ұдайы ауыстырып отыру осындай реакциялардың азаюына немесе болмауына жәрдемдеседі.

- инъекция орнындағы реакциялар. Инъекция орнындағы реакцияларға қызару, ауыру, қышыну, есекжем, ісіну немесе қабыну жатады. Инъекция орнындағы инсулинге айқындығы әлсіз реакциялардың көбі, әдетте бірнеше күн немесе аптадан кейін басылады.

Жиі емес (≥1/1000 - <1/100)

- липоатрофия

Сирек (≥1/10000 - <1/1000)

- инсулинге шұғыл типті аллергиялық реакциялар сирек. Инсулинге (оның ішінде, гларгин инсулиніне) немесе препарат компоненттеріне бұндай реакциялар мысалы, жайылған тері реакцияларымен, ангиоэдемамен, бронх түйілуімен, гипотензиямен және шокпен бірге жүруі мүмкін, олар науқас өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Инсулин енгізу инсулинге антидене өндірілуін туындатуы мүмкін. Клиникалық зерттеулерде адам инсулинімен және гларгин инсулинмен айқаспалы реакция туындататын антидене NPH-инсулин және гларгин инсулин қолданған емдеу тобында бірдей жиілікпен бақыланды. Сирек жағдайларда бұндай инсулиндік антидене болуы гипергликемия немесе гипогликемия үрдісін төмендету үшін инсулин дозасын түзету қажеттігін туындатуы мүмкін.

- көрудің бұзылуы, ретинопатия. Гликемиялық бақылаудың дәрежесіндегі айқын өзгерістер тургордың уақытша өзгерістерімен және көз бұршағының сынуымен шартталған көрудің уақытша нашарлауын туындатуы мүмкін. Гликемияны ұзақ уақыт жақсы бақылау диабеттік ретинопатияның үдеу қаупін төмендетеді. Алайда соңынан гликемиялық бақылау күрт жақсартылатын қарқынды инсулинотерапия диабеттік ретинопатияның уақытша нашарлауымен бірге жүруі мүмкін. Пролиферативті ретинопатия жағдайында, атап айтқанда, егер фотокоагуляция емі жүргізілмесе, ауыр гипогликемия ұстамалары уақытша соқырлықты туындатуы мүмкін.

- ісінулер; сирек жағдайларда, әсіресе егер қарқынды инсулин емі барысында бұрын қанағаттанғысыз болған метаболизм бақылауы жақсарса, инсулин натрий іркілісін және ісінулерді туындатуы мүмкін.

Өте сирек

- дисгевзия

- миалгия

Педиатриялық популяция

Әдетте, балалар мен жасөспірімдердегі (≤ 18 жас) қауіпсіздік бейіні ересектерде бақыланатын қауіпсіздік бейініне ұқсас. Тіркеуден кейінгі кезеңдегі зерттеулердегі жағымсыз реакциялар туралы мәлімдеулер ішінде балалар және жасөспірімдерде (≤ 18 жас) ересек науқастарға қарағанда

инъекция орнына салыстырмалы түрдегі жиірек реакциялар (инъекция орнының ауыруы және реакциясы) және тері реакциялары (бөртпе, есекжем) туралы көрсетілген.

2 жастан кіші балалардан алынған клиникалық зерттеулерде қауіпсіздік бойынша деректер жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарына немесе қандай да бір қосымша заттарына жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бірқатар заттар глюкоза метаболизміне әсер етеді және гларгин инсулиннің дозасын түзету қажеттігі туындауы мүмкін.

Қанда глюкоза төмендету әсерін күшейтуге және гипогликемияға бейімділігін жоғарылатуға қабілетті заттарға ішу арқылы қабылданатын диабетке қарсы дәрілер, ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері, дизопирамид, фибраттар, флуоксетин, моноаминоксидаза тежегіштері, (МАО), пентоксифиллин, пропоксифен, салицилаттар және сульфаниламидті препараттар жатады.

Қанда глюкоза төмендету әсерін әлсіретуге қабілетті заттарға кортикостероидты гормондар, даназол, диазоксид, диуретиктер, глюкагон, изониазид, эстрогендер және прогестагендер, фенотиазин туындылары, соматропин, симпатомиметиктер (мысалы, эпинефрин (адреналин), сальбутамол, тербуталин), қалқанша без гормондары, атипиялық психозға қарсы дәрілік препараттар (мысалы, клозапин және оланзапин) және протеаза тежегіштері жатады.

Бета-блокаторлары, клонидин, литий тұздары және алкоголь қандағы инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтуі, сондай-ақ әлсіретуі мүмкін. Пентамидин гипогликемия туындатуы мүмкін, одан кейін кейде гипергликемия пайда болады.

Бұдан басқа, β-блокаторлары, клонидин, гуанетидин және резерпин сияқты симпатолитикалық дәрілік препараттар әсерінен адренергиялық контррегуляция белгілерінің айқындығы әлсіз болуы немесе тіпті болмауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Басаглар КвикПен™ диабеттік кетоацидозды емдегенде таңдау инсулині болып табылмайды. Бұндай жағдайларда әсері қысқа инсулинді көктамырішілік енгізу ұсынылады.

Доза түзетуге кіріспес бұрын, глюкоза деңгейінің тиімді бақылауы жеткіліксіз болған жағдайда немесе гипогликемия немесе гипергликемия көріністеріне бейімділікте науқастардың алдын ала тағайындаған емдеу режимінің, инъекция орнының, енгізу техникасының дұрыстығын және басқа да барлық маңызды факторлардың анық сақталуын тексеру керек.

Науқасты инсулиннің басқа типіне немесе маркасына ауыстыру қатаң медициналық бақылаумен жүзеге асырылуы тиіс.

Әсер ету күшінің, маркасының (өндірушінің), типінің (әсері қысқа, NPH, лента, әсері ұзақ және т.б.), шығу тегінің (жануардың, адамның, адам инсулинінін аналогы) және/немесе өндіру тәсілінің өзгерістері доза өзгерту қажеттігіне әкелуі мүмкін.

Инсулин енгізу инсулинге антидене түзілуін туындатуы мүмкін. Инсулинге бұндай антиденелердің болуынан сирек жағдайларда гипергликемия немесе гипогликемияға бейімділігін жою үшін инсулин дозасын түзетудің қажеттілігі туындауы мүмкін («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).

Гипогликемия

Гипогликемия дамуының уақыты қолданылатын инсулиндердің әсерінің бейініне тәуелді, және сондықтан егер емдеу режимі өзгерсе өзгеруі мүмкін. Басаглар КвикПен™ препаратымен емде базальдік инсулинмен көбіне тұрақты қамтамасыз етілетіндігіне орай, түнгі гипогликемияны азырақ, бірақ ертемен таңғы гипогликемияны көбірек күтуге болады. Гипогликемия көріністерінің ерекше клиникалық маңызы болатын, мысалы миды қанмен жабдықтайтын коронарлық артериялардың немесе қан тамырларының елеулі стенозы бар (гипогликемияның жүрек және церебральді асқынулары дамуының қаупі), сондай-ақ пролиферациялайтын ретинопатия жағдайында, әсіресе егер фотокоагуляция емі жүргізілмесе (гипогликемия соңынан өтпелі соқырлық даму қаупі) науқастарда ерекше сақтық жасау және қандағы глюкоза деңгейіне күшейтілген мониторинг жүргізу керек.

Гипогликемияның ізашар-симптомдарының айқындығы аз болатын жай-күйлер туралы науқастарға алдын ала ескерту керек. Гипогликемияның ізашар-симптомдарының қаупі кейбір топтарда өзгеруі мүмкін, өзінің айқындығын жоғалтуы немесе мүлде болмауы мүмкін.

Бұған келесі науқастар жатады:

- гликемиялық бақылауы елеулі жақсарған

- гипогликемияның біртіндеп дамуы бар

- егде жастағы

- жануар текті инсулиннен адам инсулиніне ауысқаннан кейін

- автономды нейропатиясы бар

- анамнезінде ұзақ уақыттан бері қант диабеті бар

- психикалық аурулардан зардап шегетін

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бұндай жай-күйлерде ауыр гипогликемия (естен тану мүмкіндігі бар) науқас өзінде гипогликемия барын түсінгенге дейін басталуы мүмкін.

Тері астына енгізілген гларгин инсулиннің әсер етуі ұзаққа созылуы гипогликемиядан қалпына келуін кідіртуі мүмкін. Егер гликозилденген гемоглобиннің қалыпты немесе төмендеген көрсеткіші анықталса, қайталанған, танылмаған (әсіресе түнгі) гипогликемия көріністерінің мүмкіндігін болжау керек.

Науқастардың дозалау режимін және диетаны, инсулиннің дұрыс енгізілуін сақтауы және гипогликемияның ізашар-симптомдарын білуі гипогликемия қаупін төмендету үшін маңызды. Гипогликемияға бейімділікті жоғарылататын факторлар әсіресе мұқият бақылауды талап етеді, олардың болуы доза түзету қажеттігін тудыруы мүмкін.

Бұларға мыналар қатысты:

- инъекция орнының өзгеруі

- инсулинге сезімталдық жоғарылауы (мысалы, стресс факторларын жою)

- үйреншікті емес, қарқындылығы жоғарылау немесе ұзақ болатын дене белсенділігі

- қатар жүретін аурулар (мысалы, құсу, диарея)

- диетаның және тамақтану режимінің бұзылуы

- тамақ ішуді жіберіп алу

- спирт ішімдіктерін тұтыну

- кейбір компенсацияланбаған эндокриндік бұзылулар (мысалы, гипотиреоидизм және гипофиздің алдыңғы бөлігінің жеткіліксіздігі немесе адренокортикальді жеткіліксіздігі)

- кейбір басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде емдеу.

Қатар жүретін аурулар

Интеркурренттік аурулары болғанда науқас метаболизміне қарқынды мониторинг жүргізу керек. Көптеген жағдайларда несепте кетондар анықталуы көрсетілген, инсулин дозасын түзету қажеттігі жиі туындайды. Инсулинге қажеттілік жиі артады. 1 типті қант диабеті бар науқастарға ең болмаса аздаған мөлшерде болса да көмірсуларды ұдайы тұтынуды жалғастыру керек, тіпті егер олар аз тамақ іше алатын немесе тамақтан бас тартуы мүмкін, немесе құсуда және басқа да жай-күйлерде болса да оларға инсулин инъекциясын ешқашан толық жіберіп алуға болмайды.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде гларгин инсулинді қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігінің бақыланатын клиникалық зерттеулері жүргізілмеген. Гларгин инсулинмен жүргізілген емге ұшыраған жүкті әйелдердегі деректердің шектеулі мөлшері (1000 астам жүктіліктің аяқталуы) гларгин инсулиннің жүктілікке зиянды әсері жоқтығын айғақтайды және гларгин инсулиннің фетальді/неонатальді уыттылығы және ақау дамуын туындату қабілеті жоқтығын айғақтайды. Клиникаға дейінгі зерттеулердің деректері ұрпақ өрбітуге уыттылығы туралы айғақтамайды. Жүктілік уақытында, қажет болған жағдайда Басаглар КвикПен™ препаратын қолдану мүмкіндігі бар.

Алдын ала анықталған немесе гестациялық қант диабеті бар науқастар үшін жүктіліктің барлық кезеңі бойына метаболизмдік тепе-теңдік жай-күйін ұстап тұру өте маңызды. Жүктіліктің бірінші триместрінде инсулинді қажетсіну азаюы мүмкін; ол әдетте жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде артады. Босанғаннан кейін дереу инсулинді қажетсіну жылдам төмендейді (гипогликемияның жоғары қаупі). Қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг керек.

Лактация

Гларгин инсулиннің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Ішке кездейсоқ қабылданған гларгин инсулиннің емшек еметін жаңа туған нәрестелерге немесе емшек еметін сәбиге метаболизмдік әсері білінбейді, өйткені пептид болып табылатын гларгин инсулин адамның асқазан-ішек жолдарында амин қышқылдарына айналады. Бала емізетін әйелдерге инсулин дозасын түзету және диета талап етілуі мүмкін.

Фертильділігі

Клиникаға дейінгі зерттеулер гларгин инсулиннің фертильділікке көрсететін тікелей зиянды әсерінің болуы туралы айғақтамайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Науқастың зейін қоюға, оның моторлы реакцияларына қабілеті гипогликемия немесе гипергликемия нәтижесінде немесе мысалы көрудің бұзылуы нәтижесінде нашарлауы мүмкін. Бұл осы қабілеттер аса маңызды жағдайлар болғанда қауіп (мысалы, автомобильді немесе жұмыс механизмдерін басқаруда) тудыруы мүмкін.

Көлік басқару кезінде гипогликемия дамуынан аулақ болуға арналған сақтық шаралары туралы пациенттер нұсқаумен таныс болуы тиіс. Бұл гипогликемияның ізішар симптомдары нашар білінетін немесе жоқ болатын, және гипогликемия көріністері жиі болатындар үшін аса маңызды. Мұндай жағдайларда автомобильді немесе жұмыс машиналарын басқарудың жөнді-жөнсіздігін шешу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: инсулиннің артық дозалануы ауыр, ал кейде ұзақ және өмірге қауіпті гипогликемия туындатуы мүмкін.

Емі: әдетте, жеңіл гипогликемия көріністерін көмірсуларды ішу арқылы қабылдау көмегімен емдеуге болады. Дәрілік препараттың дозасын, тамақ ішу немесе дене белсенділігінің режимін түзету талап етілуі мүмкін.

Комамен, құрысулармен немесе неврологиялық өзгерістермен жүретін ауырлығы басым жағдайларда глюкагонды бұлшықетішілік немесе тері астына енгізумен немесе концентрацияланған глюкозаны көктамыр ішіне енгізумен емдеуге болады. Көмірсуларды ұзақ енгізу және анық клиникалық сауығудан кейін гипогликемия қайталануының мүмкіндігіне байланысты науқастарды бақылау талап етілуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

3 мл препараттан мөлдір, түссіз шыныдан жасалған картриджге салынады. Картриджді бір жағынан тығынмен тығындайды және алюминий қалпақшамен қаусырылады, басқа жағынан плунжермен жауып және еккіш қалам кіріктіріледі.

Еккіш қаламға өзі желімденетін заттаңба жапсырылады.

5 еккіш қаламнан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

2°С - 8 °С температурада тоңазытқышта сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды! Қолданылудағы препаратты 28 күннен асырмай, жарықтан қорғалған жерде 300С-ден төмен температурада сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

Лилли Франс С.А.С., Франция

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Элай Лилли Восток С.А., Швейцария

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

Лилли Франс С.А.С., Франция

 

 

Басаглар КвикПентм еккіш қаламын

қолдану бойынша нұсқаулық

   

ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА БЕРІЛГЕН НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ

Басаглар КвикПентм пайдалануды әрбір бастаудың алдында және Сіз жаңа Басаглар КвикПентм алған әр жағдайда қолдану бойынша нұсқаулықты оқыңыз. Нұсқаулықта жаңа ақпарат пайда болуы мүмкін. Бұл ақпарат сіздің денсаулығыңызға немесе сіздің еміңізге қатысты емдеуші дәрігер кеңесін алмастыра алмайды.

Басаглар КвикПентм ішінде инсулин гларгиннің 300 бірлігі (3 мл) бар бір реттік еккіш-қалам болып табылады. Сіз бір еккіш-қалам көмегімен дозаны көп рет енгізе аласыз. Еккіш-қалам бір рет 1 бірлікті жинайды. Сіз бір инъекцияда 1-ден 60 (80) бірлікке дейін қабылдай аласыз. Егер Сіздің дозаңыз 60 (80) бірліктен астам болса, Сізге бір инъекциядан астам жасау керек болады. Поршень әр инъекция сайын өте баяу жылжып отырады және Сіз оның қозғалысын байқамай қалуыңыз мүмкін. Сіз еккіш-қаламдағы 300 бірліктің барлығын пайдаланып болған кезде поршень картридж ұшына дейін жетеді.

Сіз еккіш-қаламыңызды басқа адамдармен, тіпті ине егер ауыстырылса да бөліспеңіз. Қайталап пайдаланбаңыз және инені басқа адамдарға бермеңіз. Сіз инфекцияны таратуыңыз немесе олардан инфекция жұқтыруыңыз мүмкін.

Еккіш-қаламды көзі еш көрмейтін немесе әлсіз көретін адамдарға осы еккіш-қаламды пайдалануға үйретілген адамдардың көмегінсіз пайдалану ұсынылмайды.

Басаглар КвикПентм еккіш-қаламының құрамдас бөліктері

 

Қалам қалпақшасы

Доза көрсеткіш

Заттаңба

 

 

Картридж ұстағышы

 

 

Қалам инесінің құрамдас бөліктері

(Инелер жиынтыққа кірмейді )

Доза енгізу түймесі (доза селекторы)

Қалам корпусы

Резеңке тығыны

Ине

Иненің сыртқы қалпақшасы

Иненің ішкі қалпақшасы

Қағаз жапсырма

Плунжер

Дозалау терезесі

Қалпақша қысқышы

Дозалау селекторы

Жасыл сақина

 

 

 

Еккіш-қалам инесінің құрамдас бөліктері

(Ине жиынтыққа кірмейді)

Жасыл сақинасы бар дозалау селекторы

 

 

Ине

 

 

Иненің сыртқы қалпақшасы

Иненің

ішкі қалпақшасы

Қағаз жапсырма

 

 

Өз Басаглар КвикПентм еккіш-қаламыңызды қалай танисыз:

  • Еккіш-қаламның түсі: Ашық сұр

  • Дозаны енгізу түймесі: Ұшында жасыл сақинасы бар ашық сұр түсті

  • Заттаңбалары: Жасыл жолақтары бар ашық сұр түсті

Инъекция жүргізуге қажетті материалдар:

• Басаглар КвикПентм

• Басаглар КвикПентм препаратымен үйлесетін инесі (BD [Becton, Dickinson and Company] еккіш-қалам үшін ұсынылатын инелер)

• Тампон

Еккіш қаламды дайындау

  • Қолыңызды сабындап және сумен жуыңыз.

  • Еккіш қаламды Сіз инсулиннің дұрыс түрін пайдаланып отырғаныңызға көз жеткізу үшін тексеріңіз. Егер Сіз инсулиннің бірнеше түрін пайдаланылатын болсаңыз, бұл ерекше маңызды.

  • Заттаңбасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін немесе еккіш-қаламды бірінші пайдаланғаннан кейін 28 күн өткен соң еккіш-қаламды пайдалануға болмайды.

  • Инфекция жұқтыруды және иненің ластануын болдырмау мақсатында әрбір инъекция үшін әркез жаңа ине пайдаланыңыз.

1 қадам:

  • Алдымен қалпақшасын шешіп алыңыз.

- Еккіш-қалам заттаңбасын алып тастамаңыз.

  • Резеңке тығынды тампонмен сүртіңіз.

Басаглар КвикПен™ ерітіндісі мөлдір және түссіз болуы тиіс. Егер ерітінді бұлыңғыр болса, түсі өзгерсе немесе оның ішінде бөлшектер немесе қатты бөлшектер пайда болса пайдаланбаңыз.

 

2 қадам:

  • Жаңа инені алыңыз.

  • Иненің сыртқы қорғаныс қалпақшасындағы қағаз жапсырманы шешіп алыңыз.

 

3 қадам:

  • Қалпақшамен жабық инені еккіш-қаламға тікелей жалғаңыз және инені ол еккіш-қаламға тығыз жалғасатындай етіп бұраңыз.

 

4 қадам:

  • Иненің сыртқы қорғаныс қалпақшасын шешіп алыңыз. Оны тастауға болмайды.

  • Иненің ішкі қорғаныс қалпақшасын шешіп алыңыз және оны лақтырып тастаңыз.

 

Сохранить Выбросить

 

Еккіш-қаламның пайдалануға дайындығын тексеру

Еккіш-қаламның пайдалануға дайындығын әр инъекция алдында тексеріңіз

Әр инъекция алдында еккіш-қаламнан инсулин өтіп тұруына тексеру жүргізу керек .

  • Еккіш-қаламның пайдалануға дайындығын тексеруде инеден және картриджден әдеттегі пайдалануда жиналып қалатын ауаны шығарады және еккіш-қаламның дұрыс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізеді.

  • Егер Сіз әр инъекция алдында еккіш-қаламның пайдалануға дайындығына тексеру жүргізбесеңіз, онда Сіз аса көп немесе аса аз инсулин енгізіп алуыңыз мүмкін.

5 қадам:

  • Еккіш-қаламнан инсулин өтуін тексеру үшін доза енгізу түймесін 2 бірлікке қойғанша бұрыңыз.

 

6 қадам:

  • Еккіш-қалам инесін жоғары қаратып ұстаңыз. Ауа көпіршіктері картридждің жоғарғы бөлігіне жиналатындай етіп, картриджге саусақпен абайлап шертіңіз.

 

7 қадам:

  • Еккіш-қаламды инесін жоғары қаратып ұстауды жалғастыра отырып, доза енгізу түймесін дозалау терезесі «0» мәнін көрсеткенше түбіне дейін басыңыз. Доза енгізу түймесін ұстап тұрыңыз және 5-ке дейін баяу санаңыз

Ине ұшында Сіз инсулин тамшысын көруге тиіссіз.

- Егер Сіз инсулинді көрмесеңіз, еккіш-қаламның пайдалануға дайындығын тексеру сатыларын қайталаңыз, бірақ 4 реттен асырмаңыз.

- Егер Сіз инсулинді әлі де көрмесеңіз, инені алмастырыңыз және еккіш-қаламның пайдалануға дайындығын тексеру сатыларын қайталаңыз.

Ауаның аздаған көпіршіктері қалыпты болып табылады және дозаға әсер етпейді.

 

Доза анықтау

  • Сіз бір реттік инъекция кезінде 1-ден 60 (80) бірлікке дейін енгізуіңізге болады.

  • Егер Сіздің дозаңыз 60 (80) бірліктен астам болса, Сізге қосымша инъекция енгізу талап етіледі.

- Егер Сізге дозаны қалай бөлуді шешу үшін көмек керек болса өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізден сұраңыз.

- Әр инъекция алдында жаңа ине қоюыңыз керек және еккіш-қаламның пайдалануға дайындығын тексеруді қайталаңыз.

8 қадам:

  • Дозатор сақинасын Сіз енгізуге тиіс мөлшер бірлігін анықтағанға дейін бұрыңыз. Доза индикаторында Сіздің дозаңыз көрінуі тиіс.

- Еккіш-қаламның дозаны

1 бірлікке дейінгі дәлдікпен қоюға мүмкіндігі бар.

- Доза қою сақинасын айналдырғанда сырт еткен дыбыс естіледі.

- Өз дозаңызды сырт еткен дыбысты есептеу жолымен Анықтамаңыз, өйткені Сіз олай қате доза қоюыңыз мүмкін.

- Доза қою сақинасын кез келген бағытта доза индикаторлау терезінде қажетті доза пайда болғанға дейін бұрай отырып, дозаны түзетуге болады.

- Доза индикаторында жұп сандар көрсетілген.

- 1 санынан кейінгі тақ сандар тұтас желілер түрінде берілген.

  • Сіз дұрыс доза қойғаныңызға көз жеткізу үшін доза индикаторлау терезесіндегі санды әркез тексеріңіз.

 

(Үлгі:Доза терезінде 12 бірлік көрсетілген)

(Үлгі: Доза терезінде 25 бірлік көрсетілген)

 

 

 

 

  • Еккіш-қалам Сізге еккіш-қаламда қалған бірлік мөлшерінен асатын доза қоюға жол бермейді.

  • Егер сізге еккіш-қаламда қалған бірлік мөлшерінен асатын доза енгізу керек болса, Сіз былай жасай аласыз:

- осы еккіш-қаламда қалған инсулин мөлшерін енгізу, ал содан кейін инсулиннің жеткіліксіз мөлшерін енгізу үшін жаңа еккіш-қалам пайдалану, немесе

- жаңа еккіш-қалам пайдаланып барлық қажетті дозаны енгізу.

  • Еккіш–қаламда сіз енгізе алмаған инсулиннің аздаған мөлшері қалуы қалыпты жағдай.

Инъекция жүргізу

  • Инсулинді Сіз емдеуші дәрігеріңіз көрсеткендей етіп енгізіңіз.

  • Әр инъекция үшін орнын әркез (кезекпен) ауыстырып отырыңыз.

Инъекция кезінде инсулин дозасын өзгертуге тырыспаңыз.

9 қадам:

Инъекция үшін орынды таңдаңыз.

  • Басаглар КвикПентм іш аумағына, бөксе, сан немесе иықтың тері астына енгізеді.

  • Теріні Өзіңіздің дәрігеріңіздің ұсыныстарына сәйкес дайындаңыз.

 

10 қадам:

  • Инені теріге енгізіңіз.

  • Дозаны енгізу түймесін түбіне дейін басыңыз.

  • Дозаны енгізу түймесін ұстап тұрып, инені алып тастар алдында 5-ке дейін баяу санаңыз.

Доза енгізу түймесін айналдыру жолымен инсулин енгізуге талаптанбаңыз.

Доза енгізу түймесін айналдырумен Сіз инсулин ала алмайсыз.

 

11 қадам:

  • Теріден инені шығарыңыз.

- Ине ұшында инсулин тамшысы болуы қалыпты болып табылады. Бұл Сіздің дозаңызға әсер етпейді.

  • Доза терезесіндегі санды тексеріңіз

- Егер Сіз дозалау терезесінде «0» көрсеңіз, Сіз өзіңіз тапсырыс берген мөлшерді толық алдыңыз.

- Егер сіз дозалау терезесінде «0» көрмей тұрсаңыз, жаңа доза анықтамаңыз. Инені теріге енгізіңіз және инъекцияны аяқтаңыз.

- Егер Сіз әлі енгізуге анықтаған дозаны толық алғаныңызға сенбесеңіз, инъекцияны қайта бастамаңыз немесе инъекцияны қайталамаңыз. Сіз дәрігеріңіздің нұсқауына сәйкес қандағы өз глюкоза деңгейіңізді бақылаңыз.

- Егер Сізге толық доза алу үшін әдетте 2 инъекция керек болса, Сіз екінші инъекцияны енгізгеніңізге көз жеткізіңіз.

Әр инъекцияда поршень тек сәл ғана жылжиды, және Сіз оның қозғалысын байқамауыңыз мүмкін.

Егер Сіз инені теріден шығарып алған соң қан көрсеңіз, кішкентай дәкемен немесе тампонмен инъекция орнын қысыңыз. Инъекция орнын уқаламаңыз.

 

Инъекциядан кейін

12 қадам:

  • Иненің сыртқы қорғаныс қалпақшасын абайлап кигізіңіз

 

13 қадам:

  • Қалпақшамен жабылған инені айналдыра отырып, ажыратыңыз және оны Сіздің емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауына сәйкес утилизациялаңыз.

  • Инсулиннің ағып кетуін, ине ластануын және еккіш-қаламға ауа көпіршіктері өтуін болдырмау үшін еккіш-қаламды ине жалғанған күйде сақтамаңыз.

 

14 қадам:

  • Доза индикаторын клипске бағыттап және қалпақшаға баса отырып, қалам қалпақшасын кигізіңіз.

 

Еккіш-қаламды және инені утилизациялау

  • Пайдаланылған инелерді жабылатын, тесілуге берік материалдан дайындалған өткір заттарға арналған жабылатын контейнерге салыңыз.

  • Инелерге арналған толтырылған контейнерлерді қайталап пайдаланбаңыз.

  • Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізден еккіш-қалам және инелерге арналған контейнерді тиісінше утилизациялау тәсілдеріне қатысты сұраңыз.

  • Инені пайдалануға қатысты нұсқауларды жергілікті қағидалар, денсаулық сақтау қызметкерлерінің немесе мекемелерінің саясаттар және талаптары өзгерте алмайды.

Еккіш-қаламды сақтау

Пайдаланылмаған еккіш-қалам

  • Пайдаланылмаған еккіш-қаламды тоңазытқышта 2°С -8 °С температурада сақтау керек.

  • Басаглар КвикПентм препаратын мұздатып қатыруға болмайды. Егер ол мұздатып қатырылса препаратты пайдаланбаңыз.

  • Егер еккіш-қалам тоңазытқышта сақталса, пайдаланылмаған еккіш-қаламды заттаңбасында көрсетілген жарамдылық мерзімі аяқталғанша пайдалануға болады.

Пайдаланылатын еккіш-қалам

  • Қазіргі уақытта пайдаланып жүрген еккіш-қаламды жарықтан қорғалған жерде, 30 °С –ден төмен температурада сақтау керек.

  • Егер оның ішінде әлі де инсулин қалса да, еккіш –қаламды 28 күн пайдаланғаннан кейін лақтыру керек.

Еккіш-қаламды қауіпсіз және тиімді пайдалануға қатысты жалпы ақпараттар

  • Еккіш-қаламды және инені балалардың қол жетпейтін жерде сақтаңыз.

  • Егер қандай да бір бөлігі сынған немесе зақымданғаны көрінсе еккіш-қаламды пайдаланбаңыз.

  • Сіздің еккіш-қаламыңыз жоғалған немесе зақымданып қалған жағдайлар үшін әркез өзіңізде басы артық еккіш-қалам ұстаңыз.

Бұзылуларын анықтау және жою

  • Егер Сіз еккіш-қаламның қалпақшасын шеше алмасаңыз, қалпақшаны алға және артқа қарай абайлап бұрыңыз және содан кейін қалпақшаны шешіңіз.

  • Егер доза енгізу түймесін басу қиын болса :

  • Түймені баяулау басу препарат енгізуді жеңілдетеді.

  • Сіздің инеңіздің ластанған болуы мүмкін. Жаңа инені жалғаңыз және еккіш-қаламды пайдалануға дайындаудың тексерісін жүргізіңіз.

  • Еккіш-қалам ішіне шаң, тамақ немесе сұйық енуі мүмкін. Бұл еккіш-қаламды лақтырыңыз және оны жаңа еккіш-қаламға алмастырыңыз.

Сізде Басаглар КвикПентм еккіш-қаламын пайдалануда қандай да бір сұрақтар немесе мәселелер туындаған жағдайда Сіз емдеуші дәрігеріңіздің кеңесін алыңыз.

Орталық Азия және Моңғолия елдері аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Элай Лилли Восток С.А.» компаниясының өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Иванилов к-сі 21.

тел: 8 (727) 2 447 447

факс: 8 (727) 2 442 851

Lilly_Safety_CARAGA@lilly.com

 

.

 

 

 

 

 
   

-

   

 

 

 

Прикрепленные файлы

636472681477976272_ru.doc 538.5 кб
017111431477977472_kz.doc 580 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники