Аэртал® (крем, 1.5%)

МНН: Ацеклофенак
Производитель: Гедеон Рихтер ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ацеклофенак
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020402
Информация о регистрации в РК: 27.09.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Аэртал®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацеклофенак

Дәрілік түрі

1,5 % крем

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат: 15,0 мг ацеклофенак,

қосымша заттар: пропилпарагидроксибензоат, метилпарагидрокси-бензоат, сұйық парафин, эмульсиялық балауыз (EWA), тазартылған су

Сипаттамасы

Ақ түсті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті емдеуге арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Ацеклофенак.

АТХ коды M02АА25

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ацеклофенак жағылған аймағынан қаныққан күйіне тез жетумен сіңеді. Препарат сіңу аумағында бөгеліп, оның қабынуға қарсы тиімділігін арттырады және жүйелі қан ағымына үнемі түседі, бірақ осындай аз концентрацияларда, әсіресе, асқазан-ішек жолы тарапынан салдарлы әсерлері болмайды.

Таралуы

Ацеклофенак бүкіл организмде таралады.

Шығарылуы

Ацеклофенак метаболизмі бауырда жүзеге асады, препарат ішінара өзгермеген күйде бүйрекпен және ішек арқылы баяу шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ацеклофенак ауыруды басатын және қызу түсіретін әсері бар қабынуға қарсы стероидты емес препарат болып табылады. Препарат қабыну этиологиясына байланыссыз ісінудің және эритеманың дамуын бәсеңдетеді. Ацеклофенак 1 және 2 типті циклооксигеназаның қайтымды бәсеңдеуі есебінен простагландиндер мен лейкотриендер түзілуін бәсеңдетеді.

Препараттың анықталған клиникалық тиімділігі жақсы көтерімділігімен толықтырылады.

Аэртал® кремін қолдану тірек-қозғалыс аппаратының жарақаттық зақымданулары немесе қабыну аурулары бар емделушілерде мақсатқа сай келеді.

Қолданылуы

- тірек-қозғалыс аппаратының кез келген зақымданулары, соның ішінде спорттық жарақаттар салдарынан болатын жергілікті ауыру мен қабынудың барлық типтерін емдеуде

- созылып кету, артық күш түсу немесе соғылу жағдайында сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың қабынуын азайту үшін, сондай-ақ люмбаго, қисық мойын және периартритті емдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Аэртал® кремі сыртқа қолдануға ғана арналған. Оны қысып тұратын таңғыштар байлағанда қолдануға болмайды.

Аэртал® кремін зақымданған бөлікке жеңіл уқалау қимылдарымен күніне үш рет жаққан жөн. Қолданылатын доза зақымданған жер көлеміне байланысты: 1,5-2 г Аэртал® кремі (шамамен бұршақ көлемінде, шамамен 5-7 см2 тері беткейіне сәйкес келеді).

Дәрігер нұсқауынсыз Аэртал® кремін буындар мен бұлшықеттер жарақаттарын (созылып кету, артық күш түсу, соғылу), сондай-ақ сіңірлердің қабынуын емдеу үшін 2 аптадан артық уақыт бойы қолдануға болмайды. Буын қабынғанда препаратты дәрігермен кеңеспей 3 аптадан ұзақ қолдануға болмайды.

Емдеудің 7 күнінен кейін ауыру және қабыну белгілері күшейсе немесе жақсару болмаса дәрігерге міндетті түрде қаралу керек.

Аэртал® кремін балаларда қолдану тәжірибесі жоқ; сондықтан Аэртал® кремін балаларда қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы емделушілерде препарат дозасын түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес (≥ 1/1 000-нан <1/100-ге дейін)

- фотосезімталдық реакциялары, гиперемия, тері қышынуы

Сирек (≥ 1/10 000-нан < 1/1 000-ға дейін)

- терінің тітіркенуі

Өте сирек (< 1/10 000)

- буллезді реакциялар (соның ішінде, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне (ацеклофенак) немесе қосымша заттардың қандай да біріне жоғары сезімталдық

- сыртартқысында басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдығы бар емделушілер. Диклофенакпен айқаспалы аса жоғары сезімталдықтың болуы мүмкін екені расталмауына қарамастан, осы препарат сыртартқысында диклофенакқа аса жоғары сезімталдығы бар емделушілерге ұсынылмаған

- ацетилсалицил қышқылы немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар демікпе ұстамаларын, уртикарлы бөртпе немесе жедел ринит туындататын емделушілер

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытта препараттың басқа дәрілермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі жөнінде деректер алынбауына қарамастан, емделуші қандай да бір басқа, әсіресе құрамында литий, дигоксин бар препараттарды бір мезгілде қолданған жағдайда, ішуге арналған контрацептивтер, диуретиктер, антикоагулянттар немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қабылдағанда сақтану шараларын қадағалау керек.

Айрықша нұсқаулар

Егер Аэртал® кремін жаққанда жергілікті тітіркену симптомдары білінсе, препарат қолдануды тоқтатып, тиісті ем бастау керек.

Крем жаққаннан кейін крем жағу аймағы қол болатын жағдайларды қоспағанда, қолдарды мұқият жуу қажет. Кремді көз және ауыз аумағына жағуға болмайды.

Аэртал® кремін ашық жараларды, шырышты қабықтарды, сондай-ақ тітіркенген теріні (экзема) емдеуге қолданбайды. Кремді тек қана зақымданбаған теріге ғана жаққан жөн.

Аэртал® кремінің құрамында жергілікті тері реакцияларын (мысалы, даму уақыты кешеуілдеуі мүмкін жанаспалы дерматит) тудыратын цетостеарил спирті, метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар.

Фотосезімталдық реакцияларын болдырмау үшін, арнайы қорғағыш заттар қолданусыз, крем жағылатын бөлікті күн сәулесінің әсеріне ұшыратпау қажет.

Басқа да ҚҚСП сияқты, қолдана бастағанда осы дәрілік препарат аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилактикалық/анафилактоидтық реакциялар туғызуы мүмкін. Күрделі, соның ішінде өліммен аяқталатын тері реакцияларының пайда болуы жөнінде сирек хабарламалар бар, олардың арасында эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және ҚҚСП қолданумен байланысты уытты эпидермалық некролиз бар. Емдеу курсының басында емделушілер осындай реакциялардың ең жоғары қаупіне ұшырауға бейім, көпшілік жағдайларда тері реакциялары емнің алғашқы айында пайда болады. Тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа да көріністері пайда болғанда ацеклофенакпен емделуді тоқтату қажет.

Сирек жағдайларда варицелл-зостер вирусы терінің және жұмсақ тіндердің жұқпалары түрінде күрделі асқынулар туғызуы мүмкін. Қазіргі уақытта аталған жұқпалар ағымына ҚҚСП теріс әсерін толығымен жоққа шығаруға болмайды. Осыған орай, варицелл-зостер вирусы туғызған жұқпа кезінде ацеклофенак қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қазіргі уақытта жүктілік кезінде препаратты қолдану қауіпсіздігі жөніндегі деректер жеткіліксіз, сондықтан Аэртал® кремін жүкті кезде қолдануға болмайды.

Қазіргі уақытта ацеклофенактың емшек сүтіне өтуі жөніндегі деректер жоқ, сондықтан препаратты лактация кезеңінде қабылдау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аэртал® кремі көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: ацеклофенакпен артық дозаланудың типтік көрінісі белгісіз.

Емі: препарат кездейсоқ артық дозаланған немесе байқаусызда жұтып қойған жағдайда симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 г препараттан ақ түсті бұралатын полиэтилен (ПЭ) қалпақшасы бар алюминий сықпаға салады.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ,

1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21, Венгрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия

Лицензия ұстаушысының атауы және елі

«Алмирал АГ», Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР өкілдігі

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(727) 258-26-22, 8-(727) 258-26-23

 

Прикрепленные файлы

246387751477976770_ru.doc 50.5 кб
735704881477977935_kz.doc 66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники