Ацигерпин

МНН: Ацикловир
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aciclovir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010737
Информация о регистрации в РК: 16.01.2019 - 16.01.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 145.92 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ацигерпин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацикловир

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 5% 5г крем

Құрамы

1г кремнің құрамында

белсенді зат - ацикловир 50 мг,

қосымша заттар: динатрий эдетаты, хлоркрезол, цетостеарил спирті, жұмсақ ақ парафин, цетомакрогол 1000, пропиленгликоль, диметикон, сұйық ақшыл парафин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік бір текті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Микробтарға қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Вирусқа қарсы препараттар. Ацикловир.

АТХ коды D06BB03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зақымдалмаған теріге жергілікті қолданған кезде ацикловир жүйелі қанағысына сіңбейді және несепте анықталмайды (жүйелік сіңуі өте аз).

Белдемелік герпеспен зақымданған теріге жаққанда, ацикловирдің жүйелік сіңуі ішке қабылдаған дозасының концентрациясының 30-50% құрайды. Бүйрек қызметі қалыпты емделушілерде қан сарысуындағы концентрация 0,28 мкг/мл-ге дейінді, ал бүйрек қызметінің бұзылуы бар адамдарда 0,78 мкг/мл-ге дейінді құрайды.

Бүйрек арқылы шығарылады. Тәуліктік дозаның шамамен 9% несеппен шығуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Ацигерпин ациклдік пурин нуклеозидінің синтетикалық аналогы. Герпес вирустарына жоғары іріктеуші әсерге ие. Вируспен жұқпаланған жасушалар ішінде вирусты тимидинкиназа әсерімен ацикловирдің моно, ди- және трифосфат ацикловирге трансформациялануының бірқатар тізбекті реакциясы өтеді. Ацикловиртрифосфат вирусты ДНҚ тізбегіне қосылып, оның синтезін вирусты ДНҚ-полимеразаны бәсекелес тежеу арқылы бөгейді.

Ацикловир І және ІІ типтегі қарапайым ұшық вирусы - Herpes simplex және Varisella zoster вирусына қарсы тиімді.

Қолданылуы

- 1 және 2 типтегі қарапайым ұшық (Негрех simplex) вирустарынан туындаған тері және шырышты қабық жұқпаларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек сыртқа қолдануға арналған!

Ацигерпин кремі ересектер мен 12 жастан бастап балаларға сыртқа қолданылады.

Теріге жағылатын препараттың мөлшері зақымдалған бөліктің көлеміне тәуелді. Кремді терінің зақымдалған бөлігіне әр 4 сағат сайын ( тәулігіне 5 рет) 5 күн бойы жағу керек.

Жағымсыз әсерлері

- ұзақ уақыт қолданған жағдайда кейде препарат жаққан жерде терінің қызаруы, қабыршақтану, эритема, терінің құрғақтығы түріндегі жергілікті аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін

- бөлек жағдайларда шырышты қабықтың жергілікті тітіркенуі, ашыту сезімі, қатты ауыруы мүмкін

- жекелеген жағдайларда: Квинке ісінуі

- өте сирек: қосымша заттар компоненттеріне болатын реакциямен жиі байланысты аллергиялық дерматит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Ацигерпин кремін ауыз қуысының, көздің және қынаптың шырышты қабат беткейлеріне жағуға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде Ацигерпин крем препаратын егер ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа деген қауіптен асып түсетін жағдайда қолдануға болады. Лактация кезеңінде препаратты қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препарат сыртқа қолдануға арналғандықтан артық дозалану ықтималдығы өте төмен.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпаға 5 г препараттан салынған.

Бір сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Аджио Фармацевтикалз Лтд, Үндістан

T-82, M.I.D.C., Bhosari, Pune – 411 026

Тел: +91-22-28518206/ 42319000

Факс: +91-22-28518204

regulatory@agio-pharma.com

Тіркеу куәлігінің иесі

Аджио Фармацевтикалз Лтд, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Аджио Фармацевтикалз Лимитед өкілдігі

Алматы қ, Шевченко к-сі, 118 үй, 228 кеңсе

тел: +7(727)2240402

regulatory@agio-pharma.com

 

Прикрепленные файлы

783214571477976911_ru.doc 41 кб
445821691477978083_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники